Қазақ бейіті жас молаға толы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘБЕНОВ ӘЛИХАН
1920-1930-шы жылдардағы Әулиеата өңіріндегі аштық пен саяси қуғын-сүргін.
Ғылыми жетекшісі:
С. У. Бақторазов
тарих ғылымдарының
кандидаты, доцент
Тараз 2015 жыл.
Мазмұны
Кіріспе . . . , . . . 5
1 ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕГІ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕН КЕЙІНГІ ДҮРБЕЛЕҢ
1. 1 Әулиеата өңіріндегі 1917-1918-ші жылдардағы ашаршылық . . .
1. 3 Азамат соғысынан кейін Оңтүстік өңірде кеңестік жазалау аппараттарының қалыптасуы және оның Әулиеата халқына әсері . . .
2 ИНДУСТРИАЛИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ КӘМПЕСКЕЛЕУ НАУҚАНЫ КЕЗІНДЕГІ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН.
2. 1. Индустриализациялау науқанының Оңтүстік өңірге тигізген қасіретті зардаптары . . .
2. 2. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру саясаты кезіндегі саяси қуғын- сүргін . . .
2. 3. Оңтүстік өңірдегі саяси қуғын- сүргінді жүзеге асыру барысында жеке тағдырлар қасіреті . . .
Қорытынды . . .
Пайданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Өңірлік тарихи зерттеудің қоғамдық сананы қалыптастырудағы маңызы зор, өйткені ол жеке адамдарға және әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік қауымдастық мүшелеріне, жаһандық қоғамдық процестерді, олар өздері көріп-біліп жүрген жергілікті деңгейдегі тарихи құбылыстар арқылы түсінуіне мүмкіндік береді.
Ұсынылып отырған зерттеудің зерттеу объектісі большевиктер билікке төңкеріс арқылы күшпен келген 1917 жылдың күзінен кеңес өкіметі «халық жаулары», «ұлтшылдар» деп атақ берген алаш ардақтыларын 1937 - 1938 жылдары кең көлемде және аса қатыгездікпен соттап, атқан кезең аралығындағы Әулиеата өңіріндегі саяси қуғын-сүргін ауқымын зерттеу болып табылады. Бұл аймақ Қазақстан республикасының маңызды бөлігі ретінде сол кезде елімізде болып өткен қоғамдық - саяси процестердің тұрпатын толықтай дерлік бере алады деп есептеуге болады.
Саяси-тарихи тұрғыдан қарай отырып, өңірдің ХХғ. басында Ресей империясы Түркістан генерал-губернаторлығының Сырдария облысына қарағанын, Қазан төңкерісінен кейін осы аттас облыс болып, алғашында РКФСР-ға кірген Түркістан АКСР-інің құрамында, кейіннен КСРО құрамындағы ҚазАКСР-інде, ең соңында КСРО құрамындағы Қазақ КСР -і құрамында болғанын айтуға болады. Тиісінше әкімшілік-территориялық қатынаста да атаулар кезегімен өзгертілді- Сырдария облысы, осы аттас округ (округтік бөлініс кезінде), ары қарай Оңтүстік Қазақстан облысы, одан, жеке бірліктер ретінде 1938 жылы Қызылорда облысы және 1939 жылы Жамбыл облысы бөлінеді. Жалпы, бізге дәл саны мәлім емес Амудария мен Закаспий облыстары қазақтарын қоспаған күннің өзінде, Түркістан генерал-губернаторлығы құрамында Қазан төңкерісі қарсаңында 2. 665. 441 қазақ өмір сүрген . Қазақ жерлерінің қайтадан бірігуі нәтижесінде республика аумағы 700 мың шаршы км-ге жуық, яғни үштің біріне ұлғайып 2, 7 млн. шаршы км болды, ал 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың саны 3. 627. 612 адамға жетіп, республика халқының 2/3-сіне жуықтаған (58, 5%) еді. Бұл арада Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі небары 8-9 жыл аралығындағы аласапыранда аталған өңір халқының қосқан үлес салмағы қарапайым есептеулер тұрғысынан қарастырғанның өзінде (1917 жылы тек Түркістанда ғана 2. 665. 441 қазақ болса, 1926 жылғы санақ бойынша осыған тұтас ел бойынша, шамамен 1. 000. 000 қазақ қосылған) ойсырап-ақ қалғандығына мән беруге болады. Дегенмен, осы сандық көрсеткіштер арқылы-ақ Түркістан өңірінде болып өткен оқиғалардың қазақ қоғамына тигізер ықпалын пайымдау қиын емес. Әрине, құбылмалы, тұрақсыз саяси жағдайға қатаң қысы мен құрғақшылығы қосымша болған 1917 жыл мен азамат соғысындағы дүрбелең және одан кейінгі 20 - жылдардағы таптар мен саяси күштердің қарама-қайшылықтары Түркістан қазағына жеңіл тиген жоқ.
Тұрғылықты халықтың басым көпшілігінің шаруашылық жүргізуі мен тұрмыс құруы көшпелі сипат алып, өзіне тән ерекшеліктері болған Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жүргізілген әлеуметтік және экономикалық-саяси эксперименттердің жан түршігерлік зардаптары болды. Мәселен, репрессия шаралары алдымен және бірнеше дүркін (1918-1921, 1927-1932, 1937-1938) Алаш зиялыларын қамтыды. Өйткені большевиктік билік қазақ қоғамындағы потенциалды оппозициялық күш зорлықпен басылып тасталынған ұлт-азаттық қозғалыс басшылары мен белсенділері екендігін жақсы түсінген еді.
Әрине, халықтың ауыр жағдайы, олардың күйзеліс пен ашаршылыққа ұшырауы республикадағы көптеген ұлт зиялыларының және халық тағдырына жаны ашитын барлық адал адамдардың ашу-ызасы мен қарсылық-наразылығын тудырды. Алайда, қаһарына мініп келе жатқан кеңестік репрессиялық аппарат оларды барынша тұқыртып ұстауға негізделген болатын. Қазақ халқына кеңес үкіметі теңдік әкелді, көзін ашты, көкірегін оятты деп айту қиын. 1917 жылдан 1939 жылға дейін халқымыз небір нәубеттерді басынан өткізді. 1917 жылғы Октябрь төңкерісі Ресейдің шет аймақтарында, оның ішінде қазақ жерінде болып жатқан аштықпен тұспа-тұс келді. Жаңа өкіметтің орнауы адамдардың орынсыз өлімге ұшырауына, аштықтың белең алуына, қудалауға түсуіне ықпал етті. Бұдан ес жиып, бойын тіктей бастағанда, 1921 жылы партия қатарында тазалау саясаты жүргізілді. Бұл көзі ашық қазақтарды баудай түсірді. Одан кейін 1925-30 жылдары болған тәркілеу кезеңі жазықсыздардың жапа шегуіне әкеп соқты. Қазақ даласында мыңғырған мал мен мүлкі бар ірі байлар аз болғаны анық. Соған қарамастан, жоғарыдан түсірілген шешімдерді жүзеге асыру үшін ірі байларды қолдан жасады. 1932 жылдан бастап қазақ даласын екінші рет ашаршылық жайлады. 1937 жылы саяси қуғын-сүргін басталды. Ол Ұлы Отан соғысына ұласты. Бұрын қолына қару ұстамаған қазақтар майдан даласында орынсыз оққа ұшты. Одан кейін 1951-53 жылдары қазақ зиялыларын «ұлтшыл» деп кінәлап, соттады, жер аударды, қуғын-сүргінге ұшыратты. Жоғарыда айтылған дәйектердің бәріне облыстық мемлекеттік мұрағатта сақталған құжаттар негізінде деректер келтіру сөзімізді айғақтайды. Мәселен, 1917 жылы Ташкент қаласынан шыққан «Түркістанда ұлы октябрь социалистік революциясының жеңісі» атты жинақта Әулиеата қаласында ашыққан халықтың толқуы болғаны туралы мәлімет келтірілген. 1917 жылдың шілде айынан бастап бір адамға күніне 3\4 фунт нан беру бекітілген. Ал одан кейін бұл 1\2 фунт көлеміне дейін азайтылған. Мұны білген халық қалалық әкімшілікке, азық-түлік комитетіне және милицияға өз наразылықтарын білдірген. Аштық пен зорлық-зомбылық халықтың толқуын туғызып, әр жылдары наразылық білдірген адамдар қатары көбейіп, ұрандатқан деректер де мұрағатта бар. Мәселен, 1919 жылғы 20 наурызда Әулиеата уездік атқару комитеті төралқасының отырысында қалада «Зорлық-зомбылық жойылсын!, «Большевиктер жойылсын!», «Құрылтай жиналысы жасасын!» деген плакаттар қала көшелеріне жапсырылғандығы айтылады. Сондықтан да атқару комитетінің барлық бөлім меңгерушілеріне және милиция бастығына үш күннің ішінде қарамағында жұмыс істейтіндердің тәртіптері анықталып, құрылтай жиналысының мүшелерінің кім және немен айналысатындығын анықтау тапсырылған. 1920 жылы 17 наурызда жағдайдың соншама ушыққаны салдарынан Әулиеата уезінде әскери жағдай жарияланған. Мұның бәрі халықтың сол кезде билік органына наразылығы күшті болғандығын аңғаруға болады. Олардың наразы болуының тағы бір себебі - билік басындағы қызметкерлердің және милиционерлердің тарапынан зорлық-зомбылықтың көп болуы да әсер еткен. 1932-1933 жылдары басталған аштық Әулиеата уезінің тұрғындарына да үлкен кесапат әкелгенін мұрағат құжаттары айғақтайды. Әулиеата аудандық жоспарлау бөлімінің төрағасының ВКП(б) облыстық комитетіне, облыстық атқару комитетіне, өлкелік комитеттің бригадасының жетекшісі Орынбаев жолдасқа 1933 жылы 2 қыркүйекте жолдаған ақпаратында әрбір ұжымшар мамандардың қатысуымен мұқият тексерілгендігі, олардың ресурстары анықталғандығы айтылған. «Асырып айтқандық емес, өңірді аштық және босқындар жайлауы мүмкін. Жұмысқа пайдаланып жүрген малдың ортаққа алынуы да үлкен қиыншылықтар әкелуі сөзсіз. Астықсыз қалған халықтың қырылып қалуы ғажап емес» делінген. Бұдан кейін хабарламашы қыркүйек, қазан айларында астық пен мақта жинаудан босаған адамдарды аң, балық аулауға ұйымдастыру қолға алынатындығын, мұның өзі қосымша азық-түлік ресурсын жасауға болатындығын жазған. Сонымен бірге ол облыстық партия комитетінің алдына аудан халқын аштықтан сақтап қалу үшін нақты шешімдер қабылдауды қойған. Сол ұсыныстың бірі Билікөлден балық аулауға рұқсат беруді Қазақстан Халық комиссариаты кеңесінен сұрау жөнінде мәселе көтеруді өтінген. (Соған қарағанда, халықтың аштыққа ұрынып жатқанына қарамастан, үкімет Билікөлден балық аулауға тыйым салғанын байқауға болады) . Сонымен бірге мақта дайындау жөніндегі қарызды кейін өтеуге мұрсат беруді де тез арада шешуді сұраған. Хабарламашы ауданда Сарысу және Талас өңірлерінен келіп жатқан босқындардың көбейгені жөнінде де нақты мәліметтер келтіреді. Халықты аштыққа әдейі ұрындыру - саяси қуғын-сүргіннің сорақы көрінісі. Қазақтың малын алғасын, жанын алу оңай екенін сол кезде Қазақстанды басқарған Голощекин жақсы білген. 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған кезде Сталиннің тарапынан әлі қатыгездік орын алмаса да, ол қазақ халқының басына қара бұлтты үйіріп, «Кіші қазан революциясын жасаймыз» деп жар салды. Соның нәтижесінде тек 1932-33 жылдары Қазақстанда екі жарым миллиондай адам аштан қырылып, ОГПУ-дың түрмелерінде 10 мыңға жуық адам тергеліп, оның 3386-сы ату жазасына кесілді. Бұл тек Голощекиннің тікелей өзінің бастамасы бойынша жүзеге асырылған зұлымдық саясат еді.
Зерттеудің тарихнамасы. . 1920-1930-шы жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін мәселесіне байланысты бүгінгі қоғамдық өмір сұранысына сай зерттеулер тек Отанымыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта ғана жарық көре бастағандығын айта аламыз.
Осы орайда аталған жылдар аралығындағы оқиғаларға байланысты, кеңестік тарих ғылымында, қалыптасып келген шындықты айтуға тыйым салу әдісіне сәйкес, сол дәуірдің тарихи еңбектерінде қазақ халқының басынан кешкен қасіреттерін «асыра сілтеу», «колхоз құрылысындағы партия жолын бұрмалаушылық» деп түсіндіру әдетке айналған еді.
Шын мәнінде кеңес қоғамындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан тоталитарлық жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы жүзеге асырылған болатын. Осы мәселені, яғни, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси тарихты зерттеуге деген қоғамдық қызығушылық осы тұрғыдағы арнайы тарихи әдебиеттердің де барынша көбеюіне ықпал етті. Олар негізінен индустриализациялау, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселелеріне арналып, осыған байланысты өңірдегі мәселелер де, яғни отырықшылыққа көшу, ірі бай шаруашылықтарын кәмпескелеу, кулактарды тап ретінде жою және ең соңында ауылдағы социализмнің тірегі ретіндегі колхоздар мен совхоздардың құрылуы да қарастырылған еді.
Көптеген миллион халқы бар КСРО үшін, олардың көпшілігі ауылдарда тұрғандықтан аграрлық мәселенің дұрыс шешілуі үлкен маңызға ие болатын, тіпті бұл проблема барлық посткеңестік кеңістік үшін қазір де маңызын жоғалтпағаны белгілі.
Кеңестік кезеңде аграрлық мәселенің шешілуі жер туралы Декреттен басталып, алғашында шаруаларға жер бөлініп берілсе, кейіннен ешбір жағдай жасалынбай ұжымдастыруға көшумен жалғастырылды, бұл арқылы жерге жеке меншік, кооперативтік меншікке айналдырылған еді. Әрине, бұл орайдағы мәселенің шешілуі репрессиялық іс-шаралар қолданусыз бітпегені анық. Осы тұрғыда, аграрлық, соның ішінде негізінен, ұжымдастыру кезеңіндегі проблемаларды шешу мәселесіне арналған тарихнаманың бірнеше қырларын қарастыру маңызды сияқты.
Кеңестік тарихнамада ауыл шаруашылығын ұжымдастырумен аяқталған аграрлық мәселенің шешімі БК(б) П - ның қателіксіз саясатының жеңісті жемісі ретінде қарастырылады. Сол кезеңдегі зерттеушілердің негізгі мақсаты социалистік қайта құрулардың жағымды жақтарын теріп көрсету болса керек. Кемшіліктері не тіптен айтылмады, не жадағай айтылып, тағы да осы қателіктерді дер кезінде көріп, оны тез түзей алған партия басшылығының кемеңгерлігі мадақталды. Осылай, қателіктердің өзін жеңіске айналдыру (инверсиялау) дағдысы кеңестік тарихнамаға тән екендігі анық болатын. БК(б) П-ның аграрлық саясаты көптеген зерттеуші - тарихшылардың, соның шінде, негізінен, партия тарихшыларының еңбектерінде көптеп қарастырылды.
Бұл тұрғыдағы негізгі қомақты еңбектердің қатарына (алғашқысы етіп) көптомдық КОКП тарихын жатқызуға болады. Оның - «Орта Азия республикалары мен Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласындағы социалистік қайта құрулар» атты жеке бөлімінде әртүрлі факторлар мазмұндалып, статистикалық мәліметтер беріледі, ұжымдастырудың негізгі кезеңдері хронологиялық тәртіпте қойылып, олардың егін, мақта және мал шаруашылығы аудандарындағы ерекшеліктері айқындалады. Жалпы түрде келеңсіздіктер мен «асыра сілтеушіліктер» де атап өтіліп, «толық ғылыми объективтілік» тұрғысында қарастырылу сыңайы танытылады.
Қарастырылып отырған мәселе М. Қойгелдиев [1], Т. Омарбеков [2], К. Нүрпейісов[3], Ж. Абылғожин, М. Қозыбаев, М. Тәтімов [4], Қ. Алдажұманов [5], М. Баймаханов [6] еңбектерінде де әр қырынан зерттелген.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. тоталитарлық жүйенің қалыптасу белгілерін Әулиеата өңірінің әлеуметтік- психологиялық менталитетіне, оның өзіндік геосаяси жағдайына орай анықтай отырып, осы өңірде ресми мемлекеттік бағдарға қарсы жасалынған іс-қимылдарды елеп- екшеуге мүмкіндік береді. Зерттеу хронологиялық тұрғыда өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарын қамтиды. Дегенмен, қазан төңкерісінен кейінгі саяси текетірес азамат соғысына ұласып, қарама-қарсы лагерьдегілер бітіспес жауға айналған кезде соңиалистік революция көсемдерінің большевиктерді қолддамағандарды «халық жауы» ретінде қатал қуғын-сүргінге ұшыратқандығы тарихтан белгілі. Контрреволюционерлер мен оларды қолдаушылар қатал қуғын-сүргінге ұшырады. Осы үшін Бүкілресейлік төтенше комиссия (БТК) және оның жергілікті органдары құрылып, Кеңес өкіметі олармен тарих бетінен жойылып кеткенге дейін ажырасқан жоқ. Зерттеліп отырған проблеманың ерекшелігі ретінде, іс-жүзінде қызметінің бақыланбауы себепті, жазалаушы органдардың барынша қатыгез құрылымға айналуын айтуға болады. Алғашында кез -келген мемлекеттегідей билеуші режим қарсыластарының тіміскі іс-әрекеттерін болдырмау үшін құрылған ТК-МСБ - БМСБ органдары кейіннен, сталиндік топ тағайындалушыларымен толықтырылып, мұндай жаңадан келген басшы кадрлар қожайындарының алдында жауапты екендіктерін сезінгендіктен, олардың кез-келген тапсырмасын орындауға дайын тұрды, бұл үшін неден де болса тайынбады. Осылай, халықты қанды қырғынға ұшыратқан ІІХК-ның қатыгез системасы өздерін де аяған жоқ, ондағы мақсаттарының бірі қылмыстық іс - әрекеттеріне куә болғандардың көзін жою еді.
20-30-шы жылдары күшейген сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе қоғамның тарихи даму заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасады. Олар Қазақстанды, оның ішінде зерттеліп отырған территориялық белдеулерді де қамтығаны анық.
Қазақстан халқының саяси өміріндегі қасіретті жаңа кезең сталиндік режимнің, уақыт өте келе өз позицияларын нығайта отырып, Қазақстандағы оппозициялық күштерге: біріншіден партияда жоқ интеллигенцияларға қарсы, екіншіден, қазақ халқының ұлттық және мемлекеттік тәуелсіздігін ендігі жағдайда кеңестік система шеңберінде қорғауға тырысқан партия және мемлекет қайраткерлеріне қарсы шабуылының басталуына сәйкес келді. Бұл «халық жаулары» аталғандарға қарсы күрестің нағыз қайнаған 1937-1938 жылдары еді.
Зерттеудің мақсаты. қарастырылып отырған кезеңдегі Әулиеата өңірін кесапатқа ұшыратқан сұрапыл аштықтың және өңірдегі саяси қуғын-сүргіннің себебі мен салдарын анықтау болып табылады. Осы орайда құжаттарды сөйлетсек: «1918 жылдың 8 қаңтарында Әулиеата уезінен облысқа жолданған хатта уезде 400 мыңға жуық халық тұратындығын, оларға қызмет көрсететін комиссариаттардағы қызметкерлердің саны 38 адам ғана екендігі айтылған. Ал 1920 жылдың 31 шілде күні Әулиеата уездік әскери революциялық комитетіне жер бөлімінен жолданған хабарда уезде 200 мың халық тұрады деген мәлімет бар. Онда 131975 қырғыз (қазақ), 40200 орыс, 16662 сарт, 2189 неміс, 1117 шала қазақ пен қырғыз-сарт, 817 дүнген, 800 татар, 500 өзге де ұлт өкілдері тұратындығы айтылған. Беріліп отырған дерек ашаршылықтың және саяси қуғын-сүргіннің салдарынан екі жылда екі жүз мың әулиеаталықтың өлгенін, басқа жаққа бас сауғалап, ауа көшкенін дәл көрсетіп тұр. Бұл туралы нақты мәліметтер Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаттың 50-ші қорында сақталулы. Қолдағы бар деректерге жүгінсек, Қазақстандағы келесі ашаршылық апаты 1927-1928 жж. жұттан кейін-ақ басталғанын көрсетеді. Сондай-ақ, П. Ивановтың 1927-1928 жж. Әулиеата уезінде болған жұт туралы деректері жұтаған шаруашылықтарда мал саны қысқа дайындалған пішеннің жетімсіздігінен, жұттан, түсік тастағаннан кемуін алға тартады. Мал басының жұтауы қазақ қоғамының әлеуметтік тұрмысымен тығыз байланысты. Солай болғанда Әулиеата уезіндегі жылқының 9 пайыздан, мүйізді ірі қараның 18 пайыздан, қой ешкінің 20 пайыздан, түйенің 6 пайыздан, барлық мал басына шаққандағы шығыны 19 пайыздан асқан. Бұған қоса қырылған мал санын жеке халықтың шаруашылығы бойынша есептегенде орыстардың 1 %, өзбектердің 2 %, отырықшы қазақтардың 5, 5 %, көшпелі қазақтардың 8, 6 % малы қырылған [7] . Мұның өзі жайылымдық, егістік жердің құнарлы бөлігіне қоныстандырылған басқа ұлт өкілдерінің жұттан аман шығып, ал тақыр мен шөлге ығыстырылған қазақ ауылдарының пішен жинап, мал бағуға шабындық жерінің жетімсіздігін, сонымен бірге табиғат райына тәуелді болғандығын айқын аңғартады. Демек, бұдан сол кездегі Қазақстандағы жүргізілген Кеңес өкіметінің қазақ халқына бағытталған жымысқы саясатының нәтижелерін байқауға болады.
Зерттеу жұмысының нысаны . Әулиеата өңірінде жүргізілген жаппай саяси репрессиялардың қасіретті зардаптарын - тоталитаризмнің өз халқына жасаған қылмысы ретінде айқындап-әшкерелеу.
Зерттеудің міндетінің бастысы Әулиеата қазақтарының ойластырылмай атқарылған іс-шаралар себебінен қасіретті зардаптарға ұрынғанын фактілік негізде анықтау болып табылады. Осы арқылы дәстүрлі өмір салтына негізделген даладағы ауыл шаруашылығының ұжымдасуға бірден көндіге қоймайтындығын, күштеп ұжымдастырудың осы салтты бұзғанын, нәтижесінде еңбек өнімділігі төмендегенін, мал санының күрт азайып кеткенін, халықтың ашаршылыққа ұшырағанын, біраз бөлігінің босып кеткенін дәлелдей отырып, осы және басқа да оқиғалардың себеп- салдары баяндалады.
Зерттеудің методологиялық негізі. қарастырылып отырған кезеңде Әулиеата өңіріндегі жалпы ішкісаяси жағдайларға талдау жасауға, сонымен қатар кеңестік жазалау органдарының қанқұйлы әрекеттері нәтижесінде қазақ зиялыларының қалай қынадай қырылғанының себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысы, соңғы уақытқа дейін біздің қоғамдық санамызда қалыптасып қалған, кеңестік кезеңнің қасіретті зардаптарын тек 1932-1933 жылдардағы алапат аштық пен күштеп ұжымдастыру және 1937-1938-жылдары жүргізілген жаппай репрессия саясатымен байланыстыру стереотипі түбірінен терістелгеннен кейін жазылып отырғандықтан, кітапта оның алғышарттарының кеңестік режимнің алғашқы күндерінен-ақ бастау алғандығы нақтылы фактологиялық материалдар арқылы дәлелденеді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Бәлкім, алдын - ала «тоталитарлық» қоғам мен «қазармалық социализм» немесе кең ауқымдағы ашаршылық қасіреті жоспарланбаған да болар, әйтеуір осындай декларациялардың ешбір жерде жарияланбағандығы анық. Дей тұрғанмен, қоғамды «индустриялық қоғамға» көшіру жағдайындағы әртүрлі себептер, дәл осындай кесапатқа алып келген еді. Қазақстанның саяси тарихында болған осы оқиғаларды түйсініп және оның Әулиеата өңіріндегі ерекшеліктерін ұғыну, ондағы ойластырылған қитұрқылар мен тарихи уақыт талайында тағдыр тәлкегіне ұшырағандардың өмірлік-бақилық өксігін түсіну тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының парызы екендігі анық.
Еңбектегі кейбір тұжырымдарды қарастырылып отырған мәселеге қызығушылық танытқан білімгерлер мен Отан тарихын зерттеуші тарихшылар өздеріне көмек ретінде пайдалануына болады.
Ұсынылып отырған зерттеуде қорытылып жүйеге келтірілген материалдарды лекциялық және үгіт-насихат жұмыстарында, Қазақстан мен оның Оңтүстік өңіріндегі негізгі деген оқиғалардың бірқатарының мазмұнын ашу үшін пайдалануға болады. Зерттеу жұмысындағы мәліметтер бірінші қолдағы бар материал ретінде, тарихи-өлкетанушылық жұмыста қолдану үшін нақты анықтамалар береді.
Диссертация жұмысының құрылымы әрқайсысы үш параграфқа бөлінген екі тараудан, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕГІ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕН КЕЙІНГІ ДҮРБЕЛЕҢ
1. 1 Әулиеата өңіріндегі 1917-1918-ші жылдардағы ашаршылық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz