Құқықты түсіндіру мәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг университеті

Бизнес және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы:Құқықты түсіндіру түсінігі түрлері

Орындаған: ЮП 21-1 тобының
Студенті:Досмуханова Ж.А
Рецензент: з.ғ.к.доцент Абилшеева Р.Қ.

Ақтау қаласы
2022 жылы

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНДІРУДІҢ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1Құқықты түсінірудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5
1.2Құқықты түсіндірудің сатылары, әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2. ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНДІРУДІҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1 Ресми түсіндіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Бейресми түсіндіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 31

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта құқық туралы көптеген ғылыми көзқарастар бар.Осы ғылыми көзқарастар ерте заманнан қазіргі уақытқа дейінгі негізгі ойды қалыптастырады.Құқық нормасы туралы бірнеше ой-пікірлер бар.Соның барлағы бірнеше монография,оқулық,ғылыми статьяларда орын алуда.
Тақырыбымның басты мақсаты: тақырыптың жалпы мазмұны мен түсінігін жеткізе білу болып табылады.Ендігі кезекте ең алдымен осы пәннің атына тоқтала кетуді дұрыс деп санаймын.Яғни, мемлекет және құқық теориясы пәні деп арнайы қоғамдық өндірістік қатынастар мен тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасқан мемлекет және құқықтың негізгі категорияның пайда болып,заңдылықпен дамып,заң ғылымының іргетасы болып танылатын білім жүйесінің жиынтығын айтамыз.Бұл пәннің атын атаған кезде,біз бірден екі термин сөздерді байқаймыз, яғни олар мемлекет және құқық.
Енді,Мемлекет және Құқық деген терминге біраз анықтама беріп өтейін.Мемлекет басқару - қамтамасыз етушілік,қорғаушылық функт тілдерін жүзеге асыру мақсатында арнайы ақпаратты иелентін және елдің бүкіл халқы үшін өз еріктерін міндетті етуге қабілетті,жария биліктің саяси - аумақты,егеменді ұйымы.Ал Құқық дегеніміз заңдарда көрініс тапқан құқылы рұқсатты (сондай-ақ тыйым салынған) жүріс-тұрыстың жалпыға міндетті нормалар жүйесі.Ал Норма дегеніміз анықталмаған тұлғалар шеңберіне және жағдайлардың шексіз санына қатысты мерзімі жағынан үздіксіз әрекет ететін жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесі.Қоғамымызда құқықтық нормалардың ролі казіргі кезде айрықша деп айтуға болады.Себебі бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің ең тиімді де әділ жолдарының бірі болып табылады.
Жалпы құқықтық нормалар адамзат қоғамы үшін айрықша орны мен мәні бар,ең бір жарқын құбылыс деп ойлаймын.Адам қоғамында сан алуан құқықтық қатынастар,яғни байланыстар туындайды.Осы құқықтық қатынастарды реттеу,тәртіптеу ережелер қағидалар,нормалар негізінде болады. Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез,жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді.Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде құқықтық нормаларсыз қоғамды немесе мемлекетті көз алдымызда елестету мүлдем мүмкін емес,себебі осы күнгі өркениетті қоғам үшін құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің бірден бір басты құралына айналған деп айтар едім.Сол себепті, мен өзімнің осы курстық жұмысымда құқықтық нормаларды және оны түсіндірудің ұғымы туралы,соған қатысты мағлұматтардың барлығын қарастырып, жан-жақты мәліметтердің барлығын теориялық тұрғыдан жазып,жеткізуді өзіме басты мақсат ретінде алып отырмын.

1.Құқықты түсіндіру мәні
1.1 Құқықты түсіндірудің маңызы

Құқық нормасы(агыл. rulе оf lаw; нем. Rechtnormf;лат. norma -- улгi) Құқықты білдіру насыны; қоғамдық қатынас саласындағы сол немесе басқа да мемлекетпен рұқсат етілген жалпы сипаттағы заң жарлық,қаулы міндетті тәртіп.Біртекті қатынастарды реттеп,құқық саласын құрайтын (азаматтық,қылмыстық,әкімшілік құқық және т.б.) құқық нормасының жиынтығы.Құқық нормалары жалпыға міндетті күшке ие,жауапкершілікті бұзған жағдайда,субьектілерге заңдық құқықтар мен міндеттерді беруді қарастырады.Құқықтық норма - қоғамдық қатыснастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі.Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғауды мемлекеттік билігін,саясатын іс жүзіне асырудың құралы.Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды.Құқық деп қоғамның билігін,саясатын,мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз.Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор.
Қоғамдық қатынастардың маңызы реттеушісі болып табылатын құқық нормалары да мемлекет бекітетін талаптарға сай болуы қажет.Уақыт пен қоғамның өзгеруіне байланысты, олар да обьективтік өзгерістерге ұшырап отыратыны обьективтік заңдылы Бұл мақала тақырыбына қатысты бірінші мәселе.Заңнаманы жүйелеудің екінші мәселесі көптеген нормативтік актілерді,нормаларды пайдаланушыларға,тіпті кейбір жағдайларда құқық қолданушылардың еліне де,ыңғайлы етуге байланысты.Сондықтан құқық теориясында нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу мәселелері де терең зерттеледі.Олардың нәтижелері қолданбалы сипатта, мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық қатынастарды реттеуге аса қажет схоластикадан арылған күнделікті қарапайым өмірге қажетті еңбектер мен ережелер.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы 20 жылдың ішінде мынаған заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылданды.Ал ведомстволардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың кәсіпорындардың қабылдаған құқықтық актілерінің санын шығару мүмкін емес.
Міне, осындай массивті құқықтық актілерді реттеу қажеттігі олардың бір-біріне қарама қайшылықтарынан, деңгейлік орынсыдығынан сапасыз дайындалғанынан,бірінші кезекте Қазақстан Республикасының қостілдік тәжірибесінен туып отыр.Сондықтан ұлттық құқықтық жүйеде тұжырымдық кателер,тілдік сәйкессіздіктер,аударма кателері нормалар шайқасы сияқты кемшіліктер орын алып келеді.Жалпы құқық теориясы бойынша жүйелеудің бірнеше түрі бар.
Олардың ішінде,негізгілері ретінде кодификациялауды , инкорпорациялауды және консолидациялауды атауға болады.Олардың бәрі құқық теориясында сипатталған.Олардың бәрі құқық теориясында сипатталған мойындалған және тәжірибеде кең қолданылады.Аталған түрлерді жеке жұмыстар ретінде қарастыруға болады.Оларды жүргізу тек топтастыру,жіктеу,кемшіліктерін түзету ғана болып табылмайды.Сондықтан оларды жүргізген кезде құқықтық нормалар,міндетті түрде,кешенді сараптамадан өткізілуі тиіс.Жүргізілетін ғылыми сараптамалардың мақсаты - нормалардың сапасын өңдеу арқылы арттыру.
Бұл жұмыс кешенді болғандықтан,сараптаманың бірнеше түрін бірге жүргізуді қажет етеді.Сондықтан,Қазақстан Республикасында қолданылатын ғылыми сараптамалардың құқықтық экономикалық,криминологиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық сияқты түрлерімен бірге,жақында ғана институциялана бастаған лингвистикалық сараптаманың да алатын орны ерекше.Ғылыми лингвистикалық сараптама Қазақстан Республикасының тілдік саясатына орай,қазақ және орыс тілдеріндегі заңнамасының сапасын арттыру құралы.Ұлттық заңнама сапасының төмен екендігін онымен айналысып жүрген мамандардың бәрі мойындайды.Оған қоса заңдардың қазақ тіліндегі кемшіліктерін жеке мүддесіне заңсыз оң пайдаланып жүрген жеке және заңды тұлғалар аз емес көрінеді.Сондықтан ұлттық заңнаманы жүйелеу - нормаларды реттеу деп түсінетін болсақ ғылыми лингвистикалық сараптама құқық нормаларын тілдік қателіктерден тазарту деп түсінуге болады.

1.2 Құқықты түсіндірудің сатылары,әдістері
Құқықтық нормаларды түсіндіру дегеніміз күрделі ерік-ықтиярлық процесс,оның мақсаты құқық нормасының дәл мағынасын анықтау болып табылады.Түсіндірудің объектісі (заты) заңдар мен заңдарға сәйкес шығарылған актілер.Түсіндіру екі бөліктен - анықтау (айқындау) және түсінік берулерден тұрады.Түсіндіру - анықтау дегеніміз іштей ойлау процесі,ол субъектінің санасында жүріп жатады.Өйткені мұның құқықты қолданушы ойланып барып жасайды.Мұндай анықтауды құқық қолданушы тұлға өзі үшін және іштей жасайды,сондықтан да оның сырттай көрінісі болмайды.Анықтау - құқықты барлық нысандарында ( бұлжытпай атқару, пайдалануларда) жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады. Анықтау әрқашан түсінік беруден бұрын жүргізіледі.Түсіндіру түсінік беру - түсіндірушінің өзіне емес, қатынасқа түсуші басқа тұлғаларға бағыттала- ды .Түсінік беру нәтижесі жазбаша:ресми акт,құжат,құқықтық акті немесе
ауызекі:кеңес,ұсыныс түрлерінде беріледі.
Сонымен құқық нормасына түсінік беру нормативтік құқықтық актілерді
Білдірілген мемлекеттік ерік ықтиярдан мағынасын түсіндіру және оны жазбаша мазмұндау болып табылады.
Құқық нормаларын талқылаудың қажеттілігі олардың белгілерінің сырт көріністердің ерекшеліктеріне байланысты.Құқық нормаларының маңызы ерекшеліктеріне бірі олардың жалпылама қиялдық абстрактылы сипаты олардың күшінің көптеген субъектілерге және өмірлік жағдайлар да қолданылуы.Сондықтан құқықтық нормаларды қолдану барысында олар қиялдағы абстрактылы болғандықтан нормалардың мазмұнын нақты қажеттігі туады.Сөйтіп құқықтық норманың мазмұнын нақтылы өмірлік
жағдайда жақындату керек болады.Әрбір құқықтық норма қоғамдағы қатынастардың белгілі бір түрін реттейді және де бұл реттеу жалпылама болады.Ал қоғамдық қатынастардың белгілі түрі сан алуан нақтылы қатынасқа қолданғанда оның ерекшеліктеріне байланысты кейбір жағдайларды анықтау қажет болады.Сол сауалға құқықтық норманы талқылау арқылы дұрыс жауап беруге болады.Қоғамдық өмірде жаңа қатынастар пайда болып отырады.Оларды заңдар кезінде реттеп үлгермеуі де мүмкін.Бірақ мұндай қатынастарды қолданыста жүрген заңның мазмұны қамтуы ықтимал.Бұл жағдайдыда құқықтық норманың мазмұнын талқылау,
талдау арқылы анықтауға болады.Демек әлгі құқықтық мазмұны заң ұқсастығы бойынша тікелей көрсетілмеген қоғамдық қатынастарға да қолданылуы мүмкін.Талқылаудың қажеттілігі құқықтық норманың сыртқы ресмилендірілуіне Тілінің ерешелігіне байланысты да тууы мүмкін.Заң шығарушы ойы пікірі сөз сөйлем арқылы жазылады.Кейде қолданылған сөздің бір ғана мағынасы болады,ал кейде оның бірнеше мағынасы болады.
Құқықтық норма нақтылы қатынасқа қолданғанда осы жағдайдыда ескеру аса қажет болады.Кейде бір түсінік ұғым бірнеше сөздермен берілуі мүмкін
Мысалы,міндет,қажет,"солай істеу керек","тыйым салынады",я болмаса
"қақысы бар","қақылы","істей алады" т.с.с.
Құқық нормасын талқылау құқықшығармашылық үрдісінде құқықты жүйелеуде және тіпті құқық субъектілері мемлекеттік өкілетті органдар қоғамдық бірлестіктер және жеке азаматтар құқық актілерінде орын алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру.
Құқықты талқылаудың қажеттілігі неде деген сұрақ туындайды.
1.Заңды нормалардың абстрактісімен байланысты.Құқық нормасы жалпы сипатта.Сондықтан нақты оқиға осы норманың әрекетіне сәйкес келе ма жоқ па дегенді нақты түсіндірген жөн.
2.Құқық шығармашылық үрдісінің жеткізіліксіздігі.Заң шығармашы барлық құқық нормаларды нақты және ұсымды құрастыра алмайды.Құқық нормасының мағынасын нақты тану қажет.
3.Арнайы терминдерді түсіндіру қажет.
Құқық нормасын талқылау үрдісі өзі екі жеке дара сатыдан тұрады : ұғыну және түсіндіру.Ұғыну - игерген құқық норма мазмұнын басқаларға жеткізу,түсіндіру үрдісі.Түсіндіру тек қарапайым таным үшін емес құқық нормасын зерттеу және құқық нормасын іске асыру мақсатын көздейді.
Құқық нормасының мағынасын әдістер (тәсілдер) мен талқылау көлемі арқылы ұғынады.Құқық нормаларын талқылау - құқық актілерінде орын алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру.Талқылау барысында нормативті нұсқаудың мазмұны,олардың әлеуметтік бағытталғандығы,құқықтық реттеу жүйесіндегі ролі мәселелері шешіледі.
Талқылау заңдық нормалардың абстрактілігіне,арнаулы терминологияға,
шығармашылық әрекеттің ақаулығына байланысты қажет.Құқықтық нормаларды талқылау әрекетінің мақсаты заңдық нұсқауларды біртектес дұрыс түстеуді және оларды орынды қолдануды қамтамасыз ету болып табылды.
Талқылаудың екі жағы танылған:
:: мазмұнын субъектінің өзінің ұғынуы;
:: өзгелерге түсіндіруі.
Ішкі интеллектуалды процесс ретінде норма талаптарын ұғыну мен құқық мазмұны туралы өзіндік тұжырымдарын құқықтық актіні қалай түсіну қажеттігін көрсету мақсатында сыртқа шығару құқықты талқылау ұғымына бірігеді.Құқықты талқылау мәселелері құқық қолдану мен құқықты жүзеге асыру көлемінен асып кетуде.Себебі,ол мемлекеттік - құқықтық өмірді ғылыми және үлгі тану процессінде дербес мағынаға ие.Сондай-ақ, қолданыстағы құқықтың мазмұны туралы нақты түсініктің болуы құқықшығармашылық әрекетінің барысында да аса қажет.Онсыз жаңа құқықтық акт қабылдау немесе бар актілерді жүйелендіру мүмкіндігі болмай қалады.Талқылау объектісі болып заңдар және заңға бағынышты актілер саналады.Оларда бекітілген нормалар ғана емес,актілердің преамбуласы да,өзге де бекітілген ережелері маңызды болып табылады.
Талқылау пәні заңда көрініс тапқан заң шығарушының тарихи еркі танылады.Заңды қолдану уақытындағы заң шығарушының да еркі ескеріледі,себебі талқыланған актілерден кейінгі шығарылған құжаттар да алдыңғы актінің мазмұны тікелей немесе жанама түрде бұзылуы мүмкін. Әрине бұндай жағдай заңдылықтың қатаң режимі сақталған және құқықтық тәртіп орнатылған жағдайда орын алуы мүмкін емес.
Талқылау әдісі дегеніміз құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған амал,құрал,тәсілдердің жиынтығы.
Келесі әдістерді бөліп көрсетеді:
1.Кез келген құқықтық акт заң шығарушының ойын сөзбен өрнектейді. Грамматикальс досі (тілдік)-тіл заңдылықтары,грамматика ережелері, орфография көмегімен талқылау;
2.Логикаси - логика заңдылықтары мен ережелері көмегімен талқылау;
3.Жүйелік - құқық нормасының өзге нормаларымен жүйелік байланысын анықтай отырып,оның нақты орнын ескере отырып шешу;
4.Тарихи - саяси нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси және нақты тарихи астарын анықтай отырып түсіндіру;
5.Арнаулы заңдық - заңнамада қолданылатын заңдық терминдердің мазмұнын қатынастарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Осы қатынастан шыға келе,көлемі бойынша талқылаудың үш түрі бар:
1.Сөзбе сөз құқық нормасының мағынасымен оның мәтіндік көрінісінің мағынасы дәлме дәл сәйкес келуі;
Мысалы,Парламент-Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілдік органы;
2.Шектеулі - құқық нормасының нақты мағынасы оның мәтіндік көрінісі болып табылған кезде қолданылады;
Мысалы,Балаларына қамқорлық жасау - ата-анасының парызы деген конститутциялық нормада кәмелетке толмаған балалар туралы айтылуы.
3.Таралушы - құқық нормасының нақты мағынасы оның мәтіндік көрінісінен кең мағынаға ие болған жағдайда;
Мысалы,сот тәуелсіз және заңға ғана бағынады - деген жерде заң терминіне тек заңды ғана емес басқа да сот жетекшілік ететін құқықтық - нормативтік актілерді(Конститутциялық кеңес пен Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын) түсіну керек.
Талқылау тәсілдері құқықтық актілерді талдау әдістерінің салыстырмалы ерекшеленген жиынтығы.Оның мынандай түрлері бар:
oo Грамматикалық (тіл заңдылықтары,грамматика ережелері,орфография көмегімен талқылау);
oo Логикалық (логика заңдылықтары мен ережелері көмегімен талқылау);
oo Жүйелік (құқық нормасының өзге нормалар мен жүйелік байланысын анықтай отырып,оның нақты орнын ескере отырып шешу);
oo Арнаулы заңдық (заңнамада қолданылатын заңдық терминдердің мазмұнын ашу арқылы талқылау);
oo Тарихи - саяси (нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси және нақты тарихи белгілер тән);
Құқық нормаларын талқылау барысында талқылау актілері қабылданады.Оған мынандай белгілер тән:
:: заң нормасы мазмұнын түсіндіру қызметін атқарады;
:: нормативті емес,нақтыландырушы нұсқаулардан тұрады;
:: дербес маңызы болмайды,талқылау жасалынып отырған актілермен бірге қолданылады; құқық нысаны немесе қайнар көзі бола алмайды.
Құқық нормасын талқылау үрдісі өзі екі жеке дара сатыдан тұрады: ұғыну және түсіндіру.Ұғыну - норманың мазмұнын өзін үшін сезіну, түсіну үрдісі.Түсіндіру - игерген құқық норма мазмұнын басқаларға жеткізу.Түсіндіру үрдісі.Түсіндіру тек қарапайым таным үшін емес құқық нормасын зерттеу және құқық нормасын іске асыру мақсатын көздейді.
Талқылау субъектілері деп құқық нормасының мазмұнын түсіндіруге заңмен,арнаулы құзіретті органдардың өкілеттілігімен рұқсат етілген құқық субъектілерін айтамыз.Құқықты талқылаудың түрлеріне байланысты талқылау субъектілері де әртүрлі болады.Кәдімгі талқылау субъектісі ретінде кез келген адам танылатын болса,кәсіби талқылаудың субъектілер заң мамандары болып табылады.Ал,ресми талқылау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сот Кеңесіне берілген.Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған заңдарды,халықаралық шарттарды бекіткенге дейін Конститутцияға сәйкестігін қарайтын, дау туған жағдайда Республика Президентінін,Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешетін,Конституция нормаларына ресми түсіндірме беретін арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.Жоғарғы Сот Кеңесі соттардың қарауындағы істерге байланысты талқылау жасауға құқылы.Талқылау субъектілеріне байланысты екі топқа жіктеледі: ресми және бейресми.Ресми талқылау - құқық нормаларының мазмұнын арнаулы заңдық нәтиже туғызатын актілерде арнаулы мемлекеттік органдардың түсіндіруі.Ресми талқылау нормативті және казуалды болып бөлінеді.Нормативті түсіндіру,біртектес барлық істерді шешу барысында міндетті болатын,жалпы сипаттағы түсіндірме.Оның өзі екіге бөлінеді:аутентикалық және легалдық.Аутентикалық талқылау деп нормативті актілерді қабылдаған органның өзінің түсіндірме беруін айтамыз.Легалдық талқылау - басқа органдар қабылданған құқықтық актілерді заңмен рұқсат етілген,соған өкілетті мемлекет органдарының талқылауы.Биресми талқылау деп заңды міндеттілік күші болмайтын,талдау тереңдігімен сенімділігімен және негізделген сипатталатын құқық нормаларын талқылаудың бір түрін айтамыз.Ол үшке бөлінеді:доктриналды,кәсіби,кәдімгі талқылау.Кәдімгі талқылау - құқықтық нормаларды әрбір жеке азаматтың өзінің білім деңгейіне және жеке сенімдеріне сәйкес түсіндіруі.Кәсіби талқылау деп құқықтық арнаулы білімі бар мамандардың өз қызметін жүзеге асыру барысында беретін құқық нормаларына түсіндірмесін айтамыз.Доктриналды талқылау монографияда ғылыми еңбектерде және тағы басқа құқық нормаларын талқылау.

2.Құқықты түсіндірудің түрлері
Түсіндіру түрлері:
1.Субъектілері бойынша;а) ресми түсіндіруді өкілеттік берілген (алған) субъектілер мемлекеттік орган,лауазымды тұлғалар,қоғамдық ұйымдар береді.Ресми түсіндіруді заңды маңызы болады және ол құқықтық салдарға апарады.Ресми түсіндіру нормативтік,казуалды,аутентикалық және легалды түрлерінде болады.Нормативтік түсіндіру құқықтық нормаларды жаңадан жасауға алып бармайды.Ол тек бар құқықтық нормаларға түсінік береді,мағынасын аша түседі.Бұл түсіндіру жалпы сипатта және құқық нормаларын түсіну (ұғыну) мен әдеттегі қолдануларының біркелкі түрде болуын қамтамасыз етуі тиіс.Казуалды түсіндіру жалпы сипатта болмайды,жалпыға бірдей міндетті де емес (маңызы бойынша),оның маңызы құқық нормасын нақты жағдайды ескере отырып түсіндіруге болады.Казуалды түсіндіруді құзырлы орган тек атап көрсетілген нақты істің қарастырылуы барысына байланысты береді.Ол бойынша әдейі шешім қабылдау мәселесіне арнайды.Аутентикалық түсіндіру - қолдануға алынған норма мағынасына түсінік беру сол норманы қабылдаған органнан шыққандығын білдіреді.Легалды түсіндіру ісін осы түсіндіруді атқаруға(орындауға тапсырма алған субъектілер жүзеге асырады).Легалды түсіндіру заңға сәйкес сипатта болады.
б)Бейресми түсіндіру - құқықтық нормаға түсінік беруді өкілеттік алмаған субъектінің жүзеге асыруы.Мұндай түсіндірулер жалпыға бірдей міндетті болмайды және заңдық салдарды туындатпайды.Бейресми түсіндіру әдеттегі,кәсіби,доктриналды ғылыми түрде болады.
2.Жасалу тәсілдері бойынша түсіндірудің түрлері:
а) граматикалық - нормативтік акт мәтінін талдау,заң аталымдарының (терминдердің) мағынасын анықтау ретінде;
б) логикалық (қисындық) - заңның жекелеген қағидаларының логикалық (қисындық) байланыстары пайымдалып зерттелінеді.
в) жүйелі - құқық нормалары мазмұнын осы нормативтік актілі институт,құқық саласымен өзара байланыстыра отырып олардың алған орны мен маңызын тұтастай анықтауға арнайды;
г) арнайы заңдық - заң ғылымы мен заң қабылдау техникасының кәсіби білімдеріне негізделеді;
д) тарихи - саяси актінің жасалуы кезіндегі тарихи жағдайларға байланысты болған толық ерік-ықтияр,саяси күштердің ара салмағы мен олардың орналары және т.б. жайлар анықталады.
3. Көлемі бойынша:
а) адекваттық (дәлме-дәл,барабар) түсіндіру мұңда заң "рухы мен оның әрбір әрпі бір-біріне дәл келеді яғни құқық нормасының сөз түріндегі білдірулері мен оның шын мағынасы және мәні құқық нормасына пара пар,тең болып келеді;
б) кеңейтілген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның сөз арқылы білдіруінен едәуір кең болады;
в) шектелген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның сөз түріндегі білдіруінен едәуір шағын болады; Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабына сәйкес Конституция нормаларына ресми түсіндірулерді Конституциялық Кеңес береді.

ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

(а)Субъектісі
Көлемі бойынша
Әдісі бойынша

Ресми
Бейресми
Дәлме-дәл түсіндіру
Грамматикалық

Ғылыми
Нормативті
Логикалық
Кең тұрғыдан түсіндіру
Кәсіпкерлік
Жүйелілік
Аутентикалық



Тар тұрғыдан түсіндіру
Жай әдеттегі
Соттық
Арнаулы заңдылық

Заңды
Тарихи-саяси
Казуалды

Құқықты тусіндіру актілерінің ерекшеліктері:
- заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған;
- нормативтік емес, нақтылаушы ережелерден құралған;
- дербес сипатқа ие емес және өзі түсінідіріп отырған нормалармен бірге
әрекет етеді;
- құқықтың қайнар көзі болып табылмайды.

2.1 Ресми түсіндіру

Легальды ресми түсіндіру заң бойынша арнайы өзіне жүктелген осы міндетті атқаруға құзыретті органның заңға түсініктеме беруі.Қазақстан Республикасының Конституциясының 72-бабының 1-тармағының тармақшасына сәйкес,Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституцияның нормаларына ресми түсініктеме береді.Құқықты түсіндіру тақырыбы заң ғылымдарында дәстүрлі және құқық қолдану,заң нормаларын талдау,құқықты жіктеу және шешім шығару үдерісінде негізгі буындардың бірі болып табылды.Осы орай да құқықты түсіндірудің жалпы ұғымы туралы мәселе де дәстүрлі болып табылады.Отандық әдебиетте бұл мәселе даулы болып отыр.Осы мәселе бойынша негізгі пікірлерді былай топтастыруға болады;
а) түсіндіру - құқықтың мазмұнын ашу;
ә) түсіндіру - құқықтың мазмұнын ұғындыру;
б) түсіндіру - бұл құқықтың мазмұнын ұғыну және ұғындыру . Біздің
ойымызша, түсіндіру - бұл құқықтың мазмұнын ұғыну және ұғындыру жөніндегі қызмет деген пікір әрі дұрыс, әрі қолайлы.Ал бірінші және екінші пікірге келетін болсақ олар бұл қызметтің мазмұнын толық ашпайды,біржақты және құқықтық нормаларды ұғыну мен түсіндіруді сипаттайтын қызметтің сан қырын қамтымайды.
Түсіндіру термині латын тіліндегі интерпретация ұғымымен бара-бар,
ал құқықты түсіндірумен айналысатын адам құқықты түсіндіруші (интерпретатор) деп аталады. Құқықты түсіндіру деген оның мағынасын,мақсатын әлеуметтік бағытын және маңыздылығын ұғынуды білдіреді.Түсіндіру - бір нәрсені ұғыну , түсіндіру, түсінік беру, интерпретациялау.Құқыкты түсіндіру (интерпретациялау) - бұл, біріншіден, түсіндірушінің өзі құқық нормаларын айқындауға (ұғынуға) және, екіншіден, осы мағынаны басқа мүдделі адамдарға жеткізуге (түсіндіруге бағытталған зияткерлік үдеріс. Құқық нормаларын ұғыну және түсіндіру - түсіндіру үдерісінің екі аса маңызды нәтижесі, алайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықты қолдану. Құқық нормаларын талқылау
Құқықты түсіндірудің түрлері
Құқықты түсіндірудің маңызы
Құқықты түсіндіру мазмұны
Құқық нормасының түсінігі
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Құқық нормаларын сақтау
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
Құқық нормасын талқылау
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Пәндер