ҚЫЗЫЛТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЗЫЛТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ

1. ГОЛОЩЕКИН ГЕНОЦИДІ

Қазак, әp6ip күрделі де ipi тарихи оқиғаларды белгілі 6ip атаумен, әдеби көркем теңеумен немесе мақал-мәтелдермен және бірқақпай философиялық, ойшыл сөздермен бейнелеп отырған халық. Мысалы, біз әңгіме етіп отырған қазақ, шаруалары қожалықтарын зорлап коллективтендіру жылдары ел арасында үкіметтің ет және астык, даярлау науқандарын: Қайдан тапсаң одан тап, қаптың түбін қақ! деген мәтелмен, айшықты тілмен беру байқалса, ал осы коллективтендіру жылдарындағы асыра сілтеулер: Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!, -- деген тәрізді өткір, әжуа теңеумен нақты керсетілді Сондай-ақ, осы жылдары тап күpeci идеясын жамылған шолақ белсенділердің оспадар да жендеттік әрекеттері қазақ аулында: Байды -- батпаққа, орташаны -- орға, кедейді -- кеңірдекке! деген көркем де шешен тілмен әңгіме болғаны және белгілі.
Мұндай, логикалық шебер түйіндер жасау, өткір ой топшылаулары қазақтардың жоңғар қалмақтарымен арада болған қантөгіс кезеңіндегі халық қасіретін Ақтабан шұбырынды -- Алқакөл сұлама деген астарлы да шындықты қазқалпында бейнелейтін, кесіп айтар тұжырымнан да көрініп тұр. Сондықтанда, осынау халықтық, ұғым бұл күндері бай тілімізге еніп, ғылыми тіл терминдерінің қатарын заңды толықтырды.
Дегенменде, қатал да қытымыр саяси науқандар халықтың шешен тілінің ұланғайыр мүмкіншіліктерін уақытша болса да тежеп бақты. Сондыктанда, мысалы, өзінің ауыр ауқымы мен жантүршіктірер көлемі тіптен ақтабан шұбырындыдан әлде қайда асып түсетін, Голощекиннің кіші Октябрь саясаты туғызған сталиншіл қызылдардың қолдан жасаған қызыл шұбырындысы кезіңде халық арасында ашық әңгіме бола қоймай, бүркемеленіп айтылып келді.
Соңғы жылдары біз әңгіме етіп отырған зұлматты кеңінен зерттеген белгілі қазақ демографы М.Тәтімов қызылтабан шұбырынды деген терминнің голощекиндік геноцидтеі дәлме-дәл бейнелейтінін жақсы дәлелдеп жүр (Лениншіл жас, 1991, 26 шілде). Халқымыздың дәстүріне бой ұрсақ, шындығында да зорлап коллективтендіру жылдары қазақ үшін жаппай басқыншылық, яғни қызылтабан шұбырынды жылдары болғаны айдан анақ. Жау, сол жылдары голощекиншілдер өтірік айтып түсіндіргендей: Қытайдан немесе Ауғанстаннан емес, дәл өз ішімізден, қызылдар саясатын белсене жүргізген шолақ белсенділірдің қаныпезер де қатал әрекеттерінен туындады және нәтижесінде жазықсыз халық қызылтабан шұбырындыға ұшырады.
Қазақстандағы шаруалар қожалықтарын колективтендіруде өрескел қателіктерге жол беріліп қазақ халқына жантүршігерлік материалдық және рухани алапат алып келгені қазір елдің бәріне белгілі. Бipaқ көшпелі қазақ ауылына қайғы-қасірет бұлтын шоғыр-ландырған Голощекиннің коллективтендірудегі жартылай әскери тәртібін ғылыми тұрғыдан айыптау бізде әлі де нақты да ресми қолға алынбай отыр. Қазақстан - дағы ол жүргізген барлық кауырт та асығыс, берекесіз де жанкешті науқандар тәрізді қазақ шаруаларының қалың бұқарасына қарсы бағытталған ет дайындау, астық даярлау әрекеттері де Сталиннің 1928 жылғы Ciбipгe командировкаға барғанда күштеу жолымен жүргізілген, сөйтіп, сыннан өткен Ciбip әдісінің айна-қатесіз көшірмeci болып қалды. Мұнда да көшпелі Қазакстанның ұлттық даму жолының өзіндік ерекшеліктерін ескеруге назар аударылмады. Бай- кулактарға шабуыл ұранын жамылған бұл саясат коллективтендіру кезіндегі асыра сітеулердің күштеу әдістерінің жиынтығынан тұрды. Голощекин орнықтырып кеткен жұмыс стилі Мирзоян келген алғашкы жылы ғана әшкерелене бастады. ж. Мирзоян, -- деп жазды Өлкелік партия комитетінің уәкілі М. Орымбаев 1933 жылы I қыркүйекте өзінің хатында, -- таза көшпелі аудандар болып табылатын және сондықтан да астық салығынан 2 жыл мерзімге боса-туға жататын Талас жэне Созақ аудандарында астық даярлаудың қандай оймен жүргізіліп жатқаны маған түсініксіз..., (аталған архив, 141-қ,., I-т., 61654іс, 8-п.).
Осындай ет сұрайтын жерден астық cұраған Барлық, халықтардың, барлық уақыттардағы көсемінің қиянат пен көз жасынан тұратын астық және ет даярлау бағыты неге алып келгенін Торғай ауданының 1932 жылғы қыркүйектегі аянышты экономикалық жағдайынан білуге болады. Өлкелік партия комитетінің осындағы уәкілі Нышанбаев мұнда әр адам басына орта есеппен алғанда 56 килограмм ғана астық және бip ғана мал қалғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың қақаған, сары аяз сақылдаған уақтысында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдына ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір ауылдардың қазірдің өзінде алапат аштыкка ұшырағанын,толық емес мәлiметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысовтың, Қахианидің Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жургендерін, басқасын былай қойғанда олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты дым қоймай жеп қойғанын жан түршігерліктей суреттеп жазды ол. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды (сонда, 141-қ,., 1-т., 5292-ic, 188 -- 189-пп.). Ал енді қолданылған шара қан - дай болды? -- деп сұрар оқырман. Ақтөбеден 100 пұт астық босатуға рұқсат берді Голощекин. Ал оны жапан түзде аштан қырылып жатқан сары далаға жеткізу жа - ғы да, транспорт жетіспейтіндіктен ол кезде аса үлкен мәселе болатын.
Егер қатынас көлігі бар болса бұл аудандағы аштарды көшіріп әкетуге болар еді ғой. Әрине астықты адамдар жаппай қырыла бастағаннан әлдеқайда бұрын жеткізу керек еді.
Қазақ даласындағы ашаршылықтың жантүршігерлік көрінісін архив қойнауындағы басқа құжаттардан да кездестіруге болады. Мұны Голощекин өзі жіберген жергілікті жерлердегі уәкілдері арқылы жақсы біліп, одан толық хабардар болып отырды. Miнe сондай жергілікті жағдайдан нақты да шынайы мәліметтер түсірген Ораз Жандосовтың Әулиеатаның Сарысу ауданындағы ашаршылық туралы жан түршіктірер мәлімдемесін сол қалпында келтірелік: Ауылдарды аралаған кезімде, мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездетрдім. Бұл жағынан, тipi қалған әйелдер мен жас балаларға ешкім көмек көрсетпейді. Таңданарлықтай болса да, әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғалары түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды және жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген аң терілері де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім. Олар қайдағы бip ecкi жұрттағы,терісін алу үшін атылған иттердің қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. № 5 ауылда тамақтанбаудан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді. Кейбір аңшы семьялары шошқа етін жеуде және шошқа етімен тамақтанушылар өздерінің күнәларын жасыруға тырысса да, мұның өзі халыққа ешқандай жағымсыз әсер ете қоймады (сон-да, 141-қ,.. I-т., 5780-ic, 19-п.).
Әңгіме, әрине бұл жерде Ораз Жандосовтың аштықтың қacipeтін айна қатесіз, қаз-қалпында беруінде емес. Ашыққан Әулиеата қазақтарының ит пен шошқа, жылан мен тасбақа тұрмақ адам етін жегені туралы фактілер де баршылық. Аштық ас талғамайды деген осы да. Әңгіме бұл жерде осындай мәліметтерді алып отырса да Голощекиннің креслосынан қозғалмай, ел арасына бармай, қамшысынан қан тамған сталиндік стилді орнықтырып, тап күpeci ұранын тасалап адам айтқысыз мейірімсіздік және тасжүректік танытуында дер едік.
Аштықта жеген құйқаның дәмі аузыңнан кетпейді деген мақал қырылып қалғандардың емес, тірілердің кейін айтып жүрген естелігі.
Аштарға беретін құйқаның жетіспей қалуына Голощекин бастаған саяси әпербақан, ұрда-жық, есер топтың әлдеқашан жойылып кеткен, түрмеде өліп, жер ауған бай-кулактарға қарсы аяусыз соғыс жариялауы да себеп болды. Бұл шайқастың 1928 жылдан бастап нағыз қантөгіске, қатыгездікке ұласқаны белгілі. Осы жылы Қазақстанда алғашқы ең бай 700-ге тарта нағыз шынжыр балақ, шұбартөстер үзілді-кесілді, төтенше кәнпіскеге ұшырап, өздері түрмеге қамалып, жер аударылып, тоз-тоз болды. Олардың жеке пікірлерін cұpaған да, кеңес өкіметіне көзқарастары мен ойларының қандай екенін анықтаған да ешкім болған жоқ. Байсың ба? Бітті, өкіметке малыңды өз еркіңмен берсең де, оған адал қызмет етуге даяр екеніңді айтып жалынсаң да сен, бәpiбip аяусыз көрге кіргенше жазалануың керек. Өйткені сен тап жауысың! Өйткені сен еңбекшіні қанағансың! Сондықтан сенің көзің жойылуы керек! Міне мәселе осылай қойылды. Кезінде В. И.( Лениннің үстем тап өкілдерін, капиталистерді, буржуа мамандарын социализм орнату iciнe кеңінен пайдалану туралы айтқан ұсынысын қазақ даласына ic жүзінде қолдануға Голощекиннің қабілеті де, адамгершілігі де, білімділігі де жетіспеді.
Байлар мен кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлау мәселелеріне байланысты Өлкелік партия комитеті жанынан жасырын Үштік құрылды. Үштіктің 1930 жылы 23 қантарда өткен алғашқы жасырын мәжілісінде жаппай коллективтендіру болатын аудандардан кулактар қожалықтарын жер аударуды екі бағытта жүргізу -- Қазақстанның өзінің ішінде және Қазақстаннан тыс жерлерден қазақ жеріне басқаларды жер аудару көзделді. Жаппай коллективтендіру аудандарынан шамамен 20 мың кулак семьясын қазақ жерінің өзінде, ал 30 мыңнан астам кулак семьяларын Қазақстаннан тыс жерлерден әкеліп қоныстандыру, жер аудару көзделді. Жер аударылғандарды жұмысқа қалай пайдалануға болатынын шешу үшін ПП ОГПУ-ғa (Полномочное представительство объединенного государственного Политического управления по Казахстану -- Т.О.) 2-ақ күн мерзім берілді. Осы жұмысты ұйымдастыру үшін округтарда да оперативтік үштіктер құрылды. Олардың құрамына окрутікк партия комитеттерінің хатшылары, округтік атқару комитеттерінің төрағалары, ОГПУ-дің бастықтары кірді. Оларға кулак семьяларын есепке алуға 10-ақ күн мерзім берілді (141-қ,., -т., 2969-ic, 4-п.). Қысқасы, барлық жұмыстар жау өкшелеп қуып келе жатқандай шұғыл, асығыс және қатал жүзеге асырыла бастады. Партия, совет және ОГПУ органдары және олар арандатқан шолақ, белсенділер өз халқына қарсы аяусыз соғыс жариялады. Тап ретінде жою деп жұмсартылып айтылып жүрген бұл, шаруаларға қарсы соғыста әcipece Өлкелік партия комитеті жанынан құрылған бай-кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлаған, құрамына Құрамысов Альшанский, Асылбеков кірген комиссия ерекше және әскери белсенділік танытты. 1930 жылы ақпан айында байлар мен кулактардың қожалықтары жер аударылатын құла-дүз, барса-келмес,тоғыз аудан белгіленді. Олар тeмip жолдардан, өнеркәсіп орындарынан, шекарадан әлде қайда қашық, елсіз-сусыз шөл және шөлейт, бұрын халық тұрмаған аймақтар болатын. Алғаш бұл аудандарға шамамен 24 000 бай-кулактар қожалықтары жер аударылатын болып белгіленді (141-қ,., 1-т, 2969-ic, 14 -- 17-пп.). Өкіметке қарсы ұйымдасып кетпеуі үшін жер аударылатындардың әpбip жаңа ауылы 50 уйден аспауы тиіс еді.
Heгізгi күнкөріс құралы малдан жұрдай болған, жапан даладағы жер аударылғандардың күні, оларға азық-түлік және құрылыс материалдарын қалдыру туралы нұсқау болғанына қарамастан, өте ауыр болғанын әңгіме ету, айту қажет пе? Мұның өзi оларды барымта, ұрлық, жасауға, өткен-кеткенді тонауға кеңес өкіметіне қарсы жан-кешті де аяусыз, бас көтерулерге, ашықтан-ашық, наразылықтарға итермеледі.
Сондықтан да бұқараны өзінің соңынан ерткен аса үлкен бас көтерулер дәл осы аудандарда күшті де табанды болғанына ешбір таңдануға болмайды. Қаталдыққа қаталдық адам табиғатына тән. Мұның өзі жергілікті өкімет органдарының жұмысында жаңа проблемалар туғызды. Жергілікті жерлерде төтенше шабуылдардан өзін-өзі қорғайтын арнайы отрядтар құрыла бастады. Осыған байланысты -- Құлымбетов басқарған мемлекеттік комиссияның Маңғыстау аудандық атқару комитетімен бірігіп 1931 жылы 23 тамызда, қабылдаған қаулысындағы мынандай жолдарды айта кеткен жөн: ...ауылдағы революциялық тәртіпті және шаруашылық дамуына қажетті, қалыпты барлық жағдайларды қамтамасыз ету өзін-өзі қорғау отрядтарының және отрядтың әрбір мүшесінің міндеті болып табылады.
Осы принциптер негізінде әрбір өзін-өзі қорғау отрядының, және әрбір жекелеген оған қатысушының міндеттері мынадай: бандитизмге белсене қатысушылардың, сондай-ақ осындайларды даярлаудың бастаушысы ретінде, өзін Кеңес өкіметінің ымыраға келмейтін жауы eтіп көрсеткендердің, таптық мағынада барлық бөтен элементтердің көзін құрту, ұйымдасқан кр (контрреволюцияшыл -- Т. О.) бандаларды жою (141-қ,., 1-т., 5054-ic, 70-п.). Бұрын қазақ даласында бандитизм деген ұғымның өзінің де болмағаны белгілі. Рас баукеспе ұры, барымташы әрқашан да болды. Ал бандитизмді Голощекин саясаты туғызды.
Осылардың бәpi, яғни күштеп жер аударулар, мал-мүлікті тартып алулар, жергілікті жерлердегі қарулы бас көтерулер, өзін-өзі қорғау отрядтарын құру, жартылай әскери киініп, шолақ мылтық асынған жергілікті жерлерге жіберілген уәкілдер, шаш ал десе бас алған шолақ белсенділер, бәpi-бәpi Қазақстандағы коллективтендіруге әскери сипат берді және әскери төтенше жағдайды еске түсірді. Голощекиннен бастап, жергілікті жерлерде момын халыққа қырғидай тиген шолақ белсенділерге дейін, шұғыл да әскери тәртіпті, қоқан-лоққы күш көрсетіп, қысым жасағанды ұнатты және мұны дұрыс бағыт, дұрыс жол деп білді. Бәрін де қауырт, әpi төтенше, әсіресе мылтықтың күшімен жүзеге асырғанды қалады. Мысалы, жоғарыдағы бай-кулактар қоныс аударылатын аудандарды алдын-ала анықтап, тексеріп шығу ушін жергілікті, округтік партия комитеттеріне жетi-ақ күн мерзім берілді]' (141-қ,, 1-т., 2969-ic, 15-п.). Ал бай-кулактарды қоныстандыру eшбір ескертусіз, ел ұйқыда жатқан түн ішінде, екі күн мерзімнің ішінде шұғыл жүзеге асырылды. Эшелондарға асығыс-үсігіc күштеп тиелген және елсіз айдалаға мал-мүліксіз қуылған, ешкімге қажетсіз болып қалған олардың, мұны шектен шыққан әділетсіздік деп қабылдауы да табиғи нәрсе еді. Кейбір орташалардың кулакқа немесе байға жатқызылуы оларды халыктың талқысына салудың, жария-лылықтың және коллективтік шешім қабылдаудың аты-мен болмауы ел арасында үрей туғызды, халықты орынсыз дүрліктірді. Орташа өзінің ертең бай-кулак атанбайтынына ceнiмді бола алмады.
Бесіктегі баланы комотряд немесе пәленше уәкіл келе жатыр деп қорқытып жұбататын заман туды. Жергілікті халыққа қарсы соғысу үшін өзін-өзі қорғайтын немесе коммунистік деп аталатын отрядтар құрған, партиялық үгіт-насихаттан және саяси уйымдастыру жұмыстарынан, әскери қысымды және ықпалды жоғары қойған, сөйтіп Қазақстандағы халықты ПП ОГПУ-дің қарулы, қатал шеңгелінде ұстаған, яғни epiктi коллективтендіру процесін әскери репрессияға айналдырып жіберген Голощекинді кез-келген әскери диктатормен ұялмай қатар қоюға әбден болады деп ойлаймыз. Шектен шыққан қаныпезер де жүгенсіз қаталдық 1916 жылды көрген бұқараның тарапынан қарсылыққа, наразылыққа кездесуі әбден орынды болатын. Сондықтан да Қазақстанда егер 1929 жылы жергілікті өкімет, партия басшыларына қарсы 143 рет қастандық жасалса, 1930 жылы бұл көрсеткіш -- 139, ал 1931 жылы -- 178 болды. Халыктың жаппай бас көтерулері де бұл жылдары жеке алғанда 54, 241, 77 рет болды. Колхоздардың мүлкін өртеп жіберу, малды улау тәрізді қылмыстар да орын ала бастады (141-қ,., 1-т., 5192-ic, 2-п.).
Тыныш, ру-руға бөлініп, ата салтын, баба дәстүрін сақтап, қаннан-қаперсіз жатқан қазақ даласына револьвер кезеп, бүйідей тиген голощекиншілдер тарих тағының бip басының өздеріне де тиюуі мумкін екенін кезінде ескермеді.
Бірақ халық тарапынан болған қарсылық атаулының бәрін Голощекин де, ОГПУ де бандыларды ic-әрекетi, қозғалысы деп түсіндіруге өздерін-өздеі сендіріп, әдеттеніп алды. Ол тіптен республикадан тыс жерлерге көшіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демографиялық дамудың сапасына экологиялық апаттар рөлі
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Қазақ диаспорасы
Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашқария)
Жануарлардың қоныс аудару
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Голощекин тұлғасы, саяси портреті
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасындағы қоғам дамуының мәселелері мен ерекшеліктері
Пәндер