Ағылшын тілі сабағында коммуникативті ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Шетел тілдері кафедрасы

Қорғауға жіберу

Кафедра меңгерушісі

« » 2022 ж.

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын коммуникативті ойындар арқылы дамыту жолдары»

Мамандық 6В01725- «Шетел тілдері: екі шет тілі»

Орындаған: Әлтай Ә. Е.

Ғылыми жетекші: Жұмағұлова М. Ш.

Қызылорда, 2022 жыл

Мазмұны:

I КІРІСПЕ . . .

I ТАРАУ. АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА КОММУНИКАТИВТІ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ . . .

  1. Ағылшын тілін оқытуда коммуникативті ойын түрлерін қолдану мақсаты . . .
  2. Коммуникативті ойын арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту технологиясы …… . . .

II АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА КОММУНИКАТИВТІ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2. 1 Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындар . . .

2. 2 Ағылшын тілі сабағында ойындар арқылы коммуникативтік құзіреттілікті дамыту . . .

III Практикалық бөлім . . .

IV Қорытынды

V Пайдаланылған әдебиеттер .

VI Қосымшалар . .

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Елбасы жолдауында біз кез- келген орта мектептің балаларына шет тілін жоғары деңгейде меңгеруге мүмкіндік беретін деңгейге жетуіміз керек делінген. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде шет тілін үйренуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының басты мәселесі - мемлекеттік тілді жетік меңгеру болса, шет тілін меңгерудің басты мақсаты - халықаралық стандартқа сай оқушылардың сапасын арттыру. Жетілдірілген әдіс шетелдік ғалымдардың тәжірибесімен танысуды қажет ететіні сөзсіз.

12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты - қарқынды дамып жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын анықтауға көмектесу.

Бүгінгі таңда елімізде 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі қызу талқылануда, білім берудің жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабы.

Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне кезең-кезеңімен өтуімен шет тілін оқытудың рөлі арта түседі. Әрине, 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқытудың бір әдісі -коммуникативті ойындар мен әрекеттер арқылы оқыту. Коммуникативті ойындар оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру болып табылады.

Бүгінде елімізде 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі қызу талқылануда, білім берудің жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабы.

Қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кезең-кезеңімен көшу жағдайында шет тілін оқытудың рөлі арта түседі. Ойын түрлері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру болып табылады.

Оқушыларға оқудың бастапқы кезеңінде тілдік материалдарды оңай меңгеруге көмектеседі. Ойынның дұрыс түрлерінде оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасы артып, оны үйренуге деген қызығушылықтары артады.

Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.

Ойынның мақсаты-бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті- баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Коммуникативті ойындар - оқушылардың еркін сөйлеу біліктілігін дамытуға көмектеседі, көңіл- күйін сергітеді, ерік жігерін дамытады, сабақта ынтасын арттырады.

Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгеруге болады.

Зерттеу мақсаты : ағылшын тілін оқушыларға коммуникативті ойындар технологиясы арқылы оқыту әдістемесі және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Зерттеу міндеттері:

  • Ағылшын тілін оқытуда коммуникативті ойындарды қолдану ерекшеліктері;
  • Ойын технологиясын қолданып оқыту арқылы оқушылардың танымын арттыру.

Зерттеу объектісі оқушыларға коммуникативті ойындарды пайдалану ар0ылы созд3к еорын дамыту

болып табылады.

Зерттеу пәні - шет тілі сабақтарында ойындар технологиясын жүргізу.

Зерттеу әдістері:

Зерттеудің құрылымы: жұмыс таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздейтін және зерттеу материалын сипаттайтын кіріспеден, теориялық бөлімнен, теориялық бөлім бойынша қорытындылардан, практикалық бөлімнен, практикалық бөлім бойынша қорытындылардан, қорытындылардан, библиографиялық бөлімнен тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағында дебат технологиясы арқылы оқушылардың айтылым дағдыларын дамыту
Ағылшын тілі сабағында дискуссия арқылы оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын ойындар арқылы дамыту әдістемесі
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативті сөйлеу қабілеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Ағылшын тілі сабағындағы дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі мен жазу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында ертегілер арқылы сөздік қорын дамыту жолдары
Ағылшын тілі сабақтарында сөйлеу дағдыларын дамыту: коммуникативті ойындардың теориясы мен тәжірибесі
Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту: әдіс-тәсілдер мен педагогикалық негіздер
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz