Теледидардың бала психологиясына әсері


Балаларға арналған хабарларға талдау: ұйымдастырылуы, құрылымы және тәрбиелік мәні
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. БАҚ-тың БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ
- Теледидардың бала психологиясына әсері
- Балаларға қазіргі ақпараттық технологиялардың теріс әсері
2ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН АРНАЛАРЫНДАҒЫ БАЛАЛАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ШОЛУ
2. 1«Қазақстан», «Хабар» және «Еларна» арналарындағы бағдарламалардың бағыттары
2. 2 Қазақ тіліндегі тұңғыш балаларға арналған «Balapan» арнасына шолу
2. 3 Тәуелсіз телеарналардағы балалар бағдарламалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңдағы еліміздің басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарына қосылу, бүкіл әлемдік білім кеңістігіне еніп, дамыған елдермен терезесі тең ұлтқа айналу. Ендеше, бұл жолда мемелекетіміздің алдында көптеген атқарар жұмыстар тұр. Соның бірі - болашақ ұрпақ тәрбиесі. Жаһандану дәуірі қызу жүріп жатқан кезеңде алпауыт мемлекеттердің жетегінде жұтылып кетпес үшін ұлттық білім беру жүйесін тың арнаға, жаңа сапаға жеткізуіміз керек. Замана талабына сай баланың білімі мен білігі екінші орынға түсіп, басты орынға оның тұлғасын жан-жақты дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңірту міндеті алға қойылды. Демек, өмірге келген сәбиге туыла салған сағаттан бастап жан тәрбиесін беру - бүгінгі күннің басты міндеті. Азаматты тәрбиелеу - мемлекеттің мойнындағы мәселе. Әр елде осы мәселеге қатысты тәрбие берудің өзіндік идеологиясын жасаудың әр ұлтқа тән үрдістері бар. Яғни баланы балабақшаға барғаннан бастап, күнделікті көріп жүрген теледидарынан, оқып жатқан оқулықтарынан бастап осы мәселені жан-жақты қарастыру керек.
Теледидар - бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Әсіресе, бүлдіршіндер мен жеткіншектер тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отырған бұл ақпарат құралының қоғамдағы алатын орны зор. 2000 жылы Германияда балалар мен жасөспірімдер арасында «Егер елсіз-жұртсыз айдаладағы аралға апарып тастаса, өздеріңмен не алар едіңдер?» деген сұраққа олар бірінші орында теледидар, компакт дискілер, екінші орынға - тамақ, тек үшінші орынға ғана өз ата-аналарын қойған екен. Бүгінгі біздің қоғам жағдайы да осыған келіп тұрғаны анық.
Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінде балаларға арналған бағдарламалар арналарымызда санаулы ғана. Соның өзінде олардың көбі - орыс тілінде. Яғни, балалар журналистикасының дамуына қолдау аз. Екіншіден, көптеген телеарналар балаларға арнап шығарылатын бағдарламаларға қаржы көп кететінін және бұл шығыннан телеарна қаржысының ақталмайтынын алға тартады. Сондықтан да болар, кейбір арналарымызда балаларға арналған хабарлар атымен жоқ. Ендеше, біздің еліміздің болашағы болар бүлдіршіндер «қара жәшіктен» қандай тәлім-тәрбие алуда?
Келесі мәселе, балаларға арналған бағдарламалардың сапасында.
Әлди, әлди, әлдиім,
Жарасымды сән биің.
Өзіңе тән өмірің.
Адал болсын көңіл і ң , - деп сәбиді әженің әдемі бесік жырымен тәрбиелейтін ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген балалар бағдарламалары жоқтың қасы. Ендеше, олардың тамашалауына тұратын қызықты, әрі мазмұнды бағдарлама жасап шығаруға аянбай жұмылу шарт.
Қазіргі уақытта ұлттық арналарымыз болсын, немесе жеке арналарды қарасаңыз да зорлық-зомбылыққа негізделген үрейлі, мейірімсіз көріністерді жиі кездестіруге болады. Экрандағы көріністі шынайы өмірден ажырата бермейтін бүлдіршін көргенінің бәрі дұрыс деп қабылдары хақ. Осылайша, оның психикасы мен дүниетанымы теріс қалыптаса бастайды. Ал, баланың әлемі тазалық пен әдемілік, жақсылық пен жылылыққа құрылуы керек. Сонда ғана біздің қоғам түзеледі. Ендеше, менің ғылыми жұмысымның өзектілігі, біздің телеарналардағы балалар бағдарламалары балаларға қалай тәрбие беруде, олардың жасалу технологиясы қаншалықты сапалылығын анықтау. Сонымен қатар, балаларға қазіргі ақпараттық технологиялардың теріс әсеріне талдау жасай отырып, Қазақстан арналарындағы балалар бағдарламаларына шолу жасай келе, белгілі бір қорытындыға келу болып табылады. Еліміздің көптеген бұқаралық ақпарат құралдары балаларға арналған телеарна ашу керектігі жөнінде көптен бері мәселе көтеріп келеді. Шындығында да, мемлекетімізде осы бағытта жұмыс істейтін қазақ тіліндегі жалғыз арна ол -«Балапан» арнасы. Ол арнаға да жеке тоқталатын боламыз. Менің дипломдық жұмысымның өзектілігі, балаларға арналған бағдарламалар мен арналардың баланың тұлға болып қалыптасуына, өмірден өз орнын тауып, кәсіби қабілеттерін шыңдауға және әлеуметтенуіне тигізер әсері мен пайдасын дәлелдеу болып табылады. Статистикалық есеп балалар мен жасөспірімдер телеаудиторияның, аудиобейнелік медиатекстердің ең белсенді көрушілері екенін көрсетіп отыр. “Балалар мөлшермен 2 жастан бастап, теледидар көре бастайды. Нағыз американдық бала өз уақытының шамамен 30%-ын теледидардың алдында өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат экран алдында отырады”, дейді американдық зерттеушілер». Демек, осы аралықтағы уақытта бала өзіне қажетін ала алды ма және бүгінгі заманғы балалар хабарлары қандай деңгейде болуы керектігіне ғылыми жұмыс барысында талдау жасалды. Ол үшін «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Еларна», «31» арна, «КТК», «НТК», «Balapan» телеарналарындағы балаларға арналған бағдарламалардың сапалық деңгейі, балалар бағдарламасын шығаруда басы-қасында жүрген шығармашылық топтың жұмысы қандай дәрежеде деген мәселелер қарастырылады. Дипломдық жұмыстың зерттелуі осы аталған бағдарламалар мен арналардың жұмысын зерттеу деңгейінде жүргізілді.
Дипломдық жұмыcтың зеpттеy ныcaны: «Қазақстан», «Хабар», «Еларна» және «Balapan» арналарындағы балалар хабарлары.
Дипломдық жұмыcтың мaқcaты мен мiндеттеpi: Абай атамыздың «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі - ата-анадан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан. Солардың ішінде, бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады» деген дана сөзі бар. Ал бүгінде бұл үшеуіне де бағынбайтын әлемнің түкпір-түкпірінен ақпараттар ағыны ағылтып әкеліп жатқан балаға әсер етуші төртінші фактор - теледидар. Зерттеу жұмыстың негізгі мақсаты бүгінгі ақпараттар тасқыны ғасырында жаһандану қаупі көптеген ұлттардың алдында басты мәселе болып тұрғанда балаларға қажетті дұрыс ақпарат беру мәселесін еліміздің телеарналары қалай жүзеге асырып жатыр және болашақ ұрпақтың әрбір мүшесі болып табылатын балалардың тұлға ретінде дұрыс қалыптасуына керекті бағдарламаларды салыстыру, сараптау нәтижесінде анықтап, ғылыми тұрғыдан баға беру.
Ғылыми жұмысты зерттей келе мына міндеттерді іске асыру керекпіз:
- Теледидардың бала психологиясына әсерін зерттеу;
- Балаларға қазіргі ақпараттық технологиялардың теріс әсерін талдау;
- «Қазақстан», «Хабар» және «Еларна» арналарындағы бағдарламалардың бағыттарын қарастыру;
- Қазақ тіліндегі тұңғыш балаларға арналған «Balapan» арнасына шолу;
- Тәуелсіз телеарналардағы балалар бағдарламаларына анализ жасау.
Міне, осы аталған мәселелерді жүзеге асыруда балалар бағдарламаларының атқаратын қызметін көрсету ғылыми жұмыстың алға қойған негізгі мәселелерінің бірі.
Дипломдық жұмыcтың әдic-тәciлдеpi: Дипломдық жұмысты зерттеу мәселесіне байланысты телевизиялық, этнопедагогикалық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау; қазақ телеарналарының тәжірибелерін зерттеу, бақылау, сауалнамалар жүргізу, жинақтау және қорытындылау; эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді сұрыптау, ғылыми тұрғыда өңдеу әдістері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыcтың деpеккөздеpi: Телехабар дайындауға қатысты Қ. Тұрсын. «Қазақ теледидары», М. Барманқұлов. «Телевидение, деньги или власть», Н. Омашев. «Ақпарат әлемі», Бекниязов. Т. «Демократиялық қоғам және баспасөз» және өзге де теориялық еңбектер пайдаланылды. Сонымен қатар, бала психологиясын танып білуде И. М. Никольская, Р. М. Грановская, А. В. Запорожец, Л. Рубинштейн және өзге де психологиялық, педагогикалық еңбектер пайдаланылды. Тақырыпты тереңірек аша түсу мақсатында Қазақстан Республикасының ресми құжаттары: Конституция, Білім туралы заң, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы, Бұқаралық ақпарат құралдар туралы заңнамалық құжаттары пайдаланылды. Бүгінгі таңдағы балалар бағдарламасына қатысты айтылатын сын-пікірлерді білу мақсатында Смағұл Елубай, Жолдасбек Дуанабай, Асқарбек Құсайыновтың және өзге де авторлардың газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларындағы дәйектер алынды. Қазақстан арналарына шолу жасағандықтан тікелей электронды сайттарды пайдаландық «https://qazaqstan. tv/», «https://khabar. kz/ru/», «https://balapan. tv/live», «https://elarna. kz/ru/onlinetv».
Дипломдық жұмыcтың ғылыми жaңaлығы. Телеарна, интернет жалпы, электрондық ақпарат құралдары бүгінгі күнде қарыштап дамып келе жатқаны анық. Сондықтан, олардың зиянды жақтарын қанша айтқанымызбен, олар қоғамның басты қозғаушы факторлары болғандықтан, біз ешқайда қашып құтыла алмасымыз белгілі. Ендеше, менің ғылыми жұмысымның негізгі жаңалығы, телеарнаның тек ақпарат беруші, немесе баланың санасын шетелдік өнімдермен улаушы ғана емес, жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына, оның әлеуметтік ортадан өз орнын табуға, сондай-ақ, кәсіби жағынан шыңдалуына өзіндік үлес қосу теледидардың негізгі атқарушы функциялары екенін ашып айтып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеу болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық мәні . Еліміздің жас азаматын қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, белсенді өмір позициясын қалыптастыру барысында балалардың әлеуметтік бастамаларын дамытатын телеарналардың бағдарламаларын жетілдірудің маңызы зор. Бұнда еліміздің телеарналарында қандай бағыттағы бағдарламар әзірленеді, еліміздегі мемлекеттік және мемлекеттік емес арналардағы бағдарламалардың айырмашылықтары, бұл бағдарламалардың сапалық ерекшеліктері, жетістіктері мен кемшіліктері, жалпы, отандық арналардың бала тәрбиесіне, қалыптасуына берер пайдасы қандай деген мәселелер айтылады. «Қазақстан», «Хабар» және «Еларна» телеарналарының жұмысы, олардың балаларға танымдық, көңіл-көтерушілік, оқыту телевидениесін, медиа кеңістікте білім беру мақсатына арналған бағдарламалардың бүгінгі ақпараттық кеңістіктегі орны мен олардың тәжірибелік ерекшеліктері жайлы айтылады. Технологияның жедел әрі шарықтап дамуына байланысты бүгінде теледидардың зиянды және пайдалы қырлары жайлы көптеген бұқаралық ақпарат құралдары дабыл көтеруде. Бұл мәселе тек қана біздің елімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде басты мәселенің бірі болып тұр, телеарнаның әсері жайлы электрондық және басылымдық ақпарат құралдары бұл мәселеден сырт қалып отырған жоқ. Осы аталған мәселелер жайында дипломда сөз болады.
Диплом жұмысының практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысын жоғары және орта мамандандырылған оқу орындарының журналистика факультеті студенттерінің өзіндік ғылыми жұмыстарында, журналистика пәні бойынша білім беретін ЖОО-да қолдануға болады.
Диплом жұмысының құpылымы. Диплом жұмысы кіpіспeден, екі бөлімнен, қоpытынды және пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тізімінен тұpaды.
1. БАҚ-тың бала тәрбиесіне ықпалы
- Теледидардың бала психологиясына әсері
БАҚ-тың бала тәрбиесіне ықпалы туралы пікірлер бір арнаға тоғыспайды. Бір пікірлер теледидардың бала санасына оң ықпалы бар екенін дәлелдесе, енді бір пікірлер кері әсерін айтып, оны дұрыс пайдалана білудің жолдарын іздестіруді қажет деп санайды. Бүгінде алпыстан аса телеарналардың бағдарламаларын тамашалауға мүмкіндіктері бар оқушылар мен жастар үшін олардың неге көңіл бөліп, қандай бағдарламалардың оларға қажет емес екенін тәрбиелеудің кезі жеткен тәрізді. Өйткені бір ғана тыйым салумен, яғни үйдегі теледидардан тәрбиеге кері әсері бар бағдарламаларды, ұсқынсыз мультфильмдерді, киноларды, жеңілтек көңіл көтеруші музыкалық арналарды көрсетпеу арқылы бала санасын қалыптастыру мүмкін емес. Бала көріп білуім керек деген бағдарламаларды басқа да жолдар арқылы көре алады. Сондықтан бұл мәселе төңірегінде ата-ана, мектеп, сонымен қатар БАҚ-тың ішінде ықпалдылығы жағынан ең алдыңғы орынды алатын теледидар басшылығы, ондағы қызметкерлер аталған мәселенің ауқымды екенін сезінуі тиіс. Теледидар мәселесіне келгенде, бүгінде әлемнің бүкіл ақпарат құралдары ерекше дабыл етіп көтеріп жүрген мәселелерінің бірі - оның бала психологиясына әсері. «Теленяня» арнасының қызметкері Александр Гуревич: «Сіз білесіз бе . . . біздің «Теленяняны» жасаушы әріптестеріміз де психологтар мен педагогтармен араласып тұратынына күмәнім жоқ. Бірақ мен өзім бір қызық қорытындыға келдім. Психологтар кез келген телевидение, кез келген картиналардың жылдам ауысуы, ақпараттардың миға сыймайтын көптігінің қаупі басым әрі пайдасы аз дейді. Сондықтан, психологтардың бізге беретін кеңестері, балаларға деген теледидардың қауіпті жақтарын азайту болып табылады. Әрине, кітап оқу, оның білім кілті екенін балаларға түсіндіру, сондай-ақ, кітапты парақтағанда одан шығатын иістің өзі керемет екендігі жайында айтудың өзі бір ғанибет. Дегенмен, теледидар зиян деп балаға мүлдем теледидар көрсетпей қоюға да болмайды. Мәселен, баланы мектепте бұзылады деп үйге мұғалімдер шақыртып оқытты делік. Білімнің бәрін жақсы сіңірген бала кейін ер жеткенде 10 жылдан кейін сыртқа шығуы керек қой. Тұмау кезіндегі иммунитеттің жоқтығы секілді бала да сыртқы ортамен байланысын жоғалтады. Міне, теледидар жайлы да соны айтуға болады. Онда нағыз өмір көрсетіледі, ал баланы өмірден тығып қоя алмайсың. Өйткені, бала одан кейін де сол ортада өмір сүреді» - деп бұл мәселені осы қырынан қарап түсіндіреді.
Телевидение бұқаралық ақпарат құралы ретінде эстетика аумағында тәрбиелеу мәселелерін шешуде маңызды орынға ие.
Балалар теледидарды жақсы көріп және оған өте көп уақыттарын бөлетіні жақсы белгілі. Бастауыш сыныптың кейбір балалары телевидение жайлы түрлі пікірлер айтады. Бір бала былай деп жазады: "Мен кино мен теледидарды жақсы көремін. Мен үшін теледидар - дос. "В мире животных" бағдарламасында мен аңдар мен құстар жайлы ойладым. Әсіресе, мен мультфильмдер мен үнділер жайлы киноларды жақсы көремін".
Немесе тағы бір мынандай пікір: "Мен теледидарды көбірек қалар едім, оқитын кітабың жоқта немесе сабақтарыңды оқып болғанда теледидар сені жалықтырмайды. "
Осы сөздерден байқалғандай, балалардың теледидарға деген қажеттіліктері туындап отыр. Ал бұл оқушылардың бос уақытының көбеюін және оларды теледидар неге үйрететіні жайлы мәселелер туындайды. Теледидар балаларға көптеген пайдалы және жақсы бағдарламаларды бағыттайды. Дегенмен, олардың бала психикасына әсерін зерттеу бүгінгі күннің басты мәселесі.
Қазіргі таңда көптеген бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде баспасөз беттерінде теледидардың бала психологиясына тигізетін кері әсері жайлы дабыл қағып жатқан мақалаларды жиі кездестіруге болады. "Телевидениенің жастарға әсерін заманауи қоғамның бәрін мазалайды. Женевада осыдан 10 жыл бұрын өткен Денсаулық сақтаудың Бүкіләлемдік Асамблеясының ХVІ сессиясында балалардың денсаулығына телевидениенің тигізетін кері әсері жайлы дабыл қағылғаны айтылған болатын, және денсаулық сақтаудың ұлттық органдарына телевидение пайда болғалы бергі күн тәртібінің өзгеруіне, және жастардың еңбекке белсенділігі әр елдерде қолға алынсын деген мәселе көтерілген. Кеңейтілген зерттеулердің нәтижесінде, АҚШ, Англия, Жапония және өзге елдерде балалар үш жастан бастап теледидар көретіндіктері анықталған. Оқушылар күніне жарты-екі сағат уақытын теледидар көруге жұмсайды. Кіші сынып оқушылары үш сағатқа дейін отыра беруі мүмкін. Зерттеулер қорытындысы көрсеткендей балалардың еңбегіне теледидар көптеген елдерде үлкен өзгерістер әкелген", - дейді. Бүгінгі жағдайда тұлғаның әлеуметтену процесі ерекше күрделеніп келеді. Білім беру мен оқытудың негізі - отбасы мен мектеп секілді әлеуметтік институттарымен қатар, электрондық құралдар да балалар мен жасөспірімдердің өмірінде маңызды рөлге ие. Қалалық, болмаса ауылдық аймақтарды алып қарасаңыз да, теледидар балалар өмірінде ерекше уақыттарын бөлетін құралдардың бірі деп айтуға болады. "Көк жәшік" арқылы берілетін көрсетілімдер аясы балаларға мол таңдау мүмкіндігін береді. Теледидар - бұл білім беру құралы, демалыс әрі көңіл көтеру объектісі деп жан-жақты қарастыруға болады. «Медицина елшілігі» деп аталатын сайтта жарияланған "Көгілдір экранның көлеңкесі" атты мақаласында теледидардың кері әсерлерін былай келтіреді:
Теледидардың кері әсері болып табылатындар:
Интеллектуалдық дамуды тежейді . Теледидарға құмартып кеткен балалар басқа балалармен салыстырғанда оқи алу дәрежесін тексергенде, орта есеппен төмен нәтижелер көрсетті. Оның бірнеше себептері бар: кітап оқу мен білім алуға аз уақыт қалады, теледидар балаларға кітаппен дос болуына кедергі жасайды.
Қиялдау және шығармашылық ойлау қабілеті төмендейді . Кітап оқу балаларға әртүрлі жағдайларды елестетуге, іс-әрекеттерді көз алдына әкелуге мүмкіндік жасайды. Теледидар қиялдау кеңістігіне мүмкіндік бермей, дайын картинаны баланың көз алдына әкеледі.
Өз бетінше ойнай алмау. Теледидарды көп көретін балалар өз еркілерімен ойнай алмайды, өз-өздерін белгілі бір іспен айналысуға міндеттей алмайды, өйткені кез келген ойын ойлау мен қиялдай алуды талап етеді.
Отбасылық және әлеуметтік байланыстың әлсіреуі. Тәулік бойы теледидар қосылып тұратын отбасыларында өзара жақындық азаяды. Үйдегі әлдебіреу үнемі теледидардың алдынан шықпай отыратындықтан, отбасы мүшелеріне әңгімелесу, өз ойлары, сезімдерімен бөлісу қиындыққа түседі. Иә, теледидардың өзіндік жетістіктерімен қоса, осындай жоғарыда аталған кемшіліктер де бой алдыратыны рас. Алынған сауалнамалар балалардың бос уақытын теледидар алатынын көрсетті. 60 және 70% оқушылар күнделікті телебағдарламалар қарауға екі-екі жарым сағатын жұмсайды. Мектепке дейінгі балалар бұдан азырақ қарайды, дегенмен ол да аз емес: олардың 35% бір жарым-екі сағаттарын теледидарға арнайды.
Зерттеулері бойынша, екінші орынды кітап оқу алды. Кіші сынып оқушыларының бос уақытының көбін ойын алады. Үйірме, спорт түрлерімен балалардың аздаған бөлігі ғана айналысады. Жоғарғы сынып оқушылары үйірмелерге қызығушылықтарына байланысты қатысады - авто, радио қызығушылықтар және өзге де үйірмелер.
Келесі орынды музыка мен шет тілдерін үйрену алды.
Спортпен айналысу - ең соңғы орындарда тұр. 1-4-сыныптарда көптеген балалар спортқа қызығады, ал 10-сыныпта олар оқуға дайындалатындықтан спортқа деген қызығушылықтары төмендейді. Зерттеулердің нәтижесі балалардың бос уақытын пайдалануы өзге елдермен сай екенін, мысалы, Жапония, Польшада спорт, ойындарға деген ойлауға негізделген қызығушылықтар төмендейтіні байқалады. Көптеген балалар кітап оқуға, кино, театр, радионың орнына теледидарды құп көретіндері белгілі болды. Кейбір дәрігерлердің куәлары бойынша күнделікті 3-5 сағат, ал демалыс күндері 3-8 сағатын теледидарға арнайтын балалардың телевизиялық ауру белгілері байқалатыны анықталған. Бұл аурудың белгілері шектен тысшаршауға сай медициналық әдебиеттерде: тітіркену, жүйкесі шаршау, ұйқысыздық, тәбетінің төмендеуі, бас аурулары, көз нашарлауы кездеседі.
Денсаулық сақтау Министрлігінің балалар мен жасөспірімдер гигиенасы институты жүргізген арнайы зерттеулері телевидениенің жағымды және жағымсыз әсері бойынша бірнеше факторларды анықтауға көмектесті:
Біріншіден, бағдарламаның ұзақтығы және оның аптасына қаншалықты жиі қарайтыны;
Екіншіден, баланың теледидар көре бастағандағы көңіл-күйі;
Үшіншіден, қандай жағдайда қарайды - экран мен көрерменнің арасындағы қашықтық, экранның көлемі, көріністің саны, экран мен бөлменің жарығы және т. б.
Бағдарламаның ұзақтығына келер болсақ, институттың жүргізген зерттеулері көрсеткендей, қысқа әрі қызықсыз бағдарламалар балалардың орталық жүйке жүйесінде және қарау анализаторында ұзақ, әрі мағынасы жағынан балаларға қызықты бағдарламалардың әсерімен тең. Мультипликациондық фильмдер, ертегілер, қуыршақтар спектаклі, олардың зерттеулерінің нәтижесі бойынша балалардың функционалдық организмдерінің жағдайына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Бұл бағдарламалар уақыты жағынан ұзақ емес, қанық және динамикалық тұрғыда құрастырылған. Балалар үлкен қызығушылықпен қарайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz