Ежелгі түркі өркениетінің ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Балтабай Меруерт ШТ 19-3(Н)

11. Ежелгі түркі өркениетінің ерекшелігі

1. Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері.

2. Сақ, скиф, массагет, ғұндардың көшпелілік мәдениеті.

3. Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдері.

4. Ежелгі түркі өркениеті және онархаикалық мәдениет

1. Архаикалық мәдениет

Архаикалық мәдениет - адамзат мәдениетінің бастамасы болып табылады. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2, 5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.

Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік гылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос» - көне, «литое» - тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит) . Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2, 5-2, 6 миллион жылдай бұрын басталып, біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.

Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі - б. з. б 1-2 миллион жыл мен біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші - көне тас дәуірінің орта кезеңі біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдан біздің заманымаздан бұрынғы 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі - көне тас ғасырының соңғы кезеңі - бұл біздің заманымаздан бұрынғы 400 мыңыншы жылдан - 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды.

Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады. Енді кейінгі палеолит дәуірі мәдениетінің әр кезеңдерде қандай өзгерістерге ұшырағандығын қысқаша қарастырып көрейік.

Перигорд кезі (35-20 мың жыл) . Орта палеолиттен кейін іле-шала басталған бұл дәуірдің басты ескерткіштері мынандай: шеттері өңделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары және тағы басқалары Бастапқы Перигорд кезеңінде салынған бейнелер кездеспейді, бірақ оның есесіне әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Кейінгі Перигорд кезеңінде тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды.

Ориньяк кезі (30-19 мың жыл) . Бұл дәуірде адамдар мекендеген үңгірлердің қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қолдардың таңбаларын кездестіреміз. Демек, алғашқы қауым адамы өз ізін таста қалдыруға, өзін мәңгі, әрі көрнекі етіп көрсетуге, өзінің өмір сүргендігін болашақ ұрпаққа жеткізгісі келген сияқты. Палеолит дәуірінің үңгірлерінен ерінге жағатын қызыл бояулар салынған ыдыстар табылған. Қауым адамдары гримге қажетті бет бояуларының 17 түрін білген және оларды түрлі діни мейрамдарда пайдаланатын болған. Ориньяк дәуірі адамдарының көркемдік тәжірибесі онша бай емес, бірақ соған қарамастан олар бейнелеу өнерінің қыр-сырын игеруге талпыныстар жасады. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы туындылары «Венералар» деп аталды. Ол кезде әйел қауымның бүкіл тұрмыс-тіршілігін басқарған және туыстық жағын да әйелдер айқындайтын матриархаттың, яғни ана тегінің үстем кезі болатын. Әмірші ана ұрпақтың есен-саулығы мен оның өмір тіршілігінің сарқылмас қайнар көзі болып саналады. Палеолит әйелдерінің («Венераларының») 150-ден астам мүсіндер дүние жүзінің эр елдерінде, оның ішінде Италияда, Австралияда, Чехияда, Ресейде табылған. Олардың басым көпшілігінің бет әлпеті ишарамен ғана бейнеленген, оның есесіне әйел денесінің жекелеген мүшелері нақты, әрі шамадан тыс үлкейтіліп көрсетілген. Соған қарағанда алғашқы қауым суретшілері әйел денесінің сұлулығы мен сымбаты, нәзіктігі мен табиғилығынан гөрі ұрпақты көбейтер қасиеті - әйелдің салмақты күшін, алар орнын басымырақ көрсеткісі келген сияқты.

Эрмитажда мамонттың азу тісінен жасалған осындай мүсіндер қойылған: олардың жасалғанына 40-30 мың жыл өткен. Олардың ішінде табылған жердің атымен «Костенков (немесе Воронеж) Венерасы»- деп аталатын мүсін өзінің пластикалық әсерлілігімен, жеке мүшелерінің ұстамдылығымен таң қалдырады. Бұл өнер туындылары - аналық негізді, әйел қасиетін мадақтайтын алғашқы қауым мүсіншілерінің бізге белгілі болған алғашқы нұсқалары болғанымен де, олар кейінгі заманда дүниеге келген атақты Венералар мен Мадонналардың бастапқы бейнелері болғандықтан аса құнды мәдени ескерткіштер болып саналады.

Солютре кезі (18-15 мың жыл) . Мұздақтардың уақытша шегінуі палеолит адамдардың өміріне де айтарлықтай өзгерістер енгізді. Кремнийді өндеудің ең жоғары тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар және тағы басқалары жасала бастады. Кремнийден жасалған қырнағыштар, түйреуіштер, тескіштер, аса таяқтар, түрлі мүсіндер пайда болып, тігаі кремнийдің көмегімен сүйек пен тастан жасалған бұйымдар безендіріле бастады.

Мадлен кезі (15-8 мың жыл бұрын) . Бұл дәуірде алғашқы адамдар қатал табигат қыспағында өмір сүрді. Мадлендіктер үңгірлерде тұрды, мамонт, солтүстік бұғылар сияқты аңдарды аулап, қорек етті. Тас өңдеушілікпен шұғылдану біртіндеп жоғала бастады да, оның есесіне сүйектен жасалған құрал-саймандар, тұрмыс қажеттілігіне пайдаланылатын түрлі заттар көбейе бастады. Кремнийден жасалған заттардың сапасы да жақсара бастады. Дөңгелек, бұрандалы және діни белгілердің пайда болуы адамның өзін қоршаған заттар жөніндегі ұғымының кеңіп, оны бейнелей бастайтындай дәрежеге жеткендігін айқын көрсетті.

Осы орайда үңгір кескіндемесінің тек қана Мадлен өнерінің ғана емес, бүкіл палеолит дәуірінің, одан қалды алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің шыңы деп қарастыруға болатындығын ерекше атап өткен жөн. Атақты Альтамир, Ласко, Мотеспан үңгірлеріндегі өнер туындыларын ғалымдардың осы Мадлен дәуіріне жатқызуы тарихи шындыққа жанасымды сияқты. Олардың ішіндегі ең атақтысы Альтамир үңгірі - алғашқы қауым бейнелеу өнерінің «Сикст капелласы» деген атаққа ие болды. Бұл үңгірлердегі өнер туындыларының ішінде адамның өз қаруымен мерт еткен жанталас үстіндегі аңның бейнесі, адамзат баласының келешекте жеңетіндігін мойындап, болжап білгендей әсер қалдырары сөзсіз.

Кейінгі палеолитте дүниежүзілік өркениеттің екі негізгі орталығы қалыптаса бастады. Олар: азиаттық және афро-еуропалық орталықтар. Адамзат баласының бұл алғашқы екі ошағының арасында байланыстар басталып, нәсілдік, техникалық, шаруашылық түрлерінің өзгешеліктеріне қарамастан алғашқы мәдени байланыстардың іргетасы қалана бастады. Кейінгі палеолит дәуірінде Еуропа тұрғындарында еуропалық нәсілдің белгілері, оңтүстік Орта Қара теңіз төңірегінде - негроиттік, ал шығыстағы Азияда - монголоидтік нәсілдердің алғашқы нышандары біліне бастады. Жер бетін мекендеуші қазіргі халықтардың туысқандығының түп тамыры да - сонау кейінгі палеолит дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдардың бірлігінде болса керек. Сол кездің өзіндеақ тілдің, нанымсенімдердің, өнердің, жанұялық неке қарымқатынастарының, адамның мінез-құлқының негіздері қалыптаса бастады.

Біздің аңғарғанымыз, кейінгі палеолит дәуірінің мәдениеті сан-салалы болып келеді. Бұл кезеңдегі адамның ең басты тіршілік кәсібі - аң аңлау болғандығы сөзсіз және аңшылық қауымдастықтың егіншілік, мал шаруашылығы қауымдастықтарымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан да бұлар, адамдар тіршілігінің басты кәсібіне айналған аңшылық-қоғамдық өмірдің сан-саласын, оның ішіндегі мәдени саланы да жан-жақты қамтығанын жоққа шығара алмаймыз.

2. Сақ мәдениеті

Сақ мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б. з. б. 7 - 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т. б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т. б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.

Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.

Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б. з. б. 7 - 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. Зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.

Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.

Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.

Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.

Скифтер (көне грекше: Σκύθης, Σκύθαι), Скифтер патшалығы - Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар бірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға туыстас еді. Б. з. б. V ғасырда скифтер қоғамында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, егіншілік пен мал шаруашылығы дами түсті. Геродоттың мәлімдеуінше Днепрдің батысында егінші скифтер, ал шығысында малшы скифтер қоныстанған. Сонымен қатар олар Азов түбегі маңында “патшалық” скифтер болғанын, олардың көшпелі тұрмыс кешетіндігін, доңғалақты киіз үйлерде тұратындығын мәлімдейді. Ежелгі грек авторларының жазбаларына қарағанда, скифтер арасында құл иеленушілік орын алған. Құлдар негізінен көршілес елдерге жасалған жорықтар кезінде қолға түскен тұтқындардан тұрған. Скифтердің тайпалық бірлестігін құруда Атей патшаның белсенділік танытқаны жайлы деректік мәліметтер сақталған. Оның билігі тұсында скифтер Доннан Төменгі Дунайға дейінгі аралықты мекендеді. Б. з. б. III ғасырдың соңында скифтер патшалығының астанасы Неапол (Симферопол маңы) қаласы болған. Төменгі Днепрдегі Көлин қалашығы оның екінші орталығы болған. Скифтер киммериялықтармен соғысып, Кіші Азияға жорықтар жасап жүрген. Сирияны, Палестинаны жаулап алып, Алдыңғы Азияға үстемдік жүргізген. Фракия тайпаларына, Ескендір Зұлқарнайынға қарсы соғысқан. Скифтер өнерінің ежелгі мұралары Қаратеңіздің солтүстік жағалауында мол шоғырланған. Бұл мәдени ескерткіштер негізінен қорымдарда сақталған. Қазба жұмысы кезінде табылған сәндік бұйымдар: қорамсақтың қабы мен қын, қылыш сабы, жүген мен үзбелері, қаптырмалары мен ер-тұрманы, сауыттар мен әйелдердің сәндік бұйымдары (айнаның сабы, білезік, шолпы, т. б. ) алтын мен күмістен жасалған қайуанаттар мүсіндерімен (бұғы, бұлан, арқар, жыртқыш, құстар, фантастикалық жануарлар, т. б. ) нақышталған. Бұл сәндік бұйымдардағы бедерлеп немесе құйма әдіспен жасалған өрнек сюжеті көбінесе жыртқыш немесе самұрық құстардың аң алу әрекетін бейнелейді. Әлеуметтік өзгерістер нәтижесінде Днепр жағалауында скиф ақсүйектерінің алып қорғандары пайда болды. Олардың биіктігі 20 м-ден асқан. Бұларға патшалар мен жасақшылар жерленген. Ақсүйектер қабіріне олардың әйелдері немесе күтуші қызметкерлері мен аттары бірге жерленген. Жауынгерлер жанына қару жарақтары қойылған. Ауқатты адамдардың зираттарынан мыс, алтын, күміс ыдыстар, шарап құйылған грек көзелері, әр түрлі заттар жиі табылған. Б. з. I ғасырының II-жартысында Парзой мен Инисмей патшалардың тұсында скифтер күшейіп, Боспор патшалығына қарсы бірнеше рет соғыс ашқан. Қырымдағы скифтер III ғасырдың II-жартысына дейін өмір сүрген. III ғасырда скифтер өз билігінен біржолата айырылған. Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде олар басқа тайпаларға сіңісіп, жеке этникалық ерекшеліктерінен аыйрылған. Дегенмен олар тарихта өшпес із қалдырды. Олардың экономика, соғыс ісі саласындағы табыстары кейін Ресейдің оңтүстігін мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетіне елеулі ықпалын тигізді.

Ғұндар .

Ғұндар - ежелгі замандағы еліміздің далалық өңіріндегі көшпелі тайпалардың бірі.

Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байқал өңірінде қоныстанған. Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б. з. б. 1 ғасырдың соңы мен б. з. 1 ғасырында келген. Дәл осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде де «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» болды. Ғұндардың тарихы Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Қазақстан жерінен табылған археологиялық қазбалардан және қытай жазба деректерінен де ғұндар туралы көп мәліметтер алуға болады. 5 ғасырға жуық уақыт ғұндар кең далаға билік жүргізді.

Ғұн дәуірінің археологиялық ескеткіштері - Қиыр Шығыстан Орталық Еуропаға дейінгі ұлан- байтақ жерге тараған ғұндардың көне ескерткіштерінің жиынтық атауы. Біздің заманымыздың 5 ғасырын қамтиды. Ғұн дәуірінің археологиялық ескерткіштері үш топқа бөлінеді:

  1. Шығыс ғұн ескерткіштері.
  2. Қазақстан, Орта Азия, Еділ, Оңтүстік Орал жеріндегі ескерткіштер.
  3. Қазақстанның Оңтүстік Орал, Төменгі Еділ арқылы Еуропаға дейінгі ескерткіштер.

Сақина, сырға сияқты әшекей бұйымдар, кілем және түрлі ыдыстар ғұн тұрмысындағы биік талғам, жоғары мәдениеттің белгісіндей бізге жеткен.

Ғұндар көшпелі болған, мал өсіріп, аңшылық құрған, сондай-ақ, отырықшы өмір сүріп, егін салған. Кен қазып, металл қорытқан, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасаған. Ер азаматтың бәрі жауынгер саналған, олар табиғатынан батыр, ержүрек болған. Ғұн әскерінің негізі атты әскерлер болған. Олардың қару - жарақтары: садақ, семсер, қанжар, найза болған.

Ғұндар киіз үйлерде тұрған. Жүннен жасалған текемет, кілемдерді төсеніш еткен. Ағаштан төсек және үй тұрмысына керекті заттар жасаған. Олар өздері қолдан жасаған заттарды қадірлеген. Ат әбзелдерін өрнектеп, дөңгелек темірлермен әшекейлеген. Алтыннан, күмістен әшекей бұйымдар жасаған. Сүт, қымыз, айран, қаймақ құятын ыдыстарды қыштан, ағаштан жасаған. Мал терісінен сыртқы киімдер, бас киімдер жасаған. Үй ішіне орнатылған ошақ тастан жасалып, оның үстіне қазан асылған. Ғұндар ошақты қатты қадірлеген.

Ғұндар, хундар - түркі халықтарының арғы тегі. Ғұндар шығып келе жатқан күнге, айға тағзым етіп, құрмет көрсеткен. Айдың бастапқы күндеріне ерекше мән беріп: сүй, сый деген сөздермен қарсы алған. Ұлылы-кішілі жортулы-жорықтарға ай толғанда шығып, ай қорғалағанда қайтқан. Тәңірлік дін ұстанып, түркі жазуын қолданған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Негізінен, түпкі мекен-жайы қазіргі қазақ даласы. Ендеше ғұндар тікелей біздің ата-бабаларымыз.

3. Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдері.

Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамөна, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялык материалдар да көрсете алмады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Түркілердің ежелгі сенімдері
Қазақ тарихы ─ түркілердің көшпелі өркениетінің құрамдас бөлігі
Майя мәдениеті аңыз ба, ақиқат па?
Ежелгі түркі өркениеті
Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолы
Қытай деректері көшпенді халықтар өркениетінің дерек көзі ретінде
Түркілер өркениеті және Ұлы Жібек жолы
Саһа кеңістігі
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры атты анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz