Жалпы психология және психология ғылымының зерттеу əдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

1-дəрiсбаян

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МƏН-МАҒЫНАСЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ БАРША ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСIНДЕГI ОРНЫ

Жоспар:

1. Психология пəнi жəне оның мiндеттерi.

2. Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi.

3. Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орыны.

4. Психология салалары.

1. Психология пəнi жəне оның мiндеттерi. Психология өте ежелгi де, өте жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы əлi алда. Психологияның дербес ғылыми сала болып танылғанына ендi ғана жүз жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пəлсапамен бiрге келе жатыр. ХIХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дəл былай деген: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерiнiң тарихы деп отырғанымыз психология-ның фəлсападан бөлiнiп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзiнiң эксперименттiк зерттеулерiн ұйымдастыра бастаған дəуiрi. Бұл ХIХ ғ. кейiнгi ширегi болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңiнде өрiс алды. Пəн атының өзi де грек тiлiнен аударғанда психология - жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым") дегендi аңғартады. Кең тараған түсiнiктерге жүгiнсек, алғашқы психологиялық көзқарастар дiни ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пiкiр бағыттарының жалпы дүние, соның iшiнде жан жөнiндегi дiнимифологиялық көзқарастарға қарсы күресiнде дамуын тапты. Осыдан, жан жөнiндегi зерттеулер мен түсiнiктер психологияның пəндiк аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең болды да психология əуел бастан ''жан'' туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне жауап табу оңайға соқпады. Əр тарихи дəуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсiндiрдi. Психика мəнiне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзектi мəселесiн - материя мен сана, заттық жəне рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тəуелдi болып келдi. Дəл осы мəселенiң шешiмi төңiрегiнде бiр-бiрiне тiкелей қарсы философия бағыттары - идеализм мен ма-териализм пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетiнше жасайтын, материяға тəуелсiз, белгiсiз бiр зат деп қарастырды. Ал материалистiк танымда психика - туынды, материяға тəуелдi құбылыс. Идеалистiк бағыт өкiлдерi материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап, психиканың əрекетi тəнсiз, мəңгi жойылмас жанның көрiнiсi деп бiледi. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, бiздiң түйсiгiмiз бен елестерiмiздiң нəтижесi. Идеализм бастауы адамдардың өз дене құрылымы мен қызметi жөнiнде дұрыс танымы болмаған, психикалық құбылыстарды адам дүниеге келуiмен тəнге енiп, оның өлуiмен ұшып кететiн жан жəне рух əрекетi деп ойлайтын заманда пайда болған. Жанды бастапқыда адамның əр түрлi мүшелерiнде жасайтын ерекше бiр жұқа зат не тiршiлiк иесi деп бiлген. Дiннiң пайда болуымен жан "о дүниемен" байланысты, көрiнбейтiн əрi мəңгi жасайтын, тəннiң өзгеше бiр екiншi баламасы - рухтық зат деп танылды. Бар əлемнiң бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген əртүрлi идеалистiк бағыттар қанат жайды. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi əр тұлғаның (индивид) өз меншiк толғанысының болуы, ол түйсiк сезiмiнен ғана көрiнедi де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Психологияның жантану ғылымы ретiнде мəнi неде? Оның ғылыми пəнi не? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан iздеп, психологияның əр даму кезеңiне орай өзiнiң зерттеу пəнiне деген көзқарасының өзгерiп бара жатқанын байқаған жөн. жан деген тұжырымға ешбiр шүбə келтiре алмады. Тек ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт жаңа дəуiр есiгiн ашты. Ол адамның iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене əрекетiнiң де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнiнде пiкiр айтып, дəлелдедi. Бұл жантану ғылымының кейiнгi желiсiне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екi түсiнiктi - рефлекс жəне сананы бiрдей енгiздi. Бiрақ ол өз тағылымында жан мен тəндi бiр-бiрiне қарсы қойды, өзара тəуелсiз екi болмыс материя жəне рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы "дуализм" (екi тарапты) атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикалық табиғат ми қызметiнiң өнiмi емес, мидан тыс, оған тəуелсiз, өз бетiнше жасайтын құбылыс екенi түсiндiрiлдi. Бұл бағыт ғылымда объективтi идеализм деп аталды. Дуалистiк тағлиматты арқау етiп ХIХ ғ. психология-сында психофизиологиялық параллелизм атанған идеалистiк бағыт кең өрiс алды. Бұл бағыттың мəнi: психика жəне тəн қатар, бiрақ өзара тəуелсiз жасайды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дəрiптеушiлер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т. б. Шамамен осы дəуiрде психология денi жөнiнде жаңа түсiнiктер қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабiлеттерiне сана атауы берiлiп, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келдi. Бiрақ сана көп уақытқа дейiн басқа табиғи процестердiң бəрiнен оқшауланған ерекше құбылыс ретiнде қаралды. Ендi саналық өмiр Алла жаратқан ақыл көрiнiсi немесе сананы құраған қарапайым элементтерi бар субьективтiк сезiм нəтижесi деп есептелдi. Бiрақ идеалистiк бағыттағылардың бəрiн бiрiктiрген жалпы пiкiр: психикалық болмыс - бұл ғылыми талдауға келмейтiн, себебiн түсiндiру мүмкiн емес, тек қана өзiндiк бақылаумен танылатын субъектив дүние екендiгi. Мұндай түсiнiк кең етек алып, ал бұл бағыттағы идеализм интроспекттiк (өзiн-өзi бақылау) сана тағылымы атын алды. Осыдан сана өзiмен өзi шектелiп, психика объектив болмыс пен субъектiнiң өзiнен де толығымен ара байланысын үздi. ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына əртүрлi мақсаттарды белгiлеп, əртүрлi зерттеу тəсiлдерiн қолданған, бiр-бiрiн ауыстырып отырған теориялар таласында жүрiп отырды. ХIХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы бiршама тағылымдар сананың осы интроспектiк психологиясы шеңберiнде зерттелдi. Бұл теориялар бойынша психологиялық зерттеулердiң бəрi қоршаған орта мен адам iс-əрекетiне байланыссыз жан толғаныстары мен көрiнiстерiне негiзделдi. Ал сана мен ми арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешiмiн тапты. Интроспекттiк психология аймағындағы теориялар-дың бiр-бiрiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмұны жəне белсендiлiк дəрежесiне қарай əрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi. Осы тұрғыдан сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды: • саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер) ; • саналық əрекеттер психологиясы (Ф. Брентано) ; • саналық ағым (сел) теориясы (У. Джемс) ; • дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология) ; • суреттеме психологиясы (Дильтей) . Бұл теориялардың бəрiне ортақ түсiнiк: қоршаған дүниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар iс-əрекетi сана белсендiлiгi деп танылды. Психологияда эксперименттiк əдiстiң орнығуына қарамастан, бұл дəуiрде аталған теориялардың бəрiне тəн ерекшелiк - психикалық құбылыстардың мəнiн түсiндiру емес, тек қана суреттеп нақтылау. 1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы эксперименталды зертхана ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент қою мүмкiндiгi ашылды: зерттеушi белгiлi жағдайлар жасап, онда психикалық процестердiң өтуiн бақылап отырды. Бiрақ бұл бақылаулардың ерекшелiгi адам өзiнiң iшкi жан-күйiн, сезiмiн, ой толғанысын өзi бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде интроспектiк аталған əдiс қолданылды. ХХ ғ. екiншi он жылдығында психологияның жəне бiр бағыты пайда болып, оның өкiлдерi психологияның жаңа пəнiн жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негiзiнен адам қозғалысының жиынтығы - əрекет-қылық едi. Бұл бағыт "бихевиоризм" (ағылш. behaviour-қылық) аталып, психология пəнi жөнiндегi түсiнiктер дамуының үшiншi кезеңiн қалады. Бихевиоризмнiң iрге тасын қалаушы Дж. Уотсон психологияның мiндетiн қоршаған ортаға бейiмделушi тiршiлiк иесiнiң қылықəрекетiн зерттеу деп бiлдi. Тек бiр онжылдықтың өзiнде-ақ бихевиоризм бүкiл дүниеге тарап, психология ғылымының ықпалды бағыттарының бiрiне айналды. Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда - жан туралы ғылым, кейiн жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды. Əрине, қылық-əрекеттi бақылаумен объективтiк деректердi зерттей аламыз, бiрақ мұндай объективтiк жалған, себебi бiздiң əрқандай əрекет-қылығымыздың астарында өзiмiздiң ой, сезiм, ниеттерiмiз жатыр. Сондықтан осы ой, сезiм, ынта-ықыласты бiлмейiнше, əрекет-қылықты тану мүмкiн емес. Психология пəнiн нақтылауда болған дағдарыстар себебi аталған теориялардың негiзге алған əдiснамалық тұжырымдарында болып отыр. Атап айтсақ, саналық психология болмыс пен сананың, объективтiк дүние мен субъек-тивтiк болмыстың ара қатынасын идеалистiк тұрғыдан шештi. Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана екiншi, одан туындаушы, яғни объектив дүниенiң мидағы бейнесi. Осы түсiнiкке орай материалдық болмыс (заттар, дүние құбылыстары) пен идеалдық (заттық дүниенiң сезiм, ой т. б. түрiнде бейнеленуi) бiр-бiрiне тiкелей қарама-қарсы. Бiрақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебi түйсiк, ой, сезiмдер т. б. материалдық органның мидың əрекетi, сыртқы тiтiркендiру энергияларының сана өмiрiне айналуының нəтижесi. Психика, сана ми қызметiнен ажырауы мүмкiн емес, олардың басқа жасау тəсiлi жоқ. Материя, психика жəне сананы бұлайша түсiну диалектикалық материализмнiң дүние заттығы жөнiндегi ережесiмен түбегейлi сай болып тұр. Əлемде əр түрлi қасиеттерге ие, мəңгi қозғалыста болып, мəңгi жасаушы материядан басқа ешқандай бастау болуы мүмкiн емес. Материяның қозғалысы бұл тек орын ауыстыру емес, оның қалаған өзгерiмi, құбылуы, бiр күйден екiншi күйге түсуi. Материяның дамуы - бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға жетiлуi, қарапайым қозғалыстан жоғары қозғалысқа өтуi. Алғашқыда тек органикалық емес материя, өлi табиғат болды. Дамудың белгiлi бiр сатысында, өзiнiң ұзаққа созылған эволоциясының нəтижесiнде материя органикалық қасиеттерге ие болды, материя қозғалысының жаңа формасы мен жаңа қасиетi өмiр, табиғат жиынтығына ендi. Табиғаттың даму процесiнде өсiмдiктер, жануарлар, келе-келе материяның ең жоғары туындысы санаға ие адам пайда болды. Ғылыми психология тiрек еткен диалектикалық материализм категориялары жүйесiнде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебi осы категорияға орай психиканың жалпылама жəне мəндi сипаты ашылады: əрқандай пси-хикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив бейнеленуiнiң түрлi формалары мен деңгейлерiн көрсетедi. Бейнелеу теориясы психология ғылымының мəнiн анықтауда, оның əдiстерiн таңдауда, деректер, түсiнiктер, тұжырымдар тобынан қажеттiсiн ажыратуда жалпы əдiснамалық бағдар рөлiн атқарады. Психикалық құбылыстың органикалық материя қасиетi ретiнде сапалық ерекшелiгi неде? Барша материя бейнелеу қасиетiне ие. Психика - материя қасиетi, мидың қызметi болумен психика дамуының алғы шарты бейнелеудiң ерекше формасы. Психика материяның даму желiсiнде, оның бiр қозғалыс формасынан екiншiсiне өзгерiп барады. Биологиялық эволоция барысында заңдылықты пайда болып, психика сол эволюцияның маңызды фактор бiрлiгiне айналады. Бейнелеу қасиетi негiзiнде организмнiң қоршаған ортамен кең салалы жəне сан алуан байланыстары түзiледi. Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша, тiршiлiк ие-сiнiң iшкi психикалық өмiрi болуы мүмкiн емес, яғни сана, психика өзiнен тыс жəне тəуелсiз жасайтын танымды болмыстың бейнесi. Егер де осы қоршаған объектив шындық болмаса, санадағы оның бейнесi жөнiнде əңгiме қозғау қажетсiз. Əрқандай психикалық акт нақты болмыстың бiр бөлшегi əрi оның бейнесi болып табылады. Сонымен, психиканың қызметi, бiрiншiден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiн, байланыс-тарын бейнелеу, екiншiден осының негiзiнде адам қылығы мен қызмет əрекетiн реттестiру. Психиканы диалектика-материалистiк тұрғыдан қарастыру əрқандай iшкi жан-күйлiк құбылыстардың өзiмен өзi шектелмегенiн, шындықтан бөлiнбей, онымен түбегейлi əрi тығыз байланыста екенiн танытады. Диалектикалық материализм бағдарынан психоло-гиялық ғылыми бiлiмдердiң құрамы неден тұрады, яғни пəнi не? Бұл - ең алдымен психикалық өмiр деректерi. Мысалы, психикалық дүние дерегi ретiнде адамның тəжiрибе топтау қабiлетi - жад, естi қарастырайық. Есте болсын, ғылыми жантану психологиялық құбылысты тек суреттеп баяндаумен шектеле алмайды, оның мiндетi түсiндiру, яғни осы деректер мен құбылыстарды басқаратын заңдарды ашып, олардың мəнiн айқындап беру. Əрқандай ғылым мақсаты зерттелетiн процестер мен құбылыстар бағынатын объектив заңдарды белгiлеу. Теориялық жəне эксперименталды зерттеулердiң бəрi нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзi құбылыстар арасындағы мəндi, қажеттi, тұрақты, қайталанып жүретiн байланыс, қатынастарды бiлуден келiп шығады. Мысалы, ес өзiнiң қызметтiк заңдылықтарына бағынады. Естiң түрлерi болатыны белгiлi. Жақсы есте қалдыру қайталуға тəуелдi екенiн бiлемiз, байланыссыз материалға қарағанда, жоспарланғаны жеңiл əрi тез еске түсетiнi мəлiм. Ғылымдағы күрделi мiндеттердiң бiрi - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу. Ғылымдық қатал талап объективтiк заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекеттiк аймағы мен қолдану жағ-дайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зерт-теулерiнiң объектiсi психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар. Сонымен бiрге ескеретiн жəйт, заңдылық байла-ныстарды бiлу өздiгiнен заңдылықтарды iске асыратын нақты тетiктердi ашып бере алмайды. Осыдан психологияның мiндетi - психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық iс-əрекеттi қозғаушы механизмдердi де анықтап бiлу. Ал ендi сол механизмнiң қандайда да психологиялық процестi орындайтын нақты анатомияфизиологиялық аппаратты iске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнiң табиғаты мен əрекетiн психология басқа ғылымдармен бiрлiкте зерттейдi. Қорытындыласақ, жантану ғылымы психология - психика деректерiн, заңдылықтарын жəне механизмдерiн зерттейтiн бiлiмдер саласы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт- бағдарлар
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Психолгия ғылым реттінде құрлу тарихы
Педагогиканың əдiснамалық негiздерi
Психофизиологиялық жəне ақпаратты талдау əдістері
Педагогика ғылымының салалары
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Педагогикалық зерттеу ұстанымдары
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz