Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мирас университеті

Абдуалы Камила Артықбекқызы

Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде халықтық педагогика материалдарын пайдалану жолдары мен қажеттілігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогиксы мен әдістемесі

Шымкент 2022

Мирас университеті

Педагогика және психология, дефектология, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, информатика секторы

ҚОРҒАУҒА РҰҚСАТ БЕРУ

Білім беру бағдарламасының менеджері

Ешенкулова Д.Б.

(қолы)

(Ф.И.О.)

____

___________
2021 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде халықтық педагогика материалдарын пайдалану жолдары мен қажеттілігі

5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған:
Абдуалы К.А.

Ғылыми жетекшісі:
магистр, аға оқытушы Алимкулова У.К.

Шымкент 2022

Мирас университеті

Университет Мирас

ПП, ДФ,БОПӘ, И секторы

Сектор ПП, ДФ, ПМНО,И

БЕКІТЕМІН

УТВЕРЖДАЮ
Білім беру бағдарламасының
менеджері

Менеджер
образовательной программы

Ешенкулова Д.Б.

(қолыподпись)

(А.Ж.Т.Ф.И.О.)

05 қараша
2020 ж.г.

Дипломдық жұмысқа тапсырма
ЗАДАНИЕ
на дипломную работу

СтуденткеСтуденту
Абдуалы Камила Артықбекқызы
ТопГруппа
ПМ-811К-2

МамандықСпец.-

5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

1.Жұмыстың тақырыбыТема работы
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде халықтық педагогика материалдарын пайдалану жолдары мен қажеттілігі
Университет бұйрығымен бекітілген утверждена приказом по университету № ПРК

от

жг.
2.Аяқталған жұмыстың тапсырылу уақыты
Срок сдачи законченной работы
01__06___ 2022 жг.
3.Жұмысқа негізгі деректер Исходные данные к работе

Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми дереккөздері мен теориялық негіздері
___________________________________ ___________________________________ _____
4.Дипломдық жұмыстағы өңдеуді қажет ететін мәселелердің тізімі немесе
дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны Перечень подлежащих разработке в дипломной работе вопросов или краткое содержание дипломной работы
а)
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде халықтық педагогика құралдарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері.
б)
Адамгершілік тәрбие беру барысында қолданылатын халықтық педагогика түрлері мен оларды пайдалану әдістері.
в)
Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу

Жұмыс жетекшісі Руководитель работы

магистр, аға оқытушы Алимкулова У.К.

қолыподпись

расшифровкасырасшифровкаиодписи)
Тапсырманың берілген күні Дата выдачи задания қараша 2021 ж.
Студент тапсырманы орындауға қабылдады
Задание к исполнению принял студент Абдуалы К.А.
(қолыподпись) (қолдың расшифровкасырасшифровка подписи)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5
1 ОҚУШЫЛАРДЫ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ҚҰРАЛДАРЫМЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 .Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің теориялық мәселелері. 8
1.2 Адамгершілік тәрбие беру барысында қолданылатын халықтық педагогика түрлері мен оларды пайдалану әдістері 14
II ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.1 Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу 23
2.2 Халықтық педагогиканың бала сана-сезімін қалыптастырудағы рөлі 32
ҚОРЫТЫНДЫ 40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 42

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста келесідей стандарттарға сілтемелер жасалған:
1. Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы. (өзгерістер мен толықтырулармен)
2. Мирас университетінің Ғылыми кеңесі №2 хаттамамен 2020 ж. 28 тамызда бекіткен Диплом жұмысы (жобасы) туралы Ережесі

КІРІСПЕ

Қазіргі заманның талабы да білімі де жоғарылап келеді. Осы заманның талабына сай саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы диплом жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп оқушының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, адамгершілік қасиеттерін енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Мектеп білімі едәуір өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етеді. Адамгершілік тәрбиесі белгілі жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шындай түседі немесе түзейді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы тиіс.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде халықтық педагогика материалдарын пайдалану жолдары мен қажеттілігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:
-Адамгершілік тәрбиенің мәні мен мазмұнын талдау;
- "халықтық педагогика" , "ұлттық тәрбие" ұғымдарының анықтамаларын талдау;
- сабақта халықтық педагогиканы қолдану, оқушылардың адамгершілік қасиетін дамыту және оның тиімділігін талдау.
Зерттеу әдістері: оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде қолдануға болатын халықтық педагогиканы сипаттау және талдау.
Зерттеу жұмысының пәні: бастауыш сыныптарда оқытылатын негізгі пәндер.
Зерттеу базасы:

Жұмыс құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Жаңа педагогикалық технология негізінде оқытудың тиімділігі

Қоғамды дамыту үшін қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп, жетілдіру керек. Тәрбие жұмысының бағыт-бағдарын белгілейтін әр топқа сай өзіндік мораль болған. Мораль қоғам мүшелерінің этикалық саналарын: ізгілікті, мейірбандылық әділдікті, мінез-құлықты бейнелейтін қоғамдық сананың оң түрі. Мораль -- адамдардың бір-біріне және қоғамға міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, мінез-құлық нормаларының жиынтығы.
Таптық қоғамда мораль белгілі бір таптың идеясын, өмірген деген көз қарасын дәріптейді. Бұл құбылысты жете аңғарған қазақ халқы Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы деп қарапайым сөзден философиялық топшылау жасаған.
Таптық, экономикалық идеологиялық ерекшеліктеріне қарамастан негізгі сақтап халық педагогикасындіағы ақыл-ой идея қай халықтың болсын тіршілік тынысымен шаруашылық кәсібімен, семьялық, қоғамдық, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп өркендеп, дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жетіп отырған.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүрін жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Бірде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай емес.
ХҮІI-XҮIІІ ғасырлардағы орыстың және демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдары ғылыми еңбектерін халықтың ғасырлар бойы жинақталған тәрбиелеу тәжірибесіне негіздей отырып көпшілікке ұсынған болатын. Мысалы чехтіц ұлы педагогы Амос Коменский жұмысындағы халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйеп отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлықтарға тәрбиелеу жолдарын белгілеп берді.
Швейцарияның педагогі И.Г.Песталоци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойы қалыптасуының және дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті. И.Г.Песталоци Бала тәрибиесі оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүнені түсінуі отбасында басталып мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт -- деген қағиданы ұсынды.
Францияның ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты азамат етіп тәрбиелуді отбасында еңбекке үйретуден басталуы қажет деп тапты.
Ал орыс педагогі К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдісіне тоқтала келіп: Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек. -- деді.
Халық ағартушылары мен әдебиетшілерінің бойынша ұлттық мәдени тәрбие ісінің алтын қазықпен М.Горький, Сәбит Мұқанов пен әңгімелескенде қазақ халқының мәдени мұрасының асылдарын іріктеп халық қажеттілігіне, ұрпақ тәжірибесіне жарату қажет деп кеңес берген.
Қазақ халқымың педагогикалық ой-пікірін халықтың өткендегі өмірімен салт-санасы мен тұрмыс тірішілігімен етене бірлікте, тығыз байланыста алып қараған жөн.
Мал бағып күнелткен, ұлттық баспасөзі, өзінің ана тілінде мектебі мен театры болмаған көшпелі қазақ елінің өткендегі өмірінде фольклор, салт-дәстүр жалпы айтқанда ұлттық рухани мәдениетінің ролі зор болды. Академик М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзінің халықтарын қосқан өзіндік үлесін сөз ете келе: Гректер атақты храмдарын египеттіктер пирамидаларын, қытайлыктар фарфор бұйымдар мен мәрмәр тастан жасалған адам мүсіндсрін, итальяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, фраицузлар сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса бай өлең, жыр мүұасын қалдырды -- деп халық педагогикасының аса үлкен бағытын көрсеткен. Сондықтанда бізлің қазақ даласын зерттеуші Пурона. орыс ғалымдары жыршы халық, ақын халық -- деп Пікір айтпаған деген тұжырымға келеді. М.Әуезов.
Баланы дүниеге келуіне байланыты шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізер, тоқым қағар, қыз ұзату, үйлену тойлары, ауыл азаматтарының бірлесіп еңбек етуі (киіз басу. үй салу т.б. көпшілік еңбск түрлері), адамның дүниеден қайтуына байланысты естірту, жоқтау, көрісу сияқты әдет-ғұрыптардың бәрі өлең-жырсыз, ән-күйсіз өткен емес. Мұның бәрі өлең жырдың адамның өмірлік серігі, рухани азығы болғанын дәлелдейді.
Қазақтың тұрмыс-салтымен байламысты айтылған Жар-жар, Сыңсу, Беташар, жиын тойларда айтылатын қыз бен жігіт айтысы: жаңылтпаш, санамақ, жұмбақтауда Естірту, Жоқтау, Қоштасу әндерінде мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерде айтысы мен олардың толғау, терме өлеңдерінде көзделетін мақсат біріншіден ас пен тойды қьзықты ету, халықтың көңілін көтеру болса, екіншіден аламның көңіл күйіне сөз өнерінің құдіретті күшімен әсер етіп, жүрек тебіренісін туғызу, үшіншіден жиынға қатысушы үлкені-кішінің бәріне ақыл-нақыл айту, ой салу, тәлім-тәрбие беру.
Яғни отбасы, ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамды тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алады. Салт-сананы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы, осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген. Ас пен той, қуаныш пен реніш. ұлы жиындардың бәрі халық мектебі сияқты тәрбие беру орын болған.
Халық жиындарында ән айту, күй тарту, қыз қуу, тенге салу, бәйгеден озу, астарлы сөз мағынасын арттырып, қарсыласынды ұғындыру, жіп иіріп, жүн түту. жылқыны жорғаға үйрету, өрмек пен кесте өрнегін арттырылып сайысқа түсу, қыз бен жігіттің өнерге деген ынталы азамат атаулының бәйгеге түсер дүбірлі думаны болған. Халықтың мәдени мұраларынан оның ғасырлар бойы басынан кешкен куанышы мен қайғысының, үміт арманы мен өкінішінің, сүйіспеншілгі мен өшпенділік сезімінің ізін көреміз. Осының бәрі халықтың ән мен күйінде, өлең жырында, аңыз-әңгімелерінде, поэма дастандарында тіпті қолөнерінде де бейнелей суреттелген.
Мәдениеттің фуикцияларын айқындай отырып, ғалымдар оны туындауынан гөрі жинақталу, сақталу, таралу мақсаттарына көбірек көңіл аударады. Өйткені сақтаушысы мен таратушысыі болмаса жазба және басма өнері дамымаған халықтардың мәдени мұрасы тұл болар еді. Өзінің есту, жаттау қасиетін арттыра білген қазақ халқының ұзақ ғасырлар бойы жазу мен баспа өнерін шермей келуінде де осы қабілет қасиеттері әсер еткен сияқты.
Міне, мәдени мұраны бұлжытпай сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші иелері, халыққа билігін жүргізген баба, киелі кимешекті әже, ақындар, жыршы-жыраулар, әнші, күйші, хиссашылар еді. Халық ақындар мен әнші-күйшілердің ел билейтін әкімдерден әлдеқайда артық бағалап қадірлеп, қастерлеген. Сал, сері, жыршы-жыраулар ел аралап өнер көрсетіп, үй-үйден дастархан жайылып құрмет көрсетіліп, ауыл өнерлісіне ән мен күйді, жыр мен дастанды үйреткен.
ХІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген, халық аса қастерлеген ақын, әнші сал, сері, жыршы-жыраулардың аттары күні бүгінге дейін мәдениет тарихының төрінен өшпес орын алуы, халқының жадында сақталуы осының айғағы.
Халық педагогикасының ғылыми-негіздерін анықтап қалаушы, заманының кемеңгері Мағжам Жұмабаев бала тәрбиесіне жан-жақты талдау жасаған. Ол қазақ халқының бала тәрбиелеуде ғылыми дамыған халықтардан еш кем түспегенін халық даналығын дәлелдейді.
Қазақ халқының бала тәрбиелеу негізгі бағыттары мен түрлеріне ғылыми негіздеме береді.
М.Жұмабаев баланың жан тәрбиесі мен тән тәрбиесінің маңыздылығының сөз етіп, жан тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау кажеттігін көрсетеді. Өйткені Адамның қымбат нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан, -- деп ұғындырады.
Егерде С.Қалиев ұрпақ тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау қажеттігін, іс-әрекеттер тұрғысынан қараса М.Жұмабаев негізгі ілімін психологиялық заңдарға сүйене отырып жасайды. Жам-көріністерін тап-тапқа бөліп, оларды ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері, һәм қайрат көріністері деп атайды.
Бұл жерде айта кететін жәйт, данышпан Абай, халық тәрбиешісі ретінде, өзін байқаушы ретінде танылып, М.Жұмабаев көрсеткен адамның жан дүниесінің үш көріністерінің теңдігін дәлелдейді.
Әлде бір суық, мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық талабы шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек, -- деп үйретеді.
Көптеген жалған түсінікке сүйеніп, баланың тоқ, жылы жүруіне ғана қамқорлық жасап, жан дүниесін қалыптастыруды табиғатқа, қоршаған ортаға жүктеген жоқ. Бұл ата-аналар баланың дене тәрбиесінің бір саласына ғана көңіл аударғаны болар еді. Бала тәрбиесінің бұл екі саласының да қажеттілігін, маңыздылығын ойлай отырып, дегенмен де бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай білу керек деп көрсетеді М.Жұмабаев. Тегінде берік ұғыну керек, адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ процесі де сол жан.
Сонымен бала тәрбиесі дене және жан тәрбиесінен тұрады екен. Баланың дене тәрбиесі нәрестелік кезчінен басталып, түрлі жаттығу ауаға қыдыру, серуендету, шынытырудан тұралы. Дене тәрбиесімен айналысатын мамандар талай еңбектер жазып, арнайы кесте жаттығуларлы ата-аналарға арнаған. Ал табиғат заңдылығын жете меңгерген көрегенділік тәжірибесіне бала тәрбиесінде қолдана білген қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері кейінірек сөз болмақ.
Теориялық тұрғыдан баланың жан-тәрбиесінің бағыт заңдылықтарына жүгінер болсақ әүелі ол адам танымына тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар сыртқы және ішкі сезім әсерленулерінің бастапқы сезім тәрбиелеуде алар орнын орасан зор екенін көрсету қажет.
Сыртқы сезім әсерлерінің бірі -- көру сезімі жарық, түс және қозғалыс әсерлерінің сезінген адам айнала қоршаған табиғатты, қоғамдық өзгерістерді қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл сезімді тәрбиелеу балаға әртүрлі ойыншықты беріп, сурет салудан басталады. Әрбір ата-ана балаға әртүсті, түрлі формадағы ойыншық сатын алып, істеп беріп, істеп үйренуіне көңіл аудару керек.
Ал сурет салу өнерінің бала жанының дамуына әсерін қазақ даласында ғылыми-сапарымен болған Д.Л.Иванов өте жақсы бейнелейді де, баланың көру қабілетін әдіетемелерін ұсынады. Баланың сыртқы әсерлену құралы -- есту. Шуды есту, дыбысты есту мүмкіндігі болып екіге бөлінеді. Соның дыбысты есту мүмкіндігін дамыту қиып еңбекті талап етеді. Әннің әуенін, домбыра, қобыз күйіп, адамның сезіп есту, қабылдап түсіну үлкен еңбекті талап етеді. Соның ішінде ең қиыны -- музыка. Бірақ баланы жастайынан әр дыбысқа еліктеткізіп, музыка тыңдағанда алдына алып отырған ересек адам түсіндіріп, айтып отырса, дыбыс құралы ерекшелігін бала тез қабылдап кетеді. Баланың есту сезімін ілгерлсіу үшін ең үлкен әсер беретін бесік жыры.
Грек данышпандары алдында тұрған адамға қане сөйлеші, мен сені көрейін, дейіді екен. Жаратылысты танып. түсіну, ажырату, әсерлену. Сені естуге, көңіл сөзін айтуға байланысты Баланың жайы кетік болмай, бүтін болғанын қалайтын адам баласын он, жыр, күйді, тындатын, үйретеді.
Адамның жан дүниесін толықтыратын сезімнің бірі -- зейін. Дүниені, жаратылысты қабылдау, әсерлену мүмкіндігі зейінге байланысты. Ерікті, еріксіз түрдегі зейінді дамыту, қалыптастыру ата-анаға, оқытушыға, жетекшіге байланысты. Әсер алу үшін зейінді ауыстырып жүру қажет деп үйретеді психологтар. Жеке әсер, жаңа әсер, жаңа білімнен ескі білімнің қатынасын қарастыру, сақтау, болашақ әсерге даярлықты жасау (әсерлерді күту)- зейінді тәрбиелеу шарттары. Баланың есту мүмкіндігі, баланың қиялдау мүмкіндігіне тікелей байланысты. Қиял бұрынғы бар суреттеулерден жаңа суретеулер алу қиялы деп аталалы, Қиял-фантазия өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз адам жұсаулы есек. Фантазия қиял ақылды кеңейтіп, ой-өрісті дамытып, жаңашылдық. шығармашылық деңгейіне жетуге, әдістемелік сезімді тереңдетеді. Баланың қиял фантазиясын тәрбиелеу түсінікті болды, енді оны дамыту, іске асыру әдітемелермен танысайық.
Қиял-фантазияны ояту-негізі білім. Сондықтан білім беру алғы шарт. Тұрмыстық өмір, жан-жануар тұрмысын бақылап, жаратылысымен танысып, әдебиет, тарих, география, жаратылыстану пәндсрінің қиялды оятар түрлі сайыстардың көмегі зор болмақ.
Жаратылыстың құшағынды көк аспан астында, желмен жарылып, күнмен таласып өскен бала Қобыландының тайбұрымы сөйлейді десе, қотыр тай кұрық салғанда құнан жүген салғанда дөнен болды десең де сеніп өскен. Міне, қиял-фантазия ояту үшін ең алғаш ертегі таңдатып өсіру қажет. Ойын мен ойыншықтардың да бала қиялын оятуға әсері мол. Шыбықты ат қылып ойнап, оны ерттеп, асау уйретуі де соған сенгендіктен, қиялдап елестетуден, сенуден басталған. Сонымен қиял тек бүгінді, барды ғана емес, болашақты танып болжауға әсер етеді екен.
Бала тәрбиесіндегі келесі зандылық ойлау қабілеті. Бала жаратылысты көріп, естіп, сезініп, қана қоймайды, оларды ұққысы келеді: Мынау не? Ол неге? деген сұрақтардың ертеңді кеш жаудыру себебі баланың өзін тану, айналасындағы жаратылыстану оның байланыстырып түсіну процесінің басталғанын анықтайды.
Баланың ойлау қасиетін дамыту жолдың бірі -- анық суреттеп беріп, өзіне қорытынды шығартып отырса ойлау шеберлігі туындайды. Осы кезге дейін айтып келінген барлық таным қабілетінің жарыққа шығару жолы тікелей тілне байланысты. Жанның жайын ұқтырып шығаратын мимика мен тіл. Ойдың тілі -- сөз. Әр адам өз жанының хал-ахуалын, қуанышы мен ренішін сөз арқылы білдіріп ұғындырады. Сонымен көрінісінің ең қымбаты -- ой. Тіл байлығын дамыту арнаулы тәрбие жұмысын талеп етеді.
Шешендік -- қазақ халқының ең басты қасиеттерінің бірі. Өнср алды -- қызыл тіл демекші, өперлі бөлу әркіммің арманы.
Адамның ішкі сезімі: ұялу, достық сезімі. Сұлулықты сезіну. Бұл сезімдер жан-жақты қасисттерге байланысты болғандықтан көп салалы тәрбие жұмысын талап етеді. Ата- бабаларымыз: ұялшықтық пен ұяңдықты әр баланың бойына сіңіру үшіп ғасырлар бойына қалыптасқан жазусыз заңдылықтарды үйреткен. Оның ішінде түрлі тыюлар мен демеушіліктер де бар. Үлкеннің жолые кесреу, ұрлық жасамау, т.с. Олардың көбі тұрмыстық өмірдің заңы, өмірлік норма ретінде сақталып келген. Жеті жарғы- қоғамдық өмірді реттейтін зат ретінде танылып сақталған. Бұл жағдайды қатаң сақтап, борыш деп танып дамытатын бұйрыксыз қалыптасқан түрлі халықтық институттар атқарып отырған.
Ақсақалдардың аталық сөзі, ақ шашты аналарды өмірлік мектебі, жеңгелер жетегі, ағалар қамқоры баланың ішкі сезіміп туа қалыгпастырады десек артық болмас.
Дүние жүгі мақұлдап отырған психология ғылымының баланың құлық сезімдерін өркендету туралы ілімдерін дапышпан халықтың тәжірибесінен алса керек.
Психология заңы бойынша баланың маңайындағы адамдар құлықты болу қажет деп тұжырымдаса, қазақ атамыз Қьгз өссе қызы жақсымен ауылдас бол, Шешесіне қарап қызық ал, Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер деген бір ауыз нақыл сөзбен-ақ тәжірибесін, данышпандығын білдірген. Ұрысқатық, ұрлық сияқты жат кылықтар мен биязылық, инабаттылық бала тек басқадан көріп қана қоймай, оның белгілерін біліп, сынап, өз пікіріп айтып, болашақ іс-әрекеттерін болжап, үйретіп, қалыптастырған жөн. Сонда ғана дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды жеңіп айыратын болады. Халық педагогикасы адам бойындағы алып күштің бірі қайрат деп таниды. Жанның саналы ұмтылуын қайрат -- деп атаймыз.
Баланың тілегі көп, тіпті шексіз десе де болады. Олардың тек оң бағыттарын ғана іске асыру керек екендігін үйрету үшін, аталарымыз істің алдын-артын болжап алып бастауды үйреткен. Арыстан айға шапса мерт болатынын, сабыр түбі сары алтын екенін айтып отырған. Бірақ бұл шексіз тежеу емес. Балаға белгілі шекті ерік беріліп, қайраты шыңдалады.
Бәйгеге қатысатын, айтысқа түсіп, тіпгі асық ойнап, қатарласынан қалыспауға, өз мүмкідігін шыңдауға әрекеттенген.
Сонымен халық педагогика уағыздаған бала тәрбиесінен ажырамас үш бөлігінің ақыл, кайрат, ішкі сезім тәрбисі болып тәрбие танушылардың да іліміне жататынын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Халықтық педагогика – тәрбие өзегі
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Халықтық педагогика ұғымы
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Қазақ халықтық педагогикасының мәні
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың алатын орны
Салт-дәстүрлерді орнықтырудағы мұғалімдердің қызметі
Пәндер