Мулан образының көркем шығармада берілу тәсілдері


“Мулан” және “Томирис” шығармалары негізінде қытай және қазақ тарихындағы батыр әйелдер бейнесінің берілуі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 « МУЛАН ЖЫРЫ » МЕН «ТОМИРИС» РОМАНЫ БАТЫРЛЫҚТЫҢ БИІК ТҰҒЫРЫ . . . 6
1. 1 «Мулан» жырының жазылу тарихы . . . 6
1. 2 «Томирис» романы батыр-әйелдің айнасы . . . 13
2 ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕГІ МУЛАН МЕН ТОМИРИС ОБРАЗДАРЫНА ТАЛДАУ . . . 26
2. 1 Мулан образының көркем шығармада берілу тәсілдері . . . 26
2. 2Шығармадағы Томирис бойындағы батыр-әйел бейнесінің сомдалу ерекшеліктер . . . 36
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
Зepттeу жұмыcының жaлпы cипaттaмacы. Бұл дипломдық жұмыс қытай және қазақ тарихындағы тарихи тұлғалардың образдарына талдау жасап, сипаттама жасайды. Шығармадағы басты кейіпкерлердің батырәйел образында берілу ерекшелітерін зерттейді.
Тaқыpыптың өзeктiлiгi: Ұлттың тілі мен діні, тарихы мен этнографиясы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен әдебиеті де біреу-ақ. Елдегі әдеби мұра-жалпы халықтың мәдениетінің ажырымыс бір бөлігі.
Халқының қамын ойлаған батыр-әйелдердің ерлік әрекеттері көптің көңілінде қалды, келер ұрпаққа өсиет-өнеге болды. Сондықтан халық ішінен шыққан ақын-жыршылар батырлардың ерліктері жайында көптеген өлең-жырлар тудырды.
Ұлтының азаттығы үшін күрескен әйелдерді дәріптейтін мұндай шығармалар ауызша тарап, яки тарих бетінде қашалып жазылып халықтың рухани қажетін өтеп келеді.
Тaқыpыптың ғылыми зepттeлy дeңгeйi. Томириске қатысты жарық көрген және талданған үлкенді-кішілі шығармалар, ғылыми-зерттеулер, романдар, дастандар, еңбектер бар. Н. Келімбетов «Сақтардың жерін парсы әскерінің шапқыншылық әрекетінен сақтап қалу тақырыбын жыр еткен «Томирис» дастанының сюжеті бізге Геродоттың «Тарих» атты көптомдық еңбегі арқылы жеткен» деп, әуелде Томирис туралы қаһармандық дастаны болған деген болжам жасайды [9, 16 б. ] .
Геродоттың әйгілі еңбегіндегі Томирис патшайым жайлы оқиғаға өз зерттеулерінде А. Қыраубаева да тоқталып өтеді [10, Б. 10-11] .
Томирис туралы аңыз сюжеттері В. Янның [11], Т. Жұртбайдың [12, Б. 177-190] еңбектерінен де орын алған. Алайда Мулан туралы еңбектердің қазақ тілінде жоқтың қасы. Сондықтан осы зерттеудің маңызы жоғары. Себебі аталған тұлғалардың қазақ және қытай тарихындағы өшпес мұра болып табылады. Айта кетелік
Зepттey жұмыcының мақcаты.
- Басқа тіл жүйелерінде сандық сөздердің болмауына байланысты студенттер үшін үйрену қиындығын жеңілдететін зерттеу әдісін жобалау
- Жиі қолданылатын сандық сөздерінің зат есіммен үйлесімділік тізімін жинақтау
Зepттey жұмыcының мiндeттepi:
- сандық сөздер қытай тілінің ерекшелігі;
- жалпы ақпаратты жүйелеу;
- қытай мен қазақ тілі мөлшер сөздерінің айырмалықтары;
Зерттеудің тәсілі мен әдістемелік негіздері. Корғауға алынған пікірлер мен тұжырымдарды дәлелдеу барысында салыстырмалы талдау әдістері колданылды.
Зepттeyдiң дepeк көзi:
1.
2. Булат Жандарбеков роман «Томирис»
3.
Үстінде көрсетілген дереккөздерден берілген мәселе туралы ақпараттар жиналып, сарапталды. Дипломдық жұмыстың теориялық бірінші бөліміне ақпараттар аударылды.
Зepттeyдiң тeopиялық жәнe әдicнамалық нeгiзi:
Берілген зерттеуді пайдалану барысында осы шығармалар негізінде қазақ тіліндегі ақпараттың аздығына байланысты тақырып бойынша басқа тілдерден ақпаратты жүйелеп, қазақ тілінде енгізу арқылы, қытай тілі әдебиетін оқытуда берілген шығармалар негізінде талдауды қолдана отырып қытай мен қазақ тарихында орын алған оқиғаларды, ондағы басты кейіпкерлер батыр-әйелдер екенін ұғына отырып, бейнелердің сомдалу ерекшеліктерін жалпы тіл оқуда құндылықтары аса қажетті екенін түсініп, басқа да шығармаларды қолдана отырып образдарды талдау, мәтінге анализ жасай алатындай деңгейге жету.
Дипломдық жұмыстың құpылымы.
Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан (теориялық және практикалық), қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда осы мәселемен айналысатын лингвист ғалымдардың еңбектеріндегі «классификатор» анықтамасы қарастырылады. Қазіргі қытай тілінде сөздер функционалды және мәнді болып екіге бөлінеді. Теориялық тұрғыдан алғанда жіктеуіштердің мәнді немесе функционалдық сөздерге жататындығына байланысты мәселелерді шешу осы екі классты ажырату белгілерін нақтылауға көмектеседі.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде тәжірибелік тұрғыдан алғанда, «Мулан жырындағы» Муланның және «Томирис» тарихи роман-дилогиясында басты кейіпкерлер ретінде алынған Мулан кейіпкеріне Томирис патшайымның прототипіне талдау жасау арқылы, олардың образдарын бейнелеу тәсілдері анықталды, сондай-ак батыр-әйел бейнесінің сомдалу ерекшеліктері қарастырылды.
Соңы қopытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі, зерттеу жұмысында пайдаланған қосымша материалдардан тұpады. Дипломдық жұмыс көлемі - 60 бет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Томирис патшайымның прототипін қолдана отырып жазылған тарихи роман мен Мулан кейіпкерінің негізінде туған аңыздың сюжеттерін талдап, оның ішкі құрылымын ашып, басты кейіпкерлер бейнесінің, олардың іс-әрекеттерінің қандай көркемдікпен суреттелетінін айқындау, сол арқылы Мулан және Томирис образдарын зерттеу.
Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі - образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып түсіну үшін, әуелі, әдебиеттің объектісі - өмір болғанда, предметі - адам екенін ескеруіміз керек. Кітап не туралы жазылған, симфония не туралы, сурет не туралы салынған, қандай сұрақ болсын жауап біреу - адам туралы, адамның әсемдігі, адам рухының керемет күштілігі, оның қасиеттері туралы. Өнер туындысының бәріне ортақ мазмұн адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты. Адам тағдыры суреткер үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі. Мұнда әңгіме дайын әдеби қаһарман жөнінде емес, сол қаһарманды жасаудағы қаламгердің бүкіл творчестволық іс-әрекеті, ойы, қыры. Ойдан шығару жалпы образға бартын жол, суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан ышғару шығармада суреттелген шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес. Сол шындықты сұрыптау, саралау тәсілі.
Әдебиеттегі образ екі түрлі мағынада қолданылады:
1. Көркем бейне, кейіпкер, тип
2. Суретті сөз.
Образдылық - суреттілік, яғни сөздегі сурет. Әдебиеттегі адам бейнесін жасау сан түрлі амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Ал жинақтау тек типтендіру тәсілімен жүзеге асады. Типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын, қалыптасуымен қатар оның ішкі ерекшелгін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек оқшау танытып тұратын оның тек өзіне тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашанда оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жатады.
Әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз-ақ жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінген жөн. Портрет (французша «бейнеленген» деген мағына береді) - әдеби кейіпкердің сырт-көрінісін, кескін-кейпін, бой, тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің зор мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әртүрлі жағдайда, күрес-тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы өзінің әрекет, қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттарға көңіл бөледі. Негізгі қаһарманның келбеті, бой, тұлғасын, жүрістұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп әсерлі бейнелеуге мән береді. Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде-бір өрнек - өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әшейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін
тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес. Пейзаж (французша «ел-жер» деген мағына береді) - әдеби шығармаларда жаратылыстың, яғни табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік бейнесі. Суреткер әдеби шығармаларда көркемдік ойлаудың ажары ретінде, образдық жүйенің
арқауы ретінде табиғат келбетін ерекше бір ұсталықпен суреттеуі.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары
бар. Қөркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ т. б. Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет. Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі (романтизм, реализм), бұл мәселеге біз осы еңбегіміздің үшінші бөлімінде арнайы тоқталамыз. Бұл жолы тек осынау көркемдік одіс тұрғысынан анықтағандағы образдың екі түріне, бұл екеуінің ерекшелігіне ғана азырақ назар аударып өтпекпіз.
1. Романтикалық образ -
әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы
түрлерінің бірі. Романтикалық
образдың негізінде қиял жатады.
Романтикалық образ өмірдегі болған
немесе бар деректен гөрі өмірде
әзірше жоқ, бірақ, болатын дерекке негізделеді.
5. Драмалық образ - эпикалық не
лирикалық образдар секілді қағаз
бетінде емес, тура өмірдің өз
аясында - сахнада көзбе-көз, қолмақол жасалатын көр кем бейне. Мұны
кейде тура “сахналық бейне” деп те
атай береді
9. Трагедиялық образ - адам
мен қоғам, адамдық пен
жауыздық арасындағы күрестен,
қайшылықтан, адам жеңіп
болмас ауыр, азапты жайларды
әдеби шығармада терең, шебер
жинақтаудан туады.
2. Реалистік образ - әдебиеттегі адам
бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі.
Бұл - кәдімгі өмірде болған, бар және
бола беретін, бірақ қайталанбайтын,
әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың
қырынан көрініп, ылғи жаңарып
отыратын тип.
6. Юморлық образ - күлкілі
кейіпкер; юмор - өмірдегі кісі
күлерлік құбылыстардың өнердегі
сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ.
Ал күлкіні әшейін жеңіл-желпі нәрсе
деуге болмайды.
10. Геройлық образ-ұнамды
кейіпкер: адамға тән небір
тамаша сипаттардың синтезі
секілді сом тұлға, өз дәуірінің
ең аяулы, асыл мұраттарынан
туған тарихи тип.
3. Эпикалык образ - кескін-кейпі,
мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас
көрінген әрі толық жинақталған, әрі
әбден дараланған тип. Портрет пен
мінездеу, диалог пен монолог, түрліше
сезімдер мен қаракеттерді суреттеу
секілді көркем бейне жасаудың көпкөп амал-тәсілдері әсірөсе эпикалық
образ үшін керек.
4. Лирикалық образ - сыршыл
өлең-жырлардағы ақынның өз
бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның
мың иірім көңіл күйінен - нәзік
сыры мен сылқым сезімінен өріліп
жасалған өзгеше кейіпкер.
7. Сатиралық образ - ұнамсыз тип.
Сатира өмірдегі кеселді,
келеңсіздікті, кері кеткен-дікті қаза
қопарып, көптің көз алдына -
көрініске шығарады, қағыпсілкілейді, мысқылмен түйрейді,
сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.
8. Фантастикалық образ -
қиялдан туған -каһарман, өмірде болмаған және жоқ, тек адамның
акиқатқа ұқсас арманында ғана
бедерленген бейне;
Образдың жасалу тәсіліне байланысты түрлерін таратып, басбасына сипаттама
бермес бұрын, жалпы әдемілік туралы ілімінде бірнеше (комедия және
трагедия, фантастика дегендер тәрізді) эстетикалық категориялар болатынын
білу шарт. Комедия ақиқат шындықтағы не адам мінезі мен бітіміндегі
күлкілі жайлардан туса, трагедия бұған қарама-қарсы қайғылы құбылыстардан туатыны, фантастика асыңқы, асқақ әрекеттерден туатыны мәлім. Міне, осы тәсілдерді әр қайсысына лайық, трагедиялық, фантастикалық образдар болатыны сияқты, комедиялық тәсіл арқылы көркем образдардың юморлық және сатиралық түрлері жасалады. Әрине, эстетикалық комедиялық категориясындағы юмордың, сатираның, иронияның, сарказмның, гротескінің әрқайсысындағы күлкінің сипаты әр бөлек, юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады.
«Әр сөз» - дейді Потебня, - қалай болғанда да, өзінің поэтикалық шығарма
қалпын бастан кешіреді». Бұған қарағанда, әр сөздің түп-төркіні - зат, сурет, образ.
Мыс: қалқалап тұрды қалқанды деген тіркес, шынында да, біздің көз алдымызға
образ, сурет болып елестейді. Осындай түп-төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр
сөз өзара қатар түзеп, тіркес құрағанда, бір түрлі бір қиял жетпес қызық айнаға
айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың өзгеше айшық-өрнегі, сурет-сәулесі
түсетін тәрізді. Образдылық осылай пайда болады.
Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірдебір өрнек - өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әшейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес.
13. Пайдаланылған әдебиеттер:
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш, Алматы, 1989ж.
Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы, Астана, 2003ж.
Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе, Қарағанды, 2004ж.
1 « МУЛАН ЖЫРЫ » МЕН «ТОМИРИС» РОМАНЫ БАТЫРЛЫҚТЫҢ БИІК ТҰҒЫРЫ
1. 1 «Мулан» жырының жазылу тарихы
Мыңдаған жылдар бойы соғыс пен жан алу тек ер адамдарға арналған сияқты көрінді, бірақ ұрыс алаңына қадам басқан және тіпті үлкен рөл атқарған бірнеше батыл әйелдер болды. Ежелгі әлемдегі екі әйел қолбасшыға жақындайық, ежелгі грек тарихшысы Геродоттың еңбегінде айтылған және оның жазбаларындағы әйелдердің осы қанды шайқасты басқару үшін күш пен даналықты қалай қолданатыны берілген.
"Мулан жыры" - бұл Оңтүстік және Солтүстік әулеттердің билігі кезінде елдің солтүстігінде орындалған ұзақ баянды халық әні. Мулан соғыстарда жеңіске жетіп, сіңірген еңбегі үшін даңқа ие болып, отставкаға кетіп, отанына оралады. Шын мәнінде оқиға аңыздарға толы.
Мулан - ежелгі Қытай батыр әйелдер туралы аңыздарының төрт кейіпкерінің бірі, Қытайдағы оңтүстік және солтүстік әулеттердің аңызға айналған кейіпкері, оның тарихы да қайғылы батырлық эпосты білдіреді. Хуа Мулан алғаш рет оңтүстік және Солтүстік әулеттер заманындағы "Мулан Ци" әңгімесінде пайда болды. Поэма Оңтүстік және солтүстік әулеттердің Солтүстік Вей әулеті кезінде жазылған және бастапқыда Чэньдің Оңтүстік және Солтүстік әулеттерге жазған "ежелгі және қазіргі заманғы музыка жазбаларында" жазылған. Чжицзян монахы "Ежелгі және жаңа дәуірдегі Муланда": "Мулан белгісіз. "Ол 300-ден астам иероглифтерден тұрады және кейіннен Суй және Тан әулеттерінің жазушылары құмдады. [1] б. з. д. 429 жылы Солтүстік Вей әулетіндегі Жужан шайқасында осы шайқастың ресми тарихында "Мулан Ци"деп аталған географиялық атауларға сәйкес келетін 3 жорық жазбалары бар. "Вэй Шу Шизу Цзи Шан": "Экипаж шығыс жағынан Черногорияға барады" [2] . "Вэй Шу № 91 өмірбаяны": "Экипаж Шығыс Жолдан шығып, Черногорияға . . . солтүстікке қарай Янрань тауына қарай бет алды" [3] . "Солтүстік Тарихи өмірбаяны - сексен алтыншы": "экипаж Шығыс Жолдан шығып, Черногорияға бет алды . . . Солтүстігінде Янрань тауына қарай" [4] . Айта кету керек, ежелгі поэзиядағы Янран тауы көбінесе Яншан деп аталады [5-7] .
Мин әулетінің жазушысы Сю Вэй "Мулан жырын" - "Мулан қыз әкесі үшін әскерге барады" пьесасына бейімдеді, онда ол: "менің тегім - Хуа, ал менің ата-бабам Батыс хан әулетінен шыққан. Менің әкемнің аты - Арк Сангжи және ол жекпе-жек өнері мен прозаны жақсы көретін, сонымен қатар ескі күндерде әйгілі қолбасшы болған". Содан бері Муланның әкесі - Хуа Ху, оның әпкесі - Хуа Мулиен, інісі - Хуа Сюн, анасы-Хуа Юань.
Оңтүстік және Солтүстік әулеттердегі "Мулан өлеңдерінен "Сюй Вейдің" Мулан әйеліне "дейін Мин әулеті мен Хенан операсы кезінде Мулан тарихының эволюция жүйесі қалыптасты. [8]
«Мулан жырының» әр дәуірге жататын бірнеше нұсқалары бар. Әр дәуірде жазылса да, сюжеті, тақырыбы бір-соғысқа қартайғаннан бара алмаған әкесінің орнына Мулан қыздың өзінің аттануы.
Көлемі шағын, небәрі 332 иероглифтен тұратын мына жыр-түпнұсқасы болып саналады:
木兰辞[]
唧唧复唧唧,
木兰当户织。
不闻机杼声,
惟闻女叹息。
问女何所思,
问女何所忆。
女亦无所思,
女亦无所忆。
昨夜见军帖,
可汗大点兵,
军书十二卷,
卷卷有爷名。
阿爷无大儿,
木兰无长兄。
愿为市鞍马,
从此替爷征。
东市买骏马,
西市买鞍鞯,
南市买辔头,
北市买长鞭。
旦辞爷娘去,
暮宿黄河边。
不闻爷娘唤女声,
但闻黄河流水鸣溅溅。
旦辞黄河去,
暮至黑山头,
不闻爷娘唤女声,
但闻燕山胡骑鸣啾啾。
万里赴戎机,
关山度若飞。
朔气传金柝,
寒光照铁衣。
将军百战死,
壮士十年归。
归来见天子,
天子坐明堂。
策勋十二转,
赏赐百千强。
可汗问所欲,
木兰不用尚书郎;
愿驰千里足,
送儿还故乡。
爷娘闻女来,
出郭相扶将;
阿姊闻妹来,
当户理红妆;
小弟闻姊来,
磨刀霍霍向猪羊。
开我东阁门,
坐我西阁床,
脱我战时袍,
著我旧时裳,
当窗理云鬓,
对镜帖花黄。
出门看伙伴,
伙伴皆惊忙:
同行十二年,
不知木兰是女郎。
雄兔脚扑朔,
雌兔眼迷离;
双兔傍地走,
安能辨我是雄雌?
Түпнұсқаның аудармасы:
9**«Ұршықтың дауысы гүрілдеп,
Тоқиды өрмек Мулaн қыз.
Әлсін -әлсін шығады,
Үһілеген күрсініс.
Тоқтап өрмек бір шақта,
Күшейді қыздың үһілі.
Сұрайды саған не ой түсті,
Сұрайды мұның не сыры?
Дейді қыз бөтен сырым жоқ,
Дейді жоқ ойдың да ешбірі.
Көрдім кеше шақырған,
Қағанның әскер жарлығын.
Он екі бірдей жарлықтың,
Бәрінде әкем барлығын.
Әкемде туған бала жоқ,
Алдымда тұрған аға жоқ.
Базардан ат аламын,
Әке орнына жорыққа,
Әскерге өзім барамын.
Шығыстан алып тұлпарды,
Батыстан ермен жабдыды
Солтүстіктен қамшы алып.
Жүген менен ноқтаны,
Оңтүстіктен салдырды
Қош айтып әке-шешеге,
Таңсәріден жөнеді.
Ымыртта сары өзеннің,
Бойына жетіп түнеді.
Естілмейді бақыт тілеген,
Әке менен шеше үні.
Естіледі тек өзеннің,
Сарқырап аққан гүрілі.
Ертесі қош деп өзенге,
Қаратау бардық кешінде.
Естілмейді әке-шеше тілеуі,
Кісінейді тек Ғу аттары,
Қарлығаш таудың түсінде.
Жолдарды басып айшылық,
Сан белдесіп жауменен.
Құстай ұштық басынан,
Қамалдардың, тауменен.
Бақырдың шығыл сыңғыры,
Шақбаңнан соққан дауылда.
Сәулесімен түнгі айдың,
Саңлақтап сауыт-дулыға.
Сұрапыл соғыс, сан айқас,
Сардар өліп майданда.
Он неше жыл дегенде,
Оралды сарбаз ауылға.
Жолықты ханға, хан алтын,
Отыр екен тағында.
Ағалап он екі ерлікті,
Алды және мың ділдә.
Сонда қаған сөйлейді:
Не тілегің бар дейді,
Болғын орда жігіті.
Сонда Мулан бүй дейді:
“Ұлық болғым келмейді,
Бір желмая бер”, -дейді.
Желмаямен болғаны,
Жетіп алсам ауылға.
Қызының естіп келгенін,
Бірін-бірі сүйіп ата-ана.
Сыртына шығып қорғанның,
Алдынан шығып қарады.
Әпкелері естіп келгенін,
Шаштарын түзеп тарады.
Інілері естіп келгенін,
Соятын малға қарманды
Үйіне кіріп өзінің,
Төсегіне Мулан отырды.
Сыпырып соғыс сауытын,
Көне киімін киінді.
Моншақтарын тағынып,
Шаштарын жазды түюлі.
Келгенде шыға есіктен,
Серіктері қарайды.
Қараған сайын көздері,
Бадырайып барады.
Он екі жыл жорықты,
Бірге кешіп Муланның,
Қыз екенін кім ұқты.
Ата қоян қашан да дүбір аяқ келеді,
Ұрғашы қоян жалтаңкөз барындамас денені.
Қатарласып жүргенде бұл екеуін,
Кім ұрғашы, кім еркек қайдан ғана біледі. »
1. Феодалдық қоғамда әйелдер мәртебесі болмады. Мулан - жұмыс істейтін әйел үй шаруашылығы " және әкесінің атынан әскерге барады. Ер адам не істей алады, Мулан не істей алады ер адам бола алмайды, Мүмкін Мулан. Муланның батырлық бейнесі феодалдық қоғамдағы әйелдерді кемсітудің дәстүрлі тұжырымдамасын аяусыз мазақ ету.
2. Феодалдық қоғамда даңқ пен байлыққа ұмтылу басым дәстүрлі ой болды, көптеген адамдар бұл туралы армандады. Он жылдық қызу шайқастардан кейін Мулан жеңіспен оралды, бірақ ол марапатты қабылдаудан бас тартты, ол қарусыздануға және далаға оралуға, ауылшаруашылық және өмір сүруге дайын болды қарапайым және қарапайым сапаны толық көрсететін жұмысшы халықтың тоқу өмірі. еңбекшілерден. Муланның мінез - құлқы-феодалдық ғалымдар мен шенеуніктерге арналған қуатты сатира байлығы.
3. "Мулан өлеңдері" тақырыбы өлеңде тікелей көрсетілген. Яғни: әйелдер кем емес ерлер мен олардың таланттары, даналығы, батылдығы мен түсінігі ер адамдардан кем түспейді. Бұл-басты бет бұл өлеңнің ойы. Егер оны бір сөйлеммен білдіруге болатын болса, онда: әйелдерді мадақтаңыз- еңбекшілерден шыққан батырлар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz