Мулан жырының жазылу тарихы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 МУЛАН ЖЫРЫ МЕН ТОМИРИС РОМАНЫ БАТЫРЛЫҚТЫҢ БИІК ТҰҒЫРЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Мулан жырының жазылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Томирис романы батыр әйелдің айнасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

2 ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕГІ МУЛАН МЕН ТОМИРИС ОБРАЗДАРЫНА ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Мулан образының көркем шығармада берілу тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.2 Шығармадағы Томирис бойындағы батыр әйел бейнесінің сомдалу ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі - образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып түсіну үшін, әуелі, әдебиеттің объектісі - өмір болғанда, предметі - адам екенін ескеруіміз керек. Кітап не туралы жазылған, симфония не туралы, сурет не туралы салынған, қандай сұрақ болсын жауап біреу - адам туралы, адамның әсемдігі, адам рухының керемет күштілігі, оның қасиеттері туралы. Өнер туындысының бәріне ортақ мазмұн адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты. Адам тағдыры суреткер үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі. Мұнда әңгіме дайын әдеби қаһарман жөнінде емес, сол қаһарманды жасаудағы қаламгердің бүкіл творчестволық іс-әрекеті, ойы, қыры. Ойдан шығару жалпы образға бартын жол, суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі. Ойдан ышғару шығармада суреттелген шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес. Сол шындықты сұрыптау, саралау тәсілі.
Әдебиеттегі образ екі түрлі мағынада қолданылады:
1. Көркем бейне, кейіпкер, тип
2. Суретті сөз.
Образдылық - суреттілік, яғни сөздегі сурет. Әдебиеттегі адам бейнесін жасау сан түрлі амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Ал жинақтау тек типтендіру тәсілімен жүзеге асады. Типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын, қалыптасуымен қатар оның ішкі ерекшелгін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек оқшау танытып тұратын оның тек өзіне тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашанда оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жатады.
Әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз-ақ жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінген жөн. Портрет (французша бейнеленген деген мағына береді) - әдеби кейіпкердің сырт-көрінісін, кескін-кейпін, бой, тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің зор мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әртүрлі жағдайда, күрес-тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы өзінің әрекет, қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттарға көңіл бөледі. Негізгі қаһарманның келбеті, бой, тұлғасын, жүрістұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп әсерлі бейнелеуге мән береді. Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде-бір өрнек - өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әшейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін
тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес. Пейзаж (французша ел-жер деген мағына береді) - әдеби шығармаларда жаратылыстың, яғни табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік бейнесі. Суреткер әдеби шығармаларда көркемдік ойлаудың ажары ретінде, образдық жүйенің
арқауы ретінде табиғат келбетін ерекше бір ұсталықпен суреттеуі.
Көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалык категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез-келген құбылысты (қөбінесе әдеби қаһарман бейнесін) образ деп атайды. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-шығармашылық өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан шығармашылық тұрғыдан түсіндіруді максат етеді. Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Образдың мақсаты - кез-келген қарапайым болғанда образға айналады. Образдың мақсаты - кез-келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу. Кез-келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі. Образдың заттылығы бір сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, оның жай-жапсарын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің,портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, әңгіменің, т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, топос, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образ: Дон Кихот, Гамлет, Фауст, бұларға қазақ әдебиетіндегі: Шығайбай, Қарабай, Судырахмет, т.б. жатқызуға болады. Құрылымдық образ: автологиялық, металогиялық түрлерге жіктеледі. Тарихи даму барысында көркем образдылық ұғымы мен оның компоненттері үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, Ертедегі Шығыста тұспалдау, астарлау жиі қолданылса, антикалық әдебиетте - классикалық, қайта өрлеу дәуірінде - барокко, жаңа еуропалық әдебиетте романтикалық, реалистік образ қалыптасты.
Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге: эпикалық; лирикалық; драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, кейіпкерлік, т.б. болып бөлінеді. Көркемдегіш сөздер (эпитет, теңеу, метафора, т.б.) ауыз әдебиеті шығармаларында мол кездеседі. Образ - әр дәуірге, әр әдебиетке сай үнемі дамып, жаңарып отыратын категория.
Көркем образ түсінігі
Образ - бейне. Ол ненің бейнесі? Ол барлық нәрсенің бейнесі бола алады. Мысалы, көркем әдебиетте заттың, хайуанаттың, табиғаттың, адамнынның және де басқалардың бейнесі көрінеді. Көркем әдебиет негізінен адам образын тұлғалантуға бой ұрады, адамдар арасындағы қоғамдық тартысты көрсетеді. Сондықтан шығармадағы негізгі образ адам образы болуға тиіс, басты көңіл соны тұлғалы, толықтыра жасауға аударылуы қажет. Шығарманың ішінде басқа нәрселердің де образдары болатындығын айттық, бірақ олар адам образын жасауға көмектеседі, пейзаж да, басқа түрлі заттар бейнесі де сол қосымша қызметті атқарады.
Адам образын жасау үшін жазушы сол образды жасай алатын сапалы материал қарастыруы қажет. Ол материал - әрекет, оқиға, тартыс. Адам образын ол тетіксіз жасауға болмайтынын, нашар мінездеумен характер жасап шығару дәстүрі дұрыс еместігін ескеру қажеттірек.
Адамның образы харектерден тұрады, характер - әр адамның рухани, психологиялық ерекшелігі; характерлер - образдың бір қыры, бір образ сандаған характерден құралады. Ол ерекшелік адамның жүрісі, тұрысынан, әрекетінен, ой өрісінен, мәдениетінен көрінеді. Характер туралы әдебиет қайраткерлерінің шкірлеріне жүгінейік. Характер дегенді осыдан екі мың жыл бұрын Аристотель шешіп қойып еді. Ал характер дегеніміз - бейнесінен ырықтың бағыты көрінетін нәрсе. Ырықтың бағыты тек әрекетен ғана айқындалады. Кекіпкерлердің психологиясынан көрінетін жаңа ерекшеліктер, сөз жоқ, олардың істерінен, әрекеттерінен жаралуы тиіс Ұлы характердің абыройы олар кінәлі болады (Лаврецкий). Характердің қозғалысы драмадағы әрекеттердің өсуімен тығыз байланысты (В. Блок). Демек, характер әрекеттен шығады да, соның дамуымен өседі. Идея мен характер кездесіп қалса, онда адамды жылдар бойы тандандырып тұратын құбылыс шығады (Гете).
Жазушылар характерді әрекетпен бере алмай келетінін айттық. Ал егер жазушы оны тың әрекетті етіп бере алса, ол тың әрекетті әкелген характерге жақсы идея тап болып, екеуі бір жерден шықса, онда адам баласының мәңгілік есінде қалатын шығарма жасалады, деген сөз. Ондай характер бұрын көрінбеген, ерекше әсерлі әрекеттің қуаттылығына байланысты ғана өмірге келеді. "Хараксер дегініміз - жетілдіре тәрбиелеген ырық" (Р. Эмерсен)
Ол өзінше бір әсерлі әрекет жасаса, тың әрекет иеленсе және ол әрекет бұрынғы көрінген әдебиеттік характерлердің әрекеттеріне ұқсамай, жаңа тұлғамен көрінсе, сонда ғана ол дараланған характер бола алады. Оның еткен әрекеті басқа біреудің әрекетіне ұқсап тұрса, онда дараланған болмайды, сол бұрынға жасалған образдан көшірген тұлға болады. Ол жазушы көшірмек түгіл, ол кітапты оқымаған болуы да мүмкін (нашар жазушылардың көбі кітап оқымайтын болады). Бірақ анау жасалған образ сонда да дараланған болмайды, ал жазушы бәрі - бір, содан көшіреді деген кінәдан тазаланбайды [3].
Сөйтіп, нағыз образ деген сөздің ішіне бірнеше характер енуі керек. Және сол характерлердің бәрі дараланған болуға тиіс, оны, Горький сөзімен айтқанда. Жан - жақты жетілген образ дейді. Суреткерлің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласады. Мінез-адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінездің өзін жазушы әр түрлі тәсілмен жасайды. Мысалы: бірі-тура мінездеу, тағы бірі-жанама мінездеу. Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән сүйініш, кұйініш, сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог), немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру-осылардың бәрі жеке-жеке тұрған, бір-біріне жеке, дара мақсатты нәрселер емес, керісінше бірін-бірі толықтырп, бірінен-бірі туып жалғасып жатқан дүниелер. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасынн да жасай алмаған болар еді. Сонымен бірге адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбеті (портреті) де адам образын ашуға қызмет етеді. Портрет адамның бүкіл анатомиясын түгел қамтып, жіпке тізе беру шарт емес. Әр пөртретте әр адамның ең бір ерекше сипаты нақты, қысқа суреттеледі Әдеби шығарма не туралы жазылса да бәрібір, сайып келгенде, бәрі де адам, тек адам туралы ғана сыр шертеді. Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әншейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықты ра түсетін тәсілдің, бірі деуімізге болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ұлттың тілі мен діні, тарихы мен этнографиясы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен әдебиеті де біреу-ақ. Елдегі әдеби мұра-жалпы халықтың мәдениетінің ажырымыс бір бөлігі.
Халқының қамын ойлаған батыр әйелдердің ерлік әрекеттері көптің көңілінде қалды, келер ұрпаққа өсиет-өнеге болды. Сондықтан халық ішінен шыққан ақын-жыршылар батырлардың ерліктері жайында көптеген өлең-жырлар тудырды.
Ұлтының азаттығы үшін күрескен әйелдерді дәріптейтін мұндай шығармалар ауызша тарап, яки тарих бетінде қашалып жазылып халықтың рухани қажетін өтеп келеді
Зертеу жұмысының нысаны. Қытай және қазақ тарихындағы батыр әйелдер туралы жазылған шығармаларға тоқталу. Го Мао Цянның жинағындағы 332 иероглифтен тұратын Мулан жыры мен Б.Жандарбековтың Томирис романы туындыларындағы батыр әйел образын жасаудағы шеберліктеріне кеңінен тоқталып өту. Авторлардың батыр әйелдер туралы шығармалар жазудағы басты мақсаттар мен идеялары, образ жасаудағы амалдар мен тәсілдерінің сипаты мен сыры кеңінен баяндалады.
Зерттеудің пәні. Шығармалардағы батыр әйел бейнесінің сипаты.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты - Го МАо Цянның жинағындағы 332 иероглифтен тұратын Мулан жыры мен Б.Жандарбековтың Томирис романы туындыларындағы Мулан және Томирис образдарының әр түрлі қырларын, сыр сипатын, әсіресе батыр әйел бейнесінің берілуін анықтау. Томирис патшайымның прототипін қолдана отырып жазылған тарихи роман мен Мулан кейіпкерінің негізінде туған аңыздың сюжеттерін талдап, оның ішкі құрылымын ашып, басты кейіпкерлер бейнесінің, олардың іс-әрекеттерінің қандай көркемдікпен суреттелетінін айқындау, сол арқылы Мулан және Томиристің бойындағы батыр әйел бейнесінің берілуін зерттеу.
Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттердің шешімін табу көзделеді:
- Осындайдын Мулан жыры мен Б.Жандарбековтың Томирис романына кеңінен тоқталу;
-Мулан және Томирис образдарының батыр әйел ретінде берілу ерекшеліктерін айқындау және образды айқындау мақсатында қолданылған амал-тәсілдері жайлы сөз қозғау;
- жалпы ақпаратты жүйелеу
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Осы тақырыпқа байланысты зерттеулердің тарихнамада тапшылығы, әсіресе қазақ тілінде бұл тақырып аясында мәліметтер, әдебиеттердің тапшылығы айқын. Сондықтан да бұл тақырыпты мүмкіндігінше жүйелі қарастырылды. Шығармалардағы басты кейіпкерледің батыр әйел образы барынша айқындалды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Го Мао Цянның жинағындағы Мулан жыры, Б.Жандарбековтың Томирис романы, т.б. қазақ, орыс, қытай ғалымдарының еңбектері пайдаланды.
Жұмыстың теориялық және практикалық әдіснамасы. Шығармалардағы батыр әйелдер бейнесін анықтау және талдау лингвомәдени, этнолингвистикалық білім негіздерін тереңдетуге ықпалын тигізеді. Зерттеу материалдары мен тұжырымдары қазақ тілінде білім алатын студенттерге қытай тілін оқыту барысында пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың нәтижелерін жоғарығы оқу орнында: Қытай-қазақ филология мамандығанда оқып жатқан студенттерге қытай тарихымен танысуға негізделген нұсқаулық ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар қытай тілін оқыту үдерісінде (қытай тарихы, көркем әдебиетті оқу бойынша практикум, оқытылатын тіл елінің әдебиеті бойынша лекциялық курстарда) пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында сипаттама, тарихи салыстырмалы және талдау- жинақтау әдістері қолданылды.
Зерттеудің тәсілі мен әдістемелік негіздері. Корғауға алынған пікірлер мен тұжырымдарды дәлелдеу барысында салыстырмалы талдау әдістері колданылды.
Зepттeу жұмыcының жaлпы cипaттaмacы. Бұл дипломдық жұмыс қытай және қазақ тарихындағы тарихи тұлғалардың образдарына талдау жасап, сипаттама жасайды. Шығармадағы басты кейіпкерлердің батыр әйел образында берілу ерекшелітерін зерттейді.
Тaқыpыптың ғылыми зepттeлy дeңгeйi.
Соңғы уақытта әлемдегі әйелдер рөлін зерттеуге көп көңіл аударылып келеді. Ғылымда бұл тақырыпқа байланысты деректердің аздығына қарамастан ғылым-танымдық бағыттағы шығармалар мен аудармалар арқылы орны толдырылуда.
Томириске қатысты жарық көрген және талданған үлкенді-кішілі шығармалар, ғылыми-зерттеулер, романдар, дастандар, еңбектер бар. Н.Келімбетов Сақтардың жерін парсы әскерінің шапқыншылық әре - кетінен сақтап қалу тақырыбын жыр еткен Томирис дастанының сюжеті бізге Геродот - тың Тарих атты көптомдық еңбегі арқылы жеткен деп, әуелде Томирис туралы қаһар - мандық дастаны болған деген болжам жасайды [9, 16 б.].
Геродоттың әйгілі еңбегіндегі Томирис патшайым жайлы оқиғаға өз зерттеулерінде А.Қыраубаева да тоқталып өтеді [10, Б. 10-11].
Томирис туралы аңыз сюжеттері В.Янның [11], Т.Жұртбайдың [12, Б. 177-190] еңбек - терінен де орын алған. Алайда Мулан туралы еңбектердің қазақ тілінде жоқтың қасы. Сондықтан осы зерттеудің маңызы жоғары. Себебі аталған тұлғалардың қазақ және қытай тарихындағы өшпес мұра болып табылады. Айта кетелік
Берілген зерттеуді пайдалану барысында осы шығармалар негізінде қазақ тіліндегі ақпараттың аздығына байланысты тақырып бойынша басқа тілдерден ақпаратты жүйелеп, қазақ тілінде енгізу арқылы, қытай тілі әдебиетін оқытуда берілген шығармалар негізінде талдауды қолдана отырып қытай мен қазақ тарихында орын алған оқиғаларды, ондағы басты кейіпкерлер батыр әйелдер екенін ұғына отырып, бейнелердің сомдалу ерекшеліктерін жалпы тіл оқуда құндылықтары аса қажетті екенін түсініп, басқа да шығармаларды қолдана отырып образдарды талдау, мәтінге анализ жасай алатындай деңгейге жету.
Дипломдық жұмыстың құpылымы.
Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан (теориялық және практикалық), қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда еңбектердің құрылымы, жазылу тарихы қарастырылады. Теориялық тұрғыдан алғанда туындыларды ажырату белгілерін нақтылауға көмектеседі. Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде тәжірибелік тұрғыдан алғанда, Мулан жырындағы Муланның және Томирис тарихи роман-дилогиясында басты кейіпкерлер ретінде алынған Мулан кейіпкеріне Томирис патшайымның прототипіне талдау жасау арқылы, олардың образдарын бейнелеу тәсілдері анықталды, сондай-ак батыр әйел бейнесінің сомдалу ерекшеліктері қарастырылды.
Соңы қopытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі, зерттеу жұмысында пайдаланған қосымша материалдардан тұpады. Дипломдық жұмыс көлемі - 60 бет.

1 МУЛАН ЖЫРЫ МЕН ТОМИРИС РОМАНЫ БАТЫРЛЫҚТЫҢ БИІК ТҰҒЫРЫ

Мыңдаған жылдар бойы соғыс пен жан алу тек ер адамдарға арналған сияқты көрінді, бірақ ұрыс алаңына қадам басқан және тіпті үлкен рөл атқарған бірнеше батыл әйелдер болды. Ежелгі әлемдегі екі әйел қолбасшыға жақындайық, ежелгі грек тарихшысы Геродоттың еңбегінде айтылған және оның жазбаларындағы Томиристің қанды шайқасты басқару үшін күш пен даналықты қалай қолданатыны берілген. Сонымен қатар, Қытай тарихында аты аңызға айналған қолбасшы - Мулан.
2020 жылдың мамыр айында археологтар Моңғолияда екі ежелгі жауынгер әйелдің қалдықтарын (Қосымша-3) тапқаны белгілі болды, олардың қаңқалары садақ ату мен атқа мінуді сәтті қолданғанын көрсетеді. Бұл екі жауынгер әйелдің қалдықтары Моңғолияның солтүстігіндегі Орхон провинциясындағы Айрагийн Гозгор археологиялық учаскесінде зиратты қазу кезінде табылды.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл екі әйел Сянбэй кезеңінде (б.з. д. 147-552 ж. ж.), Мулан жырының пайда болуына әкелген саяси бытыраңқылық пен тәртіпсіздік кезеңінде өмір сүрген деп топшалайды. Мүмкін, бұл әйелдер өте шымыр болған, өйткені олар өз үйлері мен аумақтарын ер адамдармен қатар қорғаған дейді зерттеушілер Кристин Ли мен Яхайра Гонсалес (Лос-Анджелестегі Калифорния мемлекеттік университетінің биоархеологтары).
Қазіргі моңғолдар әлі күнге дейін Муланды Қытай жауынгері емес, ол Сянбидің моңғолы (Ішкі Моңғолия аумағында өмір сүрген ежелгі моңғол көшпелілер тайпасы) деп есептейді.
Жырда Мулан "ханға" қызмет етеді (бұл термин моңғолдар тарихында жиі қолданылады), ал сол кезде Қытайда әскери қызмет болмаған дейді зерттеушілер. Мүмкін, моңғол әйел жауынгерлері ежелгі адамдарды Мулан жырын шығаруға шабыттандырған болуы керек. Моңғол әйелдерінің қаңқаларының қалдықтары олардың тәжірибелі садақшылар мен шабандоздар екенін көрсетті, және ерлерден кем түспей, олармен бірге иық тірестіріп соғысқанын көрсетеді. Муланға елдердің қызығушылығының өзі оның тұлғасының ерекше қастерлі екенін білдіреді.
"Мулан жыры" - бұл Оңтүстік және Солтүстік әулеттердің билігі кезінде елдің солтүстігінде орындалған ұзақ баянды халық әні. Мулан соғыстарда жеңіске жетіп, сіңірген еңбегі үшін даңқа ие болып, отставкаға кетіп, отанына оралады. Шын мәнінде оқиға аңыздарға толы.
Мулан - ежелгі Қытай батыр әйелдер туралы аңыздарының төрт кейіпкерінің бірі, Қытайдағы оңтүстік және солтүстік әулеттердің аңызға айналған кейіпкері, оның тарихы да қайғылы батырлық эпосты білдіреді. Хуа Мулан алғаш рет оңтүстік және Солтүстік әулеттер заманындағы "Мулан Ци" әңгімесінде пайда болды. Поэма Оңтүстік және солтүстік әулеттердің Солтүстік Вей әулеті кезінде жазылған және бастапқыда Чэньдің Оңтүстік және Солтүстік әулеттерге жазған "ежелгі және қазіргі заманғы музыка жазбаларында" жазылған.
Оңтүстік және Солтүстік әулеттердегі Мулан жырынан, Сюй Вейдің "Мулан қыз әкесі үшін әскерге барадыға" дейін Мин әулеті мен Хенан операсы кезінде Мулан тарихының эволюция жүйесі қалыптасты. [8]
Жазба әдебиетін де, ауыз әдебиетінде де соғыс жатжерліктердің басып алуының нәтижесіндегі қайғылы оқиға ретінде ғана қарастырылады. Сондықтан да, Мулан жыры секілді батыр әйелдер образы сомдалған туындылар өте аз.
Жырда сол дәуірдегі халықтың саяси-әлеуметтік сұрақтары, құқық проблемалары, мораль тұрғысы қозғалған.
Сақтардың патшайымы Томирис жайлы деректер өте аз. Геродоттың кітабында берілген аңыздан басқа Томирис жайында тарихи мәліметтер жоқ. В.Янның еңбектерінде оның есімі ғана аталады. Қазақ авторлары да Томирис туралы қалам тербеген. Томирис туралы Геродоттың жазған аңызы Т.Жұртбай, А.Қыраубаева, Н.Келімбетовтың, т.б. еңбектерінде қарастырылады. Дегенмен, Томиристің тегі, жастық шағы жайлы ешбір мәлімет жоқ. Бұл сынды деректер тек Болат Жандарбековтың Сақтар дилогиясының бірінші томы - Томирис романынан табылады.
Әрине, көркем шығарма болған соң, мұнда да белгілі бір дәрежеде шарттылық бар, алайда бұл жағдай бізді шошытпауға тиіс, өйткені повестің авторы өз шығармасын тарихи повесть деп атаған. Демек, ол өзіне үлкен жауапкершілік алған да, қажетті тарихи деректер мен жылнамаларға аңыз бен әфсаналарға, тағы басқа әдебиетке сүйенген, олардан өзіне керек мағлұматтар алған, оларды зерделеген, ой елегінен өткізген, таңдап, іріктеп пайдаланған. Олай болса, жазушы шындықтан тым алшақтамаған деп ойлаймыз. Бұл ойымызды құптайтын мына бір жәйттерді де ескеру керек сияқты. Болат Жандарбеков өз шығармасына негіз етіп, Геродот жазбасындағы аңыздың сюжетін алған да, көркем сөз өнерінің тәсілдерін пайдаланған, сөйтіп Томирис патшаймның ата-тегі, анасы, әсіресе, әкесі жөнінде кең әңгімелеген. Автор бұл жолда батырлар жырының сюжеттік композициясына сүйенген. Әлбетте, көркем шығарма болған соң, бұл повесте болуы ықтимал деген жағдайлар да ойдан қосылған, ондайлардың қатарында Томиристің жастық шағы, тұрмыс құруы, оның таққа отыруы сияқты оқиғаларды атауға болады.[8]
Романның арқауына сақтардың жаугершілік дәуірінің шаңды жорықтары, ел қамын ойлаған патшайымның шешімдері, қан жұтқан қасіретті сәттер мен еңселі жеңістер жатады.
Жазушы өзі таңдаған тарихи шындыққа романтикалық сипат берген. Негізгі мазмұны тарихи оқиғалардан құралған тарихи романға жазушы романтикалық ырғақ, асқақ өлім ырғағын қосу арқылы жазған. Шығарманың тарихилығы сюжетіне реалистік оқиғаларды, мысалы, сақ дәуірі, жаугершілік заманды; Кир мен Томирис арасындағы қақтығысы: Томиристің кек алуы, оның қайсар, батыр мінезі; т.б. тарихи оқиғаларды жинақтауында болып табылады. Басқа да оқиғаларды қосу, оларды үйлесіммен қиыстыру роман құрылысын құрудағы ерекше талғамды көрсетеді. Бұл шығармада реалистік ағыс басым.
Болат Жандарбековтың тарихи тақырыпа жазылған Томирис романы сақ дәуіріндегі сақтардың қайсарлығын өзек етеді. Жазушы, шығарманың мазмұны мен тақырыптың ішкі бірлігін сақтай отырып, Томирис образы арқылы батырлықты сақтайды. Б.Жандарбеков осы тарихи роман астарына махаббат қиындықтарын, яғни жеке бастың жан-дүниесін араластыру арқылы, Томиристің батырлығын ғана емес, патриоттық, ғашықтық, туысқандық сезімдері арпалысындағы біршама үлкен психологиялық портретін жасады.
Томирис - Томирис романының басты кейіпкері. Жазушы батыр әйелдің бойына биік рухтылықтың қуатын дарытып, оның толыққанды бейнесін жасаған. Томирис - жиынтық бейне болып табылады. Оған елім деген типтік характер тән. Томирис әуелі өз дәуірінің , өз елінің перзенті. Оның арман-тілектері, ой толғанысы, әрекеттері сол уақыттың көлденең тартқан әлеуметтік болмысымен, тарихымен сабақтасуы заңды жайт.
Жазушы танымында Томирис - елін сүйетін,ақылды, айлакер, ержүрек жауынгер, саясаткер ретінде көрінеді. Басты кейіпкердің батырлық қырын ашқан тарихи оқиғалар романды күрделендіре түскен. Тарихи сюжеттер, Болат Жандарбековтың романындағы басты концепция. Автор өз еңбегінде Томирис образын тарихтағы баға жетпес тұлға ретінде дәріптеу арқылы биіктетті.
Томирис - ертедегі сақ елінің патшайымы. Томирис осыдан 2500 жыл бұрын Жетісу пен Сырдың бойын жайлаған масагеттер (үйсіндер мен қаңлылар) тайпасының патшайымы болған. Сол кездегі әйгі Спарғафиз падиша бір кызы Томиристі бостан өсіріп, менің мұрагерім деп айрықша тәрбиелеген. Томирис иci балалык азын-аулақ намы үстінде өткізеді. Спарғафиздің мол жылқысының ішінде қудай тұлпары тірі кісіге ұстатпай қояды, оны үйретіп алуға ешқайсы беттей алмайды. Осыны көрген он бес жасар Томирис беліне сұлу жүгенді мықтап байлап, жылқылардың арасымен жасырынып кеп, адал тұлпардың біргe секіріп мініп алады. Шәлкес саңдақ әке жөнеліп, үстіндегі баланы құлатпақ боп, мөңки бастайды. Сауырына қарабай тимеген саңдақ зәредей кызды құладүзге пырақ жөнеледі. Томирис тұлпардың жалынан мыктап ұстағаны сондай, eciм үстінде қатып қалған қалпында камшылай түсуден бірey-мipey сәт танбайды, Сөйтіп, тауды маң шауып, eciмдi мейлінше болдыртады. Орданың алдына кеп аяғын шалыс басып, ішке кірген қызын көгенде патшаның төңірегіндегілер сасып қалады, Олар естері шығып, біріне-бірі қарасады. Томирис ауырып қалған екен деп корқады. Томирис атасы- нің қолына тұлпардың шылбырын ұстатқанда, падиша көзі- я сора алпамса қызына: Менің қылықты халқым, елімнің патшасы мен емес, үшбу он бес жасар қызым Томирис болады, - деп жарқабақ салыпты деседі бізге жеткен әпсанада. Сөйтіп, он бес жасар кыз еліне падиша атанып, бойжет- кен сон береке жорыктарды баскарып, жеңіске дағы жетеді. Томиристің адам баласы баласының тарихына алтынмен жазылған женістері жеткілікті. О - әлемет жүзінің жартысын басып алған Иран патшасы Кирмен соғысуы. Кир бай елді басып алған кейін таулы, шұғылалы, көлді, тоғайлы алаш даласына қайнар салады. Кир өзінің дипломатиялык әдісін қолданып, Томириске: Пен саған үйленуді ойлап ем, бұған калай карайсың? - деп сауат жазады. О Кирге: Ондай болса, Сейхун (Сырдария) өзенінің сіздер тарап бетінде соғысайық! - деп жауап береді. Томирис пар мың азамат бен алты мың қыздан кұралған әскерін нардай, 20 мын әскермен келе жаткан Кирмен шайқасқа түседі. Шайқас Қаратау пен Ұлытаудың пар ортасында басталып кетеді. Әлденешеу күнге созылған канды шайқаста Томиристің карулы күші жеңіске жетіп, Кирдің басы қырқылады. Сөйтіп, ен жылдар бойы кең жер жүзін қанға бояп, әлемді тітіркендіріп, өз дәдесін өзі өлтірген жұлымыр дағы баянсыз Кир келмеске кетеді. Батыр қырықжеті Томирис айдыңды әскерлерімен бейбітшілік орнатып, ел-жұрттың алғысына бөленеді.
Мәшһүр жазушы Әнес Сарай Томирис тақырыбында берідегі көпәңгімені былай қойып, тарих әкесі - Томирис жайлы деректің түп нүсқа қолжазбасының авторы атанған гректің ғұламасы Геродот жазбаларын окуға жиылыс береді. Ақпар біреу - өмірден өткен күйеуінің орнына ата қоныс билігін қолына алған жамағат патшаға парсы патшасы Кирдің тіл салуы. Кирдің асаси ойы, түбегей мақсаты өзі, өзіне деген енепай сүйіспеншілік сезімі емес, көзінің құрты, көкейінің үміті болган массагеттердің байтақ жері, байлық-дәулеті скендігін сұңгыла парасатпен аңгара алган патшайым оган жарастық бермейді. Шынымен, көңілінің түкпіріндегі ойы бейсауат болған әрі оны патшайымның сезіп қап, созін аяқасты стуі Кирдің ашуыпа тиіп, жауласуга кошеді. Қос арага мағлұмат тасыр жүйткіген елші-жаушылар арқасында мұның те мән-жайы шешіліп, жоспары айқындалады. Демек қитар әйел бала өзеннің арғы бетінде яки бергі бетінде соғысудың Кирге тиімдісін тандауды ұсынады. Кеңесшілерінің алуан пікірлеріне құлақ қойып, әрі-бері ойланған Кир бергі бетке өтуді қолай көріп, өзінің шайқас жоспарын, алдау-арбаудың амал-әдіс, айла-шарғыларын ойластыра бастайды. Әлі тақа сол тәсілі дегені кеп, ойлағаны боп Томиристің ұлық бастаган дұшпандарын жер жастандырып, алгашқы жеңістің дәмін татады. Көңілі желдей есіп, ертеңге деген алып-ұшқан сеніммен қан майданға құлшына кіріседі. Кездеме жоспар, демек Спаргапистің алданып қолға түсіп, аяқ астынан ажал табуы Кирді қанаттандырса, керісінше Томиристі қатайта түседі. Біріншіден, елі бен жеріне қызыққан дүшпанның ашкөздігі, екіншіден өзін ұрғашы жетекші деп басынуы, үшіншіден соғыста ер-азаматқа тұлға ерлікпен смес, алдау арбаумен массагеттік әскердің үштен бірey бөлігін олтіруі әлі сол арзан те бетпақ женіске менменсіп, дандайсуы, намастың шоғы өзегіне түсіп, аузынан алау ага аһ ұра аласұрып, өкініштін уы бойына тараған ұлық Спаргалистің мәжбүрліктен қаза кұшуы Томпристің шынайы ашуын тудырды, қанкұмар Кирден зығырдан мауыздай, өз қанына өзін қандыруға намыс- намысының бийгінен қасам (көне) берді Солай жетті де Кеш гана желіктірген женіс буы Кир үшін өтпелі боп шықты Қиян-кескі майдан даласында қос жақтан де өлім құшқан әскердін ссебі жоқ, соғыстын түс әлісіне сап - біресе садақтан керіле тартқан жебелер желдей ессе, бір жолы найзалар сарт-сарт соқтығысып, сонында колма-кол ұстасып, канжарларын онды-солды сілтей оршеленген сардарлар бір-біріне беріспей сонгы қажыр сарқылып, кейінгі дем қалғанша тіреседі Қан білгір аққан шайқаста Кир өлім тауып, әскері ойсырай женіліп, тізе бүгеді. Үмаар-жұмар құлап, үйіндіге айналған қыруар өлімтік- тің ішінен Кирдің денесін таптырып, басын кесіп алдына әкелдірген Томирис уәдесінде тұрады - кан бірінді меске Кирдің басын сап, канқұмар Кир! Өз қанынды тойып ішші дейді. Кездеме жеңіске көкию не есалаң әйелдің астамшылығы емес, кезмал - сен қасқырлық, көкейін әлем құрты тесіп, тойымсыздыклен бақыт жазасыз жандардың қырылуына себепкер болған татшаны жауаптау, жә қан майданда емес, уытты шарап беру әдісімен колға түскен ұлдың кегі, және сансыз жиһан бен байлықты, қисапсыз қожалық мен мансапты аңсағандарға оқу әлі сонгы сәтке шейін сабырға шакырганымен, оған тоқтай білмеген тоғышарға берген серт-уәдесін атқару, шүйкебас дағы болев айтқан сөзінде түру! Мата - баспана арасындағы дау-дамайдан туындаған жұпыны гәне қатындық ашуланғыштық мен кокбеттік емес, ата қоныс бен жер тағдыры талкыға түскен сәттегі қаса патшайымға жарасатын мінез, батырға ден мырзалық, патшайым түгілі метр келген патшаның бойынан табыла бермейтін табандылык, кайсарлық. Сақтайпасының жаужүрек жауынтер тарауы массагеттердің олардың сайыпқыран татшайымы Томиристің ерлігі жайында деректі қазақтың конекоздері ойдан шығарып, елеспен есінде айтпағаны зайыр Халықтың жадына кездеме тарих кімнен, калай келсе те - тарихтың олмейтіндігінің ерліктің ескір- мейтіндігіннің, шежіренің шертусіз жә ақ ниеттің арашаланбай қалмайтындығының дәлелі Ә.Сарай жазбаларында айтылғандай, Геродоттың бдд 530 жылы болған қанды кырғынды, әсіресе ақжаулық патшаның ерлігін әлдебіреу гасыр кері қаламына іліктіруінің үйткені та тарихи өміршендіктін, ортада неше кез өтсе дағы түптің аяғында ақақаттың жеңіп шығатындығының елесі болса қажет Екі пативанын қырғынына куэ боп ортада жатқан Аракстың Эмударияяның Узбой тармагы, сол кезендегі миссагеттердің мекені бүтінгі Маныстау, Жон үсті екені зайыр, Өзінен баяғы жазу деректерге үнілген Тарих атасынын назарын аударып, қызығушылығын тудырған, зиялы кісіні әсерге бөлемей қалдыра алмайтын Томирис ерлігі - ұрпакка қас отансүйгіштіктің, табандылықтын, кеждік бен намысшылдықтын үлгісі Үлттық ерекшелікті сақтап, ар-на- мысын ешбіреуге таптатпайтын ұрлық баулу үшін ғибратты мінез мектебі.

1.1 Мулан жырының жазылу тарихы

Түркілік сарындарды қытай әдебиетінен қарастырып жүрген ізденуші, қытай тілінің маманы Д.Аманұлы өзінің зерттеулерінде ежелгі қытай поэзиясының таңдаулы үлгісі болып табылатын Мулан жырын түркі тілдес тайпалардың ақындары жазған деген пікір білдіреді. Хань дәуірінде халық арасынан жиналған хан ордасындағы қисапсыз өлеңжырлардың құрамында қытайдың батысы мен солтүстігіндегі түркі текті ұсақ халықтардың ескі өлеңдері де кездеседі. Ол халық жырлары бүгінгі 12 өлкеден жиналған. Сол аталық әдебиеттің жұрнағы - Мулан жыры, Теле жыры, кәдімгі сәлем хат түрінде, тарих ретінде ертеден сақталған саф алтынның сынығы осы Аққу жыры болатын [14,32-б], - дейді Д.Аманұлы.
Әйелдер тек ошақ отын ғана тұтатқан жоқ, сонымен қатар өз алына жеке дара мықты тұлға болған. Олар өздерінің намысы, отбасы, Отаны үшін күреске түскен. Әдебиетте, тарихта батыр әйелдер туралы көптеген туындылар бар. Соның біріне мысал бола алатын туынды, ерлік туралы жыранған ерекше қыз Мулан туралы. Мулан-Қытай фольклорының кейіпкері, ғасырлар бойы көптеген адамдар үшін пұт болған және солай болып қала береді. Ол өз үйін және туған Қытайды ерлікпен қорғады, қыз өзінің іс-әрекетімен тек өзі үшін ғана емес, туған жері үшін тұра алатындығын көрсетеді. Әйелдердің әлеуметтік теңдігі үшін көптеген өнер қайраткерлері өз туындылары арқылы бізге осы мәселенің өзектілігін жеткізуге тырысады.
"Мулан жыры" - бұл Оңтүстік және Солтүстік әулеттердің билігі кезінде елдің солтүстігінде орындалған ұзақ баянды халық әні. Мулан соғыстарда жеңіске жетіп, сіңірген еңбегі үшін даңқа ие болып, отставкаға кетіп, отанына оралады. Шын мәнінде оқиға аңыздарға толы.
Мулан - ежелгі Қытай батыр әйелдер туралы аңыздарының төрт кейіпкерінің бірі, Қытайдағы оңтүстік және солтүстік әулеттердің аңызға айналған кейіпкері, оның тарихы да қайғылы батырлық эпосты білдіреді. Хуа Мулан алғаш рет оңтүстік және Солтүстік әулеттер заманындағы "Мулан Ци" әңгімесінде пайда болды. Поэма Оңтүстік және солтүстік әулеттердің Солтүстік Вей әулеті кезінде жазылған және бастапқыда Чэньдің Оңтүстік және Солтүстік әулеттерге жазған "ежелгі және қазіргі заманғы музыка жазбаларында" жазылған. Чжицзян монахы "Ежелгі және жаңа дәуірдегі Муланда": "Мулан бұл аңыз". Ол 300-ден астам иероглифтерден тұрады және кейіннен Суй және Тан әулеттерінің жазушылары жырлады. [1] б.з.д. 429 жылы Солтүстік Вей әулетіндегі Жужан шайқасында осы шайқастың ресми тарихында "Мулан Ци" деп аталған географиялық атауларға сәйкес келетін 3 жорық жазбалары бар. "Вэй Шу Шизу Цзи Шан": "Экипаж шығыс жағынан қара тауға барады" [2] . "Вэй Шу № 91 өмірбаяны": "Экипаж Шығыс Жолдан шығып, қара тауға... солтүстікке қарай Янрань тауына қарай бет алды" [3] . "Солтүстік Тарихи өмірбаяны - сексен алтыншы": "экипаж Шығыс Жолдан шығып, қара тауға бет алды... Солтүстігінде Янрань тауына қарай" [4]. Айта кету керек, ежелгі поэзиядағы Янран тауы көбінесе Яншан деп аталады [5-7] .
Мин әулетінің жазушысы Сю Вэй "Мулан жырын" - "Мулан қыз әкесі үшін әскерге барады" пьесасына бейімдеді, онда ол: "менің тегім - Хуа, ал менің ата-бабам Батыс хан әулетінен шыққан. Менің әкемнің аты - Арк Сангжи және ол жекпе-жек өнері мен прозаны жақсы көретін, сонымен қатар ескі күндерде әйгілі қолбасшы болған". Содан бері Муланның әкесі - Хуа Ху, оның әпкесі - Хуа Мулиен, інісі - Хуа Сюн, анасы-Хуа Юань.
Оңтүстік және Солтүстік әулеттердегі Мулан жырынан, Сюй Вейдің "Мулан қыз әкесі үшін әскерге барадыға" дейін Мин әулеті мен Хенан операсы кезінде Мулан тарихының эволюция жүйесі қалыптасты. [8]
Жазба әдебиетін де, ауыз әдебиетінде де соғыс жатжерліктердің басып алуының нәтижесіндегі қайғылы оқиға ретінде ғана қарастырылады. Сондықтан да, Мулан жыры секілді батыр әйелдер образы сомдалған туындылар өте аз.
Жырда сол дәуірдегі халықтың саяси-әлеуметтік сұрақтары, құқық проблемалары, мораль тұрғысы қозғалған.
Мулан жырының әр дәуірге жататын бірнеше нұсқалары бар. Әр дәуірде жазылса да, сюжеті, тақырыбы бір - соғысқа қартайғаннан бара алмаған әкесінің орнына Мулан қыздың өзінің аттануы.
Сун әулеті(960-1279 жж.) кезінде Го Маоцян( 郭茂倩, пиньинь Guō Màoqiàn) құрастырған Юэфу поэтикалық жинағында (乐府诗集, пиньинь yuèfǔshījí) берілген, көлемі шағын, авторы белгісіз, небәрі 332 иероглифтен тұратын мына жыр-түпнұсқасы болып саналады:
木兰辞[]
唧唧复唧唧,
木兰当户织。
不闻机杼声,
惟闻女叹息。
问女何所思,
问女何所忆。
女亦无所思,
女亦无所忆。
昨夜见军帖,
可汗大点兵,
军书十二卷,
卷卷有爷名。
阿爷无大儿,
木兰无长兄。
愿为市鞍马,
从此替爷征。
东市买骏马,
西市买鞍鞯,
南市买辔头,
北市买长鞭。
旦辞爷娘去,
暮宿黄河边。
不闻爷娘唤女声,
但闻黄河流水鸣溅溅。
旦辞黄河去,
暮至黑山头,
不闻爷娘唤女声,
但闻燕山胡骑鸣啾啾。
万里赴戎机,
关山度若飞。
朔气传金柝,
寒光照铁衣。
将军百战死,
壮士十年归。
归来见天子,
天子坐明堂。
策勋十二转,
赏赐百千强。
可汗问所欲,
木兰不用尚书郎;
愿驰千里足,
送儿还故乡。
爷娘闻女来,
出郭相扶将;
阿姊闻妹来,
当户理红妆;
小弟闻姊来,
磨刀霍霍向猪羊。
开我东阁门,
坐我西阁床,
脱我战时袍,
著我旧时裳,
当窗理云鬓,
对镜帖花黄。
出门看伙伴,
伙伴皆惊忙:
同行十二年,
不知木兰是女郎。
雄兔脚扑朔,
雌兔眼迷离;
双兔傍地走,
安能辨我是雄雌?
Түпнұсқаның қазақша аудармасы:
Ұршықтың дауысы гүрілдеп,
Тоқиды өрмек Мулaн қыз.
Әлсін -әлсін шығады,
Үһілеген күрсініс.
Тоқтап өрмек бір шақта,
Күшейді қыздың үһілі.
Сұрайды саған не ой түсті,
Сұрайды мұның не сыры?
Дейді қыз бөтен сырым жоқ,
Дейді жоқ ойдың да ешбірі.
Көрдім кеше шақырған,
Қағанның әскер жарлығын.
Он екі бірдей жарлықтың ,
Бәрінде әкем барлығын.
Әкемде туған бала жоқ,
Алдымда тұрған аға жоқ.
Базардан ат аламын,
Әке орнына жорыққа,
Әскерге өзім барамын.
Шығыстан алып тұлпарды,
Батыстан ермен жабдыды
Солтүстіктен қамшы алып.
Жүген менен ноқтаны,
Оңтүстіктен салдырды.
Қош айтып әке-шешеге,
Таңсәріден жөнеді.
Ымыртта сары өзеннің,
Бойына жетіп түнеді.
Естілмейді бақыт тілеген,
Әке менен шеше үні.
Естіледі тек өзеннің,
Сарқырап аққан гүрілі.
Ертесі қош деп өзенге,
Қаратау барды кешінде.
Естілмейді әке-шеше тілеуі,
Кісінейді тек Ғу аттары,
Қарлығаш таудың түсінде.
Жолдарды басып айшылық,
Сан белдесіп жауменен.
Құстай ұштық басынан,
Қамалдардың,тауменен.
Бақырдың шығыл сыңғыры,
Шақбаңнан соққан дауылда.
Сәулесімен түнгі айдың,
Саңлақтап сауыт-дулыға.
Сұрапыл соғыс,сан айқас,
Сардар өліп майданда.
Он неше жыл дегенде,
Оралды сарбаз ауылға.
Жолықты ханға,хан алтын,
Отыр екен тағында.
Ағалап он екі ерлікті,
Алды және мың ділдә.
Сонда қаған сөйлейді:
Не тілегің бар дейді,
Болғын орда жігіті.
Сонда Мулан бүй дейді:
"Ұлық болғым келмейді,
Бір желмая бер",-дейді.
Желмаямен болғаны,
Жетіп алсам ауылға.
Қызының естіп келгенін,
Бірін-бірі сүйіп ата-ана.
Сыртына шығып қорғанның,
Алдынан шығып қарады.
Әпкелері естіп келгенін,
Шаштарын түзеп тарады.
Інілері естіп келгенін,
Соятын малға қарманды
Үйіне кіріп өзінің,
Төсегіне Мулан отырды.
Сыпырып соғыс сауытын,
Көне киімін киінді.
Моншақтарын тағынып,
Шаштарын жазды түюлі.
Келгенде шыға есіктен,
Серіктері қарайды.
Қараған сайын көздері,
Бадырайып барады.
Он екі жыл жорықты,
Бірге кешіп Муланның,
Қыз екенін кім ұқты.
Ата қоян қашан да дүбір аяқ келеді,
Ұрғашы қоян жалтаңкөз барындамас денені.
Қатарласып жүргенде бұл екеуін,
Кім ұрғашы,кім еркек қайдан ғана біледі. осы өлең жолдары саналады.

1.2 Томирис романы батыр әйелдің айнасы

Әрине, көркем шығарма болған соң, мұнда да белгілі бір дәрежеде шарттылық бар, алайда бұл жағдай бізді шошытпауға тиіс, өйткені повестің авторы өз шығармасын тарихи повесть деп атаған. Демек, ол өзіне үлкен жауапкершілік алған да, қажетті тарихи деректер мен жылнамаларға аңыз бен әфсаналарға, тағы басқа әдебиетке сүйенген, олардан өзіне керек мағлұматтар алған, оларды зерделеген, ой елегінен өткізген, таңдап, іріктеп пайдаланған. Олай болса, жазушы шындықтан тым алшақтамаған деп ойлаймыз. Бұл ойымызды құптайтын мына бір жәйттерді де ескеру керек сияқты. Болат Жандарбеков өз шығармасына негіз етіп, Геродот жазбасындағы аңыздың сюжетін алған да, көркем сөз өнерінің тәсілдерін пайдаланған, сөйтіп Томирис патшаймның ата-тегі, анасы, әсіресе, әкесі жөнінде кең әңгімелеген. Автор бұл жолда батырлар жырының сюжеттік композициясына сүйенген. Әлбетте, көркем шығарма болған соң, бұл повесте болуы ықтимал деген жағдайлар да ойдан қосылған, ондайлардың қатарында Томиристің жастық шағы, тұрмыс құруы, оның таққа отыруы сияқты оқиғаларды атауға болады.[8]
Романның арқауына сақтардың жаугершілік дәуірінің шаңды жорықтары, ел қамын ойлаған патшайымның шешімдері, қан жұтқан қасіретті сәттер мен еңселі жеңістер жатады.
Жазушы өзі таңдаған тарихи шындыққа романтикалық сипат берген. Негізгі мазмұны тарихи оқиғалардан құралған тарихи романға жазушы романтикалық ырғақ, асқақ өлім ырғағын қосу арқылы жазған. Шығарманың тарихилығы сюжетіне реалистік оқиғаларды, мысалы, сақ дәуірі, жаугершілік заманды; Кир мен Томирис арасындағы қақтығысы: Томиристің кек алуы, оның қайсар, батыр мінезі; т.б. тарихи оқиғаларды жинақтауында болып табылады. Басқа да оқиғаларды қосу, оларды үйлесіммен қиыстыру роман құрылысын құрудағы ерекше талғамды көрсетеді. Бұл шығармада реалистік ағыс басым.
Болат Жандарбековтың тарихи тақырыпа жазылған Томирис романы сақ дәуіріндегі сақтардың қайсарлығын өзек етеді. Жазушы, шығарманың мазмұны мен тақырыптың ішкі бірлігін сақтай отырып, Томирис образы арқылы батырлықты сақтайды. Б.Жандарбеков осы тарихи роман астарына махаббат қиындықтарын, яғни жеке бастың жан-дүниесін араластыру арқылы, Томиристің батырлығын ғана емес, патриоттық, ғашықтық, туысқандық сезімдері арпалысындағы біршама үлкен психологиялық портретін жасады.
Томирис - Томирис романының басты кейіпкері. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мулан образының көркем шығармада берілу тәсілдері
«МУЛАН» ЖЫРЫ - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
Күлтегін жырының көркемдік ерекшелігі
Ежелгі түрік мәдениеті: Орхон, Енесей жазбалары
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша)
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Мұхтар әуезовтың «манас туралы» мақаласы. (конспект)
Түркі халықтары әдебиетіне ортақ әдеби мұралар
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Пәндер