СОПЫЛЫҚ ТАРИҚАТТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«НҰР-МҮБАРАК» ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ

Төлениязова Ақнұр Айбарқызы

СОПЫЛЫҚТАҒЫ «ТАРИҚАТ» ҰҒЫМЫ МЕН ТАРИХЫ

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC

6В02205 - «Теология» мaмaндығы

Алматы 2022


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті

Дінтану кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Дінтану кафедрасының меңгерушісі,

PhD доктор Жумашова Ж. А.

« __» 2021ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Сопылықтағы «тариқат» үғымы мен тарихы»

6В02205-«Теология» мамандығы

Норма бақылаушы,

п. ғ. к.,

қауымд. проф. Исабаева С. Н.

«» 2021 ж.

Диплом жұмысының жетекшісі,

PhD докторы,

Исламтану кафедрасының

доценті м. а., Акимханов А. Б.

«»2021 ж.

Норма бақылаушы,п. ғ. к.,қауымд. проф. Исабаева С. Н.«» 2021 ж.:
Диплом жұмысының жетекшісі,PhD докторы,Исламтану кафедрасыныңдоценті м. а., Акимханов А. Б.«»2021 ж.:

Орындаған:

Мелисова Б. М.

« »_ 2021 ж.

Алматы 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті

Дінтану кафедрасы

«Бекітілді»

Дінтану кафедрасының меңгерушісі,

PhD доктор Жумашова Ж. А.

«__»2021ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА

Студент: Мелисова Балжан Мелискызы

1. Жұмыстың тақырыбы : «Сопылықтағы «тариқат» үғымы мен тарихы»

«__»2020 ж. № университет ректорының бұйрығымен бекітілді.

2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі

3. Жобаға бастапқы берілгендер : Диплом жұмысында негізгі дереккөздер мен материалдардың түпнұсқасы басшылыққа алыну талап етілді. Дипломды зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай, кіріспеден, екі тарауды қамтитын негізгі мазмұннан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі - 57 бет.

4. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі және дереккөздері ретінде . . . сынды бірқатар отандық және шетелдік дінтанушылардың еңбектері қолданылған.

Тақырыптың берілген уақыты:

Дипломдық жұмыстың жетекшісі: PhD докторы Абылов Т.

Тақырыпты орындауға қабылдап алған студент: Төлениязова А. А.

Алматы 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5
КІРІСПЕ: 1 СОПЫЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ДІНИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ -ӘЛЕУМЕТТІК АЛҒЫШАРТТАРЫ . . .
5: 9
КІРІСПЕ:
5:
КІРІСПЕ: 1. 1
5: Сопылықтың идеялық негіздері …… . . .
9
КІРІСПЕ:

1. 2 Сопылық іліміндегі негізгі ұғымдар…… . . .

2 СОПЫЛЫҚ ТАРИҚАТТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .

5:

16

23

КІРІСПЕ: 2. 1
5: Тариқаттардың қалыптасуының діни-әлеуметтік себептері мен факторлары …… . . .
23
КІРІСПЕ: 2. 2
5: Тариқаттарға ортақ ұғымдар…… . . .
33
КІРІСПЕ:
5:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
5: 54
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
5: 56

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста исламның үш негізінің бірі болған ихсан ілімі болған сопылықтағы тариқат ұғымы мен тарихы тақырып аясында саласында ихтиләфті тақырыптарды қамтыған «Тасаввуф хақида тасаввур» еңбегін негізге алып, оны аударып, оның ішінде толық келуі, оларға айтылған сын-пікірлерге жауап, қосымша ретінде жазылған еңбектерді атап, олар жайлы пікіралуандылықтар айтылады . . . нақтыланып, олар жайлы мағлұматтар мен ғалымдардын пікірлері тізіп беріледі. Жобаның ішіндегі ауқымы кең сопылықтағы тарикат т. б сөздерге ғалымдарының баяндамалары келтіріліп, толық тақырып жіктеледі. Жобаның соңғы бөлігінде тарикат түрлері мен олардың усулдері тәртіп -ережелеріне мысалдар келтіріледі және т. б. тақырыптар қозғалады.

дене мен ақылға жанның әсері, жан деген ұғымның көрсеткіші болып табылатын жүрекке ерекше мән беріп, оны жан-жақты қарастырады.

Дипломдық жұмыста дене мен ақылға жанның әсері, жан деген ұғымның көрсеткіші болып табылатын жүрекке ерекше мән беріп, оны жан-жақты қарастырады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Тақырыптың ғылыми зерттеу деңгейі. Бұл дипломдық жұмыс жазу барысында орта азия ғұламаларынң бірі Шейх Мухаммад Содиқ Мухаммад Юсуфтың « Тасаввуф хақида тасаввур» өзбек тіліндегі кітаптың аудармасы негізге алынды. Және Нұр-Мубарак Египет Ислам мәдениеті университетінде қорғалған дипломдық жұмыстар, мақалалар, ютуб интернет желісіндегі жоба тақырыбына сай ҚМДБ имамдарының уағыз-насихаттары, тақырыпқа сай сұхбаттар алынды. Атап айтсақ пайдаланылды.

Зерттеу нысаны. Дін және сопылық ғылымындағы тариқат түсінігі.

Зерттеу пәні. Адамның танымдық іс-әрекетіндегі рухтың орны мен қызметі. Діни, тарихи, әлеуметтік, медициналық жағынан қарастыру жұмысы.

Дипломдық жұмыс мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жобаның мақсаты Шейх Мухаммад Содық Мухаммад Юсуф « Тасаввуф хақида тасаввур» еңбегіндегі қажетті тұстарын аударып, өзге де қосымша деректерді жинақтай отырып, дипломдық жұмысқа сай тақырыптарды жан-жақты талдап, анығын баяндап, сопылық іліміндегі тарикат тарихы мен ұғымын зерделей отырып исламның үш негізінің бірі болған ихсан ілімінің тарихына шолу жасап, рухани тәрбие алуға бел байлаған жандарға бағыт бағдар беру. Дипломдық жобаның міндеттеріне келсек қосымша еңбектерді атап өту, ол еңбектерге қойылған сыни пікірлерді түсіндіру, сыни пікірге қайтарылған жауаптарды зерделеп, соңғы шешімін баяндау. Тағы бір маңызды міндеті жобаның сонында сопылық іліміндегі тарикаттарға ортақ ұғымдары толық аталып, олардың әрбіріне мысал келтіру.

Дипломның теориялық - әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмыс жазу барысында басшылыққа алынған тақырыптарды жеке бөліктерге бөліп әр бір бөлікке таңдап алынған кітаптардың аударма нұсқаларын теріп жаздым. Мағлұматтарды аудару және жинақтау әдісі жүргізілді. Сондай-ақ жеке тәсіл ретінде Мухаққиқ Абдул Фаттах әбу Ғудданың белгілі бір тақырыптарда ғалымдардың сөздерін келтіргенде, оқырманға түсінікті болу үшін, салыстыру, ауыстыру, жинақтау және осы секілді әдістер қолданылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік негіздері.

Дипломдық жұмыс ихсан ілімін оның ішінде сопылық тариқат ұғымдарын зерделеп қызығушылық танытатын оқырмандарға, исламтанушыларға, сопылық ілімінен ақпараттанғысы келетін өзге мамандық иелеріне, тарихшыларға, жоғары оқу орындары мен медрессе шәкірттеріне арналады. Кез-келген ислам дінін меңгеруші адам жүрек іліміне мұқтаждық танытқаны себепті, сол сопылық оның ішінде тарикат тақырыптарына сай әр терминнің жауабын осы жобадан таба алады. Сопылық ілімі жайлы ізденуші адамның рухани ілімін толықтыратын құнды материал болып табылады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

1. Жүрек пен жүректі тану құбылысы яхудилік, христиан, ислам діни дәстүрлерінде қарастырылды. Бұл дәстүрлер жүректің мәні мен когнитивтік функцияларын түсінудегі ұқсастықтарды ашады: жүрек танымы генетикалық тұрғыдан интеллектуалды танымнан озады, ал функционалды тұрғыда жүрек пен ақыл үйлесімділікті қажет етеді. Экзистенциалдық тұрғыдан алғанда, жүрек - тұлғаның терең рухани және ақыл-ой қасиеттерін жеткізуші орган болып табылады. Бұл көзқарас қазіргі ғылымда белгілі бір дәлелдермен расталған.

2. Жүрек белсенділігін физиологиялық, медициналық және психологиялық зерттеулер негізінде оның белсенділігінің үш деңгейін бөлу заңды деген тұжырым қалыптасты: 1) психофизиологиялық; 2) эмоционалды-когнитивті; 3) рухани - адамгершілік. Белсенділіктің соңғы екі деңгейі айқын интуитивті басымдылық сипатқа ие.

3. Соңғы екі ғасырдағы материалистік және атеистік ғылыми дискурсқа тән адамның психо-эмоционалды және когнитивті өміріндегі жүректің маңыздылығына қажет түрде мән бермеу, қазіргі қоғамдағы пайда болып жатқан деструктивті экзистенциалдық және әлеуметтік-мәдени құбылыстарға алып келді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайданылған әдебиеттен тұрады. Жұмыс кіріспесі дипломдық жобаға жалпы сипаттамасынан, зерттеу тақырыбының өзектілігінен, мақсат -міндеттері, зерттеу әдіс-тәсілдері, зерттеудің практикалық мәні, т. б баяндалған.

Негізгі бөлімдерде негізгі нысандар жан жақты талқыланып, ашықталады. Қорытынды бөлімінде жалпы және жеке қорытындылар жасалады. Әдебиеттер мен олардың авторлары көрсетіледі.

СОПЫЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ

ДІНИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ -ӘЛЕУМЕТТІК АЛҒЫШАРТТАРЫ

1. 1 Сопылықтың идеялық негіздері

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

Ихсан ілімінің ұлы бағдары - рухани ілім. Дипломдық жұмыстың алғашқы бөлімі сопылықтың пайда болуының діни және мәдени-әлеуметтік алғышарттарына назар аудару, сопылық ілімнің идеялық негіздерін анықтау болып табылады. Сопылық ілімнің пайда болуының алғышарттарын қарастырмастан бұрын алдымен, «сопылық», (суфизм ) терминіне тоқталуды жөн көрдім. Сопылық - Жаратушыны тану және оған жақындау мақсатында нәпсіні тәрбиелейтін ішкі жан дүниені рухани кемелдікке жетелейтін жол немесе методологияны білдіреді. Сопылық - кісінің көңіл сарайын мансапқұмарлықтан, тәкәппарлықтан, көрсеқызарлық біреуге қызғаныш секілді дерттерден арылтатын емхана. Жалпы сопылық ұғымды бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ол адамның мінезін зерттейтін ілім. Әркез мұсылман ғалымдары әр түрлі түсініктемелер берген. Анықтамалар, түсініктемелер 1000-ға жуық.

  1. Әбу Бәкір Әл Каттани һ. 239д. ө. « Тасаууф - мінез. Кім саған жақсы мінез қосса- тазалығыңды арттырды деген екен. »
  2. Имам Жүнәйд Бағдади һ. 292д. ө. Сопылық -бүкіл жақсы мінездерді пайдалану, жаман мінезді тәрк ету.
  3. Сопылық ілімі - жүрек ілімі деп те айтқан. [1] .

Пайғамбардың айтқан мынадай әйгілі хадисі бар: « Адамның денесінде бір кесек ет бар. Егер ол сау (жақсы) болса, бүкіл дене сау (жақсы) болады. Егер ол ауырса (бұзылса), бүкіл дене ауырады (бұзылады) . Ол - жүрек! » (Буһари, Мүслим) [2] . Тасаууф (шығыстанушы мамандар тілінде «суфизм» « сопылық» ) - адамның рухының тәрбиесіне арналған ілім. Оның қарсыластары: «Тасауф сөзі Құранда да, сүннетте де жоқ. Ол һижраның үшінші ғасырынан соң пайда болған бидғат» деп дәлел айтса, оны жақтайтындар: «Тасаууф һижраның бірінші ғасырында-ақ болған. Табиғиндердің арасындағы көп жасағандардан (Пайғамбарымызға (Алланың оған амандығы мен сәлемі болсын! ) ең жақын дәуірде өмір сүрген табиғиндерден ) саналатын, көптеген сахабалардың сұхбатын тыңдаған Имам Хасан Басри бір риуаятында: « Тауафта бір суфиді(сопыны) кездестірдім. Оған бір нәрсе берген едім алмады. Менің төрт теңгем бар, сол маған жетеді деді» деген. Тағы бір үлкен табиғиндерден саналатын Суфиян Әс-Саури: « Егер Әбу Хашим суфи болмағанында, рияның нәзік тұстарын түсініп білмеген болар едім» деген. Бұл деректер тасаууфтың негізі болып табылатын «суфи» сөзі мен оған қатысты мәліметтер һижридің бірінші ғасырында-ақ болғанына айғақты дәлел. Бұл сөздің өзі Құран мен сүннетте айтылмағанымен, оған қатысты анық сілтеулер бар» деп, бірқатар аяттар мен хадистерді дәлел ретінде алға тартады. Солардың бірі «Бақара» сүресінің 151-аяты. Онда былай деп үкім берілген: «Сол (барша қауымдарға өз араларынан пайамбар шығарғанымыз) сияқты сендердің араларыңа да өздеріңнен (шыққан Мұхаммедті (Алланың оған амандығы мен сәлемі болсын! ) пайғамбар етіп жібердік. Ол сендерге (түсірген) аяттарымызды оқып береді. Және сендерді (шірктен, күпірден, түрлі күнәлардан, кертартпа сенімдерден жүректеріңді ) тазартады. Тағы да сендерге Кітап(Құран) пен хикмет(сүннет пен фиқһты тәлім беріп) үйретеді. Және сендерге одан да өзге білмейтін нәрселеріңді үйретеді. ».

Түсінік: Алла тағала бұл аятта Мұхаммедті ( Алланың оған амандығы мен сәлемі болсын!) не мақсатта жібергенін баяндаған, яғни:

  • бірінші, ол адамдарға Құран тілеуатын үйретуі;
  • екінші, адамдардың нәпсін, руханиятын тазартуы;
  • үшінші, Құран үкімдерін үйретуі;
  • төртінші, сүннетті үйретуі қажет еді.

Пайғамбарымыз (Алланың оған амандығы мен сәлемі болсын! ) осы аталған төрт міндеттің бәрін өзінің 23 жыл пайғамбарлық дәуірінде кәміл орындады. Соның нәтижесінде Ислам діні кемелдік шыңына көтерілді. Бұған еш күмән келтіруге болмайды. Осы атап өтілген төрт басты міндеттердің бірі- адамдардың руханиятын, яғни нәпсін тазарту еді. Мұхаммед бұл міндетін де адал атқарып, көптеген атақты сахабаларға бұл мәселелердің қыр-сырын үйретті. Олардың ең әйгілері - Әбу Бакр, Омар ибн Әл-Хаттаб, Осман Ибн Афуан, Әли ибн Әби Талиб, Әбу Зарр Әл-Ғыффари, Абдулла ибн Амир, Әбу Дарда, Абдулла ибн Аббас, Абдулла ибн Омар, Салман Фарси және суффа асхабтары (р. анһум) . Бұлардың жолын берік ұстанған табиғиндер де барлық діни ілімдер қатары рухани тәрбие - нәфс(нәпсіні) тазарту ілімін мүлтіксіз қабылдап алды. Олардың арасынан тасаууф қағидаларын белгілеп, оның ілім ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғұламалар жетіліп шықты. Олардың ең атақтыларынан Уайс Қарани ( Ойсыл Қара), Хасан Басри, Сағид ибн Мұсайииб, Жағфар Садықтарды атауға болады. Бұлардың ұстанған тасаууф қағидаларының ең тура екендігіне ешбір ғұлама қарсы шықпаған. Құран мен сүннетке негізделген бұл ілім « Тәзкия» немесе « Тәзкиятун нәфс» делінеді. Кейіннен барып бұл ілім тасаууф аталып кетті. « Тәзкия» туралы «Жұма» сүресінің 2-аятында да айтылған. Тәзкия дегенде күпірден, күнәлардан тазартумен бірге адам жүрегінің, руханиятының, ар-ұжданының да тазаруы және тақуалыққа ұмтылуы айтылады. Мұндай « тазкиятун нәфс» -нәпсі тазарту жайлы «Шамс» сүресінің 7-10-аяттарында да нақтылы түрде баяндалған. Яғни: «Және нәфспен, һәм оның кәміл етілуімен (Алла атынан салтанатты) ант. Сөйтіп оған(нәпске) күнәсі мен тақуасын үйретті. Әлбетте, кім оны тазартса, жеңіске (Алланың разылығына ) жеткені. Ал кім оны (нәпсін) кірлетсе, (Алланың рахметінен ) үмітсіз болғаны» деп үкім берілген.

Түсінік: Міне, аятта баяндалғандай, Алланың ризалығына бөлену үшін нәпсіні тазарту қажет. Мұның жол-жорықтарын үйрететін ілім - тасаууф ілімі. Енді осы мәселе жөнінде сүннетке жүгінетін болсақ, тасаууфқа тікелей дәлел болатын бірнеше хадистер келген. Солардың бірі - «Жәбірейіл(а. һ. ) » хадисі» деп аталатын мәшһур хадис. Оны атақты бірнеше сахабалар риуаят еткен. Олардың бірі - Әзіреті Әбу Хурайра(р. а) . Онда былай делінген: «Күндердің бірінде Пайғамбарымыз(с. а. у. ) сахабаларына «Менен сұрайтындарыңызды сұрап алыңдар»деді. Сонда оның алдына ақ киінген, шашы мен сақалы тым қара бір кісі кіріп келді. Ол адамды ешкім танымайды. Оның сыртқы көрінісінен, киімінен сапар әсері де байқалмайды. (яғни алыс жол жүріп, шаршап-шалдыққан киімін шаң басқан емес. Ол адам Пайғамбарымыз(с. а. у. ) қарсысына келді де, тізесін оның тізесіне тіреп отырып, сұрақ қоя бастады: «Иә, Расулулла, Ислам деген не? Пайғамбарымыз(с. а. у. ) « Аллаға ешбір нәрсені серік қоспауың, намаз оқуың, ораза тұтуың, зекет беруің, шамаң келсе, қажылыққа баруың» деді. Жаңағы адам: «Дұрыс айттың» деді. Сосын «Иә, Расулулла, Иман деген не?» деп сұрады. Пайғамбарымыз(с. а. у. ) «Аллаға, оның кітаптарына, расулдеріне, қиямет күніне, жақсылық та, жамандықта Алла жазған тағдырдан екеніне және өлген соң қайта тірілуге иман келтіру» деді. Сонда әлгі адам және «Дұрыс айттың» деді. Соңынан «Иә, Расулулла, Ихсан деген не?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) «Алладан дәл оны көріп тұрғаныңдай қорқуың (құлшылық жасауың) Ал, егер көріп тұрғатындай хәлге жете алмасаң, Ол сені көріп тұрғанындай хәлде қорқуы» деді. Сауал бергене кісі қайтіп кеткеннен соң, Пайғамбарымыз (с. а. у. ) сахабаларына: «Оны қайтарыңдар» деді. (Көп кідірмей оның соңына шыққан) сахабалар ол кісіні таба алмай қайтты. Сонда Пайғамбарымыз (с. а. у. ) оларға: «Ол сендерге діндеріңді үйреткелі келген Жәбірейіл (Алланың оған сәлемі болсын!) еді»деді.

Түсінік: осы хадистің үкіміне байланысты, дін деп хадисте айтылған үш негіздің бірі-иман, Ислам және ихсанның біріккен жиынтығына айтылады. Бұл үшеуі діннің бөлінбейтін құрамдас негізі. Сондықтан бұларды бөлшектеп, кейбірін қажеттіге, ал кейбірін қажетсізге шығару өрескел қателік. Хадисте айтылған «Ихсан», яғни «Алладан дәл Оны көріп тұрғаныңдай қорқып құлшылық жасау. Ал егер көріп тұратындай хәлге жете алмасаң . Ол сені көріп тұрғаныңдай хәлде қорқып құлшылық жасау» деген сөз рухани тәрбиеге, яғни тасаууфқа сілтейтін анық нұсқау. Сондықтан тасаууф рухани тәрбие беретін ілім ретінде діннің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Хадисте айтылған иман мен Ислам қағидаттарын зерттейтін ілімді ғұламалар «Шариғат ілімі» (ол «Захир ілімі» деп те аталады, яғни адамның сыртқы дүниесіне қатысты құлшылық қағидаттарын зерттейтін ілім) деп атаған. Ал адамның құлшылық кезіндегі ішкі дүниесінің хәлін зерттейтін ілім «Батын» (ішкі дүние) ілімі делінген. Бұл ілім көбінесе «Тасаууф» деп айтылады. Шариғат ілімі мен тасаууф ілімінің ерекшеліктерін мысалда түсіндіретін болсақ, намаз мезгілдерін, оның парызы, сүннеті, мустахабы қанша, оның оқылуы тәсілдері мен тәртіптері туралы үкім шығаратын ілім - шариғат ілімі. Ал енді, осы айтылған құлшылық амалын орындау кезіндегі адамның ішкі жан дүниесінің хәліне қатысты тәртіп - қағидаттарды белгілейтін батын ілімі - тасаууф. Тасаууфтың өз алдына дербес шариғаты болмайды делінуінің себебі осында. Міне, осы тұста жоғарыда қойылған бірнеше сауалдарға жауап келіп шығады. Тасаууф ілімі тек адамның ішкі дүниесіне ғана қатысты мәселелерді қарастыратын болғандықтан, адамның сыртқы дүние мәселелеріне, яғни шариғатқа араласпайды. Сондықтан кейбір пірсымақтардың шариғат ісіне араласуы барып тұрған надандық. Сондай-ақ шариғатты қажетсіз деп тауып, тек тарикатпен ғана жүре беруге болады дешен иғтикадты( сенімді) ұстану - пендені иманнан айырады. Себебі шариғат -Құран мен сүннет үкімдерімен нық бекітілген діни заңдардың жинағы. Оны керексіз деу - Құран мен сүннетті жоққа шығару болып табылады. Сөз жоқ, мұндай әрекет пендені күпірге тап қылады. Бұл пікірді тек шариғат ғана емес, әйгілі тасаууф шейхтарының барлығы да құптаған.

Енді тасаууф сөзінің шығу тегі жайлы келетін болсақ, бұл туралы түрліше пікірлер айтылған.

  1. Кейбір шығыстанушылар: «Тасаууф» сөзі гректердің «суфис» сөзінен алынған» деген пікірді алға тартып көрген. Бірақ бұл мүлдем сын көтермейтін пікір. Себебі гректердің «суфис» сөзі «син» әрпінен басталса, суфи сөзі «сод» әрпінен басталады.
  2. Мұсылмандар тасаууфты «масихилерден (Исаның(а. һ) жолын ұстанғандар) алған» деп те атайды. Бірақ мұның да ауласы ақиқаттан тым алыс, себебі бұл пікірді айтқандар өздерінің сөзін растайтын ешқандай дәлел келтірмеген.
  3. Кейбір шығыстанушылар «Суфи» сөзі Суфа ибн Удд ибн Тлобиханың есімінен алған» деп болжам жасаған. Бұл пікірге ғұламаларымыз үзілді-кесілді тойтарыс берген. Себебі Суфа ибн Удд жаһилият дәуірінде өмір сүрген, ал жаһилият дәуіріне қатысты сөздерді Ислам дінінің негіздік терминдері ретінде қабылдауға рұқсат етілмейді.
  4. Мұсылмандар арасында «тасаууфті мажусилерден» алған» деген пікірлер де бар. Мұндай пікір білдіргендердің алға тартқан дәлелдері - «атақты тасаууф шейхтарының бірқатары парсылардан шыққан. Олардың ата - бабалары ілгеріде мажуси болған, сөйтіп кейінгілер тасаууфті солардан еншілеп алған» деп қияли болжам айтқан. Оған Ислам ғұламалары: «Пайғамбарымыз (с. а. у. ) да, сахабаладың да, олардан кейін шыққан атақты ғұламалардың да ата-бабалары Ислам дінін ұстанбаған, онда «кейінгілер Ислам дінін кімнен еншілеп алған?» деген заңды сауал туындайды» деп тойтарыс берген.

Енді осы сауалдың дұрыс жауабын іздестірер болсақ, ол - жоғарыда айтылғандай, тасаууфтың Ислам дінінің құрамдас бөлігі екендігінде. Ал тасаууф сөзі қай сөздің түбірінен алынғандығы көкейкесті мәселе емес. Әйтсе де осы туралы мәлімет беруді жөн санап, төмендегі деректерді келтіреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сопылық ілімнің қалыптасуы
Әбу Хамид әл-Ғазалидің тасаууфтық көзқарастары
Ясауи туралы ілімі
Суфизм исламның мистикалық ілімі ретінде
Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымындағы рухани кемелдену мәселесі
Ислам діннің адамзат қоғамындамғы орны
Ислам сопылығы және оның қайнар көздері
Тасаввуф - Исламның санасы
Сопылық ілімнің дүниетанымдық ерекшеліктері
Сопылық және сопылық жолдағы негізгі ұғымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz