Бастауыш сыныпта Тәй - тәй технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастыру


Бастауыш сыныпта «Тәй-тәй» технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастыру
Мазмұны
КІРІСПЕ
І тарау. Бастауыш сыныпта «Тәй-тәй» технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері
- «Тәй-тәй» технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастыруды Қазақстанда тәжірибеге енгізу жолдары
- Бастауыш сыныпта Тәй-тәй технологиясын қолданудың ғылымилығы.
ІІ тарау. Бастауыш сыныпта «Тәй-тәй» технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тиімділігі.
2. 1. Бастауыш сыныпта «Тәй-тәй» технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастырудың белсенділік орталықтары.
2. 2. «Тәй - тәй» технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастыру негізінде баланың ерекшелігін анықтау.
2. 3. Сабақ үрдісінде «Тәй - тәй» технологиясының жұмсақ дағдыларын пайдалана отырып оқушылармен жұмыс жасау тәсілдері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.
Шәкерім Құдайбердіұлы
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылудың, бәсекелестікке барынша лайықты болашағымызды тәрбиелеудің басты бағдарына айналып отыр. «Өркениеттің аса маңызды міндеті- адамды ойлай білуге үйрету»- дейді амарикандық ойшыл, өнертапқыш Томас Эдисон. Ел болашағы- жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты. Бастауыш мектептің баланың бойында тәрбие мен білімді қалыптастырудағы орны ерекше орта. Заман талабына сәйкес білім мен тәрбие жүйесін кешенді ұйымдастыруда жаңа технологияларды, шағармашылықты, иновациялық жаңашылдықты пайдалану қажет.
Бастауыш мектепте білім берудегі негізгі мақсаттардың бірі-балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ете отырып, бастауыш сынып оқушыларының бойындағы әр балаға тән «жұмсақ дағдыны» ашуға жұмыстану. Сол «жұмсақ дағдысы» ашылған оқушыны шығармашыл тұлғаға айналдыру. Бастауыш сыныпта оқушылардың «жұмсақ дағдысын» ашу үшін мектеп оқу үрдісіне жаңашылдылық пен ізденімпаздықтың негізі болып табылатын «Тәй-тәй» технологиясымен жұмыс жасауды ұсынбақшымен. Өйткені «Тәй-тәй» бағдарламасы - оқушыларға өте қажетті деген сенімге негізделген оқу шешімдерін қабылдауға мойынұсынған бағдарлама. Осы технологияның басты мақсаты: бала бойына өзара сыйластықты, жауапкершілікті, шынайылықты, зейінділік пен ынта- жігерлерін қалыптастыру болып табылады.
«Тәй-тәй» бағдарламасын бастауыш мектеп үрдісінде қолданудың өзектілігі, ол педагогика үдерістерінде Қазақстан Республикасының білім беруді модернизациялаудың кезек күттірмейтін мәселелерін шешуде көмекші бола алады. Бағдарлама ұлттық бағдарламаны жоққа шығармайды, бірақ оны уақыттың талабына жауап беретін жаңа демократиялық тәсілдермен толықтырады және білім беру үрдісінде жеке дамуды және қоғамның қатысуын қамтамасыз етеді. «Тәй- тәй» технологиясымен жұмыс жасауда қарым-қатынас, қамқорлық, қоғам, патриотизм сияқты негізгі түсініктерге сүйене жұмыс жасалады. Сапалы оқыту, саналы тәрбиелеу деген ұлағатты ой бар, сондағы сана деген де бір шырақ. Зиялы тәлімгер оның отын тұтатса, ізгілік ізгілікке, әдептілік әдемілікке ұласады. Адамдық қасиеттердің жайнаған гүлдей ашылуына да себеп керек. Үлкендер- ойлылар мида жеті шырақ болады деуші еді. Кем дегенде үшеуі жанса- ақылдылық, бесеуі маздаса- ұлылық. Жетеуі бірдей сәуле шашса- пайғамбарлық екен. Бұл теңеудің байыбында, ағартушылық маңызының зор екендігі аңғарылады. Басты түсінік сапалы білім беру, саналы тәрбиелеудің бір амалы «Тәй-тәй» бағдарламасының жұмсақ дағдысын іс-тәжіриебе жүзінде пайдалану. Оқыту- ұзақ үрдіс, ол жеке сабақтардан құралады, ол оқыту үрдісінің негізгі буыны.
Жұмыстың мақсаты- Абай қырық төртінші сөзінде: «Адам баласының ең жаманы- талапсыз» дейді. Ал он жетінші сөзінде: «Адамның адамгершілігі неден құралады дегенде- қайрат, ақыл, жүрек»- үшеуін айтып ғылымға жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу, ол үшін «Тәй-тәй» бағдарламасының жұмсақ дағдысын зерттеу, меңгеру қажет, шәкірттың өзіне психологиялық бақылау жасау арқылы білімнің негізін анықтай түсуге, үйретуге ұмтылыс жасалады.
- Зерттеу нысаны: оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану амалдарын қарастыру. Зерттеу пәні: оқыту, тәрбиелеу үрдісінде байқаулар жасау, қорытынды шығару. Зерттеудің ғылыми болжамы: - Саналы тәрбие және сапалы білім беру амалдарының бірі бастауыш сыныпта оқушыларды «Тәй-тәй» бағдарламасының негізінде жұмсақ дағдыларын қалыптастыру - әдістемесін зерделеу, жүзеге асыру- пайдалану. - оқу - тәрбие үрдісінде«Тәй-тәй» бағдарламасының негізінде жұмсақ дағдыларын қалыптастыру зерделеп, ғылыми- педагогикалық негіздері мен мүшелерін анықтап, педагогикалық іс-әрекеттерде байқаулардан өткізіп, мазмұнын жобалау; Зерттеудің міндеттері:
- Оқушының ішкі белсенділігін дамытатын керекті мүмкіндіктерді пайдалану;
- Оқушының өзіндік дара қасиеті мен қабілетін ашып, оның өмір сүруі үшін керекті салаларға орналасуына алғашқы жолбасшы бола білу;
- Оқушының тұлғалық ерекшелігін анықтай отырып оны дамытуға қажетті жаңаша жолдарды табу;
- Оқушы тұлғасына көрсетілетін құрмет пен сүйіспеншілік негізінде қолайлы қарым-қатынас жасаудың жаңаша жолдарын орнату;
- Әр оқушыны жеке тұлға деп қарастырып, оған әсер етуге қажет белсенді әдіс-тәсілдерді бағдарлап, жорамалдау.
- Бастауыш сыныпта «Тәй-тәй» бағдарламасының негізінде жұмсақ дағдыларын қалыптастыруды зерделеп, оның мәні мен мазмұнын айқындау.
- Сыныпта «Тәй-тәй» бағдарламасының негізінде жұмсақ дағдыларын қалыптастыруды кіші жастағы оқушылармен оқу- тәрбие жұмыстарында пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау және әдістемесін пайдалану.
Зерттеу жұмысының пәні: Бастауыш сынып
Жұмыстың ғылыми жаңалығы және мәнділігі:
- «Тәй-тәй» бағдарламасының негізінде жұмсақ дағдыларын қалыптастыру әдістемесінің педагогикалық негізі, мәні және мазмұны айқындады;
- бастауыш сыныптарда «Тәй-тәй» бағдарламасының негізінде жұмсақ дағдыларын қалыптастыру әдістемесі жұмысының жағдайына талдау жасалынып, оның негізгі бағыттары және жетілдірудің мүмкіндіктері ашып көрсетіледі;
- «Тәй-тәй» бағдарламасының негізінде жұмсақ дағдыларын қалыптастыру жұмысын жүргізудің педагогикалық шарттары анықталды;
- «Тәй-тәй» бағдарламасының негізінде жұмсақ дағдыларын қалыптастыру әдістемесі теориялық тұрғыда негізделіп, байқаулардан өткізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерді және қосымшадан тұрады.
І тарау. Бастауыш сыныпта «Тәй-тәй» технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері.
- «Тәй-тәй» технологиясын қолдану арқылы жұмсақ дағдыларын қалыптастыруды Қазақстанда тәжірибеге енгізу жолдары
Білім беру жүйесі тәуелсіздік жылдары ішінде басқа салалар сияқты түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруда. Тәуелсіз еліміз, ондағы болып жатқан әлеуметтік- экономикалық өзгерістер еліміздің әлемдік деңгейдегі білім алаңына шығуын ескеретін осы замандағы мемлекеттік білім саясаты да жүзеге асып, мемлекеттік жалпы былым беру стандартына сай мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін керіден қалыптастыруды талап етуде. Сол себепті еліміздегі білім беру жүйелеріне жаңа әдістемемен технологияларды қолдану маңызды болмақ. Білім беру саласы сапалы түрде түбегейлі жақсарса баланың да ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттері, жаңа дағдылары сонау бала кезінен бастап қалыптасады. Қоғаммен бірге біріңғай тетік сияқты білім беру жүйесі қалыптасып, дамуда. Білім беру ісінде 4К моделіне: креактивтілік, сыни ойлау, коммунаикативтілікті дамытуға және топпен бірге жұмыс жасау дағдысына назар аударылып отырады. Солардың ішінде білім беру, оқыту сапасы, саналы түрде, жоспарлы жалғасуда.
Мектеп жұмысының басты мақсаты бастауыш сыныптан саналы тәрбиелеу, сапалы білім беру, ұстаздың өз шәкіртіне бергенне гөрі, берері көп болуы- ең бірінші қажеттілік. Сабақ мазмұндылығы, оның оқушының ынта-ықыласынан туындайды, белсенділігін арттыру мұғалімнің біліміне, біліктілігіне, қабілеттілігіне, үздіксіз білім толықтыру, жауапкершілігіне ұлатысты.
Мектеп жұмысының ең басты өлшеуіші- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына мүлтіксіз жүзеге асыру. Жасөспірімдер бойында патриотизм, өз еліне, өз жеріне деген сүйіспеншілікке баулудың маңыздылығы зор.
Жас буынға білім беру- тәрбие мәселесін жетілдіру арқылы нәтижелі болатындығы мәлім. Тәрбие- білім беру жүйесінің басты мақсаты да, құралы да.
Ұлттық білім беру жүйесң тәлім- тәрбие -білім атты схема негізінде қызмет етуі тиіс. Ең басты шарт- білім сапасы болуы міндетті. Білім беру ісіндегі озат тәжірибе барлық жұрттарға ортақ. Озық ойлы ұрпаққа білікті маманға бүкіл әлем мүдделі.
Жалпы, мектептің алтын діңгегі- ұстаз, ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда бастауыш мектеп табалдырығын үмітпен аттаған бүлдіршін- ертеңгі қоғам мүшесі. Сондықтан болашақтың иесі- білім алуға, тәрбиелі болып өсуге келген балаларға алғашқы күннен бастап-ақ Сапалы білім, саналы тәрбие беріп, өміртанудың нәрімен жетілдіру, дамыту, қалыптастыру үшін ең бірінші кезекте психологиялық тұрғыдан жан- жақты зерделеп, олардың ерекшеліктерін есепке алып, оқыту және тәрбиелеуді мәнді, нәтижелі жүргізу үшін педагогикалық тұрғыдан әрбір сабақты оқытуға оқу- әдістемелік тұрғыдан, теориялық, практикалық даярлану, әрине білім, біліктілік, шеберлік пен тәжірибе қажет. Бала сезімі көктей гүлдей нәзік, олай болса оларды зерттеп, бақылап жанын түсіну, сыртын білу психологиялық тұрғыдан ойлау, қабылдау, сөйлеу, жазу қабілеттеріне ерекше мән беру негізгі шарттар. Оқушы көңіліне сызат түсірмей, оның әр жауабын мұқият тыңдап, дұрыс жауабын мақұлдап, қатесін өзі түзетуге мүмкіншілік жасау, оқу материалдарын талдауға, біріктіруге, салыстыруға үйрету.
Оқу материалдарын баяндау, жаттығулар, тәжірибе жасау, тапсырмаларды орындау, үй тапсырмасына жауап беру сәттерінде алға жетелейтін, жауап беруге баулитын сұрақтар қойып, мысалдар келтіріп бағыт беру оқушының өзіне деген сенімін арттырады.
Оқыту және тәрбие жұмыстарында оқушының психологиясын зерделеп, бақылауда арқылы, ұтымды талдаулармен ерекшеліктерін білу, оқыту барысында педагогикалық әдістерге орынды таңдау жасау оқытудың нәтижелігіне жеткізетін озық әдістемесін жете зерделеп, тыңғылықты меңгеруді қажет етеді. Сонда ғана оқушылардың қисынды ойлауын, қиялын дамытуға, сөз қорын молайтыға ықпал ету үшін, ауызша да, жазбаша да сөйлемдерді дұрыс құрап, айтуға, түсінік беруге, жазуға бағыт беру, көмектесу, бірлесіп талдау жасау, мысалдар келтіру, үлгілерін көрсету, біріне-бірінің жедел көмегін ұйымдастыру, ынтымақтаса еңбек етуге көңіл бөлген жөн.
Қазіргі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесі оңтайландырылған бағыт бойынша жаңару үстінде. Демократиялық бағытты қолдап, осы бағытта оқытудың құралы болып көптеген жаңашыл инновациялық технологиялар білім алу үрдісіне енгізілген. Дүниежүзілік педагогикалық үрдістегі үздік дәстүрлерді біріктіруші инновациялық технологиялардың бірі бастауыш сынып оқушыларына және олардың ата-аналарына арналған «Тәй-тәй» (Step by Step) технологиясы. Step by Step технологиясы ата-ананы, жанұяны, қауымдастықтарды педагогикалық үдеріске жүйелі тартатын және балаға бағдарланған мәні зор әдістемелердің бірі. Ж. Руссо, Г. Г. Песталоции, Ф. Фребель, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Дж. Дьюи, Я. Каменский, Л. Выготский және басқалардың теориясына негізделген Step by Step технологиясы жүзеге асыру нәтижелері бастауыш сыныптағы оқушылар мен ұстаздың, жергілікті қауымдастық пен жанұяның өзара ықпалдастығының оң өзгерістеріне әкеледі, сонымен қатар педагогтардың кәсіби дамуына да әсере етеді. Л. Выготскийдің баланы дамыту теориясы негізінде педагогтар баланың қарқынды және қабілетіне сәйкес дамуына жағдай жасауы тиіс.
Педагогтар балалардың өзін-өзі құрметтеуі мен сенімділігінің, өмір бойы оқуы үшін
Педагогикалық технологияның жан-жақты тараған түрінің бірі "Тәй-тәй" технологиясы. Оқушылардың бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп, оларды халықтық тағылым нәрімен сусындатып, танымдық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу баршаға ортақ міндет. Осы бағытта "Тәй-тәй" технологиясының негізін қалаушы Мария Монтессори. Монтессори педагогикасының негізі- арнайы орта құрып, онда баланың өзін-өзі дамытуына ықпал жасау. Сондықтан баланы өмірге бейімдеу дамытушы ортада жүзеге асады.
Дамытушылық орта дегеніміз - баланың қызығушылығын туғызатын алуан түрлі, тартымды материалдар ашық қол жетімділікте болатын, тәрбиеші жасаған зат - кеңістік ортасы, ондағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайы әрбір балаға өзінің жеке қарқынмен дамуына мүмкіндік береді.
Технологияның негізі мақсаты әр баланың жеке қабылдауы мен даму ке-зеңдерін ескере отырып білім беру. Тәй-тәй технологиясын пайдалана отырып оқу тәрбие үдерісін ұйымдастыру.
Тәй-тәй" технологиясы 7 орталықпен жұмыс жасайды. Аталған орталық арқылы стандартқа сай 5 білім беру саласын қамтиды.
1. Әдебиет орталығы.
2. Өнер орталығы.
3. Желілі-рольді орталығы.
4. Құм мен су орталығы.
5. Құрылыс орталығы.
6. Үстел-үсті орталығы.
7. Ғылым орталықтары.
"Тәй-тәй" технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызады. Балаларда өздерінің мүмкіндік-тері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешеленді-руді жүзеге асырады. Қызықты әрі икемделген жұмыс түрін жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, мұғалім материалдар мен тапсырмаларды ауыстыруы не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін. Әр баламен жеке жұмыс жасау үшін топтық жұмыстарды төменгі сыныптарда өткізу тиімді. Осындай көзқараспен оқыту баланың өз деңгейінде өсуі мен дамуына әсер етеді. Орталықтарда сабақтарды өткізу арқылы біздерде балаға жеке көңіл бөле отырып, оның өзіндік жеке - дара қасиеттерінің барынша ашылуына жағдай жасалады. Себебі жалпы топпен жұмыс жасаған кезде бұл мүмкіндік жиі бола бермейді. Балалардың төменгі сыныптарында сабақтарды ұйымдастырғанда әр бала өзіне деген педагогтың көзқарасын сезіне отырып, өзін әр қырынан көрсетуге тырысады. Осы технологияның негізінде ата-анамен де бірлескен жұмыстарды жүргізуге болады.
"Тәй-тәй" технологиясы бойынша жұмыс атқару кезінде педагогтар тек тәрбиеленушілерді жақсы танып қоймай, өздерінің қабілеттері ашылады.
Бала тумысынан өзгермейтін қабілетпен дүниеге келмейді. Бала ой-өрісінің дамуы
7 жасар бала өзінің өміріндегі ең бірінші оқу жылының
Сонымен қатар, тәрбиелеу мен білім берудің мақсаттары қоғамның қажеттіліктеріне
Атап көрсетілген білім беру тек қана оқуға, білім алуға
Білім алуға және оқуға деген мотивацияның қалыптасудағы педагогикалық жағдайлардың
Ертеден келе жатқан белгілі теориялардың бірін Абрахм Мэслоу ұсынған.
Ал, АҚШ-та Эд Лок және оның әріптестері мақсаттардың теориясына
А. Л. Леонтьев те қажеттіліктердің дамуының психологиялық механизмін ашуға тырысты. Оның
Балаларда мотивациялық саланың қалыптасудағы жіктелудің дамуы және ерекшеліктерін шешуге,
Қазіргі қоғам жеке тұлғаның білімді белсенді, шығармашылық тұрғыдан алуының
Дамыған қоғамда баланың мектепке дейінгі тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді.
Бір-екі жасқа дейін сәби үнемі ата-ана назарында болса, осы
Ата-аналар, тәрбиешілер балаға сүйіспеншілікке негізделген тәртіпті үйретіп, өзгелердің құқығына
Бұл - “Тәй-тәй” бағдарламасының алғы шарттарының бірі. Баланы көзқарасын
Балаға қателік жасаудың қалыпты нәрсе екенін ұғындырып, қате жіберуден
Біз, бала тәрбиесіне жауапты мамандар, баланы алдымен танып, содан
Баланың оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі - бұл көп
Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге, теориялық материалдарға сүйенсек, баланың жалпы дамуы
1. Биологиялық фактор;
2. Әлеуметтік немесе қоршаған орта;
3. Тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі.
Баланың жалпы дамуы
Биологиялық фактор
Оқу-тәрбие үрдісі Әлеуметтік не қоршаған орта
Қабілеті
жоғары
(белсенді)
қоғам
Қабілеті төмен
Туғаннан дені сау баланың белгілі дәрежеде дамитыны сөзсіз. Алайда
Қазақ зиялыларының бірі ағартушы ғалым А. Байтұрсынұлы кезінде өз бетіндік
Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын
Бастауыш сыныптарды оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы дамыта
Бағдарлама көрнекті психологтар Жан Пиаженің, Эрик Эриксонның, Лев Выготскийдің
1. Басты іс-әрекеттер;
А) білім беру ісіне отбасын, қоғамды тарту;
Ә) балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы демократиялық қағидаларды қолдау;
Б) баланың табиғи қабілетін ашу;
В) баланың жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және
2. Бағдарламаның балаға ұсынатын мүмкіндігі;
А) іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігі;
Ә) зерттеу ісімен шұғылдану;
Б) мәселені қою және шеше білу;
В) іскер және тапқыр болу;
3. Отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысуы;
А) ата-ана өз балаларына үлгі бола алады;
Ә) бала белсенділігі артады;
Б) ата-ана оқу-тәрбие ісіне араласуы арқылы мұғалім жұмысының күрделілігін
Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп,
Мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір
“Тәй-тәй” бағдарламасының белсенділік орталықтары үшін жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды
- Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар, өз бетімен жұмыс
- Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері;
- Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығамашылық
Басты назар аударатын мәселе - оқушылардң ауызша, жазбаша тілдерінің
“Тәй-тәй” бағдарламасы 6-12 жас аралығындағы балаларға арналған. Бұл бағдарламамен
1. Ата-анамен тығыз байланыста жұмыс істеу, бағдарлама негізін ата-аналарға
2. Оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптардың негізгі, басты
Мұғалім күнделікті оқу бағдарламасы арқылы балалардың оқуға ынтасын арттыру
Күнделікті оқу бағдарламасындағы оқу материалдарын игерту мақсатында сын тұрғысынан
“Тәй-тәй” бағдарламасының болашағы зор. Бұл бағдарлама бойынша жұмыс істеуге
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz