Өзін-өзі тануға педагогикалық қолдау жасау. Өзін-өзі тану пәнін оқытуда мұғалімнің адамгершілік үлгісінің маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Өзін-өзі тануға педагогикалық қолдау жасау. Өзін-өзі тану пәнін оқытуда мұғалімнің адамгершілік үлгісінің маңыздылығы

Педагог өзінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп қана қоймай, басқаларға өз тәжірибелерді тауып, танып, тарата білу керек; б) оқу - әдіскерлік проблемаларды танып, талдама жасайды; в) алуан түрлі әдіскерлік жұмыстарды тиімді тұтастыра білуі керек; г) жас педагогтардың өзін - өзі дамытуға көмек береді. Өзін - өзі дамытуға бағдарлама құрғанда жалпы - мәдени, философиялық - әдістемелік, тәрбиелік, дидактикалық, педагогикалық, психологиялық, техникалық дайындықтарға назар аударады. Әдістемелік жұмыстың өз мәнінде жүруіне ашық сабақтардың рөлі зор. Нағыз педагог ең алдымен шығармашыл және кәсіби ойлайтын адам екені анық. Бақытты педагог қана оқушыларын бақытқа кенелте алады. Тек мейірімді мұғалім ғана оқушыға мейірім дәнін себе алады.
Педагогтың өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі және кәсіби жауапкершілікті сезінуімен тұтастықта. Өзін - өзі бағалай алады, алайда менмендікке жол бермейді. Ол материалдық және рухани құндылықтар әлемінде өз бағытын еркін айыра алады, педагогикалық догмалардан аулақ. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі бар.Білім беру субъектілерінің кәсіби құзыреттілігіне қол жеткізу концепцияны жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Кәсібилік - ұстаздың психолого-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғамның жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондық-тан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көп қырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технология-ларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Ал білім беру мекемесінің жетекшісі білім беру үрдісінде игерілген тәжірибенің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін мониторинг технологиясын жақсы меңгеруі керек. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Оған білімді механикалық түрде беруші, білім трансляторы ретінде қарамайды. Осы айтылып отырған заңдылықтар мұғалімнен педагогикалық өзара әрекет етудің ерекше кәсіби технологиясын меңгеруді, кәсіби және тұлғалық өсуге тұрақты қажеттіліктің болуын талап етеді. Кез - келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы - кәсіби өзін - өзі білімдендіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс-әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер ұстаз болып қалыптасуға аса қажет.
Педагогқа өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Құзыреттілік ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді андай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек.Сонымен қатар өз іс - әрекетін жақ-сартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет.
Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін - өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп - салдарларын терең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Өзін-өзі тану пәні туралы ақпарат
Балалардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру
Оқушылардың зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теорияларды арттыру жолдарын қарастыру
Табиғат сәйкестігі принципі
Пәндер