Сәндік қолданбалы өнер бұйымдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасның Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі
Высший колледж имени Магжана Жумабаева

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазіргі әлемдегі сәндік өнер тақырыбы бойынша мұғалімдерді бейнелеу өнері сабағына дайындау

Мамандық: 0111143 Көркем еңбек мұғалімі
Біліктілік: 0111143 Көркем еңбек мұғалімі
Пән: Бейнелеу өнері негіздері оқыту әдістемесімен
Жетекші: Саткенов Е.Ш
Орындаған: УХТ 1-18 тобының студенті
Файзулова.Молдир

Петропавл 2022 жыл
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Сәндік - қолданбалы өнер - заттарды көркемдеу
Қазақ халқының ою - өрнектері
Жүннен жасалатын заттар
Сүйекті көркемдеп өңдеу
Ағаш материалдарын көркемдеу
Зергерлік өнер

ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР

Бейнелеу өнері пәнінің сабақ жоспарлары
Оқытудың технология мәдениеті

СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

3.1 Сәндік қолданбалы өнердің техникалық құралдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері өзінің тәрбиелік мүмкіндіктерін бүгін де жоғалтқан жоқ, керісінше, заман сұранысына қарай, оның көкейкестілігі бұрынғысынан да артып отыр. Оны өнертану, педагогика ғылымдары саласында жарық көрген еңбектер дәлелдеуде.
Жалпы білім беру мектебінде бейнелеу өнерін оқытудағы басты міндеттерінің бірі - оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін жейілдіру болып табылады. Осы мәселе қазіргі кезде белсенді шығармашылыққа тәрбиелеу міндеттерін басты назарға алуды міндеттейді.
Курстық жұмысының мақсаты сәндік қолданбалы өнер сабақтарында техникалық оқу құралдарын мейлінше тиімді пайдалану және болашақ шығармашылық ойды жобалау олардың эскиздерін мәдениетті, әрі көркем жасай білу.
Бейнелеу өнерінде кез келген көркем ойды көрнектілікпен көрсейте білудің өзі өнер.
Курстық жұмысының актуальділігі орта мектеп оқушыларына көркем ойды компьютер бағдарламаларының көмегімен іске асыруды меңгеруді үйрету. Жұмыстың мақсаты - ойға келген сәндік бұйымның көркем формасын эскизде айқын көрсетіп, оған қатысты мәліметтерді нақты эстетикалық дәрежеде бейнелеп беру мәдениетіне үйрету.
Зерттеу міндеттері - көркем өнер принциптеріне сүйене отырып, халық өнері және сәндік қолданбалы өнер түрлерін зерттеп білу арқылы шығармашылық ой елесіндегі көркем формалар эскиздерін жасауды игеру.
Зерттеу объектісі - орта мектептің бейнелеу өнері сабақтарының бағдарламасына сәйкес, интерьердегі сәндік қолданбалы өнер туындыларын орналастыру, оның көркемдік мәні мен қажеттілігін талдау.
Балалардың көркем - шығармашылық қабілетін дамыту, көркемдік ой өрісін жетілдіру, әрі оның қалыптасуына әсер ету, олардың қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдап әшекей заттарды жасай білу мүмкіншіліктерін іске асыру. Осы мәселерді курстық жұмысының қолжазбасы мен тәжірибелік жұмыстарында оқу - әдістемелік тәсілдерімен дәлелдеу міндеттерін мақсат етіп қойдық.
Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының ережелерінде орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгеруілуге тиісті білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктердің мазмұны мен көлемін айқындайтын, типтік оқу жоспарының инвариантты бөлігіне енетін бағдарлама.
Білім беру стандартының ережелерінің де талаптарында көркем өнер туындылары арқылы оқушылардың ұлтжандық, рухани - адамгершілік, көркемдік - эстетикалық, мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік, байқампаздық, ұқыптылық, ептілік қасиеттерін тәрбиелеуді басты назарда ұстау керек деп көрсетеді.
Өнердің түрлеріне қызығушылығын дамытуды, өнер арқылы ұлттық әдет - ғұрып пен салт - дәстүрлерді құрметтеу сезімін қалыптастыруды, көркемдік - шығармашылық іс-әрекет тәжірибелерін меңгертуді және әртүрлі материалдармен жұмыс істеу шеберлігін жетілдіруді басты мақсат етіп қояды. (www.edu.kz бастауыш білім стандарты.)
Курстық жұмысының мақсаты:
білім берудің стандартының ережелерінде айқындалған міндеттерді іске асыруды көздейді.
Жас өспірімдерді сәндік қолданбалы өнердің сан алуан салаларынан білім беру арқылы күнделікті тұрмыста кезігіп жататын әртүрлі материалдардан бұйымдар мен сәнді заттар жасау арқылы олардың қызығушылығын, еңбекке деген сүйіспеншілігін дамыту. Тәжірибелік жұмыс процесінде ғылыми мәселелерді шешу, өз бетімен көркемдік шығармаларды бағалай білуге баулу. Қолдан жасалатын сәндік қолданбалы бұйымдардың кезеңдік технологияларын икемділікпен игеріп шығу.
Зерттеу нысаны: Сәндік - қолданбалы өнерде техникалық құралдарды қолдану арқылы эскиз жобаларын жасау тәсілдері және әдістемесі. Интерьердегі СҚӨ бұйымдарының компьютерлік эскиз жобалары.
Зерттеу пәні: бейнелеу өнері пәні сабағында сәндік қолданбалы өнерді оқыту.
Курстық жұмысының міндеттері: Мектеп оқушыларының өнер пәндері сабақтарында өнер арқылы ұлттық әдет - ғұрыпты қастерлеу, көркемдік ойлау мен іс әрекет тәжірибелерін үйлестіре білу, икемділік пен дағдыны жетілдіру.
Кез келген материалдардан көркем форманы ойлап табу және олардың стильдік мазмұнын шебер қалыптастыру әдістерін меңгеріп алуды әдетке айналдыру. Сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарды оқушылардың көркем форманы тану арқылы өз мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.
Курстық жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім бес тараудан тұрады, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалар.

СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Халықтық сәндік-қолданбалы өнер - әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген.
Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді.
Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері - көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріп, безендірілген. Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттарының әшекейленіп, киімдерінің өзіне тән үлгісі барын айтады.
Қай халықтың болмасын заттық, рухани мәдениетінің жиналу, жариялану, зерттелу тарихының басталған уақыттан дөп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты қөне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты тереңге бой тартады. Сол сияқты қазақ халқының рухани мұраларының бірі қолданбалы өнерінің тасқа қашалған көне іздерін V-VІІІ ғасыр ескерткіштері мен Орта Енисей жазбаларынан тапсақ, одан бергі орта ғасырлық жазба деректердің барлығында да халық мұрасы өз желісін үзбей, әр түрлі деңгейде бой көрсетіп отырады.

Сәндік - қолданбалы өнер заттарды көркемдеу

Сәндік - қолданбалы өнер жалпы өнер атаулының кең бөлімі, олар күнделікті тұрмыста қолданылатын көркем бұйымдар жасап шығару бағыты.
Интерьерді және тұрмысты көркемдеу мен безендіру заттарына, киім-кешек, сәнді маталар, кілемдер, жиһаздар, көркем әйнек, фарфор (қыш), фаянс, зергерлік және басқа да көптеген көркем бұйымдар мен мүліктер қатары жатады.
Әр елдің тұрмыс тіршілігіне қарай сәндік қолданбалы өнер өзінің бастауыш ежелден халық өнерінен алады. Мысалы, ағашты көркем әшекейлеу көптеген елдердің сәндік қолданбалы өнерінде кең қолданыс тапқан. Қазақ халқында түрлі бояулармен сандықтарды, кереге мен уықтарды және басқа да тұрмыстық заттарды ұлттық нақышта әшекейлеу болғандығы көпке мәлім.
Сондай әшекейлеу түрі металда да кезігеді. Халық шеберлері сандық бетін металмен қаптап, бедерлеп майлы бояу түрлерімен әшекейлеген.
Ежелден қыш құмыраларды бояумен әшекейлеген мысалдары археологиялық зерттеу нәтижесінде белгілі болып отыр.
Қазақстан сәндік қолөнерінде ағашты ұқсату, оларды көркемдеп ою тәжірибесі мол болған. Алғашқа бедерлеп ою салу ерте замандардан келе жатқан өнер. Сәндік қолданбалы өнердің ең күрделі түрлерін тас пен сүйекті әшекейлеу де жатады. Өнердің осы түрлері халқымыздың өздік мінезі қалыптасқан әсіресе, сүйек өңдеп жиһаздарды әшекейлеп безендіру жұмыстарында орын алады. Қазақ шеберлері өзіне ғана тән үлгісі бар сүйекке бедерлеп ою-өрнек салу әдістерін ойлап тапқан.
Қазіргі заманда сәндік қолданбалы өнер кең етек жайып кеткен. Заман талабына және сұранысқа сай бұл өнердің жаңа көзқарастағы көркем түрлері пайда болып, зерттеу мен бірге ізденістер жалғауда. Біз, орта мектеп бағдарламасының бейнелеу өнері пәні сабақтарында халық өнері мен бірге сәндік қолданбалы өнердегі жаңалықтарды оқытуды тыс қалдырмауымыз керек. Өнер бір орында тұрмайды, ол үнемі қозғалыста болады. Сол үлкен қозғалысьтағы көркем сәндік өнер шығармаларын таңдап, олардың жасалу технологиясын жас өспірімдерге жеткізу білім берудің мақсаты.
Әрине, сәндік қолданбалы өнер көп тармақты болғандықтан мектеп оқушыларының жасына, қабілетіне қарай кезеңдерге бөліп оқыту маңызды. Мысалы, бастауыш сыныптарға қол асты материалдардан жасалатын әшекейлі формалар болуға тиіс.
Сәндік қолданбалы өнер сабақтарында тек үнемі қазақ халықының өнерін үйретумен шектеліп қалмауы сондықтан, әр елдің өнерінен хабардар болып, оларды мұқият зерттеп өз біліміңді кеңейте беру бүгінгі күн талабы.
Ал, енді сәндік қолданбалы өнердің түрлеріне жеке-жеке тоқталайық, олар, ою-өрнек, жүннен жасалатын заттар, сүйектен жасалатын көркем әшекейлер, ағаштан ойылып жасалатын бұйымдар, зергерлік өнер.

1 сурет. Сәндік қолданбалы өнер бұйымдары

Қазақ халқының ою-өрнектері

Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді.
Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ою-өрнектің біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрынғы халықтарда да соншалық ескі дәуірден бері келе жатқан халықтық өнердің бір түрінен саналады. Біз осы еңбегімізде бұрынсоңды әдебиеттерде жазылып, өмірде күні бүгінге дейін жиі кездесетін мұралар мен қазіргі шеберлердің іс үлгілерін зерттеу нәтижесінде оның - талған ою-өрнектердің 200-ден астам түрімен таныстырамыз. Бірақ осынша көне әрі тың да жауапты мәселені әңгімелемес бұрын кейбір ғылыми деректерге біраз тоқталып өтейік.
Халықтың қолөнері мен ою-өрнек творчествосын ғылыми негізде арнайы жекелеп зерттеу ісі басталғалы 100 жылдан астам уақыт өтті. Бұл іс ең алдымен біздің Отанымыздың ғалымдары, олармен қатар Батыс Европа мен Америка ғалымдары да кезінде қызыға кірісті. XIX ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы зерттеулер мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австриялық ғалым В.Куррердің бояу және бояушылық өнері жанында, Ф.Т.Куглердің, советтік ғалым С.В.Ивановтың, В.В.Стасовтың, Ф.К.Вояковтың, С.А.Давыдовтың, А.А.Боголюбовтың, В.Чепелевтың және қазақ ғалымдары Ә.Марғұланның, Т.Бәсеновтың, Ә.Масановтың, М.Мұқановтың және тағы басқа зерттеу материалдарын айтса да жеткілікті. Бұлар еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректерді келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық тұлғаларға ұқсас өрнектердің нені бейнелетінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға қараған. Мысалы, геометриялық тұлғаларға ұқсас сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (үш бұрыш, төрт бұрыш, ромб тәрізді өрнектер) т.б. қайдан шықты екен құрылыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарладың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек деседі. Өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұталардың, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ойлап қиялдауынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді. Қазақтың ою-өрнектеріннің түрлері де, атаулары да көп. [ 3; 7б]
Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюларды. Екіншісі, басқа халықтардың ауысқан жаңа, интернационалдық ою-өрнектер. Бұл топшылау да орынды сияқты шынында да осы күнгі көп жапырақты гүлдермен геометриялық өрнектер, жазу-сызуды бейнелеген өрнектеу, креспен тігу әдісі, өрнектеп шілтер тоқу, өрнектеп тескен үлгі бойынша торлай тігіп әсемдеу сияқты қолөнердің көптеген жақсы үлгілері кейінгі халықтар достығының нәтижесінде ғана сіңісіп, қазақтық ою-өрнек өнерін байыта түскендігі белгілі. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мол өсіру мен аңшылықты, екіншіден жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр көріністерін, төртіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік - осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де, ұлттық ою-өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Қазақ халқының этнографиялық әдет-ғұрыптарының кейбір элементтері де ою, сызу, бедерлеу, бейнелеу, өрнектерінің де белгілі орын алғандығы байқалады. Мысалы, бұрынғы ру таңбалары, малдардың ен-таңбалары, діни сенімдер негізіндегі ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдау және т.б.
Шеберлер халықтық ою-өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын не қағазға, не жарғақ теріге не матаға түсіріп, ойып алатын. Оюдың қиындысын үлгі дейді. Үлгі қиюмен көп айналысқан және сол үлгі бойынша ою ойып, іс істеуді сүйсен шеберлер қолындағы ою үлгілеріне өз бетінше жаңа түр, жаңа буын қосып, оны өзінше жөндеп, дамытып отырады. Қай кезде болса да ер өнері еліне ортақ. Қарапайым әдістің өзімен неше түрлі сурет жасап ұнасым мен әдемілік жағынан көздің жауын алғандай ою-өрнектердің үлгісін беріп жүрген халық шеберлері қазір де көп. Сәрсембин Рахым ақсақалдың оюлары бірнеше рет одақтық көрмелерде жүлде алды. Оның ою-өрнектері республикада, одақта шығып жатқан халық творчествосы туралы жинақтарға енді.
Қазақтың қолөнерінде өрімшіліктін неше түрлі әдемі өрнектері бар. Оның әліде болса. Бізге кездеспеген, не көңілден қақас қалған түрлері және әр жерде әр түрлі айтылатын атаулары өте көп екені байқалады. Бұл пікірді зерттеуші этнографтар да ертеден-ақ айтып келеді. Жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.
Ай, күн, жұлдыздарға - көк әлеміне байланысты өрнектер.
Малға, малдың денесіне, ізіне байланыстылары.
Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер.
Құстарға байланысты өрнектер.
Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнеліөрнектер.
Қару-құралдарға байланысты өрнектер.
Геометриялық фигуралар тектес өрнектер.
Сондықтан біз қазақ өрнектері малшылық, көші-қон, жарықшылық заманындағы тұрмысты, айналасындағы табиғатты, аңшылықты, геометриялық түсініктердің сырт тұрпатын байқаудан туған ұғым негізінде дамыған деген болжамға толық қосыламыз.
Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Бірақ бір есте боларлық жай, маман суретшілер көбінесе заттың сырт формасын дәлдеп, суреттің неғұрлым сол затқа аумай ұқсап тұру жағына көбірек назар аударады. Ол ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойлаған затының не сюжетінің сыр-сипатын өзінше танып, оның көркем, әшекейлі болу жағына баса назар аударады. [ 3;10-15б ]

2 сурет. Қазақ халқының ою-өрнектері үлгілері

3 сурет

1.1.2. Жүннен жасалатын заттар

Төрт түлік малдың жүні халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер мен қап, шектеп сияқты ең қажетті мүліктер жасалған.
Қазақ халқының шаруашылығында мал жүннің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қолы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы. Жүк артып, күш көлік ретінде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны жабағы дейді. Түйе жабағысынан әр түрлі жеңіл де жылы күні тігіледі. Түйе жүнінен неше түрлі жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл әрі жылы болады, қылшық шықпайды.
Шуда деп түйенің мойындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулдық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көп ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Шуда жіп шертер, керуші деп аталатын ән-күй аспаптарына шек есебіне де тағылған. [ 3; 36.]
Қазақ өмірінде қой жүнін өңдеудің маңызы айрықша зор болуы. Қойдың жүнін жабағы, күзем жүні, қозы жүні, өлі жүні және шет-пұштақ деп бес түрге бөліп атайды. Жабағы жүннен (көктемгі жүннен) сырт киім тікті, кілем тоқып, арқан есіп, т.б. жасады. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады.
Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кещектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға жарамсыз. [ 3; 37б.]
Қазақтың киіз басу өндірісі, ең бір қажет және мейлінше дамыған кәсіптің бірі. Киізді үй жабуға, байпақ, бас киім, кестелі текемет, кілем, түрлі құнды заттарды қаптау үшін пайдаланған. Жүнді әдетте тулаққа (кептірілген мал терісі) салып, жан-жақтан сабаумен негізгі мақсаты - жүннің түкіршіктерін бөлініп шығады. Жүн сабалып болған соң, ұзындығы мен ені сай келетін киіз жасау үшін, ақ инеге ең алдымен нашарлау одан кейін тәуірлеу жүнді бірдей етіп, тегістеп төсейді. Жұмыстың мұндай түрі сабалған жүнді шиге салу деп аталады. Басылатын киіздің көлеміне қарай ірілі уақты ою-өрнек түрлері салынады. Әрине, түрді киіздің негізгі өңін ашатын басқа бір ашық түстен салады. Түрдің көрнектілігі шеберлердің өнерлілігі мен ой өрісіне, талғампаздығына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді. мысалы, Қостанай мен Торғай облыстарында жүнді екі шиге бірдей етіп, аздап ыстық суды себелеп, біріктіріп алады да, жартылай басылған әлі толық бірікпеген киізді біріне-бірін беттестіріп бір шиді түгелдей босатып алады. Осыдан кейін ыстық суда жүн әбден кірігіп, піскенше себелеп тұрады. Сонымен бірге киізді ақ шиге орап қайта-қайта домалатады. Бұдан кейінгі жұмыстың түрі киіз тебу деп аталады. Ол үшін жаңағы арасына жүн салынып, оралған әрі немесе екі кісі алға тартып, жылжыта береді де киіз әбден қатайғанша оны сол киіз басылып жатқан үйдің маңында домалатып, бір топ адам екі аяғымен кезек-кезек теуіп отырады. Сонымени бірге оның үстіне әлсін-әлсін ыстық су құйып тұрады. Тебілген киізді шиден ажыратып алғаннан кейін білекпен басады. Мұндай жұмыстың түрі білектеу деп аталады. Қайта-қайта ыстық су құйылып шынықтырылған киізді одан әрі шиыршықтап, қатайтып, ширата береді. Мұны қарпу деп атайды. Қарпу жұмысы ояқталғаннан кейін білекпен қайта білектеп, киізді тығыздалған үстіне тығыздап. Әрі жұмсарта түседі. Содан кейін сыртқа шығарылып, күнге жайылады. [ 4; 33-35б.]
Киіз басу көне замандардан келе жатса да жергілікті халық арасында әзірге айта қаларлықтай ерекшелік жоқ. Қазақ арасында киіз басу жұмысына көбінесе әйелдер қатысады. Әрбір әйелді киіз баса алады десеңіз қателеспейсіз. Өйткені, 1968 ж. М.Красовский: Қазақтар қыздарды жас шағынан іс тігу, өрмек тоқу, киіз басу, т.б. үйретеді, деп жазады. Киіз басу жұмысында қазақтардың шеберлігі жоғары дәрежеде болатының зерттеушілер ерте кезден айтып келеді. И.Я.Словцов бұл туралы: Қазақтар киізді тамаша тапқырлықпен өте тез және сапалы етіп басады. Бұл жөнінде орыстың киіз басушылары олармен жарысқа түсе алмайды деп жазады.[ 3; 40 б.]
Халық арасында киізді қалыпқа салып басып шығару әдісі де ерте заманнан бар. Бұл әдіспен көбінесе киіз етік, пима, қалпақ, байпақ сияқты заттар жасалған. Олар әрі жылы, әрі жеңіл, әрі әдемі келеді. Киіз етіктің басы мен қонышын бөлек, екі бет етіп пішін алып, тігістеріне былғарыдан немесе жақсы иленген қойыстан сыздық салып отырып құсырып тігеді. Қонышты жұқа былғарымен қаптап, оның өрнектеп қояды. Киіз етік аяз тартпайды, өзі әрі жұмсақ, әрі жеңіл. Пима қойдың күзеле жүнінен, қозы жүнінен басылады. Оның да басылу процесі киіз басу сияқты. Әдетте сырмақ, текемет жасалатын киіз не шымқай ақ, не шымқай қара болуы шарт. Көлемі жағынан қазақ сырмақтары 4 түрге бөлінеді. Ең үлкені - көш сырмақ, көлемі 3-5 м.болады. Сырмақ оюы өте күрделі, оны құрастырушы адамның талғамы мен ой-өрісінің биік, ою өнерінің жетік маманы екенін көрсетеді.[ 4; 39-40б.]

4 сурет. Текемет

Сүйекті көркемдеп өңдеу

Қазақ қолөнерінде сүйек пен мүйіз өндеу ісі өз алдына жеке кәсіп ретінде бөлінбеген. Ертеректе сүйектен кейбір еңбек құралдары мен қару-жарақ бөлшектерін жасаған. Үй бұйымдарын әсемдеуге жылқы мен түйе сүйектері ғана жараған. Оның себебі бұлардың сүйегінде қара кемік болмайды және олар ұзақ сақталған сайын сарғыш тартып ажарлана түседі. Кейде жемдеу үшін жіліктің қақ сүйегі іске асқан. Шеберлердің айтуынша, ішкі сүйектерден гөрі асылған еттің сүйегі өндеуге қолайлы болады. Сүйекті іске қосу алдында суға қайнатудың тағы бір себебі, кеуіп тұрған сүйектен гөрі қайнатылған сүйекті өндеу оңайға түседі. Сүйекті ағартып немесе сарғылт мөлдір түсті етіп өңдеуге болады. Сүйекті ағарту үшін оны қайнатып, ыстық қоламтағакөміп кептіреді, ал сарғылт түске келтіру үшін май жағып, шөптің түтініне ыстайды. [ 3; 100 б.]
Әсемдейтін бұйымдардың ыңғайына қарай, дайындалған сүйектерден мүмкіндігінше көлемі жағынан сүйектерден біркелкі тік бұрышты, төрт бұрыш, шаршы үш бұрыш, ромбы тәрізденген әшекейлер кесіліп алынады, олардың беттері тегістеледі, мұқият өңделеді. Сүйек бетін өндеу үшін пышақ, шапашот, егеу, шыны сынықтары қолданылады. Сүйек әшекейлерді ағаш бұйым бетіне шеге арқылы ұстататындықтан, олардың шеге қағылатын тұстарын жіңішке құысқұлақпен алдын ала тесіп алады. Сүйек жикейлердің бетіне бедерлі ою-өрнек ойылумен бірге сызу әдісімен әр түрлі геометриялық өрнектер де жүргізіледі. Оюлардың түрі қызыл, қоңыр, жасыл бояулармен боялады. Кейде сүйек әшекейлердің өзін мүсіндеп, оймалаумен бірге ағаш бетін ойып орналастырады. Сүйек әшекейлерімен әсемделетін үй бұйымдарының түрлері көп. Оның ішінде, әсіресе, жиірек көркемделетіндері - кебеже, тосағаш, сандық, ер, піспек басы, адалбақан, қант тоқпақ және домбыра сияқты музыкалық аспаптар. Жылқы мен түйенің асық жіліктерінің жіңішке жағының қақ сүйектері пышақ, қылыш, қанжар, ожау саптарын әсемдеуге кеңінен пайдаланылады.[ 6; 83б.]
Сүйекті жону, өрнектеу, шегелеу, сүйекке күміс қақтау сияқты жұмыстар өте нәзік болумен қатар аса шеберлікті талап етеді. Сүйек ұқсатушы шеберлер жылан тіл пышқы, әр түрлі түрпілі егеулер, асыл ыңғыру, қайқы пышақ, үскі, майда шарық, түрпі қағаз елаяқтылар қолданады. Бұлармен іс істеу үстінде ең бір шартты талап-асықпау, әрқашан бір қалыпты салмақпен жеңіл ұрғылау және сүйектің бетін үнемі тазартып алып, мұқият қарап отыру. Сүйекті түзетіп, тегістейтін құралды бастырық немесе қысқы деп атайды. Сүйектегі ою-өрнекті көрнекті ету үшін ырылған оюларды сіңімді бояумен бояйды. Бояуға мұсатыр, скипидар сияқты сіңімді сұйық заттар қосылады. Өрнектер көлемді заттарға жасалғанда, олар бөлек-бөлек кішкене сүйектерден құрастырылып, жалғастырылып отырады. Өрнектелген сүйекке күміс жапсырып, сәнді тастар орнатып, оларды мың шегелермен ұстатқанда, өрнектер сүйек бетінде дәл келтіріледі.
Еліміздің кейбір шеберлері мал мен аңның сүйегін әдемілеп өңдеумен қатар құс пен балықтың да сүйегін өңдеп, одан неше түрлі гүл, түйреуіш, жарқырауық қоңыз бейнесін жасап, өте ұсақ әдемі өрнекті суреттер салып жүр. [ 3; 103 б.]
Сүйекке қарағанда, мүйіз жануға, июге, қалыпқа салуға, тесуге, шегелеуге өте ыңғайлы және оны оюлап өзге заттарға қиюластыру да жеңіл. Үй жануарлары мен аңдардың мүйіздерін іске жарату үшін, оларды жастай жинап, ылғи көлеңкеде сақтау қажет. Мүйізден жасалатын бұйымның ыңғайына қарай, бабымен кептірілген мүйізді қол арамен көлденең кесіп, дайындап алады да, ыстық қаламтаға көміп, әбден жұмсартып, балқытады, одан кейін ғана шебер іске кіріседі. Балқып тұрған мүйіз шебердің өзі қажет еткенінше июіне, қалыпқа салуына, жануына, кесіп өрнектеуіне де оңай. Мәселен, тарақты жасау үшін ірі қараның мүйізін ұсақ тісті пышқымен ыдыратпай отырып бөлшектеп тілеуі. Шапқымен, пышақпен жұқартып жонып алған мүйізді екі тақтайдың арасына салып қысқыға бекітеді. Тарақтың ірі тісі мен ұсақ тісін тілетін пышқы екі түрлі болады.
Мүйізді сүйекпен,ағашпен араластыра қиюластырып оюлайды. Мүйіз алтындаған немесе күмістеген мың шеберлермен, алтын-күміс құрсаулармен білезіктеуге де икемді. Мүйізді ұқсату жұмысына сиырдың, серменің, қынқардың, тау текенің мүйіздері, жылқының тұяқғы, түйенің табан мүйіздері пайдаланылады. Әсіресе семіз, жас малдардың мүйіздері жақсы. Тұяқ пен мүйізді балқытып, кейін түзетін алып қалыпқа салады да пышақпен тілмелей отырып тарақ, түйме және басқа ұсақ- түйек заттар жасалады. [ 3; 107 б.]
Ерте замандарда сүйек пен мүйізден жебе, ине, пышақ жасағандығы археологиялық зерттеулерден белгілі. Кем-келе халық өміріне металл түрлерінің енуіне байланысты сүйек пен мүйізден құрал түрлерін жасау сирей бастады. Үй бұйымдарының ішінде сүйектен көркемделетін беттері көлемдірек келетін кебеже, төсек ағаш сияқты бұйымдардың беттерін әдетте бірнеше төрткүлге бөліп, олардың әрқайсысының беттеріне ою-өрнек ойылған көлемді келген сүйек тақтайлар күміс бүркеншікті шегелермен қиыстырлған. Әр төрткүлдің ортасына күмістелген бедерлі темір әшекейлер орнатылған. Ажарлы әшекейдің астына төселетін қызыл не жасыл шұға, көксауыр былғары, дәл ортасына ақық не перуза тастарынан не түрлі шынылардан орнатылатын көздер сүйек түсімен үйлесім тауып, безендірілген бұйым бетінің реңін енгізетін. [ 6; 84б.]

Ағаш материалдарын көркемдеу

Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылдыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысына қажетті ағаштан жасалған бұйымдардың түрі сан алуан. Ағаш өндеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай үйші, арбашы, ұста деп даралады. Ал, бұл шеберлердің әрқайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да ұсақ-түйек бұйымдар түрлерін жасай білуі. Әсіресе, ұста атанған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және сүйек өндеу ісімен де айналысады. [ 6; 9б.]
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайынды, үйенкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал жасайды. Ағаш оюшылар, тоқушылар қамыстан, шиден қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жұмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.
Ағаш шеберлері балта, пышқы, үстірік (сүргі), бұрғы, ағаш түрпісі, тез, қысқы, үскі, қашау сияқты аспаптарды пайдаланады. Бұлардан басқа түрлі өлшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші құралдары да болады.
Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты бірі жануға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қақсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін, бірақ бояу сіңгіш, әселім ұстағыш болады.[ 3; 109 б.]
Ағаш өндеу өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен қыруар еңбекті, шынайы талғамды керек ететін түрі - киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер ісі. Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары, көбінесе, өзен жағасында өсетін әр түрлі талдан жасалады. Киіз үй сүйегіне жарайтын ағашты ерте көктемнен бастап әзірлеп, бес-алты ай, кейде жыл бойы көлеңкеде кептіпреді. Киіз үй сүйегіне арналып дайындалатын ағаштың ұызындығы мен жуандығы кереге-уық жасауға жарамды болуы қажет. Шаңырақ үшін дайындалатын қайың мүмкіндігінше түзу, бұтақсыз болуы қажет. Кесілген ағашьарды жылдам аршып, бас-аяғын тегістеп орап, керегеге жарайтындарын бір бөлек, уыққа арналған әлдіректерін бір бөлек 20-30 ағаштан бума жасап, көлеңкеге бірінің үстіне бірін жинай береді.
Кереге арналып кесіліп, тезге салып иген, ішкі жағын бірнеше сызықты, бояу, сырмен кейде бас-аяғын күміспен күптеген ағаштарды тор кезден көктеп құрастыру арқылы жасалады. Оның әрбір бөлек қабырғаларын қанат деп атайды. Қанатқа көктелетін жеке-жеке ағаштарды кереге деп, қоспаларында болатын қысқа керегелерді сағанақ деп атайды. Керегенің басы мен шаңырақтың ортасын тұтастырып тұратын ұзын ағаш шыбықтарды уық дейді.
Маңдайша - екі босағаның үстіңгі жағынан бекітіп тұратын әшекейлі көлденең ағаш. Киіз үйдің есігінің екі жақтау ағашын таяныш дейді.
Табалдырық - екі таяныштың аяғын көлденең бекітіп тұратын ағаш.
Сықырлауық - киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі.
Үй ағаштары әрі иілгіш, әрі жұмсақ болуы үшін және сол иген қалпында тез қатыру үшін оларды морға салып балқытқан соң, оны ыстық күйінде тезге салып, түзетеді немесе қажетті бейнеге келтіріп иеді, иілген ағаштарды ырғаққа салып қатырады.
Ер қосу. Аттың таулы жерлерде мінуге, аңшылық пен мал шаруашылығы үшін де өте қолайлы көлік екені белгілі. Сондықтан атты міну үшін оның арқасына батпайтын, жүрісіне бөгет болмайтын, мінген адамға жайлы ер-тоқым керек. Дұрыс жасалмаған ер атты жауыр етіп, мінген адамды шаршатады. Ерге өте жақсы ағашты қолданады. Мұндай ағаш қайыңның, үйеңкінің, қара мойылдың түбірінен немесе сол ағаштардың жуан ортасынан алынып, мұқият кептіріледі, бір рет жонылған соң тағы кептіріледі. Содан кейін оны қосуға кіріседі. Ер қосу деп ердің бөлшектерін жонып, қиюлыстырып қосуды айтады. Ердің қазақ ері, қоқан ері, құранды ер, ашамай ер, қазық бас ер, орыс ері деп ата түрлері бар. Ерлердің ішінде жасалу жағынан өте күрделі, берік және жайлы да әдемісі - құранды ер ағаш шеберлерінің жасап шығаратын заттары әр түрлі. Ондай заттарды жасаудың әдістері де сан алуан. Ондағы ағаш түрлерін оюластырып апликациялау, суретке қарап отырып күйдіріп оюлау, әр түрлі мозайкалар жүргізу, бояу түстерін үйлестіре пайдалану.т.т. [ 3; 119 б.]

6 сурет. Ағаштан жасалған сәндік ыдыс-аяқтар

7 сурет. Ағаштан жасалған сәнді бұйымдар
Зергерлік өнер

Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда-ақ қолға алынғандығын айғақтайды. Қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдардағы қолтаңбалар ежелгі өнердің көркемдік деңгейінің биік болғанын байқатады.
Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Үй кәсібіне негізделген ұлттық қолөнердің басқа түрлеріне қарағанда, зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер-зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр-сырын ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп отырған. Олар алдын ала арнайы дайындықтан өтетеін, белгілі бір құрал-саймандарды ғана қолданатын. Зергерлердің соғатын заттарының түрлері өте көп болған. Оған әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке тағатын түрлі сәндік бұйымдары, ас-су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою-өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс-аяқ, тері торсақ, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, ат-тұрман әбзелдері және т.б.жатады. Бұларды әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе, күмісті молырақ қолданған. Зергерлер металдың өңін ашу шеберлігін жете білген. Соғу арқылы белгілі бір қалыпта түсірілгенде күмістің бетін қайтадан бипазбен типылдау арқылы жылтыратып, майда нақыштармен шекімелеу тәсілімен өрнектеп барып тартымды, құлпырмалы тұсқа келтіретін болған. Зергерлер күміс бұйымдарды асыл тастардан (сапфир, зүбіржат, гауһар, ақық) және агат, інжу, маржан, жақұттан көз қондыру арқылы да әсемдей түскен. Түрлі түсті шыныларды және тағы басқа әсем рең беретін заттарды да кәдеге асырған. [ 7; 5б.]
Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар - сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш ертеден-ақ кең тараған заттар. Сондай-ақ, ерлерге арналған - кемер белбеу, кісе, ер-тұрмандарының күмістелген, алтынданған әшекейлердің неше түрлісі өте әдемі жасалады. Ал жағлан, кебеже, сандық, асадал, төсағаш, адалбақан, тіспек, тегене, ожау сияқты үй жиһаздары мен ыдыс-аяқ бетіне орнатылатын күмістелген әшекейлер мен түрлі шыныдан не болмаса асыл тастардан орнатылған көздері бар заттарды кез келген үйден кездестіруге болатын еді. Қару-жарақ беттерін күмістеу сияқты істермен де айналысты. [ 6; 60-61б.]
Асыл тастардың айрықша қасиеттілігі туралы ұғым Шығыс халықтарының бәріне кең тараған. Асыл тастардың емдік және киелілік қасиеттерін сөз ететін ежелгі және орта ғасырдағы минерологиялық трактаттар біздің заманымызға дейін келіп жеткен. Қазақ халқы ежелден күмістің адамға игі әсер ететін айрықша қасиеті бар деп білген. Күміс жүзік тағумен ғана шектелмей, нәрестені шомылдырғанда суға күміс теңге тастап: Баланың күні күмістей жарық болсын - жоралғы жасаған. Көз-сұқтан сақтану үшін арнай ы жасалатын тұмарлардан басқа әшекейлердің киелік қасиеті онша емес, алайда олардың да тартымды әрі сәнді жасалуына баса көңіл бөлінген. Әшекейлер арқылы тұтынған кісіге жақсы ырым мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киімнің негізгі міндеттері
Зергерлік өнер - кәсіптік өнер
Жас маманға ұлттық тәрбие берудің негізгі бағыт-бағдары
Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қолөнер - сырлы өнер
Қазақ халқының қолөнер түрлері
Қайың қабығы, қабығы
Пәндер