Программалауды оқытуда оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Программалауды оқытуда оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Ұзақбай Аида Касымханқызы-128-17а тобының студенті
Ғылыми жетекші: Мырзахметова Б.Ш.- т.ғ.к., аға оқытушы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
Резюме
Программалау- нақты программа құрылымын жасап, оның мәліметтер жиынын кодтап жазу. Программалауды оқушыларға оқыту шығармашылық, танымдық қызығушылықтарын арттырып, техникалық білімдерін жетілдіреді.
Кілт сөздер: шығармашылық белсенділік, программалау, компьютер, жобалау технологиясы

Программалау әлемдік үдерістегі жаһандық даму көрсеткіші. Ғалам бойынша ақпараттандыру және компьютерлік технологиялар дамып, өз мүмкіншіліктерін көрсету бағытында қызмет атқаруда. Программалау мектеп жасындағы оқушыларға оқу пәні ретіне қосылып, бүгінде қаншама жас мамандардың жетістіктерге жетуі программалауды озық білгендігінің айғағы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақсанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап өткен. ХХІ ғасыры-ақпараттындыру ғасыры деп өркениеттің дамуы мен интеллектуалдық шығармашылық қабілеттердің негізінде аталынды. Жалпы программалау пәнін мектеп жасындағы оқушыларға оқыту: оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, өзін-өзі бақылауын арттырады, оқушылардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады, танымдық қызығушылықтарын арттырады. Оқушыларды шығармашылыққа баулу мұғалімнің педагогикалық іс-әркеттері мен әдіс-тәсілдерімен көрініс табады.
Оқушыларға түрлі тапсырмалар беру, оңайдан-қиынға яғни оқушының деңгейіне байланысты тапсырмалар жинағын беру, оқушыны қызықтырып күрделі тапсырмаға дейінгі аралықта белсенділік танытып өзара қызығушылықтарын арттырады. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы және орындаушы ретінде ғана болса, енді өздігінен білімге ұмтылатын жеке тұлға ретінде мән беруіміз қажет. Қазіргі оқушылар- ізенімпаз, білімге құштар, ақпараттық технологияларды жетік білетін, дарынды, қабілетті болып келеді. Тәуелсіз елдің тірегі- білімді ұрпақ болса, алдыңғы мәселе білімді ұрпақты тәрбиелеу, білім беру, ғылымды дамыту. Оқушылардың шығармашылық белсенділік қабілетін дамытып, ынталандыру үшін сабақтарды төмендегідей өту қажет:
-сабақта кең көлемде көрнекіліктер пайдалану;
-сабақты түрленіріп өткізу;
-сабақта оқушылардың өздері жасаған схемаларды пайдалану;
-техникалық құралдарды пайдалану;
-сабаққа қатысты бейнекөрсетілімдер көрсету.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде интеллектуальдық қабілеттеріне қарай компьютердегі практикалық жұмыс істеу уақыты барлық уақыттың 75%-ын құрауы қажет. Практикалық сипаттағы тапсымалар бойнша оқушының өзбетінше жұмыс істеуіне және де программа құру күрделі тапсрмаға дейін оқушыларды қызықтырып олардың шығармашылық белсенділік, қызығушылықтарын дамыта отырып сабақ өту. Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша жалпы білім беретін мектептердің ғылыми-техникалық (STEM-білім беру) оқу пәндерін белсенді енгізу байқалуда. Орта мектептердегі программалау курсы бойынша оқушыларды программалау негізінде оқыту мамандармен талқылану үстінде. Ғылыми-техникалық үдеріс қазіргі таңдағы даму сатысы ерекшеленіп айқандалып отырған ауқымды кезең. Жас ұрпақты жан-жақты дамыған ғылым мен техникадан хабары бар, жалпы программа бойынша түсінік қалыптасқан тұлға ретінде шығару мұғалім жаңашылдығы мен ізденісінің белгісі. Сабақта жақсы оқитын белсенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалауды оқытудың әдістері мен тәсілдері
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Шет тілі сабағын оқытуда интернетті қолдану
«Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері»
Информатиканы оқыту әдістемесі
Информатиканы оқыту әдістері
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары
Пәндер