Қонақ үйдің материалдық базасының кеңейтілуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Ландшафттық дизайн

Тақырыбы: Қонақ үйді құрудағы алдын - ала техникалық қауіпсіздік

Мамандығы: 5B042100-Дизайн

Біліктілігі: Архитектурный дизайн

Курстық жоба
бағасы _________________
___ _________ 20 __ г

Студент ______________ Қайыпбай Өркен
(қолы) (Ф.И.О.)

Жетекшісі _____________ Абишева Сауле Ивановна
(қолы) (Ф.И.О.)

Павлодар, 2021-2022ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық техникалық база ... ... ... ... ... ...5
1.1 Қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуі ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Қонақ үйдің материалдық базасының кеңейтілуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..6
1.3 Қонақ үйдің материалдық техникалық базасының жаңартылуы ... ... ... ... .9
2. Қонақ үйдегі техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1 Қонақ үй ғимаратың функционалды тағайындау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 10
2.2 Қонақ үйде апатқа қарсы құрылғылар орнату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .13
2.3 Қонақ үйде технологиялық процестерді басқару жүйелері ... ... ... ... ... ... 16
2.4 Қонақ үйде аварияға қарсы автоматты қорғаныс жүйелері ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20



Кіріспе

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде - Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы әртүрлі болған.
Кейбіреулері қонақжайлық сөзі ескі француз сөзі ospis -- біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі hospitalis дегенді яғни - қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар - дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және қорғаныс жөнінде келісім құрған.
Қонақжайлық түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты.
Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады.
Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді.
Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV - ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII - XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді.
Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты.Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді. Экономиканың бұл облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады.Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй шаруашылықтарын басқара отырып, сондай-ақ басқа мемлекеттерде қонақ үй тұрғызумен айналысты. Лондонда қонақ үй синдикаты, Францияда Қонақ үй қожайын одағы құрылды. Бұл мекемелердің жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ үй қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады.
1906 жылы Халықаралық қонақ үй иелерінің одағы құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктірді.
Еуропаның ең ірі қалаларында қонақ үйлерді басқа бағытта пайдалану басталды. Ол жерлерде казино ойындарын өткізу, прессконфепенция өткізу қарастырылған.
Қонақ үй шаруашылығының тез қарқынмен дамуы XX ғасырда басталды. Бұған себеп автомашиналардың сапалы және сандық бағытта тез өсуі, әуе және темір жол транспорты, мемлекет аралық сауданың, мәдениеттің, ғылыми - техникалық және спорттық байланыстардың өріс алуы болып табылады.
Қазіргі Қонақжай индустриясы дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын - сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды. XVIII - XIX ғасырда өнеркәсіп орындары мен сауда байланыстарының өсуімен, қалалар саны артып, қонақ үйлер ашылды. 1818 жылы Мәскеуде жеті қонақ үй жүйесі жұмыс жасады. 1900 жылы Петербургте 325 қонақ үй ашылды. Ал 1910 жылы Ресейде 4685 қонақ үй жұмыс істей бастады. Ол қонақ үйлердің бәрі таза коммерциялық мекемелер мен жеке адамдар меншігіне қарасты еді.
Октябрь ревалюциясынан кейін, Кеңес үкіметінің декретімен, барлық қонақ үйлер ұлттандырылып, қонақ үй шаруашылығы түбегейлі қайта құруға ұшырады. 1940 жылы 669 қалада қонақ үй тұрғызылды. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңінде барлық халық шаруашылығына, соның ішінде қонақ үй шаруашылығына үлкен зиян келтірілді. Соғыс жылдарынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары мен жаңа қонақ үй жұмыстарының құрылыстары, қайта жабдықтау басталды.
1960 жылдарға таяу Кеңес Одағының 1364 қаласында, қонақтарға 1476 қонақ үйде қызмет көрсетті. Алдағы уақытта елдегі қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін келесі факторлар анықтайды:
* Қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы
* өнеркәсіптің өсуі
* ғылымның және мәдениеттің өсуі
* өнердің өсуі
* адамдардың материалдық жағдайының өсуі және т.с.с.
Дизайн бұл - өндірістік заттарды шығаратын және біртұтас заттықортаның рационалды формасын қамтитын көркемдік проектінің қайраткерлігінің әртүрлілігін білдіретін термин. Әйгілі италияндық архитектор және дизайнер Понти: Дизайн бұл біздің өркениеттің айқын мінезін ашатын әдемі формалар, заттардың әлемін тудырушы, - деп санайды.
Тағы бір архитектор Т.Мольдонада басқа пікірді ұстанады. Оның ойынша, қолданылатын заттар көркемдік шығарманың функциясын орындай алмайды, ал өнердің, яғни заманауи интерьердегі негізгі талаптар, түстердің ықпалы, жарық пен түстер гаммасының адам психикасына әсері сияқты мәселелер туралы ой, пікір қозғалады. Фойені бөлімі көркем безендіру, демек бұл негізгі бөлім болып есептеледі. Бұл бөлім жобаныөңдеу және қонақ үй интерьерін көркем безендірудің әдістемелік негіздері мен үйірме жұмыстары деген екі параграфтан тұрады.
Қонақ үйдің ішкі көрінісінде интерьер дизайнын қолдану оңай емес. Дизайнды архитектурадан (интерьерді проектілеу, ғимаратты құрастыру),мүсіннен, қолданбалы өнерден (ыдыстың немесе жиһаздың жаңа түрін дүниеге келтіру) ажырату қиын. Дизайн барлық бізді қоршаған заттық әлемді қамтиды.Бұл әлем барлығымызға жақындығы соншалықты, ол шындығында да барлығымызға түсінікті, айқын, оны тану әркімге оңай деген пікірден арыла алмаймыз. Әрбір заттан көркемдік шығармадан айырмашылығы - ол әлдебір арнаулы өмірлік қажеттілікке, яғни функция ие. Бірақ әрбір адамда дерлік айналасынәсем заттармен қоршауға ынтасы бар. Сондықтан заттың құндылығын екі нәрсеқамтиды - тиімділік және әдемілік. Әрбір затта әрқашан тұрақсыз және тарихиауыспалы техникалық және эстетикалық бастау қаланған. Әр дәуірдің өнергеқатысты өзіндік ерекшеліктері болады. Қайта өрлеу дәуіріне дейін техникамен өнерде бізді қоршаған ортаның стильдік бірлестігі тұтастық түрінде қаралған. Тек XVII - XVIII ғ.ғ. ғана жекелеген бұйымдарды талдап көрсете бастады. Дәл осы кезеңді көркемдік құрылымдардың қол жұмысынан машиналық өндіріске ауысқан дәуірі деп түсінуіміз керек.

1.ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
0.1 Қонақ үй ғимаратының материалдық және техникалық өсуі
Елдегі қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін келесі факторлар анықтайды:
* қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы;
* өнеркәсіптің өсуі;
* ғылымның және мәдениеттің өсуі;
* өнердің өсуі;
* адамдардың материалдық жағдайының өсуі және т.с.с.

Мемлекеттердің экономикалық дамуы үшін туризмнің рөлі өте жоғары. Туризм XXғ. аяғымен ХХIғ. басында толығымен халықарлық деңгейде болды. Мұндай болуына 2 фактор әсер етті. Біріншіден, үлкен пайда алу мақсатында, кірісін жоғарлату үшін туристік кәсіпорындар, фирмалар саяхаттау географиясын әлем бойынша кеңейтуде. Екіншіден, рентабельді болу үшін туризм халықаралық деңгейде инвестициялану ерек. Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс,Шығыс Азия, және Тынық мұхит регионы.
Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапсы жоғары курорттар пайда болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа жоспарлар құруда. Осылайша жаңа курорттар, қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болуда.
Туристік ағымды өзіне көптеп тарту үшін, туристік региондарда туристердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалуда. Туристік өнімді өткізу үшін, осы өнім туралы ақпараттың клиентке оңай жетуі тиіс, яғни бұқаралық ақпарат көздері арқылы немесе демалыс орындарында болу керек.
Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және ішкі туризм сферасында қонақүй шаруашылығы туристерге толық комплексті қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады.
Қонақ үй шаруашылығы техникалық базасы, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылады, яғни Қазақстанда туризмді дамытуда қызмет көрсету саласының рөлі жоғарлайды. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады.
Орналастыру туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы- бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар.
Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық инфроқұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды: отелдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған жатақханалар,апартаменттер,туристік приюттар және жеке секторлар.

1.2 Қонақ үй материалдық базасының кеңейтілуі
1965 жылы Қазақстан мен барлық Одақтас республикаларда туризм бойынша Кеңестер ұйымдастырылып, қонақ үйдің материалдық базасы біршама кеңейтіледі. Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Шығыс Қазақстан облыстарында алғашқы кездері тек жалға алынған көлік құралдарымен жұмыс істеген, саяхат пен экскурсия бюролары пайда болған. 70-жылдардың орта кездерінде Қазтур Кеңесінде шетел туристерін қабылдау мен оларға қызмет көрсету бойынша бюролар жүмыс істей бастайды.
Алматы, Жамбыл (қазіргі Тараз), Шымкент, Қарағанды және Целиноград (қазіргі Астана) қалаларында Интурист атты Бүкіл Одақтық акционерлік қоғам агенттіктері ашылды. Ол КСРО-ның Министірлер Кеңесіндегі шетел туризмі бойынша бас басқармасына бағынышты болды. Сол жылдары біздің отандастарымызды Жерорта теңізінің жағалауындағы Греция, Түркия, Тунис, Мальта, Испания, Франция, Ұлыбритания, Италия елдері арқылы өтетін, социалистік елдерге саяхат;Финляндия, Үндістан бойынша өтетін маршруттар қызықтырды.
Туристік саланың дамуының жоспарлы реттелуі елімізден шетел валютасы ағымының мүмкіншілігін мейлінше азайтты, ал айырбастан тыс келген халықаралық топтарға туристік қызмет көрсету шетел валютасының түсімін арттыруға айтарлықтай әсерін тигізді.
Сол кездегі КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары болып Кавказ, Қрым, Балтық жағалауы, Ресейдің тарихи орталықтары мен Орта Азия саналды. Ал Қазақстанның бірқатар табиғи көрнекті жерлері мен мәдени ескерткіштері, архитектурасы мен археологиясы мүлдем көңілден тыс қалып қойды. Бұл кездері қазақстандық туризм идеологиялық функция атқаратын мәдени-ағартушылық жұмыс жүйесінің элементтерінің бірі ретінде көрінді.
Мемлекеттің туристік саланы экономикалық сала ретінде қарастырмауы, кешенді болжаулардың жүргізілмеуі, ұзақ мерзімді жоспарлардың жасалмауы, Қазақстанда туристік қызмет индустриясының артта қалып қоюының негізгі себептерінің біріне айналды. Сондай-ақ, туристік қызметті аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдар көңілден тыс қалды.
Заңдылықтарға жүгіне отырып, туристік-экскурсиялық кәсіпорындар өз жоспарларын әзірлеп, келісім-шарттар жасасты. Кәсіпорындардың өндірістік, әлеуметтік қызметі, жұмысшылардың еңбекақысының төленуі еңбек ұжымымен атқарылған қаржы есебінен жүзеге асырылды.
Туристік-экскурсиялық мекемелерді көтерме сауда ретінде материалдық ресурстармен жабдықтауға, яғни 1987 жылдың шілде айынан бастап толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға көшіруі, алдағы бірнеше жыл ішінде ғана көптеген туристік қызмет кәсіпорындарының (туристік пансионаттар, демалыс үйлерінің, турбазалардың және т.б.) толық жабылуына алып келді.
Қазақстанда қарастырылып отырған туристік сауданың даму кезеңі, Кеңес кезеңі бойындағы басымдылыққа ие болған дәстүрлі ұйымдастырушылық формаларының (жаппай және әлеуметтік туризм) өз жасауын жасап, рынок құрылымына бағытталған жаңа күштердің қалыптасуын бейнелейтін шешуші кезең болды.
Қазақстандық туристердің осы жылдары жиі баратын елдерінің қатарына Түркия, Польша, Қытай, БАЭ, Германия, Болгария елдері кірді. Ал Қазақстанға келетін туристердің ағымы көбіне Ұлыбритания, ҚХР, АҚШ, Германия елдерінен. Негізінен осы кезеңдегі сыртқа шығу туризмін ұйымдастыруға бағытталған отандық туристік қызмет кәсіпорындарының кәсіпкерлік пайдасымен, туризмнің қоғамға қосқан үлесінің құндылығын өлшеу мүмкін емес еді.
Туристік саланың осылайынан бір жақты жұмыс істеуінен елдің туристік ресурстарының артуын байқай алмаймыз және де ол ұлттық экономиканы көтеру котализаторы бола алмайтындығы айқын.
Туристік алмасу саласындағы достастық туралы халықаралық келісім қорытындысы, әлемдік туристік нарығында мемлекеттің имиджін құруды қолдау мен өзіндік туристік мүдделерді жүзеге асыру үшін қосымша ынта берді. Қазақстанды туристік әлуетке бай, перспективті партнер ретінде қарастыра отырып, шет мемлекеттер үкіметінің бірқатар келісімдер жасауға ілтипат білдіргендігін атап өту қажет. Осындай келісімдер Иран, Пәкістан, Молдова республикасы, Венгр республикасы, көршілес Қырқызстан, Өзбекстан елдерімен жасалған, сондай-ақ бұған ТМД елдерімен туризм облысында достастық туралы келісімдерін де жатқызуға болса, бүл өз кезегімен Қазақстан Республикасының әлемдік туристік рынокқа шығуы туралы куәландыруы болар.
Қазақстан Республикасының Президентімен 1997 жылдың 30 сәуіріндегі Қазақстан Республикасында Ұлы-Жібек жолындағы туризмнің инфрақұрылымын дамыту бойынша Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен ЮНЕСКО жобасын, түркі тілдес мемлекет басшыларының Ташкент декларациясын жүзеге асыру туралы және 1998 жылдың 27 ақпанында Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы қабылданған Жарлықтары маңызды рөл атқарды. Аталмыш Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші Жарлығында көрсетілгендерді орындау мақсатында жасалған болатын. Мұнда сонымен қатар, Қазақстан Республикасында туристік қызмет инфрақұрылымын дамыту мен тарихи қалаларды жаңғырту бойынша қажетті ғылыми және өндірістік әлуеттерді біріктіру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың өзара әрекетін қамтамасыз- етуін анықтау міндеті, қызметінің негізгі бағдарына айналатын ашық акционерлік Жібек жолы - Қазақстан Ұлттық компаниясын құру ұйғарылған болатын.
Туристік қызметтің орталығы болып табылатын аумақтың әлеуметтік-инфрақұрылымдық және экономикалық өлшемдері іскерлік туризм үшін маңызды. Дамыған рыноктық процестер, интенсивті өңіраралық байланыс, дамыған инфрақұрылым, қазіргі заманға сай банктік қызмет және тағы басқалармен сипатталатын аумақтың белсенді тіршілігі, туризмнің осы түрінің дамуының алғышарты болып, іскер адамдардың рыноктық коммуникацияға ұмтылысын қанағаттандыратын қызметтер аясының әлуеті ретінде бағаланады.
Әлемнің бірқатар елдеріндегі туристік қызметтер нарығындағы баға бәсекесінің артуы турөнімді ұсынушы туроператорлардың табыстылығының төмендеуіне әкелді. Еуропалық туристік қызметтер рыногындағы бағаның түсуі мүмкін минималды деңгейге жетті. Осындай жағдайларда ұлттық және халықаралық масштабта шоғырландыру процесі дамып, баға бәсекесінен өнімнің сапасы төңірегіндегі бәсекеге өту, баға мен сапа сәйкестігіне қол жеткізу орын алады. Алайда, еліміздің ішкі туризм нарығында қалыптасқан баға деңгейі шет елдерінің ұсынысымен бірдей, ал сапасы жағынан төмен болғандықтан, тұтынушылар отандық ұсынысты емес, шетел ұсынысын таңдайды.
Туристік объекті болатын аумақтың экологиялық параметрлері, туристік өнімнің маңызды құрамасы бола, кейінгі уақытта туризмні экологияландырылуы үрдісінің пайда болуының бірде бір себебіне айналды.
Демалу мен бос уақытты өткізу үшін жағдай туғызатын қоршаған орта мен туристік-рекреациондық сипаттамалар туризмнің көптеген түрлері үшін, сәйкесінше туристік қызметті ұйымдастыру үшін негіз құрайды.
Туристік қызмет кәсіпорындары мен олардың көмекші құрылымын ауылды жерлерде орналастырып, экономиканың басқа салаларының қызмет айналымына жатқызуға болмайтын, табиғат элементерін (ландшафтың эстетикалық ерекшеліктері, таулы рельеф пен жазық дала көркін және т.с.с) пайдаланатын ауылды туризмді дамыту болашағы үлкен.
Туристік қызмет нарығындағы игерілмеген демалыстың бұл түрін, жазғы уақытта мектеп жасындағы балалар мен жеткіншектер арасында ұйымдастыру тиімді, алайда ұрпақты тәрбиелеу, Жер-Анамен жақындатудағы оның әсері таза экономикалықтың шегінен шығады.

1.3 Қонақ үйдің материалды техникалық базасының жаңартылуы
Қонақ үйдің материалды-техникалық базасының жаңартылуы қандай-да бір дәрежеде байланыстылықта болады. Сондай-ақ, туристік қызметті аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдар көңілден тыс қалды.
Қонақ үй қызметтері аясының көптеген салаларының, жинақтаудың маңызды көзі болып табылатын, экономикалық рентабельділігін ескере кетуіміз қажет. Шын мәнісінде, қондырма базисінің кез-келген маңызды элементі, қандай-да бір өңірдің қоғамдық өмірінің барлық жақтары, тіке және кері байланыстар механизмі арқылы қызметтер аясымен белсенді әрекеттеседі.Сөйтіп, қызмет және оның түрлілігі сан жағынан, сапа жағынан көпшілік халықтың әл-ауқатына әсер ете отырып, адам факторының белсендеуінің қуатты тұтқасы бола, экономикалық өсу процесіне жан-жақты әсер етеді.
Қызметтер аясы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос уақытты тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы әрбір мүшелері үшін жағымды жағдайлар жасау арқылы әсер ететіндігі аян. Коммуналды-тұрмыстық жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен энергияны талап ететін аясы болып қала бермек.
Халық өзінің бос уақытын өзіндік қызмет жасау бойынша үй шаруасына, коммуналды-тұрмыстық мекемелерді аралауға, балаларды күтіп-тәрбиелеуге жұмсайды.
Қызметтер аясының тұрмыс салтын қалыптастыру тұрғысынан алғандағы маңыздылығы, бұдан басқа қызметтер аясының өзіндік жұмыскерлерінің тұрмыс салты мен оның бүтіндей қоғамға, оның барлық мүшелерінің тұрмыс салтына әсер етуімен толықтырыла түседі.
Қазақстандағы туристік саланың денсаулық пен жұмыс істеу қабілеттілігін, күшін қалпына келтіруге және т.б. деген адамның қажеттілігін толығырақ қанағаттандырмауы, қызмет ету сервисі деңгейінің төмен болуымен сипатталуы, оның материалды-техникалық және экономикалық даму жағдайының шектелуімен түсіндіріледі. Осы тұрғыдан, туристік саланың дамуы экономикалық кешенді жандандыру және аумақтық әлуетті тиімді пайдалану мен байыту тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Қонақ үй шаруашылығы туристiк индустрияның негiзгi құрамды бөлiгi болып табылады.
Қонақ үйлер туризм саласына табыстардың ең көп бөлiгiн қамтамасыз ететiн бағыттардың бiрi болып табылады. Әлемнiң барлық мемлекеттерi қонақ үй саласын дамытуға үлкен көңiл бөледi. Қонақ үй индустриясы құрамына қонақ үйлер, мотельдер, жол бойындағы және су жағалауындағы қонақ үйлер, сонымен бiрге туристердi жайғастырудың арнайы жабдықталған құралдары кiредi.

2. ҚОНАҚ ҮЙДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
2.1 Қонақ үйды функционалды тағайындау
Қонақ үй ғимаратын функционалды тағайындауды мынадай негізгі 4 топқа бөліп қарастырылады:
- Қонақ үйдің тұрғын бөлігі;
- Әкімшілік бөлімі;
- Қызметкерлер;
- Қосымша көмекшілер.
Бірінші топқа - бөлмелердің барлық категорияларын ұйымдастыру ғимараттың тұрғын бөлігімен тікелей байланысты.
Екінші топта - вестюбиль онымен қатар ғимараттың барлық коммунальдық бөлмелері директордың қабылдау бөлмесі және т.б. әкімшілік қызмет көрсету жұмыс жасайды.
Үшінші топқа - ғимараттық жалпы тағайындалуы (концерттік залы, музыкалық және би салондары, қонақ бөлме, конференция және мәжәліс залы, спорттық жаттығу залы), көршілес ғимараттағы кәсіпорынның қызмет көрсетуі ( жеке байланыс, сән салоны, ақша бірліктерін ауыстыру орындары кафе, бар, мейрамханасы, сауда орындары және т.б.)
Төртінші топқа- қонақ үй ғимаратының шаруашылық қоймалары (төсек орын жабдықтарын және кір жуу, түгендеу және жасау үстаханасы, зат қояатын бөлме және қойма) ғимараттың жеке инженерлік техникалық жабдықтау шеберлері машиналық бөлімдер, байлерлік кіреді.
Қонақ үйдің анықталған құрам үлгісі және қонақтар үшін жоғары жайлылық талаптарын жасау және персоналдардың жұмыс жағдайын жақсарту. Ғимараттың маңызы жеке алаңдарының көп бөлімін тұрғын үй бөлмелері, тікелей байланыста көмек көрсету және бөлмелерге қызмет көрсету. Қонақ үй бөлмесі келушілерге дерлік мынадай элементтермен қосымша тамақтандыру, демелуға арналған орын жабдықтарымен жұмыс орнымен қонақ қабылдау бөлмесі ауыз үймен киімге арналған шкафпен санузелмен жабдықталады.
Қонақ үй бөлмелерінің сәулеттендірілу дәрежесіне байланысты мынадай категорияларға бөліп қарастырылады.
А) люкс бөлмелері ( тұғын үйлер) - бірнеше бөлмеден тұрады.Бөлмеде спутнигтік теледидар, үй кинотеатры, шағын бар элекронды сеиф LCD теледидары халықаралық және қалааралық телефон, климат конторл, гидро массаж ваннасы жоғары сапалы жиһаздар болады.
Б) екі бөлмелі бөлме-алдыңғы қатарлы құрылым, толық санузелді, ұйықтайтын және қонақ бөлмесі жұмыс кабинетімен диван; жиһазбен санитарлық техникалық және басқада жоғары сапалы жабдықталумен қамтамасыздандырылады.
В) Дубм бөлме - екі орынды типтегі бөлме, бір диван, бір кереует,кереуетпенауыстырылған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық - техникалық база туралы ақпарат
Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық техникалық база.
Қонақ үйдің материалдық техникалық базасының жаңартылуы
Қонақ үй сервисіндегі ақпараттық ресурстар және оның қолданылуы
Туристтік агенствосы деректер базасын құру
Зерттеу пәнін қонақүй секторындағы кәсіпорындарда қызметтердің сапасын басқару процесінде орнайтын ұйымдастырушылық - экономикалық қатынастар
Клиент сервер деректер базасы
Қонақ үйінің жұмысын автоматттандыр
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Қонақ уйдегі қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Пәндер