Мұнай базасының топтастырылуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

  1. Мұнай базасы құрылысының техника-экономикалық негізі, алаңды таңдау және жоспарлау

Дипломдық жобада Жаңтас қаласында орналасқан «Жарас»ЖШС-не қарайтын мұнай базасына есептер жүргізілді, оларды бастапқы параметрлері:

  1. Мұнай базасының жылдық жүкайналымы -56600т;
  2. Мұнай өнімдерінің түрлері мен мөлшері жылдық жүкайналымынан - ДЛ дизельді отын -75%, бензин Аи-93 - 25%;
  3. Мұнай өнімдерін қабылдау мен жіберу теміржолмен және автотранспортпен;

Мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау, жіберу және есептеуге арналған арнайы ғимараттар, құрылыс және коммуникация кешенінен тұратын қойма кәсіпорыны - мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшектік сатудың технологиялық тізбесінің қажетті буыны болып табылады.

Мұнай базасының негізгі міндеттері болып ең алдымен мұнай өнімдерін қажетті көлемде және ассортиментте қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өнімдері сапасын сақтаудың кепілдігі және оларды қабылдау, сақтау және жіберу барысында олардың шығынын ең төменгі мөлшерге дейін қысқарту.

Мұнай өнімдерін базаға жеткізу мұнай база жобасына қатысты автокөлік, темір жол және құбыр тасымал көлігімен жүзеге асырылады екен. Мұнай базасы кез келген жұмыс орындары байланыс телефондарымен жабдықталған, апаттық жағдайларды болдырмауға, жоюға арналған, оның ішінде мұнай өнімдерінің апаттық төгілуін болдырмайтын арнайы материалдар және құралдармен жинақталған. Сондай-ақ мұнай сақтау қоймасын пайдалану қоршаған ортаны (ауаны, сыртқы суды, топырақты) рұқсат етілетін нормалардан жоғары зиянды заттармен ластануына жол бермейді.

Мұнда сонымен қатар химиялық талдау жасайтын сараптамалық зертхана да бар. Осы жерде мұ­най, бензин және дизельді жанар­май секілді мұнай өнімдеріне тал­дау жасалады. Зертхананың мате­риалдық-техникалық базасы Ин­дустрия және сауда министрлігінің талабы бойынша қолданысқа ен­гізілген халықаралық стандартта­ғы құрал-жабдықтармен қамтама­сыз етілген. Олар Ре­сей елінің жетекші компания­лары шығарған заманауи қондыр­ғылары.

Өндіріс және ауыл шаруашылығының дамуына байланысты перспективті жоспарға сәйкес аталмыш ауданда мұнай базасының құрылысын жүргізу техника-экономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде жүзеге асырылады, соның ішінде тауар айналымы және мұнай өнімдерін сату көлемі капиталды және пайдалану шығындары, айналым коэффициенті, жұмыс өнімділігі мен капиталды шығынның өзін-өзі ақтау мерзімі болып табылады.

Асулардағы мұнай базаларында өндіріс күштерін оңтайлы орналастыру мен ауданаралық байланыстарды ескере отырып, мұнай және мұнай өнімдерін алмастыру бойынша дайындалған сызба тауар айналымының негізі болып табылады.

Бөлуші мұнай базаларының жүк айналымы мұнай өніміне деген сұраныс пен соларды талап ететін аудандар және тұтынушыларды мұнай базалары мен транзит арқылы қамтамасыз етудің оңтайлы қатынасымен анықталады. Жүк айналымының көлемі маусымдық және жеткізу мен тұтынудың бірқалыпты болмауына байланысты өзгеріп отырады. Осыған байланысты бір айлық жүк тасымалдауды анықтауда бір айлық максималды жүк айналымының орта айлық жүк айналымына қатысын белгілейтін түзету коэффииценті енгізіледі.

Жүк айналымын талдауда мұнай өнімдерінің сорттарының саны, тасу кһзі, бөлу пункттер және соған дейінгі қашықтық, жеткізу жиілігі мен бірқалыптылығы, тасымалдау жылдамдығы мен ұзақтығы, ағызу-толтыру операциялары анықталады. Жүк айналымының болуы мен мұнай базасы паркіндегі резервуарлардың сыйымдылығы қолданыстағы ірілендірілген көрсеткіштердің капиталдық шығынының көлемін анықтайды.

Резервуарлы парктердегі өндірістік бағыттағы объектілерге салынған ең ірі капитал (30-40%), технологиялық құбыр желісі (7-10%), сорғы станциялары (5-10%) . Мұнай базасының жалпы қуатының өсуімен капитал салу 1т жүк айналымына азаяды. Пайдалану шығындарының сомасы негізінде 1 тонна мұнай өнімі шығындар сметасымен анықталады, оған амортизациялық есептеулер, еңбек ақы, ағымды жөндеу жұмыстарына кеткен шығындар, жанар-жағармай, электр қуат және басқа да шығындар жатады. Ірілендірілген көрсеткіш бойынша алынған мұнайдың өзіндік құңы осындай жағдайлардағы мұнай базаларының прогрессивтік жобаларымен салыстырылады.

Резервуардың пайдалану толықтылығының көлемі мен толтыру деңгейін сипаттайтын қайтып айналу коэффициенті k жылдық жүк айналымының мұнай базасының резервуар паркінің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады және кең көлемде өзгере алады: 0, 5 тен 60-қа дейін.

k және есепткі кезеңдегі күндер саны t белгілі болған жағдайда мұнай өнімдерінің сақталу мерзімін келесі формула бойынша анықтайды:

Τ = 𝓉 𝓀 Τ = \frac{\mathcal{t}}{\mathcal{k}}

Мұнай базасы арқылы мұнай өнімін тасымалдау құны қайта айналым коэффициентінің ұлғаюына қарай төмендейді. Қайта айналым коэффициентінің артуы мұнай базасының өндірістік көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеліп соғады.

1. 2. Мұнай базасының құрылысын жүргізу үшін алаңды таңдау

Мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша транспорт шығындарының минималды жиынтығына қатысты экономикалық талаптардан басқа мына жағдай ескеріледі: мұнай базасын салуға арналған алаң белгілі талаптарға, яғни гидрогеологиялық жағдайларға сәйкес келуі тиіс.

Мұнай базасын салуға арналған жердегі учаскелермен көрші қондырғылар арасындағы шекара ҚНжәнеЕ ІІ-106-79 сәйкес болуы тиіс. Мұнай базасын салатын алаң елді мекендер мен көрші құрылымдардың ығында, мұнай буы тұрғын үйге және ашық оты бар нысандарға бармайтындай жерде орналасуы керек. Бұл үшін метерологиялық станцияларының мәліметтері негізінде желдің қайталануын көрсететін «желдер раушаны» румбалар талаптары ескерілуі тиіс. Жанып жатқан мұнай өнімінің су бетімен от тарауына жол бермеу үшін және санитарлық талаптарға сәйкес өзендегі мұнай базаларын жақын маңайдағы елді мекендерден, өндіріс кәсіпорындарынан, айлақтардан, көпірлерден және т. б. төмен ағым бойынша орналастыру керек.

Алаң таңдаудағы ең маңызды талап - осы жер телімінің транспорт магистраліне ыңғайлы қосыла алуы. Алаңның өзінде немесе оның жақын маңайына шаруашылық, өндірістік әрі өртке қарсы қажеттіліктер үшін сумен және энергиямен қамтамасыз ету қажет. Таңдап алынған жер нөсер жауынның және кәріз суларының қоршаған ортаға зиян келтірмей ағып кетуіне ыңғайлы болуы тиіс.

Гидрогеологиялық жағдайлар бойынша 0, 1МПа-дан кем емес үлестік күшті көтере алатындай алаң жергілікті құрылыс материалдарынан салынуы тиіс. Батпақ сазды және су жиналатын жер мұнай базасын салуға жарамайды, өйткені: біріншіден өте қымбат тұратын әрі дренаждау жұмысын жүргізу қажет болады, екіншіден мұнай базасы алаңының айналасында судан қорғайтын дамба салу қажет. Судың жер асты және жерүсті құйылуы болады. Жер астындағы су көздерінен, бұлақтардан және грунтты сулардың кезеңдік пен толқуынан болатын жерасты су құйылуы аса қауіпті.

Жерасты суларының деңгейінің күрт өзгеруі жыл маусымына байланысты ең жоғарғы деңгей көктемде қар еруі мен жаңбырға байланысты байқалады, салыстырмалы төмен деңгей жазда және қыста, ал күзде су деңгейі сәл көтіреді. Жоғары тұрған жерасты сулары агрессивті болмауы тиіс, ал оның қозғалыс жылдамдығы грунтты шайып кетпес үшін және қатты ағыстар болмас үшін шамалы болу керек. Жобаланып отырған мұнай базасын салатын жерді әбден таңдап құрылысын жүргізу үшін сол ауданға зерттеу жұмыстарын жүргізетін барлау тобы жолданады. Олар алаңның топографиялық суретін, сол жердің рекогносцировкасын жасап, жер телімінің шекарасын тиісті ұйымдармен келісу керек.

Таңдап алынған алаңды белгілері бар бірнеше бағандармен қоршайды. Содан соң алаңның темір жолдарына, басқа да объектілеріне байланысы көрсетілген ситуациялық плацтың сызбанұсқасы және алдын ала алаңды бөлу актісі жасалады (ал соңғы акті алаңның берілгені бектілген соң барлық зерттеу жұмыстарынан кейін жасалады) . Алаңның көлемі барлық объектілер орналастырғанда бектіліген бөлулер сақтала отырып таңдалады.

Кесте 1. 1.

Резервуар паркінің көлеміне қарай мұнай базасы жер телімінің болжаулы алаңы

Резервуар паркінің көлемі
Мұнай базасының алаңы, га
Резервуар паркінің көлемі, м 3
Мұнай базасының көлемі, га
Резервуар паркінің көлемі: 1500
Мұнай базасының алаңы, га: 1, 5-2
Резервуар паркінің көлемі, м3: 2
Мұнай базасының көлемі, га: 15-19
Резервуар паркінің көлемі: 4000
Мұнай базасының алаңы, га: 3, 5-4
Резервуар паркінің көлемі, м3: 25000
Мұнай базасының көлемі, га: 20-21
Резервуар паркінің көлемі: 6000
Мұнай базасының алаңы, га: 4, 5-6
Резервуар паркінің көлемі, м3: 3
Мұнай базасының көлемі, га: 22-24
Резервуар паркінің көлемі: 1
Мұнай базасының алаңы, га: 8, 5-10, 5
Резервуар паркінің көлемі, м3: 4
Мұнай базасының көлемі, га: 25-27
Резервуар паркінің көлемі: 15000
Мұнай базасының алаңы, га: 10-12
Резервуар паркінің көлемі, м3: 5
Мұнай базасының көлемі, га: 27-29

1. 3. Мұнай базасының бас жоспары

Мұнай базасының бас жоспарын жобалауға арналған тапсырмаға және технологиялық сызбаға сәйкес, сондай-ақ жергілікті жердің барлық жағдайын ескере отырып, жер бедері, алаңның геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктері, авто және темір жолдарының шешімдері, пайдаланудың кейбір ерекше жағдайлары және ҚНжЕ 11-М. 1-71 жасалады.

Бас жоспар құрылысына бөлінген жердегі әр түрлі объектілерден тұрады, оның дұрыс шешімі мұнай базасы құрылысының құнын азайтады, оны пайдалануды жақсартуға ықпал етеді және арзандатады, сондай - ақ өрт қауіпсіздігін арттырады.

Негізгі жоспарды жобалау кезінде жоспарды, территорияның жобалық рельефін таңдау және барлық қондырғылар мен коммуникацияларды вертикальді белгілерін көрсету керек. Негізгі жоспарды дайындауда масштабы М-1:5 немесе М-1:1 мұнай базасының алаңы орналасқан ауданның ситуациялық жоспары топографиялық негіз болып табылады, оған салынып тұрған және жобаланған объектілер: (кәсіпорындар, елді мекендер, теміржолдар, электр жүйелері) сондай-ақ мұнай базасы алаңының топографиялық жоспары енгізілген.

Мұнай базасының транспорттық және технологиялық магистральдары ситуациялық жоспардың көмегімен ауданның осыларға сәйкес коммуникацияларымен жалғайды және оларды жалғау кезінде учаскелерінің ұзындығы ең аз көлемде болуын қамтамасыз ету керек, ал желілер бір-біріне ыңғайлы байланысып тұру керек. Темір жол бөліктері және тұйықтамалары қисықтықтың қажетті радиустарымен өткізіледі.

Белгілі объектілерді топографиялық жоспар алаңына орналастыруды жеңілдету үшін елімізде бар топографиялық желімен «желдер раушаны» және жан-жағы 100х100м немесе 50х50м, болатын координат торы байланысып тұру. Тордың сызықтарын горизонталь бағытына А әрпімен, ал вертикаль бағытында Б әрпімен белгілейді, олардың алдында координат басында арақашықтығы (м) белгіленеді, (мұндай арақашықтық үшін реперлік нүкте қабылданады) . Алаңның оң жақ төменгі бұрышы координаттары мынадай: 44А+47, 00/7Б+81, 50

Бұл белгіленген алаң бұрышының арақашықтығы координат торының индексі 44А болып есептелетін вертикальды сызық координатынан 81, 50 болып табылады. Сақтау аймағы өрт жағдайларына байланысты өте қауіпті, сондықтан бұл алаңға оқшау орналастырады және оған кіруге шектеулі адам санына ғана рұқсат етіледі.

Тұтынушылар үшін бөлшектеп өткізу аймағына кіріп-шығуға және база маңында көп кідірмес үшін ыңғайлы жерге орналастырады. І және ІІ категориялы мұнай базаларында бөлшектеп сату аймағына арнап арнайы көлік кіріп-шығатын және жалпы ортақ жолға шығып кетуге ыңғайлы алаң бөлінеді. Ашық отпен жұмыс жасайтын болғандықтан қосалқы ғимараттар мен қондырғылар объектілері аймағын басқа аймақтардан бөліп қояды. Тазарту құралдарының зонасы жауын суы мен өндіріс қалдығы өз ағынымен тазарту қондырғыларына түсу үшін жердің неғұрлым төмен бөлігінде орналастырылған.

Зонаның ішінде және мұнай базасында әлемнің бағыты мен болатын жел ескеріле отырып тұтас алғанда дұрыс бағдар болуы аса маңызды. Мысалы, қазандық, жөндеу цехы және басқа ашық отпен жұмыс жасайтын объектілерді желдің түтін мен отты резервуар парктеріне, құю және темір жол тұйықтарына апармайтын жерге орналастыру керек. Аймақтарды және жекеленген ғимараттарды ықшамдауда технологиялық құбыр желісі мен инженерлік желілердің ұзақтығын максималды қысқарту мүмкіндігіне қол жеткізу керек.

Жоспардағы объектілердің орналасуына мұнай базасының барлық аумағының горизонтальдық жоспарлануы мұрындық болуы керек. Бас жоспардағы барлық құрылыстар мен ғимараттардың ауқымды көлемдері мен бір бұрыштың координаты көрсетілуі керек.

Мұнай базасының тік жоспарлау алаңы келесі талаптарға сай жасалады:

  • Сорғыштардың соруы үшін тиісті жағдайлар тудыру керек, сондықтан сорғыштарды алаңның неғұрлым төмен жерінде орналастыру керек.
  • Мүмкіндігінше өзі ағып тұратын және транспорт ыдыстары мен резервуарларға құйылатын мүмкіндік болуы тиіс.
  • Құбыр желісі және басқа коммуникациялар айдалып жатқан сұйықтықтың жиналып қалуына жол бермейтіндей жоғарыдан төмен ылдиланып жасалуы керек.
  • Орын алып отырған рельефті өлшеу үшін жүргізілетін жер жұмыстары мейлінше қысқа әрі барлық алаңда алу мен себу жұмысының көлеміне тепе-тең болуын қамтамасыз ету керек.

Тік жоспарлау ең кең тараған, бұл жоспарлау бойынша тек қана мұнай базасы объектілерінің тікелей орналасқан учаскелері ғана жоспарланады, ал аумақтың басқа бөлігінде жердің табиғи рельефі сақталады. Алайда үлкен құрылыс алаңы бар ұсақ мұнай базалары үшін барлық алаң тұтас жоспарлануы мүмкін.

Көлденең жоспарлаудан басқа техникалық жоба рельефті ұйымдастырудың бас жоспарынан тұрады. Бұл негізгі жоспарда жергілікті жердің рельефіне байланысты алаң бетінің өзгеруі көрсетіледі және объектілер орналастырылады. Сонымен қатар, сол жерде жекелеген учаскелердің жоспары немесе ылдиланған белгілер бойынша жолдар көрсетіледі. Олардың мағынасы мынадай: транспорт қозғалысының ұзындықтағы және көлденеңіндегі ылдилары сәйкесінше 0, 07 және 0, 04-тен артық емес, аумақтың су ағынына арналған минималды ылдиы - 0, 05, жазықтық және төбелі жердегі максималды ылдиы - 0, 06-0, 10. Аумақтың бас жоспарындағы тік жоспардың жобалау рельефін қызыл белгі және көлденең арқылы көрсетеді.

Қызыл (жобалау) белгілері бағыттың өзгеру нүктелерінде немесе жобалау рельефінің ылдиының көлеміне байланысты ғимараттар мен үй-жайлардың жекелеген сипаттағы нүктелерінде бұрыштарда, рельс басы мен нивелирді тордың шыңындағы квадраттарда белгіленеді. Қызыл жобалы белгілер арасы беткі су ағынының бағытын көрсетеді, олардың астында өзгеру нүктелерінің арасы жобалау рельефінің ылдиын көрсетеді, ал бағдарлама үстінде - промилмен алынған ылдидың мағынасы беріледі. Қызыл (жобалық) горизонтальды тік жоспарлау жобасына қара горизонтальмен енгізеді, масштабы 1:1000-1:2000, жобалау ылдидың сақтаған адымы - 0, 1- 0, 5м.

Қызыл белгінің қара белгіден асуы (+) жердің себілгендігін көрсетеді, ал қара горизонтальды (-) белгінің қызылдан асуы жердің алынғанын көрсетеді. Сонымен темір бетонды лотоктың №31 қызыл белгісі 300, 95-ке тең болса, ал қара белгі 299, 75-ке тең болса, онда жерді себу биіктігі h =300, 95-299, 75 = 1, 20м. Жер жұмыстарының көлемін анықтау тік жоспарлардың құрамдас бөлігі болып табылады, ол жұмыс ұйымдастыру жобасы мен құныңың техника-экономикалық жағын бағалауға мүмкіндік береді.

1. 4. Мұнай базаларының жалпы сипаттамасы. Мұнай базасының топтастырылуы

Мұнай базалары деп мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға және оларды тұтынушыларға жіберуге арналған құрылғылар мен қондырғылардың кешенінен құрылған кәсіпорындарды айтады.

Мұнай базаларының негізгі қызметі - мұнай өнімін қажетті мөлшерде және түрлерде өндірістерді, тасымалдаушыларды, ауыл шаруашылығын және басқа тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз ету; мұнай өнімдерінің сапасын сақтау және оларды қабылдау, сақтау, тұтынушыларға жіберу барысында шығындарын минималға дейін қысқарту;

Мұнай базалары келесі ретпен топтастырылады:

  1. Тасымалдау байланыстары бойынша - темір жол, құбыр, су, автокөлік, аралас;
  2. Қойма алаңының көлемі және бір қойманың максималды көлемі бойынша:
  • 1 категориялы мұнай базалары (қоймалардың жалпы көлемі 1м3-ден асады) ;
  • 2 категориялы мұнай базалары (қоймалардың жалпы көлемі 2-1м3) ;
  • 3//категориялы мұнай базалары (қоймалардың жалпы көлемі 1-5000м3, 1 қойманың максималды көлемі 5000м3- ге дейін) ;
  • 3б категориялы мұнай базалары (қоймалардың жалпы көлемі 2000-1м3, 1 қойманың максималды көлемі 5000м3- ге дейін) ;
  • 3в категориялы мұнай базалары (қоймалардың жалпы көлемі 2000м3дейін, 1 қойманың максималды көлемі 700м3- ге дейін) ;
  1. Сақтау өнімінің тізімі бойынша тек қана ашық мұнай өнімдеріне, тек қана қара мұнай өнімдерге, жеңіл тез жанғыш мұнай өнімдерге арналған жалпы сақтау мұнай базалары;
  2. Жылдық жүкайналымы бойынша 5 топқа бөлінеді:
  • 1 топ (жүк айналымы 5т/жылдан асады)
  • 2 топ (жүк айналымы 1 - 5т/жыл)
  • 3 топ (жүк айналымы 5- 1т/жыл)
  • 4 топ (жүк айналымы 2- 5т/жыл)
  • 5 топ (жүк айналымы 2т/жыл-ға дейін
  1. Қызметіне қарай: оперативтік, сақтау, азамат қорлары
  2. Жұмыс істеу қызметіне қарай: ауыстырғыш, таратқыш, ауыстырғыш-таратқыш;

Ауыстырғыш мұнай базалары мұнай өнімдерін тасымалдаудың бір түрінен екінші түріне ауыстырға арналған. Мұнда мұнай өнім сақтау мерзімі ұзақ емес. Ауыстырмалы мұнай базалары сумен, темір жолмен құбырмен, аралас болады.

Таратқыш мұнай базалары тұтынушыларды мұнай өніммен қамтамасыз етуге арналған. Бұл мұнай базалары алаңдарының көлемі ауыстырмалы мұнай базаларымен салыстырғанда аз болып келеді. Таратқыш мұнай базалары тасымалдау түріне қарай сумен, желілі (темір жолдарда) құбырмен деп бөлінеді, олар: оперативтік - жергілікті тұтынушыларға қызмет ету үшін, маусымдық сақтау - жергілікті тұтынушыға қызмет етуге арналған және оперативті мұнай базасына мұнай өнімдерін жіберудің біркелкі еместігін орнына келтіруге арналған.

Ауыстырғыш - таратқыш мұнай базалары ауыстырғыш және тарату мұнай базаларының функцияларын орындайды.

Зауыт іші мұнай базалары шикі мұнайды және мұнай өнімдерін қабылдап, сақтап және жіберуге арналған. Соған сәйкес олар шикізатты және тауарлы деп аталады. Мұнай өңдеу зауыттарының қойма алаңдарында мұнай өнім сапасын мемлекеттік стандарттарының талаптарына дейін сәйкес жеткізу жүргізіледі.

  1. Мұнай базасында орындалатын операциялар

Мұнай базасында жүргізілетін барлық операциялар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгі операцияларға келесілер жатады:

  1. Базаға теміржолмен, өзенмен, автокөлікпен, құбырмен немесе әуе арқылы жеткізетін мұнай өнімдерін қабылдау;
  2. Мұнай өнімдерін қоймаларда сақтау;
  3. Мұнай өнімдерді үлкен партиямен теміржол цистерналарына және маршруттарға, мұнай кемелеріне немесе құбырларға жіберу;
  4. Мұнай өнімдерін аз партиямен автотолтыру станциясы, ыдыс қоймалары арқылы жіберу;

Көмекші операцияларға келесілер жатады:

  1. Майларды және басқа тұтқырлы мұнай өнімдерін сусыздандырып, тазалау;
  2. Отын және майларды араластыру;
  3. Істен шыққан майларды қайта қалпына келтіру;
  4. Құрылыстарды және техникалық жабдықтарын жөндеу;
  5. Бу қазандарды, тасымалдауды және энергетикалық қондырғыларды пайдалану;

Қосымша операциялар барлық мұнай базаларында жүргізілмейді, олар тек қана қажетті өндірістік қуаттары бар мұнай базаларында жүргізіледі.

  1. Мұнай базасының негізгі объектілері мен олардың орналастырылуы

Мұнай базасының аумағында құрылғы мен объектілердің тиімді орналастырылуы барлық операциялардың үздіксіздігін қамтамасыз ететін қолайлы жағдайларды туғызады, санитарлы-гигиеналық және өртке қарсы талаптарды сақтайды және барлық құрылғы кещен жұмысының экономикалық тиімділігін анықтайды.

Мұнай базасы объектілерін қызметіне қарай біріктірген дұрыс және зоналар бойынша аумаққа орналастыру керек.

Жалпы мұнай базасында 7 зона бар:

  1. Темір жолмен қабылдап жіберу зонасы, олар темір жол толтырып- босату қондырғыларынан, сорғы және компрессор станциялардан, сұйықты ыдыстарда сақтағыштардан, көтермелі-түсіру алаңдарынан, зертханалардан, түрлі қызметті техникалық құбырлардан, оператор бөлімінен және т. б. құрылады.
  2. Сумен қабылдап жіберу зонасы теңіз немесе өзен пирстарымен, айлақтармен, сорғы станцияларымен, технологиялық құбырлармен, оператор бөлмелерімен, манифольдтармен және басқа құрылғылармен анықталады, олар тасымалдау ыдыстарына мұнай өнімін толтыру-құю операцияларын қамтамасыз етеді;
  3. Қоймалық сақтау зонасына қоймалар, технологиялық құбырлар, газ жинағыштар, газдық байланыстар, сорғы цехтары, оператор бөлмелері, манифольдтары мен басқалары кіреді.
  4. Мұнай өнімдерін жекелеп жіберу зонасына автоэстакадалар, автоцистернаға мұнай өнімдерін толтыру қондырғылары, мұнай өнімдерінің түрлі сақтағыштары, істен шыққан майларды қайта орнына келтіру цехы, таза және лас ыдыстардың оперативті алаңдары, автошеккелері, зертханалар және т. б. кіреді;
  5. Тазалау құрылғыларының зонасы буферлі қоймалар, топырақұстағыштар, мұнайұстағыштар, флотаторлар, фильтрлер, биофильтрлер, тоған-тұндырғыштар, тоған-буландырғыштар, шлакжинағыштар;
  6. Қарапайым қызмет ғимараттары мен құрылыстардың зонасы - жөндеу-механикалық шеберханалар, буландыру қондырғылары, бу қазандары, сырлау бөлмесі, электр және трансформатор станциялары, тарату пункттері, су құбырлары, ыздыс және материалдар қоймасы бөлмелері, жабдықтарды жөндеу цехтары;
  7. Әкімшілік-шаруашылық зонасы - өртке қарсы қызмет объектілері, ғимараттары, асханалар, кіріс-шығыс бөлмелері, гараждар, күзет объектілері т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтардың функциялары
Көлік саласының Қазақстанның экономикасын дамытудағы рөлі мен орны
Табиғат қорларының экономикалық бағалануы
Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
Атырау облысының экологиялық жағдайын картографиялаудағы қазіргі технологияны пайдалану
СУБД Access-те деректер базасын құру және оны өңдеу
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы
Delphi программасы
Бухгалтерлік қызмет
Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірістерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz