Орта мектепте физиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Бибінур
Орта мектепте физиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012600 - «Математика - физика» мамандығы
126-38а-тобы
Шымкент 2022ж.
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Математика кафедрасының меңгерушісі
п. ғ. кГ. Жетпісбаева
«___» 20___ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Орта мектепте физиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері
Орындады: 126-38а тобының студенті
Ғылыми жетекшісі: ф-м. ғ. к. аға оқытушы Рахашев Б. К
Шымкент 2022
МАЗМҰНЫ
2. 1. Орта мектептің жаратылыстану-метаматика бағытындағы
сыныптарда оқытылатын физика пәнінің мазмұндық ерекшеліктері . . .
2. 2. « Молекулалық-кинетикалық теория негіздері» тарауын оқытуда
басшылыққа алынатын дидактикалық принциптер және олардың өзара байланысы . . .
Кіріспе
Физиканы оқыту принципі-тарихи ұғым; әр уақытта физика пәнін оқыту әртүрлі принциптерге сәйкес құрылды. Оқыту принциптері тек тарихи категориялар ғана емес, сонымен бірге қоғам идеологиясымен тығыз байланысты әлеуметтік-тарихи категориялар. Сонымен қатар, оқыту принциптері оқыту тәжірибесін, танымдық іс-әрекеттің тәжірибесі мен үйлесімділігін көрсетеді. Жалпы, физиканы оқыту принциптері қоғамның әлеуметтік тапсырысын барынша орындау үшін оқу процесін ұйымдастыруға бағытталған.
Физиканы оқыту принциптері (олардың әрқайсысы) оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастырушылық формаларын реттейді. Іс жүзінде кез-келген мазмұнмен, сабақтағы кез-келген іс-әрекетте оқыту принциптері жүзеге асырылуы керек. Принциптердің жалпыға бірдей сипаты оларды оқытудың мақсаттары мен міндеттерінен ажыратады. Принциптерді бөлектеу және тұжырымдау кезінде мыналарды ескеру қажет: қоғамның әлеуметтік тапсырысымен негізделген оқыту мақсаттары (қоғам өзін-өзі жаңғыртуы тиіс) ; қызмет түрі ретінде оқыту заңдылықтары; нақты үдерісте оқыту заңдылықтарын іске асыру тәсілдері (және басқалары) . Физиканы оқыту принциптері тығыз байланысты және айтарлықтай дәрежеде дидактика, тәрбие теориясы және т. б. принциптерімен анықталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (2006) білім беру нәтижелеріне қойылатын талаптарды алға тартады. Құзірет, құзіреттілік, құзіреттілікті тәсілге үлкен мән берген. Әрбір орындалатын тапсырмаға, алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық, оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесіне, оқу процесінің түпкілікті құзіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы қажет.
Қазіргі уақытта қоғамда адам өмірінің барлық салаларында жаһандық өзгерістер орын алуда. Атап айтқанда, біздің елімізде постиндустриалды қоғамға көшу жүзеге асырылуда, ол үшін әр адамның белгілі бір қалыптасқан құзыреттері болуы қажет.
Сондықтан, жалпы білім беру ұйымдары өзін-өзі дамытудың жеке жолдарын құра алатын, мақсат қоя алатын, туындаған міндеттерді шеше алатын, шығармашылық және ізденушілік сипаттағы түлектерді дайындауы керек. Олар туындаған мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар өз мақсаттарына жету жолында жасалған іс-әрекеттері мен әрекеттеріне өзін-өзі талдау мен рефлексия жүргізуге қабілетті.
Осыған байланысты біздің елімізде барлық оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамытуды көздейтін білім беру стандарттарында көрсетілген білім берудің жаңа тенденциялары анықталды
Қазіргі оқу үрдісінің басты міндеттерінің бірі-оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Бұл міндет білім беруде тұлғалық-бағдарлық қатынасты қалыптастыру арқылы шешуге болады. Мектепте білім берудің негізгі нәтижесі тек оқу ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және шығармашылық сипаттағы тиімді жеке және ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру және бағдарламалау дағдыларын қалыптастыру, болашақ білім траекториясын саналы және пәндік білімге дайындық, олардың құқықтары мен міндеттерінің өлшемі туралы білім алу болып табылады.
Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқынды даму шағында мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына ғылымның барлық жетістіктерін енгізу мүмкін емес. Осы себепті де мектеп ертеңгі білім алу негізін қалап, оқушылардың өз бетімен, білім алуларына дайындауы тиіс. Сапалы оқыту және өз бетінше оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан бәсекеге қабілетті субъектіні қалыптастырады. Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарынан хабардар болып, кейін сол алған білімі мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс.
Болашақтың іргетасы ретінде білімнің жаңа мазмұны қалыптасып келе жатқан Қазақстандағы қазіргі заманғы мектеп өзінің бүкіл еліміздің адам әлеуетінің сапасын арттыруға әсер ететін сапасының айтарлықтай өзгеруіне бағытталған. Бұл Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азаматтардың материалдық және рухани жағдайын жақсарту үшін адами капиталды дамыту, барлық адамдар үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы тұрақты экономикалық өсу» көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында «Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», «Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстан», «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында», мектепке дейінгі, мектептегі білім беруге баса назар аударғаны баршамызға аян.
Зерттеу пәні Физиканы орта мектепте оқытуда оқушылардың дидактикалық принциптерін қалыптастыру
Зерттеу нысаны: Физиканы орта мектепте оқытуда оқушылардың дидактикалық принциптерін қалыптастыру процесі
Зерттеудің мақсаты: Орта мектепте физика пәнін оқытудың дидактикалық принциптерін ұйымдастыру.
Зерттеудің негізгі міндеттері:
1. Физиканы орта мектепте оқытуда оқушылардың оқу іс-әрекет біліктілігін қалыптастыру.
2. Физиканы орта мектепте оқытуда оқушылардың танымдық әмбебап оқу іс-әрекетін дамыту.
3. Физика сабағында педагогикалық эксперименттік тапсырмаларды орындау үшін тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу.
1 ТАРАУ. ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
1. 1. Дидактикалық принциптің түрлері
Дидактика - оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Білім беру - адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесіне сай тәрбие мен білім беру мақсатына бағытталған үдеріс екенді белгілі. Дидактика деп оқытуды толығырақ деңгейде теория жағынан зерттейтін педагогикалық пәнді айтады [1, 32 б] .
Дидактиканы білім беру мен оқыту теориясы ретінде қарастырады. Мұндай жағдайда білім оқытудың нәтижесі ретінде, ал оқыту - «білім беру жолы» ретінде аықталады.
Сонымен, дидактика - бұл оқытуды теориялық деңгейде зерттейтін педагогикалық пән. Сондықтан, практикалық әрекет теориясы, яғни оқыту әрекетінің теориясы қажет. Бұл - дидактиканың дәл өзі.
Дидактиканың пәні мен объектісі. Педагогикада дидактикалық талдаудың басты салаларының ұғымы - оқытудың мазмұны мен үдерісі (әдістері, ұйымдастыру тәртіптері) . Қайткенмен де оқытуды түсіну де бір мағынада емес. Кейбір анықтамаларды келтірейік. Біреулер дидактиканың объектісі ретінде оқытуды білім беру мен тәрбиелеу құралы ретінде қарастырса; екіншілері - оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдарын, олардың мақсатын, білім мазмұнының ғылыми негіздерін, әдістерін, формаларын, оқыту құралдарын; үшіншілері - оқытудың және білім берудің бірлескен өзара әрекетін; төртіншілері - жалпы дидактиканың пәні деп тек оқыту үдерісі ғана емес, оның дамуына қажет жағдайлар (мазмұны, ұйымы, құралы, т. б. ) да, сонымен қатар бұл жағдайларды жүзеге асыратын әртүрлі тұрақты нәтижелер деп есептейді.
Қорыта келе, бүкіл осы анықтамаларды жинақтасақ, онда дидактиканың оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары, әдістері және оқыту ұстанымдары зерттейтіні мойындалады. Дидактика білім берудің жалпы мақсатын оқытудың жағдайына қолданылатын етіп педагогика тіліне аударады. Бірақ мұндай мақсаттардың анықталуы мен қалыптасуына тек дидактика ғана қатыспайды, басқа да: философия, социология, психология және т. б. сияқты ғылымдар қатысады. Әрі қарай, оқытуда тек дидактикалық заңдылықтар ғана емес, басқалары да, мысалы, психологиялық және физиологиялық заңдылықтар әрекеттенеді. Ақпараттың айналымының жалпы заңдылықтарын көбінесе информатика, кибернетика, синергетика зерттейді. Оқыту ұстанымдары көптеген ғылымдардың оқыту құбылыстарын зерттеуі нәтижесінде белгіленеді.
Дидактика ежелгі грецияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде мәдениеттің, ғылым дамына, оқу жүйесі мен тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика саласы болып қалыптасты. Дидактика терминін неміс педагогы Вольфганг ең алғаш болып ғылыми айналымға енгізген. Чех педагогы Я. А. Коменский 1657 жылы өзінің «Ұлы дидактика» деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Оның ойынша дидактика «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» деген сұрақтарға жауап береді. Ол білім берудің мазұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Және адам табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан, оқытуда табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екеін дәлелдеп берді. Сондықтан ол оқытудың ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі деп қорытады. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: қашан, қайда, неге оқыту, қалай оқыту деген сияқты сұрақтарды қамтиды. Коменцкийдің дидактикалық идеялары кейіннен И. Г. Пецтолици, Ф. А. Дистервег, К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Оқыту - оқушыға білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсатында, шығармашылық қабілеттер мен дағдыларды меңгеруде оқушылардың белсенді оқу- танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандыру мақсатында алдын- ала жасалған педагогикалық іс-әрекет.
Оқыту принциптері - оқу тәрбие процесінің мазмұнын, оның мақсаттары мен заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыру формалары мен әдісін анықтайтын, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылырдың дүниетанымын, қабілетін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқыту барысында оқушылардың оқушы сана-сезімі, адамгершілік қасиеті, тұлғалық қасиеттері, білімі артады.
Дидактикалық принциптер- оқыту мазмұнын, оқытудың ұйымдастыру түрлерін, әдісітерін оқытудың мақсаты мен заңдылығына сәйкес анықтайтын қағидалар жүйесі. Дидактикалық принциптер белгілі бір нақтылы әлеуметтік тарихи жағдайларға байланысты болып келеді. Дидактикалық принцптер оқу-тәрбие жұмысының зағды жүйесін көрсетіп, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып есептеледі. Олар бір бірімен тығыз байланыста болады.
Қоғамда оқытуға қойылатын талаптар өзгеріп отырғандықтан кейбір принциптер ескеріліп пайда болса кейбірі қолданыстан шығып жатыр. Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, кейбіреуі керісінше принциптердің санын кеңейтуін ұсынып жатыр.
Оқыту принципінде кез келген мұғалім дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып оқушыларын жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Ол үшін мұғалім дидактикалық приенциптердің түрлерін дұрыс пайдалана білуі қажет негізгі дидактикалық принциптер:
- Саналылық пен белсенділік
- Ғылымилылық
- Сәйкестілік
- Көрнекілік
- Жүйелілік пен бірізділік принципі
- Беріктілік
- Тиімділік
- Теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
- Саналылық пен белсенділік
Саналылық пен белсенділік - білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмірмен және практикамен байланысын тереңдетіп, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәнін түсіну. Бұл принциптің негізгі заңдылықтарына: тек өз ақылымен қабылдаған сапалыда саналы түрде алынған білім адам білімінің шынайы өзегі болады. Оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігін оқуға ынталануына, ғылыми білімдерді меңгеуруде саналылық пен белсенділік танытқан оқушылар ғана оны саналарына ойларына берік тоқулары сөзсіз.
Оқытудағы саналылық принципі дегеніміз - оқу процесінде оқушының саналы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыра көркемдік сөз өрнегін көре білуі, оларды өздерінің ауызша, жазбаша сөйлеу тілінде қолдана білуі және әдебиеттен алған білім-дағдылардың оқушы бойынан табылуын айта аламыз. Саналылық оқушының белсенділігі мен өзіндік әрекетінен байқай аламыз. Белсенді ақыл-ой, еңбек әрекетінсіз бір затты саналы ұғыну әсте мүмкін емес. Саналылық пен белсенділік принциптері бір бірімен өзара тығыз байланысты. Бұл екі процес тәрбие процесін де қамтиды. Әдебиеттік оқу пәнін оқыту барысында тәрбиелік міндеттердің де алатын орны орасан зор Табиғат құбылыстарының, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің мәнін, заңдылықтарын терең түсіну, өздігінен білім алуы, дағдылары мен іскерлігін жетілдіре түсуінде тәрбиенің мәні зор.
Саналылық пен белсенділік процестерін іске асыру барысында мұғалім оқыту процесінде мынадай ережелерді басшылыққа алу керек:
- Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді анық түсінуі саналы оқытудың негізгі шарты екенін ескеру.
- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана қоймай, олардың мағынасын терең түсінуін де қадағалау.
- Әр бір сөздің, сөйлемнің, физика сабағында формуланың мәнін түсіндіру үшін оқушылардың білімі мен тәжірибесін ескеру керек.
- Оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттырып оларға өз бетімен оқуда тиімді әдістермен таныстыруы керек.
- Оқу материалында жаңа тақырып түсіндіру барысында бұрыннан белгілі тақырыппен ұштастыра алуы қажет.
- Оқушы білімін тәжірибе барысында қолдануына жәрдемдесу.
1. 2. Дидактикалық принциптердің өзара байланысы.
Педагогика ғылымының дамуы негізінде дидактика білім беру мен оқытудың теориясын шоғырландыруға көңіл бөле отырып, ғылыми ілім саласында өзіндік мәртебеге ие бола бастады. Бүгін дидактика білім беру және оқыту туралы ғылым ретінде танылып отыр. «Дидактика» түсінігі мазмұнын толық түсіну үшін, қысқаша ғана бұл ғылыми пәннің дамуына тарихи шолу берген жөн. Тарихта былай болған, яғни, уақыттар бойы «педагогика» терминімен қатар «дидактика» термині бір мағынада қолдалынып жүрген. Ең алғаш рет оны ғылымға неміс педагогы В. Ратке (1571-1635) кіргізген және өзінің дәріс курсына «Дидактикадан қысқаша ғана есеп нәтижесі немесе Ратихияның оқыту шеберлігі» деп атаған. Осындай мағынаны ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский де қолданған. Ол 1657 ж Амстердамда өзінің «Ұлы дидактика» атты белгілі еңбегін бастырып шығрды.
«Дидактика» термині грек тілінен шыққан, яғни «didaktikos»-үйренуші, ал «didasko»-зерттеуші. Я. А. Коменскийдің дидактиканы «бәрін бәріне оқыту өнері» ретінде қарастыруын осы сөздер оятқан болар. Оның құрамында ол «жан-жақты моралға бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын қарастырады.
Педагогика ғылымының дамуы барысында дидактика білім беру мен оқытуға көңіл қоя бастайды. Әлемдік дидактиканың дамуына Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841), И. Г. Песталоцци (746-1827), А. Дистерверг (1790-1816), К. Д. Ушинский (1824-1870), Д. Дьюи (1859-1952), Г. Кершенштейнер (1854-1932), В. Лай (1862-1926) және т. б. үлкен еңбек сіңірді.
XIX-XX ғғ. аралығында отандық дидактиканың дамуына П. Ф. Каптерев, С. Т. Шацкий, П. П: Блонский, А. К. Гастев, А. П. Пинкевич, М. М. Пистрак және т. б. көңіл бөлді. Әсіресе КСРО кезінде отандық дидактикада П. Н. Груздев, М. А. Данилов, Ш. И. Ганелин, Е. Я. Голант, Л. В. Занков, Б. П. Есипов, М. Н. Скаткин және т. б. табысты жұмыс істеді. Оқытудың ғылыми негіздемесіне, объектісі мен дидактиканың пәнін анықтауға, педагогикалық ғылымдармен емес ғылымдармен байланысын табуға, дидактикалық зерттеудің әдіснамасын, оқыту әдістері мен дидактиканың басқа өзекті мәселелерінің дамуына В. С. Ильин, В. И. Загвязинский, В. В. Краевский, И. Я. Лернер, М. М. Махмутов, П. И. Пидкасистый және т. б. маңызды үлес енгізді. Олардың дидактикаға үлесі, басқа зерттеушілер үлесі сияқты, қазіргі уақыттағы педагогикада туындайтын өзекті мәселелерге жауап табуға мүмкінік жасайды.
Дидактиканың негізгі міндеті оқу үдерісіне әсер ететін заңдылықтарды анықтау және бұл заңдылықтарды білім беру мақсатында неғұрлым табысқа жету жолында пайдалану. Дидактика білім беру мазмұнын ғылыми негіздеумен, яғни «нені оқыту керек», оқытуды ұйымдастырудың формалары, әдістері мен ұстанымдарын зерттеумен, яғни «қалай оқыту керек», сол сияқты оқушының шығармашылықпен белсенді еңбектенуіне, жеке басының дамуына мүмкіндік жасаумен айналысады. Ұлы ойшыл ғұламалар Әбу-Насыр Әл - Фараби, Ибн-Сина, Қожа-Ахмет Иассауи, Әл-Хорезми, Махмут Қашқари, Жүсіп Баласағұни қазақ жерінде дидактиканың философиялық-әдіснамалық заңдылықтары, өзіндік ерекшеліктері туралы өз еңбектерінде жазып, кейінгі ұрпаққа өте бай мұра қалдырды.
Қазақстан топырағынан шыққан, әлемдік мәдениет пен ғылымның дамуына зор үлес қосқан, данышпан ғалым Әл-Фараби адамды тек оқу білім арқылы жаңартуға, жетілдіре түсуге болады, мұның өзі барша халыққа бірдей ортақ нәрсе деп түсінді. Оның сан-салалы трактаттары ғылымның барлық дерлік саласын қамтыды. Ұлы ойшыл еңбектерінде педагогика мен психологияның, математика мен оны оқыту әдістемесі мәселелері де үлкен орын алады. Әсіресе, «Ғылымдардың классификациясы» деген еңбегінде сол кезеңдегі белгілі ғылымдардың әрқайсысын жеке-жеке саралап, олардың мазмұнын толық баяндады. Ол математика ғылымын жеті тарауға бөлген: арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка салмақ туралы ғылым, айла - әрекет туралы ғылым. Ол математика ғылымын осылай реттеп, жүйелей отырып, оның салаларының әрқайсысының зерттеу обьектісі мен пәнін тағайындайды. Арифметика мен геометрияны теориялық және практикалық деп екіге бөле отырып, олардың әрқайсысының мәні мен мазмұнын тығыз бірлікте, байланыста қарастырады.
Ж. Баласағұни «Құтты білік» атты еңбегінде ғылым мен білімнің адам өмірінде шешуші рөл атқаратындығын айқындай отырып, өмірмен байланысты білімнің өлшеусіз байлық, мол мұра екенін төмендегіше тұжырымдаған: «Білімнің де білімі бар, жаттап алған құрғақ білімнен пайда аз. Адамды адам ететін, оның өмір сүруін жетілдіретін, іс-әрекетпен, тәжірибемен байланысқан білім ғана нағыз білім болып саналады».
Қазақтың ұлы ақын, ойшылдары А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, этнограф-ғалым Ш. Уәлиханов, ағартушылар Ы. Алтынсарин, С. Көбеев, С. Торайғыров өздерінің философиялық еңбектеріндегі қазақ халқының дүниетанымын қалыптастыру, ағарту, сауат ашу, білім беру, мәдениетке үйрету, өзге елдердің озық мәдениетінен үйрену туралы айтқан құнды пікірлері қазіргі кезде де өз мәнін жоймағанын, қайта осы заманғы білім беру ісімен үндесіп тұрған өзекті мәселе екенін аңғарамыз.
Одан бергі кезде ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, К. Жәленұлы, С. Қожанұлы, Ә. Қасымұлы, Т. Шонанұлы, Е. Омарұлы т. б. білім беру мен оқыту үдерісін жетілдіру, оқулықтар даярлау, білім мазмұнын іріктеу, оқушылардың таным әрекетін арттыру мәселелерін тереңінен зерттеп, дидактиканы одан әрі дамытуға өз үлестерін қосты. М. Жұмабаев оқыту үдерісіне қатысты іс-әрекет, амал жүйесін құрып, бірқатар «индукция», «дедукция», «талдау», «жинақтау» т. б. сияқты терминдерді өзінің «Педагогика» атты еңбегінде қолданған. Ж. Аймауытов көптеген «ынта», «мүдде», «берне», «бағам», «перцептив», «апперсепсе» және т. б. атауларды дидактикаға алғаш енгізген. Ол таным теориясының тірегі пәлсапалық жадты үздіксіз дамыту деп есептеген. Адамның ойлау іс-әрекетін «ойсандығы» деп атаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz