Қазақ еліне ислам дінінің келуі
ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ИСЛАМ ДІНІНІҢ КЕЛУІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
I ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.1 Ислам құндылықтары және қазақ жеріне таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2 Исламның Қазақстанға келуінің саяси аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22
1.3 XIX - XX ғасырдағы қазақ қоғамындағы ислам.
26
II ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІ ... ... ... ... ... ... ... ...
34
2.1 Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы ислам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
34
2.2 Қазақстан мемлекетіндегі дін мен саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
42
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
59
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және діни қатынастарды реттеу басымдығына ие - ислам дінінің еліміздегі орнығу тарихы өзгеше әрі бірегей. Себебі әлемнің 1 миллиард 500 миллионнан астам әр түрлі ұлттан тұратын неше мың тілдік, нәсілдік ортасы бар халық ұстанып отырған Ислам дінінің тарих сахнасында болуы он төрт ғасыр уақытты қамтиды. Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтарын зерттеу мәселесінде міндетті түрде Исламның Қазақстан жеріндегі таралу мен қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталу қажет.
Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді, [1]. -- деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы ғазауат соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. Аруақ аттаған оңбас деп аруақты ұмытпады... [2]
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.
Зерттеудің тақырыбы. Қазақ еліне ислам дінінің келуі.
Зерттеу нысаны. Қазақстандағы ислам діні.
Зерттеудің пәні. Ислам дінінің қазақ жеріне келуі мен таралуы.
Зерттеудің мақсаты. Исламның Қазақстан жеріндегі таралу мен қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталу болып табылады.
Зерттеудің міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсатына орай келесі міндеттер айқындалады:
Ислам дінінің құндылығын көрсету;
Қазақ жеріне діннің келу ерекшеліктерін сипаттау;
Исламның Қазақстанға келуінің саяси аспектілерін қарастыру;
Қазіргі мемлекетіміздегі дін мен саясат ара қатынасын зерттеу.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қоса алады деген сенімдемін. Диплом тақырыбы тарих, философия ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы әдістер пайдалану негізінде жазылды. Зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында объективті әлем дамуының жалпы заңдылықтарына негізделген теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, сілтеме және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 61 бет.
1. ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ.
Ислам құндылықтары және қазақ жеріне таралуы
Қазіргі таңда Ислам діні өз қарқындығымен өсіп келе жатыр. Ислам дінін дүние жүзінде 1 млд. астам адам ұстанады. Ислам діні адамға мейірімділік, тәрбиелік, моралдық құндылықтарға аса бай дін болып саналады. Әсіресе, Аллаға деген сүйіспеншілікті және шын ниетімен құлшылықты, ата-анаға деген құрметті, туған-туысқандарымен сыйластықты, және де барша мұсылманды өзінің бауырым деп бір-біріне ыстық құрметте болуын үйретеді.
Сөздің түбіріне келсек, ислам діні пайда болмастан бұрын, Араб елінде надандық (джахилия) кезеңі еді. Сол уақыттарда пұттарға, әр түрлі мүсіндерге табынып, оның үстіне әйелдер зиналықпен айналысып білгендерін істеп жүрді. Бір әулетте қыз бала туылса, қыздарын жерге тірілей көметін еді. Сол кез неткен аянышты және адамдық қасиеттінен жұрдай екені ақылға сыйымсыз іс-әрекет болғаны белгілі. Алайда сол қоғамның ислам діні келіп, өркениеті өсіп, сана сезімі түбегейлі өзгерді. Тек жақсылыққа ұмтылып, адамгершілігі молайып, биік жетістіктерге жетті. Бірде Омар (р.а.) баяғы надандық дәуірді есіне алса, кейде күліп, кейде жылайтын. Жылайтын себебім дейді екен сұрағандарға, ол кезде араб халқы қыз баладан обадан бетер үркетін. Тіпті қыздары төрт бес жасқа келгенде, тірілей жерге көміп тастайтын. Осыны ойласам қамығып жылағым келеді. Ал күлкім келетін себебі халық қамырдан пұт жасап, соған табынатын. Бірақ қарындары ашса сол табынғандарын өздері жеп қоюушы еді депті. Міне осыдан кейін нағыз шынайы дін екеніне, түбінің тамыры өнегелікке, тәрбиелікке, сонымен қатар тәртіпке, толы екендігі белгілі болып тұр. Ислам дінінде ата-ананы жоғары қойып, ата-анаңа құрметпен қарап, сыйластықпен өтуді ашық айтып кеткен. Тіпті пайғамбарымыз жаннат - анаңның табанының астында деп аналарды жоғары бағалап кеткен болатын.
Оған пайғамбардан жеткен көптеген хадистер айғақ. Осыншама ананың абыройын асқақтатқан, оның беделін көтерген діни мәтіндер бола тұра қоғамда ананың алдындағы міндеттеріне салғырт қарайтын жандар жетерлік. Бұл ислам дінінің құлықтық құндылығына бей жай қарағандықтан осындай жағдайлар туындап отыр. Сонымен қатар оның салдары қоғамдағы тастанды жетім балалар, қараусыз қалған қарттар, жазықсыз жапа шеккен жандардың көбеюуіне алып келуде. Негізгі сөздің түйіні, адам деген сөз, адамгершілігімен түбірлес келеді. Бұл өмірде адамзат баласы адамгершілік жолмен жүрмесе, адамдығынан айырылғанмен тең. Адамгершілік - ол мейірімділік әдептілік тәрбиелікпен тәртіптіліктен туындайды. Бұл өмірде адамзаттың жүрегінде мейірімділік болу қажет. Ал мейірімсіздік қатігездіктің жолына душар етеді.
Ислам этикасы дінге негізделгендіктен оның діни-этикалық құндылықтары да діннің негіздерінен алынған. Ислам дінінің қатаң монотеизмнен кейінгі басты мәселесі - адамның қоршаған ортамен болған қатынасы. Бұл қатынас адам мен Алла, адам мен адам және адамның табиғат пен болған қатынасы. Адамның осы қоршаған ортамен байланысты қатынасын реттеу үшін қойылған талап міндеттер, қағида ережелер ислам этикасын туғызды. Демек ислам этикасы тек қана қоғам немесе екі кісі арасындағы қатынас емес, ол адамның барлық ахуалында болатын, сонымен бірге өмір сүретін өмір бейнесі болып табылады.
Ислам көзқарасы бойынша дүние ақыреттік егіс жері. Адам осы өмірде ақыреттік амалын орындап, сол амалға байланысты о дүниеде мәңгі бақыттылыққа немесе азапқа бөленеді. Сондай осы дүние адамның шексіз қабілеттерінің дамуына, кемелденіп өсуіне, Алланы танып оған құлшылық ету үшін жаратылған уақытша орын. Бұл дүние сырат көпірінен өту үшін емтихан орны. Адам осы дүниеде Алла тарапынан сынаққа алынып, өзін о дүниеде қай жерге лайық екенін дәлелдейді.
Ислам этикасы дүниелік істі ақыретпен байланыстырып екеуінің теңдігін ұстауды ұсынады. Яғни шынайы өмірден бас тартып адамды о дүниемен ғана байланыстырмайды. Адамның осы өмірдегі орнын белгілей отыра екі дүниенің де теңдігін қадағалауды талап етеді. Бұны рух пенен тән теңдігі деп айтуға да болады. Осы өмір ақырет өмірінің бір жемісі ретінде қарау қажеттігін белгілей отыра, осы өмірдің маңыздылығын, қажеттілігін, айтып өткен.
Дүниеде тіршілік ету, өмір сүру үшін қажетті шарттардың барлығы орындалған. Өмір сүру миллиондаған процесстерді қажет ететін жағдай. Солардан біреуі орындалмай қалғанда тіршілік өлімге жол береді, ағза ыдырауға, жойылуға ұшырайды. Адам ағзасының бір қалыпта тұруы үшін оның белгілі бір мөлшерде азықтармен қамтамасыз етілу қажеттілігі мәлім. Бұл жерде көңіл аударуды қажет ететін жәйт, адамның өзінің тіршілігі үшін қажет болған зат алмасу процесінен бейхабар болуы. Адам өзі үшін қажетті болған энергияға еріксіз және санасыз қол жеткізуде. Бұл адам табиғатында дағдылы механизм түрінде орналасқан. Олар - аштықты білдіретін ішкі талаптар, дәм сезу, ләззат т.б. ішкі сезімдер. Алла тіршілік ету үшін бұларды тірі организмдерде орналастырғаны секілді, қоршаған ортада да сол дәмдерді жаратқан. Демек, олар объективті. Сол дәмдердің болмысы және соларды сезетін сезімдердің жаратылуы нәтижесінде адам өмір сүруге ұмтылым, санасыз, еріксіз түрде тіршілігін қамтамасыз етіп жатыр. Өйткені адамның секунд сайын дем алып, дем беруі, дене үшін қажетті температураның төмендеуіне байланысты жаурауы, көтерілуіне байланысты ыстықтауы, қарынның ашығуы мен тойған кездегі тәбеттің тоқтауы санасыз және еріксіз түрде орындалуда. Осы бір дағдылы механизмнің арқасында зат алмасу балансы сақталып тұр. Егер бұл процесстер біздің ерік-қалауымызға, санамызға берілгенде, адам бұлардың бәрін есептеп, орындауда әлсіз болар еді. Тіршілік үшін қажет болған зат алмасу балансы бұзылып, өлімге жол берер еді. Азық-тағамдар ішкі сезімдерге, дағдыға емес, ауырған кезде докторлардың рецептісіне негізделген дәрілермен қамтамасыз етілу сияқты ерік-қалауға негізделер еді. Бұларды орындаудан адамдар ләззат алмай керісінше ащы алатын еді. Бұндай жағдай адамды өмір сүруден ләззат алдырмай, одан безуіне себеп болады.
Сайып келгенде сезімдер мен дәмдер тіршілік үшін жаратылған. Демек адам өмір сүру үшін азықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл зат алмасу балансының сақталып қалуы үшін азықтарға дәм, ал адамға оны сезу қабілеті берілген. Азықтармен қамтамасыз етілудің түп мақсаты өмір сүру болса, өмірдің мақсаты не деген сұрақ туады. Ислам дінінде дүниелік өмірдің өткінші, уақытша екенін, ал негізгі өмірдің о дүниеде болатынын жоғарыда атап өттік. Олай болса дүниедегі ләззаттар қайдан келді, не үшін адамдарға берілуде деген ой туады. Негізінде бұлар жаннаттық ләззәттардың үлгілері ғана. Олардың міндеті таным мен жарнама. Дүниені танып білу арқылы адам Алланы да таниды. Демек адам ислам діні бойынша Алланы танып білу үшін жаратылған. Оны танып білу оған құлшылық етуді қажет етеді. Шексіз әлем алдында адамның әлсіздігі, Алланың құдіретіне, шексіз мұқтаждығы оның шексіз байлығына, надандығы оның шексіз біліміне сыйындырады, шексіз әлем ішінде адам өзінің түкке тұрғысыз нәрсе екенін түсініп, оның болмысымен ғана бар болатынын түсінеді де оған құлшылық етеді. Құлшылық етуге лайық сен ғанасың деп, оған бас иеді. Демек өмірдің мәні, оның түп мақсаты Алланы тану болса, одан күтілетін нәтиже - оған құлшылық ету.
Ислам діні тұрғысынан бақыттылық осы өмірдің жаратылыс мақсатымен байланыстырылып қарастырылады. Өмір сүру қаншалықты әрбір жеке тұлғаға тікелей қатысты болғанмен, адам өз өмірінің тағайындаушысы, жаратушысы, оның жалғасы үшін қадағалаушысы емес. Бұл адамға берілмеген. Адам өз өмірінің иесі болмағанына оның тууы, өсуі және өлуі дәлел. Өйткені адам бұлардың ешбіреуін өз бақылауына ала алмайды. Демек өмірді кім жаратқан болса, оның мақсатында сол тағайындайды. Ешкім өмірдің мақсатын өзінің көздеген мүддесіне қарай бағыттай алмайды. Өйткені ол оның жаратушысы емес. Барлық нәрселер өзінің жаратылыс мақсатына сай іс-әрекетте болса, соған үйлесімді болса ғана өзінің кемелдігін табады. Ол оның табиғатының қажеттілігі болып табылады. Бүркітті зәулім сарайда ұстап, алтын таққа отырғызса, ол оны бақытты етпейді. Ол бақытты көк аспанда емін-еркін ұшып жүруде табады. Өйткені оның табиғаты еркін ұшып жүруге сай жаратылған. Бұлбұл бау-бақшада, бөрі орманда ғана өз бақытына ілесе алады. Демек барлық нәрсе өз табиғатына сай, жаратылыс мақсатына сай өмір сүрсе ғана бақытқа қол жеткізеді. Адам болмысының екі табиғатын (рух және тән) ескерер болсақ, бұлардың да табиғи қажеттіліктерін өтеу қажет. Тәнге қатысты қажеттіліктер адамның биологиялық жаратылысына сай келмесе, дене сырқаттанады, адамның мазасын алады. Сол секілді адамның қоршаған ортамен болған қарым-қатынасы, сана-сезімі, ерік-алауы т.б. рухани жағдайлар рухтың табиғатына сай болуы қажет. Егер де бұлар рух табиғатына сай болмаса, онда адамның бақытқа қол жеткізуі де тым мүшкіл болады.
Ислам діні тұрғысынан адам өмірінің мақсаты - Алланы тану және оған құлшылық ету. Демек адам өмірінің бақыты да Оның жарлығына сай өмір сүру арқылы жүзеге асады.
Ислам діні ең алдымен адам мәселесін көтерді. Адамның осы дүниедегі алатын орны, оның жоғарғы сатыда жаратылғандығы, жер бетінде оның халифа болып аталуы, бұлардың бәрі де адам мәртебесін көтеріп әлеуметтік және жаратылыстағы мәнін ашуда. Дегенмен бұл мәртебені сақтап қалу тағы да адамның өз қолында екенін Құран бізге айтуда. Ислам дінінің қалыптасу кезеңіндегі ең басты мәселе, гумандықтың аяқ астында тапталуы еді. Ислам этикасы дінге негізделе отыра бұл мәселенің басын шешті. Ең алдымен әйелдердің беделін көтеріп оларды, ер кісімен тең ұстады. Сондай-ақ, бай мен кедей, араб пен ажам (араб емес), түріне, түсіне, мансабына қарамай Алла алдында тең екенін, арасындағы айырмашылықтың кісінің тақуалығы арқылы ғана екенін уағыздады.
Адамның ерік-қалауы мен ождан бостандығының ислам этикасында маңызы зор. Сондықтан да адам өз еркімен орындаған нәрсесі үшін ғана есепке тартылады, сондай-ақ, басқасы үшін ешкім жауап бермейді. Бұл тұрғыдан алғанда ислам этикасы христиан этикасынан ерекше. Адам дүниеге күнаһар болып тумайды. Ол дүниеге таза болып келеді де сана сезімі қалыптасқаннан кейін өз амалынан ғана жауапты тұтылады. Адам бұл дүниеде халифа болып жаратылды. Алла адамды өзіне құлшылық етуі үшін жаратты. Адамның да бұл дүниедегі басты міндеті осы әлемнің жаратушысын танып, оған құлшылық ету болып табылады. Адам бұған қабілетті де болып жаратылған. Басқа жаратылыстардан ерекшелігі оның атауларды білуі, ғылым-білім иесі болуы. Сол білімі арқылы адам өзінің қабілетін шексіз дамытып, дүниені танып сол арқылы Алланы да кеңінен таниды және оған құлшылық етеді. Бірақ адам осы бір жаратылу мақсатынан ауытқып, дүниелік істерменен шұғылданып оның артындағы жаратушыны ұмытып кетеді. Ислам этикасының да негізгі міндеті осы жерде қажет, яғни адамның жаратушысына деген қатынасын дұрыстау болып табылады.
Ислам этикасының христиан этикасынан ерекшеленетін жағы - күналардың кешірілуі мәселесі. Исламда біреудің күнәсын кешіру жоқ. Әркім өз күнәсын өзі жуу қажет, Құранда жамандықтан кейін жақсылық жасаңдар деген. Күнәның кешірілуі - істеген қателікті дұрыстап, тәубеге келіп, тікелей Алладан кешірім сұрау арқылы мүмкін. Сондықтан да адамға әрқашан өз күнәлары алдында үміт пен қорқу арасында болуы қажет. Алланын мейірімділігінен қол үзбеу және оның қаһарынан қорқу адамды тәубеге келтіріп, күнәлардан бас тартқызатын маңызды сезімдер болып табылады.
Ислам этикасы нақты шариғат нормаларына негізделген. Дегенмен исламда адамға күшінен асатын, орындауға шамасы келмейтін міндеттер жүктелмейді. Тіпті нақты тыйым немесе парыз болған жерде адамның оны орындауға шамасы келмесе онда ол талап одан босатылады. Мысалы доңыз еті харам, бірақ басқа жеуге ешнәрсе болмаса ол мубах (рұқсат) болады. Сондай-ақ, ораза ұстау шамасы келгендерге ғана парыз саналады.
Адам осы өмірге жоқтан бар етіліп жаратылған. Бірақ ол өз-өзінің иесі емес. Оның иесі жаратқан Алла. Сондықтанда адамға берілген рух және тән аманат болып саналады. Адам өзінің материалдық және рухани болмысын әрдайым қорғап оған қиянат жасамауға тиіс. Өз-өзін азаптау, өз жанына қол жұмсау исламда ауыр күнә болып табылады. Ол қандай жағдайда жаратылса да (дені сау немесе мүгедек, сырқат, бай, кедей) өз жаратылысына шүкір етіп Аллаға разы болуы қажет.
Адамның адамға деген көзқарасы. Ислам этикасы қоғамдық тәртіпті сақтайтын барлық ережелерді өз мазмұнына дәстүр етіп алған. Адамның адамға деген көзқарасы қаншалықты дұрыс болса олардың өзара қатынасы да соншалықты дұрыс болады. Ислам діні ең алдымен адамның Алла алдындағы теңдігін уағыздайды. Екіншіден, әрбір тұлғаның қаны, жаны, мал-мүлкі, ар-намысы басқасына харам болып табылады. Оған қол жұмсау зұлымдықпен тең етілген.
2.Исламның жақсымен жаманға берген бағасы. Ислам дiнiнде жақсылық пен жамандық жайлы ұғымдарды анықтайтын көптеген аяттар мен хадистер бар. Бұл аяттар мен хадистердiң қоғамдық өмiрдегi тәрбиелiк мәнi ерекше. Адам жақсылықты сыртта емес, өзінде іздеуі қажет. Жақсылыққа қол жеткізу үшін жақсы болу қажет. Бұл мәселе мынадай аятта ескертілген. Елді ізгілікке бұйырып өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, ойламайсыңдар ма?.
Сахабалардан Нәууас ибн Сәмған пайғамбардан жақсылық пен күнәнi сұрағанда: Жақсылық көркем әдеп, жамандық жүрегiңнiң ұнатпаған және адамдардың естулерiн қаламаған нәрсең деп жауап берген.
Бұл хадистің анықтауы бойынша жақсылық пен көркем әдеп тең мағынада, яғни әдептi iстердiң бәрi де жақсылық, ал кiмде-кiм қандайда бiр жамандық жасайтын болса, оны өзi де iштей сезiнiп, басқа бiреулерден iстеген жамандықтарын жасырғысы келедi.
Пайғамбар басқа хадисiнде де Сендердiң ең қайырлыларың көркем әдептi болғандарың деп, адамдарды көркем әдептiлiкке шақырған.
Құран кәрімде, ізгі істердің достастырушы, жарастырушы қасиеттері де белгіленген. Бұл жайында мынадай аят бар: Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (жамандыққа қарсы жақсылық қыл) сол уақытта сенiмен екеуiң араңда дұшпан болған бiреу, өте жақын достай болып кетедi. Бұл қасиет, сабыр еткендерге ғана нәсiп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несiбелілер ғана ие бола алады.
Жақсылықты, көркемділікті эстетикада да байқауға болады: пайғамбардың бiр жасқа толмаған ұлы қайтыс болған еді. Оны жерлегенде қабiрдiң шетi кiшкене құлап түскен-ді. Пайғамбар қабiрге түсiп қолымен дұрыстағанда Сахабалар одан: Мұның мейiтке қандай да бiр зияны бар ма? -деп сұраған. Сонда Мұхаммед (с.а.с): Бұдан мәйiтке зиян да жоқ, пайда да жоқ, бiрақ сендер бiр iс қылғанда ең жақсы түрде орындаңдар деген.
Құран кәрiмде жақсы адамдар мынадай аяттармен белгiленген:
Олар Аллаға, ахирет күнiне сенедi де дұрысқа қосып бұрыстан тосады. Сондай-ақ қайырлы iстерде жарысады. Мiне солар iзгiлер.
Жүздеріңді шығысқа, батысқа қарату бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ахирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскендерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып мал сарып қылса, әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі олар тақуалар.
Аталмыш аяттың мазмұнына қарай ислам дінінің жақсылыққа беретін түсініктемесін анықтауға болады. Біріншіден, ислам көзқарасы бойынша жақсылық таза діни дүниетанымдық сипатта болып, ислам негіздеріне болған имандылықпен көрінеді. Екіншіден, Құран кәрім жақсылықты әлеуметтік тұрғыдан бағалайды. Олар; өзара көмектесу, қарайласу, шапағаттылық болғаны сияқты, ауру, сырқат, соғыс т.б. әлеуметтік немесе жеке бастың қауіп-қасіреттеріне деген төзімділік пен шыдамдық.
Әбу Саид әл-Худри Пайғамбардан мынадай хадисті жеткізді: Мұхаммед пайғамбар жолда отыруды тыйымдады. Сонда сахабалар:
- Әй Алланың елшісі онсыз болмайды ғой! -дейді. Сонда пайғамбар:
- Ондай жағдайда, жолдың ақысын өтеңдер - дейді. Сахабалар, жолдың ақысы не деген сауалға, пайғамбар:
- Көзді (харамнан) сақтау, (өткендерді) жалықтырмау, (жолаушыға) зиян бермеу, сәлемдесу, жақсылықты өсиеттеу, жамандықтан тыю, - дейді [7].
Бұл хадистен көп нәрсе алуға болады, оның мәдени-әлеуметтік мәні де ерекше. Адам баласына тек қана жақсы болу, ізгі істер орындау парыз емес. Бұны қоғамдық салада іс жүзіне асыра білу өте маңызды. Өйткені қоғам өрісінде жамандық болып жатса, оның зияны оған қатысы жоқ адамдарға да тиеді. Сондықтан да әрбір адам ахлақтың субъектісі ретінде оны орындау мен ғана шектелмей, оны дамытып, қоғам ішінде өсиеттей білуі қажет. Сондай-ақ жаман істер алдында адамның бейтарап болмауы қажет.
Араб тілінде жақсы және жаман ұғымдарын құратын көптеген діни категориялар бар. Олардың бәрі бір мағынада емес, сондай-ақ олар иерархиялық сипатта. Мысалы, жамандықты бейнелейтін күнә ұғымы парсы тілінен алынған сөз және Құдайдың әмiрлерiне қайшы келген iс-әрекет, дiни бiр айып, мағынасын бередi. Күнә сөзiнiң арабшадағы баламалары өте көп: зенб, исм, масиет, хата, сеийе, фаһише, кабиһа, зелле, фысқ, фужур, жүрм, сағира және кабира. Бұлардың iшiндегi ең үлкені болып есептелетiні әл-кабира деп аталады. Үлкен күнәлардың және олардың санын белгiлеу ислам ғалымдары үшін өте маңызды ізденіс болды. Бұл мәселе үлкен күнәнi жасағанның иманы қала ма, қалмай ма және қандай қылмыстар үлкен күнә болып саналады деген пiкiрталастарға әкелді. Үлкен күнәлар тоғыз, он, он екi екендiгi хадистерге негiзделiп белгiленгенмен, кейбiреулері мұның жетпiс, тiптi 476-ға дейiн көтерген. Олар: 1) Аллаға серiк қосу; 2) себепсiз адам өлтiру; 3) намысты әйелге жала жабу; 4) зина ету; 5) жау шапқыншылығында соғыстан қашу; 6) сиқыршылық; 7) жетiмнiң ақысын жеу; 8) әке-шешеге бас көтеру; 9) пара алу; 10) ұрлық; 11) есірткі, алкагольді iшiмдiк ішу.
Ислам дiнiнде барлық жақсылықты бейнелейтін ұғымдар иман сөзiнiң аясына жинақталған. Ал жаман ұғымдары күпiр сөзiнiң аясына саяды. Дүниеде қандай да бiр жақсылық жасалған болса, ол имандылықтың белгiсi. Сондай-ақ қандай да бiр жамандық жасалған болса, ол да күпiрлiктiң белгiсi ретiнде қабылдануға тиіс.
Ислам құқығында имандылық немесе күпiрлiк түрінде белгiленген жақсы және жаман ұғымдары дәрежелерiне қарай бiр-бiрiне қарама-қарсы қойылады.
Имандылыққа жататын ең кiшi жақсылық мүстехаб (ұнамды iс-әрекет) сөзiне қайшы, күпiрлiкте ең жеңiл жамандық мәкрух (орындалуы ұнамсыз) сөзiмен белгiленген. Бұл ұғымдардың ең нақты және қатаң бұйрықтары мен тыйымдары да оппозициялық жүйе құрайды. Имандылықта парыз ең үлкен жақсылық болғаны сияқты күпiрлiкте оған қайшы ұғым ретінде харам (үлкен күнә, яғни ең үлкен жамандық) сөзі қолданылады. Бұл қарама-қарсы ұғымдардың ең соңғы шегi тәухид пен ширк. Ислам дiнiнде жалғыз ғана Құдайға сенуден үлкен жақсылық болмағаны сияқты, бiр Аллаға серiк қосудан асқан үлкен күнә яғни, жамандық жоқ.
Бұл түсiнiктен иманды адамдар әрқашан жақсылық жасайды да, Құдайға сенбейтiндер әрқашан жамандық жасайды деген мағына шықпау керек. Бұл ұғымдар тек қана иман және күпiр ірі ұғымдарын құрайтын топтастырылған жүйесін көрсетеді. Ал негізінде, практикалық өмiрде ең кiшi жамандық, яғни мәкрух ретiнде қоршаған ортаны ластаған адамды кәпiр деп айыптау мүлдем дұрыс емес. Мұндайда оның iстеген әрекетi ғана имандылыққа қарағанда күпiрлiкке жақын iс деп бағаланады. Әрине, қоршаған ортаны ластағандықтан, бұл әрекет кiшi де болса жамандықтың бір түрі ретiнде күпiрлiктiң ең төменгi сатысына жатқызылады.
Сондай-ақ Мұхаммед пайғамбардың жолдағы жатқан тасты шетке алып тастау да садақа деп айтуы имандылықтың белгiсi ретiнде кiшi де болса жақсылық. Бұл да имандылықпен байланысты iс-әрекет ретiнде бағаланады.
Түркілер ислам дінінің пайда болуынан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын әлемдік тарихи процестің белсенді субъектісіне айналды. Ашина державасы көршілес жатқан мемлекеттерді өзімен қуатты мемлекет ретінде санасуға мәжбүр етті. Осы уақыттардан бастап түркілер Еуразия даласындағы барлық тарихи оқиғалардың бел ортасында жүріп, өркениеттік дамудың бағыт-бағдарын айқындауға пәрменді ықпал етті [3, 223 б.]. Түркі тайпаларын исламдандыру бірнеше ғасырларға созылды. Бұл ретте Талас маңында арабтардың 751 жылы қарақытайлармен болған шешуші шайқасы үлкен рөл атқарды. Талас шайқасы туралы атақты француз тарихшысы, шығыстанушы Рене Грэссэ: Қытайша Кьюпише аталған Ташкенттің түркі билеушісі немесе түдүні қытайларға талай рет бас иді (743, 747, 749 жылдары аралығында). Бірақ сол уақыттағы Кучидің губернаторы немесе империялық комиссары Као Сьенчэ оны Қытайға барар жолдарды қорғаудағы өз миссияңды дұрыс орындамадың деп жазғырады. Као Сьенчэ Ташкентке барып, түдүннің басын алып, байлығын иеленді. Бұл осы батыс бөлігіндегі көтерілістерге түрткі болады. Басы алынған түдүннің ұлы Тарбағатайды және Балқаш көлінің шығыс жағалауынан Ертіске дейінгі Ұрынғыны мекендейтін түркі-қарлұқтардан, сондай-ақ Соғдыдағы араб гарнизонынан қолдау сұрайды. Араб генералы Зиад ибн Салих оңтүстіктен, қарлұқтар солтүстіктен келеді. 751 жылдың шілдесінде Као Сьенчэ Талас өзенінің бойында талқандалады. Бартольдтың айтқанындай, бұл тарихи жеңіс Орталық Азияның тағдырын шешті. Барлық оқиғалардың осыған әкеле жатқанындай болып көрінгенімен, Қытай ықпалында қалудың орнына Орталық Азия мұсылмандыққа бет бұрды [4, 148 б.].
909 ж. Еділ бойы Бұлғарларына да ислам тарала бастады. Осы елдің билеушісі Ильтебер Алмыш исламды мемлекеттік дін деп жариялады да, 920 ж. аббасид халифіне діндар адамдар мен сәулетшілерді жіберу туралы өтінді. Муктадир Халифі өтінішті қанағаттандырып, 920-922 жж. аралығында керуен жібереді. Ол керуен 922 ж. мамыр айында Еділ бойы Бұлғарларына келіп жетеді. Осы оқиғалардан соң, Еділ бойы Бұлғарлары Шығыс Европадағы түркі-ислам мәдениетінің өзінше бекітілген пункті, апорпосты қызметін атқарады [5, 59 с.]. Бұл турасында Шығыс елдеріне саяхат жасаған Гильом де Рубрук ХІІ ғ. ортасында Еділ бойынан өтіп бара жатып, бұлғарлар туралы: Бұл жерлерге Мұхаммедтің заңдарын қай хайуан жеткізгендігіне таң қалдым? - деуінен үлкен мән табуға болады [3, 245 с.]
Түркілердің исламды қабылдауындағы бұқаралық сипат 1043 жылдың күзіне жатқызылады, осы кезде 10 000 шатыр иелері 20000 малды құрбан айт мерекесіне орай құрбандыққа шалып, исламды қабылдайды. Бұл түркілердің жазғы жайлаулары Еділ бойында жайылса, қыстаулары Баласағұнда болатын. Осылайша Каспий маңы жерлері мен Еділ бойын мекен еткен, қыпшақ және т.б. тайпалардан тұратын түркі тайпалары, өзіндік мұсылмандық түркі мәдениетінің орталықтарына айналады [5, 59 с.].
Исламдандырудың басты кезеңі ретінде елімізді Қарахан әулеті (Х-ХІ ғғ.) мен моғолдар (ХІV-ХV ғғ.) кезеңі аталып өтіледі. Себебі Ислам діні осы уақыттар аралығында мемлекеттік дін болып жарияланған.
Атап айтар болсақ, Караханидтік билеушілерінен бірінші болып мұсылмандықты қабылдаған СатукБогра хан болды. Ол өзіне 955-956 жж. мұсылмандық есім Абу ал-Керімді иемденді. Оның ұлы Мұса 960 ж. исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. Назкен Бакина өз зерттеуінде: Қараханид түркілерінің исламдануы миссионерлердің белгілі бір күштеуімен емес, бірыңғай мемлекеттік діннің ықпалы негізіндегі экономикалық және саяси пайда күшімен ағымдалды [5, 60 с.], - деп атап өтеді. Қараханидтер өздерінің көршілес тайпаларына жерді қолдануға берген кезде бір ғана талап қойған. Исламды қабылдаған кезде ғана көршілер жерге уақытша иелік ете алған. Қараханидтердің саяси және әскери жеңістері Орталық Азия территориясына исламның таралып қана қоймай, оның осы жердегі халықтың бұқаралық идеологиясы ретінде ресми статусқа ие болуына жақсы жағдай жасады.
Исламның таралуы Алтын Орданың тәуелсіз мемлекет ретінде нығаюына және жаңа қалалардың дамуына ықпал етті. Оның өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі Жошы ұлысына ислам мәдениетінің таралуына әсер еткен негізгі бес факторды атап өткен жөн.
Ең бірінші атап өтер мәселе: мұсылмандық қауымдастыққа кіруді хандардың субъективті шешімі болғанымен, араб саяхатшысы Ибн Баттута еңбектері бойынша исламның таралуына саудагерлердің рөлі зор болды. Ибн Баттута (1304-1377), 1342 ж. Қытайға делилік сұлтан Мұхаммед тапсырмасымен келген уақытында Цю-Тун (Цюаньчжоу) портында, Гуанчжоу, Ханчжоу және Ханбалық (Пекин) қалаларында ислам қауымы бар екендігін былай жазады: Қытайдың әр қаласында мұсылмандардың жеке тұратын қалашығы бар. Онда жамағатпен намаз оқитын, басқа да жоралғыларын жасайтын мешіттері бар. Олар үлкен құрметке, абыройға ие екен [7, 223 б.]. Ал оның жасы үлкен замандасы францискандық монах Парденоннан шыққан Одорико Ибн Баттутаға дейін екі онжылдық бұрын Ханчжоу қаласында 40 000 ислам саудагері тұрақты түрде болғандығын жазып қалдырған [9, 3-7 сс.].
Екінші анықталған тұжырым: Таяу Шығыс маңына ХІ ғ. түркілердің келуі мұсылмандық өркениетті трансформацияға ұшыратты [9, с.32] Трансформацияға ұшыраған үмбетті қыпшақ даласы қандай да бір қарсылықсыз қабылдайды. К.Э. Босворт түрік-селжүктардың ислам әлеміндегі рөлін суреттегенде шамандық тарихы бар түркі мұрасы сопылық ордендеріне жол тапты. Олар өз кезегінде ханафиттік мазхабтың суниттік бағытын қуатты түрде ұстанды [9, с. 32.].
Үшіншіден, Дешті Қыпшақ жеріне ислам мәдениетінің таралуына Қожа Ахмет Яссауидің рөлі өте зор болды. Исламның түркілер арасында таралуына ықпал еткен тағы бір фактор сұлтан Бейбарыс билік құрған Мысыр елімен жан-жақты байланыс орнату болды. 1261 жылдан бастап екі жақ елшілік делегацияларымен алмасты. Бейбарыс елшілері Қырымдағы Солодажуге, ал Берке өкілдері Александрия қаласына келеді. 1263 жылы Берке мен Бейбарыс арасында парсы хандығына қарсы бағытталған келісім жасалды. Ислам өркениеті үшін бұл маңызы зор оқиға болды. Берке мұсылман әлемін қан қақсатқан Хулагуды талқандап, ислам елдерін шапқыншылықтан сақтап қалды. Ал қыпшақ даласынан сенімді одақтас тапқан Бейбарыс крест жорығын тоқтатты. Бұл жерде саяси ұстанымдармен қатар екі ел билеушілерінің арасындағы жеке тұлғалық қарым-қатынас Жошы ұлысына да Исламның таралуына өзіндік үлесін қосты. Бартольд өз зертеулерінде: Сұлтан Бейбарыс (1260-1277 жж.) Берке ханның күйеу баласы болады, Беркенің мысырлық немересі сұлтан Бейбарыстың мұрагері Са`ид-хан Мұхаммед өзінің атасының құрметіне моңғолдық Берке ханның Насир ад-Дині деген ат алады. Сонымен қатар 1280 ж. Каирде қайтыс болған Беркенің ұлы Бедр ад-Дин Мұхаммед, Құран аяттарын түсіндіріп, араб тілінде өлеңдер мен діни шығармалар жазған [10, с.142].
Төртіншіден, Дешті Қыпшақ даласындағы өзгеріске түскен исламның мәдени дәстүрі Алтын Орданың мемлекеттік әріптестері арасында мұсылмандық мәдениетті бір деңгейде эволюцияландырады.
Бесіншіден, Дешті Қыпшақ даласында исламның таралуында басқарушы династияның рөлі үлкен болса, исламдық мәдениет нормаларының сіңісуіне қалалардың рөлі маңыз берді [3, 3-7 сс.].
Бұл турасында Әбсаттар қажы Дербісәлі: Ислам ортағасырларда қазақ даласында бұрын болған қалалар мен қорғандар, камалдар мен кенттердің ірге тасын нығайтып қана қоймай, өзге де шаһарлардың ірге тебуіне ықпал етті. Исламды уағыздайтын мешіттер мен медреселер, ғылым-білім ошақтары бой көтерді [2, 8 б], - дей келе, Отырардың шығысындағы Сайрам, Манкент, Тараз, Түймекент, Құлан, Меркі, Баласағұн, Шу қалалары ғана емес, Сыр бойындағы Сүткент, Ясы (Түркістан), Қарнақ, Сауран, Иқан, Қауған, Өзкент т. б. қалалардың жанданғандығын атап өткен.
Тағы бір қаперде ұстанатын жайт, араб тілі бірнеше ғасырлар бойы Орта Азияда ғылым мен білімнің тілі болды. Отырарлық Әбу Нәсыр әл-Фараби, Ысқақ әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһарилер Таяу және Орта Шығыс елдерінде білім молықтырып, әлем мәдениетінің алтын қорынан орын алатын классикалық шығармалар қалдырды. Х-ХІІ ғасырларда тек араб тілі ғана емес, сондай-ақ бірте-бірте жергілікті халықтың түркі тілінде де шығармалар дүниеге келе бастады. Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи салған дәстүрді ХV - ХVІІ ғасырларда Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали би Қасымұлы Жалайырилер жалғастырды. Сөйтіп Ислам өркениеті орта ғасырлардан күні кешеге дейін Орта Азия халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне, рухани өміріне үлкен әсер етті. Елімізден шыққан араб, парсы, түркі тілді ғалымдардың бір тобы философия, тарих, мәдениет, астрономия, логика, музыка, әдебиет пен тіл, медицина саласындағы еңбектерімен аты шықса, енді бірі қасиетті Құран мен тафсир, шариғат, мазһабтар, фиқһке арналған шығармаларымен де ел құрметіне бөленген. Бұл ретте Бұрһан ад-Дин Ахмад әл-Фараби, Имад ад-Дин Әбу-л Қасым әл-Фараби, Қауам ад-Дин әл-Фараби, Молла Ахмет әл-Женди, Хусам ад-Дин әл-Хусейн ас-Сығнақи, Әбу Абд Алла әл-Баласағұни, Әбд әл-Ғафур әл-Кердери, Мұхаммед әл-Кердери, Хафиз ад-Дин әл-Кердерилерді атауға болады. Сайрамдық Ахмад әл-Исфиджаби атты ғұламалар да өзінің терең ойлы туындыларын дін Ислам ғылымына арнаған. Сайрамнан сондай-ақ әл-Қади әл-Байдауи, Әбу-л Хасан Әли әл-Байдауи секілді қазылар да шыққан. Соңғы екеуі - туған жері Сайрамда көз жұмған. Орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанға софылық ілім де тағады. Ол көбінесе көшпелі тіршілік кешкен жұртта Ислам дінінің мықтап орнығуына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдебиеті мен мәдениетіне әсер етті [12, 117-234 бб.].
Қазақстандағы діни жағдайды сараптау динамикасы ежелгі кезеңнен бастап кеңестік кезеңдегі уақытта қарама қайшылықты тенденциялар бар екендігін айшықтайды. Жалпы, Ислам өзінің өміршеңдігін және тұрақтылығын дәлелдеді. Себебі, ежелгі Түркі даласына дін ретінде енген ислам, кейін қазақ дүниетанымына мәдени негізде толыққанды енді. Халқымыздың барлық салт-дәстүрлерінің Исламнан бастау алатындығы ислам құндылықтарының халықтық санада берік бекігендегінен көруге болады. Сонымен қатар, Ислам діні Қазақстан жерінде әртүрлі кезеңде территориялық аймақтағы мемлекеттік бірлестіктерде түрлі маңызға ие саяси рөл атқарғандығы туралы тұжырымды дәйектер келтіруге болады. Оған Әмір Темір мен Тәуке ханның тұсындағы Мәуренахр мен Даладағы исламның орнын дәлелдейтін деректердің өзі жеткілікті. Әмір Темірдің (1370-1405) заңдар жинағында: Мен өз қамқорлығыма Құдайдың діні мен Мұхаммед (с.а.у.) заңдарын насихатталуын алдым. Мен Исламды барлық жерде және барлық уақыттар бірлігінде қолдадым. Дін мен заңдарға негізделмеген өкімет пен биліктің өміршең болмайтындығын тәжірибем көрсетті. Сондықтан, әр аймаққа исламның білгірін жібердім, олар өз кезегінде исламда көрсетілген сенім бойынша бұқара халықты ұятты нәрселерден тиятын болады. Адамдардың білімін көтеру үшін медресе мен мешіттер салдырдым. Мен әр қалада Қасиетті Құранды, Ислам дінінің негізіне атақты ғалымдардың зерттеулері арқылы үйрететін иманды діни өкілдер тұруына жағдай жасадым [13, с. 11], - деп атап көрсеткен.
Сонымен қатар, қараханидтер тұсындағы исламды қабылдау Орта және Алдыңғы Азия елдерімен түрік тайпаларының саяси, әлеуметтік және экономикалық байланысының орнауына алып келгендігін атап өту қажет. Ислам құндылықтарының білім, отбасы және жанұялық қарым қатынасындағы баламалы басымдығы қазақ этносының генезисінің ерекшелігімен немесе тәңірлік дүниетаным іздерінің көрініс табуымен түсіндіру мүмкін емес. Өйткені, рулық шежірені білу немесе жеті атаға дейін қыз алыспау салтының өзі Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар хадистерінде көрініс тапқандығын бірі білсе бірі біле бермейді.
Сонымен қатар, қазақ этносын қалыптастыруға қатысушы найман, керейт, қыпшақ секілді көшпелі тайпалардың әскери-саяси бірлестігі территорияларында ХІ-ХІІ ғғ. исламмен қатар тәңіршілдік пен христиан табысты бәсекелес болған. Ислам Хорезм мемлекетімен көршілес орналасқан және тығыз байланыс орнатқан елдерде таралды. [14, с. 150-151].
ХІІ ғ. моңғолдардың басып кіруі нәтижесінде ислам позициясы нығая түсті. Көп жағдайда бұл мәселе моңғол басып алушылардың бір діни жүйені еңгізу ойының болмағандығымен түсіндіріледі. Ислам позицияларының нығаю Алтын Орданың бастапқыда Берке хан тұсында (1255-1266), кейін Тудеменгі мен Узбек хандар тұсында мұсылмандықты қабылдауына алып келді.
Әрі қарай исламның бекуіне Тәуке ханның Жеті Жарғы деп аталатын Заңдар жинағы өз үлесін қосты. Осы заңдар жинағында мемлекеттің мұсылмандық дінге ресми қолдау көрсетуі көрініс тапқан. Мысалы, Христиан дініне өткендердің ағайын туыстары, оларды барлық меншігінен айыруға хақы бар, Рухани мұрагерлік тума-туыс пен молдалар қатысуымен өтеді және т.б. [15, 8-9 б.].
ХVІ-ХVІІ ғғ. қазақтардың Орта Азия халықтары мен Еділ бойы татарлармен экономикалық және мәдени байланыстары Қазақстандағы исламның интенсивті түрде кең таралуына алып келеді. Исламның жол серіктері ретінде Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, Түркістаннан келген миссионерлері саналды.
Ислам діні бір Аллаh тағалаға құлшылық етуді нақтылаумен қатар, адамның қоғам алдыңдағы міндеттерін де айқындап берген. Сол міндеттердің бастысы - адам имандылығы. Ислам діні адам ӛмірін сақтаумен қатар оған қамқорлық жасаудың әр мұсылманға парыз екендігін ескертеді. Дініміз адам баласының тәрбиесіне үлкен мән береді. Адамзат болмысының бір ерекшелігі - қоғам құрып, бірге ӛмір сүруі және әлеуметтік қатынас жасау. Қоғамда әр азаматтың басты парызы қоршаған ортада бірлік пен ынтымақты сақтап, бӛлінушілікке, бүлікке, ел тыныштығын бұзатын жайттарға жол бермеу. Діни сана-сезімге байланысты да жеке ой-тұжырым жасауға болады. Дүниенің тылсым сырларын, айналаның таңғажайып, беймәлім құбылыстарын, табиғат ӛзгерістері мен дамуын діни сана-сезімдегі адамдар оқыған, білімді адамдар ӛзінше қабылдайды. Олар: адам өзінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz