І. ЖАНСҮГІРОВТІҢ ҚОЛБАЛА ПОЭМАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ӘӨЖ 82-1/-9

І. ЖАНСҮГІРОВТІҢ «ҚОЛБАЛА» ПОЭМАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жумабекова З. Б.

(І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ. )

Ілияс халық басынан өткерген қиын-қыстау кезеңді өзі өмір сүріп отырған заманмен ұштастырып, эпикалық поэма үлгісінде жырлаған бірден-бір ақын. Әдебиет жанрының қай саласында болмасан жемісті еңбек етсе де, ол ең біріншіден - эпик ақын. Оның эпикалық жанрдағы ізденістерінің сәтті жемісі алғашқы туындыларында-ақ көрініп тұр.

Ілиястың эпикалық поэмаларының алғашқы тобына жататын туындыларының бірі - «Қолбала» поэмасы. Поэманың жазылған нақты жылы жоқ. Бірақ Ілиястың қасында жүрген Ғ. Орманов былай деген: «Қолбала» дастаны Ілиястың тырнақалды шығармаларының бірі. Бұрын біздің орталық баспаларда жарияланбаған еңбек. Ақынның алғашқы шығармаларының бірі болса да, ақынның өзіндік өрісін айқын танытады. Журналда жариялау өте орынды деп білемін» [1, 265] .

Ілиястың кейінгі табылған туындыларын зерттеген ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор (доцент) Ш. Кыяхметова поэмаға қатысты жинаған дерек пен дәйекте үш дерек келтіреді. Сол деректері негізінде мынандай қорытынды жасайды: « . . . поэма 1920 жылға дейін жазылған. Естіген, көрген-білгендерін хатқа түсіре беретін ақынның қасиеті елге мәлім. Неге ақын бұл дастанын кезінде жарияламады? Басты себеп - дастанды тұңғыш жазғандықтан «қалай болады» деп тосырқауы немесе «қайта кіріп, пісіріп барып ұсынамын» деген асықпауы емес. Басты себеп - әпербақан заманнан аяғын тартуынан. І. Жансүгіров өз кейіпкерлерінің тағдырын бастан кешуі ғажап емес болатын» [2, 357] .

Ал поэманың өмірге келуін жора-жолдастары Ғ. Ормановтың сөзінен келтірген: « . . . Қайнардың Қангелді деген табынан шыққан асқан бір сұлу қыз болды. Ағамыз оған өлердей ғашық еді. Қыздың сотқар ағалары Ілиясты ауылға жолатпай, ақырында қарындастарын басқа біреуге ұзатып тынады. Ақынның «Қолбала» поэмасы осы сәтте туған еді» [1, 265] . Деректерді саралай келе, жоғарыда 1919 жылы жазылған «Құсбегінің айналасында» поэмасының алдында «Қолбала» поэмасы жазылуы мүмкін екенін көріп отырмыз.

Бұл поэма Ілияс Жансүгіровтің жинақтарының ешбіріне әлі енбеген. Себебі поэма 1964 жылы ақынның жерлесінің аузынан жазылып алынғаннан кейін жерігілікті газетке басылып, кейіннен толық мәтіні газет-журналдарда жарияланады. Поэманың жалпы көлемі - 188 жол.

«Ілияс Жансүгіров - қазақ өлеңінің көшбасшыларының бірі. Көп дауысты, алуан сазды қазақ поэзиясының хорының ішінен Ілиястың дауысы айқын да асқақ естіледі» [3, 92], - деп ақын С. Мәуленов айтпақшы, өзі әнші, өзі ақын Ілиясты Қолбаланың тағдыры бей-жай қалдыруы мүмкін емес еді. Оның әншілікті жоғары бағалаған, әділдікті ту еткен, өнерді киесіндей бағалағанына куә - «Қолбала» поэмасы.

«Қолбала» поэмасында Қолбаланың өзі, Солтанбайдың үш баласы: Қангелді, Тасубай, Жайнақ, көріпкел - Байтан, Шінәсіл, Әбдібай, Тұрсын, Тәшен, Қысымбай және Әшекей, Демболсын, Мылжың атты кейіпкерлер бар. Соңғыларының туындыда бейнелері ашылмаған. Бірақ кейіпкерлердің есімдері кімнің кім екенін, туындыда қандай рөл атқаратынын айқындап тұрғандай. Олардың поэмада атқаратын қызметтеріне орай тиісті есімдер беру - ақынның шеберлігі.

Автордың поэма арқылы айтатын ойы, көздеген нысанасы, алтын арқауы басты кейіпкер - Қолбала арқылы толығымен ашылған. Қолбалаға қазақ әдеби тілінің сөздігінде төмендегідей анықтама беріледі: «Қолбала зат. 1. Көне. Кісі үйінде тұрып, барып кел, алып келге жұмсалатын бала, көмекші. 2. Саят. Қолдан баулынған, әбден үйретілген саят құсы [4, 727] .

Көркем шындықтың ақиқаттығына сендіретін, иландыратын нәрсе характер сомдай білу екендігі белгілі. Ілияс характерді есімдері арқылы шебер көрсете білгені көрініп тұр. Оған басты кейіпкердің өзі дәлел. Жоғарыда көрсетілген анықтамаға сәйкес автор есімінің шынайы мән-мағынасын өлең сөзбен аша түседі:

«Ақылсыз азаматы аусар ала,

Сәлсіз пысық, даңғойлау келер жаңа.

Осылардың ішінде бірге өсіпті,

Қаракөз, аққұбаша жетім бала» [5, 27] . Қолбала есімінің бірден-бір анықтамасы жетім екенін айқындап көрсеткен автор сонымен бірге оның бет-бейнесін сипаттайды. Кейінгі шумақтарда көркем бейнеге тән барлық ерекшеліктер тізбектеледі:

«Қолбала өсіп-жетті, болды түрлі,

Қып-қызыл қырғи қабақ, қыр мұрынды.

Бас-аяғы балғадай жігіт екен,

Дөңгелек, орта бойлы, жауырынды» [5, 27] . Сырт келбеті мінсіз жігіттің рухани дүниесі де түгел болатыны белгілі. Оны Ілияс сәтті жалғай түскен:

«Ақ жүрекпен, әділдікпен болған абыз,

Салалы салмағы бар, іші сағыз.

Өзі әнші, өзі өлеңші жігіт екен,

Әніне таңқалғандай, тыңдасаңыз» [5, 27] .

Ілиястың өлең-жырға әуестігін, ақындықты, әншілікті жоғары бағалағанын, өнер тақырыбына жиі барғанын біз білеміз. Өзі әнші, өзі ақын Ілиясты Қолбала тағдыры бей-жай қалдырмағаны ақиқат [6, 265] . Сондықтан жігіттің өнерін де барынша ашып көрсеткен:

«Өлеңді айтатұғын жөні келсе,

Іркіліп, тоқтамаушы еді айтшы десе.

Кейде ашты, кейде баяу даусын толғап,

Құбылтар ән аяғын әлденеше» [5, 27], - дей келе ары қарай жалғай түседі:

«Майда тіл, маңдайдағы болды шешен,

Кең ойлы, кішіпейіл, мінезі әсем» [5, 27], - деп оның өнермен ұштасқан көркем мінезіне тоқталады.

Қолбала әділдікті ту еткен, айтқанынан қайтпайтын азамат. Ілияс оның бойына ер жігітке тән барлық қасиеттер жинақтап қойған:

«Қажымас қарсы жауға біткен жігер,

Татуға табылмайтын бір аяулы ер.

Жасынан көңіліне жазған екен,

Бой тартып, арамдықтан жиіркенер» [5, 27] .

Әдетте көркем шығарма авторлары көркем бейненің өзіндік ішкі толғанысын, ой-пікірін кейіпкердің сөздері арқылы келтіреді. Бұл әдісті Ілияс осы поэмасында пайдаланған. Қолбаланың жамандыққа жаны қас екенін сипаттайтын сөздері кейіпкердің өз сөзі арқылы мына түрде беріледі:

«Қазақтың қастық қылып, малын жесең,

Тұрғанда сіңіртпеймін мен осында!» [5, 27] .

Ілияс «Қолбала» поэмасында басты кейіпкер арқылы өнерді дәріптеп, өмірдің әділетсіз тұстарын да көрсете білген. «Қолбала» поэмасының о баста арқалаған басты тақырыбы көркем бейне арқылы ұтымды шыққан. Автор Қолбаланың жанды образын, тұтас характерін жасай алған.

Кейіпкер бейнесін сомдауда ақын ең алдымен қаһармандарының атқаратын қызметтеріне орай тиісті есім берді дедік. Сол кейіпкерлердің бірі - Қангелді. Аталған есімдегі «қан» атты түбір сөз ауыспалы мағынада қолданылғанда көбіне негативті мағынаны білдіреді. Мысалы, қанмен жуды - өшпенділікті өліммен қайтарды, қан қақсатты - зар еңіретті, қан қылды - қырып-жойды, т. б. Ал туындының басында осы «қанның» өмірге «келгенінен» бастайды: «Туыпты Қангелдісі қан уыстап» [5, 26] . Тарих шежіресінен білетініміздей, қолына қан уыстап туған ұлы әмірші Шыңғысхан болатын. Қангелді әлемді билеген Ұлы моңғол империясының билеушісіндей елді билемесе де, өз жұртын зар еңіретеді:

«Шықпаған қой дейтұғын ақылды да,

Күндіз-түн кептірмеген тақымды да.

Жанши басып жарлыны, жауша шауып,

Жылатқан жапсар елді, жақынды да» [5, 27] .

«Кемені қалай атасаң, солай жүзеді» демекші, Қангелдінің өзі ғана емес, ұрпақтары да сол күйінде ұры болып қалғанын автор поэманы соңында аяқтайды:

«Сол Қангелді мұрасы әлі де ұры,

Тоқтататын кісі жоқ, қой деп мұны» [5, 30] .

Поэмадағы кейіпкерлерді негізінен екі топқа бөліп қарастыруымызға болады: ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлер. Шығармадағы кейіпкерлерді осындай екі топқа топтастыру жайында З. Қабдолов былай дейді: « . . . образдарды дәл осылай топтастырудың өзі аса ірі эстетикалық сауаттан немесе талғам мен талаптан туған нәрсе емес», - дей келе: « . . . осынау жағымды, жағымсыз деген ұғымның өзі ерсі. Образ дегенді біз тірі адам деп ұғар болсақ, ойлап қараңыз, өмірдегі адам атаулының бәрін жағымды, жағымсыз дегендей ап-анық екі топқа, дәлірек айтқанда, екі сортқа бөлуге бола ма?» [4, 121], - деп, бір образды толығымен бір топқа жатқызуға қарсы шығады. Бұл қазіргі өмірдегідей, адамның бір нашар қылығы үшін бірден жаман адамдардың қатарына жатқызуға болмайтын сияқты ұғым.

Бірақ біздің бұл жерде айтқымыз келген дүние мүлдем басқа. Поэмада жағымды образды сомдайтындардың көш басында Қолбала тұрса, жағымсыз образ кейпіндегілердің бастаушысы болып Қангелді тұр. Яғни туындыда бір-біріне қарама-қарсы кейіпкерлерді алу арқылы Ілияс адамзат баласына дұрыс жол мен бұрыс жолды көрсетіп, олардың мәнісін терең әрі нанымды ашқан деп есептейміз.

«Қолбала» поэмасы 46 шумақтан тұрады. 36 шумағы қара өлең ұйқасына /ааба/ құралған болса, 5 шумағы шұбыртпалы ұйқасты //, қалғандары кезекті ұйқасты /абва/, /абва/ құрайды. Олардың арасында /аббб/ ерікті ұйқасында келген бір шумақ бар. Он бір буынды өлең үш-төрт бунақтан құралған. Ақындар көп қолдана бермейтін шұбыртпалы ұйқасты Ілияс бұл поэмада бір оқиғаны суреттеу барысында оқырманды кейінгі оқиғаны күттіру мақсатында пайдаланған сыңайлы. Шұбырта қолданған бұл жолдар көсемшенің жұрнақтары арқылы және шылаулар арқылы жасалған. Өлең жолдарын оқыған сайын тұйықталып, келесі жолға түсіп отырасың. Қатар келген үшеуіне зер салайық:

«Қолбала жалғыз болды, өзгесі көп,

Көп біріксе көзіне салмай ма шөп.

Күнде кеңес қылады тісін қайрап,

«Күн көрмедік, осыны қайтеміз?» деп.

. . . Қолбала жалғыз бір күн келе жатып,

Қалыпты ат үстінде қабақ қатып.

Түсінде кілең қатын қастық қылып,

Көп итке талатып жүр қамалатып.

Қалмады үрейі ұшып, терге батып,

Ыстық жасы көзінен кетті атып.

Дірілдеп, еті суып, қаны қашып,

Атының басын бұра алды тартып . . . » [5, 28] . Шұбыртпалы ұйқаспен берілген шумақтарда фразеологизмдер қатары көп.

Фразеологизмдер - тіл деп аталатын қасиетті дүниенің аса бай қазынасы. Ол тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі болып табылады. Фразеологизмдер жеке сөздермен салыстырғанда көріктеуіш құрал ретінде жұмсалатын бейнелі, экспрессивті, эмоционалды мәнге ие [7, 30] . Кез келген шығармада фразеологизмдерді қолдану арқылы оның әсерлілігін, көркемдігін арттыруға болады.

Поэмада пайдаланылған «көзіне шөп салмай ма шөп» инверсия тәсілімен жасалған фразеологизм (негізі дұрысы: көзіне шөп салды) жақын деген адамға қара пиғылын көрсетті [8, 146] деген мағынаны береді және бұл тұрақты тіркес ерлі-зайыптылар арасында, яғни ер адам мен әйел адам арасында ғана қолданылады. Ал берілген поэманың шумағында фразеологизмнің ер адамдар арасында қолданылуы адамды өлтіру, көзін құрту, опасыздық жасау мағынасында қолданылып, оның негізгі мағынасына жанама мағына үстеп тұр.

Келесі «кеңес қылды» ақылдасты, әңгімелесті, әңгіме қылып баяндады [8, 138], «тісін қайрау» ыза болды, кектенді [8, 296], «күн көрмедік», сөздікте «күн көру» тіршілік етті, өмір сүру, күнелтті [8, 161] мағынасына қарама-қарсы, «қабақ қату» шаршап-шалдықты, қажыды, ренжіді [8, 166], «қастық қылды» жаманшылық жасады [8, 185], «үрейі ұшу» қорқу [9, 76], «қаны қашты» 1. қуарды, өңі бозғылт тартты. 2. үрейленді. [8, 170] «атының басын бұра алды тартып», сөздікте «ат басын бұрды» бұрылды, бағытын өзгертті [8, 34] деген мағыналарды береді.

Шұбыртпалы ұйқасқа құрылған бұл шумақтарда фразеологизмдермен қатар ауыспалы мағынадағы сөздердің көп қолданылғанын көріп отырмыз. Әрбір тілдік құралды орнымен әрі шебер қолданған ақын өлең жолдарына ерекше бояу қолдана білген. Поэмада фразеологизмдер бұнымен шектелмейді.

«Тойға жүр, деп ап шығып, өлтірейік, -

Десіп сөзді байлады қудың бәрі» [5, 29]

«Іші-бауыры елжіреп , әлі құрып,

Қолынан әйелінің сусын ішті» [5, 29]

Бейнелеу тәсілінің жоғары үлгілерін көрсету мақсатында уәде жасады, мәміле өтті [33, 257] мағынасында «сөз байлады», жақсы көрді, мейірі түсе жақсы көрді [33, 324] мағынасында «іші-бауыры елжіреді» деген тіркестерді қолданып, өлең жолдарын өрнектей білген.

«Қолбалада» тіл байлығын молайтуда теңеу мен эпитеттердің орны бөлек. Басты кейіпкерді суреттеу барысында дәстүрлі -дай, -дей жұрнақтары арқылы «Бас-аяғы балғадай жігіт екен» [5, 27] метафоралық теңеумен, ал салыстыру мағынасында қолданылатын -ша, -ше жұрнақтары арқылы «Қаракөз, аққұбаша жетім бала» [5, 27] эпитеттік теңеумен суреттейді. Ал «Қып-қызыл қырғи қабақ, қыр мұрынды» ; «Дөңгелек, орта бойлы, жауырынды» ; « Майда тіл, маңдайдағы болды шешен, Кең ойлы, кішіпейіл, мінезі әсем» [5, 27] эпитеттері кейіпкердің тұлға-тұрпатын ғана емес, ішкі дүниесін де көрсете білген.

«Өңі сұр, үңірек көз жауың бар, - деп,

Тасубай мен Жайнақтың түсін тапты» [5, 28] жолдарындағы эпитеттер арқылы екі кейіпкердің үрей тудыратыны бірден көз алдымызға елестейді.

«Қисық ауыз Демболсын Мылжыңменен,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы
І. Жансүгіров лирикасы
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Ілияс Жансүгіровтың поэмаларының көркемдік ерекшеліктері
І. Жансүгіровтың Құлагер поэмасын инновациялық әдіс арқылы оқыту
І. Жансүгіровтің шығармашылығы
Ілияс жансүгіров және сөз өнері
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Ілияс Жансүгіров шығармалары
І.Жансүгіров поэмаларындағы драматизм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz