Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы


Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Тақырыбы:
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның
қалыптасуы.
Группа: Пимно-204
Студент: Сахитжан. Б
Оқытушы: Ертелеева. Р
2020 жылы
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам туралы идеялардың саяси-құқықтық ілімдер тарихында қалыптасуы
Құқыққа негізделген, əділдікті жақтайтын мемлекет мəселесі адамзат қауымының саяси қауымдасуы кезеңінен бастап қазіргі кезеңге дейін алдыңғы қатарлы ойшылдардың, қоғам қайраткерлерінің көкейтесті ойының өзегіне айналды. Құқықтық мемлекет теориясының даму кезеңін үшке бөліп қарастыруға болады:
- құқық үстемдігі мемлекеті, əділ мемлекет туралы ойдың, идеялардың қалыптасуы;
- құқықтық мемлекет теориясының тұжырымдалуы;
- оның мемлекеттік-құқықтық құрылымдарда іске асырылуы.
Гуманизм, демократизм қағидалары, бостандықты, құқық пен заңды бекіту жəне сақтау түріндегі құқықтық мемлекет теориясының бастаулары ежелгі Греция, Рим, Үндістан, Қытай ойшылдары еңбектерінде орын алған. Ежелгі грек ойшылы Сократ əділеттілік қолданыстағы заңдарға бағынудан көрінеді, «əділеттілік» пен «заңдылық» егіз ұғымдар деп санайды. Қандай да болмасын заң қанша жерде кемшілігі болса да, заңсыздық пен бассыздыққа қарағанда жақсы. Егер азаматтар заңдарды сақтайтын болса, олар өмір сүретін мемлекет күшті де жасампаз болатындығын жариялайды.
Платонның «Мемлекет», «Заңдар» диалогтарында «заңдардың күші болмайтын жəне біреудің билігінің астында болатын» жерлерде мемлекеттің жойылу қауіпі болатындығы көрсетіледі. Оның ойынша, «заңдар - билеушілердің билеушісі, ал олар оның құлы болғанда, мемлекет пен оған құдай сыйлайтын барлық құндылықтар құтқарылады». Заң міндеті - бір əлеуметтік топқа емес, тұтас мемлекеттің игілігіне қызмет ету. Мемлекеттілік əділ заңдар үстемдік еткен жерде ғана болуы мүмкін. Заң қорғаушысы - соттар. Кез келген мемлекетте соттар тиісті орында болмаса, ондай мемлекет өз билігін жоғалтады
Құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаған ойлар Аристотель еңбектерінде де дамытылады. Аристотель мемлекетті табиғи дамудың жемісі, адамзат қауымдастығының жоғарғы нысаны ретінде қарастырады. Құқық əділеттілікке сай деп таниды, заңды мен əділдіктің сəйкестігін уағыздайды. Құқық пен заңның бір еместігін, əділ заңның ғана құқыққа сəйкес келетіндігін бекітеді. Мемлекетте адамдар емес, құқық үстем тұруға тиісті. Аристотель мемлекет құрылымының үш элементін жіктейді: ерікті азаматтардың барлығы қатысуға тиісті «заңдық кеңесу» билігі, үкімет билігі жəне сот билігі. «Заңдық кеңесу» билігі əрекетінің бір саласы жалпыға міндетті акт ретіндегі заңдарды қабылдау деп санады. Əрбір заң өз негізінде құқықты қарастырады, əрі жүйелі құрылған мемлекетте құқық басымдылығы болуы қажет. Заңның барлық биліктен үстем болуы - мемлекеттің құқықтық жолмен дамуының кепілі. Аристотель мемлекеттік билік тармақтары арасында «заңдық кеңесу» органына басымдық береді. Үкіметтік басқару органдары заңға бағынышты, екіншілік сипатта, олардың шығарған декреттерінің заңдық күші болмайтындығын көрсетеді. Сот органдарын тек сайлау жолымен ұйымдастыру қажеттігін айтады
Римнің қоғамдық қайраткері Цицерон мемлекетті «құқық мəселесінде өзара келісім мен мүдде бірлігімен байланысқан көптеген адамдардың жиынтығы» деп қарастырған. Мемлекет құқықпен өзара қатынаста «жалпы құқықтық тəртіп» ретінде көрінеді. Құқық негізінде сана мен əділеттілік болады, ол адамдарға табиғатынан тəн. Цицерон кейіннен құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаған «заң əрекеті кейбір таңдаулы азаматтарға ғана емес, барлық адамдарға таралуы қажет» деген ойдың негізін қалаған [3] .
«Құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам» түсінігі түп тамырларын Аристотельдің полис ( koinoia politike - азаматтық қоғам), Цицеронның societas civilis жəне табиғи құқық идеаларынан алады. Азаматтық қоғам ( koinoia politike, societas civilis, burgeliche Gesellschaft, sociеte civile ) жəне саяси қоғам, немесе мемлекет ( polis, civitas, staat, etat, stato ), мəні бойынша бір-бірін алмастыратын терминдер болды. Ежелгі грек ойшылдары «саяси» түсінігіне қоғам өмірінің бүкіл салаларын енгізген: жанұя, дін, білім алу, көркем мəдениеті, өнер жəне т. б. Politike -нің мүшесі болу, яғни, азамат болу - мемлекеттің мүшесі болу, яғни, басқа азаматтарға зиян келтірмей, мемлекет заңдары бойынша өмір сүру жəне əрекет ету.
Осындай түсінік өзгермеген қалпында XVIII-ші ғасырға дейін сақталып келді. Дж. Локктың өзі «азаматтық қоғам» жəне «мемлекет» түсініктерін өзара алмастырушы ретінде қолданған. И. Кант өзінің еңбектерінде «burgerliche Gesselschaft» (азаматтық қоғам) жəне «мемлекет» түсініктерін синонимдер ретінде қолданылады. Осы екі түсініктің бір-біріне жақындығы Ж. -Ж. Руссо еңбектерінде айқын көрінеді. Руссоға сəйкес, əр азаматтың биліктік қатынастарға қатысуына, халықтың толық билікке иеленуіне негізделген басқару жүйесі ғана, заңды күшке ие. Осының негізінде Руссо өкілдік қағидасын сынаған, өйткені онда азамат өзінің еркін басқа адамға тапсырып, өзінің азаматтық құқығынан айрылады. Руссо «societe civile», немесе азаматтық қоғам, жəне мемлекет мəнін, осылайша ұсынған
Орта ғасырдан жаңа заманға өту шағы азаматтық қоғамның мемлекеттік институттардан өзгешеліктері бар екенін түсінуіменен айшықтанды. Осы тұрғыдан сол кездегі орта ғасырлық бытыраңқы мемлекеттердің орнына ұлттық мемлекеттің қажеттігі идеологиясы саяси ілімдерге елеулі əсер етті. XIV-ші ғасырда Еуропада Гогенштауфендер империясының дағдарысынан бастап ұлттық жеке-даралық түсінігі пайда бола бастады, нəтижесінде ұлттық мемлекет идеясы дүниеге келді. Осы үрдісте, өзінің Бонифаций VIII-ші папасына қарсы күресінде, римдік теократизміне жəне ұлттық жеке-даралыққа негізделген король билігінің егемендігі қағидасын қарсы қойған, Əдемі Филипптің таққа отырған кезеңі өте маңызды болды.
Құқықтық мемлекет теориясының дамуына ХVІІ-ХХ ғасырлардың ойшылдары қомақты үлес қосты. Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Л. Монтескье, Д. Дидро, Ж. -Ж. Руссо, Т. Гобсс, И. Кант, Г. Гегель жəне тағы басқа ойшылдар құқықтық мемлекет мəнін, белгілерін тұжырымдады.
Буржуазия өкілдері монарх билігін шектеу мақсатында мемлекеттік билікті заң шығару - парламент, атқару - монарх жəне сот тармақтарына бөлу қажеттігі туралы пікірлерді негіздейді. ХVІІ ғасырдағы ағылшын ойшылы Джон Локктың көзқарасы бойынша, құқықтың басымдығы идеясы табиғи құқыққа сəйкес келетін жəне индивидтің ажырағысыз табиғи құқықтары мен бостандықтарын танитын заң жоғарылығы болатын, əрі билік бөлісу жүзеге асырылған мемлекет түрінде көрінеді. Құқық жоғарылығы танылған осындай мемлекетті ол басқа барлық басқару түрлеріне қарсы қояды, оларды деспоттық мемлекеттер ретінде таниды. Локк танымы бойынша, деспотизмге қарсы тұратын арнаулы конституциялық механизм болуы шарт, оның маңызды компоненттері ретінде биліктің жіктелу қағидасы мен заңдылық қарастырылады. Билікті бір қолға шоғырландыруды болдырмау мақсатында Локк заң шығару жəне атқару биліктерін біріктірмеуді жəне заңгерлерді өздері қабылдаған, атқару билігімен жүзеге асырылатын заңдардың əрекетіне бағындыруды ұсынады. Аталған ой кейінгі кезеңдері саяси ойлар жүйесі мен практикаға барынша ықпал етіп, құқықтық мемлекеттіліктің негізгі қағидаларының біріне айналды. Джон Локк билікті бөлісу ілімінде мемлекеттік билік қызметтерін жіктеу таза ұйымдастырушылық-техникалық сипатта емес, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажет екендігін баса көрсетеді. Заң шығару билігі заңдарды белгілі бір мезгілде қабылдайды, бірақ заңдар тұрақты, үздіксіз əрекет етеді. Атқару билігі үкімет актілерін қабылдайды, үнемі, тұрақты əрекет етеді. Заңдар азаматтармен жиындарда қабылданады. Атқару билігі тиісті органдар арқылы əрекет етеді. Атқару билігін жүзеге асыратын орган соғыс жариялау, бітім жасасу, басқа мемлекеттермен шарттарға отыру құқығына ие. Өз əрекетінде күшке сүйенеді. Атқару билігінің тағы бір басымдылығы - ол қоғамды жəне азаматтарды тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана емес, сондай-ақ онда көрсетілмеген төтенше оқиғалар барысында да, кейде, тіпті заңға қарамастан, қорғау шараларын қабылдауға тиісті. Атқарушы орган заңдық жиынды шақырады жəне таратады. Заң шығару билігі дербес те, қалғандары бір органмен жүзеге асырылады деп санайды Дж. Локк
Ш. Л. Монтескьенің көзқарасы бойынша, саяси бостандық барлық қатынастар құқықпен реттелетін жəне заңдар билеушілердің еркінен үстем тұратын мемлекетте ғана мүмкін болмақ. Бостандықтың өлшемі - құқық. Құқықтың үстемдігі биліктің заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына жіктелуі арқылы қамтамасыз етіледі, нəтижесінде «əр түрлі билік тармақтары бір-бірін өзара тежеп отырады. Биліктің бөлінуі жəне өзара тежеу саяси бостандықтарды қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады. Заң шығару билігі жалпы тəртіп бойынша барлық халыққа берілуі қажет: бірақ оны үлкен мемлекеттерде жүзеге асыру мүмкін емес, ал кіші мемлекеттерде қиын, сондықтан өкілдік жүйесі енгізілуі керек. Халық өкілдері жалпыға бірдей дауыс беру негізінде округтерден сайланады да, өз жерінің қажеттілігін ескере отырып, бірлескен шешім шығарады. Заң шығару билігі басқа билік тармақтарына кедергі келтірмеу үшін атқару билігінің басшысы вето қою құқығына ие болады. Нəтижесінде биліктер бір-біріне бағынбайтын, бірақ өзара тығыз байланыста жəне келісімде болатын жағдай қалыптасады.
Үш билік тармақтары арасында басымдылығымен сипатталатын біреуінің болуын жоққа шығаратын Монтескье схемасы биліктің бөлінуіне алдымен ұйымдастырушылық-құқықтық көзқарасты бейнеледі, сөйтіп мемлекет пен мемлекеттік биліктің əлеуметтік табиғаты туралы мəселені көтермеген тəрізді болып көрінеді. Шын мəнінде Монтескье қоғамда əр түрлі əлеуметтік топтар арасында билік үшін күрестің үнемі жүретіндігін, оның азаматтардың бостандығы мен қауіпсіздігінің бұзылуына, мемлекет нысанының өзгеруіне, кейде тіпті мемлекеттің жойылуына əкеліп соғатындығын білді. Осындай жағымсыз нəтижелерді болдырмау мақсатында ол əр түрлі əлеуметтік күштер арасында билікті бөлуді ұсынды.
Монтескьенің билікті жіктеу теориясы - мемлекеттегі еңбекті саяси бөлу ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы əлеуметтік күштердің арақатынасын реттеу құралы. Оның басты сіңірген еңбегі - билікті бөлуді алғаш рет мемлекет Конституциясымен байланыстырады
Жан-Жак Руссо көзқарастарына байланысты, заң шығару билігі барлық азаматтар қатысатын халық жиынына беріледі, бұл кезде басқа билікке орын жоқ. Заңдарды орындау жалпы ережелерді нақты жағдайларға қолдану ретінде үкіметке - атқару билігіне тапсырылады. Үкімет халыққа бағынышты, бірақ оның жеке мүшелеріне билік етеді
Құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін И. Кант қалыптастырып дамытты. Ол мемлекеттің құқыққа сүйенуі қажеттігін негіздеді. Мемлекет құқықтық заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірлігі, онда халық өзі үшін шеше алмаған мəселені заң шығарушының шешуі мүмкін еместігі қағидасы əрекет етеді. Егер мемлекет осы қағидадан, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудан бас тартатын болса, заңдарды қорғауды қамтамасыз етпесе, өз азаматтарының құрметі мен сенімінен айырылады. Иммануил Кант билікті жіктеуді мемлекеттік билік идеясынан логикалық қажеттілікпен шығатын сананың қатаң талабы ретінде қарастырған. Заң шығару, атқару жəне сот биліктері дербес субъект болса да, жиынтығында бір тұлға - мемлекет құрады
Г. В. Ф. Гегель бостандық идеясы билікті тиісті бөлу (заң шығарушы, үкімет, мемлекет басшысы) жағдайында ғана жүзеге асады деп есептеді. Билікті жіктеу көпшілік бостандығының кепілі қызметін атқарады, бассыздыққа, құқықсыздыққа, құқықтан тыс күш қолдануға қарсы тұрады [9] .
Бастапқыда еуропалық қоғамдық-саяси ілім өкілдері (Ж. Боден, Т. Гоббс, Б. Спиноза жəне т. б. ) мемлекетті табиғи жағдайдан аттап өтуге бағытталған институт деп түсіндірген. Осы табиғи жағдайды біреулері (Т. Гоббс) бəрінің бəріне қарсы соғыс жағдайы ретінде түсінген, басқалары болса (Ж. -Ж. Руссо) осы жағдайды жоғары үйлесімділік деп түсінген.
Мемлекеттің егемендігі қағидасын енгізген Ж. Боденнің ойынша, мемлекет қоғамның бүкіл мүшелерінің үстінен жəне оларға тиесілінің бəріне егеменді билігін жүргізеді. Қоғамның бытыраңқы мүшелері үстем билік, яғни егемендік астында жиналғанда, мемлекет пайда болады [10] . Осы дəстүрді жалғастыра отырып, Т. Гоббс келесідей тұжырымдаған: «Мемлекет соғыс қалпынан өту құқығын, мемлекетке дейінгі адамдар қоғамдастығының бүкіл мүшелерінің келісімі нəтижесінде алады». Осы келісімнің нəтижесінде пайда болған азаматтық қоғам мемлекетке жəне оның заңдарына теңестіріледі. Руссо айтқандай, табиғи бостандығын жоғалтқан адамдар өздерінің табиғи құқықтарынан айрылудан үрейленіп, қоғамдық келісімге бірікті. Осы келісім барлық мүшелердің жеке басын жəне мүлкін қорғау үшін тағайындалады, осы жерде əрбір мүше басқаларымен бірігеді, дегенмен олар өздеріне ғана бағынады жəне бұрынғыдай еркін болып қала береді. Руссоның айтуынша, осы ассоциация, кезінде «азаматтық қоғам» деп аталған, қазір Республика, немесе Саяси ағза, деп аталады: оның мүшелері осы саяси ағзаны, ол бəсең кезінде Мемлекет деп, белсенді кезінде Егемен (Суверен) деп, жəне оған ұқсайтындармен салыстырғанда Держава деп атайды.
Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж. -Ж. Руссо, Монтескье жəне т. б. өңделген индивидуализм концепциясы, мемлекеттен тəуелсіз қоғам азаматы ретіндегі тұлғаның еркіндігі мəселесін алға қойды. Нəтижесінде, əсіресе XVIII-ші ғасырдың екінші жартысынан societas civilis дəстүрлі концепциясы эрозияға ұшырап, қайта қарала бастады.
Осы жағдай Дж. Локк, А. Фергюсон, С. Пуфендорф, И. Кант жəне т. б. қалыптастырған ұсыныстарында көрінді. Дж. Локк сенімі бойынша, қоғам мемлекеттен бұрын болған, ол «табиғатқа сəйкес» өмір сүреді. Автордың айтуынша, мемлекет «жаңа ағза» болып табылады; осы мемлекет құқықтар кешеніне ие, ал құқықтар осы мемлекетті құрайтын жеке тұлғалардың құқықтарынан басым түседі. Гоббста саяси биліктен бұрын болған «қоғам» түсінігі болмайды, Локктың тұжырымдауынша, мемлекет табиғи қалыптағы қоғамдық қатынастар негізінде пайда болады. Егер үкімет түрлі себептермен жойылса да, қоғам өзінің табиғи заңдары жəне құқықтары негізінде өмір сүре береді. Қоғамды құрайтын халық егеменді, осы себептен оның егемендігі мемлекетке өткен күннің өзінде, мемлекет қоғамды толық алмастыра алмайды. Керісінше, мемлекеттің басты мақсаты - осы қоғамды қорғау. Бұл ойды ұстанушылардың тұжырымы бойынша, мемлекет қоғамның орнына келмейді, ол оны басқаруға тағайындалған. Мемлекет - қоғамның құралы, сол арқылы өзін айқындайды.
Қалай дегенмен, тым кеңейіп кеткен мемлекет жеке индивидтің еркін білдіруіне жəне ықтималды мүмкіндіктерін жүзеге асыруына кедергі жасайды деген пікір қалыптаса бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz