Тіл біліміндегі дискурс туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Семинар №11
Ысқақ Әсел
Тақырыбы: Дискурс туралы
Қарастылатын сұрақ:
Дискурс туралы түсінік
Жалпы тіл білімінде XX ғасырдың 60-70 жылдары антропоөзектілік парадигмамен бірге тілдік қолданысқа енген дискурс ұғымы, дискурс талдау теориясы күні бүгінге дейін орны айқындалмаған, өзекті мәселенің бірі екендігі белгілі. Дискурсқа қатысты әртүрлі пікірқайшылықтар: дискурс -- мәтін, дискурс vs. мәтін, мәтіннің ауызша-жазбаша түрі, дискурс -- диалог, дискурс -- монолог, дискурсты коммуникативтік жағдаят тұрғыдан қарастыру, дискурс пен айтылымның (сөйленімнің) арақатысымы, мәтін мен дискурс арасындағы айырмашылықтарды айқындау, дискурс теориясы мен дискурс талдаудың лингвистика нысаны ретінде танылуы сияқты мәселелер Z.Harris, Э.Бенвенист, М.Пеше, Франс Бае, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Ф.де Соссюр, Н.Д.Арутюнова, М.Фуко, U.Maas, Т.ван Дейк, Н.Хомский, Т.В.Ахутина, Ю.С.Степанов, В.И.Карасик, О.С.Иссерс, В.Г.Борботько, М.М.Бахтин, М.Я.Блох, Ю.Н.Караулов, А.Е. Кибрик, В.И.Тюпа, Т.Милевская, В.Е.Чернявская, Т.Гивон, В.В.Красных, М.Л.Макаров т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нысаны болып келді [].
Бүгінгі таңда дискурс пәнаралық білімді ұсынады: Дискурс теориясы мәтін лингвистикасында дамиды, компьютерлік лингвистикада, психолингвистикада, семиотикада, риторикада, әдебиеттануда, мәдениеттануда, социологияда, философияда, этнологияда, аударма теориясы мен практикасында, саясаттануда, құқықтануда және т. б., деп ғалым Хайруллина Д. Көрсетеді.[2]
Дискурс терминін бірінші қолданған адам - француз ғалымы Э. Бенвенист. Ол сөйлеу, сөйленім, сөйленіс (высказывания) атаулының бәрін дискурс деп атап, оны монологқа қарсы қойды. Шындығында, дискурсты монологтан емес, екі адамның сөйлесуінен (диологтан) іздестірген жөн. [1]
Дискурс (ағылшын тілінде discourse - сөйлеу, нақты мәтін, француз тілінде discours - сөйлеу, сөз сөйлеу) -
1. ол табысты коммуникация үшін әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлар ескеріле отырып, айтылудың және мақсаттың толыққандылығы арқылы қарастырылады; дауыс ырғағына, интонацияға және т.б. белгілерге сәйкес мәтін материалдарын ұйымдастыру.
2. Сыни дискурстық талдауда дискурс - әлемде тілді қабылдаудың, оны түсінудің және тілдің әлемде тіршілік етуінің бір тәсілі. Дискурстың тілдің тіршілік етуіне ғана емес, сонымен қатар тілдің танылуына, идеологияға да қатысы бар. Мысалы, білім мекемелерінде дискурс - мінез - құлықтың және сөйлеудің жаппай мойындалған, маңызды нормалары [4;91].
Дискурс - экстралингвистикалық, яғни парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен байланыста болатын, белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін. Дискурс өмірдің тілі, сондықтан да дискурс термині мәтін терминімен салыстырғанда, көне және басқа да бүгінгі өмірмен байланысы жоқ мәтіндерде қолданылмайды [5;76].
Батыс еуропалық лингвистикалық мектептердің ұғымында дискурс адамның аялық білім қорын көрсететін жүйе болса, америкалық тілтанымда дискурсты диалог немесе байланыс тілі (connected speech) ретінде қарастырады [5].
Дискурс -- тілдік коммуникация түрі.Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтамыз.
Дискурс -- сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына талдау беретін үғым. Структуралистер ғылыми айналымға қосқан бұл ұғым философияда, әлеуметтануда, семиотикада мәдениеттануда, когнитивтік талдауларда қолданылады. Дискурс ұғымы арқылы қандай да бір тікелей оқырманға не тыңдаушыға бағытталған концепция (ғылыми, философиялық) белгіленеді. Дискурс адамдардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-катынасынан кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен белгісін, сөз бен ойдың бірлігін айқындайды.
Дискурс теориясына қатысты жазылған зерттеулерде дискурс түрліше анықталып жүр. Д.Әлкебаева: Дискурс нақтыайтылған сөз деген мағынамен сәйкес келеді, өзінің мағыналық-ақпараттық мазмұнымен қоса экстралингвистикалықфакторларымен жүйеленетін сөйлесімдерді айтады, - деген тұжырым жасайды.
Ал Ж.Кеншінбаев: Дискурс қолданыстағы мәтін, яғни сөйлеу тілінің нақтылы коммуникативтік қарым-қатынас орнатудағы қызметі, - десе, профессор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Тұтынушылардың рухани санасы
ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мәтін анықтамалары
Қазақ дипломатиялық дискурсы негіздері
Постмодернизм, оның тіл біліміндегі орны
Қазақ тіліндегі тілдік тұлға мәселесі
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Пәндер