Жоба материалдарының сараптамасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі
Төтенше жағдайлар комитеті
Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті
Өрттің алдын алу кафедрасы

Қорғауға жіберілді
ӨАА кафедрасының бастығы
_____________К.К.Карменов

Дипломдық жұмыс (жоба)

Күндізгі оқу факультетінің курсанты: Т.Р.Муратов

Мамандығы: 5В100100 Өрт қауiпсiздiгi Бакалавр

Тақырыбы: Орал қаласындағы "Променад" сауда ойын-сауық орталығының
өртке қарсы қорғанысы бойынша инженерлі-техникалық шешімдері

Орындаушы: ____________Муратов Т.Р.
Жетекшi:_______________Рахметулин Б.Ж.

Көкшетау 2015 ж.
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министірлігі
Көкшетау техникалық институты
Күндізгі оқу бөлімі
Өрттің алдын алу қафедрасы
5В100100 Өрт қауiпсiздiгi мамандығы бойынша диплом жобасын орындауға байланысты
ТАПСЫРМА
Дипломдық жобаның тақырыбы: Орал қаласындағы "Променад" сауда ойын-сауық орталығының өртке қарсы қорғанысы бойынша инженерлі-техникалық шешімдері
___ ____2015 жылғы № ___ Институт бұйрығы бойынша бекiтiлген
2. Аяқталған жұмысты жобаны тапсырған мерзiмi ___ _______2015ж.
3. Дипломдық жобаның бастапқы берiлуi: ғимараттын жобасы
4. Бөлiмдердi орындау барысында қарастырылған сұрақтар тiзiмi және қысқаша мазмұны.
№ пп
Тараудың атауы
Аяқталған мерзімі
1
Кiрiспе
10.02.2015
2
1- бөлiм .Ғимараттың жалпы сипаттамасы
12.02.2015
3
2- бөлiм. Ғимараттың өрт қауіптілігінің сипаттамасы
17.02.2015
4
3- бөлiм. Жоба материалдарының сараптамасы
23.02.2015
5
3.1-бөлiм.Құрылыс конструкциялардың сараптамасы
25.02.2015
6
3.2-бөлiм.Ғимараттың ішкі жоспарының сараптамасы
01.03.2015
7
3.3- бөлім.Өртке қарсы бөгеттердің сараптамасы
07.03.2015
8
3.4- бөлім. Көшіру жолдар мен шығулардың сараптамасы
15.03.2015
9
3.5-бөлім. Жылыту жүйелерінің сараптамасы
25.03.2015
10
3.6- бөлім. Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сараптамасы
27.04.2015
11
3.7-бөлім. Желдету жүйелерінің сараптамасы
29.04.2015
12
3.8-бөлім. Бас жоспардың сараптамасы
5.04.2015
13
3.9-бөлім. Өрт сөндірушілердің сәтті жұмысын қамтамассыз ететің техникалық шешімдердің сараптамасы
10.04.2015
14
4-бөлім. Жоба материалдар сараптама нәтижелерінің анализі
15.04. 2015
15
4.1-бөлім. Өртке қарсы қорғанысының техникалық шешімдердің конструктивті құрастыру
18.05.2015
16
4.2-бөлім. Жобаның есептік бөлімі
20.05.2015
17
5-бөлім. Өртке қарсы қорғанысының экономикалық тиімділігінің сараптамасы
25.05. 2015

6-бөлім. Қорытынды.
28.06.2015

Графикалық бөлім
5.06.2015

Алдың ала қорғау
6.06. 2015

5. Кеңес берушiлер:
Графикалық бөлім
өртке қызмет подполковнигi Карденов С.А.
Технико-экономикалық көрсеткіш
өртқе қызмет подполковнигі____________________Са лпыков А.Д.
6. Тапсырманы берген мерзiмi ___________
Бекiтемiн:
Өрттің алдын алу кафедрасының бастығы
өртке қарсы қызмет полковнигi Карменов К.К.
8.Жетекшi: өртке қызмет подполковнигi ____________Рахметулин Б.Ж.
Тапсырманы орындауға алдым __________________ Муратов Т.Р.

Мазмұны

Кіріспе 5

1.Ғимараттың жалпы сипаттамасы 7

2. Ғимараттың өрт қауіптілігінің сипаттамасы 15

3. Жоба материалдарының сараптамасы 18

3.1Құрылыс конструкциялардың сараптамасы 18

3.2 Ғимараттың ішкі жоспарының сараптамасы 24

3.3Өртке қарсы бөгеттердің сараптамасы 26

3.4 Көшіру жолдар мен шығулардыңсараптамасы 28

3.5 Ғимараттың түтінге қарсы қорғанысының сараптамасы 35

3.6 Желдету жүйелерінің сараптамасы 37

3.7 Жылыту жүйелерінің сараптамасы 38

3.8 Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сараптамасы 39

3.9 Өрт сөндірушілердің сәтті жұмысын қамтамассыз ететің техникалық шешімдердің сараптамасы 40

4.Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өрттің алдын-алу шаралары. 45

4.1 Жобаның есептік бөлімі 47

5. Өртке қарсы қорғанысының экономикалық тиімділігінің сараптамасы 57

Қорытынды. 64

Әдебиеттер 65

Кіріспе

Мен сіздерге өз депломдық жобамда Орал қаласындағы "Променад" сауда ойын-сауық орталығының өртке қарсы қорғанысы бойынша инженерлі-техникалық шешімдері тақырыбындағы жобамды ұсынамын.
Қоғамдық дамуы, сауда ғимараттарында орналасқан жанғыш материалдарды, жоғары температура және қысымды қолдану нәтижесінде өрттен сақтандыру ісіндегі өртке әкелетін шығын мәнін төмендету болып табылады. Өртті сөндіргенше олардың пайда болуын алдын-алу барлығына әйгілі. Өрт үлкен материалдық шығын әкеледі және кейбір жағдайларда адам өліміне де әкеледі. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Өрт дегеніміз - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдардың көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар. Өрт салдарынан зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
- жанған затқа оттың тікелей әсері;
- сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге
қашықтықтық әсері;
- жану зонасында иісті газбен улану;
- жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
- құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады. Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек. Өрттен қорғанудың мақсаты -- өрттердің алдын алу үшін ең тиімді, экономикалық жағынан пайдалы, техникалық жағынан дәлелденген тәсілдер мен құралдарды іздестіру және өрт сөндірудің техникалық құралдары мен күштерді тиімді пайдалана отырып, өртті аз шығынмен тоқтату. Өрт қауіпсіздігі - бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрт профилактикасы болып өртті болдырмау немесе оның салдарларын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы - бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:
- құрылыстық-жобалау;
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
- өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары.
Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз - бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық ғимараттар мен имараттардың отқа төзімділік дәрежесі 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.Өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары. Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
1. Ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
2. Ауадағы оттегі концентрациясын азайту;
3. Ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.
Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:
- қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);
- өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет. Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.

1. Жергілікті жағдайдың сипаттамасы
Салынған жері ІV Г климаттық ауданда орналасқан және төмендегідей табиғат жағдайларымен сипатталады.
Ең суық бес тәулікте қоршайтын конструкцияларды есептеу үшін сыртқы ауаның қысқы температурасы-24 С тең.
Ылғадылық аймағы құрғақ.
Нормативті қар жүктемесі -50 кгсм2.
Жел қысымының жылдамдығы -38 кгсм2.
Отқа төзімділік дәрежесі - II
Ғимарат классы - II
Нысанның жалпы сипаттамасы
Променад сауда үйі ғимараты үш қабатты және де жертөресі бар. Променад сауда үйі жанында тұрғын үйлер бар және де ғимараттан 40 м қашықтықта және 40 м арақашықтықта автотұрақ бар. Сауда үйі ғимаратынан 25 м ара қашықтықта қоқыс контейнерлердің алаңшасы бар, 20 м қашықтықта трансформатор подстанциясы орналасқан. Ғимарат сыртында жасыл отырғызылымдар отырылызған.
Ғимарат екінші отқа төзімділік дәрежесіне жатады, сауда үйінің жоспардағы құрылысының ауданы14316,6 м3, ғимараттың көлемі 1098 м2, жалпы ауданы 2970 м2 құрайды. Ғимарат биіктігі 8,40 м, ал қабат биіктігі 3,7м. Бөлмелік жайдың саны 39дана.
Цокольдық қабатта орналасқан бөлмелер.
Бөлме нөмері
Атауы
Ауданы
м2
1
Қойма бөлмесі
107,25
2
Венткамера
32,93
3
Қойма бөлмесі
68,21
5
Қойма бөлмесі
103,49
6
Қойма бөлмесі
68,21
7
Қойма бөлмесі
69,85
8
Дәліз
160,0
9
Дәліз
12,00
10
Санитарлы узелы
24,50

Барлығы
699,28
11
торы
35,64
12
Саты торы
35,64
13
Саты торы
38,00
14
Саты торы
35,64
15
Саты торы
35,64

Бірінші қабатта орналасқан бөлмелер.
Бөлме нөмері
Атауы
Ауданы
м2
1
Сауда залы
209,21
2
Тоңазытқыш камерасы
32,95
3
Распилочная мяса
25,83
4
Смотровая
12,2
5
Зертхана
8,0
6
Моечная
6,3
7
Зертхана
8,35
8
Зертхана
8,1
9
Дәліз
12,90
10
Санитарлы узелы
24,00
11
Тоңазытқыш камерасы
32,95
12
Сауда залы
299,84
13
Администраторская
12,64
14
Қызметкерлер бөлмесі
17,47
15
Дәліз
40,00
16
Дәліз
3,96
17
Тазалық құрал саймандар бөлмесі
1,06

Барлығы
755,76
18
Лестничная клетка
49,78
19
Дәліз
49,20
20
Саты торы
37,08
21
Саты торы
38,00
Екінші қабатта орналасқан бөлмелер.
Бөлме нөмері
Атауы
Ауданы
м2
1
Дәліз
60,10
2
Зал кафе-бар
105,13
3
Кино-зал
70,3
4
Ыдыс жуатын жер
11,97
5
Қызметкерлер бөлмесі
8,65
6
Кладовая
5,75
7
Сауда залы
468,21
8
Дәліз
12,00
9
Санитарлы узелы
24,50
10
Қызметкерлер бөлмесі
10,9
11
Оператор бөлмесі
7,91
12
Дәліз
9,20
13
Касса
5,65
14
Разделочная
17,64
15
Разделочная
19,17
16
Складское помещение
34,19

Барлығы
846,7
17
Саты торы
37,08
18
Саты торы
38,00
Салынған жері І В климаттық ауданда орналасқан және төмендегідей табиғат жағдайларымен сипатталады.
Ең суық үш тәулікте қоршайтын конструкцияларды есептеу үшін сыртқы ауаның қысқы температурасы-27,5 С тең.
Ылғадылық аймағы құрғақ.
Қар жабу салмағы бойынша аудан ІІІ, нормативті қар жүктемесі -100 кгсм.
Жел қысымының жылдамдығы бойынша аудан V, нормативті жел қысымының жылдамдығы -60 кгсм.
Жердің мауысымдық қатуының нормативті тереңдігі 81 см. Өзсалмағынан мүмкін отыратын жерлер негізін сулағанда отырмайтынға жатады.
Жер асты суларының есептеу деңгейі абсолютті белгіге 255,750 сәйкес.
Жер асты сулары қатты агресияшыл.
Сәулетті жоспарлау шешімдері
Сауда үйге кіру жолында сатысы бар кең кіреберіс жобаланған.
Бірінші қабатта фойе, бөлмелер, тіркеу орын, коридор әдістемелік бөлме директор, дәретхана, жетекші, залы, желдету камерасы орналасқан.
Екінші қабатта кафе фойе, сауда бутиктар, бөлмелер, дәліз, дауыс оператор бөлмесі орналасқан.
Үшінші қабат төрт кинотеатр залы орналасқан.
Конструктивті шешімдер
Сауда ұй ғимараты үш қабатты. Сыртқы қабырғалары қалындығы 500 мм кірпіштен салынған. Фундаменттері 1,112-5 сериясы бойынша ленталы және бетон блоктары ГОСТ 13579-78. Жалпы-1,090,1,1 5-1- де сериясы бойынша темірбетонды плиталар. шатыры тегіс жабынды, ішкі суғармен түйістірілген. Шатыр жабындысы орамдалған 4 қабатты.
Еденднр линолеум, қыс тақтайшалар, 2,244-1 сериясы бойынша бетондар. Аралықтар 1,231-1,1-де сериясы бойынша кірпіштен, гипсобетондардан. Ішкі әрлеу- ГОСТ 16289 және ГОСТ 12214-78 актаспен ақталған, тұс қағаздар, қыс тақтайшалар. сыртқы әрлеу - түрлі түрлі эмаль бояулары, астынғы қабат кабанчик типті қыс тақтайшалармен қапталған. Есіктері - сериялары 1,1135,5-129 және 1,136-10. Терезелері - ГОСТ 16289-80 бойынша әйнектелген.
Инженерлік және технологиялық жабдықтар бойынша шешімдер
Жылу беру және желдету
Сауда ғимаратынығы жылу беру және желдету жобасы ҚНжЕ 2,08,02-89 негізінде әзірленген және тапсырма сыртқы ауа 36 С есептеу температурасы үшін жобаланған.
Сауда үйдің бөлмелерінде 95-70 С жылутасымалдаушы параметрлірімен жылу беру жүйесң жобаланған. Жүйе бір құбырлы тұйықталған төменде ажыратылған және п-сияқты тік құбырдан тұрады. Жылу беру жүйесінің жылу желістеріне қосылуы элеватор арқылы жүзеге асырылады. Жылытатын құралдар ретәнде МС-90 шойын радиаторлары алынған. Ауаны шығару құралдардың екінші қабатта орнатылатын жоғары тағындағы Маевский шүмегі арқылы жүзеге асырылады.
Жеке тармақтармен асхана бөлмесі мен спорттық дене сауықтыру бөлмелері және гаражға жылу беру жүйесі жобаланған. Жылу тасымалдау параметрлері 120-70 С Жылу беру жүйелері - екі құбырлы төменде ажыратылған, тұйықталған. Жылыту құралдары ретінде диаметрлері 80-125 мм, тегіс құбырлардан жасалған регистрлер алынған.
Шаруашылық тұрмыстыққажеттіліктерге ыстық су дайындау жылдам 8-114*4000-Р-6 су жылтқышпен жүзеге асырылады. Су жылытқыш тізбектелген жүйе бойынша қосылған.
Алапты сумен толтыру осы құрылғы арқылы жұмыспен тыс уақытта жүзеге асырылады. 25-тен 27,5 С дейінгі алаптағы айналымды және қосымша суды жылыту үшін жылдам 8-114*4000-Р-2 су жылытқыш қарастырылған. Су жылытқыш қатарлас жүйемен қосылған.
Жылу беру мен желдету жүйесін құрастыру ҚНжЕ 3,05,01-85 сәйкес жүргізіледі.
Сумен қамтамасыз ету
Ғимарат шаруашылық ауыз су, өртке қарсы, ыстық және технологиялық сумен қамтамасыз ету жүйелерімен, тұрмыстық және өндірістік канализация жүйелерімен жабдықталған.
Суағар ұйымдастырылмаған.
Тұрмысиық ауыз су - өртке қарсы су құбырлары, түрмыстық және өндірістік кәріз жүйелері сыртқы желілергеқосылады.
Ғимаратта шаруашылық ауыз су-өртке қарсы су құбырымен біріктірілген жүйе қарастырылған.
Ішкі желі (8дана) өртке қарсы шүмектермен жабдықталады. Әрбірлеуі 100мм диаметрлі БСКМ-50 су өлшеу құбырымен жобаланған. Су алап, өрт және ағызу шүмектері қажеттіліктеріне санитарлы аспаптармен беріледі.
Сыртқы 15ак шығынымен өрт сөндірі сыртқы желідегі гидранттан жүзеге асырылады.
Ыстық сумен қамтамасыз ету.
Ыстық сумен қамтамасыз ету су қыздырғышпен қарастырылады.
Ыстық су барлық қол жуғыштар мен жуынатын жерлерге, сондай-ақ жүзетін алап қажеттіліктеріне беріледі. Санитарлық аспаптардан басқа ыстық су ішкі су шүмектеріне беріледі.
Желі ашық магистралдарда жылумен оқшауланған құрылғымен жүргізіледі.
Алап қажеттіліктеріне су ысыту үшін бойлер орнатылады.
Тұрмыстық кәріз.
Тұрмыстық кәріз жүйесі киім шешу, сантораптар мен тұрмыстық бөлмелерде орнатылған санитарлық аспаптардан ағындарды қабылдайды.
Өндірістік кәріз
Өндірістік кәріз жүйесі технологиялық ағынды пеш жаймасынан, айналып өту жолдарын жуудан, қабырға мен жомалғы түбін жуудан алады.
Ағындар өндірістік кәріздің сыртқы желісіне шығарылады. Сондай-ақ Өндірістік кәріз жүйесімен фильтр шаю мен алап жомалғысын жудан келетін технологиялық ағындар шығарылады. Түсіріліс кәріздің сыртқы желісіне жүргізіледі.
Негізгі көрсеткіштер
Атауы
Саны
Электрожабдық сенімділігі санаты
ІІ
Желідегі кернеу, В
380220
Жалпы бекітілген қуат, кВт
163,8
Жұмыс жарығының есептік қуаты, кВт
18,3
Күш жарығының есептік қуаты, кВт
42,2
Апат жарығының есептік қуаты, кВт
3,8
жалпы есептік қуаты, кВт
64,2
Кернеу ең жоғарғы жоғалту,%
2,4
Жұмыс жарығының қуат коэффициенті
0,92
Күш жабдығының қуат коэффициенті
0,96
Әлсіз тоқ келетін жүйелер
Телефон орнату.
Сауда үй телефон желісі техникалық жағдайларға сәйкес қалалық телефон желісіне қосылады.
Ғимаратқа кабель тарту сәулет құрылыс бөлігімен қарастырылған БНт-100 маКРалы 100 мм асбестіцемент құбыры арқылы көл 20*20*0,4 тпт маҚралы кабелімен жүзеге асырылады.
Барлық қабаттардағы телефон аспаптарын қосу үшін әлсіз ток құрылғылары шкафында КРТП-1082 типті телефон үйлестіру қорапшасы орнатылады.
Үйлестіру жүйесі қабырғаның жігінде жүргізілген ПВХ құбырында көп. 10х2х0,4 және 20х2х0,4 мм ТПП маркалы кабелімен іске асады.
Телефон аспаптарына абоненттік қосылу қабырғаның саңылаулары мен еден дайындағанда ТРП-1*2*0,4 мм маҚРалы сыммен ПВХ құбырларының тқйық жерлерінде, сондай-ақ еден үстінен ашық түрде тартылады.
Телефон тіреушесі 25мм диаметрлі поливинилдіхлор құбырымен орындалады.
Радио тарту
Сауда үй ғимараты қалалық радиотарату желісіне қосылатын ішкі үйлестіру желісімен жабдықталған.
Ғимарат шатырында 0,8м габаритті РС-1-1900 типті құбыртіреуше орнатылады.
Құбыртіреуше орнату үшін негізгі бекітулер жобаның сәулет құрылыс бөлігімен қарастырылады. Тіреуше бойынша тігінен жүргізу 25 мм диаметрлі поливинилдіхлор құбырда 18 мм диаметрлі ПВЖ маҚРалы сыммен орындалады.
Үйлестіру желісі еден дайындағанда ПВХ құбырларында жүргізілген және сылақ қабатында жасырылған ПТПЖ-1*2*1,2 маҚРалы сыммен орындалады. Шеткі құрылғылар ретінде У-86РМ типті тегіс контактілі розеткалар пайдаланылады.
Розеткалар сылақасты У-89АМ типті әшекейленген қақпағы бар КП-У типті метал қорапшаларында орнатылған.
Жерге қосу
Жеке контурлы жерге қосуға радиотіреуше мен телеантенна жатады. Жерге қосудың тоқ таралуының импульсі кедергісі 10 Ом аспауы керек. Ұзындығы 5 м дөңгелек 12 мм диаметрлі болаттан жасалған жерге қосушылардың саны 3 дана. Жерге қосушылар өзара 40*4 мм жол жол болатпен қосылған. Радиотіреуше мен телеантеннаны қосатын диаметрі 8 мм арматуралы болаттан жасалған жерге қосу фасад жанымен қаптырмаларға бекітіледі.
Күзет өрт дабылы
Күзет өрт дабылының автоматты құрылғысы арналады:
oo Объектідегі мүлікті сақтау бойынша жүзеге асырылатын кешенді шараларды күшейту және күзетілген объектіге бұзушылар кіруіне дабыл қағу үшін,
oo өрттенудің алғашқы сәттерін әшкерелеу және қабылдау стансиясына қауіп дабылын беру үшін,
Қабылдау стансиясы ретінде 1-қабатта әкімшілік бөлмесінде орнатылған Топаз КПКОП-01041-50-1 типті қабылдау-бақылау аспабы алынған.
Аспаптың негізгі тоқ алуы кернеуі 220 в ауыспалы тоқтан жүзеге асады. Резервті тоқ алуы шкафта орнатылған 6СТ-90ЭМ аккумуляторлық батареялардан қарастырылған.
Қорғалынылатын бөлмелердегі өрттерді табудың техникалық құралдары ретінде қолмен жұмыс істейтін ИП-10331-1 хабарлағыштары және ИП-212-3С түтін хабарлағыштары алынған.
ИП-102212-1 өрт хабарлағыштары бөлмелердің төбесінде бір бірінен 4 м және қабырғадан 2 м қашықтықта орналастырылған.
ИП -212-3С өрт хабарлағыштары бөлмелердің төбесінде бір бірінен 8м және қабырғадан 4 м қашықтықта орналастырылған.
ИПР хабарлағыштары еден деңгейінен 1,5 м жоғары қабырғада орналастырылған.
Өрт және күзет дабыл шлейфтары қабырға бойы қорапшаларда және ілмелі төбеде жасырынды жүргізілген 4*0,5 мм кабелмен орындалған.
Есіктер мен терезелердің ашылуына тосқауыл қою СМК-3 типті магниттіконтактілі дабылшалармен жүзеге асырылады.
Есіктерді бүзудан және касса терезесіне тосқауыл қою ПЭВ-2-0,2 сысмымен жүзеге асырылады.
Әйнектелген жерлерге тосқауыл қою үшін ВМ-12Б типті микросөндіргіштер қолданылған.Карабин УК-2П тосқауылданатын элементтер тосқауылдау желісі үстінде орнатылады. Қорапшаларды байлау орындарында жасалады. Тосқауылдың соңғы жағында УК-2П контакт қорапшаларына резистор қосу.Қызметкерлерге өрт шыққаны және күзет сәулелерінің бүзылғандығы туралы дыбыс және жарықпен хабарлау үшін ғимараттың сыртқы жағында орнатылатын УС-1 құрылғысы ұарастырылған. Өрт дабылы жүйесі тәулік бойы жұмыс істейді.
Күзет өрт дабылы үйлестіру жүйесі еден дайындағанда және қабырға жігінде жүргізілген ПВХ құбырында жасырылған ТПП 10*2*0,5мм, ТПП 30*2*0,5мм кабелімен орындалады.
Жобамен апаттық хабарлау желісіне ВВГ 2*10мм маркалы кабелмен қосылатын ППКУ-1м 01 розеткаларын орнату қарастырылған.
Кернеуі 606 кабельдерін бірге жүргізуге жол бермейді. Ашық түрде параллелді жүргізу кезінде өрт күзетімен дабылды қосатын күш желістері мен жарық беретін сымдар арасында 0,5 м қашықтық болуы керек.
Электроқұрылғы жұмыстары басқарушы құжаттарға сәйкес жүргізіледі. өрт күзеті, өрт күзеті дабылы жүйелер мен кешендерді. РД 18 145-93 жұмысты жүргізу және қабылдау.
Жылумен қамтамасыз ету
Жылумен қамтамасыз ету көзі болып аурухана территориясындағы автономды қазандық қатты жанатын зат болып табылады ғимарат жылумен қамтамасыз ету бойынша 1-ші категория нысанына жатады.
Қазандық қондырғысы
Сыртқы ауаның есептік температурасы - 23 °С,
Жылыту уақытының орташа температурасы - 8 °C,
Жылыту уақытынң ұзақтылығы 215 тәулік.
Қазандық тұтынудан жылу жүйесі сульфат тіреуішті портландцемент бетонынан екі бағытқа бөлінген 4 құбырдан жасалған.
Электр жабдықтары
Сауда үй кешені ғимаратының, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен имараттар электроқұралдар жобасы ПЭУ -2006, ВСН 59-88, ҚНжЕ сәйкес орындалған.
Электрожабдықтау сенімділігі дәрежесі бойынша т,3,1 ВСН 59-88 сәйкес қонақ үй электроқабылдағыштар 2-сынаққа, өрт сигнализациясы құрылғысы 1-сынаққа жатады.Электрожабдықтау екі өзара бірін бірі алмастыратын 3*95*35 мм кабел желістерімен жүзеге асырылады. Апат болған жағдайда жұмыс істеп тұрған желіге ауыстыру панелде орнатылған жетекті қолмен ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.Электроқұралдардың ішкі жобасы 380220 В кернеуінде әзірленеді. Электроэнергияны үйлестіру жүйесі ғимаратты Электрожабдықтауды екі кабел кірістерімен қамтамасыз етеді. Апатты режим кезінде 1-кіріс кабелі істен шықса, онда ол 2-кіріс кабеліне ауыстырылады.
Ғимаратта келесі жарық беру түрлері қарастырылған а) жұмыс-220В, Ә) апат-220В, б) Ауыспалы -360 В. Жұмыс жарығы қалыпты жағдайда қажетті жарықпен қамтамасыз етеді. Апат жарығы шырақтарының ерекше белгілері болулары керек. Ғимарат бөлмелеріне жарық беру көлемдері , табиғи және жасанды жарық беру ВСН-59-88 сәйкес қабылданған. Жарық беру есебі үлес қуат әдісімен орындалады. Жарық беру үшін қыздыратын шам мен люминицетті шамдар алынған. Жарықты басқару қажетті орындарға орнатылған сөндіргіш құралдары арқылы жүзеге асырылады. оргтехниканы, жергілікті жарықты, касса аппараттарын, кондиционерлерді, және т,б , қосу үшін штепсельдік розеткалар қарастырылады. Штепсельдік розеткалар орнату биіктігі еден деңгейінен 0,3 м.Топтық жарық беру желілері бөлмелерде АППВ-380 тар. 2*2,53Х2,5 мм маҚРалы сым арқылы орындалады, олар балшық қабаты мен жабу плиталардың бос жерлері арқылы жүргізіледі. Өрт қауыпті бар бөлмелердегі жарық беру желілері АВВТ-660 маКРалы кабелімен құрылыс конструкциясына ашық түрде қапсырмамаен бекіту арқылы жүргізіледі.
Жарық беру желілері жүргізу үшін сылау арасына арнайы атыз қағу арқылы конструкциялар арасындағы саңылаулар қолданылады.Тоқ беретін желістер қабырғаның саңылаулары мен еден дайындағанда төселген поливинилдіхлор құбырларына жасырылған АПВ-380 маҚРалы сыммен орындалады.Суыру жүйелері электродвигателідердін басқару қажетті жүйелерге қызмет ететін бөлмелерде орналастырылған басқару түймелерімен? Ал ағынды жүйелерді басқару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Өрт кезінде желдету жүйесін ағытуды қамтамасыз ету үшін бұл жұйелердің өрттің шығуы туралы МПБВ .1 және МПБВ .2 жәрдемі арқылы автоматты хабарлау жүйесімен тосқауыл қою қарастырылған, бұл үшін әкімшілік бөлмесінде орналастырылған ПИ (Топаз) аспабына дейін МПБВ .2-ден 20мм диаметрлі ПВХ құбырына АПВ -380 тар. 2(1*2,5) мм маҚРалы сысымен дабыл желісін жүргізу қарастырылған.
Өртке қарсы шаралар
ҚН және Е бойынша ғимараттың от төзімділік дәрежесі 2-ші болады. Негізгі конструкциялары: ішкі және сыртқы қабырғалар, плиталар, жанбайтын ара жабындар. Жобамен барлық ағаш элементтері өрттен қорғау құралдарымен өңдеу қарастылған. Жобамен өрт дабылдағышы мен найзағай қорғанысы қарастырылған. Территорияларда 250 м3 өрт сыйымдылықтары қарастырылған.

2. Ғимарттың өрт қауіптілігінің сиапттамасы
Ғимарат бөлмлерінің меншікті өрт жүктіліктері біркелкі емес. Мысалы тіркеу орны 80-100 кгм2 бөлмелерінде 40-50 кгм, басқа бөлмелерде 20-50 кгм2
Бірінші және екінші от төзімділік дәрежелі ғимарттарда жанғыш материалдар, жиһаз, және көмекші бөлмелердегі 0.5-1.5 ммин жылдамдықпен тарайды.
Сурет 1. Көп салалы ғимаратындағы өрт жылдамдығының өзгеруі.
Vл, ммин.
1.0

0,6

0,2

0 20 40 , мин.
Ғимарат өрт қауіптілігі артты, өйткені оттегіге қаныққан ортада өрттің тарау жылдамдығы лезде артады. өрттің тез таралуына бөлмелердегі ағаштан жасалған бұйымдар, қоймалрлардағы және т.б. жеңіл тұтанатын заттардың болуы әсер етеді.
Статистикалық мәліметтер бойынша, өрттің тарауының негізгі себептері:
- электр жабдықтарын және электр құрылғыларының қолдану кезіндегі олардың ақаулығы немесе өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;
- электр дәнекерлеу және басқа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы;
- атмосфералық электрдің және жылулық электр тоғының әсері;
- механикалық энергияның және химиялық реакциялардың жылулық әсерлері;
- Атмосфералық электр тоғы;
- желдету, кондиционер, жылыту қондырғыларын қолдану кезіндегі ережелердің бұзылуы;
- отпен абайсыз қолдану (темекі шегу, құбырларды жылытуға ашық отты пайдалану, ғимарат аймағында от жағу және с.с.)
ғимараттардағы өнімдердің жануы және жалыны есік, Терезе ойықтары, технологиялық ойықтар арқылы, лифт баспалдақ торлары арқылы, желдеткіш және өзгеде инженерлік коммуникациялар арқылы тік немесе көлденең таралуы мүмкін;
нормалау тәжірибеде келесі қоғамдық ғимаратртардың нормалары қалыптасты.
Барлық қоғамдық ғимараттар секілді өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі ғимарат жетекшісіне жүктеледі. Қызметшілермен персонолдардың өртке қарсы дайындығы олардың жұмыс стажына немесе лауазымдарына байланысты болып келеді. Өртке қарсы дайындық өзіне келесі нұсқамаларды енгізеді. (ену жұмысқа кіру алдында, біртекті-алты ай сайын болады ) және өрт техникалық минимум (материалдық жауапкршілікті тұлға мен өрт қауіпті учаскідегі жұмысшы ). Мекемеде ЕӨБ және өрт техникалық коммисия құрылуы тиіс.
Өрт кедзіндегі ахуал күнделікті ғимараттарға қарағанда бағалы заттар мен мүліктерді көшіру қиындығымен сипатталады.
Өрт қауіптіліктің ерекшелітері:
Сауда залында адамдардын көп болуы;
Жанғыш заттардың көп болуы;
үрей.
Өрттер көбіне қызмет көрсету бөлмелерінде, киімдерді шешінетін бөлмелерінде сақтау қоймаларында орын алады.
Ғимараттар мен имаратарды пайдалану кезіндегі адамдардың қауіпіздігі өрт кезінде дұрыс жоспарлануы мен конструктивтік шешімдері мен көшіру жолдары мен шығуларының саны мен өлшемдерінің дұрыс алыныу қамтамасыз етілумен жүргізіледі.
Ішкі жоспарлануы - бөлмеде орналасқан бір немесе екі жақты коридор арқылы.
Қоғамдық ғимараттардағы бірінші дәржелі мәні өрт пайда болған жағдайда адамдардың қауісіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру болып табылады. Көшіру есіктері шығу бағытына қарай ашылуы тиіс (тек қана он бес адамға дейін болған кезде есіктердің ашылу бағытына сай келуі қажет емес). Баспалдақ торының сыртқы есіктері ішкі құлптары оңай ашылуы тиіс. Бірінші қабат терезелеріне металл торларын орнату рұқат етілмейді.көшіру шығулары, өтулері, коридорлар, тамбурлар, баспалдақ торлары бос болуы қажет.
Сақтандыру шараларын қамтамасыз етуде өрт пайда болған жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ғимараттан адамдарды құтқару мен ұйымдастыруда мәнді орын алады. Адамдарды табысты көшіруге жету үшін тек қана ойластырылған конструктивтік жобалық шешімнің көшіру жолдары ғана емес, оларды ұйымдастыру шаралары да үлкен көмегін тигізеді. Мұндай ұйымдастырылған шараларға өрт туралы хабарлау жүйелері, жалпы және жеке адамдарды көшіру жоспары өңдеуде жатады.
Қоғамдық ғимараттардағы электрощиттік бөлмелер, трансфаорматор подстанциялары отқа төзімділік дәрежесі кем дегенде 0,75 сағ шыдайтын жанбайтын аражабындарға оқшауланады.
Электр жабдықтарына қаныққан желдеткіш камераларда өзге бөлмелерден оқшауланады.
Отсектерді аудан бойынша бөлу. Секциялық емес қоғамдық ғимараттардың подвалдарын өртке қарсы секция бойынша отқа төзімділік дәрежесі бір сағаттан кем болмайтын жанбайтын қабырғалармен ауданы 500 м[2] бөлінеді.
Көп салалы ғимараттарына өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары ( ҚР ҚН және Е 3.02.02-2009) .

3. Жобалық материалдардың сараптамасы
Бұл жоба өз алдына құрылыс конструкцияларының, ішкі жоспарлануы өртке қарсы бөгеттер және түтіннен қорғау желдеткіш жүйелері, жарылыстан қорғау, өрт сөндірушілерің үлгерімді жұмысын қамтамасыз етудің техникалық шешім, нысанның бас жоспарының сараптама кестесін құру және жобалық шешімдердің тексеру әдістерін ұсынады.
Жобалау кезінде өрт қауіпсіздік ережесінің бұзылуын анықтаудың негізгі әдісі салыстыру болып табылады. Бұл әдістің негізі шешімдері жобада қарастырылған құрылыс нормалары және ережелердің өрт қауіпсіздік талаптары мен салыстыру, содан соң қорытынды шығару болып табылады. Көбіне бұл салыстырулар нақты бір мәнді береді, ал кейбір жағдайларда сапалық сипатқа ие. Мысалы, көшіру жолдары мен шығардың сараптамасы немесе сапалық бағалау кезінде есіктер енінің максималды, минималды мәні - сандық бағалауы болып табылады.
Барлық тексерілген және техникалық шешімдер сараптама кестесіне енгізіледі. Жобаның архитектуралық құрылыс бөлімін тексерген кезде ішкі жобалануын, өртке қарсы бөгеттер , көшу жолдары мен шығулары, түтінге және жарылысқа қарсы қорғаныс өрт сөндірушілердің жұмысының сәтті болуын қамтамасыз ететін техникалық шешімдер сарапталады.

3.1 Құрылыс конструкияларының сараптамасы
Құрылыс конструкцияларының сараптамасын өткізу кезінде ең алдымен мамандандырылған немесе салалық нормативті құжаттар бойынша ғимараттың от төзімділік дәрежесінен бастайды.
Қоғамдық ғимараттардың норма бойынша, олардың тағайындалуы, ауданы, қабаты және сыйымдылығымен анықталады.
Салалық немесе мамандандырылған нормативті құжаттар бойынша қажеті от төзімділік дәрежесі, құрылыс конструкцияларымен от тарау шегі, анықталады, егер олар белгісіз болса қажетті от төзімділік дәрежесін, от тарау шегін 12 - әдебиет 1-ші кесте бойынша анықтайды.
Құрылыс конструкцияларын сараптама кестеіне ғимараттың барлық құрылыс конструкциялары енгізіледі.
Конструкциялар тізімі және олардың қысқаша сипаттамасы тсіндірме қағаз, сызбалар, және ғимарат конструкцияларының бөлек бөліктері бойынша алынады.
Архитектуралы - құрылыс бөлімінің сызбаларынан өзге жағдайларда, сараптама кезінде конструкциялардың каталогтары бұйым бөліктеріне, және олардың сериялары мен нөмерлеріне сілтеме жасалады.
Әдетте ғимарат құрылыссында бір типті құрылыс мариалдары қолданылады, сондықтан олардың тексерісі қажетсіз. Тек өрт қауіптілігі жоғары бөлмелерге ғана ерекше назар аударылады.
Жоба материалдарының сараптамасы кезінде ең алдымен тексеріске мыналар жатады:
1.Сыртқы және ішкі сонымен қатар бапалдақ торларының қабырғалары
2.Каркасты қабырғалар: колонналар, ригелдер, каркас толтырулары, каркас қабырғасының элементтерінің бірігу түйіндері.
3. Аражабындар.
4. Колонналар.
5. Жабындар (қабат аралық, подвалды).
6. Баспалдақтар: ( алаңшалар , марштар, косоурлар, тепшектер).
7.Ішкі қабырғалардың, аражабын, жабын, баспалдақ элементер жапсырмасы.
8. Тасушы төсемдер: тасушы элементтер, (балкалар, фермалар, прогондар, аркалар) төсем, жылу қаптағыштары.
9. Ілмелі төбелер.
10.Есіктер (есік қораптары): ішкі қабырғаларда және аражабындарда, сыртқы қабырғаларда, баспалдақ торларының қабырғаларында және шатырға шығу жолдарындағы өртке қарсы бөгеттер.
11.Терезе ойықтарының толтырылуы: сыртқы қабырғаларда, ішкі қабырғаларда және аражабындарда, баспалдақ торларының қабырғаларында өртке қарсы бөгеттерде.
Консрукциялардың нақты от төзімділік дәрежесімен от тарау шегі кестлермен пунктар бойынша анықалады. Құрылыс от төзімділік шегі көптеген факторларға және өзге конструкцялардың сипатамасына байланысыты.
Аражабындар мен қабырғалардың нақты от төзімдлік шегі материалдарға, қалыңдығына, конструктивті орындалуына, от қорғағыш қабатының түріне және 12 оқулық бойынша анықалады:
- темір бетонды және бетонды аражабынар үшін 3-ші кесте;
- темір бетонды және бетонды қабырғалар үшін 4-ші кесте
- тас қабырғалары мен аражабындар; үшін 10-шы кесте;
- ағаш қабырғалары мен аражабындар үшін12-ші кесте;
- асылмалы қабырғалар мен аражабындар үшін 14-ші кесте;
Колонналар мен бағандардың отқа төзімділік шегі материалдарға өлшемдерінің қималары, арматура осіне дейінгі қашықтықта қыздыру тәсілі (темірбетонды колонналар үшін), оттан қорғалан қабаттың қалыңдығымен түрі (ағаш және метал конструкциялары үшін) тәуелді, және оларды 12-ші оқулық бойынша анықтаймыз:
- кірпіш бағандары үшін 10-шы кесте;
- металл колонналары үшін 11-ші кесте;
- ағаш қадаулары үшін 12-ші кесте;
- темірбетонды колонналар үшін 2-ші кесте;
Темірбетонды балкалардың отқа төзімділі шегі балка енінің қимасына, арматура өсіне дейінгі қашықтығына, арматура топтарына, балка қабырғасының еніне байланысты болып келеді, оларды 12-ші оқулық бойынша анықтаймыз:
- ауыр бетонды балкалар үшін 6-шы кесте;
- жеңіл бетонды балкалар үшін 7-ші кесте;
Бір жақты жылыту кезіндегі балалардың отқа төзімділік шегі темір бетонды жабындар мен төсемдер секілді қабылданады.
Темірбетонды плиталы жабындар мен төсемдердің отқа төзімділік шегі олардың түрлеріне (жаппай қимасы, көп қуысты, қабырғалы), тіреу тәсіліне (екі жағынан да), контур бойынша, бетон түріне (ауыр және жеңіл), арматура тобына байланысты болып келеді және олар 12-ші оқулық бойынша анықталады:
- бір қабатты плиталар .үшін 8-ші кесте;
- екі қабатты плиталар үшін (жеңіл және ауыр бетоннан) 9-шы кесте.
Қабырғалы темрбетонды плиталардың отқа төзімділікті шегі қабырғаға байланысты төмендегі балкалар секілді 6-шы 7-ші кестелермен қабылданады, осы кезде қабырғаның қалыңдық сапасына екі плита қабырғаларының соммалық қалыңдығы алынады.
Темірбетонды фермалармен аркалардың отқа төзімділік шегі олардың конструкция элементтерінң минималды қима қалындығына (ауыр немесе жеңіл), арматура өсіне дейінгі қашықтығына, арматура тобына байланысты болып келеді, олар 5-ші кесте бойынша анықталады.
Болат және ағаш балкаларының жабындарының, болат және ағаш фермалардың аркалардың отқа шегі олардың дайындалғн матиалдарына, элементері мен түйіндерінің ең төменгі өлшемдеріне, оттан қорғау тәсіліне байланысты болып келеді және олар 11,12-ші кесте бойынша анықталады.
Терезе және есік ойықтарының толтыруларының отқа төзімділік шегі олардың дайындалған материалдарына, элемент конструкцияларының қаыңдығына, дайындалған конструкциялардың ерекшелігіне байланысты, және оларды 14-ші кесте бойынша анықтаймыз.
Аспалы төбелердің жабулары мен төсемдерінің отқа төзімділік шегі аспалы төбелердің түріне (каркас және толтырылу материалдары), аспалы төбенің қалыңдығына байланысты, оларды 13-ші кесте бойынша анықтаймыз.
Конструкция бойынша оттың нақты тарау шегі мына пунктар бойынша анықталады : п.п. 2.8-2.11, 2.24, 2.30, 2.32, 2.36 и Кесте13,14. бұл кезде есеру қажет:
жанбайтын материалдардан жасалған конструкциялар от таралтпайтын болып есептледі (оттарау шегі 0-ге тең),
жанғыш материалдардан жасалған конструкциялар;
- жанғыш материалдардан жасалған консрукциялар көденең 25см, ал тігінен 40см от тарау шегіне тең әрбір конструкцияның от тарау шегі мен от төзімділік дәрежесі анықалған соң, оның қай салада қолданылатыны анықтлады (қарастылған конструкциялар қай от төзімділік дәрежелі ғимаратта қолданылатыны). Бұл ғимаратың нақты от төзімділік дәрежесінің анықтаулары құрылыс конструкциялрының төменгі қолдану аймағын анықтауға қажет.
Барлық нақты қажетті отқа төзімділік дәрежесін және құрылыс конструкциялар бойынша от тарау шегін енгізген соң ғимаратың нақты өрт қауіпсіздігіне сәйкестігі жөнінде қорытынды жасалады.
Ғимараттың өрт қауіптілігі және барлық параметрлерінің сәйкестігі келесі шарт орындалуы қажет:
О тр. = О ф. (3.1) П ф. = П тр.; (3.2) L = L (3.3)
мұндағы:
П ф., П тр - құрылыс конструкцияларының нақты және қажетті отқа төзімділік шегі.
L,L - - құрылыс конструкцияларының нақты және қажетті от тарау шегі.
ҚН және Е 3.02-02-2009 " Қоғамдық ғимараттар мен имараттар " п.1.14 Кесте 1.сәйкес 2-ші отқа төзімділік дәрежесінен кем болмауы керек сараптама нәтижесін кестеге енгіземіз.
кесте 1
№ пп
Конструкцияның аталуы және қысқаша сипаттамасы
Жобамен қабылданған
Пунктерге сілтеме
Қандай от төзімділікті ғимаратта қолданылады
Норма боынша талап етіледі
Пункт нормаларына сілтеме
Қорытынды

Пф, ч.
Lф, см.

Птр, ч.
Lтр, см.

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.

1.
Сыртқы қабырғалар: жоба бойынша кірпіштен, қалыңдығы 440мм

4

0

Кесте. 4

I

2.5

0
ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009

Сәйкес келеді

2.
Бөлу қабырғалар
қалындығы 65 мм кірпіш

2.5

0

Кесте. 10 п.1

I

0.25

0
ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009
Кесте 2

Сәйкес келеді

3.
Ішкі қабырға қалыңдығы 120 мм кірпіштен

2,5

0

Кесте. 3

II

0.25

0
ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009
Кесте 2
Сәйкес келеді

4.
Бөлу қабырғалар
қалындығы 120мм кірпіш.

2.5

0

Кесте. 10 п.1

I

0.25

0
ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009
Кесте 2

Сәйкес келеді

5.
Баспалдақ торының қабырғаларының қалыңдығы 440 мм

4

0

Кесте 4

I

2.5

0
ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009
Кесте 2
Сәйкес келеді

6.
Жылулық қаптағыш:
Минералды плиталар =300

0.25

0

Кесте 14 п.30

II

0.25

0
ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009
Кесте 2
Сәйкес келеді

7.
Жылулық қаптағыш:
Пенобетонды γ=300

0.25

0

Кесте. 14 п.28

II

0.25

0
ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009
Кесте 2
Сәйкес келеді

8.
Жабулары: плита қалындығы 200 мм контур бойынша тіреу 45 мм панелді дөңгелек қуысты темірбетон құрамасы

2

0

Кесте. 8

I

0.75

0
ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009
Кесте 2.

Сәйкес келеді

9.
Баспалдақ алаңы темір бетонды қалыңдығы 220 мм.

3

0

Кесте. 4

I

2.5

0
ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009
Кесте 2
Сәйкес келеді

10.

Баспалдақтар темірбетонды қалындығы 220 мм.

3

0

Кесте.4

I

2.5

0
ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009
Кесте 2
Сәйкес келеді

11.
Косоурлар балка ені 120 мм. арматура осіне дейінгі қашықтығы 45 мм.

1

0

Кесте. 6

I

1

0
ҚР ҚН жәнеЕ 2.02-05-2009
Кесте
Сәйкес келеді

12.
Болат балкалар, прогондар, ригелдер және статикалық фермалар тіреу кезіндегі плиталар және жоғары белбеулі төсемдер t=3 см.

0.45

0

Кесте 11 п.1

II

0.25

0

Кесте 2.

Сәйкес келеді

13.
Жабын плиталар подвал үстіндегі ауыр темір бетондар қалыңдығы 220 мм, арматура осіне дейінгі қашықтығы 70 мм.

3

0

Кесте.8

I

1

0

Кесте 2.

Сәйкес келеді
Қорытынды: құрылыс конструкцияларының сараптамасы кезінде ешқандай ауытқулар байқалған жоқ, барлық құрылыс конструкциялары ғимараттардың от төзімділік дәрежесінің талаптарына сай.

3.2 Ішкі жоспарланудың сараптамасы
Ғимараттың ішкі жоспарларына барлық өртке қарсы талаптарына шешімдердің тексерістеріне жататын тізімі барлық шешімдердің қысқаша жоспарлық сипаттамасы және тапсырманың қысқаша шешімдік жоспарлы сипаттары енгізілдуі тиіс.
1.Ғимараттың өрт отсектеріне бөлу себептеріне алаңнан бастап фукционалды арналуы және өрт қауіптілігі жатады.
2. Бөлмелерді немесе өрт отсектеріне бөлу себептерінің мақсатына:
өрт қауіптілігі бойынша түрлі өндірістік процестер ;функционалды
тағайындалуы бойынша процестер немесе бөлмелерді бөлу жатады;
өрт қауіптілігінің бірікпеген процестерді оқшаулау;
бөлмелердің аса құнды материалдарымен, жабдықтарымн оқшаулау;
улы заттары бар процестерді оқшаулау жатады;
3.Ғимараттың цокольді және жертөле қабатын оқшаулау; жертөле
үстіндегі жабулардың отқа төзімділігі; бірінші қабаттан шығулардың
болуы; жертөле ерікті кірулердің болуы.
4.Баспалдақ торын ғимараттың зге бөлмелерінен оқшаулау.
Көп салалы ғимараты екінші отқа төзімділік дәрежесіне жатады, олардың өртке қарсы талаптарына сәйкестігін ҚР ҚН және Е 3.02-02-2009 " Қоғамдық ғимараттар мен имараттар" жоспарлық шешіміне сай келетіндігін тексереміз. Жүргізілген сараптама нәтижелерін екінші кестеге енгіземіз.

Кесте 2

пп
Не тексеріледі
Жобада қарастырылған
Норма бойынша талап етіледі
Нормаға сілтеме
қорытынды
1
2
3
4
5
6
1.
Ғимараттың өрт отсектеріне бөлу қажеттілігі:аудан, функцияналды тағайындалуы, өрт қауіптілігі бойынша .
Жоба бойынша ғимараты өрт отсектеріне бөлу қарастырылмаған
өртке қарсы қабырғалар арасындағы аудан 4000 м2 құрайды
ҚР ҚН жәнеЕ
3.02-02-2009
Кесте 1
Сәйкес келеді
2.
Шатырға шығуды орындау
Жоба бойынша өлшемдері 1.08x1.53 м.люктер арқылы шатырға шығулар қарасатырылған
Биіктігі 5-қабатты және қоғамдық ғимараттарда өлшемдері 0.6x0.8 м люктер арқылышатырға шығулар орындауға рұқсат етіледі, және болат сатылары арқылы.
ҚР ҚН жәнеЕ
2.02-05-2009
п.6.4
Сәйкес келеді
3.
Шатырға шығулардың саны.
Шатырға екі шығу қарастырылған. Төсем ауданы 1861.2 м[2] құрайды.
Шатыр бөлмесі жоқ қоғамдық ғимараттарда әрбір толық және толық емес төсемнің 1000 м[2] ауданына бір шығу қарастырылады..
ҚР ҚН және Е 2.02-05-2009
п.6.3
Сәйкес келеді
4.
Инженерлі жабдықты подвал бөлмелерн өртке қарсы аражабындармен бөлу қажеттілігі.
Жоба бойынша инженерлі жабдықты подвал бөлмелерін өртке қарыс аражабындармен бөлу қарастырылмаған.
Подвал қабаттарында орналасқан инжнерлі жабдықтар бөлмелері және коммуникацияларды өткізуге арнауларды өртке қарсы аражабындармен бөлу қажет .
ҚР ҚН жәнеЕ
2.02-05-2009
п.5.4.
Сәйкес келмейді.
5.
10 м ден жоғары ғимараттарда шатырға шығуларды орындау.
Жоба бойынша шатырға шығу баспалдақ торларындағы люктер арқылы жүргізіледі.
10 м-ден жоғары ғимараттарда шатырға шығуларды баспалдақ торлары арқылы жүргізу қажет.
ҚР ҚН жәнеЕ
2.02-05-2009
п.6.4.
Сәйкес келеді
Қорытынды: көлемді жоспарлы шешімнің сараптама барысында жобада бөлінген бөлмелер жертөле қабатында және инженеплік қаптырмалар мен жабдықтардың тағайындалуы басқа бөлмелерден өртке қарсы аражабындар ҚР ҚН және Е 2.02-05-2009 сай орнатылғандығы байқалды. Рентген кабинеттері мен палаталар ҚР ҚН және Е 2.02.05-2009 П. 2. 15 талаптарына сай орналастырылған; адамдарды көшіруге арналған баспалдақ торлары ҚР ҚН және Е 3.02-02-2009 п.1.97. цоколдік және жертөле қабатарынан оқшауланбаған.

3.3.Өртке қарсы бөгеттердің сараптамасы
Ғимараттар мен имараттардың ішкі жоспарлануының сараптама нәтижесі өрт отсектері мен секцияларына бөлуді талап етеді, өртке қарсы бөгеттердің түрін орнатуды, яғни өртке қарсы бөгеттердің сараптамаға қайта салынып жүгізілуін қажет етеді.
өртке қарсы бөгеттердің түрінен жобада қарастырылған тексеру нәтижелері келесі элементтерді қамтиды.
Өртке қарсы қабырғалар
1. Өртке қарсы қабырғаларын тұрғызу қажеттілігі .
2. Ғимаратты өрт отсектеріне бөлу үшін өртке қарсы қабырғалардың
саны.
3. Өрт отсектері шегінде бөлмелерді бөлу үшін өртке қарсы
қабырғалардың саны.
4. Өртке қарсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот тауартану сараптамасы
Мемлекеттік экологиялық сараптама нысаналары
Құрылыс конструкциялардың сараптамасы
Қазіргі жағдайларда аңшылық орналыстыру
Сот сараптамасының жіктелуі
Арнаулы білімдерді пайдаланудың непзп нысаны ретіндеп сот сараптамасы
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Өртке қарсы қабырғалар
Сот сараптамаларын жіктеу
Пәндер