Шет тілін оқытуға арналған түпнұсқалық материалдардың рөлі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тілеулесова Жансая Бақбергенқызы
«Жоғары сатыда сөйлеу әрекетінің бір түрі ретінде оқытуға үйретуде түпнұсқадағы материалдарды пайдалану»
Дипломдық жұмыс
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы, ИЯ-43 топ студенті
Орал 2019
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Шетел тілдері кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра
меңгерушісі,
магистр Б. Б. Утегалиева
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Жоғары сатыда сөйлеу әрекетінің бір түрі ретінде оқытуға үйретуде түпнұсқадағы материалдарды пайдалану»
Мамандық: 5В011900 - «Шетел тілі: екі шет тілі»
Орындаған: Ж. Б. Тілеулесова
Ғылыми жетекші:
Шет тілі магистрі, аға оқытушы: С. И. Кадыргалиева
Орал 2019
Шет тілі: екі шет тілі мамандығының ИЯ-43 тoп cтудeнтi Тілеулесова Жансая Бақбергенқызының «Жоғары сатыда сөйлеу әрекетінің бір түрі ретінде оқытуға үйретуде түпнұсқадағы материалдарды пайдалану» дипломдық жұмысын орындау барысына берілген тапсырмалар кестесі
Қараша-желтоқсан
2018 ж
Жұмыстың эксперименттік/практикалық
бөлімінің орындалуы
Ғылыми жетекші
Аға оқытушы С. И. Кадыргалиева
Кафедра меңгерушісі
Магистр Б. Б. Утегалиева
Мазмұны
Кіріспе . . .
І БӨЛІМ « »
І БӨЛІМ «Түпнұсқалық материалдар түсінігі және құрылымы»
1. 1. Шет тілін оқытуға арналған түпнұсқалық материалдардың рөлі . . .
1. 2. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын түпнұсқалық материалдардың түрлері . . .
1. 3. Жоғары сатыда оқытуды үйретуге арналған түпнұсқалық материалдарды таңдау және қолдануІІ БӨЛІМ « Жоғары сатыда шет тілін оқытудағы түпнұсқалық материалдардың түрлері мен маңыздылығы»
2. 1 Ағылшын тілін оқытуға үйретуде түпнұсқалық газет мәтіндерін қолдану мүмкіндіктері . . .
2. 2 Мектепте ағылшын тілін сабағында аудиоматериалдар арқылы оқытуға үйрету дағдыларын қалыптастыру . . .
2. 3 Аутенттік материалдармен жұмыс істеу кезінде кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары . . .ІІІ БӨЛІМ . Эксприменттік бөлім. «Жоғары сатыда сөйлеу әрекетінің бір түрі ретінде оқытуға үйретуде түпнұсқадағы материалдарды пайдалану» № 47 мектепте жүргізілген эксперименттік жұмыстар . . .
Қорытынды . . .
Қосымша . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Ұлттардың араласуы, тілдердің және мәдениттердің тоғысу заманында оқушылардың бойында оқып жатқан тілдің, сол елдің мәдениеті, тілі жайлы дұрыс пікір, білім, дағды қалыптастыру маңызды талаптың бірі. Осындай білім-дағды оқушының бойында коммуникативті компетенция қасиетін қалыптастырады.
Қазіргі таңда студенттерді ағылшын тіліне оқытудың көкейтесті мақсаты олардың осы тілдің өкілдерімен сөйлесуіне бағытталған коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да, студенттерге, оқушыларға ағылшын тілін оқыту барысында тілін оқитын елдің өмірі, мәдениеті, тілдік реалийлері туралы көрнекті түрде мәліметтер берілуі тиіс. Тілдік ортасыз тіл үйренушілердің тілдің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру - өте қиын іс. Осы мақсатта тіл оқытуда аутентті материалдарды пайдаланудың маңызы зор. Күні бүгін қолымызда білім беремін, үйренемін деген, ағылшын тілінен дәріс беретін мұғалімдерге арналған, барлық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, тіпті әр мұғалімге керекті әдісін таңдап алу жағдайын ұсынатын оқулықтар мен материалдардың саны өте көп. Бұл оқулықтардың көпшілігі бәрімізге белгілі мәтіндерден, қосымша аудио, бейне таспадан тұратын және басқа да компьютерлік тілді үйрету бағдарламаларынан құралатын Oxford, Longman, Pearson және тағы басқа да осылардың қатарындағы оқулықтар мен видеоматериалдар мен үн таспалар. Көптеген елдер, сонымен қоса біздің елдеде жоғары оқу орындарының және тілдік курстардың мұғалімдері осы секілді оқулықтарды қолданады, дегенмен кейбір мемлекеттік және жеке оқу орындарында күні бүгінге дейін ескі, оқушыларға қызықты емес материалдарды қолданылатыны анық. Қандай материал немесе оқулық қолдандылмасын мұғалім өз оқушыларының тілді үйренуге қызықты да нақты, нәтиеже көре алатындай материал қолдана білуі қажет. Әр сабақты әртүрлі қызықты өткізу үшін, мысалы сабақта түпнұсқалық материалдарды неге қолданбасқа және де кейін келе түпнұсқалық материалды қолдану арқылы өз студенттернің нәтиежесін көру арқылы оны одан әрі өз дәрістерінде қолданудың жолдарын іздестіре бастайды.
Түпнұсқалық материалдар дегеніміз не? Олар қандай материалдар деген ой келеді. James Harmer -дің айтуы бойынша түпнұсқалық материал деп - ана тілі болып саналатын адамдарға арналған материалдар деп есептейді. Лингвистикалық тұрғыдан мән берсек түпнұсқалық материалдар өзгеше лексикамен ерекшеленеді: есімдік, шылаулар, одағай сөздер, эмоциялы-экпрессивті бояу, сөз тіркесі, фразеологизмдер, заманға сай сөздер және сөйлемдердің толық ашылмауы, қысқа сөйлемдердің көп қолданылуы жатады. Түпнұсқалық мәтінде ауызекі сөйлеудегі лексика, ұлттық-мәдениет компоненттері, күнделікті өмірде қолданылатын лексика тән. Ол оқушыға оқып жатқан тілінің ұлттық-мәдениетін танып білуге және сол тіл ана тілі болып табылатын адамдай тілді игеруге көмектеседі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Түпнұсқалық материалдарды толығымен зерттеп, ағылшын тілін сабағында оқушыларда оқу қабілетін қалыптастыруда олардың алатын рөлін зерттеу, жаңа әдістер ұсыну.
Зерттеу жұмысының мақсаты : заманауи кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған түпнұсқалық материалдарды пайдалану мүмкіндігін қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- ағылшын тілі сабағында түпнұсқалық материалдарды қолдана отырып оқуға үйрету қабілетін қалыптастырудың теоретикалық негіздерін қарастыру;
- жоғары сынып оқушыларының оқу қабілетін қалыптастыру негіздерін, шет тілінде оқу және оның түрлерін зерттеу;
- мәтіннің түпнұсқалығы және оның қабылдануы, оқу тапсырмаларының түпнұсқалығы, әлеуметтік контекстінің түпнұсқалығы, оқу мәтінінің әдістемелік түпнұсқалығын талдау;
- ағылшын тілі сабағында түпнұсқалық материалдарды қолдана отырып оқу қабілетін қалыптастыру әдістемесін жасау;
Зерттеу жұмысының нысаны: орта мектепте шетел тілі сабақтарында сөйлеудің кезінде фонетикалық дағдыларының қалыптасуына арналған түпнұсқалық мәтіндердің негізінде әдістеме дайындау.
Зерттеу жұмысының пәні: орта мектепте шетел тілі сабақтарында оқу дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін түпнұсқалық материалдар.
Зерттеу жұмысының құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеті арқылы анықталады. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
І БӨЛІМ Түпнұсқалық материалдар түсінігі және құрылымы
- Шет тілін оқытуға арналған түпнұсқалық материалдардың рөлі
Аутенттік материал деп табиғи ортадан тыс жерде тіл өкілдері ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік бағытқа бағытталған тілдік еш өңдеусіз, шет елдік аудитория үшін өзгертілмей дайындалған шетелдік материалдың тең түпнұсқасын түсінеміз. Аутентті материалдары ағылшын тілі сабағында қолданудың маңызы жоғары екендігі мәлім. Брин және Кандлин Резфорд еңбектерінде: «Аутенттік мәтіндерді ағылшын тілі сабағында қолдану - оқушылар білімінің жоғарлауыа себепші болуы мүмкін, мұның себебі кейбір оқушылар ұнатпайтын дәстүрлі сабақ беру әдістемесін арылып оқушылар үшін табиғи тілді тыңдап, оқи алады. Осылайша аутентті материалдар әсіресе газеттегі мақалалар оқушылардың грамматикалық, лексикалық ережелерді түсінуіне мүмкіндік береді. Аутенттік материалдар ескі қызығы таусылған материалдардың орынын баса алады және олар жан- жақты дамытуға бағытталған материалдар болуы мүмкін. Дәстүрлі оқыту әдістемелері белгілі бір ережеге негізделген болады және ол кей оқушылардың сабаққа қатысуына мүмкіндік бермеуі мүмкін. Тілдің грамматикасын үйретудің классикалық әдістемесі негізінен грамматикалық ережелерді талдау мен лексикалық ережелерді жаттауға негізделеді. Мәтіндерді аудару мен жазбаша жаттығуларды орындау да осы әдістеменің жартысын құрайды. Бұл аудилингволизм әдістемесі негізінде кейбір ғалымдар тіл білгілі бір әдет ретінде үйретіледі, оған байланысты білгілі бір модель мен құрылым болуы қажет.
Аутенттілік түсінігі 1970 жылдары пайда болған тілді коммуникативті оқыту бағдарының шығуынан бастау алады. Аутенттілік грек тілінен аударғанда негізігі, түпкі деген мағынаны береді. Коммуникативті оқыту принципі өз кезегінде бұрынғы әдістемеден бас тартып, тілді комуникативті мақсатта оқыту үшін дәлірек келетін аутентті материалдарды қолдануды алға тартты. Бұл саясаттың басты философиясы тілді коммуникативті оқытумен байланыстылығында. Осыдан келе көптеген зерттуші ғалымдар бұл салада көптеген дебаттар жүргізіп, барлық істе аутенттілікті қолданып, зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздеді. Морроудың айтуы бойынша аутенттік мәтін - нағыз тілдік, нақты серпінді әсер ететін, белгілі аудиторияға нақты мәлімет беру үшін нағызтіл білгірі немесе жазушы тарапынан түпкі негізде жазылған мәтін. Көріп отырғанымыздай, Морроу бұл жерде түпкі, нағыз деп ойдан жазған дегенге қарсы мағынада қолданып, басқаша айтқанда аутентті мәтін білім беру саласында қолданылатын оқулықтардағы емес, белгілі бір мағлұмат беру ұшін жазылған мәтін және бұл тілді үйрету аудиторияларында емес, күнделікті қарым-қатынас аясында қолданылатынын айтты. Тілді коммуникативті оқыту өзінің даму барысында ең негізгі сөйлеу құзіреттілігіне көңіл аударады. Ғалым жазушы Лидің көзқарасы бойынша тілді үйрету мақсатында жазылмаған мәтін аутентті деп аталады. Сонымен қатар Ли аутентті мәтіндерді жазушылар оқушыларға белгілі бір мәлеметті нақты жеткізу үшін жазады, сол себепті ол коммуникативті сапасы жағынан жоғары деңгейде болуы керек, дейді. Ал, Крамштың пайымдауынша аутенттік мәтіндер педагогикалық салада емес, табиғи күйінде, күнделікті қарым- қатынаста қолданылатын мәтіндер. 1980 жылдары тілді коммуникативтік әдіспен оқытуға ден қойылған кезде басты назар мәдениетаралық қарым- қатынасқа қойылды, өйткені ауызекі сөйлесім белгілі бір мәдени ортада жүзеге асады, себебі, негізінен аутенттік мәтіндер белгілі бір тілдік мәдени орталыққа қатысты және әлеуметтік мақсатта жазылады. Аутенттік мәтіндер сол тілде сөйлеушілердің мәдени аутенттік контекстінде қолданылады.
Аутенттік мәтіндерді ағылшын тілі оқулықтарына түпнұсқа күйінде енгізу керек. Морроудың айтуынша біз аутенттік мәтіндерді орынсыз қолдана алмаймыз, бірақ біз оларды нақты жағдаят, аудитория, анықталған мақсатқа үйлесімді болғанда қолдану туралы әңгіме етеміз. Мысалы, біз техникалық мамандықтар үшін техникалық тақырыптағы, гуманитарлық мамандықтар үшін білім тақырыбындағы аутенттік мәтіндерді қолдана аламыз. Бұл нәрсе бізді қазіргі жағдайға алып келеді, яғни аутенттік мәтіннің контексті қосымша электрондық мәліметтерді қамтуды талап ететін технология ғасыры. Сөзсіз, мәтіннің негізгі бөлімін құраушы контекст болып табылады, өйткені мәтін қағаз бетінен электрондық құрылғыға тасымалданғанда өз негізін жоғалтады. Бұл жағдайда аутенттілікті сақтап қалу мүмкін емес, сондықтан біз қайта аутентті мәтін құруға тырысуымыз керек. Мәтінді қайта аутенттеу үшін біз оның ретін сақтауымыз керек, яғни біздің алдымызда, ең алдымен коммуникативтік мақсаттар тұруы керек.
Шетел елдердің методистерінің жұмыстарынан мынандай терминдерді кездестіреміз. Жартылай аутенттік (semi-authentic texts), өңделген аутенттік мәтін (edited authentic texts), бейімделген аутенттік мәтіндер (roughly-tuned authentic texts), аутенттік мәтінге жақын мәтін (near-authentic texts), аутенттік мәтінге ұқсас (authentic-looking texts), оқыту-аутенттік мәтіндер (learner authentic texts) . Барлық анықтамалар бір ғана ойды білдіреді. Ол - аутенттік және методикалық мәтіннің өңделуі екі бөлек нәрсе деп қарастыра алмаймыз.
Г. И. Воронина аутенттік мәтіннің екі түрін ажыратқан:
1) Функционалдық - нұсқаулық, түсіндірмелі, жарнамалаушы, ескерту қызметтерін атқарады. Мысалы: нұсқаулар, жол белгілері, схемалар, диаграммалар, суреттер, театральдық программалар.
2) Ақпараттық - үнемі жаңарып отыратын ақпараттық қызмет атқарады. Оған - мақалалар, сұхбат, сауалнама, хабарландыру, статистика талдауы, графика, жарнама, түсініктеме, репортаж және т. б. жатады.
Р. П. Милруд аутенттік мәтіндердің қолданылуы. Олардың сол тілде сөйлейтін адамдарға арналған өңделмеген мәтіндердің аутенттігінің төмендегідей аспектілерін келтіреді.
- Реактивті түпнұсқалық - ол мәтіннің түпнұсқалық сезімді ойлығын тілдің дыбыс беруін оятатын қабілеттілігі. Реактивті түпнұсқалыққа түрлі құралдар жатады: одағай, лепті сөйлемдер, шешендік сұрақтар, күшейткіш құрылымдар;
- Ахуалдық түпнұсқалық - жағдайдың табиғи болуын, тіл иелерінің мәлімденген тақырыпқа мүдделерін, оны талқылауда табиғи болуын жорамалдайды;
- Ақпараттық түпнұсқалық - жеке тұлғаны қызықтыратындай жаңа ақпараттардың бар болуын көздейді;
- Мәдениеттік түпнұсқалық - зерделеудегі тіл жататын елдің мәдениетімен, оның тұрмыстық ерекшеліктерімен және азаматтарының дінімен танысуды көздейді;
- Ұлттық ділдің түпнұсқалығы - материал арналған елдің ұлттық өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Аутенттік мәтіндердің қолдануының бірнеше тиімсіз жақтары бар. Кейбір материалдар қиын тілде жазылған, тақырыптан тыс лексикалық бірліктер, оқушының түсінуіне қиын соғатын сөздер.
Аутентті мәтін - нағыз түпкі негізде сол тіл өкілі тарапынан жазылған мәтін. Ал, Крамштың пайымдауынша “аутенттік мәтіндер дегеніміз педагогикалық салада емес, табиғи күйінде, күнделікті қарым қатынаста қолданылатын мәтіндер”. Г. Видоусон, Д. Нунан сияқты белгілі лингвистердің деректеріне жүгінсек, аутентті материал дегеніміз - шетел тілін үйренушілерге емес, сол тілде сөйлейтіндерге арналған, яғни материалды қолданушылардың өзара қатынасы және қолдану жағдайларында туындайтын тілдік материал. Сөйлемдердің бұл түрлері, әсіресе, газет мақалаларның тақырыптарында көптеп кездеседі. Морроудың айтуы бойынша “аутенттік мәтін - нағыз тілдік, нақты динамикті әсер ететін, белгілі бір аудиторияға нақты мәлімет беру үшін нағыз спикер немесе жаузшы тарапынан түпкі негізде жазылған мәтін.
Жалпы аутенттік материалдар түсiнігі окыту методикасында жаңа пайда болған, жаңа заманғы оқыту әдісі. Қазіргі уақытта аутектік материалдарға байланысты ойлар қалыптаса бастады. Кричевская К. С аутенттік шынайы емес мәтіндерге анықтама береді, оларды мына ретпен нерсеті: фольклорлы, суретті, әуендік және шынайы заттық (киім, жиһаз, ыдыс) . Кричевская Е. С. күнделікті емрге байланысты материалдарды жеке топқа бөліп қарастырды. Ол топты прагматикалык топ деп атап оларға мыналарды енгізді: хабарландыру, анкета, меню, жарнама т. б. Біздің ойымызша прагматиялық материалдарға аудио және аудиовизуадды материалдарды жатқызуға болады, олар: радио және телебағдарламалар, ауа райы, ақпараттық хабарлар, аэропорт және темір жол вокзалдарындағы хабарландырулар. Сонымен татар Кричевская Е. С. прагматикалык материалдардың жүйесін көрсетті: оқу-білім ортасы, мәдени орта күнделікті өмірдегі қарым-қатынас ортасы, сауда қарым - қатынас ортасы, жанұялық орта, спорттық орта. Кричевская Е. С. мен Воронина Г. И. еңбектерінде ұ қ састыктар кездеседі. Воронина Г. И. өз еңбегіндеде аутенттік мәтіндерді екі топқа бөледі. Бірiншісiне ақпараттық жүйелі мәтіндер, әрқашан жаңарып отыратын ақпараттар, жол белгілері, схемалар, диаграммалар, театр бағдарламалары және т. б. Екінші топқа мақалалар, интерьвюлер, жарнама, коментарий, репортаж т. б. Крическая к. с мен Воронина Г. И еңбектерін қарастыру себебіміз аутенттік мәтіндер туралы жалпы ой қалыптастыру, негізінен бұл екі зерттеушінің аутенттік мәтін жайлы анықтамалары топық қамтылмаған. Осы жұмысымыздың мағынасын анықтай түсу үшін Носонович Е. Е пен Милбрд О. П. аутенттік мәтіндер т у ралы аныктама, болжамдарымен танысайық. «Критерии содержательюй аутентичности учебного текста» деген еңбегінде тілді аутенттік материалдар арқылы оқу керек екенін баяндады. Өйткені аутенттік материалдар шынайы корлардан алынған мәтіндер. Бірақ осы мәтіндердің қиындықтары да болады. Акторлар келесідей аутенттік мәтіндерді жүйеледі. Ауенттік оқу материалдарының жүйесін функционалды аутенттік, лекссико - фразеологиялық аутенттік, грамматикалық аутенттік және аутенттілік деп қарастырды. Функционалды аутенттілік оқушының жан-жақты сөйлеу іс әрекетін дамытады. Ску мәтінінің аутенттілігі кабінесе лексика мен фразеологияның дұрыс таңдалуынан байқалады. Бұл түсінік окылатын тілдің грамматикасына да байланысты. Ал аутенттік құрылымы мәтіннің құрылымына байланысты.
Ең бастысы ағылшын сабағында ақпарат емес, тек акарат арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру және сол арқылы тілін жетілдіру.
Аудио мәтiндерде дыбыстың рөлі ерекше болады: көліктің дауысы, көшедегі адамдардың дауысы, телефон қоңырауының дыбысы және музыка. Осының барлығы өзге тілдегі мәтіндегі жағдайды түсінуте көмектеседі. Осы авторлардың ойынша да аутенттік материалдарға мыналарды жатқызады: жеке хаттар, анекдоттар, мақалалар, жасөспірім күнделіктерінен үзінділер, жарнамалар, ертегілер, елтануға байланысты мәтіндер. Сонымен қатар авторлардың ойынша аутенттік оқу бірнеше факторларға байланысты өтеді делінген:
- оның оқытылатын жері;
-оқуды қабылдайтын окушылар;
- мұғалімнің біліктілігіне байштанысты.
Осы авторлар аркылы берілген анықтамалар бізге қолайлы болады. Алдағы уақытта аутентік материалдарды аутенттік және оку - аутенттік деп екі салада қарастырамыз. Сонымен аутенттік материалдар дегеніміз - шетел тілін оқыту үшін, шынайы әдебиет, оку көздерінен алынған лексика грамматиалық құрылымы бар мәтіндер.
Оқу-аутентiк материалдары - бұл арнайы бір мақсатпен, жоспарланып жасалған мәтін. Жаңа заманға сай шетел тілін оқып үйрену үшін осы елдің өз сөйлеушілеріне тән мәтіндерді оқу болып табылады. Мәтінді тыңдау арқылы үйрену бізге өте қолайлы екені мәлім болды. Аудиоматериалдарды тыңдау - бұл окуды тыңдап түсіну аркылы дамыту. Оқу үрдісінде аудиоматериалдарды тыңдау мақсат және құрал ретінде қолданылады. Құрал ретінде ол:
- оқу үрдісін ұйымдастыру құралы;
- тілдік материалдың ауызша түрі ретінде;
- алған білімді бекіту үшін.
Оқушылар шетел тілін орта есеппен тыңдап түсінген уақытта оқытушы мыналарды есте сақтауы тиіс: тыңдалатын мәтіннің 3-4% таныс емес өздер болуы керек және ол сөздер мәтінді түсінуге кедергі жасамауы керек. Мәтін 3-5 минут тыңдалады. Осыған байланысты мектеп бітіруші тілді тыңдап түсінуі қажет және ол осы тәжірибесіне сүйеніп шетелдікпен ауызша қарып-қатынас жасай білуі қажет. Бірақ аудиоолау кезінде қиындықтар көптеп кездеседі. Осы қиындықтарды біз Елухина Н. В. және Пруссаков Н. Н. еңбектеріне сүйене отырып мына ретпен көрсете аламыз Бірінші топқа жататын қиындықтар:
- тілдік аспектіге жататын қиындықтар;
- елдің мәдениетіне байланысты қиындықтар;
- тыңдаушының деңгейіне байланысты қиындықтар .
Бірінші топқа жататын қиындықтарды өзара үш топка бөлуге болады: фонетикалык, грамматикалык, лексикалық. Бұл қиындықтарға жұмысымыздың барысында толық тоқталатын боламыз.
Екінші топқа жататын қиындықтарға келесі тұжырымдарды жатқызамыз. Оқушы өз отанында басқа елдің тілін оқып жүргеннен кейін, сол ел туралы, мәдениеті туралы білімі жеткіліксіз болуы мүмкін. Екі елдің мәдениетінің әртүрліліігіне де байланысты. Ол естіген ақпаратынан қате тұжырым қалыптастыруы мүмкін. Осы қиындықты жеңу үшін социолингвистикалық және социомадениеттік бағыттарды оқуы керек. Социолингвистика тілін, ал социомәдениет ел салт-дәстүрі мен мәдениетін танып білу үшін оқытылады. Сол себепті де аутенттік аудиоматериалдарды тыңдап түсінудің түр-түрін ұйымдастыру керек, мысалы: таныстырушы-аудио мақсаты жан-жақты білімін кеңейту, шетел жайлы мағлұмат беру. Аутенттік аудиоматериалдарды тыңдап түсінудің сәттілігі аутенттік мәтінге байланысты. Мәтіндегі каратпа сездер, паузалар, синонимдік тіркестер түсінігі көмектеседі. Интонация және ырғақ 60% айтылған материалды түсінуте өте қолайлы. Сөзіміздің соңында аутенттік аудиоматериалдарды тындап түсіну сәтті болу үшін қажетті факторларды айта кетсек:
- Объективтік факшы окушының өз деңгейіне байланысты.
- Субьективті фактор oқушының жаңаға деген талпынысынан қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz