in vitro әдісімен (ficus carica l. ) інжірдің жедел таралу технологиясын жетілдіру және нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

in vitro әдісімен ( ficus carica l. ) інжірдің жедел таралу технологиясын жетілдіру және нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу

Абишев Анвар Абдурашитұлы

Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Биология кафедрасының магистранты

Мақала жарияланбаған

Түйіндеме:

Бұл мақалада мектеп оқушыларына МКТУ ботаникалық бағында өсетін інжір көшеттерімен және де лабораторияда жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен, көбею ерекшеліктерінің әдістемесін мектеп оқу жүйесіне қосу жұмыстары қарастырылған.

Оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында бірнеше рет ботаникалық бақта экскурсиялар ұйымдастырылады. Ботаникалық баққа экскурсия барысында оқушылармен бірге інжір ағаштарының ерекшеліктерімен танысып, ұрықтарын егу және қалемше арқылы көбейту, оларды отырғызу жұмыстары жүргізіледі. ficus carica l. -ды көбейту барысында вегетативті көбейту әдісі және сыртқы ортаның абиотикалық факторларынан қорғау үшін арнайы МКТУ биотехнологиялық лабараториясында in vitro әдісі қолданылды.

in vitro әдісімен көбейтудің теориялық және практикалық технологиясы оқушыларға түсіндірілді. Зерттеу жұмысының тиімділігін анықтау үшін мектеп оқушыларға өзіндік жұмыс және өзін өзі бағалау әдістері қолданылды. Оқушылардың өзін бағалауы және өзіндік жұмыстары нәтижесінде оқушылардың жерсіндірілген қайың ағаштарының көбеюін түсінгені анықталды, сонымен бірге ботаникалық бақта зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында оқушылардың ерекше қызығушылық танытқаны анықталды.

Зерттеу нәтижелерін мектепте мұғалімдердің ғылыми-жоба жұмыстарын орындау жұмыстарында қолдануға болады, болашақта осы бағытта жүргізілетін ғылыми ізденіс жұмыстарына арқау болады. Және де ғылыми оқыту әдістемесін биолог мамандар өз оқу процестерінде сонымен қатар оқушылармен бірге жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстары кезінде пайдалана алады.

Кілт сөздер: IN VITRO әдісі, інжір тұқымдасы, әдістеме, мектеп оқушылары, лабораториялық жұмыстар, жедел таралу технологиясы, ботаникалық бақ.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мен оның жеміс шаруашылығы саласында, сондай-ақ тағам және оны өңдеу өндірісінде жеміс дақылдарының өнімділігі мен өндірісін тиімді тәсілдер арқылы арттырудың аса қажеттілігі туындап отыр.

Экологиялық жағдайдың нашарлауы мен бау егіп өсіруді қарқындандыру жағдайында өсімдіктердің барынша мол өнім беретін жаңа сорттарын өсіру маңызды болып отыр. Сондай-ақ осы мақсатты жүзеге асыру барысында биотехнологиялық әдістәсілдерді қолданып, олардың генетикалық ресурстарын сақтаудың тиімді технологиясын сақтау мұнан да маңызды болып табылады. Бұл әдіс-тәсілдерді бау егіп өсіру барысында қолдану көшеттің морфогенетикалық жағдайын көтеріп қана қоймай, шаруашылық тұрғыдан бағалы артықшылықтары бар, жаңа, ортаның жайсыз жағдайларына төзімді сорттарды өсіруді тездетеді.

In vitro жағдайында өсірген өсімдік клеткалары табиғи өсімдікке тән биосинтездік қасиетін сақтайды, сондықтан оларды экономикалық маңызы бар заттарды өндіру үшін пайдалануға болады. Сөйтіп, өсімдік клеткаларын өнеркәсіпті технологияларда қолданудың әр түрлі жолдары бар. Маңызды заттарды синтездеумен қатар оларды тағы биотрансформацияға, яғни арзан заттарды басқа бағалы заттарға айналдыру үшін пайдаланады.

Fіcus carіca - тұт тұқымдасына жататын субтропиктік жеміс ағашы. Жерорта теңізі жағалауында, Кіші Азия түбегінде, Иранда, Солт. Батыс Үндістанда, Кавказ сыртында, Орта Азия елдерінде жабайы түрлері, ТМД елдерінде (Әзірбайжан, Грузия, Армения), Ресейде (Краснодар өлкесі, Қырым), Орта Азия елдерінде қолдан отырғызылған түрлері өседі. Қазақстан аумағында бұл түрдің аз популяциясы Жоңғар, Іле, Кетмен- Теріскей, Қыргыз және Талас Алатауында, Сырдария Қаратауында кездеседі.

Әдебиет деректері бойынша індірдің жабайы өсетін түрлерінің екінші реттік метаболиттері әртүрлі биологиялык әсерлер (бактерияларға карсы, қабынуға карсы, т. б. ) көрсетеді. Соңғы жылдары інжір туысы өкілдерінен алынған биологиялық белсенді заттардың ісікке карсы, антимутагенді және антиоксидантты қасиеттері кеңінен зерттелуде. Фармацевтикада інжіржің биологиялық белсенділіктері негізінде әртүрлі дәрілік препараттар (көзге арналған тамшылар, тұнбалар, т. б. ) дайындайды. [1]

Сирек, бағалы өсімдік түрлерінің генофондын сактау мәселелерін шешуде соңғы онжылдықта дәстүрлі тәсілдер мен заманауи биотехнологиялык қүралдарды қатар қолданатын кешенді қадамдар, соның ішінде бағалы генотиптерді табиғи популяциясына елеулі зиян келтірмей көп мөлшерде өсіруге, олардың in vitro үлгілерінің кор банктерін жасауға және өсімдіктің бактерия, саңырауқұлақ инфекцияларынан тазартылған отырғызылатын біріншілік материалын алуға мүмкіндік беретін микроклонды көбейту тәсілі қолданылады.

in vitro көбейту тәсілінің жасалуы белгілі бір ғылыми және практикалық қызығушылыққа ие Інжір Fіcus carіca сирек түрінің гермоплазмасын сақтауға және оның табиғи популяциясын калпына келтіруге тиімді қүрал ретінде қолданылуы мүмкін.

Жүмыстың мақсаты мен міндеттері:

Жұмыстың мақсаты - Інжір Fіcus carіca эндемик түрін микроклонды көбейтудің тәсілін жасау және оның кейбір фитохимиялық ерекшеліктерін зерттеу және інжір ағашының көшеттерін жедел өсіру технологиясын зерттей отырып, нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру және оның тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу

Жүмыстың міндеттері:

Қойылған мақсатқа жету үшін жүмыстың келесі міндеттері қойылады:

  • ІнжірFіcus carіcaәртүрлі экспланттарыныңin vitroрегенерациялық қабілеттіліктерін бағалау;
  • Лабораториялық жағдайда өсіруде морфогенез және регенерация заңдылықтарын анықтау;
  • ІнжірдіңFіcus carіcain vitroсомалык эмбриогенезінің морфогистологиялык ерекшеліктерін зерттеу;
  • Жаңа көшеттер алу үшінin vitroөсіру жағдайларын оптимизациялау;
  • ІнжірFіcus carіcaөсімдігінің әртүрлі бөліктеріндегі биологиялык белсенді заттардың негізгі топтарының қүрамына фитохимиялық талдау;

ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ

Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде ең бірінші In vitro әдісі қолданылады. I n vitro бұл организмнен тыс, пробирка ішінде, қоректік ортада немесе кез-келген басқа жасанды ортада жүзеге асырылатын әдіс. Көптеген эксперименттер денеден тыс өткізіледі және ағзаларға, тіндерге, жасушаларға, жасушалық компоненттерге, белоктарға және / немесе биомолекулаларға бағытталған.

Енді осы әдіспен өсірілген інжір өсімдігінің технологиясы оқу үдерісіне енгізіліп, оқушыларға түсіндіріледі. Жалпы оқушыларға бұл технологияны түсіндірудің бірнеше әдістері мен этаптары бар.

Ең бірінші, оқушыларға теориялық білім беріледі. Яғни, олар өсімдікті өз көздерімен көрмей тұрып інжір өсімдігі және In vitro әдісімен танысады.

Әдісті таңдау кезінде сабақтың мақсаты, оқытылатын материалдың мазмұны ескеріледі. Мысалы, морфологиялық құбылыстарды түсіну бақылауды талап етсе, физиологиялық және экологиялық құбылыстарды түсіну бақылауды да, тәжірбиені де, экспериментті де талап етеді. Сол себепті оқушылармен жұмыс жасауда бірнеше әдістер қолданылады.

Теориялық білімнен кейін оқушылармен лаборатория бөлмелеріне барып өсімдіктің In vitro әдісімен қалай өсіп жатқанын көріп бақылаймыз. Бақылау шамамен 2-3 апта жүргізіледі.

Бақылау біткеннен кейін оқушылар жетекшінің көмегімен өздері осы технология бойынша інжір өсімдігін өсіре бастайды.

НӘТИЖЕЛЕР, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ

Інжір Fіcus carіca экспланттарын in vitro жағдайына енгізу және олардың морфогенетикалық қабілеттерін бағалау

Кез-келген өсімдіктің in vitro регенерациясы үшін бастапқы эксплантты дұрыс таңдау маңызды. Бірінші кезекте інжірдің Fіcus carіca гүлдеу кезеңінде жиналын алынған гүлінің әртүрлі бөліктері (жатын, аналық мойыны, тозаң), жапырақ кескіндері асептикалық жағдайға енгізіліп, олардың морфогенетикалық қабілеттіліктері бағаланды.

Інжірдің жерасты бөлігінің контаминация дәрежесінің жоғары болуына байланысты инфекциялардан таза дақылдарды алу, олардың коректік ортада тіршілік кабілетінің сакталуын, экспланттың жылдам өсуін қамтамасыз ету үшін оны залалсыздандырып, бірақ оған зиян келтірмейтін залалсыздандырғыш затты таңдау маңызды болып табылды. Осыған байланысты өсімдікті залалсыздандыруға әртүрлі залалсыздандырғыш заттар мен қатаң залалсыздандыру режимдері қолданылды. Пиязтүйнектерді залалсыздандырудың жалпы 6 режимі қолданылды және олардың экспланттардың тіршілік кабілеттілігіне әсері кестеде көрсетілген.

Саңырауқұлақ жэне бактериялык зақымданулар экспланттарды дақыл жағдайына енгізген соң дереу емес, асептикалык жағдайда өсірудің 20-25 күнінде байқалды. Бұл бастапкы отырғызу материалында ішкі инфекцияның болуын көрсетеді.

Залалсыздандыруға қолданылған 6 режимнің тек бір режимінде ғана экспланттарды бактериялық жэне саңырауқұлақ экспланттарынан тазарту мүмкін болды. Саңырауқүлактарға карсы «Максим» препаратында 4-5 сағат; 70% этил спиртінде 3 минут ұстау; 0, 15% сулема ерітіндісінде 13 минут өңдеу біріншілік экспланттардың залалсыздандырылуының жоғары деңгейін көрсететіні анықталды. Бұл режимді колдану кезінде экспланттардың 30%-да бактериялык және саңыраукұлақ инфекциялары байқалған жоқ және өсірудің келесі кезеңдерінде экспланттар тіршілік қабілеттілікгерін сақтады. Осылайша інжір экспланттарын in vitro жағдайына енгізу үшін оларды залалсыздандыру режимі оптимизацияланды.

C:\Users\user\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\Снимывапроок.jpg

Залалсыздандырудан кейін ламинар-бокс асептикалық жағдайында әр өркенді залалсыздандырылған Петри табақшаларына қойып жанама бүршіктерімен және/немесе жанама бүршіктерінсіз көлемі 0, 5-1 см болатын 4-5 бөлікке бөлінді. Оқшауланған экспланттарды залалсыздандырылған қоректік орталар құйылған дақыл өсіретін ыдыстарға (мажент) отырғызады және 16-сағаттық фотопериод, 60% ылғалдылық, 22-24 С температура параметрлі тұрақты жарық бөлмеде өсіреді. Экспланттардың тіршілік қабілетін апта сайын визуальды бақылайды және олардың өсуі мен дамуы бақыланады.

Қоректік орта

Мурасиге және Скуг қоректік ортасы негізгі орта ретінде қолданылды. Өсімдік регенерациясына әкелетін морфогенездің таңдалған типіне (тікелей немесе жанама) байланысты қоректік ортаның әртүрлі гормондық құрамы қолданылды. Тыныштық күйдегі жанама бүршіктердің өсуін активтендіру үшін 1, 5-2, 0 мг/л концентрацияда БАП цитокинині және 0, 5 мг/л НСҚ ауксині үйлесімдері немесе 6 мг/л БАП қосылған МС қоректік орталары пайдаланылады. Сабақ апекстері қалыптасатын морфогенді каллустар алу үшін 2 мг/л БАП және 0, 5 мг/л 2, 4-Д қосылған МС ортасы қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. Комменсалдар. Даралардың және популяцияның ассосациялануы. Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану жайында
Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері
Картоптың негізгі вирус аурулары
Розмарин қышқылының фармакологиялық белсенділігі
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері
Бидайдың гаплоидты технологиясы зерттеу
Тау-сағыз (Scorzonera tau-saghyz) өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері. Культивирленетін өсімдік клеткаларынан каучукты(изопреноид) бөліп алу әдістері
Экобиотехнология пәнінен дәрістер жинағы
Биотехнология саласында жеміс дақылдарын инновациялық зерттеу
Стевия өсімдігін тиімді көбейту әдісін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz