Магистрлік диссертация жұмысын дайындау үшін нақты және теориялық материалдарды жинақтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

7М01723 - ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПЕДАГОГТЕРІН ДАЯРЛАУ МАМАНДЫҒЫНЫҢ 2 КУРС МАГИСТРАНТЫ

БЕРКІМБАЕВА ЕРЖАНАЙ ҒАЛИҚЫЗЫНЫҢ ТӘЖІРБИЕДЕН ӨТУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЕСЕБІ

Магистрант Беркімбаева Ержанай Ғалиқызы 25. 01 - 20. 02. 2021 ж. аралығында М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында педагогикалық іс-тәжірибесінен өтті. Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма - педагогикалық практика екені даусыз. Ресей жазушысы В. Афанасьев: «Теория мен практиканың айырмашылығы - тәжірибеде» деген екен. Аталған практикадан өту кезінде магистранттар үшін өте үлкен жауапкершілікті жүктеді. Себебі, бұл педагогикалық тәжірибеде, магистрант -тәжірибешіге артылған міндеттер мен пәндік және тәрбиелік жұмысқа бағытталған түрлі тапсырмалар педагогикалық шеберліктерін шыңдай түсудің дамытудың алғышарттары болды.

Тәжірибе барысында атқарылған жұмыстар бекітілген төрт апта шеңберінде ретімен жүзеге асып отырды. Әр аптада жүйеге сай түрлі жұмыстарды атқару бекітілді. Мәселен, практиканың алғашқы аптасында магистрант бекітілген топтың пән оқытушысының сабақтарына қатыса отырып, сынама сабақтарды талдау, өз мамандымызға байланысты көптеген жаңа әдіс -тәсілдерді меңгеру, пән оқытушысына тән сұрақтар төңірегінде сұхбат жүргізу, практиканың маңыздылығы туралы пікір алмасу жұмыстарын атқарды. Практика барысында магистрант тәжірибе өтетін топқа бекітіліп, дәріс конспектілерінің, тәжірибелік сабақтарының жоспары құрылды. Практика дәріс, лабораториялық және практикалық сабақтарға қатысудан басталды. Қатысудан алынған мәліметтер, нәтижелер талқыланды. Дәріс жүргізу, сабақтарды өткізу кезінде магистрант студенттерге дәрісті толығымен түсіндіріп, студенттердің қойылған сұрақтарына жауап беріп, жаңа әдістер қолданып, сабақты қызықты және ең бастысы түсінікті етіп жеткізе білді. «Фонетика саласы, оның зерттеу мәселелері», «Үндестік заңы», «Морфонология», «Лексикология және онымен дербес салалар» тақырыптарында жеке сабақ жүргізді. Сонымен қатар КЯ - 20 - 3 тобына «Әдеп пен ар-ұят - қыздың көркі» тақырыбында тәрбие сағатын жүргізді.

Жоғарғы мектептегі оқытушыларды әрі ғалым, әрі педагог, әрі тәрбиеші және дара тұлға ретінде танытатын көптеген жұмыстармен танысып, жүктелген негізгі міндеттерді атқара білген магистранттың кәсіби педагогикалық практикасында жоспарланған жұмыс, жүргізілген дәрістер, практикалық және тәрбиелік сабақтар толық орындалды деп саналып, Ержанайдың педагогикалық практикасы 92 (А-, 3. 67, өте жақсы) деген бағаға бағаланды.

Зерттеу практикасы - магистранттың теориялық және әдіснамалық тұрғыда дайындығын тереңдетуге және жүйелеуге, оның ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу технологиясын практикада игеруіне, белгілі бір бағытта магистр даярлау деңгейінің талаптарына сәйкес практикалық жұмыстарды орындаудағы практикалық дағдыларды игеруге және жетілдіруге бағытталған зерттеу қызметінің түрі. Зерттеу практикасы магистратурада ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған эксперименттік орын ретінде қарастырылуы мүмкін оқу және ғылыми - зерттеу мекемелері мен басқа да ұйымдар негізінде жүзеге асырылады. Практика барысында магистранттарға бұрын әзірленген бағдарлама бойынша практикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі беріледі. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге мүмкіндік беріледі. Зерттеу практикасы магистранттардың оқу процесінің элементтерінің бірі болып табылады. Оқыту барысында алған теориялық білімді жинақтау мен тереңдетуге, мақсат қоюға, міндеттерді шешіп, нәтижелерді талдауға, қорытынды жасай білуге, өзіндік зерттеу жұмысының дағдыларын игеруге және дамытуға түрткі болады.

Магистрант аталған зерттеу тәжірбиесінен 2022 жылдың 31. 01. - 26. 02. аралығында Түркістан облысы, Шымкент қаласында орналасқан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Филология» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында өтті.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (ОҚУ) - білім, құқық, бизнес, жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар, агроөнеркәсіп, техника және технология, мәдениет және өнер, спорт және туризм мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін Қазақстан Республикасыдағы ірі және көп салалы оқу орны, ғылым орталығы және мәдени - гуманитарлық мекеме ретінде пайда болуы, қалыптасуы және кейінгі дамуы аймақтың өндіргіш күштерінің, оның экономикасының қарқынды өсуінің, соңғы он жылдықта өткен әлеуметтік және мәдени процесстердің объективті және адекваттық көрінісі болып табылады. Сонымен қатар, республикамыздың жоғары білім беру саласының ең жарқын брендтерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыда зерттеу тәжірбиесінен аталған мекемеде өту магистрант үшін үлкен практика болды деп айта аламын.

Жалпы зерттеу тәжірбиесі өзектілігі де магистранттың зерттеу тақырыбын нақтылап, зерттеуде бағытталған қарама - қайшылықты анықтауы мен зерттелетін мәселе бойынша жаңа әдеби деректемелерді библиографиялық, ақпаратттық, реферативтік басылымдармен, ретроспективті библиографиямен, диссертациялармен танысуында жатыр. Және де магистрлік диссертацияны орындау және ғылыми дәрежеге ізденуші ретінде ғылыми қызметін әрі қарай жалғастыруда үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, ғылыми - зерттеудің тәсілдерін, зерттеу материалының өңдеу әдістерін игеріп, алынған материалдарды талдауға машықтанады. Бұл өз кезегінде білім алушының бойындағы зерттеушілік қабілеттерін дамыта түспек.

Зерттеу тәжірбиесі өз ішінде төрт апта мерзімді қамтыды. Зерттеуші қалыптасуының алғашқы баспалдағы ол әрине «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы және тұтастай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті педагогтарының ғылыми мектебімен танысудан бастау алды. Кафедра профессор - оқытушылар құрамымен танысып болған соң алдағы уақытта тиімді жұмыс жасау мақсатында мекеме тарапынан әр магистрантқа ғылыми жетекші тағайындалды. Аталған магистрантқа жетекшілікке жауапты ретінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедраның аға оқытушысы - Омаров Нұрлыбек Құралбекұлы бекітілді.

Аталған жоспарға сәйкес бірінші аптада ғылыми - зерттеу жұмысын жүргізудегі білітілікті дамыту және ғылыми - зерттеулік құзыреттің кәсіптік бөліктерін қалыптастыру мақсатында мекеме тарапынан тағайындалған жетекшімен бірлесе отырып таңдалған магистрлік зерттеу жұмысы «Әдебиет тарихын жаңа әдіс тәсілдермен оқыту» тақырыбына сәйкес зерттеудің эмпирикалық базасымен жұмыс жүргізіп, зерттеулік жұмысына тәжірибелік қатысты. Сондай - ақ Нұрлыбек Құралбекұлының «Білім берудегі құзыреттілік тәсілінің ерекшеліктері», «Педагогикалық теория мен практикадағы аралас оқытудың ерекшеліктері» ғылыми мақалаларымен, «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар» монографиясы, «Заманауи қазақ әдебиеті» атты оқу құралымен және де «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» секілді ғылыми еңбектерімен таныса отырып магистрлік диссертация тақырыбы бойынша сұрақтарды қарастырып ақпараттарды іздеу амалдары мен анықтамалық - библиографиялық жүйені зерделеу жұмыстары атқарылды.

Келесі ретте библиографиялық бөлімнен диссертациялық жұмысқа қажетті жаңа әдебиеттерді, ғылыми еңбектерді іздеу, сирек және құнды кітаптар коллекциясын түзу; диссертация тақырыбына сай газет беттерінде жарық көрген мақалаларды, монографияларды, энциклопедиялар мен рефераттарды қарау, қажеттілерін көшіріп алу секілді негізгі жұмыстарға басымдық берілді. Сондай-ақ, оқу орнының жанынан шығарылатын «Оңтүстік Қазақстан ғылым жаршысы», «Qazaqtany» республикалық ғылыми жуналы, «Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми еңбектері» ғылыми танымдық жинақтары да қаралды. Сонымен қатар, зерттеу тақырыбына сай оқу пәндеріне қатысу да назардан тыс қалмады. Аталған жұмыстар негізінде зерттеу жұмысының басты бағыттары қамтылды.

Зерттеу мәселесі бойынша отандық және шетел ғалымдарының (әдебиетшілер, педагогтар, әдіскер ғалымдар, ) жоғарғы мектепте оқытудың ерекшеліктері мәселесі, әдебиет тарихының зерттелуі жайлы ғылыми еңбектер; инновациялық әдіс-тәсілдер жағдайындағы зерттеулер; үздіксіз педагогикалық білім беру туралы ресми құжаттар (Заңдар, тұжырымдамалар, бағдарламалар және т. б. ) ; республикалық, облыстық көлемдегі озық тәжірибелер, автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі; әлемдік деңгейдегі тәжірибелер қаралды. Атап айтқанда Дандай Ысқақұлының «Рухани толғамдар», Жұмақаева Б. Д. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», Әлімов А. «Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану», Құсайнов Ғ. М. «Оқытудың жаңа технологиясы: теориялық және практикалық негіздері», Қазақ әдебиетінің тарихының он томдығы, Кенжебай Р. Н., Жолдасбекова Қ. А., Әжібеков Қ. Ж. «Білім берудегі инновациялық технологиялар», Элен Битэм, Рона Шарп. «Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту дизайны», Тілеуова А. З. «Қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа технологиялар», Нағымжанова Қ. М. «Университет студенттерінің педагогикалық креативтігін инновациялық білім беру ортасында қалыптастырудың ғылыми негіздері» пед. ғыл. докт. дис., Жұматаева Е. «Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесі», Әбдір, К. Ә. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» секілді көптеген ғылыми еңбектер жинақталды.

Тәжірбиені жүйелі жүргізу жолында жиналған әдебиетті теориялық талдау және проблема бойынша зерттеулер жүргізу, тақырып бойынша қажетті қайнар көздерді (патенттік материалдар, ғылыми есептер, нормативтік құжаттар және т. б. ) таңдау, деректерді талдау және өндеу арқылы магистрлік диссертацияны орындауға қажетті мәліметтерді іріктеп алдым. Нәтижесінде әдебиет тарихын жоғарғы оқу орнында жаңа әдіс-тәсілдермен оқытуда әдіскер ғалымдардың зерттеулеріне басымдық беру, алдағы уақытта әдебиет тарихын оқытудың жаңа методикасын қарастыратын зерттеулерде ғалымдардың ғылыми ой-тұжырымдарын, еңбектерін пайдаланудың теориялық-практикалық маңызы жоғары және зерттеу жұмысының ұсыныстары, қорытындылары мен тұжырымдарын жоғарғы оқу орнындағы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне жүзеге асыруға сай болуы шарт деген тұжырым жасалды. Жаңа методиканы қолдана отырып әдебиет тарихын оқытуды теориялық тұрғыда жетік меңгеріп, әдіс - тәсілдердің көмегімен практикалық бөлімін іске асыру көзделеді.

Зерттеу нәтижелерін талқылау сонымен қатар диссертацияның теориялық және практикалық құндылығына алдын ала баға беріліп, ұжымдық шолу жасалатын профильдеу кафедраларының мәжілістерінде өткізілетін ғылыми зерттеулердің өте маңызды кезеңі болып табылады. Осы орайда, тәжірбиеден өту мерзімінің үшінші аптасында зерттеу нәтижелерін талқылап, зерттеу нысанына айналған диссертация тақырыптары бойынша ғылыми таныстырылым жасау мақсатында тәжірбиеден өтуші қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау білім беру бағдарламасының 2 - курс магистранттарымен және де кафедра профессор - оқытушыларымен бірлесе отырып, магистранттар есебі мен ғылыми семинар сағатынан тұратын қорытынды жиын өткізілді. Аталған жиын дөңгелек үстел форматында жүзеге асты. Дөңгелек үстел барысында жинаған дектер қорын қолдана отырып магистрлік диссертациямызға байланысты мәліметтерді презентациялық таныстырылым арқылы, баяндама жасай отырып қорғалды.

Қорытынды апта соңында атқарылған барлық жұмыстарымды жинақталып, алынған нәтижені бағалау және қорытындысын тұжырымдау мақсатында зерттеу барысында алынған теориялық білімдерді бекіту, диссертация жұмысын толықтыру, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аяқталған тәжірбие қорытындысы тыңдалды. Нәтижесінде магистранттың зерттеу тәжірбиесі 90 (А-, 3. 67, өте жақсы) деген бағаға бағаланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық эксперимент түрлері
Бастауыш сыныптарда гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту бағыттары
АҒАРТУШЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Педагогикалық тәжірибе
Жұмыстың практикалық бағыты
Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт
Диссертация тақырыбы
Академиялық жазу және мәтін
Диссертация қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz