Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелуі.

1. Лексикография ұғымы туралы түсінік.
2. Сөздік түрлерінің жіктелуі.

Қазіргі тіл білімінде лексикография - ғылым мен білім, техника, өнеркәсіп салаларының бәріне де қатысты, қолданым аясы өте кең пәндердің бірі. Қандай да болмасын ғылыми мәселе белгілі бір ұғымға анықтама беруден басталады. Лексикографияның теориясында да қарастырылатын алғашқы мәселе, лексикография ұғымына анықтама беру болып табылады. Ғалымдардың лексикография терминіне берген анықтамалары әртүрлі. Қазақ тіл білімінде аталмыш терминге Ғабдолла Қалиұлы екі түрлі анықтама береді:
1) сөздік жасаудың теориясы мен практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы;
2) белгілі бір тілдегі я ғылым саласындағы сөздіктердің жиынтығы - ретінде көрінеді.
Орыс тіл білімінде О.С.Ахманованың лингвистикалық терминдер сөздігінде: 1) сөздік түзу туралы ғылым; 2) тілдегі лексикаға сипаттама жасау ретінде сөздік түзу ісі; 3) тілдегі немесе білім саласындағы сөздіктер жиынтығы - деген анықтама беріледі. Кеңестік дәуірдегі екі тілді (аударма) лексикография теориясының негізін қалаған ғалым В.П.Берковтың пікірі бойынша, лексикография: 1) сөздік түзу ұстанымдарын зерттеумен айналысатын ғылым саласы, сөздік жасаудың теориясы; 2) сөздік түзу ісі; 3) тілдегі сөздіктердің жиынтығы; 4) елдегі сөздіктердің жиынтығы.
Профессор Байынқол Қалиев: Лексикография (грек. lexikos - сөз туралы, сөзге қатысты, grapho - жазамын) - қолданбалы тіл білімінің өз алдына бөлек, жетекші саласы. Ол сөздік жасаудың теориясы мен тәжірибесімен айналысады, олардың ғылыми ұстанымдарын (принциптерін) жасайды. Лексикография ұлт тілінің лексикалық байлығын жинастыру, оларды ретке келтіріп, жүйеге түсіру ісімен шұғылданатындықтан, ол жалпыхалықтық тілді байытады, әдеби тілдің нормасын қалыптастырады, тіл мәдениетін арттырады-деп анықтама береді. Жоғарыда келтірілген анықтамаларды қорытындылай келе, лексикография белгілі бір тілдегі лексиканы сипаттайтын, сөздік жасау ісін қарастыратын, тіл білімінің саласы және бір тілдегі сөздіктердің жиынтығы екенін көреміз. Лексикография сөздік түзу барысында тіл білімінің әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным салаларымен тікелей байланысты. Лексикография теориясы ұғымның, зат пен құбылыс атауларының мағыналарына түсінік беру жағынан семасиологиямен, тілдегі сөздік құрамның жиынтығы ретінде лексикологиямен, ғылыми апарат пен метатіл мәселелері жағынан логикамен, тіларалық коммуникацияға байланысты аударма теориясымен және басқа да көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Сөздіктер, бір жағынан, ғылыми өнім, екінші жағынан, ақпарат көзі, үшінші жағынан тілді үйрететін дидактикалық туынды болып саналады.
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы туралы сөз қылғанда түркі тілдеріне ортақ мұра 11 ғасырда Қараханидтер мемлекеті кезіндегі Орта Азия елдерінің сөйлеу тілі мен кейбір тайпалық одақ тілдерінің сипатын білдіретін Махмұд Қашқаридың Диуану лұғат ит-түрк сөздігін атаймыз. Сөздік 1073-74 жылдары жарық көрген. Бұл сөздікте Махмуд Қашқари түркі сөздерін араб тілінің морфологиялық ерекшеліктері негізінде топтастырғанмен, түркі тілдерінің өзіндік грамматикалық заңдылықтарына сүйене отырып, оның ішінде түркі сөздерінің буынға бөліну ерекшелігін басшылыққа алған.
Сөздікте түркі тайпаларының өмірі, этнонимдері, топонимдері, туысқандық ерекшеліктері, лауазымдары мен қызметтері т.т. қамтитын он мыңға жуық сөз, сөз тіркестері араб тіліне аударылып, жан-жақты талданған. М.Қашқаридің сөздігі түркі тілдері салыстырмалы грамматикасының, түркі тілдері лексикографиясының, түркі тілдері лексикологиясы мен грамматикасының негізін қалаушы, тіл тарихы үшін баға жетпес құндылық болып табылады.
Қазақ лексикологиясына қатысты тағы бір еңбек А.Д.Скалонның 1774 жылы жарық көрген "Русско-киргизский словарь" (С.Буличтің мәліметі бойынша "Русско-казахский словарь") сөздігі. Қолжазба түрінде құрастырылған бұл сөздікте қазақ тіліндегі сол кезеңдегі қоғамдық терминдер мен сөздер түзілген. Бұл құнды мұра сол кездегі Қазақстанды танып-білгісі келген орыс зиялыларының зерттеу жұмысына жәрдем тигізген. ХІХ ғасырдың басында А.С.Пушкин қазақ жеріне келіп, танымал әдеби мұраларды жинауға талпыныс жасады. Осындай мәдени саяхатшылар үшін қос тілді сөздіктер елеулі қызмет атқаруы мүмкін. Бұл уақыттың сөздіктері тек аудармамен шектеліп қоймай, грамматикалық түсініктемелерге де орын берген.
1861 жылы жарық көрген Н.И.Ильминскийдің Материалы к изучению киргизского (казахского) наречия еңбегі қазақ лексикография ғылымына қосылған құнды мұра саналады. Бұл еңбектің 162 беті орысша-қазақша сөздіктен тұрса, 35 беті қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасына арналған.
Белгілі түрколог В.В.Радловтың Опыт словаря тюркских наречий атты сөздігі фонетика, морфология, лексиканы зерттеуде теориялық дереккөз ретінде пайдаланылды. Жоғарыда аталған сөздіктермен қатар М.А.Машановтың Русско-киргизский словарь (1898), Ыбырай Алтынсариннің зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу мен жалғаулық, предлог, етістік және аударма үлгілері деген 8 бөлімнен тұратын "Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку" деген 1879 жарық көрген еңбегінде сөз таптарын атап көрсетіп, оларға қатысты сөздік ұсынады. Әрі қарай сөздердің синтагмалық қатынасын, тіркесімділігін сипатын ашады. Арасында әр тақырыпқа байланысты грамматикалық ережелер беріп отырады. Мысалы, Нәрселердің аттары [Зат есім], (Имя существительное) деген 1 бөлімді құдай бог, пайғамбар пророк деп бастап, заттардың орыс тіліндегі аудармасын беріп отырады. Кейбір жерінде таңқалдыратын тұстары да бар. Қазір біз ауызекі тілде қолданып жүрген сюртук сөзіне бешмент, бешмет деген балама берген. Бұл сөз Орысша-қазақша cөздікте сюртук. сюртук (ерлердердің ұзын етекті киімі) деп аударылады.
Қазақ тіл білімінде сөздік жасау ісі 20 ғасырдың екінші жартысында қарқынды дамыды.Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи лексикография
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылым негіздері
Сөз тіркесінің зерттелуі. «Суггестия» термині
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Топтастырушы сөздіктер
Сөз тарихы
Лексикография
Пәндер