Құқықты түсіндірудің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және
Инжиниринг университеті

Бизнес және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Құқықты түсіндіру тусінігі түрлері

Орындаған: ЮП 19-7 тобының
Студенті: Өтепов Е.А
Рецензент: з.ғ.к.доцент
Абилшеева Р.Қ.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Құқықты түсіндірудің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1Құқықты түсінірудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2Құқықты түсіндірудің сатылары, әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Құқықты түсіндірудің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Ресми түсіндіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Бейресми түсіндіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта құқық туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар. Осы
ғылыми көзқарастар ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды
қалыптастырады. Құқық нормасы туралы бірнеше ой -пікірлер бар.
Соның барлығы бірнеше монография, оқулық, ғылыми статьяларда
орын алуда.
Тақырыбымның басты мақсаты: тақырыптың жалпы мазмұны мен
түсінігін жеткізе білу болып табылады. Ендігі кезекте ең алдымен осы
пәннің атына тоқтала кетуді дұрыс деп санаймын. Яғни, мемлекет және
құқық теориясы пәні деп арнайы қоғамдық өндірістік қатынастар мен
тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасқан мемлекет және құқықтың
негізгі категорияның пайда болып, заңдылықпен дамып, заң
ғылымының іргетасы болып танылатын білім жүйесінің жиынтығын
айтамыз. Бұл пәннің атын атаған кезде, біз бірден екі термин сөздерді
байқаймыз, яғни олар мемлекет және құқық. Енді, Мемлекет және
Құқық деген терминге біраз анықтама беріп өтейін. Мемлекет
басқару - қамтамасыз етушілік, қорғаушылық функт тілдерін жүзеге
асыру мақсатында арнайы ақпаратты иеленетін және елдің бүкіл халуы
үшін өз еріктерін міндетті етуге қабілетті, жария биліктің саяси-
аумакты, егеменді ұйымы. Ал құқық дегеніміз заңдарда, мемлекетпен
танылатын өзге де қайнар көздерде көрініс тапқан құқылы рұқсатты
(сондай - ақ тыйым салынған) жүріс -- тұрыстың жалпыға міндетті
нормалар жүйесі. Ал, Норма дегеніміз анықталмаған тұлғалар
шеңберіне және жағдайлардың шексіз санына қатысты мерзімі
жағынан үздіксіз әрекет ететін жалпыға ортақ жүріс - тұрыс ережесі.
Қоғамымызда құқықтық нормалардың ролі қазіргі кезде айрықша деп
айтуға болады. Себебі бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық
қатынастарды реттеудің ең тиімді де әділ жолдарының бірі болып
табылады. Жалпы құқықтық нормалар адамзат қоғамы үшін айрықша
орны мен мәні бар, ең бір жарқын құбылыс деп ойлаймын.
Адам қоғамында сан алуан құқықтық қатынастар, яғни байланыстар
туындайды. Осы құқықтық қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер
қағидалар, нормалар негізінде болады. Құқықтық норма - заңға сәйкес
келетін мінез, жүріс - тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Оның
өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде құқықтық нормаларсыз қоғамды немесе мемлекетті көз
алдымызға елестету мүлдем мүмкін емес, себебі осы күнг і өркениетті
қоғам үшін құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің
бірден бір басты құралына айналған деп айтар едім. Сол себепті, мен
өзімнің осы курстық жұмысымда құқықтық нормаларды және оны
түсіндірудің ұғымы туралы, соған қатысты мағлұмттардың барлығын
қарастырып, жан - жақты мәліметтердің барлығын теориялық тұрғыдан
жазып, жеткізуді өзіме басты максат ретінде алып отырмын. 3

1.Құқықты түсіндіру мазмұны
1.1 Құқықты түсіндірудің маңызы

Құқық нормасы (агыл. rulе оf lаw; нем. Rechtnormf;лат. norma -- улгi)
Құқықты білдірілу нысаны; қоғамдық қатынас саласындағы сол
немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы заң
жарлық ,қаулы міндетті тәртіп.
Біртекті қатынастарды реттеп, құқық саласын құрайтын (азаматтық.
қылмыстық, әкімшілік құқық және т.б.) құқық нормасының
жиынтығы. Құкық нормалары жалпыға міндетті күшке ие,
жауапкершілікті бұзған жағдайда, субъектілерге заңдық құқықтар
мен міндеттерді беруді қарастырады.
Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын
әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін
қорғаудын мемлекеттік билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы.
Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы
ережелермен реттейді. Жеке да норма немесе н ормалардың бір жүйесі
құқық бола алмайды. Құқык деп коғамның билігін, саясатын, мүддесін
іс жүзіне асыруды толык қамтыған нормативтік актілердің
жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың
маңызы зор.
Қоғамдық қатынастардың маңызды реттеушісі болып табылатын
құқық нормалары да мемлекет бекітетін талаптарға сай болуы қажет.
Уақыт пен қоғамның өзгеруіне байланысты, олар да объективтік
өзгерістерге ұшырап отыратыны объективтік заңдылы Бұл мақала
тақырыбына қатысты бірінші мәселе. Заңнаманы жүйелеудің екінші
мәселесі көптеген нормативтік актілерді, нормаларды пайдаланушыларға,
тіпті кейбір жағдайларда құқық қолданушылардың еліне де, ыңғайлы етуге
байланысты. Сондықтан құқық теориясында нормативтік құқықтық
актілерді жүйелеу мәселелері де терең зерттеледі. Олардың нәтижелері
қолданбалы сипатта, мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық қатынастарды
реттеуге аса қажет схоластикадан арылған күнделікті қарапайым өмірге
қажетті еңбектер мен ережелер.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы 20 жылдың ішінде мынаған
заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылданды. Ал ведомстволардын
жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік мекемелер
мен ұйымдардың кәсіпорындардың қабылданға кұкықтық актілерінің
санын шығару мүмкін емес. Міне, осындай массивті құқықтық
актілерді реттеу қажеттігі олардың бір - біріне қарама қайшылықтарынан,
деңгейлік орынсыздығынан сапасыз дайындалғанынан, бірінші кезекте
Қазақстан Республикасының қостілдік тәжірибесінен туып отыр.
Сондықтан ұлттық құқыктық жүйеде тұжырымдық кателер, тілдік
сәйкессіздіктер, аударма кателері аурулар (нормалар) шайқасы сияқты
кемшіліктер орын алып келеді. 4

Жалпы құқық теориясы бойынша жүйелеудің бірнеше түрі бар. Олардың
ішінде, негізгілері ретінде кодификациялауды, инкорпорациялауды және
консолидациялауды атауға болады. Олардың бәрі құқық теориясында
сипатталған. мойындалады және тәжірибеде кең қолданылады. Аталған
түрлерді жеке жұмыстар ретінде қарастыруға болады. Оларды жүргізу
тек топтастыру, жіктеу, кемшіліктерін түзету ғана болып табылмайды.
Сондықтан оларды жүргізген кезде құқықтық нормалар, міндетті түрде,
кешенді сараптамадан өткізілуі тиіс. Жүргізілетін ғылыми
сараптамалардың мақсаты -- нормалардың сапасын өңдеу арқылы
арттыру. Бұл жұмыс кешенді болғандықтан, сараптаманың бірнеше түрін
бірге жүргізуді қажет етеді. Сондықтан, Қазақстан Республикасында
қолданылатын ғылыми сараптамалардың құқықтық экономикалық,
криминологиялык сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық сияқты
түрлерімен бірге, жақында ғана институциялана бастаған
лингвистикалық сараптаманың да алатын орны ерекше. Ғылыми
лингвистикалық сараптама Қазақстан Республикасының тілдік саясатына
орай, казақ және орыс тілдеріндегі заңнамасының сапасын
арттыру у калегі құрал. Ұлттық заңнама сапасының төмен екендігін
онымі айналасып жүрген мамандардың бәрі мойындайды. Оған қоса
заңдардың қазақ тіліндегі кемшіліктерін жеке мүддесіне заңсыз оң
пайдаланып жүрген жеке және заңды тұлғалар аз емес көрінеді.
Сондықтан ұлттық заңнаманы жүйелеу -- нормаларды реттеу деп
түсінетін болсақ ғылыми лингвистикалық сараптама құқық нормаларын
тілдік қателіктерден тазарту деп түсінуге болады.

1.2 Құқықты түсіндірудің сатылары, әдістері
Құқықтық нормаларды түсіндіру дегеніміз күрделі ерік-ықтиярлық
процесс, оның мақсаты құқық нормасының дәл мағынасын анықтау
болып табылады.
Түсіндірудің объектісі (заты) заңдар мен заңдарға сәйкес шығарылған
актілер. Түсіндіру екі бөліктен - анықтау (айқындау) жөне түсінік
берулерден тұрады.
Түсіндіру - анықтау дегеніміз іштей ойлау процесі, ол субъектінің
Санасында жүріп жатады. Өйткені мұның құкықты қолданушы ойланып
барып жасайды.
Мұндай анықтауды құқық қолданушы тұлға өзі үшін және іштей жасайды,
сондықтан да оның сырттай көрінісі болмайды. Анықтау - құқықты
барлық нысандарында ( бұлжытпай атқару, пайдалануларда) жүзеге
асырудың қажетті шарты болып табылады. Анықтау әрқашанда түсінік
беруден бұрын жүргізіледі. Түсіндіру түсінік беру - түсіндірушінің өзіне
емес, қатынасқа түсуші басқа тұлғаларға бағытталады. Түсінік беру
нәтижесі жазбаша: ресми акт, құжат, кұқықтық акті немесе ауызекі:
кеңес, ұсыныс түрлерінде беріледі. 5
Сонымен құқық нормасына түсінік беру нормативтік құқықтық актілерді
білдірілген мемлекеттік ерік ықтиярдан мағынасын түсіндіру және оны
жазбаша мазмұндау болып табылады.
Құқық нормаларын талқылауддың қажеттілігі олардың белгілерінің сырт
көріністерінің ерекшеліктеріне байланысты. Құқық нормаларының
маңызды ерешеліктеріне бірі олардың жалпылама қиялдық абстрактылы
сипаты олардың күшінің көптеген субъектілерге және өмірлік жағдайлар
да қолданылуы. Сондықтан құқықтық нормалларды қолдану барысында
олар қиялдағы абстрактылы болғандықтан нормалардың мазмұнын нақты
қажеттігі туады. Сөйтіп құқықтық норманың мазмұнын нақтылы өмірлік
жағдайда жақындату керек болады.
Әрбір құқықтық норма қоғамдағы қатынастардың белгілі бір түрін
реттейді және де бұл реттеу жалпылама болады. Ал қоғамдық
қатынастардың белгілі түрі сан алуан нақтылы қатынасқа қолданғанда
оның ерекшеліктеріне байланысты кейбір жағдайларды анықтау қажет
болады. Сол сауалдарға құқықтық норманы талқылау арқылы дұрыс
жауап беруге болады.
Қоғамдық өмірде жаңа қатынастар пайда болып отырады. Оларды заң
дер кезінде реттеп үлгермеуі де мүмкін. Бірақ мұндай қатынастарды
қолданыста жүрген заңның мазмұны қамтуы ықтимал. Бұл жағдайды да
құқықтық норманың мазмұнын талдау арқылы анықтауға болады. Демек
әлгі құқықтық мазмұны заң ұқсастығы бойынша тікелей көрсетілмеген
қоғамдық қатынастарға да қолданылуы мүмкін.
Талқылаудың қажеттілігі құқықтық норманың сыртқы ресмилендірілуіне
Тілінің ерекшелігіне байланысты да тууы мүмкін. Заң шығарушы ойы пікірі
сөз сөйлем арқылы жазылады. Кейде қолданылған сөздің бір ғана
мағынасы болады, ал кейде оның бірнеше мағынасы болады. Құқықтық
норманы нақтылы қатынасқа қолданғанда осы жағдайды да ескеру аса
қажет болады. Кейде бір түсінік ұғым бірнеше сөздермен берілуі мүмкін.
Мысалы, міндет, қажет, `'солай істеу керек'', `'тыйым салынады'', я
болмаса `'қақысы бар'' ,``қақылы'' ,`'істей алады''т.с.с.
Құқық нормасын талқылау құқықшығармашылық үрдісінде құқықты
жүйелеуде және тіпті құқық субъектілері мемлекеттік өкілетті органдар
қоғамдық бірлестіктер және жеке азаматтар құқық актілерінде орын
алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру.
Құқықты талқылаудың қажеттілігі неде деген сұрақ туындайды.
1.Заңды нормалардың абстрактісімен байланысты. Құқық нормасы жалпы
cипатта. Сондықтан нақты оқиға осы норманың әрекетіне сәйкес келе ма
жоқ па дегенді нақты түсіндірген жөн.

6

2. Құқық шығармашылық үрдісінің жеткізіліксіздігі. Заң шығармашы
барлық құқық нормаларды нақты және ұсымды құрастыра алмайды.
Құқық нормасының мағынасын накты ғыну қажет.
3. Арнайы терминдерді түсіндіру қажеттілігі.
Құқық нормасын талқылау үрдісі өзі екі жеке дара сатыдан тұрады:
ұғыну және түсіндіру. Ұғыну-норманың мазмұнын өзін үшін сезіну түсіну
үрдісі. Түсіндіру - игерген құқық норма мазмұнын басқаларға жеткізу,
түсіндіру үрдісі. Түсіндіру тек қарапайым таным үшін емес құқық нормасын
зерттеу және құқық нормасын іске асыру мақсатын көздейді.
Құқық нормасының мағынасын әдістер (тәсілдер) мен талқылау көлемі
арқылы ұғынады.
Құқық нормаларын талқылау - құқық актілерінде орын алатын құқық
нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру. Талқылау барысында
нормативті нұсқаудың мазмұны, олардың әлеуметтік бағытталғандығы,
құқықтық реттеу жүйесіндегі ролі мәселелері шешіледі. Талқылау заңдық
нормалардын абстрактілігіне, арнаулы терминологияға, құқық
шығармашылық әрекеттің ақаулығына байланысты қажет. Құқықтық
нормаларды талқылау әрекетінің мақсаты заңдық нұсқауларды біртектес
дұрыс түстеуді және оларды орынды қолдануды қамтамасыз ету болып
табылады.
Талқылаудың екі жағы танылған:
:: мазмұнын субъектінің өзінің ұғынуы;
:: өзгелерге түсіндіруі.
Ішкі интеллектуалды процесс ретіндегі норма талаптарын ұғыну мен
құқық мазмұны туралы өзіндік тұжырымдарын құқықтық актіні қалай
түсіну қажеттігін көрсету мақсатында сыртқа шығару құқықты талқылау
ұғымына бірігеді.
Құкыкты талқылау мәселелері құқық қолдану мен құқықты жүзеге асыру
көлемінен асып кетуде. Себебі, ол мемлекеттік - құқықтық өмірді ғылыми
және үлгі тану процессінде дербес мағынаға ие. Сондай - ақ,
қолданыстағы құқықтың мазмұны туралы нақты түсініктің болуы
құқықшығармашылық әрекетінің барысында да аса қажет. Онсыз жаңа
құқықтық акт қабылдау немесе бар актілерді жүйелендіру мүмкіндігі
болмай қалады.
Талқылау объектісі болып заңдар және заңға бағынышты актілер
саналады. Оларда бекітілген нормалар ғана емес, актілердің преамбуласы
да, өзге де бекітілген ережелері маңызды болып табылады.
Талқылау пәні заңда көрініс тапқан заң шығарушының тарихи еркі
танылады. Заңды қолдану уақытындағы заң шығарушының да еркі
ескеріледі, себебі талқыланған актілерден кейінгі шығарылған құжаттар
да алдыңғы актінің мазмұны тікелей немесе жанама түрде бұзылуы
мүмкін. Әрине бұндай жағдай заңдылықтың қатаң режимі сақталған және
құқықтық тәртіп орнатылған жағдайда орын алуы мүмкін емес.
Талқылау әдісі дегеніміз құқық нормасының мазмұнын анықтауға
бағытталған амал, құрал, тәсілдердің жиынтығы.
Келесі әдістерді бөліп көрсетеді:
1. Кез келген құқықтық акт заң шығарушының ойын сөзбен өрнектейді.
Грамматикальс досі (тілдік) - тіл заңдылықтары, грамматика ережелері,
орфография көмегімен талқылау;
2.Логикаси - логика заңдылықтары мен ережелері көмегімен талқылау;
3. Жүйелік-құқық нормасының өзге нормаларымен жүйелік байланысын
анықтай отырып, оның нақты орнын ескере отырып шешу;
4. Тарихи-саяси нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси және нақты
тарихи астарын анықтай отырып түсіндіру;
5. арнаулы заңдық - заңнамада қолданылатын заңдық терминдердің
мазмұнын ашу арқылы талқылау.
Талқылаудың нәтижесі мәтін мен заңды нормалардың нақты мазмұнын
қатынастарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Осы қатынастан шыға
келе, көлемі бойынша талыклаудың үш түрі бар:
1. Сөзбе сөз кұқық нормасының мағынасымен оның мәтіндік көрінісінің
мағынасы дәлме дәл сәйкес келуі; мысалы, Парламент - Қазақстан
Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы
өкілді органы;
2. Шектеулі -- құқық нормасының нақты мағынасы оның мәтіндік
көрінісі болып табылған кезде қолданылады; мысалы, Балаларына
қамқорлық жасау -- ата - анасының парызы деген конститутциялық
нормада кәмелетке толмаған балалар туралы айтылуы:
3. Таралушы - құқық нормасының нақты мағынасы оның мәтіндік
көрінісінен кең мағынаға ие болған жағдайда; мысалы, сот тәуелсіз және
заңға ғана бағынады - деген жерде заң терминіне тек заңды ғана емес
басқа да сот жетекшілік ететін құқықтық - нормативтік актілерді
(Конституциялық кеңес пен Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын)
түсіну керек.
Талқылау тәсілдері құқықтық актілерді талдау әдістерінің салыстырмалы
ерекшеленген жиынтығы. Оның мынандай түрлері бар:
-- грамматикалық (тіл заңдылықтары, грамматика ережелері, орфография
көмегімен талқылау);
-- логикалық (логика заңдылықтары мен ережелері көмегімен талқылау);
-- жүйелік (құқық нормасының өзге нормалар мен жүйелік байланысын
анықтай отырып, оның нақты орнын ескере отырып шешу);
-- арнаулы заңдық (заңнамада қолданылатын заңдық терминдердің
мазмұнын ашу арқылы талқылау;
-- тарихи - саяси ( нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси және
нақты тарихи белгілер тән:
Құқық нормаларын талқылау барысында талқылау актілері қабылданады.
Оған мынандай белгілер тән: 8
:: заң нормасы мазмұнын түсіндіру қызметін атқарады;
:: нормативті емес, нақтыландырушы нұстаулардан тұрады:
:: дербес маңызы болмайды, талқылау жасалынып отырған актілермен
бірге қолданылады; -- құқық нысаны немесе қайнар көзі бола алмайды.
Құқық нормасын талқылау үрдісі өзі екі жеке дара сатыдан тұрады: ұғыну
және түсіндіру. Ұғыну -- норманың мазмұнын өзін үшін сезіну түсіну
үрдісі. Түсіндіру -- игерген құқық норма мазмұнын баскаларға жеткізу.
түсіндіру үрдісі. Түсіндіру тек қарапайым таным үшін емес құқық
нормасын зерттеу және күық нормасын іске асыру мақсатын көздейді.
Талкылау субъектілері деп кұқық нормасының мазмұнын түсіндіруге
заңмен, арнаулы құзіретті органдардың өкілеттілігімен рұқсат етілген
құқық субьектілерін айтамыз. Құқықты талқылаудың түрлеріне
байланысты талқылау субъектілері де әртүрлі болады. Кәдімгі талқылау
субъектісі ретінде кез келген адам танылатын болса, кәсіби талқылаудың
субъектілер заң мамандары болып табылады. Ал, ресми талқылау құқығы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Конституциялық
Кеңес пен Жоғарғы Сот Кеңесіне берілген. Конституциялық Кеңес
Парламент қабылдаған заңдарды, халықаралық шарттарды бекіткенге
дейін Конституцияға сәйкестігін қарайтын, дау туған жағдайда Республика
Президентінін, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және
республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені
шешетін, Конституция нормаларына ресми түсіндірме беретін арнаулы
мемлекеттік орган болып табылады. Жоғарғы Сот Кеңесі соттардың
қарауындағы істерге байланысты талқылау жасауға құқылы.
Талқылау субъектілеріне байланысты екі топқа жіктеледі: ресми және
биресми. Ресми талқылау - құқық нормаларының мазмұнын арнаулы
зандық нәтиже туғызатын актілерде арнаулы мемлекеттік органдардың
түсіндіруі. Ресми талкалау нормативті және казуалды болып бөлінеді.
Нормативті түсіндіру, біртектес барлық істерді шешу барысында міндетті
болатын, жалпы сипаттағы түсіндірме. Оның өзі екіге бөлінеді:
аутентикалық және легалдык. Аутентикалық талқылау деп нормативті
актілерді қабылдаған органның өзінің түсіндірме беруін айтамыз. Легалдық
талқылау - басқа органдар қабылдаған құқықтық актілерді заңмен рұқсат
етілген, соған екілетті мемлекет органдарының талқылауы.
Биресми талқылау деп заңды міндеттілік күші болмайтын, талдау
тереңдігімен сенімділігімен және негізделген сипатталатын құқық
нормаларын талқылаудың бір түрін айтамыз. Ол үшке бөлінеді:
доктриналды, кәсіби, кәдімгі талқылау. Кәдімгі талқылау - құқықтық
нормаларды әрбір жеке азаматтың өзінің білім деңгейіне және жеке
сенімдеріне сәйкес түсіндруі. Кәсіби талқылау деп құқықтық арнаулы білімі
бар мамандардың өз қызметін жүзеге асыру барысында беретін құқық
нормаларына түсіндірмесің айтамыз. Доктриналды талқылау монография
да ғылыми еңбектерде және тағы басқа құқық нормаларын талқылау. 9
Құқықты түсіндірудің түрлері

Түсіндіру түрлері:
Субъектілері бойынша; а) ресми түсіндіруді өкілеттік берілген (алған)
субъектілер: мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар
береді. Ресми түсіндіруді заңды маңызы болады және ол құқықтық
салдарға апарады.
Ресми түсіндіру нормативтік, қазуалды, аутентикалық және легалды
түрлерінде болады.
Нормативтік түсіндіру құқықтық нормаларды жаңадан жасауға алып
бармайды. Ол тек бар құқықтық нормаларға түсінік береді, мағынасын
аша түседі. Бұл түсіндіру жалпы сипатта және құқық нормаларын түсіну
(ұғыну) мен әдеттегі қолдануларының біркелкі түрде болуын қамтамасыз
етуі тиіс.
Казуалды түсіндіру жалпы сипатта болмайды, жалпыға бірдей міндетті де
емес (маңызы бойынша), оның маңызы құқық нормасын нақты жағдайды
ескере отырып түсіндіруге саяды.
Казуалды түсіндіруді құзырлы орган тек атап көрсетілген нақты істің
қарастырылуы барысына байланысты береді. Ол бойынша әдейі шешім
қабылдау мәселесіне арнайды.
Аутентикалық түсіндіру - қолдануға алынған норма мағынасына түсінік
беру сол норманы қабылдаған органнан шыққандығын білдіреді.
Легалды түсіндіру ісін осы түсіндіруді атқаруға (орындауға тапсырма
алган субъектілер жүзеге асырады. Легалды түсіндіру заңға сәйкес сипатта
болады.
б) Бейресми түсіндіру - құқықтық нормага түсінік беруді өкілеттік
алмаған субъектінің жүзеге асыруы. Мұндай түсіндірулер жалпыға бірдей
міндетті болмайды және заңдық салдарды туындатпайды.
Бейресми түсндіру әдеттегі, кәсіби, доктриналды (ғылыми) түрде болады.
2. Жасалу тәсілдері бойынша түсіндірудің түрлері:
а) граматикалық - нормативтік акт мәтінін талдау, заң аталымдарының
(терминдердің) мағынасын анықтау ретінде;
б) логикалық (қисындық) - заңның жекелеген қағидаларының логикалық
(қисындық) байланыстары пайымдалып зерттелінеді.
в) жүйелі -- құқық нормалары мазмұнын осы нормативтік актілі институт,
құқық саласымен өзара байланыстыра отырып олардың алған орны мен
маңызын тұтастай анықтауға арнайды;
г) арнайы заңдық - заң ғылымы мен заң қабылдау техникасының кәсіби
білімдеріне негізделеді;
д) тарихи - саяси актінің жасалуы кезіндегі тарихи жағдайларға
байланысты болған толық ерік-ықтияр, саяси күштердің ара салмағы мен
олардың орналары және т.б. жайлар анықталады. 10
Көлемі бойынша:
а) адекваттық ( дәлме-дәл, барабар ) түсіндіру мұнда заң " рухы мен оның
әрбір әрпі бір біріне дәл келеді яғни құқық нормасының сөз түріндегі
білдірулері мен оның шын мағынасы және мәні құқық нормасына пара
пар,тең болып келеді;
б) кеңейтілген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның
сөз арқылы білдіруінен едәуір кең болады;
в) шектелген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның сөз
түріндегі білдіруінен едәуір шағын болады; Қазақстан Республикасы
Конституциясының 72-бабына сәйкес Конституция нормаларына ресми
түсіндірулерді Конституциялық Кеңес береді.

ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Әдісі бойынша Көлемі бойынша (а)Субъектісі

Граматикалық дәлме дәл түсіндіру ресми бейресми

Жүйелік кең тұрғыдан түсіндіру нормативті ғылыми

арнаушы заңдылық тар тұрғыдан түсіндіру аутентикалық кәсіпкерлі

Бейресми соттық жай әдеттегі

Тарихи саяси заңды

Казуалды

Құқықты тусіндіру актілерінің ерекшеліктері:
- заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған;
- нормативтік емес, нақтылаушы ережелерден құралған;
- дербес сипатқа ие емес және өзі түсінідіріп отырған нормалармен бірге
әрекет етеді;
- құқықтың қайнар көзі болып табылмайды.

2.1 Ресми түсіндіру

Легальдыресми түсіндіру заң бойынша арнайы өзіне жүктелген
осы міндетті атқаруға құзыретті органның заңға түсініктеме беруі.
Қазақстан Республикасының Конституциясынын 72-бабының 1-
тармағының тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасынын
Конституциялық Кеңесі Конституцияның нормаларына ресми түсініктеме
береді. 11
Құқықты түсіндіру тақырыбы заң ғылымдарында дәстүрлі және
құқық қолдану, заң нормаларын талдау, құқықты жіктеу және шешім
шығару үдерісінде негізгі буындардың бірі болып табылады. Осы орай
да құқықты түсіндірудің жалпы ұғымы туралы мәселе де дәстүрлі болып
табылады. Отандық әдебиетте бұл мәселе даулы болып отыр. Осы мәселе
бойынша негізі пікірлерді былай топтастыруға болады: а) түсіндіру -
құқықтың мазмұнын ашу; ә) түсіндіру - құқықтың мазмұнын ұғындыру;
б) түсіндіру - бұл құқықтың мазмұнын ұғыну және ұғындыру . Біздің
ойымызша, түсіндіру -- бұл құқықтың мазмұнын ұғыну және ұғындыру
жөніндегі қызмет деген пікір әрі дұрыс, әрі қолайлы. Ал бірінші және
екінші пікірге келетін болсақ олар бұл қызметтің мазмұнын толық
ашпайды, біржақты және құқықтық нормаларды ұғыну мен түсіндіруді
сипаттайтын қызметтің сан қырын қамтымайды.
Түсіндіру термині латын тіліндегі интерпретация ұғымымен бара-бар,
ал құқықты түсіндірумен айналысатын адам құқықты түсіндіруші
(интерпретатор) деп аталады. Құқықты түсіндіру деген оның мағынасын,
мақсатын әлеуметтік бағытын және маңыздылығын ұғынуды білдіреді.
Түсіндіру - бір нәрсені ұғыну , түсіндіру, түсінік беру, интерпретациялау.
Құқыкты түсіндіру (интерпретациялау) - бұл, біріншіден, түсіндірушінің өзі
құқық нормаларын айқындауға (ұғынуға) және, екіншіден, осы мағынаны
басқа мүдделі адамдарға жеткізуге (түсіндіруге бағытталған зияткерлік
үдеріс. Құқық нормаларын ұғыну және түсіндіру - түсіндіру үдерісінің екі
аса маңызды нәтижесі, алайда бұл ретте құқықты түсіндіру үдерісі көп
жағдайда нормалардың мағынасын басқа субъектілерге жеткізбей,
өзі үшін ұғынумен ғана шектеледі.
Түсіндіру - құқық қолдану үдерісінің маңызды құрауышы, тіпті,
түсіндірусіз құқық қолдану үдерісі болмайды да.
Теория мен практикада түсіндірудің субъект құқықтық құбылыстар
жайында анық ақпарат алу үшін әдейі немесе интуициясы мен
пайдаланатын арнайы тәсілдер, қағидалар және құқық нормаларының
мағынасын ұғынудың құралдары болады. Түсіндіруші алға қойған мақсатқа
қарай кұкықты түсіндіру әдістері мынадай болуы мүмкін:
- тілдік (лингвистикалык, филологиялық, грамматикалық). Құқықтық
нормалардың мазмұны нормативтік құқықтық актілердің мәтінінде
жазылады. Әдіс құқықтық нормаларды ұғынудың бастапқы тәсілі болып
табылады. Бұл сөздердің мағынасын анықтаудан олардың арасындағы
лексикалық байланысты белгілеуден тұрады;
-функционалдық түсндірілетін норма қызмет ететін іске асырылатын
факторлар мен жағдайларды зерттейді;
-тарихи құқықтық нормаларды қабылдау тарихына және құқықтық реттеу
Жүйесінің енгізуге себеп болған мақсатына уәжіне жүгіну арқылы олардың
мағынасын анықтаудан тұрады.
-жүйелі құқықтық норманы басқа нормалармен салыстыру оның жалпы 12
құқықтық реттеу жүйесіндегі байланысын және нормативтік актідегі құқық
саласы мен жүйесіндегі нақты орнын айқындау арқылы мағынасын
ұғынудан тұрады.
Ғылыми әдебиетте, түсіндіру нәтижесінің заңдық күшіне қарай, ресми
және бейресми түсіндіру болады. Ресми түсіндіруді мемлекеттік
биліктің құзырлы органдары мен лауазымды адамдары береді, бұл
белгілі бір адамдар үшін алпыға міндетті немесе міндетті болады. Бейресми
түсіндіру билік құзыреті жекелмеген адамдар немесе ұйымдар береді, бұл
ұсыну немесе ақпараттық сипатта болады.
Ресми түсіндірудің түрлері:
- дәлме - дәл түсіндіру - құқық нормаларын белгілеген орган оның
мазмұнын түсіндіреді;
- түсіндіруге өкілеттігі бар (түсіндіруге рұқсаты бар) - құқық нормаларын
белгілемеген, бірақ оларды түсіндіруге заңмен бекітілген өкілеттігі бар
орган;
- нормативтік - түсіндірілетін нормалар қолданылатын барлық жағдайлар
да іс-жүзінде заңды қолданылуға міндетті болып табылатын құқық
нормаларын түсіндіру;
- казуалдық нақты құқықтық істі қарау кезінде құқық нормаларын
түсіндіру бұл тек қаралап жатқан іске ғана қатысты міндетті қолданылады.
Құқықты бейресми түсіндіру де субъектілері бойынша жіктеледі.
Осылайша, кәдімгі түсіндіру (заңгер білімі жоқ азаматтар өз қажеттілігі үшін
түсіндіреді), заңды арнайы түсіндіру (заңгерлер - судьялар, адвокаттар,
нотариустар, прокурорлар өздерінің кәсіби қызметінде жүзеге асырады),
доктриналық (ғылыми зерттеулер үдерісінде заңгер-ғалымдар жүзеге
асырады).
Түсіндірудің әдістері мен қағидалары құқықты түсіндірудің әдістері
танымның жалпы ғылыми әдістері (талдау және синтез, индукция мен
дедукция, абстракциялау, сәйкестігін келтіру, үлгі жасау және т.б.) және
жеке ғылыми, яғни заңлык сдогмалық талдау, заңдық компаративистика
әдісі, тарихи құқықтық әдіс және т.б.) болып бөлінеді; сондай-ақ нақты
түсіндіруді мақсатына қарай басқа да ғылымдар әдісі пайдаланылады
(әлеуметтану, лингвистика, формальды және үлгілік логика, психология,
экономика және т.б.). Құқықтық мәтіндерді семиотикалық талдау әдістері
ерекше орын алады, бұлар құқықтың түсіндірілетін дереккөздерінің
аукымды мәдени түтмәтіндерін барынша ескеруге мүмкіндік береді.
Заң ғылымы мен құқық қолдану практикасы құқықтық нормаларды
түсіндірудің қағидалар жиынтығын әзірледі, олардың ең маңыздылары
мыналар:
- алтын қағида (заңнамалық актінің терминдер мен өзге де сөздерге
оларға басқа мағына беруге негіз болмаса тиісті әдеби тілдегі мағына
беріледі); 13

- заңның мәтінінде қолданылған термині дәлме-дәл (яғни заң шығарушы
ұсынған) немесе рұқсат етілген (яғни ресми уәкілетті орган усынған)
түсіндіру болса, түсіндіруші осы түсіндіруді ұстауға тиіс;
- норма мәтіні айқын болмаса түсініксіз болса, түсіндіру кезінде накты
құқықтық мен әлеуметтік қатынастар тұрысынан неғұрлым әділ,
мазмұнына сәйкес келетін терминге басымдық беріледі;
-тусіндіру кезінде нормалардың конституциялық қағидаттарға
халықаралық шарттарға сәйкес келуін, мемлекеттің жоғары сот
тәжірибесін, сондай - ақ құқықтың осы саласындағы мамандардың
журналык мойындаган доктринатық пiкiрлiрiн ескеру қажет,
- жекелеген жағдайда түсіндіру кезінде заң шығарушы орнықты осы
нормасын жасаған кезде қандай мақсатты басшылыққа алғанын айқындау
қажет.
Сонымен қатар құқықты түсіндіру кезінде доктринада негізге алынатын
қалыптасқан және жанамада тікелей немесе жанама бекітілген (Lex
specialis derogat genemli, Lex superior derogat legi interior, Lex posterior
derogat lex prior) заңдық қағидатары ескерілуге тиіс.
Заңды түсіндіру ерекшелігі құқықтық нормаларды ұғыну мен оның
мағынасына түсіндірудің қол жеткізілген нәтижесіне байланысты, бұдан
түсіндірудің нақты тиімділігі көрінеді. Теорияда және практикада заттарды
түсіндірудің сөзбе сөз (дәлме - дал), кеңейтетін (таратып түсіндіретін) және
шектейтін түрлері болады.
Сөзбе - сөз түсіндіру - түсіндірудің қалыптасқан және жиі кездесетін түрі,
мұнда заңнын рухы мен әрпі бір - біріне сәйкес келеді, яғни құқық
нормаларының сөзбен берілуі мен мағынасы сайма-сай болады.
Алайда, кебір объективті немесе субъективті себептерге байланысты заң
шығарушының өз ойын сөзбен жеткізуі және бұл ойдың құқықтық нормада
берілген іс жүзіндегі мазмұны дәлме - дәл келмесе, түсіндіру кеңейтетін
немесе шектейтін деп есептеледі.
Кеңейтетін түсіндіру кезінде құкықтық нормалардың нақты мағынасы мен
мазмұнының сөзбен берілгеніне қарағанда кеңірек ашып беріледі.
Шектейтін түсіндіру құкык нормаларының нақты мазмұны оның сөзбен
берілгеніне қарағанда тартау болса, оны шектеу үшін қолданылады.
Кеңейтетін және шектейтін түсіндіру кезінде заң шығарушының нақты
еркі орнатылады, сондықтан мұндай түсіндіру құқық нормаларының
нақты мазмұнына ешкандай өзгеріс енгізбейді.
Түсіндіруді жүзеге асыра отырып, түсіндіруші бір мезгілде нормаларды
сынаушы болып табылады, яғни түсіндірілетін норманың Конституцияға
заң күші жоғары өзге де заңнамалық актілерге сәйкестігін заң күші өзімен
бірдей заңнамалық актілерге қарама қайшылыққа коллизияға түспей ме деп
тексереді.
14

Теориядан түсіндіру жөніндегі қызмет практикасына көше отырып,
Қазақстанда түсіндіру, маселелерін реттейтін арнайы заң жоқ екенін
атап көрсетуміз керек. Ресейде де мұндай заң жок, алайда Ресейдің
Конституциясы да құқықты түсіндіру жөніндегі жекелеген нормалар
бар. Көптеген басқа елдерде, мәселен, Канадада құқыкты түсіндіруге
арналған Interpretanon Act 1975 жұмыс істейді.
Еуропалық жүйе Конституцияны түсіндіру үшін арнайы немесе квази
соттық органдарды құруды көздеп отыр, олар сот билігі иерархиясында
ерекше орынға ие. Осындай органдарға, мәселен, Италиядағы
Конституциялык сот, Польшадағы Конституциялық трибунал,
Конституциялық кеңес және Франциядағы Мемлекеттік кеңес жатады.
Заңдарды түсіндіру мәселесіне келетін болсақ, мәселен, Францияда
оларды Мемлекеттік Кеңес түсіндіреді. Бұл орган 300 мүшеден тұрады, оған
Премьер-Министр басшылық жасайды, оны Әділет министрі алмастыра
алады.
Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының
Заңының нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру тақырыбындағы
8-тарауы ғана түсіндіру мәселесіне арналған.
Аталған Заңның 44 - бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілерде
көмескіліктер мен әркелкі түсінушілік оларды қолдану, талсірибесінде
қайшылықтар анықталған реттерде нормативтік актіде қамтылған құқық
тар нормаларға ресми түсіндіру берілуі мүмкін. Нормативтік құқықтық
актілерді ресми түсіндіру процесінде оларға өзгерістер мен толықтырулар
енгізуге жол берілмейді. Заң актілерінің нормалары Қазақстан
Республикасы Конституциясының қағидаларына толық сәйкестікте
түсіндірілуге тиіс. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мағына
оларды түсіндірген кезде заң актілерін толық сәйкестікте ашылуға тиіс
Нормативтік куктык актілер дуулықтық нормалар іске асырылғанда, соның
ішінде оларды қолданған, оларды ресми түсіндірудің міндетті сипаты
болады.
Аталған Заңның 45 - бабында маңызды ереже бекітілген заңға тәуелді
актілердің ресми түсіндірмесін оларды қабылдаған (шығарған) органдар
немесе лауазымды адамдар береді.
Сонымен қатар ҚР Үкіметі Регламентінің 6-бабында Үкіметтің нормативтік
құқықтық актілеріне ресми түсініктеме беруді Үкіметтің немесе Премьер-
Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады деп
белгіленген.
Аталған Заңның 45 - бабы мен Регламенттің 6-тармагын салыстырып,
мынаны атап өту қажет. Регламент заң талаптарын қайталамайды, ҚР
Әділет министірлігінің құзыретмен кеңейтіп, оған Үкіметтің нормативтік
Құқықтық актілеріне түсініктеме беруге құқық береді. 15

Біздің ойымызша, Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан
Республикасының Заңында нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру
жөніндегі негізгі талаптар қамтылған. Аталған заң Конституцияның
Конституциялық Кеңес Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме
береді деген бабын қайталайды, алайда Заңның 45-бабы 2-тармағында
заңга тәуелді актілерге ресми түсіндірме беру туралы жазылса да, заңдар
ға түсіндіре беру туралы бір ауыз сөз айтылмаған. ...Заң нормаларын,
әсіресе оның Конституцияға сәйкестігін түсінбеген және нормативтік
заңнамалық нормалардың мағынасын түсіндіру талап етілген, заң
шығарушы мамандар үшін де, азаматтар үшін де өз ойын түсінікті етіп
жеткізудің бір нысанын таба алмаған жағдайда не істеуіміз керек? Заң
шығарушы, кайтсе де, түсіндіруді талап ететін күрделі тұжырымдамалар
басын алып қаша алмайды. Міне осындай жағдайда құзыретті орган заңды
ресми түсіндіруі қажет және де мұндай ереже Конституцияда не
Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңда көрініс табуға тиіс, - деп
атап өтеді Е.Әбдірәсілов.
Конституцияда заңдарды түсіндірудің субъектілеріне қатысты қандай
ережелер қамтылғанын сарайық. Біздің ойымызша үш субъекті бар: ҚР
Конститутциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты және жанама түрде ҚР Бас
прокуратурасы.
ҚР Конституциясының 72-бабы 1 - тармағы 4) тармақшасында
Конституциялық Кеңес Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме
береді деп жазылған. Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесі туралы ҚР Конституциялық заңының Конституциялық Кеңестіп
кұзыреті тақырыбындағы 17 - бабында Конституциялық Кеңес
Конституцияның 72 - бабы 1 - тармағы 4), 5) тармақшаларына сәйкес
Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді деп белгіленген.
Мәселен, 1997 жылғы қыркүйек айында ҚР Парламенті Мәжілісінің
Төрағасы ҚР Конституциялық Кеңесіне ҚР Конституциясының 53-57-
баптарын ресми түсіндіру туралы өтіну жасады. Өтінуде Парламенттің
өкiлеттілігін кеңейтудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі, сондай-ақ
Парламентке Республика заңдарын түсіндіру қызметін беру жөнінде
мәселе қойылды, собі ҚР Конституциясының 53-бабы 13) тармақшасында
Парламент Палаталарының бірлескен отырысында өзіне Конституция
жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады деп белгіленген.
Конституциялық Кеңеске осындай өтініш жасауға Парламент Мәжілісінің
жалпы отырысында Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан
Республикасының Заңын талқылау нәтижесі себеп болды, талқылау
барысында нормативтік актілерді, соның ішінде Республика Заңдарын
ресми түсіндірудің субъектісі туралы мәселе туындаған.
Партаменттің және оның Палаталарының өкілеттігін белгілейтін
Қазақстан Республикасы Конституциясының 53 - 57 баптарын ресми
түсіндіру туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықты түсіндіру мәні
Құқықты түсіндірудің маңызы
Құқықты түсіндіру мазмұны
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
Құқық нормасының түсінігі
Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы
Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің және құқықтық нормалардың ерекшеліктерін көрсетіп құқықтық сипаттамасын беру
Құқық нормаларын талқылау ұғымы
Құқық нормаларын сақтау
ЗАҢ БОЙЫНША НОРМА ЖҮЙЕСІ
Пәндер