ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ


ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Мукашева Асемгуль Темирхановна
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Арқалық, Қазақстан
Аннотация. В статье рассматриваются пути обеспечения коммуникативной компетенции у учащихся при обучении иностранному языку.
Ключевые слова: грамматикағ технология, коммуникатив
Annotation. The article considers the ways of providing of communicative skills in students in teaching of foreign language.
Әлемдік білім кеңістігіне енудің құндылығының бір міндеті - осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау «қарасты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды идеялармен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарт деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Ғылыми техникалық прогрестің жетілдіру кезеңінде қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретіндегі қажеттілігі - күннен күнге артып отыр. Ол қоғамның әлеуметтік - экономикалық, ғылыми техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда. Мұның өзі шетел тілін мектептерде негізгі пән ретінде оқытудың мәртебесін жоғарылатуда.
Ағылшын тілінен берілетін білімге деген мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай, мазмұнын анықтайтын олардың бойында іргелі білім негіздері мен оның қосымша бөліктерін өз бетімен танып білу дағдысына ие болуға, тілге деген қызығушылығын жетілдіре түсуге қажетті курс.
Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты оқушыларға шетел тілінде қарым - қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Шәкірттердің өз елінде басқа пәндерден, күнделікті өзін қоршаған ортадан, қоғамнан алған білім, білік дағдыларына қоса, басқа елдердің тыныс тіршілігінен хабардар болып, мағлұматтар алып, жеке бас тәжірибесін жетілдіре түсуге көмектесу. Шетел тілін үйрену арқылы оқушылар білім деңгейін көтеріп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ерекшілік пен ұқсастықты ажыратуға дағдыланады, өз пікірі қалыптасады, түрлі елдердің мәдениетін үйренеді.
Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жастарға ауызша және жазбаша өзара мәдени қарым - қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік мәдени білім, білік дағдылар енеді. Осы мақсатқа сай оқыту міндетті 2 үлкен бағыт бойынша белгіленеді: Танымдық бағыт, коммуникативтік, практикалық бағыт.
Сонымен қатар шетел тілін оқыту 2 үлкен курстан тұрады.
- Ауызша, кіріспе курс.
- Негізгі комплексті курс.
Ағылшын тілінің кіріспе бөлімі I тоқсан бойы өтіледі. Кіріспе бөлімінде оқушылар тек тыңдайды, сөйлейді. Бұл бөлімде оқу мен жазуға тек дайындық жасайды.
Ауызша курста оқушы тек өтілген жаңа лексика-грамматикалық материалдарды игеріп, ағылшын дыбыстарымен, әріптерімен танысады. Негізгі курс 3-ші, 4-ші тоқсанда басталады.
Бағдарламада берілген тақырыптар мен тілдік материалдар көлемінде оқушылар оқып отырған шетел тілінде өз ойын білдіре алуы, мәтіндердің мазмұнын сөздіксіз түсіне алуы тиіс. Яғни оқушыларды шетел тілінде тікелей және кітап арқылы жұмыс жасауға баулу керек.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыларды мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және сол мәтіннен түсінгенің қысқаша етіп қағазға жазып алу, т. б. осы сияқты әрекеттерге дағдыландыру көзделеді. Осыған орай грамматикалық тақырыптар «Why do we learn English Language? About Myself, My family» тақырыптарын қамтыдым. Мұндағы мақсат: Оқушының физиологиялық білімін арттыру, жалпы дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, рухани және эстетикалық көзқарасының, мінезінің қалыптасуына жан - жақты дамыған азамат болуына ықпал ету. Бағдарлама жасау жолында «Лист» баспасынан шыққан Т. Ю. Губареваның «Ағылшын тілінің грамматикасы», Алматы баспасынан шыққан Қ. Жаңабаевтың «Basic English» т. б. көптеген әдебиеттерді пайдаланамын. Сабақта көптеген дидактикалық материалдарды карточкалар, перфекарталар, тақырыптарға сай өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, мақал- мәтелдерді де үйретемін.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы бойынша «The World of Jobs», «The World of science», «Shopping, the World of money» тақырыптары бойынша тапсырмалар беремін.
1-ші деңгейлік тапсырмада білімнің минималдық шегі, стандарт талабына сай, бағдарлама мөлшерінен аспайтын тапсырмалар беріледі.
2-ші деңгейлік тапсырмада күрделі түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистикалық тапсырмалардың барлық түрлерінен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді.
3-ші деңгейлік тапсырмада оқушының шығармашылыққа деген мотивтерінің айқын көрсетуімен логикалық ойлау дәрежелерінің жоғары болуымен ісіне талдау жасай білуімен, белсенділігімен ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады, сұрақ қояды, талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді.
Танымдық іздену түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды. Түрлі топиктік тақырыптар бойынша дамыту технологиясын пайдалану арқылы баланың ауыз екі сөйлеу мәдениетінің сөздік қорының молаюын шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етемін. Жоғары сыныптарда өзім «Ағылшынша сөйлейміз» үйірмесінде оқушыларға қызықты ертегілер оқумен қатар, кроссвордтар, чайнвордтар, ребустар шешуді үйретемін. Сонымен қатар театрландырылған сабақтар өткізіп отырамын. Мұндағы мақсат: Оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, зерттеуге тұжырымдар жасауға баулу, диалог, монолог, жекелеген әңгімелер, рльді ойындар барысында сахналық көріністерде, сабақ процесінде ақыл - ойын дамыту арқылы адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар мен өз пәнімді ғылыми негізге сүйене отырып жүргізуге тырысамын.
«Қазақ-ағылшын мақал-мәтелдері», «Америка Құрама Штаттары», «Англия», «Қазақстан», «Австралия». Бұл кітапшалардағы сөздер, сөйлемдер балаларға күнделікті қолданып жүрген фразалармен берілген, сөйлеп түсінуге жеңіл. Тереңдетілген сынып болғандықтан, сабаққа қызықтырудың тағы бір жолы сабақтың көптеген түрлерін өту.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытты таңдаған балалар санының 40-50% аудармашылық мамандықты таңдаса, 15-20% ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығын, 10-15% заңгер т. б. мамандықтарды таңдады. Осыған орай, алдағы оқу жылында арнап қолданбалы курс бағдарламасын да дайындадым. Бағдарламадағы
грамматикалық тақырыптар: Word formation, Degrees of comparison, Adverb, Pronouns, The types of the questions, My friends, Hobbies, My week day т. б. Бұл тақырыптарды алудағы мақсат: оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту, оқу сөйлеу жазу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушының ауызша, жазбаша ойын еркін жеткізе білуді меңгерту. Сөйлеу мәнерін сөйлеуде, мәтінде, жазу жұмыстарында қолдана білу, мәтінге талдау жасай білуге дағдыландыру. Шетел тілінің пәнінің қолданбалы курсында түрлі жекеленген тақырыптар көмегімен тіл дамыту мақсатын ұстана отырып грамматикалық материалдарды да дұрыс меңгеру оны практикада іске асыру.
Алайда, кездесетін проблемалар да аз емес. Оқулықта берілген мәтіндерге жаңа сөздердің толық берілмеуі, грамматикалық материалдардың қысқа түрде берілуі, ауызекі сөйлеуге ықшамдалған тақырыптардың берілмеуі т. б.
Қорыта айтқанда, өзім сабақ беретін сыныптарда оқушы білімінің нәтижесін түрлі көрсеткіштер арқылы шығарып отырамын. Жеке тараулар бойынша мониторингтер, тоқсан нәтижесі бойынша бағалау рейтингтері (плакатты сызба) т. б.
Мұндай көрсеткіштер оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың дара тұлғалар болып қалыптасуына тілдік материалды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көмектеседі.
Лексика-грамматикалық, фонетикалық дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділік өз бетінше жұмыс істеуге қабілеттілігін көрсетіп, қорытынды жасауға дағдыланады.
Демек, мен сөзімді елбасының сөзімен аяқтар едім: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында екенін есте ұмытпайық ағайын» демекпін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz