Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау


Орындаған:Оразақұл Аида
Тобы:ХБ-19-1
Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау
Девиация сөзі латын тілінен аударғанда deviate деген сөзден шыққан. Deviate ауытқу дегенді білдіреді. Девиантты мінез құлық бұл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мінез құлқы. Адамның іс әрекеті, мінез құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге және одан күтілетін әрекеттерге, құндылықтарға сәйкес келмеуі.
Девиантты мінез құлықтың мәнін ашу “норма” түсінігімен байланысты. Өйткені норманы бұзған, яғни нормадан ауытқыған адамның мінез құлқы девиантты мінез құлық болып табылады.
Әлеуметтік норма бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның шектелген іс әрекеті. Норма мінез құлықтың реттелуін қамтамасыз етеді және мінез құлыққа әлеуметтік қадағалау жасайды.
ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында девиатты мінез құлықтың биологиялық және психологиялық себептерін түсіндіретін трактаттар шыға бастады. Итальяндық дәрігер Ч. Ломброзо қылмыстық әрекет пен адамның биологиялық ерекшеліктері тікелей байланысты деп түсіндіреді. Американдық психолог В. Шелдон да адамның дене бітімінің маңыздылығын атап көрсетеді.
Девиантты мінез құлықты әлеуметтанулық тұрғыдан ең алғаш болып Э. Дюркгейм түсіндірді. Ол әлеумееттік және мәдени факторлардың мәнін ашатын “аномия” түсінігін ұсынды. Аномия бұл реттіліктің, заңдылықтың болмауы.
Сонымен қатар, девиантты мінез құлықты зерттеген Р. Мертон болып табылады. Р. Мертон девиацияның себебі қоғамның мәдени мақсаттары мен оған қол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдары арасындағы алшақтықта деп санайды. Р. Мертонның пікірі бойынша адамдар алдына мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін түрлі жолдарды таңдайды. Мәселен, жақсы немесе жаман жолдар. Жақсы жолмен мақсатына жете алмаған адам жаман жолмен жетуі мүмкін, бұны да девиацияның бір түріне жатқызуға болады.
Көптеген әлеуметтанушылар қоғам қақтығыссыз өмір сүре алмайды деп есептейді. Қақтығыс әлеуметтік өмірдің қажетті элементі, ол әлеуметтік қысымға ерік береді, қоғамның барлық саласындағы әлеуметтік өзгерістерге ықпал етеді.
Қақтығыстар теориясын К. Маркс, Г. Зиммель, П. Сорокин, Л. Козер, Р. Дарендорф қақтығыс табиғатын былай түсіндіреді: кез келген қоғамда тұрақты өзгеріс ұрдісі жұріп отырады. Онда әрқашан қақтығыс тудыратын келіспеушіліктер элементі өмір сүреді. Қоғамның немесе топтың бір мүшелері басқаларға кұш көрсетіп отырады. Соңғылары барлық кезде қаналуға қарсы күрес жұргізеді. Қақтығыстың пайда болуы мен дамуының қажетті шарты-топтардың өз жағдайы мен тұпкілікті мақсаттарын білуі. Қақтығыс, күрес арқылы әлеуметтік даму мен өзгеріс жүзеге асады, адамзат тарихы алға.
Басқарушылардан тұратын қоғам (билік пен беделдің қайта бөлінуін қалайды) белгілі бір жағдайда келісімге келе алмайды, қарым-қатынасы шиелініседі. Олар өзара күреске шығады. Ақыр соңында қақтығыс әлеуметтік жүйедегі өзгерістердің қайнар көзі болып қалады.
Р. Дарендорф қоғам деңгейінде және мемлекетаралық деңгейде, әлеуметтік топтар ішінде, олардың арасында билікке қатысты қақтығыстар типологиясын жасады. Оның ойынша қақтығыстарды реттеу мүмкін және қажетті, олардың қуатын қоғам дамуына жақсы ықпал ететін бағытқа бұру керек.
Американ әлеуметтанушысы Л. Козер қақтығыстардың себебін әлеуметтік теңсіздіктен, мәңгі психологиялық қанағаттанбаудан көрді. Мұның бәрі түрлі тектегі қақтығыстар арқылы шешілді. Козердің айтуынша, қақатығыс-бұл құндылық үшін күрес немесе статустардың шексіз саны, билік және ресурсқа кінә тағу. Бұл күресте оппоненттердің мақсаты-бейтараптандыру, шығын келтіру немесе қарсыласты жою. Л. Козердің өз ойы бойынша қоғам жағдайына жақсы әсер беретін, дамуына ықпал ететін мынадай негізгі міндеттерді көрсетеді: топтардың біліміді болуы, топтардың шекара белгілеуі мен оны сақтауы; топтар ішіндегі және топтар арасындағы қатынастардың салыстырмалы тұрақтылығын сақтауы; индивидтерді, топтарды әлеуметтендіру. Сонымен, Л. Козер қоғам типіне байланысты әлеуметтік қақтығыстар классификациясын жасады. Жабық қоғамдарда қақтығыстар әлеуметтік байланыстарды бұзуы, оны дұшпандық топтарға бөлуі, төңкеріске әкелуі мүмкін. Ашық қоғамда қысымды жұмсартуға қақтығысқа мүмкіндік беріледі. Бұл қоғам дамуына он ықпал етуі мүмкін.
К. Маркс іліміне сәйкес қақтығыстар негізін меншік үшін күрес құрайды. Ол экономикалық мақсаттардың қайшы келуі негізінде пайда болатын күрестің екі түрін айырып көрсетеді. Алғашқысы материалды әл-ауқатты болу принципін өзгерту үшін болатын күрес. Ол әлеуметтік тәртіптердің негізін қайта қарауды талап етеді, бұл мәселе төңкеріс арқылы шешілуі мүмкін. Екіншісі-крийтерилердің өзгерісі үшін болатын күрес, олардың бөлінісі бұрынғы жүйе шеңберінде жұреді. Қарама-қарсы күрестердің бұл типі қоғамдық қатынастар реформалар көмегімен шешілуі мүмкін.
Американ әлеуметтанушысы П. Сорокин қақтығыс адамның басты қажеттіліктерінен, яғни, тамаққа киімге, өзін-өзі сақтауға, шығармашылыққа деген қажеттілігінен айыру деп есептейді. Алайда қажеттіліктер ғана емес, сондай-ақ оны қанағаттандыру құралдары, соған сәйкес қызмет түрлері, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүмкіндіктерін пайдалану да маңызды.
Сонымен, әлеуметтік қақтығыс-бұл қоғамдық өмірдің құрамды бөлігі. Оның негізі әлеуметтік теңсіздікте, меншік үшін күресте, билікте, басты қажеттіліктерді қанағаттандыруда. Әлеуметтік даму, өзгеріс қақтығыс арқылы, оның шешілуі арқылы жұргізіледі. Қақтығыстарды реттеуге және оны қажетті салаға бағыттауға болады.
2. Қақтығыстар типологиясы. Әлеуметтану қақтығыстың ұш негізгі сатысын бөліп көрсетеді.
1. Қақтығыс алдындағы саты. Әлеуметтік қақтығыс бір сәтте пайда болмайды. Эмоционалдық қысым, ашулану және қатыгездік біртіндеп жинала тұседі де, кенеттен көзқарастар алшақтығы себебінен пайда болады. Қақтығыс индивидтен немесе сылтаудан басталады. Басқаша айтқанда, кәдімгі бір сыртқы оқиға қақтығысушы тараптарды қозғалысқа келтіреді. Олар өз мақсаттарының қайшы екендіктерін мойындайды, әр тарап өз стратегиясын қалыптастырады, яғни жағдайды өзінше бағалап, өз әрекеттерін есептейді. Бұл сатыда басқарушы аппарат өз стратегиясы мен әрекеттер тәсілін дұрыс таңдай білуі тиіс, өйткені ол осы арқылы пайда болған қақтығыстың алдын алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz