Кәсіби бағдарлаудың қалыптасу тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Оқушыларға кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
8 ноября, 2018
0
1130

Главный кардиолог Казахстана отправлена в отставку. Она отказалась...

Выяснилось, почему заседание Совбеза не показали в прямом эфире

Оқушыларға кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 тарау. Білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау жұмысын үйымдастырудың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
1.1 Кәсіби бағдарлаудың қалыптасу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
1.2 Оқушыларды алдын-ала кәсіби психологиялық диагностикадан өткізудің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
2 тарау. Кәсіби бағдар беру барысында оқушылардың жекелік қасиеттерін
диагностикалау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
2.1. Оқушылардың темпераментін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін зерттеу ... ... ... ... ... .
3 тарау. Кәсіби бағдарлау жұмысында коррекциялық ойындарды қолдану. 1.1
Оқушылардың ауытқушы мінез-құлық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан
түзету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .
Кіріспе
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға
ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология
мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің
оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары
құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер
П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский, Ю.П.Сокольников,
А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас
кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар
мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.
Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен
баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет
атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады. Атап айтсақ, темпераментті
зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс
жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін
зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр
адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға
болады.
Сонымен қатар коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу
және барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да
анықталған. Дегенмен мектеп тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ
алып келе жатқанына байланысты оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек
көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті
психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби
бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған. Сондықтан осы
актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп, оқушылардың жекелік
қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымның тақырыбын
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
деп анықтадық.
Зерттеу мақсаты -- мектеп психологиялық қызметі тәжірибесінде
психодиагностика жүргізу арқылы оқушылардың жеке даралық ерекшеліктерін
анықтау және қызмет түрлеріне икемділігін болжамдау.
Зерттеу міндеттері:
-тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау;
-кәсіби психологиялық диагностиканы жүргізу ерекшеліктерімен танысу;
-оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін
қолдану жолдарын үйрену;
-оқушылармен кәсіби қажетті қасиеттерді қалыптастыру тренингін жүргізу.
Дипломдық зерттеу барысында келесі ғылыми зерттеу әдістері қолданылды:
ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, психо-диагностикалық әдістемелерді
іріктеп алу, мектеп оқушылары арасында олардың темпераментің, таным
процестерін, интеллектуалдық қабілеттілігін анықтау тестерін қолданып жеке
даралық қасиеттерін бағалау, тренинг элементтерін қолданып түзету-дамыту
жұмыстарын жүргізу.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1. Білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау жұмысын ұйымдастырудың мәні
1.1. Кәсіби бағдарлаудың қалыптасу тарихы
Кәсіби бағдарлаудың ғылыми негізде ұйымдастырылған түрі 1908 жылы
Бостон қаласында кәсіби кеңес беру бюросы ашылған күннен басталды деп
айтуға болады. Ал шын мәнінде кәсіби бағдарлау ежелгі дәуірде де орын
алған. Бұл проблема адамзаттың қоғамдық даму қажеттілігінен пайда болды,
сондықтан оның қоғам сияқты өзіне тән даму тарихы бар. Әрине кәсіби
бағдарлау мамандықтардан бұрын пайда болуы мүмкін емес. Адамзаттың даму
барысында топ мүшелері орындайтын функцияларының анықталуы мен байланысты,
жануарлар өсіріп, дихандықпен шұғылдана бастағаннан, балаларға арнайы тәлім-
тәрбие беру, оны болашақ өмірге даярлау көптеген жаңа проблемаларды
тудырды. Адам өміріндегі барлық қажеттілікті қанағаттандыруға қажетті іс-
әрекет түрлерін кәсіп деп атаумен байланысты сол кәсіпке тәрбиелеу жолдары
да анықтала бастады.
Адамның кәсіби жарамдылығын бағалау элементтері ежелгі дәуірде
қалыптаса бастаған. Б.д.д. 3-ші ғасырдың орта шенінде Ежелгі Вавилонда
мектеп түлектерінен хатшыларды дайындауға сынақ жүргізіледі. Сол заманның
білім көлемділігінің арқасында кәсіби даярлығын хатшы месопотамиялық
цивилизацияның орталық ірі тұлғасы болады: ол кеңістікті өлшеуді, меншікті
бөлуді, музыкалық аспаптарда ойнай алуды, өсімдіктерді ажыратып, олардың
ішінен адамның денсаулығын нығайтуға қолданатындарын анықтауды т.б.
іскерліктерді меңгеруді талап еткен.
Ежелгі Мысырда абыз жрецтері өнеріне тек қана нақты сынақтан өткен
адамдарды ғана оқытқан. Ең алдымен талапкерлер тексеруден өтіп, барлық
қойылған тапсырмаларды толық орындап шығуы шарт болған. Әңгімелесу барсында
талапкердің өмірбаяндық мағлұматтарды анық бере алатындығы, білімдарлығының
деңгейі анықталып, сыртқы бейнесі, жалпы қарым-қатынас жасауға қабілеті
бағаланған. Сонан соң оның еңбеккерлігін, басқаларды тыңдай білуін, сөйлеуі
мен үндемей отыратындығын тексерген. Өзінің оқуға қабілеті жоқ, ұзақ мерзім
оқудың ауыр-жеңіл жерлеріне шыдамдылық көрсете алатындығына
күмәнданғандарды отпен, сумен, аштықпен, өлім қаупімен қорқытып, сынаған.
Осы қатаң сынаудан және білімділігі бойынша таңдаудан әлемге әйгілі
Пифагор өте білгенін тарих бізге хабарлайды. Пифагор оқуын аяқтағаннан соң
Грецияға оралып, онда өз мектебін орнатты және оқуға қабылдау үшін өзі
өткен сынақтарға ұқсас әртүрлі байқауларды ұйымдастырып, талапкерлер
солардан өтуі керек болды.
Пифагор, ең біріншіден, адамның интеллектуалдық қабілетін
диагностикалауға көп көңіл бөлді. Қазіргі кезге дейін Пифагор жасаған
интеллектуалдық қызметке икемділікті анықтау кестесін кейбір психологтар
мен палгерлер өз қызметінде қолданады. Сонымен қатар Пифагор адамның
күлкісіне, жүріс-тұрысына үлкен назар аударды. Оларды адамның мінез-
құлқының ең айқын көрсеткіштері деп анықтады. Пифагор ата-аналардың берген
мағлұматтары мен мұғалімдердің ұсыныстарына да үлкен көңіл бөлді.
Осы кездерде Қытайда үкіметтік-төрелік қызмет және көптеген мамандықтар
болды. Осы мамандықтарға қызметшілерді іріктеп алу, оларды өз функцияларын
атқаруға даярлау барысында кәсіби таңдаудың өз ерекшеліктеріне сәйкес
келетін түрлері қалыптаса бастады. Олардың көбісі халықтың салт-дәстүрін
білу, өзін және Отанын қорғауға қажетті іскерлік пен дағдыны меңгеруі,
басқаларға өте ыңғайлы да жағымды жағдайларды жасау сияқты қабілеттерді
тексеруге арналған жарыстар жүргізілді. Сол сияқты Ежелгі Спарта, Рим,
Афина тарихында да кәсіби жарамдылықты зерттеуге, білімдарлықты бағалауға
арналған көптеген инициациялар түрлері, емгихандар мен семинарлар,
философтар мектептері дәстүрлері кеңінен тарады.
Спартада жауынгерлерді тәрбиелеу жүйесі ерекше дамыған болды. Бұл қала-
мемлекеттеер балалармен қатар әскери-дене тәрбиесінен барлық қыздарда
өтетін болды. Өйткені жауынгерлер соғысқа аттанып кеткен кезде әйелдер
көптеген құлдарды игеріп отыруға шамасы келетін жауынгерлік қасиеттер
көрсетуі керек болды. Сондықтан адамның дене тәрбиесіне, денсаулығын
нығайтуға, қара күші мен қайратын көбейтуге ерекше көңіл бөлінді.
Римде тәлім-тәрбие жұмысында гладиаторлар даярлау ерекше мәртебеге ие
болды. Жақсы тәрбиеленген гладиаторлар ақсүйектер мен мемлекет басшыларының
көңлін көтеруге, ер азаматтардың айбаттылығын, шыдамдылағын, жауға деген
қатыгездігін тәрбиелеуге қосатын үлесі өте үлкен болып келді. Сонымен қатар
білімдар адамдарды, өнер салаларындағы мамандарды, көптеген жеңіл
кәсіптерді үйрететін мектептер ашыла бастады. Ежелгі Римде сауаттылық кең
тараған. Сондықтан плебейлерге арнаған жарлықтар жазба түрде шығарылып,
балалардың сауатын ашатын әліппе ретінде осы жарлықтарды үйреткен.
Баласының сауатын ашып, оған мамандық білім бермеген ата-анаға балалары
қамқорлық көрсетуіне мемлекет тарапынан тыйым салынған.
Афина басқа локонияларға қарағанда адамның интеллектуалдық қасиеттерін
жоғары бағалап, оны дамытуға өте үлкен орын берген.
Үндістанда б.д.д. 900-600 жылдардан бастап зергерлік, ұсталық,
тоқымашылық, арқаншы, тігінші, бояушы, балташы, ағаш ұсталары, құмырашы, үй
қызметкерлерінің әртүрлі категориялары, кәсіби акробаттар, көріпкелділер,
сырнайшы, жылан арбаушы, биші, саудагерлер т.б. мамандықтар кеңінен тарады.
Әр маман өз кәсібін өзінің балаларына, үрім-бұтағына үйретіп шығарған.
Орта ғасырларда адамзаттың орындайтын іс-әрекетінің түрлері көбеюімен
байланысты көптеген кәсіптер пайда болып, шеберханалардағы мамандықтардың
түрі, теңізшілер, кеншілер тағы басқа көптеген мамандықтар пайда болады.
Осы еңбек түрлеріне даярлықтан өткізетін көптеген кәсіптік мектептер және
жұмыс орнында үйрету кең тарайды. Сонымен қатар жоғары квалификациялық
мамандар даярлайтын гимназиялар мен университеттер ашылады.
Кәсіби бағдарлау қоғамдық процеске айналып 19 ғасырдан бастап кәсіби
диагностика, кәсіпке жарамдылықты анықтау аяқ ала бастайды. Сонымен қатар
кәсіби ағарту, кәсіби кеңес беру, әлеуметтік кәсіби адаптация және кәсіби
тәрбиелеу ғылыми жағынан байыпталып зерттеліне бастады.
Бұл жұмыс әр адамның жекелік психикалық ерекшеліктерін анықтап, әр
адамның тіршілік түрлеріне икемдішігін анықтаумен ұштастыру мәселелері
қарастырылады. Ағылшын ғалымы Ф.Гальтон жеке тұлғаның психикалық
ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда анықтаудың іргетасын құрушылардың бірі болды.
Осы айырмашылықтарды зерттеу мақсатымен Ф.Гальтон Лондонда 1888 жылы
халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін
ашты. Көрмеге келушілер өздерінің тән қабілетімен қатар психикалық
ерекшеліктерін 17 көрсеткіштер бойынша анықтап алуға мүмкіндіктер жасалды.
1908 жылдың қаңтар айында Бостон қаласында жастарды кәсіби бағдарлау
жұмысының алғашқы бюросы ашылып, мұнда талапкерлердің өмірлік еңбек жолын
анықтауға көмек беретін әдістемелер қолданыла бастады. Бұл бюроның іс-
әрекеттерін ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдарлаудың бастамасы деп
айтуға болады. Көп ұзамай осыған ұқсаған бюролар Нью-Иоркте ашылды. Оның
міндетіне әр, түрлі мамандықтардың адамға қоятын талаптарын зерттеп, мектеп
оқушыларының қабілетін анықтау болды. Бұл бюроның негізін құрушылардың бірі
Ф.Парсонс табысты мамандық таңдаудың үш негізгі факторларын бөліп көрсетті:
-- әр адамның өзін-өзі дұрыс бағалауы, өзінің іс-әрекет түрлеріне
бейімділігін, қабілетін, қызығушылығын, ұмтылысын, мүмкіндіктерін және
шектеуліктерін дұрыс бағалауы;
-- әрбір таңдаған мамандық бойынша қызмет атқарғанда табысты жұмыс істеу
үшін ненің қажет екенін білуі;
-- мамандықтың талабы мен байланысты білімді өзін-өзі бағалаудың
нәтижесін үйлестіре алуы.
Осы және көптеген әлеуметтік психологиялық зерттеулердің нәтижесінде
1911 жылы Англияда 17 жастан төмен оқушыларға мамандық таңдауға міндетті
түрде көмек көрсету туралы Заң қабылданды.
АҚШ-та мамандарды кәсіби жарамдылығы бойынша таңдаудан өткізуге ерекше
көңіл бөлінді. Гарвард университетінің психологиялық зертханасының
директоры Г.Мюнстерберг, психотехникалық зерттеулердің негізін құрушылардың
бірі, кәсіби таңдау жүргізу технологиясын анықтап, өз зертханасында
көптеген әдістемелер жасауға өз үлесін қосты.
Біріші дүниежүзілік соғыс барысында әскери техниканы басқарушылардың
кәсіби жарамдылығын анықтап іріктеп алу қажет екені дәлелденді. Осы
қызметті жолға қою үшін көптеген арнайы зерттеулер жүргізілді. Германияда
1922 жылы кәсіби бағдарлау және кеңес беру жүйесін құру жайлы Заң
қабылданды. Кәсіби кеңес беру бюросының ұстанымдары бойынша еңбек
биржасында мынадай ережелер құрылды:
-- жеткіншектерді мамандық таңдауға жоспарлы түрде даярлау;
-бюро жұмысын мектептермен тығыз байланыста ұйымдастырып, мектеп
бітірушілермен арнайы жұмыстарды келесі бағыттарда жүргізу;
-- мамандықтар туралы мағлұматтар беру;
-- мектеп бітірушілердің жекелік қасиеттерін анықтау үшін психологиялық
зерттеулер жүргізу;
-- жұмысқа немесе кәсіби мектептерге ұсыныс хат толтыру.
Кәсіби бағдарлаудың ғылыми педагогикалық негізін қалауға халыққа білім
беру жүйесін бұрынғы Кеңес жерінде құруға үлкен үлесін қосқан
А.В.Луначарский, П.П.Блонский өз үлестерін қосты. 1927 жылы Санкт-
Петербургте кәсіби кеңес беру бюросы ашылды. Бұл жерде мамандыққа баулу
тәжірибесімен қатар ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1928 жылы
П.П.Блонскийдің Педалогия негіздері деп аталатын еңбегі жарық көрді.
Тәжірибелік психологиялық білімді ол кезде педалогия деп атады. Осы еңбекте
жеке адамның тұлғалық қасиеттерін жан-жақты зерттеу, және ағзаның
физиологиялық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері жүйеге келтіріліп
берілді.
Дегенмен бұл зерттеулерді тәжірибеде қолдану көптеген қиындыққа
жолықты. 1936 жылы О педалогических извращениях в системе наркомпроса деп
аталатын ВКП(б) ОК қаулысы бойынша сол кезде көптеген ірі қалаларда ашылған
әлеуметтік психологиялық зертханалар мен бюролар жабылып, педалогиялық
зерттеулерге толық тыйым салынды. Содан 20 ғасырдың 60-шы жылдарына дейін
тәжірибелік психологиялық зерттеулер біздің елде жүргізілмей қалды.
Шет елдерде бұл тәжірибе өте кең тарап, Еуропалық ғалымдар К.Айзенк,
Кеттел, Бине, Симон т.б. көптеген ғалымдар адамдардың жекелік қасиеттерін,
интеллектуалдық іс-әрекеттерге икемділігін, жан мен тәннің бір-біріне
тәуелділігін т.б. көптеген проблемаларды зерттеу жолдарын анықтап, оларды
психологиялық кеңес беруде қолдану жолдарын зерттеді.
1984 жылы қабылданған Кеңес мектептерінде жүргізілген реформаның
материалдарында мектептерде психологиялық қызметтерді ұйымдастырып,
психологиялық зерттеулерді кеңінен қолдану қажеттілігі көрсетілген. Сонымен
қатар психологиялық кеңес беру орталықтарын ашу туралы көптеген ұсыныстар
жасалған. Осы кезден бастап көптеген Ресей мектептерінде, Балтық
жағалауындағы мемлекеттерде мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру
орталықтары ашыла бастады. ССРО ғылым академиясы жанынан мамандық бағдар
беру ғылыми зерттеу институты ашылып, онда осы бағытта көптеген зерттеулер
жүргізілді.
Қазақстанда кәсіби бағдар беру проблемалары педагогика ғылымдарының
докторылары, профессор А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, және олардың
шәкірттері жан-жақты зерттеді. Олардың айтуы бойынша кәсіби бағдар беру-
психологиялық, педагогикалық және медициналық іс-шаралар жиынтығы болып
келеді. А.П.Сейтешов мамандыққа баулу және кәсіби бағдарлау баланың дүниеге
көзқарасының қалыптасуына негіз болады деп дәлелдеген. Бұл жұмыс жастардың
тілегі, ықыласы мен олардың мүмкіндіктерін бір-бірімен үйлестіруге
бағытталған. Сонымен қатар халықтың тұрмыс шаруашылығы мен жалпы қоғамда
мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, еңбекке жарамдылық процесін
оңтайландыруға бағытталған.
1.2. Оқушыларды алдын-ала кәсіби психологиялық
диагностикадан өткізудің маңызы
Кәсіп -- proaessiо -- деген фрацуз мамандығымды тілінде ресми түрде
жариялаймын деген мағынаны білдіреді. Кәсіби бағдарлау -- әр адамның жекелік
қасиеттеріне, қызығушылығына, қабілетіне, қоғамдық қажеттілікке байланысты
мамандық таңдап алуына ықпал жасау.
Мамандықты дұрыс таңдаудың әр адамның өз өмірінде табысты болуына және
әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген
ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан. Кәсіби бағдарлаудың негізін
құрушылар Ф.Гальтон, А.Кершенштейнер, Г.Мюнстерберг, П.П.Блонский,
Ю.П.Сокольников, Т.Н.Мальковская, Г.А.Уманов т.б. ғалымдар әлеуметтік-
кәсіби бағдарлау идеяларын қалыптастырды. Осы идеяларға сүйене отырып
барлық ізгі ниетті мемлекеттер өз ұрпақтарын тәрбиелеу барысында оларға
кәсіби бағдар беру, кәсіп беру мәселелерін өз халқында қалыптасқан
дәстүрлерге сүйене отырып ғылыми негізде шешу жолдарын іздестіруде.
Жалпы және кәсіби білім беру мектептерінің тұжырымдамасында оқушыларды
қандай да бір іс-әрекет түріне баулу және әр баланың психофизиологиялық
ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін анықтауға мүмкіндік беру қажет
екені анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте әр түрлі жолдармен
жүргізіліп жатыр. Психологиялық қызмет ұйымдастырылған мектептерде
балалардың жекелік психикалық қасиеттерін анықтаумен шектелуде. Ал шын
мәнінде бұл қызмет көпқырлы және көпсырлы болуға тиісті.
Оқушыларды алдын-ала кәсіби диагностикалаудан өткізу проблемасын
зерттеу үшін көптеген арнайы және жалпы диагностикалық әдістемелер
жасалған.
Оның ішінде Айзенк пен Стреляудың темпераментті өлшеу тестері, Бине-
Симон жасаған интеллектуалдық қабілеттілікті анықтау шкаласы, Айзенктің
интеллекті зерттеу тестерінің вербалдық, математикалық және техникалық
субтестілері, Филипстің баланың мазасыздану деңгейін анықтау тесті,
коммикациялық және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу тестері тағы сол
сияқты көптеген әдістемелер. Олардың нәтижесін кәсіби бағдарлауда қолдану
ережелерін Айзенк, Лемтес т.б. анықтаған.
Бұл жұмыстың мазмұны жеке адамның психофизиологиялық қасиеттерін жан-
жақты зерттеп келесі компоненттер бойынша мағлұмат алудан тұрады:
-- мінез-құлқының жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;
-- жүйке қызметінің жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;
-- қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, кәсіби ниеттері туралы
мағлұматтар алу;
-- құндылық бағдарлануы;
-- білімі, іскерлігі және дағдылары.
Кәсіби бағдарлауды жүргізуге негіз болатын идеялар жастарға білім беру
тұжырымдамасында анықталады. Біздің мектеп тұжырымдамасында кәсіби
бағдарлау идеясы әр адамға мамандықты дұрыс таңдауға қажетті қабілеттері
мен қызығушылығын анықтауды ұйымдастыру. Әдіснамалық сипатта бұл проблема
оқушылардың өмірлік және кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізудің даралық
ұстанымы жатады. Бұл ұстаным бойынша оқушылардың өмірлік және кәсіби
жоспарларына байланысты топтау арқылы, сыныптастыру жұмысын жүргізу
негізінде оларға бағдар беру программасы анықталады.
Кәсіби бағдарлау жұмысын негізгі екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Біріші кезең -- әлеуметтік-кәсіби бағдарлау. Бұл кезеңде балаларға жалпы
мамандық, мамандық бойынша қызмет атқару, табыс көзі, мамандық шеберлік
және сондай жалпы мағлұматтар беріледі. Бұл кезеңнің міндеттері:
-- мамандақ туралы жалпы ұғымды меңгерту, мамандықтар әлеміне саяхат
жасау арқылы баланың мағлұматтылығын қалыптастыру;
-- шебер адамдардың құрметке бөленетінін, олар материалдық және рухани
байлыққа өз шеберлігі арқылы жеткендіктерін көрсету;
-- мемелкеттің әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясына байланысты
қандай мамандықтардың болашағы мол деп болжамдауға болатындығын көрсету;
-- туыстарының, таныстарының, достарының мамандықтарын, олардың
перспективасын көрсету;
-- еңбектің шығармашылық сипатымен таныстыру;
-- еңбек романтикасы туралы мағлұмат беру;
-- еңбектің материалдық және рухани байлықтың көзі екенін көрсету.
Осылайша еңбек, кәсіби әрекеттің өзі құндылық екенін айқындап, әрбір
жеке адамның мамандықты дұрыс таңдап өмірдегі өз орнын табуға ұмтылылысы
болғанда ғана олардың қызығушылығы одан әрі дамып, мәртебесі өсіп, жоғары
мансаптық орынға ие болуына мүмкіндік туады. Мамандыққа қызығушылығы бар
адамға оны толық және сапалы меңгеруге жол ашылады.
Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда құндылықтардың қалыптасуына
үлкен әсерін тигізетін нәрсе -мотивтер екенін ескеру қажет. Мамандықтарды
таңдау мотивтерін алты топқа бөлуге болады:
-жалпы мотивировка;
-мамандықтың романтикасы;
-танымдық сипатындағы мотивтер;
-қоғамдық мәні бар мамандық таңдау мотиві;
-беделге, үлгіге сүйену;
-мотивацияланбаған таңдау.
Барлық мотивтерді сипаты бойынша төрт топқа бөлеміз:
-- нақты еңбекке бағытталған, мақсаты анықталған, дәлелге негізделген
мотивтер;
-нақты емес, жеткіліксіз себептестірілген мотивациялар;
-сенгісіз, негізсіз мотивациялар;
-ешқандай негізі жоқ мотивациялар.
Өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтыла отырып, адам өз алдына
нақты бір мақсат қояды, бірақ бұл мақсат өз бетімен жүрмейді, ол адамның
бағыттылығымен тығыз байланысты жүреді де оның барлық іс-әрекеттерінің
бағдарламасын болжамдайды. Қажеттіліктерді, қызығушылықтарды
қанағаттандыру, мақсатын жүзеге асыру нақты бір мәселелерді шешусіз,
сәйкесінеше жұмысты орындаусыз мүмкін емес. Сондықтан әрбір жағдайда адам
объект, құбылыс немесе іс-әрекет түрлерін таңдайды. Осылайша таңдау жеке
адамның қажеттілігін өтейді.
Мамандық таңдау мотивтерін анықтауға арналған көптеген әдістемелер бар.
Оларды қолданып зерттеу жүргізу нәтижесінде балалардың мектеп бітіру
шағында мотивациялық сферасы өте нашар көрініс беретіндігі анықталған. Бұл
жағдай мектеп түлектерінің қалаулары анықталмастан, болашақ өмір жолын
анықтауға өздері үлес қосуға шамасы келмейтіндігін көрсетіп отыр.
Жеке адамның басқа психикалық қасиеттері де өзара тығыз байланыста
болады. Осы байланыстылықты былайша көрсетуге болады:
қажеттіліктер -- қызығушылықтар -- объективті
құндылықтар -- мотивтер -- мақсат -- таңдау.
Психологияда темпераментті деп адамның психикалық процестерінің
динамикасын анықтайтын қасиетті айтады. Темпераменттің табиғатын
И.П.Павлов зерттеген. Оның ілімі бойынша жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері
-- қозу мен тежелудің жүру күші, олардың алмасуы, динамикасы.
Темперамент олардың тек қана біреуіне тәуелді болмайды, олардың
үйлесімділігіне тәуелді. Бұл үйлесімділікті И.П.Павлов жүйке қызметтерінің
түрлері деп атаған. Неміс ғалымы И.Кантттын сыныптастыруы бойынша
темперамент төрт типке бөлінген. Кант берген типологияны Павловтың
сипаттамаларымен толықтырып, қазіргі кездегі психологияда ең кең
қолданылыатын сыныптастыру негізінде темперамент типтері холерик,
сангвиник, флегматик, меланхолик деп бөледі.
1 -- холерик. Бұл темперамент өкілдерінің жүйке процестері күшті жүреді,
барлық іс-әрекеттерге белсенді кіріседі де шалағай орындап тастайды, сапаға
терең үңілмейді, қозу процесі күшті және басым болғандықтықтан олар көп
жерде ұшқалақтық көрсетеді, жаңалықты қуанышпен қолдайды, тәуекелге барғыш,
ұрысқақ, кек сақтамайды, жүріс-тұрысы үйлесімсіз.
2 -- сангвиник. Сангвиниктердің жүйке процестері күшті жүреді, қозу мен
тежелу процестері тепе-тең, жеңіл алмасады, іскер, сөзшең, адамдармен тіл
табысқыш, барлық әрекетке ынтамен бастайды, бірақ қызағушылығы тез
басылады, барлық жұмысты қызықты және қызықсыз деп бөледі, икемделгіш.
3 -- флегматик. Флегматиктердің жүйке процестері күшті жүреді, байсалды,
барлық нәрсені ойланып, асықпай сапалы орындайды, сыйысымды, тіл табысқыш,
ашушаң емес, жай қимылдайды.
4 -- меланхолик. Меланхоликтердің жүйке процестері баяу жүреді,
салмақты, қозу және тежелу процестері жай алмасады, үйреншікті жерде
іскерлік, ашық-жарқындық көрсетеді, жаңалықтан қорқады, сасқаншақ, кейде
ұстамалы.
Темперамент ерекшеліктерін диагностикалауға Айзенк, Стреляу тестерінен
кеңінен қолданады. Осы әдістемелерді қолдану арқылы тек трмперамент типі
анықталып қана қоймастан, сонымен қатар балалардың экстраверсия-
интроверсияның қайсысына жақын екені анықталып, невротизмнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының техникалық шығармашалық қабілетін қалыптастыру
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
Бейіндік оқыту сатылары
Оқушыларға кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
Кәсіптік бағдарлау жұмысы
Кәсіби бағдарлаудың сипаты
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың негіздері
Мектепте және колледжде кәсіптік бағдар беру ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық негіздері
Болашақ мұғалімдерге технологиялық білім берудің тарихи-педагоги- калық алғышарттарын айқындау
Пәндер