аңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І тарау. Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны ... ... ... 3
1.1. Деңгейлеп оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Жобалап оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Модульдік оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.4. Дамыта оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ІІ тарау. Бастауыш сыныптарда жаңа технологиялық әдістерді пайдалану
2.1. Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың кәсіби шеберліктерін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... 25
2.2.Қазақ тілі сабағында қолданылатын инновациялық технологиялар түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.3 Оқытудың озық технологиялары туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ..39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Кіріспе
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, - делінген Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында.Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жаңартулар оқу - тәрбие жұмыстарының бағыт-бағдарының заман талабына сай жасалуын міндеттейді.
Жұмыстың көкейкестілігі: ХХІ ғасыр - жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бурдон - бір мақсат оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өз бетінше әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өмірге өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу. Мұғалімнің шеберлігінің негізі көрсеткіштерінің бірі - әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру, игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметіне пайдалана білу, мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен сабақпен байланысты.
Тақырыпты таңдау себебі: Бүгінгі күні мемелекеттік тілді оқытудың әдіс тәсілдеріне аса зор көңіл бөлінуде екені бәрімізге белгілі. Оның үстіне келешек маман ретінде ұстаздық жұмысты бастамас бұрын өз мамандығымды жете білу мақсатында жаңа технологиялық әдістерді зерттеп білу қажет деген талап мемлекеттік тілді меңгертуде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары деген тақырыпты таңдауыма себеп болды.
Жұмыстың мақсаты: Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда, білім алушының тұлғалық одамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялар пайда болуда. Диплом жұмысының мақсаты жаңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету болып табылады, зерттеу объектісі ретінде жаңа технологиялық әдістерге байланысты теориялық және практикалық материалдар, В.Давыдовтың, А.Зайцевтың, Ф. Оразбаеваның, Е. Сармановтың, Б. Тұрғынбаева, т.б. еңбектері, Қазақ тілі және әдебиеті, Қазақ тілі және әдебиеті орыс мектебінде журналдары алынды, диплом жұмысында мынадай ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: сипаттама әдісі, талдау - жинақтау әдісі. Диплом жұмысының құрылысы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
І тарау. Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі - білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, іс - тәжірибеге енуде. Жаңа технологияларды қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына жан - жақты білім алуына белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметіне қарай келесі кесте ұсынылады. Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым - қатынас педагогикасын көші. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: мұғалім - оқушы, оқушы - мұғалім, оқушы - оқушы, оқушы да субъект, мұғалім де субъект, оқушының жеке басына ізгілік қарым қатынас; оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым қатынас. Білім беруді ізгілендіру технологиясы. Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
1.1.Деңгейлеп оқыту технологиясы
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой - тұжырымдардағы гуманизм идеялары,еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды. Мектептің педагогикалық құрылымда негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы. Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы оқытудың деңгейлік жүйесі оқушылаға ғылым негізін меңгертудің негізі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқулықтардың жаңа технологиясының бірі - жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бuліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік - теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік - психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Қазіргі базалық білім беру - жеткілікті білімнің төменгі шегі. Бұлар оқытудың деңгейіне сәкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі. Оқушыны деңгейіне бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Бұл технологияда бірінші орында оқушы туралы және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударады. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше, ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмыстарға баулиды, қиялын, ойын ұштайды.
Оқушының білімді меңгеру сатысы:
1.Шығармашылық;
2.Эвристикалық;
3.Алгоритмдік;
4.Оқушылық деңгей;
Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту үшін:
1.Өз бетінше тапсырма беру (тарихи есептер, логикалық есептер)
2.Тарихи мағлұматтарға байланысты рефераттар қорғау.
Осы айтылғандарды ескере отырып, оқушыларды математиканы оқуға ынталандыратын және математикалық қабілетін дамытатын тарихи есеп-
терді пайдалану арқылы, деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық білім сапасын арттыруға болады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушылардың есте сақтау қабілеті жақсарып, өз эмоциясын өзі басқара білетіні, зейіннің тұрақтылығы, ой- лауы дамитыны байқалады. Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Бірінші деңгейден бастау алған сuйлесу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын кuрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.Танымдық - іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды іздеп өз бетімен орындайды. Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізу оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін салмақтың артуы басты себеп болды. Деңгейлеп оқыту - оқытылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:
1. Денгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Денгейлеп оқыту әртүрлі катигориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Денгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш денгеий қарастырылады: ең төменгі денгей (минималды базалық), бағдарламамалық, күрделенген денгей.
Базалық денгей-мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы менгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірбесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтежелі болу үшін.
Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
Психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара білуіне); Пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып,көңіл бөлу керек.
Проблемалық оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен іздеуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда, оқушының белсенділігін арттыру оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе; оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерту; - оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстыру. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы мынаны көздейді: білім, білік, дағдыны қалыптастыруды; - барлық баланы оқытуды; оқытуды жеделдету, үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тірек сигналдарын қолдануды; тек бағдарды қарым - қатынас, ықпал; ізгілік еркімен оқытуды; - әр оқушының жобасының жариялығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасауды; оқыту мен тәрбиенің бірлігін. Түсіндіре оза оқыту технологиясы. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілік саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңуге, тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озатты, сосын орташаны, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады. Бірте - бірте толық дербестікке жету, сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек ынтымақтастық қарым - қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі, білім, білік, дағдыны дамытып меңгерту; түсіндіруді қабылдау. Міндетті нәтижелерге негізделген деңгей саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағдыны меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкін деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушыларды әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес ыңғайлау. Білімінің базалык деңгейі барлық оқушылар үшін міндеттілік оқушыларға берілген тапсырманың сараланып, тапсырма оқушының күші жететіндей жайлы қолайлы болуы шарт. Бағдарламалық оқыту технологиясы. Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізі оқытушылық тиімділігін арттыру, баланың жақсы қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаның оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген. Оқытудың компьютерлік технологиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастырып және қатынас қабілетін дамыту, жеке баланы ақпараттық қоғамға даярлау. Мұнда оқушының тікелей компьютермен қатынасу арқылы орындалады. Яғни баланың жақын қасиетттеріне қарай компьютерге бейім информатикамен есептеу технологиясының негізгі ұғымдарын білу, т.б. Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту. Аталмыш бағдарламның, ерекшелігі ішкі құрылымында. Құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғанысы кезеңде түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйрену не үйренгенін саралап салмақтап, оны қандай жағдайда, қаншалықты керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім жолына қайта қарап өзгерістер енгізді. Өздігінен дамыту технологиясы. Баланы жан - жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала саласында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи жасанды емес болуы керек, сонда бала өзін - өзі дамытады. Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге мына менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер деуіне жету. Баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі - оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Онда оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Мектепте сабақ болмайды, әр күн жалпы жиыннан басталады. Жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы білім алушылардың даму деңгейінің біркелкі болмауынан, олардың жеке қабілеттерінің әртүрлі болуынан топта үлгермеушілер мен оқу үздіктері пайда болады. Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, тексеру, бағалау кезінде деңгейлеп, саралап оқытуды ұйымдастыруы тиіс. Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С- үш деңгейге бөлуді ұсынады.
А- бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді. В - бағдарламасын орындамас бұрын А бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті. В бағдарламасы қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.
С-бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығармашылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Өз білімімен мәселелер шешуде оқушыға оның логикалықойлауын дамытатын мәліметтер беріп оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады. Оқушыға өзін қосымша жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді. А- бағдарламасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес келеді. В- бағдарламасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді. С- бағдарламасы қосымша оқу - әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады. Әр пәндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының өзімен ойласа отырып жүргізілед. Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады. Бірінші -- тақырыпты жалпы талдау сабақтары ( оларды лекциялар деп атайды ). Екінші -- қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы. Мұндай сабақтар бірнеше рет 3-5 дейін өткізіледі. Үшінші - қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары. Төртінші -- материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары ( оларды тақырыпты қорғау сабақтары деп те атайды ).
Бесінші -- пратикум сабақтар. Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық топтық және жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық стандарт деңгейінде оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылардың біліміндегі ақаулықтарды жою үшін олармен сыныптан тыс жеке жұмыстар жүргізуге тура келеді. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады. Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары; түсіндіру, бекіту, тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс.
Кезеңдер, мұғалімнің іс - әрекеті, оқушының іс - әрекеті, диагностикалық кезең, оқушылардың білім деңгейін диагностикалау, мұғаліммен бірлесе отырып оқу деңгейін таңдау, оқушыларды топқа бөлу, әр деңгей үшін оқу мазмұны мен қойылатын нақты талаптарды айқындау, топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу, оқытуды іске асыру, мұғалімнің материалды оқу топтарын беруі өзінің оқу іс - әрекетін ұйымдастыруы. Білімді меңгерту нәтижесін бағалау Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау ( Кері байланыстың дұрыс орнатылуы ). Нәтижелері бойынша өзара және өзін - өзі бағылауды жүзеге асыру Деңгейлеп оқыту технологиясының басты артықшылығы:
- әрбір оқушының даму деңгейіне сай оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ететіндігі болып табылады; деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Топтарға бөлуде оқушылардың даму ерекшеліктерін қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау, т.б. ескеру керек; Мұғалім әрбір топ үшін талаптардың ара жігі айқындалған нақты жүйелерін құрып ұсынып отыруы тиіс. Оқушылар біліміндегі ақаулықтарды жоюға бағытталған жұмыстар уақтылы жүргізіліп отырылғаны жен.
1.2. Жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей. Ол жоралау әдісі туралы былай дейді:
-оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба ( проект ) ұсынылуы тиіс.
- жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі; - оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді;
- ұжымда жұмыс істеп үйренеді; зерттеу біліктерін ( проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау ) меңгереді; оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды. Жобалап оқыту технологиясының объектілері нақты өмірден алынған практикалық маңызы бар жобаға енуі тиіс. Осындай қолдануға мысал ретінде бір болуы ықтимал жоба келтірейік.
Жоба тақырыбы: Келкент көлі Зерттелетін тақырыпқа жақын оқу пәндері: экология, сызу, экономика, гоеграфия, әдебиет, информатика.
Жобаның мақсат: Көлдің экономикалық жағдайын зерттеу.
Жобаның міндеттері: 1.Оқушыларды өз бетінше ақпарат жинауға үйрету. 2.Социологиялық сұраулар жүргізу. 3. Экологиялық проблемаға талдау жасау. 4. Экономикалық талдау жасау. 5. Жоба тақырыбы бойынша балаларды жеке және өзгелермен бірлесе жұмыс істеуге үйрету.
Жобалап оқыту технологиясы педагогикалық технология оқыту проблемаларын, тәрбиелеу мәселелерін шешуді технологияландыру мәселесінің туындауына байланысты соңғы кезде өмірге келді. Қазіргі кезде оқыту теориясындағы технологиялық қатынас, технология, педагогикалық технология, оқыту технологиясы, тәрбие технологиясы, ойын технологиясы т.б. ұғымдарды бір-бірінен ажыратып, жеке-дара қарастырудың қажеттілігі туындап отыр.
Педагогикалық технология - дара тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған өзара байланысты процестер [1, 9]. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік жоспары, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай, оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда. Бүгінде елімізде білім беру ошақтарында 50-ден астам педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан жазылған зерттеулерді арқауы етіп, оларды оқыту үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен отандық ғалымдар: Д.М.Жүсіпбалиева, Б.Ә.Әбдікәрімұлы, М.С.Мәлібекова, Г.Қ.Нұрғалиева, Қ.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева т.б. өз зерттеулерінде қарастырған, педагогикалық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін нақтылау қажеттілігін айқындай түсуде.Осындай жаңа технологиялардың бірі - жобалап оқыту технологиясы. Жобалау - proicere деген латын сөзі. Бұл сөз жоспарлау, дайындау сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі" - деп тұжырымдайды Хилпатрик [2, 50].
Сонымен қатар танымдық прагматизм философиясының өкілі Девей жобалық жұмыстың ғылыми және саяси концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау әдісін ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге қатысты философия ретінде бағалады. Осыған байланысты Килпатрак жобаны әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен шыққан мақсатты әрекет ретінде қарастырады [1, 11].
Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің байланысын жоба десе, Б.Отто жалпы сабақтардың концепциясында басты рөлді сұхбат алады дегенді айтады. Кершенштайнер (1968) еңбек мектебінен жобалау идеяларын немесе осы бағытта дамуды байқауға болатынын тұжырымдады [2, 52].
1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В.Килпатриктің ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады десе, ал Д.Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады [1, 13-15]. Демек, жобалау идеясы, жобалау әдісі ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды. Жоғарыда айтылғандай, жобалау әдісі Еуропада ХХ ғасырдың басында басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі қазақ тілі әдістемесінде соңғы жылдары ғана қолданыла бастады.
Жобалап оқыту технологиясы ТМД елдерінің оқыту жүйесінде де кең өріс алып жатқаны белгілі. Жобалап оқыту технологиясының теориялық алғаш негіздеген Ресей ғалымдарынан В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В. Кузьмина т.б. ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәтижесінде, сонымен қоса Е.Н.Ильина, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов т.с.с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде қарастырылған.
Қазақ тілін оқыту үдерісінде оқыту технологияларын жаңа қырынан қарастырған, оларды таңдап, талғап қолданудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін арнайы зерттеген жұмыстар қатарында Ф.Оразбаеваның коммуникативтік технологиясын, М.Жанпейісованың модульдік технологиясын, Қ.Қадашеваның жаңғырта оқыту технологиясын, Р.Шаханованың мамандыққа бейімдеп оқыту технологиясын, З.Бейсембаева мен К.Жақсылықованың модульдік технологияларын, Н.Құрманованың дамыта оқыту технологиясын, Н.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясын, белсенді оқыту әдістерін зерттеген Ж.Сүлейменова мен Ә.Әлметованың сұхбаттық оқыту технологиясын, А.Жапбаровтың, А.Қыдыршаевтың, Ж.Дәулетбекованың сөз мәдениетін меңгертумен, шешендікті қалыптастырумен байланысты жаңа технологияларға қатысты қағидалары көрсетілген еңбектерін атауға болады [3, 36-37]. Әйтсе де, бұл зерттеулерде жобалау технологиясы туралы пікірлердің тым аз қамтылғаны, кейде үстірт қана аталып кеткені байқалады.
Жобалап оқыту технологиясы - кредиттік оқу жүйесінің талабына сай, қазақ тілін үйренуге қазіргі заман тұрғысынан қойылып отырған міндеттерге жауап бере алатын, бүгінгі күн үдерісін толық ақтай алатын оқыту жүйесі [4, 39]. Яғни, жобалап оқыту технологиясының негізгі тірегі - өз бетімен белсенді істер атқаратын студенттің өзіндік ізденісіне, олардың өзін-өзі танытуына, танымдық-практикалық қабілеттерін жүзеге асыруына қажетті мүмкіндіктер.
Ш.Д.Абдиева: "жобалау әдісі - студент пен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады" - десе [4, 43], ғалым А.А.Сатбекова: "жобалау әдісі арқылы қазақ тілін оқыту - студенттердің репродуктивтік оқу әрекеттерін біртіндеп имитациялық әрекеттерге көтеру арқылы қазақ тілінің заңдылықтарын және қазақ тілінің бай қорында жинақталған ұлттық мәдени мол мұраны студенттің ішкі құндылықтар жүйесіне енгізудің тиімді жолы" - деп тұжырымдаған [5, 49].
Яғни, жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу.
Демек, жобалап оқыту технологиясын қолданып, проблемалық тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын ғылыми дәлелдеудегі мұндай оқу ынтымақтастығын тудыратын топтық жұмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі мол. Ә.Қисымова, Т.Увалиева ғалымдардың зерттеп, зерделеулерінің нәтижесінже жаңа кезеңде жобалай оқыту технологиясын қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқыту жүйесі ретінде таңдап алудың бірнеше себептері жүйеленді.
Біріншіден, бұл технология - кредиттік оқу жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндігі мол технология. Кредиттік оқу жүйесінде студенттің өз бетімен орындайтын жұмысына басымдылық беріледі. Ол оқытушының басшылығымен және өз бетімен орындайтын жұмыс деп бөлінеді. Осы тұрғыдан қарағанда, жобалай оқыту технологиясы мен кредиттік оқу жүйесінің өзара бірлігі айқын байқалады.
Екіншіден, жобалай оқыту технологиясының философиялық, гуманистік, психологиялық мүмкіндіктері студенттің жеке тұлғасын дамытуға бағытталады. Өз бетімен қазақ тілі бойынша берілетін түрлі жобаларды қазақ тілінде орындау барысында студент білім іздеудің өзіндік сүрлеуін қалыптастырады және ол сүрлеу студенттің өмір бойғы білім алуы дағдыларын дамытады.
Үшіншіден, бұл технологияның артықшылығы - жоба жұмысын орындау арқылы студент өздігінен шешім жасауға үйренеді, жобаның орындау логикасын анықтайды. Cтудент тілді меңгеру үдерісінде қазақ тілін оқып-білудің негізгі әрі белсенді субъектісіне айналады.
Төртіншіден, бұл технология студенттің білім деңгейін дамытуға көмектеседі, себебі ол өз бетінше әрекетке түсіп, ізденеді.
Бесіншіден, бұл технология бойынша студент тақырыпты өзі таңдауына мүмкіндік алады.
Алтыншыдан,жобалау технологиясы оқытушыға да, студентке де жұмысына, ғылыми дәлелдемелеріне қанағаттану сезімін, яғни эгофакторлық сенім ұялатады [6, 63-65].
Сонымен қатар, жобалай оқыту технологиясы аясында оқушылардың сөйлесім әрекеттерін жетілдіруде профессор Ф.Оразбаеваның тілдік қатынастың бір бүтін тұлғасы болып табылатын мәтін адамдардың қарым-қатынасын іс жүзіне асыратын материал ретінде және өзара түсінісу, пікірлесу, ойды жеткізу тұлғалары түрінде зерттеледі деген пікірі басшылыққа алынды [3, 90]. Өйткені мәтін сөйлесім әрекетімен, қатысым әдісімен, олардың қолданылу қағидаларымен тығыз байланыста болады. Мәтін - ойлау, хабарлау, баяндау, қабылдау, пайымдау құбылыстарымен байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық жүйелі тұлға. Мәтінмен жұмыс жоғарыда айтылған қатысымдық бірліктерді өзара тығыз байланыста қолдануға мүмкіндік береді.
Жобалап оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертудің ережесі мынадай: тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол оқушының қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалап оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Сонымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны нәтижесінде дәлелдеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме, диаграммалар пайдаланылады; талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы қажет; жобаны қорғау жұптық (диада), үштік (триада) және топтық шеңберде орындалуы қажет [1, 22]. Осындай жұмыс тобын құру тілдік тұлғаның қазақ тілін жетік меңгеруге және шығармашылық белсенділігін тудыруға, топ мүшелерінің өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Т.Әбдікәрім сөзімен айтқанда "жобалар әдісінің негізіне жоба ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады" [6, 65].
Сондай-ақ, қазақ тілін оқыту технологияларын қолдану арқылы студенттер білімінің сапасын көтеру үдерісі - оқыту технологияларының сапасын, студенттердің сол технология бойынша қазақ тілінен алған білімінің сапасын, қазақ тілін үйретуші оқытушылардың шығармашылық жұмысының сапасын, қазақ тілін үйрету әдістерінің сапасын танытатын, анықтайтын ерекше дидактикалық үдеріс. Қазақ тілін жобалай оқыту технологиясының сапасы оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді [5, 50].
Қорыта айтқанда, жобалау әдісі - қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі болып табылады. Жобалап оқыту технологиясын қолданатын педагогикалық үдерістегі - оқу қызметтері, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқытудың формасы мен техникалық құралдары тілдің лингвистикалық негіздерімен байланыста қаралады.
1.3.Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясында оқушы өзінше мақсатты жеке бағдарламамен ( толық немесе бөлімдерімен ) оқитындай етіп оқыту процесін өзгертеді, қайта құрады. Модульдік оқытудың өзегі - оқу модулі. Оқу модулі дегеніміз не екенін нақты анықтап алуымыз керек. Ол: 1) ақпараттардың аяқталған блогынан; 2) оқушы іс - әрекетінің мақсатты бағдарламасынан; 3) бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады. Модульдік оқыту - білім мазмұны. Білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдісі мен тәсілдері бойынша өзге тәсілдерге қарағанда ерекшеліктері бар. Бұл технологияның өзгелерден ерекшелігі мынадай: 1.Оқу мазмұны қойылған мақсатқа сәйкес меңгерілетін жекеленген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып онда оқылатын мазмұн көлемі мен меңгеру деңгейі анықталады. 2.Оқушы мұғалімнен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады. Жазбаша нұсқаулар әрбір модуль үшін құрылады. 3. Мұғалімнің оқушылармен қарым қатынас түрі өзгереді. Ол ақыл беруші мен орындаушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асады. 4. Оқушы уақытының кебінде өз бетінше жұмыс атқарады. Ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға және бағалауға үйренеді. 5.Модульдік оқытудың басты мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Ол оқушының жүйелі түрде жүргізілетін белсенді іс - әрекетіне негізделген. Оқушының әркезде ғана емес жүйелі іс - әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі. Сондықтан Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары мұғалімнің дайындаған тапсырмалары оқушыларды оқу мақсатына бағыттайтын, жетелейтін болуы керек. Мұғалім балалардың өзін - өзі бақылау және бағалау жүйесін құрып, сол арқылы рефлексивті оқу процесі жүруіне ықпал етуі тиіс. 7. Модульдік технология дамыта оқыту идеясын пайдаланады. Егер оқушы тапсырманы өзгелердің көмегін пайдаланып орындаса ол өзінің жақын даму аймағында деп есептелед. Бұған баланың психикасы дамиды, ертең ол тапсырманы өзі орындаса оқушы актуальді даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады. 8. Модульдік технология бағдарламалап оқыту идеясын да пайдаланады. Бағдарламалап оқытудың оқушының өз бетінше жұмыс істеуі, нәтижелерді салыстыру, өзін - өзі бақылау сияқты элементтері модуль әдісінде де қолданылады. Мұғалім мен оқушының іс - әрекетінің жүйесі 1Сыныптағы оқу мазмұнын модульдер жинағы түрінде құр. Әрбір модульдік бағдарламаға ат беріледі. Содан соң кешенді дидактикалық мақсат анықталады, онда алған білімнің оқушының дамуына , білімі мен біліктілігіне әсері көрсетіледі. 2.Әр блоктағы міндетті оқу көлеміне сәйкес келетін негізгі мазмұн, бағытты анықтау. Анықталған әрбір модуль үшін үш деңгейдегі дидактикалық мақсат анықталады, сөйтіп модульдер жүйесі қалыптасады. 4.Әр оқушының мүмкіндіктеріне, бейіміне қарай технологиялық карта жасалады. Онда пәнаралық байланыс, қиын меңгерілетін тақырыптар және оқушының қиындықты жеңу жолдарын көрсетіледі. 5.Оқушылардың дайындығын анықтайтын алдыңғы бақылау тапсырмалары беріледі. 6.Оқу элементтері құрылады. Оқу элементтеріне мақсат қою, оқушылардың іс - әрекет алгоритмі, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бақылау және түзету тапсырмалары кіреді. 7.Оқу және дидактикалық материалдар жеңіл, түсінікті, нақты, мәнерлі, диалогты түрде түсіндіріледі. 8.Тапсырмалардың орындалу барысын қорытындылайтын модуль элементі резюме толтырылады. Соңғы бақылау тапсырмалары құрылады, ол модуль мазмұнын меңгеру деңгейін анықтайды. Модульді құрастырудың қадамдары оқушылардың білімді меңгеру процесін бақылау және басқару үшін кері байланыстың маңызы үлкен. Сондықтан ағымдағы және аралық бақылауларды уақытылы жүргізіп отыру керек. Модуль құрылымы сабақтың типіне сәйкес болады. Сыныптағы курс көлеміне кешенді дидактикалық (КДМ), ал модуль көлемінде кіріктірілген, интеграциялық (КИДМ) мақсат, ал сабақ үшін жеке дидактикалық мақсат (жДМ) қойылады. Модуль құрудың қадамдары мынадай: 1.Модульдің кіріктірілген мақсатын анықтау. 2.Сабақтың типіне қарай оқу элементтеріне бөлу. 3.Әрбір оқу элементтерінің мақсатын анықтау. 4.Әрбір оқу элементтерінің мазмұнын анықтау. Оқушыларға берілетін кеңестер мен нұсқауларды анықтау. Оқу элементтерін былай құру керек. Оқу элементтері тапсырмаларда көрсетілген оқу материалдары мұғалім кеңесі оқушыларға арналған тапсырмаларға қойылатын талаптар: мазмұны мен танымдық дейгейі сараланған, проблеманы қойып, оны шешуге бағытталған, білімді игеру механизмін көрсететін және қайталау материалын қосатын (таблица , құрастыру , салыстырмалы мінездеме беру) болуы тиіс және ол модуль мақсатымен кіріктіріледі. Оқушының іс - әрекеті оның жақын даму аймағынан өтеді де, баланың өзін - өзі басқаруына бағыттайды, қарым қатынас дағдысын қалыптастырады, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, әр сабақта оқушының рефлексивті қабілетін жүзеге асырады. Атап айтатын жағдай сол: Мұғалімнің іс әрекеті түбегейлі өзгереді. Оның негізгі мақсаты - модульдік бағдарламаны, модульдерді құру. Сабақта ол ұйымдастырады, үйлестіреді, кеңес береді, бақылайды, модульдік оқытудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқытуды рефлексивті жүйеге түсіреді. Бір блокты меңгеруде мұғалім жұмысын келтірейік. 1.Балаларды оқу мақсатымен таныстыру. 2.Сыныпты берілген тарау бойынша жоспармен таныстыру. 3.Мұғалімнің материалды көбіне баяндау түрінде оқыту. 4.Диагностикалық тест бойынша ағымдағы тексеруді өткізу. 5.Тексеру бойынша тарауды толық меңгерген оқушыларды анықтау. 6.Тарауды толық меңгермеген оқушылармен түзету оқуларын жүргізу. 7.Диагоностикалық тест жүргізіп түзету нәтижесін тексеру. Модульдік оқыту технологиясында мынадай қиындықтар болуы мүмкін:
- оқушылардың өз бетінше оқуға дайындық деңгейі төмен болуы мүмкін;
- уақыт тапшылығы туындап берілген уақытта материалды оқып үйренуге оқушылар үлгермеуі мүмкін, қолданылатын терминдер: модуль - бір жүйенің ажыратылатын, өзінше дербес бөлігі, Джон Локк. Рефлекция дегеніміз ақылдың өз әрекетіне бақылау жасауы - деген анықтама берген. М.Жанпейісова ұсынған Ақтөбе облысында сыналған педагогикалық технологияның мазмұны төмендегідей: 1.Жалпы оқу мақсатын қою. 2.Жалпы тұжырымдалған мақсатты анықтау. 3.Оқушылардың білім деңгейін алын ала анықтау. 4.Жедел кері әсер негізінде оқыту үдерісіне түзетулер енгізу. 5.Нәтижені бағалау. Осындай құрылыстағы блоктардан тұратын оқу процесі модульдік сипат алады. Алдыңғы жалпы модульдік оқу технологиясынан М.Жанпейісова нұсқасының ерекшелігі сол, мұнда балаларды оқуға ұмтылдыру емес, жеке танымдық әркеттерін ұйымдастыру, оқу поцесіне диалогтық қатынас негезінде құру көзделген. Мысалы, бір блокты меңгеруде мұғалімнің жұмысы мынадай болады: 1.Балаларды оқу мақсатымен таныстыру. 2.Мазмұны жағынан маңызды тақырыппен және тарау бойынша құрылған блоктармен оқушыларды таныстыру. 3.Мұғалім сызба, кесте қолдана отырып матариалды қысқаша баяндайды. Оқушыларды зерттеуге іздеуге жетелейді. 4.Диалогтық қарым - қатынас негезінде оқушылардың танымтық іс - әрекетін ұйымдастыру. Оқушылардың іс - әрекет нітижесін бағалау. 5.Оқу материалына бірнеше рет орала отырып тарауды аяқтау. Өтілген тарау бойынша тестілеу жүргізу. 6.Үш деңгейлік жүйемен дайындалған билеттер бойынша зачет, бақылау жұмысы, сын жұмысын өткізу. Модульді үш бөлімнен тұрады деп қарастыруға болады. 1.Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа ену) 2. Диалог , сұқбат арқылы оқушылардың танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру бөлімі. 3.Қорытынды бөлім (бақылау жұмыстары) Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты. М.Жанпейісова жүргізген зерттеулер 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі өте тиімді екендігін көрсетті. Кіріспе бөлімге 1-2 сабақ, қорытынды бөлімге 2-3 сабақ, қалғаны түгелдей сұқбат бөліміне беріледі. Бұл әрбір оқушының білімді меңгеру, дайындық деңгейіне қарай оқу материалын үш деңгейде қарастыру қажеттігінен туындаған. Мысалы, мұғалім 9 сағатқа арнап оқу модулін құрса, 1 сағат - кіріспе бөліміне, 2 сағат - қорытынды бөліміне, сағат - сұқбат бөліміне бөлінеді. Осы сұқбат бөлімінде сыныптағы 4-7 баладан тұратын топтарға бөліп, олардың өзара әрекетін ұйымдастыру керек. Мұғалім бұл жерде ынталандырушы ретінде болады. Мұғалімнің алдын ала дайындық жұмыстары келесі түрде болады: 1.Тарау немесе блок бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдыны анықтау. Модульдегі негізгі ұғымды бөліп көрсету. 2.Тақырып бойынша тірек - сызбаларды салу. 3.Тексеру бөлімі үшін оқу модулінің бүкіл мазмұны бойынша 15-20 тапсырмадан тұратын тест құрастыру. Зачет немесе бақылау жұмысы үшін модуль бойынша сұрақтар мн тапсырмалар блогын құрастыру. 4.Диалогтық сұқбат бөлімі 3 деңгейдегі өз бетінше жұмысқа арналған тапсырмаларды бүкіл сынып үшін дайындау. Модульдің әр бөлімінде пайдаланатын әдістемелер 1.Кіріспе бөлімінде Л.Фридман келесі іс әрекеттерді ұсынады: 1.Проблемалық ситуация тудыру. 2. Негізгі оқу міндетін анықтау. 3.Өзін - өзі бақылау және бағалау. 4.Жұмыс жоспарын жасау және талқылау. 2.Диалогтық, сұқбат бөлімі. Бұл бөлімде сабақтарды өткізудің әртүрлі түрлері қолданылады. Оқытылатын оқу материалының мазмұнына қарай жеңіл деңгейдегі тапсырмалар, орта деңгейдегі және қиын деңгейдегі зерттеу элементтері бар барынша күрделенген тапсырмаларды әр оқушы үшін алдын ала дайындап қою керек. Көтерілген мәселе бойынша пікір алмасуды ұйымдастыру педагогикалық тәжірибеде кеңінен белгілі. Мысалы, дөңгелек стол, форум, симпозиум, британдық дебат, аквариум техникасы сияқты көптеген пікір алмасулар белгілі. Мұғалім пікірталастың өзі қалған кез келген түрін алады. 3.Оқу модулінің қорытынды бөлімі. Оқу модулінің қорытынды бөлімінде бірінші міндетте тест, екінші мұғалімнің қалауы бойынша бақылау жұмысы алынады. Оқушылардың оқу білігі оқыту жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру ерекшеліктері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz