Жұмабек Ташеновтің қайраткерлігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жұмабек Ташеновтің қайраткерлігі
Қазақ елінің тұтастығын әрі жарқын болашағын көксеген аймаңдай азаматтар баршылық. Олардың арманы мен мүддесі - туған халқының теңдік жолындағы күресімен сабақтас. Міне, сондай тұлғалардың қатарында Тәшенев Жұмабек Ахметұлын айтуға болады. Ол - 1915 жылы Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Танагүл ауылында дүниеге келді.
Мемлекеттің негізгі іргетасы - оның рәміздері, тілі, ділі және шекарасы болса, мұндай қасиетті мұраны көздің қарашығындай сақтауда Жұмабек Тәшеновтің алар орны ерекше. Танымал тұлғаның өткір мінезі мен қайтпас қайсарлығы кез кезген ұлт жанашырына үлгі болары анық. Ол республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында қазақ ауылын құрды деп айыпталды. Қазақ әдебиеті газетін жабылудан, Социалистік Қазақстан газетін Казправданың аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды.
Әр уақытта менің жүрегімнің төрінен орын алатын менің ер інім - Жұмабек, - деп Ғ.Мүсірепов атамыз айтып кеткендей, ол сол уақытта біріне қадірлі аға болса, біріне үлгілі іні бола білді. Сол үлгі боларлық істері әлі күнге дейін ел есінде.
Оларды тізіп берсем де артық болмас.
Тың игеру кезінде Көкшетау облысында совхоз директоры болған Ф. Моргун 1957 жылы совхоз тұрғындары жер астында тұщы су болса да қажетті құралдың болмағандығынан 20 шақырым жерден суды тасып ішіп қиналып жатқанда Ж.Тәшенов келіп бір аптаның ішінде Армениядан скважина арқылы су тартатын компрессор алғызып беріп су мәселесін шешіп бергенін ризалықпен жазады.
Ж.Тәшенов Шымкент облысында атқару комитеті төрағасының орынбасары кезінде, күзде Түркістан аймағының мақташылары мақта тазарту зауытында су мақтаны кептіруге отын таба алмай қиналып жатқанда сол ауданға уәкіл болып барған Ж.Тәшенов Қарағанды облысының басшылығымен хабарласып қажетті 1,5 мың тонна көмірді жеткіздіріп береді. Соның арқасында аудан мақта дайындау жоспарын 102,7 пайыз орындайды. Сонымен қатар Жұмабек Ахметұлы Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесінің жанында топырақпен көміліп жатқан шығыс моншасын қалпына келтіріп іске жаратуды жүзеге асырады. Кезінде Ж.Тәшеновтің іскерлігін, қабілетін Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы В.А.Ливенцовтың өзі мойындауға мәжбүр болған. Ол 1964 жылы Мәскеудің өкілі қатысып отырған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіндегі мәжілісте: Н.С.Хрущев Ж.Тәшеновтың намысына тиіп, қызметінен төмендетіп бізге облатком төрағасының орынбасары етіп жіберсе де, ол өзінің таңғажайып қабілетінің арқасында Оңтүстік Қазақстандағы ең құрметті адам болып отыр,- деп мәлімдеген.
Экономист, профессор Ғарай Сағымбаевтың Ж.Тәшенов республика басшылығында болған 6 жылда Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті қарыштап алға басқанын төмендегідей деректермен көрсетеді: электр энергиясы қуатын өндіру - 2 есе, мұнай өндіру - 1,6 есе, көмір өндіру - 2 есе, цемент шығару - 15 есе, мақтадан мата тоқу - 5 есе, тоқыма сырт киім шығару - 3 есе, минералды тыңайтқыш өндіру - 2 есе, аяқ киім тігу - 4 есе, ет өндіру - 2 есе, қант өндіру - 1,5 есе, мал майын шығару - 1,4 есе, өсімдік майын шығару - 2 есе өскен. Егіс көлемі - 6 миллионнан 22 миллион гектарға, ірі қара мал саны - 5,5 миллион, қой мен ешкі - 28,5 миллион басқа дейін өсті. Халық шаруашылығында 125 мың жоғары білімді, 215 мың орта білімді мамандар қызмет етті. Бес жылда 690 мың пәтер салынып, 2,4 мың кәсіпорындар мен мекемелер іске қосылады. 6140 кітапхана, 5140 клуб, 4777 киноқондырғылар, 25 музей, 19 облыстық театрлар жұмыс істеп тұрды. Сөйтіп, халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс мәдениеті айтарлықтай жақсарды.
Ж.Тәшенов жоғары қызмет бабына орай бір мезгіл Мәскеуде де басшылық жұмыс атқарып отырған. Сол кездегі тәртіп бойынша КСРО құрамындағы 15 одақтас республика Жоғағы Кеңестерінің төрағалары КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасарлары болып есептелінетіндіктен мәскеулік төраға демалысқа шыққанда 1 ай бойы Мәскеуге барып, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төрағасының қызметін уақытша атқарған. Мәскеуге барар бір сапары қарсаңында С. Мұқанов пен Ғ. Мүсірепов Ж.Тәшеновтен Б. Момышұлының екі рет Батыр атағына ұсынылып өтпей қалғанын, сол атақты алып беруге араласуын өтінеді. Ж.Тәшенов Мәскеуге барысымен мұрағаттан Б. Момышұлының құжаттарын алғызып танысады. Батырлыққа екінші рет ұсынылған құжаттың қорытындысында соғыс кезіндегі кейбір қылықтары кеңес офицерлерінің ар-ожданына қайшы келгендіктен Б.Момышұлына мұндай атақты беруге болмайды деп маршал Конев қолын қойыпты. Ж.Тәшенов Жоғарғы Кеңестің атынан маршалды шақырып алып мәселені түсіндіреді. Маршал Конев Бұл туралы менің пікірімді білмек болсаңыз, мен өз өмірімде ешқашан бір айтқан пікірімді өзгерткен адам емеспін. Бұл жолы да солай қаламын,-деп көнбей қояды
Мәскеудегі кезекті қызметін атқару кезінде украиндық бір ғалымның қылмысты ісі алдына келеді. Қарт ғалымға бір жауапты қызметкерді өлтірді деген айып тағылып өлім жазасына кесіліпті, кешірім жасау туралы өтініші де қабылданбапты. Мәскеулік төраға - К.Е.Ворошилов демалыста болғандықтан орынбасары Ж.Тәшенов қол қоюға тиісті болады. Жоғары Кеңес қызметкерлерінің бұл мәселе К.Е.Ворошиловпен келісілген деген қарсылықтарына қарамастан, адам тағдыры болғандықтан Ж.Тәшенов өлім жазасы туралы үкімге қол қоймай түрмеге өзі барып қарт ғалымға жолығады. Кінәсіз екеніне көзі жеткен соң қайта тергеуге жіберіп ақтап қалады. Кейін кісі өлтірген қылмыскер де анықталып жазасын тартады.
Бірінші хатшы Н.Хрущев еліміздің солтүстіктегі 5 облысын (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) біріктіріп Тың өлкесі деген аймақ құрып оны Ресейге қосуды жоспарлайды. Өлкенің басшылығына Мәскеуден Т.И.Соколов деген өз адамын жібереді. Ол Тың өлкесін Ресейге өткізуге бейімдеп, Қазақстан басшылығына бағынудан бас тарта бастайды. Бұл әрекетті білген Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж.Тәшенов 1960 жылы күзде Тың өлкесінің орталығы болған Целиноград қаласына шұғыл түрде ұшып келіп, республикалық Жоспарлау комитетіне келесі жылдың бюджетіне қажет мәліметтерді әдейі бермей бассыздық жасағаны үшін Т.Соколовты қызметінен алып 24 сағаттың ішінде Қазақстаннан қуып жіберетінін және Тың өлкесі ешқашан Ресейге берілмейтінін қадап тұрып айтады.
Одан кейін Алматыда Үкімет мәжілісінде келесі жылдың халық шаруашылық жоспары қаралып жатқанда мінбеге көтерілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмабек Тәшеневтің ерлігі
Нұрмағанбетов Тәшенев жайында
Тың игеру
1940 -1950 жылдардағы зиялы қауымдарды қудалау
«Айқын» басылымы: тақырып және талғам
Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұлғалығын зерттеу
Ерекше қорғалатын территориялар туралы түсінік
Ж.Тәшеновтың өмір жолы
Қазақ драматургиясы туралы
Су туризмі
Пәндер