Мектепке дейінгі балаларды Н. А. Зайцев технологиясы бойынша сауат ашуға үйрету
Мектепке дейінгі балаларды Н.А.Зайцев технологиясы бойынша
сауат ашуға үйрету
С.Е.Аскарова
№30 сәбилер бақшасының әдіскері,
Павлодар қ.
Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында - деп атап көрсеткен болатын.
Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі балабақша түлектері, ұстаз оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті балабақша түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта - ықыласын дұрыс бақыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы - деп түсіндіреді В. Кларин
Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету барысында Н.А.Зайцев технологиясын зерттеп, сауат ашуда қолдануды ұсындым.
Мақсаты:
Н.А.Зайцев технологиясын қолдану арқылы балалардың сөздік қорларын арттырып, оқуға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Балалар оқуды, сөзді буынға бөлуді, екпін қоюды, сөзге дыбыстық талдау жасауды, сөйлем құрауды, санауды, жазуды үйренеді.
Николай Александрович Зайцев - педагог- новатор, шығармашыл-педагог, академик. Ерте жастағы балаларды сауат ашуға үйретудегі жоғары нәтиже көрсететін технологияның авторы.
Н.А.Зайцев 1939 жылы Санкт Петербург қаласында дүниеге келген. Балабақшада тәрбиеші, жасөспірімдер колониясында, ақыл-ойы төмен балалар интернатында және орыс тілі мен шеті тілі мұғалімі боп қызмет еткен. Білім беру жүйесіндегі стандарттан тыс технология деген орталықтың негізін салушысы және басқарушысы. Ол ұлы педагог-новатор, Зайцев кубиктері немесе Зайцев текшелері атты еңбектің авторы.
Оның барлық еңбектері, әсіресе ең әйгілісі Зайцев текшелері еңбегінде - баланың дамуына, яғни денсаулығына, жақсы көңілде болуына бағытталған. Барлық материалдары ойын түрінде ұсынылғаны соншалықты, балалар үлкен қызығушылықпен бұл кубиктермен топ болып та және жеке болып та ойнайды. Зайцев текшелері - балалардың кіші жасынан бастап оқып үйренуге мүмкіндік береді. Комплект құрамына кубиктердің картон бөліктері, оны толыктырып отыратын басқада бөліктері, сабаққа арналған әдістемелік құралдары, буындарды әндете айтылатын аудио жазбалар. Зайцев текшелерінің тиімділігін әрбір елдің педагогтарымен бірлесе отырып тексерілген.
Зайцев бойынша оқыту - ойын арқылы оқыту деген. Еркіндік - сабақтың негізгі ережесі. Зайцев орталығындағы сабақта балалар секіріп, шулап, көп қозғалыс жасап жүре беруіне болады. Балалар көп қозғалады: таблицадан кубикке көшеді, кубиктен тақтаға қарай, шапалақтайды, аяқтарын топылдатады. Мұның барлығын жан дүниесімен жасайды. Бірақ жәй демалу үшін жасалатын сергіту сәті емес. Н.Зайцевтің айтуы бойынша, кез-келген ойынның негізі ізденіс пен өзіндік қалауды құрайды.
І. Менің тәжірибемнің маңызы оқу үдерісін өзара тұлға аралық және оқу іс-әрекеті арқылы баланың табиғи үлгідегі даму негізін құру болып табылады. Сондай-ақ, бала миының танымдық қуатын жан-жақты белсендіру. Мен өз тәжірибемде педагог-ғалым Н.А.Зайцевтің тұжырымына сүйендім. Ол тувалық балалардың орыс грамматикасын еркін оқу мен жазуға үйренуді қарқынды дамыту үшін осы технологияны пайдаланған. Ал, мен осы үлгіні қазақ балабақшаларының тәрбиеленушілерімен зерттеу жүргізіп көрдім. (Н.А.Зайцевтың технологиясының апробациясы)
ІІ. Жаңалық. Оқыту байланыстыру блокты пайдалану арқылы аналитико-синтетикалық әдіспен іске асады және көңілді әрі қызықты ойын түрінде өтеді.
Сауат ашу бойынша оқу материалы танымдық үдерісті дамыту құралы болып табылады.
ІІІ. Тәжірибенің артықшылығы - балалар сөзді бірден тасымалдау бойынша немесе толықтай оқып жаза бастауында. Әріптерді және оны құрастырып оқуды өз еркімен, тез және анық сенімді түрде есте сақтап қалады. Аз ғана уақыттың ішінде оқу мен жазуды жеделдетіп тіпті, қатесіз жазуға әдеттенгені байқалады. Тез оқып үйрену үшін дәстүрлі әдіске қарағанда, осы әдісті пайдалану тиімді. Енгізу мүмкіндігі: бастауыш мектептің әрбір мұғалімі және балабақшаның тәрбиешісі сәйкесінше теориялық және материалдық дайындығы болған жағдайда бұл тәжірибені пайдалануға болады.
Шығармашылық педагогика Академиясының академигі Н.А. Зайцев - бастапқы сауаттылықты ашу үшін текшенің көмегіне жүгінетін қарқынды оқыту әдістемесінің авторы, 20 ғасырдың 80 жылдарындағы оқып үйренуді, жалпы білім алуды 3-4 жастан бастап оқытатын жоғары нәтиже беретін математика және білім беру технологияларының авторы. Үш жасқа толмай тұрып баланы оқытуға тыйым салынады, ол үшін арнайы Жүріп үйренуден бұрын, оқып үйренуді іске асыру деп аталатын Тюленев әдістемесі әзірленген болатын. Сондай-ақ, онда міндетті түрде, арнайы жалпақ әліппе мен сан пайдаланылады.
Н.А.Зайцевтің технологиясының маңызы оқу үдерісінде бала миының танымдық қуатын жан-жақты белсендіре отырып, өзара қарым-қатынас және іс-әрекет арқылы баланың табиғи қалпын есепке ала отырып құрылатынында.
Н.А.Зайцевтың технологиясының мақсаты - баланы бес жасқа дейін оқуға және жүзге дейін санауға үйрету болып табылады.
Бүгінгі таңда, оқуды, жазуды және санауды меңгеру бойынша әдістерді толық әрі көлемді түрде өз ісінің шебері, питерлік айтулы педагог-новатор, Николай Александрович Зайцев әзірлеген болатын.
Н.А.Зайцевтың ойын баласының қалыпты қажеттілігіне негізделген (бұл - ең алдымен ойын, содан кейін көмек құралы дегенді білдіреді), барлық материалдық табиғи қалпын сақтауға, (сабақ кезінде балалардың көру қабілетінің нашарламауы, түзу отыруы, яғни омыртқасының қалыпты жағдайда сақталуы), берілген материалдың жүйелі түрде ұсынылуына негізделген басты және біршама танымал көмек құралы Зайцев текшелері болып табылады.
Зайцев әдістемесі бойынша - бұл ойын түрінде сабақ беру. Өзін еркін ұстау (балалар еденде отыра алады, спорттық құралдармен жаттыға алады және де бұл ісі мақтауға лайық) - іс-әрекеттің айрықша талабы болып табылады. Біз барлығымыз іс-әрекет үстінде балалардың тыныш отыратынына үйреніп қалғанбыз. Іс - әрекет кезінде балалар топ ішінде секіреді, жүгіреді, шулайды... Балалар көп қозғалады: кестеден текшеге, текшеден тақтаға көшіп жүреді, секіреді, шапалақ соғады, аяқпен жерді тарсылдатады. Және бұл әрекеттердің барлығы құмарлықпен, іске асырылады. Бірақ, бұл ойын тек демалыс, көңіл көтеру қана емес. Николай Зайцевтің бағамдауы бойынша әрбір ойын іс-әрекетінің негізі іздену мен таңдау болып табылады. Зайцевтің құрамалы кестесі мен текшелерімен жұмыс жасай отырып, бала үнемі ізденісте болады.
Балалар Ойнай жүріп оқып, сөздерді буынға бөліп, екпін қойып, сөздерге дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрастырып, санап, жазып үйренеді.
Екпін қояды
Екпін қояды
Жазып үйренеді
Жазып үйренеді
Сөздерді буынға бөледі
Сөздерді буынға бөледі
Зайцев текшелерін
қолдану нәтижесінде
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды
Санайды
Санайды
Сөйлем құрастырады
Сөйлем құрастырады
Мектепке дейінгі Зайцев текшелері бойынша оқу мен жазуға үйренген балалардың (2-3 ай бойы жылдамдыққа оқу және қатесіз жазу ) айтулы табыстарына қарамастан мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бұл жеткіліксіз еді. Логопедтер, дефектологтар, олигофренопедагогтар біраз жетістіктерге қол жеткізе отыра өз жұмыстарында пайдаланған, алайда, бұл мәлімет ешқашанда жалпыға мәлімделмеген еді, әдістемелік көмек құралдары болған жоқ, Зайцев әдістемесі логопедтер мен дефектологтар үшін ынғайландырылып, жүйеленген емес.
Зайцевтың әдістемесімен жұмыс жасай келе педагог өз алдына қойған балаларды оқу мен жазуға үйретуден басқа да мақсаттары мен міндеттерін нық қоя білу керек.
Технологияның негізгі мақсаттары:
::Мектепке дейінгі 5 жастағы баланы санауға,оқуға үйрету.
::Балаларға оқыту мен санаудың қатар жүргізілуі арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
::Фонемалық принципты қолданбау,бүктеу арқылы оқыту
::Балаларды өлең айту арқылы оқыту.
::Балаларды оқу арқылы жазуға үйрету
::Балалардың барлық есте сақтау түрлерін қолдану- дыбыстық, моторлық, кинестикалық,түстік
::Көрнекіліктерді кеңінен пайдалану, баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауы.
Текшелердің ерекшеліктері:
-12 түстер бойынша
-көлемі бойынша
-дыбыстық орындалуы
-салмақ бойынша
-вибрациялық толқу
-аудио жазбалар
-Дидактикалық безендіруі үнемі ауыстырылып отыруы.
Зайцев әдістемесі - бұл әрбір жастағы балаға қандай да бір қырынан ашылатын әмбебап жүйе болып табылады. Ол балалармен өмір сүру бізге қуаныш пен шығармашылық әкелетініне сенетін адамдар үшін әзірленген десе де болады.
Н.А.Зайцев бала миының абстрактылы-логикалық жағынан жетілмей қалуы көзге көрінбейтін шапшаңдық, көру, интуициялық қырынан бастау алатын импульстік қабылдауы арқылы жинақталатынын айрықша түсінді.
Зайцев текшелерімен ойын ойнау олардың сөйлеу мәнерін, баланың жеке тұлға ретіндегі ерекшелігін қосымша факторлар арқылы белсенді ашылуын жақсартады.
Н.А.Зайцевтің еңбегі - Құрастырма бойынша оқытып үйрету идеясын жүйелеп, текше ретінде жүзеге асырғандығы, бұл - оқыту әдістемесін бұдан да жеңіл әрі меңгеруге тиімді етті.
Бізге, педагогтарға, В.А.Сухомлинскийдің Табыс болса , демек, оқып, білім алуға да ынта бар. Әсіресе, бала өзінің қиындығын жеңе білмейтін, сәтсіздікті үлкен қиыншылық деп түсінетін оқудың алғашқы кезеңі - мектеп алды даярлық кезеңде баса назар аудару керек... дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Методики Н. Зайцева "Читай и пой" 2007 г.
2. Н. Зайцев Кубики Зайцева. Письмо. Чтение. Счет 2007 г.
3. В. Г. Дмитриева Академия раннего развития. Методика Николая Зайцева, или Учимся всему... 2007 г.
4. Методики Н. Зайцева "Пишу красиво" 2007 г.
Мектепке дейінгі балаларды Н.А.Зайцев ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz