Қанқа сүйектерінің жастық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Кафедра морфология и физиология

Тақырыбы:Қанқа сүйектерінің жастық ерекшеліктері

Орындаған:Сағындық Д.Д
Тобы:1-016 гр
Тексерген:Шапатова Г.Б

Қарағанды,2020 жыл
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты түлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жүлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысады.Еттердің негізгі қызметі -- сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.Қаңқа -бұлшықет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.
Адам қаңқасының негізі -- сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 13 бөлігі органикалық және 23 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде суйегі жатады.Омыртқа жотасы - бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 қуйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады. Омыртқаның тығыз жері -- денесі. Омыртқалардың доғалары жүлын орналасатын омыртқа жотасының каналын (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары және төмен бағытта орналасқан жұп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жұп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы үқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларында алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1 жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері болмайды, 2-3 айда баланың мойыны бекігеннен кейін мойын лордозы, 6 айдан кейін отыра бастағанда кеуде және сегізкөз кифоздары, 1 жасқа жақындап, бала жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. Бір жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі нашар әрі түрақсыздау болады: таңертең ұйқы дан тұрғанда нашар, кешке таман күшейе бастайды. 2-3 жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді. Бұл мезгілде омыртқаның денесі сүйектен, ал эпифиздері шеміршектен тұрады. Омыртқааралық буын шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы қимылдайды. Бұл кезде сегізкөз, қүйымшақ омыртқалары біріге бастағанымен аралары толық бітпейді. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілістері күшейе түскенімен, әлі де болса түрақсыз болғандықтан, баланың бойы таңертең өлшегенде 5-6 см ұзын (ересек адамда 2-3 см ғана), кешке өлшегенде соншалықты аласа болып тұрады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және бел омыртқа), 2 кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі. Отырғанда салмақ бел омыртқа иілісіне көбірек түсіп, ол қисаяды, ал жатқанда мойын және бел омыртқаларының иілістері түзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдам болғанымен, олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа аралық шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен қүйымшақ сүйектері біте бастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да, шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары үзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бүзылып, омыртқа жотасының патологиялық сколиозы (бір жақ бүйіріне қарай қисаю), лордозы, кифозы т. б. өзгерістері пайда болады. Мысалы, өте жылдам 8-12 мсек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдерінің омыртқалары бірдей өспейді. 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі.
Көкірек қуысының сүйектері. Түлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қ а б ы р ғ а және төс сүйектері жатады.
Қабырға. Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның б а с ы, м о й ы н ы, д е н е с і болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да қалған жері мен басының арасындағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ үшы тос сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның колденең өсіндісімен жалғасады.Әр қабырғаның пішіні мен құрылыс ында озіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы VII қос қабырғалар шеміршек арқылы тікелей төс сүйегіне жалғасса, V-ІХ-Х-қабырғалар ұзын шеміршек қабырғалар арқылы алдыңғыларымен жалғасады, ал ХІ-ХІІ-жұп қабырғалардың алдыңғы үшы бос қалады. Алғашқы І-VІІ-жүн қабырғаларды ш ы н, олардан кейінгі VII-Х-жұп қабырғаларды ж а л ғ а н, ал соңғы ХІ-ХІІ-жұп қабырғаларды б о с қабырғалар деп атайды.Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2-айлығында VI-VII қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрышында ғана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.
Төс сүйегі -- жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады.Т ө с сүйегінің денесі, түтқасы, семсершесі болады. Төс түтқасының жоғарғы жағында мойындырық, екі жағында бұғана және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің жасқа байланысты ерекшіліктері
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Тірек-қимыл жүйесін оқытудың әдістемесі
Жалпы білім беру мектепте жеңіл атлетиканың оқу сабақтарының негізгі түрі - сабақ
Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшелігі, баланың аяқ-киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар жайлы ақпарат
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Тірек - қимыл жүйесінің дамуы
Көкірек қуысының сүйектері
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Буындардың патофизиологиясы мен остеопатиялар бойынша ақпараттық - дидактикалық бөлік
Пәндер