Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың инновациялық технологиялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың инновациялық технологиялары
Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті -- білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім. Оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сəйкес инновациялық тəсілдерді енгізу, оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді. Осыған орай кез-келген оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу керек. Себебі мемлекеттік білім стандартына сəйкес оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды, білім алушылардың білімін қадағалаудың инновациялық бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді жүктейді. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы - оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тəрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кəсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге жəне оқытудың мақсатына жетуге тиімді, əрі нақты жол ашады.
Жаңа нәтижеге бағытталған білім -- инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім.
Инновациялық білім беру - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану -- біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .
Ол әр педагогтан өз қызметінде жеке тұлғаға, оның қызығушылығы мен проблемасына бет бұруда маңызды өзгерісті талап етеді. Біз де әрдайым білім берудің жаңа технологиясын меңгеріп, жұмыстың тиімді жолдарын табу үшін жұмыстану үстіндеміз. Мақсат та айқын. Ол -- балалардың мектепке қызығушылығын және оқуға ынтасын көтеруге мүмкіндік беретін қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану, баланың жеке тұлғасын және шығармашылық ынтымақтастық жағдай қалыптастыру.
Инновация дегеніміз -- жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті - белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру.
Білім -- әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл болашаққа апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да мектеп және оның ұстаздар ұжымы. А. Байтұрсынұлының Мектеп керектері еңбегінде былай делінген:
...Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ендеше, мектептегі білім мен тәрбие берудегі басты тұлға -- ұстаз..
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық инновацияларды лақап новаторлардан қорғау
Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасауға оқыту негіздері
Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар. Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі туралы
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Пәндер