Оқушылардың танымдық белсенділігі дамуының деңгейлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
САРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Маратқызы Н.
Химия пәнінен оқушылардың қызығушылығын арттыруда танымдық тапсырмалардың ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6В01507 - Химия-биология мамандығы
Өскемен қ., 2022 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Сарсен Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан университеті
Қорғауға жіберілді
___________2022 ж.
Химия кафедра меңгерушісі
________Б.К.Шаихова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Химия пәнінен оқушылардың қызығушылығын арттыруда танымдық тапсырмалардың ерекшеліктері
6В01507 - Химия-биология білім беру бағдарламасы бойынша
Орындаған 4 курс
Студенті
Н. Маратқызы
Ғылыми жетекші
п.ғ.к., химия
кафедрасының доценті
__________2022 ж
З.С.Даутова
Норма бақылаушы
п.ғ.к., доцент
__________2022 ж.
А.Е.Қаппасова
Өскемен қ., 2022
І ХИМИЯ ПӘНІНЕН ТАНЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Танымдық тапсырмалардың маңызы және белсенділік деңгейлері
1.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру принциптері мен белсенділікке ынталандыратын факторлары
1.3 Химия сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыруда танымдық тапсырмалардың ролі
ІІ ХИМИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ТАНЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Химия сабағында қолданылатын танымдық тапсырмалар түрлері
2.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру әдістері
2.3 Химия пәнінен оқушылардың қызығушылығын арттыруда танымдық тапсырмалардың әдістемесі
2.4 Педагогикалық тәжірибенің нәтижесі мен қорытындысы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы жоғары білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан алуан түрлі саласында өз білімі мен біліктерін қолдана алуға қабілетті өзіндік ойлай алатын мамандардың кәсіби даярлығының деңгейіне және сапасына қойылатын талаптарға өз әсерін тигізуде. Осыған байланысты басты мақсаты әрбір оқушының өз тәжірибесін, мүмкіндіктерін, шығармашылық потенциалын жүзеге асыруына жағдай туғызу болып табылатын жалпы білім беретін мектептің рөлі артуда. Білім туралы заңда мектептің міндеті тек оқушыларға білімнің жиынтығын беру ғана емес, оқушылардың өз бетінше білім алуына, өзіндік білім алудың тәсілдеріне үйрету де болып табылатындығы жайлы айтылған. Осы міндетті жүзеге асыру үшін оқушылар оқуға бөлінген уақытты тиімді пайдалана отырып, жеке пәндерді оқып үйренуде таным әдістерінің ғылыми негіздерін игерудің негізгі мектептің оқу процесіне кіретін барлық әрекет түрлерін жүзеге асыру әдістерімен қаруландырылуы тиіс [1].
Әлеуметтік құндылықтар саласындағы басымдылықтардың ауысуы оқушының білім алуға ұмтылысын оятып, өзін тану, өзін дамыту, ішкі ресурстарын толығымен пайдалануға қабілетті, еркін ойлайтын тұлғаның қалыптасуына қолайлы жағдайлардың туғызылуын талап етуде Э.Ф.Зеер, А.В.Петровский, П.И.Пидкасистый, И.С.Якиманская және басқалар. Тұлғаға бағдар ланған оқыту теориясында мектеп оқушысының өзіндік жұмыс және өзіндік бақылауы өзімен, өзге адаммен және қоршаған ортамен мынадай жеке тұлға функциялары қатысу арқылы жүзеге асырылады: сынау, ұғынықты шығармашылық, бағдарлау (жеке дүниетаным), әрекетті мәнді шығармашылық сипатпен қамтамасыз ету, өз ойын іске асыру, өзін таныту т.с.с. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін барынша ескеріп белсенді әрекет арқылы оқыту - бүгінгі күннің қажеттілігінен туған талап екендігін қоғам дамуы көрсетіп отыр.
Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп,ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды,тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудын жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,терезесін тең ететін -білім. Сондықтан,қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі-рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдірет-тіліктердің жоғары деңгеймен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Сондықтан бүгінгі күнгі еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын мен танымдық тапсырмалар қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері Адамға оқып-үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін анықтайды.
Оқушының ойлау қабілетінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі-оқушыны пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, оның бойындағы ерекеше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету.
Оқушылардың пәнге деген терең қызығушылығын ояту үшін, олардың танымдық белсенділігін танытуда оқушылардың, олардың жас және жеке бас ерекшеліктерін есепке ала отырып, жалпы белсенділігін, дербестігін, жеке ынтасы мен шығармашылығын дамытуға жағдай жасайтын және қосымша құралдарды, тапсырмаларды іздестіру қажет.
Оқушылардың химияны оқу барысында танымдық іс-әрекеттерін арттыру үшін танымдық тапсырмалардың орны ерекше. Ғылыми техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен дамуы ой еңбегін және оқуыту үрдісін сапалы түрде жетілдіріп, күрделі проблеманы шешуді үздіксіз білім берудің жаңа түрлері мен тиімді әдіс-тәсілдерін тауып, оларды іс-тәжірибеге енгізу, оқушыларды өздігінен және шығармашылық оқуға үйретуге, танымдық тапсырмаларды орындауды талап етеді.
Оқушының білімге құштарлығын оятып, белсенді ой-әрекетін жаттықтырып, алған білімді тереңдету мақсатында өз бетінше ізденуін қадағалай отырып, химиядан танымдық тапсырмалар жүйесін құрастыру мақсатында, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Химия пәнінен оқушылардың қызығушылығын арттыруда танымдық тапсырмалардың ерекшеліктері деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: 9-сыныпта химия пәнінен қызығушылықты, дербестікті, шығармашылық белсенділікті дамытуда танымдық тапсырмалар жүйесін құрастырып, оқушылардың танымдық тапсырмалар арқылы рефлексивті өзін-өзі ұйымдастыру негізінде өзін-өзі өзгерту және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыра отырып, оқушылардың білімі мен көкжиек кеңістігін арттыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер орта мектеп бағдарламасында химия пәнінен қызығушылықты, дербестікті, шығармашылық белсенділікті дамытуда танымдық тапсырмалар жүйесін құрастырылса, мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығы артып, білім деңгейлері жоғарылап, тиянақты білім қалыптасып, шығармашылығы артады.
Зерттеу міндеті:
Зерттеу мақсатына жету үшін және ғылыми болжамын тексеру үшін келесідей міндеттер туындайды:
- зерттеу жұмысы бойынша психологиялық-педагогикалық және ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге талдау жүргізіп, химия пәнін оқытудағы белсенді формалары мен әдістерін қолданудың теориялық маңызын зерделеу;
- химияны оқытуда танымдық тапсырмаларды қолданудың теориялық моделін құру;
- химия пәніне танымдық тапсырмалар жүйесін құрастырып жүргізген сабақтар әдістемесін дайындау;
- мектепте химияны оқытуда танымдық тапсырма формалары мен әдістерінің тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу нысаны:
9 сыныпта химия пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу базасы:
Шығыc Қазақcтан облыcы, Өскемен қаласы, №27 орта мектебі КММ
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Оқушылардың химия пәніне деген ынтасы, қызығушылығы мен білім деңгейін арттыруда танымдық тапсырмалар жүйесі мен теориялық моделі құрылды, оқытудың тиімді әдістемесі тағайындалды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:
- зерттеу жұмысындағы танымдық тапсырмаларды орта мектеп, лицей, гимназияларда химия пәні мұғалімдері іс-тәжрибесінде, студенттер іс-тәжірибе барысында қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі және эксперименттік бөлімдерден, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

0.1 Танымдық тапсырмалардың маңызы және белсенділік деңгейлері
Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білімге, ғылымға деген ерекше ынта-ықыласының бір көрінісі, ол қызығушылық, зейiн, бiлiмге құмарлық,шығармашылық формасында көрініс алады. Танымдық белсенділік баланың зияткерлік дамуын қамтамасыз етеді. Ол танымдық міндеттерді шешуде ғана емес, практикада жинақталған білімді қолдану қажеттілігімен де сипатталады. Оқушылардың өзіндік белсенділігін қалыптастырудың маңызы зор.
Оқушылардың танымдық белсенділігі жоғарылап отыратынын түрлі ғалымдардың зерттеулерінен байқауға болады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру И.М.Чередов, И.Ф.Харламов, С.Абылқасымова, В.А.Ситарова және т.б. пайымдауынша олармен жеке жұмыс барысында қалыптасады. Олай болса, біздің зерттеуіміз үшін танымдық белсенділігін және оқытудағы қызығушылығын арттыру сияқты түсініктер басты назар аударуды қажет етеді.
И.П.Подласый, танымдық және белсенділік принциптеріне тоқтала отырып былай көрсетеді оқушының өзіндік танымдық белсенділігі оқудың маңызды факторы болып табылады және оқу материалының тақырыбының терең және берік игеруіне жетекші рөл атқарады. Оқытудың ерекшеліктеріне бақылау жүргізу арқылы оқудың таным және белсенділік принципін қалыптастыруға болатынын басты назарға ала отырып, белсенділікті тәрбиелеу үшін не уақытты, не күшті аямаңыздар. Бүгінгі белсенді оқушы-ертеңгі белсенді кәсіп иесі, қоғам мүшесі екенін естен шығармаңыздар деп дөп басып айтып кеткен. [2]
В.Г.Казанов, Л.Л.Кондратьев сынды психологтар адам белсенділігінің негізгі түрткісі биологиялық және әлеуметтік қажеттілікте болуы мүмікін деп тұжырымдады. Туа біткен қажеттіліктің ішінде оқу әрекетін қалыптасыруда ерекше маңыздылары белсенділік пен ақпарат қажеттілігі. Бұлардың біреуі болмасын біреуіне шектеу жасау интеллектуалдық эмоцияның ерікті дамудың ақауға алып келетін жағдайлар жасап, оқу әректін қалыптастыруда іш пыстыратын жағдайға алып келеді. [3]
Дидакт-оқымыстылар танымдық белсенділік түсінігіне жан-жақты сипаттама бере отырып, оқуға түрлі жағынан қарайды. Б.И.Есипов "белсенділік" және "өзіндік" түсініктерін шектей келе былай деп жазады: "оқушылардың белсенділігі оқу жұмысының барлық кезеңінде қажетті". Оның ойынша белсенділік түсінігінің ауқымы өзіндік түсінігіне қарағанда кең, "белсенділік оқушының өзінділігінің бір дәрежесін көрсетеді". [4]
Т.С.Сабыровтың пікірінше, танымдық іс-әрекеттің ерекшелігінің біріне оның оқу құрылымы жатады. Бұл іс-әрекеттің мақсаттылық және бағдарламалық сиапты міндетті түрде біліммен, білікпен, дағдылармен қамтамасыз ететін жүйелікті, бірізділікті талап етеді, әдіс-тәсілдермен, оның ұйымдастырумен шектеледі.Осы мағынада алынғанда танымдық іс-әрекеттің әрбір құрылымдық компоненті бүкіл оқыту процесінің құрылымына тәуелді болып шығады, осылармен шектеледі [5]
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған. Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекеттер жүйесі ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
Таным - ол адамға бірден келмейді, ол айналамыздағы көріністерді салыстыру, тәжірибе жинақтау, соны қорыту арқылы, яғни әрбір құбылысты Жеті рет өлшеп, бір рет кес дегендей, тиянақты да терең білім негізінде пайда болады. Егер бала ойын арқылы, оқу әрекеттері арқылы айналасындағы дүниемен тығыз байланыста болса, заттарды қабылдауға әрекет етсе, оның танымы артады. Танымдық ойын арқылы түрлі объектілерді көреді, байқай алады, оларға назар аударады. Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігінің оянуына түрткі болу - ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері болып табылады.
Танымдық әрекеттің нәтижесінде оқушыларда танымдық белсенділік пайда болады, яғни оқушының оқуға, білуге деген ынтасы мен құштарлығы қалыптасады. Білім беру кезінде оқушы өзі жаңа сабақ аясында ізденіп,тақырыпты оқып,түсініп,тақырып аясын кеңітсе, жолдастарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда ұстаз еңбегінің нәтижелі болғаны.
Оқушылардың оқу процесіне қатынасы әдетте белсенділікпен сипатталады. Белсенділік - оқушының іс -әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Белсенділік құрылымында келесі компоненттерді ажыратуға болады:
:: оқу тапсырмаларын орындауға дайын болу;
:: дербес әрекетке ұмтылу;
:: тапсырмаларды орындаудағы саналылық;
:: жүйелі оқыту;
:: өзінің жеке деңгейін жақсартуға ұмтылу.
Мектептегі таным процесі тек білім берумен ғана шектелмей, сонымен қатар тәрбиелілік, дамытушылық сипатта болады. Танымдық білімді игеру барысында оқушының ақыл-ой қабілеттері дамып қана қоймай, олардың өзіндік жеке көзқарастары мен сенімдері қалыптасады. Оқушылардың әрекетін басқару дәстүрлі түрде белсендіру деп аталады. Белсендендіруді оқушыларды жігерлі, мақсатты оқуға ынталандырудың, енжар әрекеттерді, ақыл-ой жұмысындағы құлдырау мен тоқырауды жеңудің үнемі жүріп жатқан процесі ретінде анықтауға болады. Белсендендірудің негізгі мақсаты - оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу үрдісінің сапасын арттыру.
Сыныптағы ең үлкен белсендіруші әсер оқушылардың өздері орындауы керек жағдайлармен беріледі:
:: өз пікірін қорғау;
:: талқылаулар мен пікірталастарға қатысу;
:: құрбылары мен мұғалімдеріне сұрақтар қою;
:: жолдастардың жауаптарын қарастыру;
:: жолдастардың жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалау;
:: артта қалғандарды оқытумен айналысу;
:: әлсіз оқушыларға түсініксіз материалды түсіндіру;
:: орындалатын тапсырманы өз бетінше таңдау;
:: танымдық тапсырманың (мәселенің) ықтимал шешімін табудың бірнеше нұсқасын табу.
Оқушыларды не қызықтыратынын, олардың қызығуының өзіндік ерекшеліктері қандай болатынын, сабаққа қалай қызығатынын жан-жақты білу үшін оқу-тәрбие жұмысын жақсы ұйымдастырып, жақсартудың, оқу үлгерімін арттырудың маңызы зор. Бала оқуға, сабақты түсінуге, жалпы білімге қызығып тұрса, оқудағы іс-әрекеті сәтті болады, білімді де сапалы меңгереді. Егер бала ойын, оқу әрекеттері арқылы қоршаған ортамен тығыз байланыста болатын болса, заттарды қабылдауға әрекет етсе, оның танымы артады. Танымдық ойын арқылы түрлі объектілерді көреді, байқай алады, оларға назар аударады. Баланың оқу пәніне, тәрбие жұмысына қызығуы болмаса, онда оқудың да, тәрбиенің де нәтижесі дұрыс болмайтыны түсінікті. Сондықтан қызығудың, танымдық белсенділіктің балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, оларды дұрыс тәрбиелеуде, олардың бойында адагершілік қасиеттерді қалыптастыруда ықпалы зор. Демек, оқытудың табыстылығы түптеп келгенде оқушылардың оқуға деген көзқарасымен, білімге деген құштарлығымен, білімді, білік пен дағдыны саналы және өз бетінше меңгеруімен, белсенділігімен анықталады деген қорытынды жасауға болады.
П.И.Пидкасистый оқушылардың танымдық әрекетінің мынадай деңгейлерін атап көрсетті:
1 деңгей - жаңғыртушы белсенділік. Оқушының материалды жадылап қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен сипатталды. Бұл белсенділік кезінде оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы көрініс табады.
2 деңгей - эвристикалық белсенділік. Оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін кез келген жағдайда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. Бұл деңгейге тән көрсеткіш оқушының бастаған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі болып табылады.
3 деңгей - шығармашылық белсенділік. Белсенділіктің бұл деңгейі оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталды. Бұл дәреженің ерекшелігі - мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы болып табылады.
Оқушының оқу үрдісіндегі танымдық белсенділігінің деңгейлері
Оқушының оқу белсенділігінің сипаты
1.Жоғары деңгей.
( шығармашылық)
1.Қалыптасқан белсенді танымдық ұмтылыстың болуы, құбылыстың маңыздылығына қызығушылық танытады.
2.Обьектіні тани біледі, сипаттай алады, танымдық міндеттерді өз бетінше қояды, тапсырмаларды шешудің жолдарын болжап, өз бетінше айқындайды.
3.Білімін шығармашылық тұрғыда қолданады, белсенді іс-әрекет дербестігі сақталынады, өз әрекеттерін бақылап, өздігінен бағалайды.
4.Республикалық олимпиадаларға, әр түрлі білім сайыстарына қатысады; семинар сабақтарында баяндама, реферат жазады, зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады.
2.Орташа деңгей
( эвристикалық)
1.Танымдық әрекет деңгейін өз бетінше таңдайды, білімі мен іс-әрекет тәсілдерін қолданады.
2.Оқушылардың мотивін, мақсаттық қатынасы өзіндік жұмысқа шығармашылық компоненті ретінде қалыптасқан, бірақ өзіндік әрекетін басшылыққа алу керек.
3.Ынталық пен бейімділіктің өзара байланысы толық емес, танымдық әрекет деңгейін таңдау үлгі бойынша немесе мұғалімнің көмегімен орындалады.
3.Төменгі деңгей
( жаңғыртушы)
1.Танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындай алмайды, өздігінен жұмыс істеуді қажетсінбеуі (тақтадан, сыныптасынан көшіреді), танымдық істің қандай да бір түріне қабілетінің болмауы жатады.
2.Оқу үрдісінде мұғалімнің көмегін қажетсінеді, тапсырманы үлгі бойынша баяу орындайды.
3.Танып білуде белсенділік танытпайды, қиыншылықты жеңу ниеті тқмен.
1-кесте. Оқушылардың танымдық белсенділігі дамуының деңгейлері.
0.2 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру принциптері мен белсенділікке ынталандыратын факторлары
Оқытудың қандай да бір әдіс-тәсілдерін таңдасақ да, ең алдымен өнімді нәтиже беруі керек. Сонымен қатар оқушыдан алған білімін түсіну, есте сақтау және қайта жаңғырту ғана емес, оны тәжірибелік мақсатта қолдана алу, жүзеге асыру, дамыту талап етіледі, өйткені оқу өнімділігінің нәтижесі көбіне оқушының танымдық білім деңгейінің белсенділігіне байланысты.
Оқушыларда оқу-танымдық процесті өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру-оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді әрі білімді саналы түрде игеріп, оның танымдық-шығармашылық және қарапайым танымдық тапсырмаларды шешуде дұрыс қолдана білуге жетелейді, алған білімін өз бетінше қолдана алу қабілетін дамытады.
Химия сабағында балалар үздіксіз дамиды, олардың танымдық белсенділігі артқан сайын негізгі үлгіні мұғалімінен алады. Баланың танып - білсем деген ниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық белсенділігін одан әрі күшейту үшін танымдық қызығуын арттыру маңызды. Ал танымдық қызығуын ояту үшін зат болсын, әрекет болсын, соны жақсы білуі керек, оны үйрететін бірінші кезекте ұстаздар. Ендеше оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру принциптеріне тоқталайық.
Ең алдымен принциптердің негізі ретінде проблемалық принципті қарастырған жөн. Тапсырмаларды немесе сұрақтарды дәйекті түрде күрделендіре отырып, оқушының санасында проблемалық жағдай туғызу қажет. Проблемалық оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалық жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады. Осы іс- әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді одан әрі арттырып, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады. Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түрі. Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық кезеңінде, яғни жаңа сабақты түсіндіру,жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде қолдануға болады. Осылайша, сабақ барысында мұғалім проблемалы жағдай туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субъектісіне айналады, соның нәтижесінде оқушы жаңа білімді игеріп, әрекет әдістерін жаңартады.
Өзара (ұжымдық) оқыту принципі. Ұжымдық оқытудың нәтижесінде топтағы оқушылар бір-біріне көмектесіп, білетіндер білмейтіндерге үйретеді. Оқушыларда өзінің және басқалардың қателерінен қорытынды жасай білу; білімдері мен дағдыларын жаңартып, дамыта алу қабілеті дамиды.Ұжымдық оқытудағы ерекшелік - оқушы білімді саналы түрде меңгеріп қана қоймай, біреуге үйрету, біреуден үйрену арқылы логикалық ойлау, дәлелдеу т.б. дағдылары қалыптасады.
Зерттеушілік принципі. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті шығармашылық, ізденімпаздық сипатта болуы өте маңызды. Белгілі бір құбылысты немесе мәселені зерттеу процесі барлық белгілері бойынша зерттеушілік сипатта болуы керек. Бұл оқу-танымдық белсенділікті арттырудың тағы бір маңызды қағидасы болып табылады. Зерттеу әрекеті бұл оқушыны жеке шығармашылық жұмысқа бағыттайтын әрекет. Мұндай әрекет оқушының жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы оқу мен оқытудың тиiмдiлiн арттыруға мүмкіндік береді.
Даралау принципі. Кез келген оқу үрдісі үшін даралау принципі маңызды - ол оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру болып табылады. Осы принцип арқылы оқушылардың мықты және осал тұстарын, әрқайсысына тән қызығушылықтары мен жеке ерекшеліктерін анықтауға болады. Осыған байланысты біз оқушылар өз бетінше компьютерлік техниканың көмегімен орындауға арналған тапсырмалар мен деңгейлік есептер жүйесін жасадық. Айта кетерлік бір жайт, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін қолдану жеткілікті дәрежеде дайындығы бар оқушымен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және берілген мәліметті қайта жаңғыртуға қабілетті кез келген оқушылармен жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл кезде оқушының танымдық белсенділігін дамытудың негізгі қажетті шарты - оқу үрдісін дараландыру.
Өздік жұмыс принципі. Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы ретінде өзіндік жұмыс ерекше орын алады. Менің ойымша бұл принцип әрбір оқушының өз білімі мен біліктілігін толықтыруға және жетілдіруге, өз бетімен қосымша әдебиеттерді оқуға жеке белсенді ұмтылысы негізінде оқу-танымдық әрекетін даралауға мүмкіндік береді. Өзіндік жұмыстың жаңа технологиялары, ең алдымен, оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған деп айтуға болады: өздерінің күш-жігері арқылы алынған ақиқаттың танымдық мәні зор. Өзіндік жұмыстың түпкі мақсаты оқушының оқу - танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындауы арқылы өзінің оқу процесін жетілдіруі.
Мотивациялық принципі. Оқушылардың өз бетінше де, ұжымдық әрекеті кезінде де белсенділігі ынталандыру болған жағдайда ғана мүмкін болады. Сондықтан белсендіру принциптерінің ішінде оқу-танымдық іс-әрекеттің мотивациясы ерекше орын алады. Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру, сонымен қатар оқыту әдістерін таңдау принциптері оқу процесінің ерекшеліктерін ескере отырып анықталуы керек. Қағидалар мен әдістерден басқа оқушыларды белсенділікке итермелейтін факторлар да бар, оларды оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатындағы мұғалімнің мотиві немесе ынталандыруы деп те атауға болады.
Оқушыларды белсенділікке ынталандыратын факторлар
Оқушыларды белсенділікке итермелейтін келесідей негізгі факторларды атап көрсетуге болады:
:: оқу-танымдық іс-әрекеттің шығармашылық сипаты өз алдына дербес танымдық белсенділікке күшті ынталандырушы факторлардың бірі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің зерттеушілік сипаты оқушылардың шығармашылық қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде белсенді жаңа білімді игеруге алып келеді.
:: Бәсекеге қабілеттілік те оқушының белсенді іс-әрекетін ынталандыратын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Дегенмен, оқу процесінде оқушының ең жақсы бағалар алу үшін ғана емес, басқа мотивтерге де бәсекелестігін арттыруға болады. Мысалы, әркім өз сыныптастарының алдында өзінің жақсы қырларын, білімі мен дағдыларының тереңдігін көрсетуге ұмтылады. Бәсекеге қабілеттілік әсіресе ойын түрінде өткізілетін сабақтарда көрінеді.
:: Сабақтардың ойындық сипаты кәсіби қызығушылық факторын да, бәсекелестік факторын да қамтиды, бірақ бұған қарамастан ол оқушының психикалық әрекетінің тиімді мотивациялық процесі болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті оқушының өзін-өзі дамытуға арналған болуы керек. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесінің сан қырлылығын ескеріп және компьютерлік техниканың көмегімен ойын ұйымдастыру оқу үрдісін жекелеуге мүмкіндік береді. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырады. Ойын барысында балалардың белсенділігі,шығармашылығы дамиды. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ оқушылар үшін жеңіл әрі қызықты болады. Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру жолдарымен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіс пен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын төмендетіп, білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Соның ішінде ойынның маңызы зор.
Жоғарыда аталған факторлардың оқушыға эмоционалдық әсері ойын, жарыс, шығармашылық, кәсіби қызығушылық арқылы жүзеге асады. Оқытудағы белсенділік принципін табысты жүзеге асыру үшін бағдарламаланған тапсырмалар, үйдегі химия эксперименттері, модельдеу және т.б. сияқты шығармашылық сипаттағы өздік жұмыстарының маңызы ерекше. Оқушыларды оқытуды белсендіру іс-әрекетті күшейту ретінде емес, оқыту мен тәрбиелеудің нақты мақсаттарына жету үшін оқушылардың интеллектуалдық-зияткерлік, адамгершілік қабілеттерін дамыту мұғалімнің қатысуымен жүзеге асады.
0.3 Химия сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыруда танымдық тапсырмалардың ролі
Химия сабағын түсінікті әрі қызықты етіп өткізу үшін танымдық тапсырмалар маңызды рөл атқарады. Баланың ақыл-ой еңбегі мен жалпы мәдениетін арттыру үшін, ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала сабақ кезінде орындалатын әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже мен дағды беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай оқушыны өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін бақылауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор. Оқу процесіндегі саналы жұмыс оқушылардың алдындағы оқу тапсырмаларын түсініп, қабылдауынан басталады. Әр мұғалімнің тілегі - өз пәніне деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты ояту. Алайда, оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру мұғалім үшін үлкен жауапкершілікті талап етеді. Пәнді қаншалықты жақсы меңгергенімен, мұғалім сабақты жоғары дәрежеде ұйымдастыра алмаса, түрлі бағдарламаларды қолдана отырып қызықты тапсырмалар құрау арқылы оқушыларды қызықтыра алмаса, онда сабақ оқушылардың оқу материалын одан әрі қабылдауына, олардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, дамыту мен жүзеге асыруға эмоционалдық көңіл-күйін көтеруге ықпал ете алмайды. Сондықтан біздің ойымызша танымдық тапсырмаларды орындату оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендіруге, оқушылардағы шаршауды кетіруге, пәнді жақсы меңгеруге, ғылыми қызығушылықты дамытуға, химиядан практикалық бағыттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді. Әр оқушының жаңалыққа, ізденуге құмарлығы болады. Тіпті үлгерімі нашар оқушының өзі оқу процесінде жетістікке қол жеткізген кезде пәнге едәуір қызығушылық танытады. Сондықтан химияны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz