XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың зиялы адамдары мен бес арысы
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының саяси-мәдени өмiрiнде жарық жұлдыздай көзге түскен, әмiршiл-әкiмшiл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген Ахмет Байтұрсынов 1873-1938, Мағжан Жұмабаев 1893-1938, Жүсiпбек Аймауытов 1889-1931, Мiржақып Дулатов 1885-1935 сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейiнгi кезде ғана танысуға мүмкiндiк алды. Олардың еңбектерi мен олар туралы деректер қазiр көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы "Жалын" баспасы шығарған "Бес арыс" жинағын атауға болады.
Ахмет Байтұрсынов қазақ елiнiң тәуелсiздiгi, қазақ халқының бақыты үшiн үлкен соқпақты жолдан өтiп, қазақтың тiл бiлiмiн дамытуға зор үлес қосты. Оның аудармасында Крыловтың "қырық мысалы" қазақ тiлiнде шықты. "Маса" деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрдi. Саясатқа, мәдениетке байланысты орасан көп шығармалар жазды. Ол "Алаш" партиясын ұйымдастырушылардың бiрi. Ол өнерлi адам болған, шығарған әндерi де сақталrан. Оның еңбектерiнiң денi тiлге байланысты, сондықтан да Қазақтың ұлттық академиясының Тiл институтына Ахмет Байтұрсынов eciмi берiлген.
Қазақтың Пушкинi аталған Мағжан Жұмабаев сыршыл ақын болған. Мухтар Әуезов оны қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениетпен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан ақын деп суреттейдi. Ол қазақ әдебиетiндегi Абайдан кейiнгi аса биiк тұлғалардың бiрi. Сондай ipi тұлғалардың қатарына Жүсiпбек Аймауытовты да жатқызуға болады. Ipi драматург, қара сөзбен жазғандары, өлеңдерi көп бұл әдебиетшiнi де халық қатты қастерлеп сүйiп оқыған.
Мен бiткен ойnаң жерге аласа ағаш,
Eмecпін жемiсi көп тамаша ағаш,
Қалғанша жарты жаңқам мен ceнiкi,
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш
деп келетiн Мiржақып Дулатов тек ақын ғaнa емес, сонымен бiрге үлкен күрескер, саясатшы да болды. Ол "Алаш" партиясын құрып, Алаш Орда өкіметін басқаруға қатысты. Қазақ елiнiң тәуелсiздiгi үшiн жан аямай күpecтi. Әдебиеттегi осы сияқты алыптардың өнегесімен, күpecтер қызып жатқан күндерiнде ұйымдастырылған " Айқап", "Қазақ" сияқты басылымдарда көркем шығармалар, жарық жарияланымдарымен көpiнген қазақ зиялылары аз болған жоқ. Мұның өзi XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық мәдениетiнiң жаңа деңгейге көтерiлiп келе жатқанын көрсетедi
Әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктер.
20-шы жылдардың екiншi жартысынан бастап И. В. Сталиннiң басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетiнiң дамуына үлкен кеселiн тигiздi. Оның үстемдiк eтyi нәтижесiнде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистiк партияның саясатына сәйкес жұмыс iстeyre тиiс болды. Әcipece бұл халыққа бiлiм беру саласында ерекше көрінic тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мiнез-құлқына сталинизмнiң догма - ларын талқылады. Мектептiң қызметi де бұрмаланды.
Бұл кезде халыққа бiлiм беру iсiнде, соның iшiнде оқу орындарында партиялық өмip күшейдi. Оқу-тәрбие про - цестерiн идеологияландырудың үстінде жалпы көрсеткiштi қудалау, оқу процестерiн формальды жүргiзу өрiстедi.
Тоталитарлық жүйенiң күшеюi халыққа жоғары бiлiм беру саласында да өз әcepiн тигiздi. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөнiндегi қажетiн қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергiлiктi халықтьң өкiлдерiнiң саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттiк университетiндегi 42 оқытушының 8 ғaнa қазақ болды. 1940 жылы Алматы малдәрiгерлiк-зоотехникалық институты студенттерiнiң арасында қазақтардьң үлес саны 12-ақ пайызын қамтыған.
Партиялық-мемлекеттiк құрылымның идеологиялан - дырылған саясаты профессионалдық оқу орындарының жағдайына бәрiнен де көп зиян келтiрдi. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерiн қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейiн жургiзiлдi. Осының нәтижесiнде 30-шы жылдардың орта кезiнде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, Х. Досмухамедов, Т.Жүргенов, О.Жандосов және басқа аса көрнекті ғалым, педагогтардың өмірі қиылып кетті.
1928 жылы араб әрпi латын әрпiмен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпiмен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бiр ұрпактың өмірі барысында қазақ өзбек, түркімен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшiлiгi араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игерiп, пайдалануға қабiлетсiз болып шыкты. Ал мұның өзi көптеген халықтардың тарихи зердесiн көмескiлеп, олардың белгiлi тобының мәңгүрт болуына әкеп соқтырғанының бер жағында, елдегi қазақтар Қытай Халык Республикасы, Aуғанстан, Иран сияқты елдердегi сауаттарын араб жазуымен ашып, кiтаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдiк бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.
1920-1930 жылдарда араб әрпiмен шыққан басылымды пайдаланғандар "пантуркист", "панисламист", тiптi, "халық жауы" деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кiтапхана қорларынан әкiмшiлдiк-төрешiлдiк жүйенiң теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың iшiндегi араб әрпiмен басылғандары аластатылды. Сонымен бiрге дiнге қарсы күрес сорақы - лықпен жүргiзiлдi. Шiркеулер мен мешiттердiң мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қopa-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дiнге сенушiлердiң ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өміріндегі құрамдас бөлiгi болып келген дiндi барша жұртқа құбыжық етiп көрсету халықтың орынды наразылығын туғызды.
Қазан төңкерiсiнен кейiн тоталитарлық жүйенiң үстемдiгiне, оның қайшылктарына қарамастан Қазақтың мәдени дамуында кейбiр iлгерiлеушiлiктiң болғанын айту керек, оны бiз мәдени төңкерic деп атап келдiк. Бұл төңкерiс қилы-қилы жағдайлардың арқасында мүмкін болды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98 мың кiтабы бар 139 кiтапхана болса, 1925 жылы олардың саны 300-ге жеттi. 1929 жылы республикада 494 оқу үйi, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ауылдың жерде 1747 кiтапхана жұмыс iстедi. Бiрақ бұл кiтапханалар мен оқу үйлерi жөндi ғимараты жоқ, қарабайыр жағдайда өмip сүрдi. Олардың жұмысын жүргiзушi адамдардың сауаттары да, кәсiптiк дәрежесi де төмен едi. Тiптi қалалардың өздерiнде мәдени ошақтарда iстейтiн адамдардың бiлiм деңгейi көбiнесе төмен болатын. Бiрақ бiлiмге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта-ықыласы мәдениет ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуінe жол ашты.
Республикада мерзiмдi баспасөз және кiтап шығару ici дамып келе жатты. "Степная правда" қазiргi "Казахстанская правда" жене "Еңбекшi қазақ" газеттерi, "Қазақстан" жорналы шыға бастады. Кеңес өкiметiнiң алrашқы жылдарында газеттер мен жорналдар көбiнесе мемлекеттiк, кәсiподақтық, кооперативтiк қордың есебiнен жаздырылып алынды және мәдени-ағарту мекемелер желiсiне, кеңестiк және кооперативтiк ұйымдарға келiп тұрды. Газеттер жұрт көп жиналатын жерлерге iлiндi, оларды дауыстап оқып беру ici ұйымдастырылды. Қазақстанның белгiлi көптеген мәдениет қайраткерлерi өздерiнiң шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.
1925 жылы республикада не бары 31 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 13 газет шықты. Кейiн олардың қатары өсе бердi. 1930 жылы Қазақстанның 27 ауданында өз газеттерi шыға бастады. 1931 жылы республиканың "Еңбекшi қазақ" газетiнiң 900 қоғамдық тiлшiсi iстедi. 1926 жылы не бары 41 газет шықса, бiрiншi бесжылдық жылдарында 120 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 62 газет шығып тұрды. Олардың қатары жыл санап толығып, екiншi бесжылдықта жалпы саны 280-ге жеттi.
Республикада кiтап бастыру ici едәуiр дамыды. Шыға - рылатын кiтаптардың таралым данасы өстi. 1925 жылы 443 мың дана таралыммен 96 кiтап шықса, 1930 жылдары үш миллион даналық 200-ден аса кiтап шығарылды
Республикада қазақ тiлiндегi алғашқы оқулықтар Қазан қаласында бастырылды. Орыс тiлiндегi оқулықтар Мәскеу - ден алдырылды. Қазақ тiлiнiң тұңғыш әлiппесiн жасап, соңынан iз салған жаңашыл ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов елде oқy-ағарту iciн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz