Жазу және жазба тіл



Жоспар

Кіріспе

Жазу және жазба тіл

Негізгі бөлім

1. Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері
2. Алфавит. Графика. Орфография
3. Транскрипция мен транслитерация

Пайдаланылған әдебиеттер
ЖАЗУ ЖӘНЕ ЖАЗБА ТІЛ
Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу (жазба тіл) — адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Ал ауызекі тіл жайыңда мұны айта алмаймыз. Ауызекі тілмен сөйлесіп, қарым-қатынас жасаудың мүмкіндігі (телефонды есептемегенде) сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы кеңістікке байланысты болады да, оның шеңберінен шығып кете алмайды. Ол кеңістіктің шеңбері құлаққа естілудің мүмкіндігімен ғана өлшенеді де, адамдар ауызекі тіл арқылы жүзбе-жүз кездескенде ғана, бір-бірімен сөйлесіп пікір алыса алады. Алайда мұндай салыстыру ауызекі тілдің қызметі мен құндылығын ешбір төмендете алмаса керек. Ауызша тіл күнделікті өмірде ауызба-ауыз сөйлесіп, қарым-қатынас жасауда, тікелей өзара пікір алысуда айрықша қызмет атқарады.
Жазба тілдің ауызекі тілден (устная речь) кейін пайда болғаны, оның (жазба тілдің) жазудың шығып жасалуымен байланысты екендігі белгілі. Жазудың шығып жасалуының, соған сай жазба тілдің жасалуының күллі мәдениет атаулының тарихында орасан зор маңызы болды және болып та отыр. Жазусыз мәдениет атаулыны, цивилизация атаулыны көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Көрнекті жазушы Леонид Леонов жазудың маңызы туралы былай дейді: «Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте үлкен роль атқарды. Алфавиттің туған күнін адамның өзін-өзі біліп ұғынуындағы дәуір деп есептеуге болады, осыдан кітап басу станогының пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтерілді».
Адам білімді, негізінен, жазба тіл арқылы, жазылғанды оқу арқылы алады. Адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, біздің заманымызға дейінгі талай ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған күллі мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де - жазба тіл. Көптеген заман бойында жасалған және біздің заманымызда жасалып отырған мол рухани мәдениетті бізден кейінгі ұрпақтарға, дәуірден-дәуірге жеткізетін де — осы жазба тіл.
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.
Көне жазу нұсқаларын талдап оқи білу ерте заманда өмір сүріп, қазірде өлі тілдерге айналған тілдермен танысуға немесе қазіргі тілдердің ертедегі қалпымен танысуға және оны білуге мүмкіндік береді. Мұның тіл тарихын зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі үшін ғана емес, сонымен бірге тарих ғылымы үшін де, археология мен эт-нография үшін де айрықша маңызды.
Халықтардың қазіргі жазуларын олардың дыбыстық тіліне қарым-қатынас жағынан қарастырып зерттей білу сол тілдің жазуларының ғылыми тұрғыдан дәлелді ережелерін жасау үшін өте-мөте қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы, 1993 ж. 410-438 б.б.
2. Ә. Қасенов «Тіл білімі» Алматы 1996 ж.
3. Б. Қасымұлы «Тіл біліміне кіріспе» Алматы, 2003ж.
4. А. Салқынбай, Е.Абақан. «Лингвистикалық түсіндірме сөздік» Алматы 1998 ж.
5. Ж. Байымбетова «Қазіргі қазақ тілінің морфологиялық бақылау, пысықтау жұмыстары» Шымкент 2001 ж.
6. Ж. Тектіғұл «Тіл біліміне кіріспе» Алматы, 2000 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. К.Аканов «Грамматика теориясының негіздері» Алматы, 1996 ж.
2. Ж. Байымбетова «Қазіргі қазақ тілі» Шымкент 2004 ж.
3. Ж. Байымбетова «Тіл бліміне кіріспе» Шымкент 2005 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Жазу және жазба тіл

Негізгі бөлім

1. Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері
2. Алфавит. Графика. Орфография
3. Транскрипция мен транслитерация

Пайдаланылған әдебиеттер
ЖАЗУ ЖӘНЕ ЖАЗБА ТІЛ
Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде
де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде
оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу (жазба тіл) —
адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында
кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Ал ауызекі тіл
жайыңда мұны айта алмаймыз. Ауызекі тілмен сөйлесіп, қарым-қатынас жасаудың
мүмкіндігі (телефонды есептемегенде) сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы
кеңістікке байланысты болады да, оның шеңберінен шығып кете алмайды. Ол
кеңістіктің шеңбері құлаққа естілудің мүмкіндігімен ғана өлшенеді де,
адамдар ауызекі тіл арқылы жүзбе-жүз кездескенде ғана, бір-бірімен сөйлесіп
пікір алыса алады. Алайда мұндай салыстыру ауызекі тілдің қызметі мен
құндылығын ешбір төмендете алмаса керек. Ауызша тіл күнделікті өмірде
ауызба-ауыз сөйлесіп, қарым-қатынас жасауда, тікелей өзара пікір алысуда
айрықша қызмет атқарады.
Жазба тілдің ауызекі тілден (устная речь) кейін пайда болғаны, оның
(жазба тілдің) жазудың шығып жасалуымен байланысты екендігі белгілі.
Жазудың шығып жасалуының, соған сай жазба тілдің жасалуының күллі мәдениет
атаулының тарихында орасан зор маңызы болды және болып та отыр. Жазусыз
мәдениет атаулыны, цивилизация атаулыны көзге елестетудің өзі мүмкін емес.
Көрнекті жазушы Леонид Леонов жазудың маңызы туралы былай дейді:
Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда
ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте үлкен роль атқарды. Алфавиттің
туған күнін адамның өзін-өзі біліп ұғынуындағы дәуір деп есептеуге болады,
осыдан кітап басу станогының пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің
қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтерілді.
Адам білімді, негізінен, жазба тіл арқылы, жазылғанды оқу арқылы
алады. Адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, біздің заманымызға дейінгі
талай ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған
күллі мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де - жазба тіл. Көптеген
заман бойында жасалған және біздің заманымызда жасалып отырған мол рухани
мәдениетті бізден кейінгі ұрпақтарға, дәуірден-дәуірге жеткізетін де — осы
жазба тіл.
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі
жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.
Көне жазу нұсқаларын талдап оқи білу ерте заманда өмір сүріп, қазірде
өлі тілдерге айналған тілдермен танысуға немесе қазіргі тілдердің ертедегі
қалпымен танысуға және оны білуге мүмкіндік береді. Мұның тіл тарихын
зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі
үшін ғана емес, сонымен бірге тарих ғылымы үшін де, археология мен эт-
нография үшін де айрықша маңызды.
Халықтардың қазіргі жазуларын олардың дыбыстық тіліне қарым-қатынас
жағынан қарастырып зерттей білу сол тілдің жазуларының ғылыми тұрғыдан
дәлелді ережелерін жасау үшін өте-мөте қажет.

1.1. ЖАЗУДЫҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде
әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай
болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек
пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы
өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге,
оның принциатері де өзгеріп отырды.
Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол тақбалар бүтіндей
сөзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның
графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі
таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты
белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1)
пиктографиялық жазу, 2) идеографиялық жазу, 3) буын жазуы (слоговое
письмо), 4) әріптік немесе дыбыстық жазу. Енді осылардың әрқайсысына
арнайы тоқталайық.
1. Пиктографиялық жазу. Бұл - жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық
жазу — суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы
(рисуночное письмо) деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары
(суреттері) пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың
ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Әрбір сурет
(пиктограмма) өздігінен бүтіндей хабарды (сообщение) білдіре алады. Ол
хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай
пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай
болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін
адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның,
қайықтың, малдың, тоғайдың т. б. суреттері қолданылған. Адамдар басқа
біреулерге нені хабарлап білдіргісі келсе, соның суретін салған. Мысалы,
мен аң аулауға кеттім дегенді білдіру үшін адамның суретіне
қатарластырылып тоғайдың және аңның суреті салынған.

2. Идеографиялық немесе логографиялық жазу. Пиктографиялық жазудың
біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық
жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға
көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың
алғашында пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму
барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырында олар
(идеограммалар) белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден
қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Идеографияның
пиктографиядан ең басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың
мағынасында. Идеографиялық таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның
атауын бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған
күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі
грамматикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін) белгілейді.
Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер
жазуынан (древнейшее шумерское письмо) көруге болады. Қытай жазуының
идеографиялық жүйесі осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған болатын. Қытайдың
жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп,
соған телінуіне негізделген. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп,
жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айналған.
Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді; олар
сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Сондықтан қытай тілінде
омонимдер әр түрлі иероглифтермен белгіленеді, бірақ олардың дыбысталуы мен
морфологиялық құрылысы біркелкі болады. Жазудың идеографиялық принципін
қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да көруге болады. Мысалы, 5
деген цифрды алалық. Бұл цифрдың сандық мағынасын орыс та, қазақ та, неміс
те, ағылшын да, басқалар да түрліше емес, бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрдың
атының дыбысталуы әр тілде әр түрлі: орысша — пять, қазақша бес, ағылшынша
— five.
Цифр белгілі бір ұғымды санның таңбасы ретінде көрсетеді,
бірақ ол табаның цифр атының дыбысталуына (дыбыстық жағына) ешбір
қатысы болмайды. Осы ерекшелік - идеограммалар мен идеографиялық жазуға
да тән нәрсе. Идеолограммаларды цифрлар тәрізді таңбалар деп түсіну
керек.
3. Буын жазуы. Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың
буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен
таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді.
Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш түрге беліп
қарауға болады.
Мұның бірінші түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары
(клинописи), майя жазуы, лигатуралы дыбыстық корей жазуы (корейское
лигатурное-звуковое письмо) жатады. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез
келген буынды, атап айтқанда, буынның мынадай түрлерін белгілейтін болған:
дара дауыстының өзі, А (дауысты) + С (дауыссыз), С + А, С+А + С; майя
жазуында сөз соқындағы дауыссыздарды да белгілеген.
Буын жазуының екінші түріне критмикен (критско-микенское) буын жазуы,
кипр, эфиопия және жапон (кана) буын жазулары жатады. Жазудың бұл жүйесінде
таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір
дауыстың қосындысын белгілейді.
Буын жазуының үшінші түріне үнді (индия) жазуының әр түрлі жүйелері
(кхарошти, брахми және т. б.) енеді. Жазудың бұл жүйесінде негізгі таңбалар
(лигатуралы еместері) жеке-дара дауыстыларды (а) және дауыссыз бен
дауыстының (ка) қосындысын белгілейді.
Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді.
1) Логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын
жазулары.
2) Эфиопия, индия (брахма, кхарошти және осылардан жасалған жазулар) буын
жазулары.
3) Жапон буын жазуы (жапондық кана) мен лигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі
(корейлік кунмун).
Логографиялық жазуға қарағанда буын жазуы оқыту ісі үшін де, қолдану
үшін де қолайлырақ. Жазудың буын жүйесіндегі таңбалардың саны да ықшамырақ.
Логографиялық-фонетикалық жазу жүйесінде мыңдаған таңбалар болса, жазудың
буын жүйесінде таңбалардың саны (лигатуралы таңбаларды қоспағанда) отыз бес
немесе қырықтан бастап (брахми, кхарошти және фарсы-ахеменид жазулары) екі
жүзге дейін (эфиопия жазуы) жетеді. Буын жазуы тілді, әсіресе оның
фонетикалық жағын дәлме-дәл беруге икемді. Буын жазуы сөздің грамматикалық
формаларын да бере алады.
4.Әріп (дыбыс) жазуы. Әріп жазуы буын жүйелі жазудан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында жазу теориясы терминдерін игерту жолдары
Жазу тарихы. Жазу тарихына байланысты орыс ғалымдарының еңбектері, зерттеулері
Әдеби тіл туралы ұғым
Жазу психологиясы
Жазбаша тілге баулу икемділіктері мен дағдыны дамытудың теориялық негіздері
Қазақ әдебиеті тілінің тарихы
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Пиктографиялық жазулар
Пәндер