Конституциялық құқық саласы ретінде



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1

1 Конституциялық құқық... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

Конституциялық құқық жүйесі... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

Конституциялық құқық саласы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

1.3 Конституциялық құқықтың тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.Конституциялық құқық нормасының құрылымы:гипотеза,диспозиция,санкци я ... ... ... ... ... ... ... ...15

2.1 Конституциялық құқықтың қайнар көздері... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

2.2 Конституция жəне Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе.
Конституция, яки Ата Заң - қатардағы көп заңның бірі ғана емес.Қазақ мемлекеттігінің анық айғағы. Құрандай қастерлей алмасақ, тәуелсіздігімізді мансұқ етіп, елдігімізді күресінге тастағанмен бірдей.
Бүгінде 16 жыл толып отырған еліміздің Ата заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған жер шарына, адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен юридистикалық құжат. Бұл Конституцияның өзгешелігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз дамуының мемлекеттік тұғырын, басқару тәсілін, билік тармақтарын бекітіп, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құрылғанын жария етті.
Конституцияның асқан құндылығы бірінші рет адам жеке тұлға, құқықтық қатынас субьектісі, мемлекеттің құрылтайшысы есебінде қаралуында. Күлтегіннің, аспан мен көктің арасын тіреген еркін түріктерінен кейін қазақ баласы мыңдаған жылдар ханның қарашысы , патшаның боданы жұмысшы немесе шаруа табының мүшесі, партия, комсомол жауынгері есебінде қарастырылды.
Жеке өз атынан мемлекет тұлғасы, тең дауысты азамат болып сөйлеу осы біздің кейінгі 10-15 жыл бағымызға бұйырыпты, бұл Ата заң бекңткен еркіндік, онда адам оның өмірі, құқы мен бостандығы мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы деп көрсетілген еді.
1958 жылға дейін колхоз жерінен кетуге болмайтынын, паспорт берілмейтін құлдық тәртіп болғаны кейінгі жастарға белгісіз. Шет елге біреу барып келсе бір жылға жұмақта жүріп келгендей болып жүретін жағдайды тез ұмыттық. Бүгін қазақтың қара баласы Оксфорд, Кембридж, Сорбина университтеріннағашысының үйіндей шарлап жүр. Қазақ баласының өз қатарынан кем емес, айға ұшады, сыртқа шығады, тең жүреді. Осы еркіндік біріншіден дербестігіміз, екіншіден дара Президентіміз, үшіншіден Конституциямыздың арқасы екенін осы жұрт білсе керек. Ата заңымызда Республика өзін демоератиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды - делінген.

1.1 Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде

Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқылады. Ғылым ретінде конституциялық құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып үйренуге өзіндік бағыт - бағдар тән. Ғылым конституциялық құқықты құқықтық ғылымдардың бір бөлігі ретінде қарастыратындықтан, ол салалық ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету заңдылығын реттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құқықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, Қазақстан мемлекеті тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының нысандарын,әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Ол конституциялық құқықтың мәнін, нормалары мен институттарының бағыттарын және оны жүзеге асырудың нәтижесінде конституциялық-құқықтық қатынастар туады, өзгертіледі және тоқтатылады. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы конституциялық-құқықтық қатынастардың сипатын және табиғатын, олардың басқа салалық құқықтық қатынастармен салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымы реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық-құқықтық нормалар әрекетінің тиімділігін зерттейді, ондай тиімділік әлсіреген жағдайда оны күшейту үшін ұсыныстар жасайды.
Аталған ғылым мәртебесі конституциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін зерттейді. Сөйтіп ,бұл мемлекеттік органдар, әрине, оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланыс деңгейінде зерттеледі. Мұнда конституциялық-құқықтық нормалардың тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді. Былайша конституциялық құқықтық нормалармен реттелу мүмкін қоғамдық қатынастарды жалпылама анықтауға болғанмен, іс жүзінде олар реттейтін қоғамдық қатынастар шегін белгілеу оңай да емес. Нәтижесіде конституциялық құқықтық нормалар өз табиғатында құқықтың басқа салаларының нормаларымен реттелуі тиіс қатынастарды қоса барынша кең көлемдегі қатынастарды реттеуі мүмкін немесе керісінше айталық өзінің әлеуметтік мәніне орай солар арқылы реттелуі тиіс қоғамдық қатынастар конституциялық - құқықтық нормалардың назарынан тыс қалдырылуы мүмкін. Ғылым мұндай мәселелердің жауабын іздеп, табуы тиіс.
Конституциялық құқық ғылымы халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық бөлініс нысандары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды. Жергілікті өкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесі де осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар көзі ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық принциптерін зерттеу жатады.
Конституциялық құқық ғылымы адам мен азаматтың құқы, шет ел азаматтары, конституциялық нормалардың адам құқының халықаралық құқық нормаларымен өзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар аударуы тиіс. Конституциялық құқық ғылымы оның пәні болып табылатын аталған обьектілерді зерттейді. Ол оларды әлеуметтік, тарихи, логикалық және басқа әр түрлі әдістерді қолдана отырып, ғылыми методологиялық принциптерге сүйене отырып зерттейді. Конституциялық заңдылықты оқып-үйрену, оның әлеуметтік табиғатын, бағытын ашып көрсету, іс жүзінде қолданылуын қарау негізінде ғылым теориялық ережелерді, тұжырымдарды, тұжырымдамаларды қалыптастырады. Бұл ережелер тек ғылымның дамуы ғана емес, сонымен қатар заңдылықты жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту үшін де маңызды. Конституциялық құқық ғылымы тұтас құбылыс болғандықтан оның тұжырымдамалары, теориялық ережелері өзара байланыста болып қана қоймайды, сондай-ақ біртұтастығымен ерекшелену тиіс. Конституциялық құқық ғылымының бірлігі мен тұтастығы теориялық кешендердің шартты түрдегі дербестігін жоққа шығармайды. Ол дербес зерттелетін мынадай айтарлықтай кешеннен тұрады. Олардың қатарына, мысалы, билікті бөлісу, парламентаризм, президенттік басқару нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік, мемлекеттіліктің сипаты мен мәні, халық билігі, азаматтық қоғам тұжырымдамасы, саяси плюрализм және басқа теориялар жатады. Осы теориялар мен тұжырымдамалардың қай-қайсысы болсын дербес қалыптасады, бірақ сонымен бірге олар бір-біріне ықпал етеді.
Ғылым конституциялық құқық деп аталғандықтан, оның негізгі бастауы - Конституция болып табылады. Ол Конституцияның негізінде өзінің басты теориялық ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп конституциялық заңды құрайтын: конституциялық заңдар, жай заңдар, Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері де конституциялық құқық ғылымының қайнар көзі болып табылады. Бұл - Конституциялық құқық ғылымының нормативтік құқықтық қайнарлары. Конституциялық құқық ғылымының басқа бір бастауы - конституциялық-құқықтық нормаларды іс жүзінде жүзеге асыру. Нақ іс жүзінде зерттеу ғана конституциялық-құқықтық нормалардың сыртқы табиғатын ғана емес, сондай-ақ ішкі мәнін, қолданылу ақиқаттығын түсінугеде мүмкіндік береді. Конституциялық - құқықтық нормаларды нақ осылай зерттеу ғана ғылыми ілім, тұжырымдамалар, идеялар туғызудың негізі болып табылады. Конституциялық құқық ғылымының келесі бір қайнар көзі - отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың конституциялық құрылыстың философиялық, заңдық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға тікелей немесе жанамалай қатысты еңбектері.
Қазақстанда қазіргі заманғы конституциялық құқық ғылымы тақыр жерде қалыптасып отырған жоқ. Біріншіден, кеңестік кезеңде ол Қазақстанда шартты түрде кең дамыды. Алайда, ҚазақКСР-ы КСРО-ның құрамында болғандықтан Қазақстанның дербес конституциялық ғылымы болған жоқ. Ол Кеңестер елі конституциялық құқық ғылымының құрамдас бір бөлігі болды. Екіншіден, дербес, егеменді Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін мұнда өзінің конституциялық құқық ғылымы қалыптаса бастады. Қазақстанда аталған ғылымның теориялық бастаулары дербес конституциялық даму мәселелерін қазірдің өзінде зерттейтін республика ғалымдарының еңбектері болып табылады. Әрине, Қазақстанның конституционал ғалымдары "керемет жасау" туралы ойдан мүлдем аулақ. Қазақстан әлемдік өркениет жетістіктеріне, соның ішінде конституциялық құқық саласында да игілікке қол жеткізе бастады.
1.2Конституциялық құқық жүйесі
Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.
Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-кұқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:
1.Міндеттеу әдісі;
2.Тыйым салу әдісі;
3.Ерік беру әдісі.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында: "Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті" деп жазылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Аталған қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.
Конституциялық құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады.
Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағында былай делінген: Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституция заңда қаралмаған әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рұқсат ету әдісін де кең қолданады.Мұндай әдіс көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысал ретінде әркімнің,заңмен белгіленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір ауқым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.
Ерік беру әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, онын бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екі даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы.Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, меніңше, құқықтық реттеудің тағы бір әдісін -- тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан -- адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рұқсат етеді емес, дәлірек айтқанда, таниды. Қазақстан Республикасы Конституциясының, 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, зандар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады". Құқықтық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.
Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады" (Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағы).
Көрсетілген конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі, тұтас алғанда, Конституция болып табылады. Мұндай жәйтті бөліп айтуымның себебі, ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде тек Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ оның басқа да элементтері: принциптері, жалаң қағидалары, міндеттері мен мақсаттары да қызмет етеді. Тарихи фактіні бұлайша сипаттаудың мемлекеттің тек көп ұлттық қана емес халықтық сипатын ұғынуда да айрықша мәні бар. Ал бұл идея мемлекеттің барлық көп ұлтты мемлекеттің атынан қызмет етуді, ұлттық белгілері бойынша кемсітілуге және басқаларына жол бермеуді көздейді. Әрине, бұл идеялардың бәрі тиісті зандардың қайнар көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде тануда конституциялық идеяның бастаулық мәні қызметін атқарады. Бұл қағида Республика азаматтарын әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуге арналған заңдардың негізгі қайнар көзі болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясы жариялаған мемлекет қызметінің принциптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың қажетіне орай экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қазақстандық құқықтың қайнар көзі қызметін атқарады.
Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы.
Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы - басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін және мемлекет пен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқықтық жағдайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды.
Конституциялық құқық тәсілдері дегеніміз - ол конституциялық - құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға және оған қатысушыларға құқықтық әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы. Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші нор-маларға құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар кем емес. Конституциялық құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялык құрылысты нығайтуда, азаматтардьің құкы мен бостандығьш корғауда, саяси тұрақтылыкты сақтауда үлкен рөл атқарады. Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар.
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) кандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құкық беруші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялык Кеңесінің конституциялык өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.
Конституциялық заңдарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекетгің конституциялық негіздерін, зандылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда анық айтылған. 5-баптың 3-тармағында: "Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялык құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулык араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады" делінген.
Міндеттеуші конституциялык нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік оргаңдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн.
Конституциялық-құқықтық нормалардың, оларды құқық саласының басқа

Конституциялық құқық тәсілдері
Құқық беру әдісі
Рұқсат ету әдісі
Міндеттеу әдісі
Тыйым салу әдісі
1) құқық беру әдісі, яғни конституциялық - құқықтық қатынастарға қатысушыларға құқықтар беру;
2) рұқсат ету әдісі, яғни субъектіге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету,
3) міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міндеттер бекіту;
4) тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.
2.Конституциялық - құқықтық нормалар
мемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері. Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық - құқықтық нормалар:
- реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәні мен байланысы өзінің мазмұнымен;
- баяндалған деректерінен. Олардың ең маңыздылары Конституцияда - мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;
- құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

Конституциялық құқық нормасының құрылымы
Гипотеза: Норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі
Дизпозиция: Құқық субъектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөлігі
Санкция: Ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде конституциялық - құқықтық нормалар құрылымында тек жекелеген жағдайларда ғана кездесед.
Конституциялық - құқық нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойынша құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:
- құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;
- міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс әрекетін осы нормалар талаптарымен үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;
- тыйым салатын нормалар өз ұйғарымында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуды қамтиды.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз - конституциялық - құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік - құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердің түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:
- 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. Қазақстан Республикасының Президенті туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы және т. б. заңдар.
- Заңдар - конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, т. б. заңдар жатады.
- Конституциялық - құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;
- Қазақстан Президентінің конституциялы құқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары сотының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық - құқықтық нормалары қамтылған қаулылары;
- Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т. б. шешімдері.
Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).

Конституция сөзі латынның constitutio - бекіту, орнату деген сөзді білдіреді. Алғашқы конституция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтың пәні
Конституциялық құқықтың түсінігі
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесіндегі рөлі, конституциялық құқық ғылымы
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының пәні, әдісі, және бастаулары
Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде
Қазақстан Республикасынаң құқығы негіздері
Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері, ерекшеліктері
Конституциялық құқық туралы
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
Пәндер