Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг. Балалардың физикалық даму көрсеткіші және оны зерттеудің маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ПС 14. Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг.
1. Менеджмент пен маркетингтің жалпы түсінігі.
Менеджмент- халықтың бірлескен еңбегі нәтижесінде пайдалы әрі тиімді болатын еңбекті басқарудың табиғатын, себебі мен салдарын, факторы мен жағдайын зерттейтін ғылым. Менеджмент тәжірибелік шығармашылықта қолдануға болатын көптеген ғылыми әдістері бар және халықтың басқару үрдісінде мақсатты түрде бағыталған шығармашылықтың заңы мен заңдылықтарына, теорияларына сүйенетін басқару ғылымы. Оның құрамына: сандық есептеулер, коммуникациялық жүйелер, әртүрлі технологиялық мәселелердің шешімі, талдау әдісі және тағы басқалары кіреді.
Менеджменттің элементтері:
1. Мақсаты - денсаулық сақтау жүйесінің немесе медициналық мекемелердің тактикалық және стратегиялық міндеттерінің кепілді орындалуынан, ұжымдар мен жетекшілердің іс-әрекетінен күтілетін нәтижелер.
2. Адам қорлары - жетекшілер мен орындаушылар және олардың қойылған мақсатқа жетуді жүзеге асырудағы дайындығы мен жетістігінің, инттелектуалды потенциялының, дағдыларының, игеруінің, білімінің жиынтығы.
3. Материалдық қорлар - қаржылық мүмкіндіктер.
4. Медициналық-технологиялық қорлар - медициналық мекемелердегі мамандардың инновациялық, клиникалық, басқарушылық мүмкіндіктері.
5. Тиімді пайдалану - денсаулық сақтау жүйесіне немесе медициналық мекемелерге максималды пайдалы медициналық-технологиялық және материалдық, адами қорларды пайдалану.
Менеджмент - денсаулық сақтауда өзара байланыстылықты, оның жеке элементтерін анықтауды игеру және оны бірегей бүтін деп түсіну өнері болып табылады.. Ол, медициналық қызмет нарығы жоғары деңгейде қажеттілікті сезінетін бағытпен айналысатын медициналық мекемелердің қозғалысына алып келетін механизмдерді құруды игерумен қорытындыланады. Менеджмент - медициналық мекемелердің мақсатын жүзеге асыруға және олардың кәсіпкерлік қабілеттіліктерін жеке өмірлерінде толығымен қолдануына жағдай жасайтын адамдарға бағытталады. Өте қарапайым түрде, денсаулық сақтаудағы менеджмент дегеніміз - денсаулық сақтау үрдісін басқаруда мақсатқа жету үшін адамдық, материалдық және медициналық-технологиялық қорларды тиімді пайдалану.
"Маркетинг" (ағылшын тілінде - marketing) деген ұғымның негізінде нарық деген түсінік жатыр (ағылшын тілінде - market). Бұл түсінікті жалпы алғанда нарықтық іс-әрекеттерді жобалап пайымдайды.
Маркетинг - бұл өндірісті ұйымдастыру бойынша мамандардың халық қажеттілігін қанағаттандыруда алдын ала сұрастыру арқылы анықталған сұраныс және алдағы кірісті көздей отырып бағытталған, өнімді сату және қызметті жүзеге асыру бойынша жасалынатын кешенді іс-әрекеті. Маркетинг құрылымында ең маңызды элементі қажеттілік түсінігі болып табылады.
Маркетингтік іс-әрекет қамтамасыз етуі керек:
- белгілі бір сұраныс динамикасында және құрылымында сатып алушылардың таңдауы мен артық бағалайтын нарығы сенімді, қол жетімді, уақтылы, яғни фирмалардың қызмет жасауының сыртқа жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- бәсекелестердің тауарларына қарағанда, нарық талаптарын толығымен қамтамасыз ететін тауар түрлерін өндіруді;
- жүзеге асыруды максималды мүмкін қадағалаумен қамтамасыз ететін нарыққа, сұранысқа және тұтынушыға қажетті іс-әрекетпен қамтамасыз ету.
Маркетингтің мәні қысқаша айтқанда: тұтынушыларға және сұранысқа сәйкес өндіру. Маркетингтің негізінде бастапқы болып адам сұранысы мен қажеттілігі алға қойылады.
Маркетингтің мәнінен келесі ұстанымдар туындайды:
- өндіру-сату жұмысында соңғы тәжірибелік нәтижеге жету көзделеді. Нарықта тауарларды тиімді өткізу кәсіпорынның көздеген ұзақ мерзімді мақсатынада белгілі бір бөлшегін игеру мәніне сәйкес болуы;
- маркетингтік іс-әрекеттердің бағыттарын шешуде өткізудің, өндірудің және зерттеудің шоғырлануы;
- кәсіпорынның маркетингтік жұмысының ұзақ уақыттық нәтижесіне бағыттау. Бұл тауар нәтижесінің негізін өңдеу арқылы болжамды зерттеуге ерекше зейін қоюды талап етеді.
Маркетинг тұжырымы - нарықта сұранысқа ұсынылған және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
ҚР-дағы денсаулық сақтау сферасында маркетингтің дамуы
Алматы қаласындағы аудандық орталық аурухана
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Балалар мен жасөспірімдердің морфофункционалдық даму ерекшеліктері
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Денсаулық сақтау мәселелері
Медицинадағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен ерекшеліктері
Пәндер