Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының мазмұны, кезеңдері және нәтижелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ерен Геминхан 20-БУК-1

Эссе

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының мазмұны

«Мәдени мұра» Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев бастауымен құрылған Мемлекеттік бағдарлама. Ең алғаш 2003 жылы алғашқы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды. Бағдарлама өз алдына келесідей мақсаттар қойды:

  1. Рухани және бiлiм беру саласын дамыту,
  2. Елдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету

Осындай мақсаттар негізінде бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді:

  1. Ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
  2. Археологиялық зерттеулер;
  3. Қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
  4. Ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталып, екі жылға есептелген. Алайда уақыт өте оған тағы екі кезең қосылды. Жалпы “Мәдени мұра” бағдарламасы мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. 2004-2006 жж.
  2. 2007-2009 жж.
  3. 2009-2011 жж.

Алғашқы кезеңінде тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішіне реставрация жасалынған және оған бюджеттен 641 млн бөлінген. Осыдан кейінгі жылдары бұл бюджет мөлшері тек өсе түсті.

Келесі кезеңдерде зерттеу жұмыстары одан ары жалғасып, екінші және үшінші кезеңдерде 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оның нәтежиесінде:

  1. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды
  2. Екі қорық-мұражай («Есік» және «Берел») жаңадан құрылды.

Ал болашақта бұл сияқты мұражайлар санын 11 ге жеткізу көзделген. Бүгінгі күні бағдарламаның арқасында аясында 230 аталым кітап жарық көрді, арасында тарих, археология, этнография жөніндегі аса құнды сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер бар. Мысалы, "Бабалар сөзі" сериясы жүздеген жылдар бойы жасалған қазақ халқының бай ауыз әдебиетін жинақтауға мүмкіндік берсе, "Қазақтың ата заңдары" жинағы қазақ халқының құқықтық санасының даму тарихын ашып көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарлама ТМД елдерінде ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдерде де аса жоғары бағаланды. 2006 жылғы сәуірде Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде оның тұсаукесері табысты өтті.

Мемлекеттік бағдарлама тарихи-мәдени мұраны қайта қалпына келтірумен ғана шектелмейді. Оның басты мақсаты - қоғамдық санада оң өзгерістерге қол жеткізу және нақ осы тұрғыда ол маңызды идеологиялық, жалпы мемлекеттік мәнге ие.

Біріншіден, мемлекеттіліктің аса маңызды рухани негізі болып табылатын ұлттың тарихи санасының көкжиегін кеңейту және рөлін күшейту туралы сөз болып отыр.

Екіншіден, Мемлекеттік бағдарлама ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы және нығаюына байланысты сұрақтарға жауап болды.

Үшіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы елдің жаңа тарихи-мәдени ландшафтының қалыптасуына игі әсерін тигізді.

Төртіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы қазақстандықтардың өз тарихына және мәдениетіне қызығушылықтарын арттыра түсті.

Бесіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның елдегі этносаралық өзара түсіністіктің артуы мен ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігі тұрғысынан алғандағы зор әлеуетін де атап көрсету қажет.

Жалпы алғанда, Мемлекеттік бағдарлама бойынша өте қомақты нәтижелерге қол жеткізілді, ол елдегі және шетелдік зиялы қауым тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Осыдан қортындылай келе, бүгінде бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т. б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Интернет желісі http://www. madenimura. kz/
  2. Интернет желісі https://e-history. kz/
  3. Интернет желісі https://kk. wikipedia. org/
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының ұлттық және халықаралық маңызы мен нәтижелері
Мәдени мұра бағдарламасының нәтижелері мен екінші кезеңнің стратегиялық басымдықтары
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының қорытындысы: Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасы
Қазақстанның Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары, бағыттары және нәтижелері
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары, нәтижелері және тарихи-мәдени мұраны қорғаудың маңызы
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының кітапхана қызметіндегі рөлі және жүзеге асырылу тәжірибесі
Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық мәдениеттің өркендеуі және Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының әсері
Мәдени мұра бағдарламасының Қазақстанның тарихи-мәдени дамуына қосқан үлесі
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары, жүзеге асырылуы және нәтижелері (2004-2009)
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы мен Ақтөбе өңірінің тарихи-мәдени мұраларын зерттеу және сақтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz