Ұшқыш - штурман, қазақ қызы - Хиуаз Доспанова



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ұшқыш-штурман, қазақ қызы - Хиуаз Доспанова

Хиуаз Доспанова Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майданда ерлікпен шайқасқан әскери ұшқыш-штурман, қазақ қызы. Атырау топырағында дүниеге келген қайсар қыз соғыс кезінде атақты ұшқыш Марина Раскова басқарған авиация түнгі бомбалаушы - ұшқыштар полкінде қызмет атқарған. Қанатты қыз Солтүстік Кавказ, Кубан, Қырым, Украина, Германияны жаудан азат ету жолында әуеге үш жүзден аса мәрте көтеріліп, жаудың күшін әлсіретіп, жеңіс күнін жақындатты. Хиуаз Қайырқызы Қызыл жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және көзсіз ерлігі үшін көптеген медальдармен марапатталған. Дегенмен әуеде оқ пен оттың ортасында ұшып жүріп, талай ерлік көрсеткен Хиуаз Доспанованың ерлігі Кеңес Одағының батыры атағына лайықты болғанмен, бұл атақ берілмеді. Соғыс біткеннен соң, жарты ғасырдан астам уақыттан соң, қанатты қыздың Отаны - Қазақ елі ұшқыш қыздың ерлігін Халық қаһарманы атағымен бағалады.
Хиуаз мектепте оқып жүргенде-ақ ұшқыш болуды армандады. Ол асқақ арманына жету үшін мектептегі оқуымен бірге Орал қаласындағы аэроклубта қатар оқыды. Алғашқы ұшу сапары, парашютпен секіру секілді жауапкершілікті сынақтардан мүдірмей өткен қайсар қызға облыстық әскери комиссариат Запастағы ұшқыш деген атағы жазылған куәлікті табыс еткенде Хиуаздың ойында Мен ұшқышпын. Енді қайтсем де Марина Расковамен кездесуім керекдеген ой ғана болды. Бірақ қаршадай қыз бұл арманы екінші дүниежүзілік соғыста ғана орындаларын білмеген еді..
-Қазақстандықсыз ба?-деп сұрады Раскова.
-Ия.
-Қазақпысың?
-Ия.
-Запастағы ұшқышсыз ғой?
-Ия.
-Қандай іске бет алғаныңызды ұғасыз ба? Бұл соғыс!
-Мен комсомол мүшесімін.
-Басқа сұрау жоқ, қабылдау бөлмесінде күте тұрыңыз, - деді Раскова, мен шығып кеттім.
Бұл Хиуаз Қайырқызының Халқым үшін атты естелігінен үзінді.
Қысқа да нұсқа қойылған өз сұрағына қазақ қызының мірдің оғындай жауаптары Марина Расковаға запастағы ұшқыш қыздың осал жан еместігіне сендірген еді. Осылайша атақты ұшқыш М.Раскованың командирлігімен әйелдерден құрылған әуе полкіне Отан алдындағы перзенттік парызын өтеуді мақсат еткен қазақтың қайсар қызы Хиуаз Доспанова да қабылданды. Бала күнгі арманы орындалған Хиуаз өзіңе ұшақты басқаруды сеніп тапсырған М.Расковамен бірге ұшқан алғашқы күнін әсте жадынан өшірген емес.
Көп ұзамай ұшу сапарлары аңызға айналған ұшқыш Марина Раскованың барлық тәжірибесінен өткен әйелдерден құрылған полктің де майданға аттанар сәті келді. Кәсіби ұшқыш М.Раскова полкті майдан шебіне дейін өзі бастап апарды. Тұнғыш рет әйелдерден құрылған түнгі жеңіл бомбардировщиктер полкін аға лейтенант Е. Бершанская басқарды. Майдан шебіне жетіп, алғашқы әскери тапсырманы алғанға дейін 18 жастағы өрімдей бойжеткендер соғыс деген тура келген ажал екенін жете түсінбегендері анық. Бірақ соғыс деген атының өзі қайғы екенін жас жүректері сезген еді ... .
Полк командирі Е.Бершанскаяның бүкіл ұшқыштар құрамының алдына алғаш қойған жауынгерлік тапсырмасы-Майндорф пен соның аумағындағы елді мекендерде шоғырланған дұшпанды техникаларымен қоса бомбалау болды. Негізгі нысана-Майндорфты бомбалау қазақтың қайсар қызы Хиуаз бен звено командирі Е. Пискареваға тапсырылды. Өрімдей екі қыз жер бауырлап ұшатын ПО-2 ұшағын басқарып, алғашқы тапсырманы орындау үшін аспанға көтерілді. Штурманның міндеті ұшақтың ұшу және желдің жылдамдығын, бағытын, ұшу биіктігін ескере отырып, компас бойынша нысанаға дейінгі жерді белгілеп бомбалауға іс-әрекет ету. Бұдан соң негізгі міндеті, бомбалайтын нысанды дәл тауып, ұшақтағы арнайы құралдар арқылы бомбаны соған көздеп лақтыру. Алғашқы күні, дұшпандарға қарсы бағыттаған бомбасын Отан үшін!деп айқайлап көздеп лақтырған Хиуаз апамыздың жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде толтырылған әскери құжаттарда 1942 жылы Хиуаз Доспанова 72 рет әуеге көтеріліп, 32 100 кило салмақты құрайтын түрлі калибрлі бомбаларды жауға тастағаны және өте қырағы, дәлдікпен нысанаға тиген бомба жарылысынан дұшпандармен қоса әскери техникалар шоғырланған жерлердің жойылғаны туралы дерек бар.
ПО-2 ұшағымен кейде тәулігіне жеті-сегіз рет дамыл көрместен немістерге қарсы шабуылға шыққан қазақ қызы талай мәрте өлім аузынан аман қалды. Сондай оқиғалардың бірі және Хиуазды ұшағына әбден бауырбастырып қойған қайғылы оқиға 1943 жылы ауа райының қолайсыздау күні орын алды. Кезекті әскери тапсырмадан оралған Юля Пашкова басқарған ұшақ жерге қону кезінде сәтсіздікке душар болды. Қас қағым сәтте естен айырылған Хиуаз бен Юляның естерін жия сала іздегендері пистолеттері болды. Егер жаудан алыс болса оқ атып дыбыс беріп көмекке шақыру,болмаса немістердің тұзағына түскенше өз-өздерін өлтіруге бекінген қыздарды өз полкындағы қыздар тауып алып майдан госпиталына жеткізген. Сол күні Юля ауыр жарақаттан көз жұмып, Хиуаз өте ауыр жараланып, бірнеше ай бойы бүкіл денесі гипстеліп, төсекке танылып жатты. Сонда да қанатты қыздың бар ойы әуеде ұшып, дұшпанға қарсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Х.Доспанова
Хиуаз Доспанованың өмірбаяны
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру
Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұшқыштар
9 мамыр
Бөрте ханым - Шыңғыс ханның әйелі
Ұлы Отан Соғысы (1941-1945)
Хронологиялық деректер тізбесі
Пәндер