Ұлтты сақтаудың жолы – ұл балаға лайықты тәрбие беру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫ САҚТАУДЫҢ ЖОЛЫ -
ұл балаға лайықты тәрбие беру
Нұрқан Қамзин,
әл-Фараби мектеп-лицейінің
тарих пәнінің мұғалімі.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы.
Әбу Насыр әл - Фараби.

Бізді күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырып, алаңдатып отырған мәселе аз емес. Соның бірі әрі бірегейі - ұлтымызды, тәуелсіздігімізді, ата бабадан мұра болып жеткен асыл құндылықтарымызды және ана тілімізді көздің қарашығындай сақтап қалу. Иә, шынымен де, елім, жерім деп өткен тұлғаларды үлгі тұтып, соларға ұқсап бағуға тырысатын азамат тәрбиелеу мәселесі бүгіні күні әрбір ұстазды алаңдатуы тиіс. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы - жас ұрпақты елжандылыққа, өз Отанының адал ұлы болуға ұлттық, халықтық тұрғыда тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақ ұлт болып қалыптасқаннан бергі ұзақ тарихында сан алуан кезеңдерді бастан өткізіп, тар жол тайғақ кешсе де, болашақ ұрпағының тәлім-тәрбиесіне өте зор көңіл бөле отырып, сонымен қатар елін, жерін сыртқы-ішкі жаулардан қорғай білді.
Халқымыз ер баланы ертеңгі күні шаңырақ иесі деп құрметтеп, ақылы асса бір әулетті басқарады, ал даналықты бойына сіңірсе бір елге аға болады деп үміт артқан. Сондықтан оның бойына ұлы дала перзентіне тән - еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық пен қайырымдылық, ақ ниеттілік пен парасаттылық, өрлік пен ерлік тәрізді асыл қасиеттерді дарыта білген. Алаштың ардақты ұлы Мағжан Жұмабаев: Ой да көп, уайым да көп - ойлай берсең, - дегендей бүгінгі күні халқымыздың аяғына тұсау боп жатқан келеңсіздіктерден сүрінбей өтіп, ұлтымызды сақтап қалу үшін ұл балаларға лайықты тәрбие берудің жолын табуымыз қажет. Әрине, бұл орайда біздің ата бабаларымыздың өнегесіне арқа сүйейміз. Әлемнің Екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл Фарабидің: Тәрбиелеу дегеніміз - адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту, деген асыл сөзі бар.
Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі - әке меншігінде. Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер, дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, құсбегі ісмер, яғни сегіз қырлы, бір сырлы жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан жаманнан жирен, жақсыдан үйрен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз - болашақ ана
Патриоттық тәрбиені іске асыруда Ресейдің революцияға дейінг неғұрлым тығыз
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Бастауыш мектептің отбасы тәрбисімен сабақтастығы
Жастардың этностық мәдениетінің теориялық негізі
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Қыз бала тәрбиесі
Бауыржан Момышұлы шағармасының зерттелуі
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Отбасындағы балалар рөлі
Пәндер