Аудиттің түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТІ

МӘНЖАЗБА

Тақырыбы: Ақша қаражаттарының аудиті

О рындаған :Нурмаганбетова Роза

Тексерген :Г. Н. Есентаева

2022 ж. Ақтөбе

Жоспар

1) Кіріспе

2) Ақша қаражатына жалпы сипаттама.

3) Аудит даму тарихы.

4) Қазақстан Республикасындағы аудиттің қалыптасуы.

5) Аудиттің түрлері.

КІРІСПЕ

Аудит - кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктердің және акционерлік қоғмдардың қаржылық шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит негізінде кәсіпорын басшыларының не болмаса қатарлас және аралас кәсіпорындардың, контрагенттердің мемлекеттік басқару органдарының сұраныс бойынша жүргізледі. Оның негізі кәсіпорынның қаржы-қаражат жағдайын анықтау және оны жақсарту туралы менеджмен және салық ісі мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсетеді. Аудитор - акционерлік бірлестіктердің, фирмалар мен кәсіпорындародың қаражатын, шаруашылық іс-әрекетін басшылармен келісе отырып, жасалған шарт арқылы тексеретін заңды тұлға немесе фирма болып табылады. Аудитордың негізгі мақсаты тексерілген бірлестіктердің кәсіпорындар мен фирмалардың қаражаттары мен іс-әрекеттеріне, шаруашылық қызметтеріне әділ әрі нақты баға беріп жылдық есептің кіріс-шығысын жариялау. Аудиторлық фирмалар тексеру міндеттерімен қатар кеңес беру қызметтерінде атқарады. Аудиторлық қызметтер коммерциялық негізде жүргізіледі. Аудиттің объектісі болып нарықтық экономикада қызмет ететін шаруашылық субъектілері табылады. Қазақстан Республикасының экономика ғылымдарының докторы, профессор К. Ж. Дүйсенбаев аудиттің мазмұнына келесідей анықтама береді: «Аудит - бұл ұйымдардың қаржылық есеп беруін және басқада экономикалық ақпараттарын тәуелсіз сараптау және талдау, ішкі бақылаудың жағдайын және бухгалтерлік есептің Республикада заңдылықтарымен тексеру, сонымен қатар клиенттердің сұрақтары бойынша қызметтер көрсету».

Қазақстан Республикасы 2000 жылы 5 наурызда аудиторлар конференциясында Аудиторлардың Халықаралық Стандарттарын ұлттық деп тануына шешім қабылдады және халықаралық деңгейге көтерілуіне үлкен қадам жасап отыр. Қазіргі кезде елімізде 1999 жылы Халықаралық Бухгалтерлік Федерациясында құрылған Аудиторлардың Халықаралық Стандарттарына сай өз қызметтерін жүзеге асыруда.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден - бір шарт және өнім болып табылады. Таура - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келегн заттауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіденген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әр бір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. “Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлінеп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша”.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрге болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және тауарлар формасын нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас прцесінде бір -бірін табады және өзара бір - біріне ауысады.

Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент рөлін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпықұндық формасы ақша формасына айналды.

Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді күн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшалар “өгіз” деген атауға ойып өрнектеленіп жазылап жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан. “Рупа” (“мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда ақша метал ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж былай деген “біздің жинаған малымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады”. Ол кездегі қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны - “мал ұстайтын орын” деп аталынды.

“Капитал” сөзінің шығуыда малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Құс жүні Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халқында жалпы эквивалент түрінде қолданылды. Жүн ақша Монғолияда, Тибетте, және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.

Жылы теңіздердің жағасына мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде боқалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т. б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендер Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппи аралдарында алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет - кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Балқаштарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Поленезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас туралы ретінде пайдаланылды.

Еліміз экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылым мен білімнің практикалық қызметінің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуға алып келді. Тәуелсіз бухгалтер - аудитор кәсібі өткен ғасырда Еуропаның акционерлік қоғамында пайда болды. Мұның өзі акционерлік қоғамның есептілігін объективті баға беру, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы шынайы деректер алу қажеттілігіне байланысты болды. Мұндай обьективті мәліметтерді кәсіпкерлерге тәуелсіз маман ғана бере алады.

Аудит сөзінің өзі латынның audio деген сөзінен шыққан, мұның өзі сөзбе - сөз “ол естиді” дегенді білдіреді. Бастапқыда ол “тыңдаушы” деген мсөзді, яғни бір нәрсені тыңдап отырған адамды білдіретін аудитор сөзі туындаған.

Шаруашылық жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған бухгалтермен есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та қоғам бухгалтері, Францияда - бухгалтер сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда - шаруашылық басқарушысы және т. б деп атады. Аудитордың ең негізгі мақсаты аудиторлық қорытанды жасау. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсеттеді: бухгалтерлік есеп жұмыстарын ұйымдастыру туралы, салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес беру сияқты т. б. сонымен қатар шаруашылық субъектілеріне өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктер кеңес

берумен және компонияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат, есеп беру мәліметтерін тексеріп, өзінің аудиторлық қорытынды жасауды және кепілдік береді.

Аудитке қажеттілікті тудыратын объективті жағдайлар

инвнсторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір - біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі олардың мүдддесі бір емес. Әсіресе кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;

кәспорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;

кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;

кәсіпорын шаруашылығының күрделілігіне сәйкес “коммерциялық құпияны” сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.

Қазақстан республикасы аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес өкіметінің министірлер кеңесінің қаулысы бойынша құрылды (15. 11. 1990 жыл №60) . Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы министрлігі жанынан шаруашылық есеп қағидасында аудит орталығы “Қазақстан аудит” фирмасы ашылды, ал обылыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік компания болып, республикамыздағы барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорынға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр. Еліміздегі аудит жұмысынан тиянақты дамуына бірбен-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған 1993 жыл 18 қазан айында жоғарғы Кеңес қабылдап, бекіткен “Қазақстан Республикалық қызмет” туралы заңы. Бұл заң

аудит қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шетел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, қолдану жолдары бөлінеді.

Ол заң 1998 жылы өзгеріске енді.

Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет туралы” 1998 жылы 20 қарашадағы заңында көрсетілгендей:

Аудит аудиторлардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес қаржы есептілігінің растығы мен жасалу обьективтілігі туралы тәуелсіз пікірді білдіру мақсатымен заңды және жеке тұлғалардың (аудиттелетін субъектілер) қаржы есептілігін тексерін білдіреді.

Аудит басқа экономикалық ғылымдар сияқты шаруашылық субъектісінің қызметі барысында қалыптасатын өндірістік қатынастарды зерттейді. Бірақ ол бұл қызметтің белгілі бір дербес жағын зерттейді, мұның өзі оның пәнін құрайды.

Қазіргі кезде біздің елімізде үлкен 5 фирмалардың филиалдары жұмыс істейді. (Дэлойд Энд Туш, Эрист Энд енг, Прайс Уотерхауз, Росс эксерта, Фукоп аудит) . Сонымен қатар аудит фирмасы да қосылып өзінің қызметін атқаруда соның салдарынан аудит қызметінде басқа да қызмет тексерудің сапасы көтеріліп отыр. Қазақстан Республикасы нарықтық қатынасқа көшу жолында тиянақты қатал бақылау, тексеру ерекше орын алады. Себебі нарықтың қатынастардағы қағидалардың дамуын қамтамасыз ету үшін ол елдерде бәсекелестік шешуші орын алады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау, тексеру болу қажет. Сонымен қатар аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептен анықталады. Олар:

Кәсіпкерлер өз жұмысының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін;

Өз жұмысын өзі сенімді түрде басқару жүргізу үшін;

Кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және өзінің капиталының тиімділігіне сенімді олу үшін.

Бухгалтерлік есептілік пен шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы басқа экономикалық ақпаратты олардың толықтығын, дәлдігін және растығын тиімді бағалау мақсатымен шарттық жағынан және құпиялық негізде, тәуелсіз сараптау мен талдауды жүзеге асыру, тапсырыс берушіге кәсіпорынның шынайы қаржы жағдайы мен оның қаржылық болжамдарының мүмкіндігі туралы білікті қорытынды жасап беру, сондай-ақ ішкі бақылаудың жағдайын, қабылдаған есеп саясатының қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру, клиенттерге оларды қызықтыратын мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету аудиттің пәні болып табылады.

Аудиттің обьектісі шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қаржылық жағы болып табылады. Аудитор тексерушіден қолда бар есеп және басқа да қаржы құжаттарын талап етуге құқылы.

Аудит оңтайлы басқару шешімдерінің негізінде жатқан экономикалық ақпараттар жүйесіне негізделеді.

Аудиттің көздері есептік, талдау және есептен тыс болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Аудиттің түрлері және оның сипаттамасы
Ішкі аудитті бағалау
Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Аудит, аудиторлар және аудиторлық қызмет түрлері
Аудиттің негізі және оның атқаратын қызметтері
Зерттелініп жатқан ұйымның міндетті аудитті жүргізудің ерекшеліктерін қарастыру
Аудиттің мәні мен мағынасы
Сыртқы аудитті ұйымдастыру
Аудиттің түрлері мен нұсқалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz