Қазақ жастары арасындағы интеллектуалды миграция


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Ақтөбе қаласы «физика - математикалық

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»

дербес білім беру ұйымының филиалы

Қазақстан тарихы

Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаларға сәйкес тақырыптың бағыты:

Социологиялық зерттеулер

Тақырып: Қазақ жастары арасындағы интеллектуалды миграция

Cөз саны: 2652

https://text. ru/antiplagiat/unauthorized - 94. 95%

https://content-watch. ru/text/- 100%

Орындаған: Мұстахимов Темірлан

Жетекші: Аязова З. К.

Ішкі модератор: Аязова З. К.

Зерттеу жұмысын растайтын мәлімдеме

Мен осы зерттеу жұмысым өзімдікі екенін және оның сенімді екенін жариялаймын. Барлық ресурстар мен дереккөздер расталған және басқалардың ресурстары мен дереккөздері қолданылған жағдайда сілтеме жасалынған.

Мұстахимов Темірлан Изображение выглядит как текст Автоматически созданное описание

Ақтөбе, 2022

Мазмұны:

І. КІРІСПЕ2

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ3

ІІ. І. Интеллектуалды миграция дегеніміз не ?3

ІІ. ІІ Жалпы әлемдегі және Қазақстандағы интеллектуалды миграцияның жағдайы/ таралуы. . 3

ІI. ІІІ. Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды миграцияның қандай салдары бар?. 4

ІІ. IV. Әдіс-тәсілдер:5

II. V. Бағалау:6

ІІ. VI. Нәтиже:7

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ8

III. I: Қорытынды:8

III. II: Ұсыныс:9

III. III: Рефлексия:9

ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі:10

V. ҚОСЫМШАЛАР11

Кілт сөздер: Интеллектуалды миграция, эмигрант, шет ел, болжам.

І. КІРІСПЕ

I. I. Тақырып өзектілігі:

Қазіргі таңда, әлемде еліміздің экономикалық және социалогиялық бағыттарда жарқын болашағы болжануда, және бұл пікірге негіз бар. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда демографиялық деңгейдің күрт өсуі байқалды, мысалға осы 2021 жылғы санақ негізінде халық саны 18 млн. 960 мың адамға жеткендігі анықталды. [4] Және бұл, жаһандану арқасында азаматтардың өз мекен-жайын еркін, қалаған жерге өзгертуге мүмкіндігі барын ескермегенде. Алайда соңғы жылдарда, елімізде эмиграциялық көштің жаңа ағыны байқалуда. Бұл ретте елімізден кеткен адамдардың тең жартысынан көбі, білікті кадрлер ден тұрады. Мысалға, танымал статистикалық мәліметтер сайтты finprom мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қаңтар-наурыз айлары арасында 933 техникалық сферадағы білікті мамандар қоныс аударды. Сондай-ақ, елден 466 экономист, 249 педагог, 186 дәрігер, 113 заңгерде мекен ауыстырған болатын. [3]

I. II. Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері:

Әлеуметтік зеpттеyдiң түрлі әдістеpiн қолдана oтыpып, интеллектуалды миграцияның Қазакстан Республикасының әлеуметтік жағдайына тигізетін әсерін зерттеу, шешу жолдарын анықтау және қандай іс-шараларды колдану кажет екендігін ұсыну .

I. III. Зерттеу сұрақтары:

  1. Интеллектуалды миграцияның кері әсерінен, еліміздің болашағы қалай өзгермек?
  2. Қазақстан үшін оның салдары қандай болмақ?
  3. Интеллектуалды миграция тудырған мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді негізге ала отыра, Қазақстан осы үрдіске қандай шаралар қолдануы тиіс?

I. IV. Зерттеу гипотезасы:

Қазіргі таңда интеллектуалды миграция ағымын елең етпеу, болашақта мемлекетке әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарға алып келеді деп ойлаймын. Менің гипотезам бойынша болашақта ақыл көші процессі қарқымын азайтып, мәселе шешіледі, алайда ол үшін ұзаұ уақыт пен еңбек қажет.

I. V. Пайдаланылған әдебиеттерге қысқаша шолу:

Мен негізгі дереккөздер ретінде сұхбат және сауалнаманы қолдандым. Ал қосалқы ақпарат ретінде БАҚ(Бұқаралық ақпарат құралдары) және ғылыми кітап мақалалары алынды. Сұхбат пен сауалнамадан алынған деректер, тақырыпты толық ашуға мүмкіндік бермегенімен, көзделген аудиторияның пікірі анықталды. Және ғаламтор мен кітап көздері шет тілде жазылғандықтан, олар қазақ тіліне аударылып, өңделген. Ол арқылы мен қажетті статистикалық мәліметтерді қолданып, зерттеу сұрақтарына жауап ала алдым. Сұхбаттағы ашық сұрақтарға алынған жауаптар, мәселені тереңірек қарауға, ал 50 ден астам қатысқан сауалнама нәтижесі қорытынды құруда көп септігін тигізді.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ І. Интеллектуалды миграция дегеніміз не ?

«Интеллектуалды миграция» (ағылш. brain drain) - мамандардың, ғалымдар мен білікті жұмысшылардың өз елінен саяси, экономикалық, діни немесе басқа да себептер бойынша жаппай шығу үдерісін, яғни эмиграциялық процесті сипаттайды. [10] Әрине, бұл ретте мамандарының бір бөлігі сыртқа кеткен елдерге айтарлықтай экономикалық, мәдени, ал кейде саяси залалы келтірілсе, керісінше, иммигранттарды қабылдайтын мемлекеттер үлкен және арзан зияткерлік капиталға ие болады. Мысалға, Ресейде 1990 жылдары әрбір бесінші эмигранттың жоғары білімі болды, оның ішінде, АҚШ -қа қоныс аударғандардың ішінде - 40% - дан астам, ал Канадаға көшкендердің 60%. [2] Және бұл сол кездегі Ресей мемлекетіндегі жоғары білімі бар адамдардың үлесі 13 пайыздан әрең асатындығын есептегенде. Қазіргі кезеңді айтар болсақ, жағдай одан әрі ушықпағанымен әліде өзінің өзектілігін жоғалтпады, себебі 2017 жылдың өзінде әлемде мигранттар саны 277 млн-ға жетсе, оның 164 млн-ы еңбек мигранттары болып табылады. [5] Және олардың саны тек жыл санап артып келе жатыр десек болады.

ІІ. Жалпы әлемдегі және Қазақстандағы интеллектуалды миграцияның жағдайы/ таралуы.

Соңғы он жылда әлемде өз елінен тыс жерде жоғары білім алатын студенттер саны 70%-ға өсті. ЮНЕСКО статистика институтының есебіне сәйкес, 1999 жылы шетелдік студенттер 1, 68 млн болса, 2014 жылы осындай студенттердің саны 207 млн-ға жеткен. [7] Бұның себебін әйгілі BBC медиа корпорациясының 2001 және 2006 жылғы мақалаларынан кездестіре аламыз. Онда мигранттардың көп бөлігі Кариб аралдары, Африкадағы бұрынғы еуропа елдерінің колониялық жерлері және шығыс еуропа аумағындағы бұрынғы социалистік мемлекеттерден келетіндігі айтылған. [8] Аумақтар әртүрлі болғанымен себептері бірдей, ол перспективті және тиімді жұмыс орындарының болуы, әлеуметтік жағдайлардың қолайлырақ болуы. Тіпті өзіміздің жастарымызды алар болсақ, осы себептермен кеткен оқиғалар көп, мысалға ЕҰУ бакалавры мен италиялық Università Cattolica del Sacro Cuore, ASERI магистрі болған Асия Диас, Италиядағы оқуын бітірген соң, өмірін сол жақтағы ірі компанияда жалғастыруға шешім қабылдаған. Алайда, халықаралық қарым-қатынастар маманының сөзінше, егер де елімізде карьералық перспективасы бар, лайықты жалақы ұсынғанда, ол елге қайтуы да мүмкін еді. [6]

Өзге елдердегі ресми деректер бойынша айтар болсақ, Солтүстік-Батыс Африкадағы Марокко мемлекетінде мысалға 2018 жылы 600 инженер және 8000 жоғары буын басшылығы мамандары өз елдерінен қоныс аударған, оған қоса Марокконың негізгі рекрутингтік агенттігі ReKrute-дегі зерттеу негізінде, елдегі 35 жасқа дейінгі адамдардың 91 пайызы да осыны қалайтындығын анықтаған. Және бұл тек жалғыз Мароккода ғана емес. Бұл мәселенің ауқымдылығын біз, БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясында (ЮНКТАД) келтірілген, “Африка елдері өз мамандарының миграциясынан туындаған шығынның орнын толтыру мақсатында, жыл сайын $4 млрд. жұмсайды” деген дерегінен көре аламыз. [1]

Қазіргі таңда Қазақстандағы интеллектуалдық миграция көлемі және жағдайы туралы мәліметтер аз, себебі миграциялық қозғалыстардың тек көші-қон процессі тұрақты кезде ғана статистикалық көрсеткіштер құрылады. Оның тағы бір себебі, мамандардың азаматтықты өзгертпей, еңбек визасы, не болмаса уақытша келісімдер арқылы шыққаннан кейін, ҚР. Білім және Ғылым Министрлігінде ақпарат жинау қиныға соғады. Тағы бір мән беретін жәйт, білім эммиграциясы интеллектуалды миграция үрдісінің синонимі емес, оның бір саласы болып табылады. Жеке сол саланы қарастырақ болсақ, шет мемлекетте білім алу тенденциясы қазазқ жастары арасында артып келе жатыр. Өткен 2014 жылғы мәліметтерге сұйенер болсақ, елімізден тыс жерде 45000 қазақстандық білім алса, оның ішінде 9760-ы Қытай жерінде, 4000ға жуығы Ұлыбританияда, 1500 жуығы Малайзияда, БАӘ-терінде 715, Түркияда - 783 студент білім алады. [9] Және бұл көрсеткіш жыл санап, тек артып келе жатқаны байқалады. 2015 жылғы NUR. kzотандык ақпараттық-интернет порталындағы мақалада, ресми деректерді қолданғанның өзінде, мемлекет 3000 студентке 87 маман­дық бо­йын­ша дүниежүзіндегі 32 елге оқуға мүмкіндік беруде[10] . Сонымен қатар, көршілес Ресейдің миграция қызметінің ресми деректеріне сұйенсек, 2014 жылы ондағы жоғару оқу орындарында 26600 жас азаматтарымыз болса, 2017 жылға олардың саны 78000 ға жеткен болатын. Бұл Ресейде білім алуға деген қызығушылықтар артып келе жатқанының айқын дәлелі. Жоғарыда аталып өткендей, уақытша немесе келісімшарт бойынша кеткен жастардың, шет елді тұрақты мекеніне айналдыру, яғни уақытша миграциядан тұрақтыға көшу тенденциясы көп көрініс алып отыр. Сол себепті, шет елдік білім алған жас мамандарға назарымызды салу қажет. Елімізде жүріп жатқан уақытша миграцияның тұрақты миграцияға айналу тенденциясын жоққа шығаруға болмайтынын ескерсек, біз қазіргі таңда елдің әлеуметтік дамуына қауіп-қатер төндіретін "білімділердің көшуі" мен интеллектуалды миграцияның жаңа сатысында орналасамыз.

ІIІ. Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды миграцияның қандай салдары бар?

Зияткерлік көші-қон-бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін теріс және оң салдарларға ие күрделі процесс. Интеллектуалды көші - қонның салдары туралы ойлана отырып, оның жағымды жақтары білім алмасу тұжырымдамасымен, ал жағымсыз жақтары экономикалық шығындар мен ақпарат ағынының ауыртпалығы тұжырымдамасымен байланысты деп қорытынды жасауға болады. Алайда, жағымсыз жағынан және олар келтірген зиян жақсырақ, сондықтан олар донор мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсер етеді. Бір мемлекетте де, басқаларында да пайдалы болатын зияткерлік көші-қонның әсерін келесі статистика арқылы бақылауға болады. 1990 жылдан бастап Америка Құрама Штаттары Ресейден, Азиядан және әлемнің басқа елдерінен 1 миллион адамды тартты, ал қаржылық есептер бойынша 500 миллиард доллар ағынын көрсетеді. [11] Басқаша айтқанда, соңғы 20 жыл ішінде Қазақстан білінбей өтіп жатқан Зияткерлік көші-қонның экономикалық салдарларынан зардап шекті. Бұл тұжырымдаманы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Әбілқасымова ханым да атап өтті. Ол өз сөзінде: "егер квалификациясы жоғары мамандардың көшу ағыны байқалса, онда олардың орнын квалификациясы жоқ мамандар толықтырады. Ал бұл өз тарапында, қоныс аударған мамандарды ауыстыру және жаңа күш мамандарын қайта даярлау нәтижесінде мемлекеттің тоқырауына әкелуі мүмкін” . [13]

Студенттермен бірге жоғары білікті мамандар да кетіп жатыр. Статистика комитетінің деректері бойынша Қазақстандағы көшіп келу ағындарының көпшілігін Орталық Азия мемлекеттерінде тұратын этникалық қазақтар, яғни репатриацияланған оралмандар құрайды. Өкінішке орай, иммигранттардың білім деңгейі эмигранттардың деңгейінен төмен. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми деректеріне назар аударсақ, егемендік алғаннан кейінгі 25 жыл арасында, яғни 2016 жылға дейін, еліміздегі халықтың 5, 5 пайызын құрайтын, оралман мәртебесін алған 957 772 репатриант негізінен этникалық қазақ болып табылады. Еңбекке қабілетті оралмандардың 8, 8% жоғары-оқу орнын бітірген б, 20, 6% арнайы орта білімді игерген, 60, 8% жалпы орта білім беру мекемесін тәмәмдасса, 9, 8% мүлдем білім алмаған екен. [12] Статистиканы талдағаннан кейін білікті мамандар елден кетеді, білікті емес адамдар келеді және бұл құбылыс мемлекет экономикасына және тұтастай дамуға теріс әсер етеді деп қорытынды жасауға болады.

ІІ. III. Әдіс-тәсілдер:

Жазбаша түрде зерттеу процесінде келесі зерттеу әдістері қолданылады: тақырып бойынша тиісті әдебиеттерді іздеу және жинау, бұқаралық ақпарат құралдарына шолу жасау арқылы фактілер мен сандық мәліметтерді алу,, диалогтар мен жүйелерді статистикалық мен сапалық әдістеме жүргізуде қолдану. Барлық сұхбат алушылардың жауаптары толықтай талданды және өңделді. Сауалнама, талдау және диалог нәтижелері диаграммалар мен кестелер түрінде ұсынылған. Ресурстар олардың маңыздылығына байланысты таңдалады. Сенімді дәлелдер мен сенімді ақпаратты табу және дұрыс пайдалану мақсатында, тек сенімді интернет-ресурстар, кітаптар және басқа да медиа-деректер қолданылады. Жиналған және таңдалған дереккөздердің жаңа болуын мен өзектелігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ресурстарды жарияланған мерзімінен үш жылдан артық уақыт болмауын қамтамасыз ету үшін, шығу уақыттының болуы міндеттеліп, тек жаңа ақпарат көздері қолданылған. Зерттеу әдісі ақпаратты жинаудың сандық және сапалық әдістерін кеңінен қолдануға негізделген. Зерттеуге қатысқан 30 респондент болды, және олардың жас аралығы 15 ден 18 жасты құрайды. Сауалнама әдістері өте кең таралған және әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: телефон, электрондық пошта және Интернет арқылы surveymonkey. com секілді сауалнамалар құру платформалары көмегімен. Бұл 6 сұрақтан тұратын әлеуметтік сауалнама, 11-12 сынып оқушыларынана алынды. Бұл жастарға өтпелі кезеңнің мақсаттарын түсінуге көмектеседі және зерттеудің себептерін анықтауға және олардың теорияға әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Диалог 4 сұрақтан тұрады. Қатысушылар арасында әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтардың өкілдері таңдалды. Бұл клубқа білім беру мәселесін түсінуге және осы зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер туралы айтуға мүмкіндік береді. Сұхбат алушылардың ыңғайлылығы үшін әңгімелер блокнотқа жұргізіледі. Сұхбат шамамен 10-15 минутқа созылды, оның барысында әртүрлі құрылымданбаған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

II. IV. Бағалау:

Қазіргі Қазақстандағы интеллектуалды миграция әсерін бағалау

S
W
S:

Жаратылыстану ғылымдарды тереңдетіп оқуға бағытталған жаңа білім беру жүйесін дамыту және жүйелі түрде енгізу. Мысалы, Назарбаев Зияткерлік мектептері.

Жұмыс орнындағы төмен бәсекелестік басқа елдердің мамандарын Қазақстанға қоныс аударуға тартады.

W:

Жоғары технологиялық өндірістердің болмауы ғылыми кадрлар мен осы саладағы жоғары білікті мамандар үшін жұмыс орындарының болмауына әкеледі.

Қытай мен Ресей секілді өте мықты бәсекелестердің жақындығы біздің мамандарымызды осы елдерге коныс аударуға жақсы ұсыныстар мен қолайлы өмір сүру жағдайлары үшін жұмылдырады.

S: O
W: T
S: Ғылыми кадрларды, дүниежүзілік аты бар инженерлерді тарту мамандардың тапшылығын азайтады және ғылыми салада, экономикалық өсімде дамуына ықпал етеді.
W:

Білім алуға жұмсалған бюджет шығындары ақталмай қалуы.

Сауалнама көрсеткендей, жоғары академиялық үлгерімі бар студенттердің көпшілігі шетелде оқуға кетіп, тұрақты тұруға ниет білдірді. Демек, еліміздің зияткерлік әлеуетін жоғалту қаупі бар.

Интеллектуалды миграция жағдайына PEST талдау

Фактор
Қандай мүмкіндік береді?
Қандай қауіп-қатерді төңдіреді?
Фактор: Саяси
Қандай мүмкіндік береді?: Халықаралық байланыстардың кеңеюі.
Қандай қауіп-қатерді төңдіреді?: Зияткерлік ұйымының әлсіреуі ішкі тұрақтылық пен бейбітшілікке қауіп төндіреді.
Фактор: Экономикалық
Қандай мүмкіндік береді?: Тауарды өндіруге және де салықтарды төлеуге дайын арзан еңбек күшінің келуі.
Қандай қауіп-қатерді төңдіреді?: Білім беру жүйесіне бөлінген бюджеттің шығындарын жылпы дамуымен дәлелдемеуі.
Фактор: Әлеуметтік
Қандай мүмкіндік береді?: Жұмыс орны үшін бәсекелестіктің төмендеуі
Қандай қауіп-қатерді төңдіреді?: Адам капиталының күрт төмендеуі
Фактор: Технологиялық
Қандай мүмкіндік береді?: Ғалымдардың имиграциясы иновациялар мен технологиялардың Қазақстанда дамуын қамтамасыз етеді.
Қандай қауіп-қатерді төңдіреді?: Зияткерлік эмиграциясы технологиялық жағынан дамуына кедергі жасайды.

ІІ. V. Нәтиже:

Сауалнама нетижесі:

№1 Дәл қазіргі уақытта мектептегі үлгеріміңіз қандай?

Бірінші сұрақтың нәтижесі бойынша 37% үздік, 55% жақсы, 7% қанағаттанарлық, 1 % қанағаттандырмайтын үлгеріммен оқитындығы анықталды (1-диаграмма) .

№2 Болашақта шет елде жоғары білім алу жоспарыңызды бар ма?

Бұл сұраққа 27% респондент теріс жауап берсе, 73% респондент шет елде білім алуға ынтасын жеткізді (2-диаграмма) .

Анализ бойынша, сұхбат алынған 100 адамның шет елде оқудан бас тартқандардың көбісі төмен үлгеріммен оқитындар болып шықты, ал шет елде оқуға тырысатындар жақсы оқу үлгеріммен оқитындар. Демек, үздік студенттер мемлекеттен болашақта кетуге жоспарлайды.

№3 Не себепті шет елде оқу мүмкіндігі сізді қызықтырмайды?

Шетелде білім алуға қаламайтын 27% студенттер көрсетілген себептері туралы кестеде көрсетілгендей, респонденттердің 33. 3% негізгі себебі ретінде қаржылай қолдау жоқтығын атап көрсетсе, басқа 33. 3% елден кетудің қажеті жоқ деп санайды, олардың ойынша Қазақстанда да таңдаған мамандық бойынша жақсы жетістіктерге жетіп, одан әрі карьерлік баспалдақ бойынша дамуға болады (3-диаграмма) .

№4 Не себепті шет елде оқу мүмкіндігі сізді қызықтырады?

Дегенмен, 49, 3%-ы шет елде оқуға ынтасын жоғары сапалы білім мен халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарға айналуға мүмкіндікпен байланыстырды (4-диаграмма) . 24, 7% -ы Қазақстанда таңдалған салада техникалық жабдықталудың жеткіліксіз деңгейі мен жеке бас даму мүмкіндіктерінің жоқтығы мемлекеттен кетудің негізгі себебі ретінде есептейді.

№5 Қалаған еліңіз? (Сіз қайда оқуды жалғастырасыз?)

Сауаланаманың бесінші сұрағына жауап бергендердің 29% -ы АҚШ-ты, 18% Чехияны оқу үшін тиімді ел ретінде таңдады (5-диаграмма) . Бұл екі ел шетелден келген студенттерге берілетін көптеген гранттар мен стипендиялармен белгілі. Сонымен қатар, АҚШ өзінің ғылыми сферада жетістіктермен, инновациялар мен технологияларымен бүкіл әлемге белгілі ел болып табылуымен студенттердің жауаптарын түсіндіруге болады.

№ 6 Егер сіз шетелде оқысаңыз, оқығаннан кейін шетелде тұруды жоспарлап отырсыз ба?

Алтыншы сұрақтың нәтижесі көрсеткендей, 38, 4% оқуды аяқтағаннан кейін шетелде қалуға қалайды, 28, 8% -ы қайтқысы келеді. Демек, көпшіліктің шет елде қалу ойы мемлектіміз үшін экономикалық және әлеуметтік жағынан шығынға ұшыратады (6-диаграмма) .

Сұхбат нетижесі:

Өткізілген сұхбат халықтың интеллектуалды көші-қонуға байланысты ойын білу үшін алынған болатын. Сұхбат алу барысында келесі нәтижелер алынды. Көбісі бүгінгі күні интеллектуалды миграция мемлекет үшін басты мәселелердің бірі екенін және бұл жұмыс жасау күшіне және де елдің даму потенциалына әсер ететіндіктен айтты. Көпшіліктің өзге мемлекетке кетуінің басты себебі - сапалы білім алу үшін және дамыған ортада таңдалған сала бойынша даму мен тәжірибе алу. Келесі жиі белгіленген жауап - шетелде зияткерлерге жасалған жағдай, оның ішінде стипендия көлемі, жоғары жалақы жəне шығандардың өтелуі. Бұл өз кезегінде студенттерді жəне жоғары дəрежелі мамандарды қызықтырады. Сұхбат берушілердің жауаптарын зерттей отыра, байқайтынымыз - көбісі интеллектуалды көші-қонуды жақсы жақтарына қарағанда жаман жақтарымен байланыстырады. Көбісі интеллектуалды миграцияны бәрі өзге мемлекеттердің қызықтыратын ұсыныстарымен және елімізде жаңа мамандардың ғылыми бағытта даму мүмкіндігінің жоқтығымен байланыстыруынан ғылыми орталықтар мен лабораторияларға ақша бөлу және инвестиция жасау осы мәселені шешудің негізгі шешімі деп есептейді. Өмір сүру деңгейін көтеру және мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету - сұхбат берушілердің ұсынған шешімдерінің бірі. Осыдан мынандай қорытындыға келуге болады, қоғамның ойы бойынша мемлекет ғылыми кадрларды дамытуда барлық мәселелермен айналысуға міндетті.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ III. I: Қорытынды:

Зерттеу барысында интеллектуалды миграцияның Қазақстанға әсерлері жан-жақты қарастарылып, келесі қорытынды жасалынды:

● Интеллектуалды еңбектің маңыздылыңының үлкеюі, жоғары дәрежелі мамандардың миграцияға жиі баруы, бұл үдеріске барлық дерлік мемлекеттердің қатысты болуы, үдерістің тигізетін әсері мен дамыған мемлекеттердің жасанды иммиграциялық саясаты - интеллектуалды миграцияның сыртқы саясаты назар аударарлық басым бағыттардың бірі болуы керектігін дәлелдейтін факторлар.

● Халықтың интеллектуалды қоныс аудару процесі оң және теріс салдарға ие және де оның сипаты эмиграцияның иммиграцияға қатынасына байланысты. Иммиграция көбінесе жағымды салдарды әкелсе, эмиграция экономикалық залалды әкеледі. Интеллектуалды миграция қабылдап алушы мемлекеттке пайдалы, себебі бұндай мемлекеттер өзіне қолайлы кадрді тандауға мүмкіндік алады, сонымен қоса, жұмысшылар мемлекеттің экономикалық әлеуетін көтереді. Егер миграция уақытша сипат алса, жіберуші мемлекеттерге тиімді, себебі ол қосымша капитал көзі бола алады.

● Қоғамдық сайттан жиналған статистика негізінде, сондай-ақ зерттеу барысында алынған мәліметтерге сүйенетін болсақ, келешекте Қазақстанда ғылыми кадрларды тарту мүмкіндігіне қарағанда зияткерлік әлеуетін жоғалту қауіпі үлкенірек деп қорытынды жасауға болады. Шетелдік білімді алу мүмкіндігінің қолжетімдігі, халықтың жоғары мобильділігі және ғылыми-зерттеу орталықтарының, жоғары-технологиялы өндірістердің болмауы, демек, ғылыми қызметкерлері үшін жұмыс орындарының жоқтығына байланысты көптеген жастар елден кетуге шешімді қабылдайды.

● Жоғары білікті мамандарды, жоғары академиялық көрсеткішке ие студенттерді жоғалту ғылым және ғылыми-негізделген өндірістердің, экономиканың даму үрдісін тежейді, білікті қызметкерлердің тапшылығын, әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігіннің төмендеуіне әкеледі.

● Халықтың мемлекеттен кету құлшынысының үлкеюін және үдерістің әсерін ескере отыра, біздің мемлекет интеллектуалды потенциалды сақтай отыра, үлкейтуге бағытталған тиімді миграционды модель құрастыру керек.

III. II: Ұсыныс: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы интеллектуалды миграцияның жағдайы таралуы
Сауалнаманың нәтижесі
Интеллектуалды миграция мәселесі бойынша қоғамның ойы
Демография және әлеуметтану
Қазіргі кездегі жұмысшы күшінің миграциялық тартылуы және негізгі орталықтары мен ауқымы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ
Бұғы, еліктің тәуліктік белсенділігі
Қазақстан Республикасындағы жұмыс күшінің көші-қоңы түрлері мен себептері
Қазақстандағы интеллектуалды миграцияға әлеуметтанулық талдау
Интеллектуалды миграция жағдайына PEST талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz