Педагогика гуманитарлық ғылым ретінде: қалыптасуы, пәні және ғылымдармен байланысы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Биология-география факультеті

Реферат

Тақырыбы: Педагогика гуманитарлық ғылым ретінде

Орындаған: Оспанова Анель Бн-31 тобы

Тексерген: Мусина Венера Тлетаевна

2021-2022

Тақырып Педагогика гуманитарлық ғылым ретінде.

Жоспар:

1. Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Педагогиканың объектісі,

пәні және қызметтері.

2. Педагогика негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру,

педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысы.

3. Педагогиканың философия, психология, әлеуметану, физиология және т. б.

ғылымдармен байланысы.

Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік

мұқтаждығынан, талабынан туады. Жалпы педагогика адам өміріндегі

дүниетанымын қалыптастыруға қандайда болмасын педагогиканың маңызы

мен үшінде жалпы адамзат үшінде керек екені ерте ғасырдан-ақ қажет екендігі

белгілі болды.

Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді

жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие

ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады.

Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Педагогика дегенде нені

есіме аламын әрине ол бала тәрбиесі, білім, баланы білімге тарып үйрету және

одан өзің берген білімнен де екі есе жаңалықтар күтемін.

Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр,

Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз

алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дүние философиясы ертедегі

шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ,

Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам

тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық

мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген

көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани

және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге"

дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.

ХУ-ХУI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның

жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет

пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф. Рабле, Т. Мор,

Т. Кампанелла) .

Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.

Феодализмнен капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғылымдар

дамып, жеке бөлініп шыға бастайды. Осы кезде педагогика да өз алдына

ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым

ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670)

"Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті.

Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) "Тәрбие туралы

ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік

тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы "таза тақтаға" теңеді. Францияда

Жан-Жак Руссо (1732-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре

тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ тәртібіне

қарсы "еркін тәрбие" идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-демократы

И. Песталоцци "Лингард және Гертруда" деген еңбегінде білім беруге

демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын

пейілмен көңіл бөлуді жақтады.

Педагогиканың объектісі - осы ғылым зерттейтін шынайы болмыстың саласы.

Пәні - объектіні осы ғылым тұрғысынан көре білу тәсілі. Нысан дегеніміз -

зерттеушінің танымдық әрекеті бағытталған шынайы болмыс, ал пән дегеніміз

- зерттеудің нысанын (объектісін) ғылыми тұрғыдан көру тәсілін бейнелейтін

зерттеу субъектісі мен объектісі арасындағы буын.

Педагогиканың өзіндік атқаратын қызметтері бар - бұл білім және тәрбие беру

әрекетінің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім және

тәрбие беру туралы арнайы ғылым.

Себебі бұл педагогика ол бір бағытта ғана жүрмейді оның басқа салалармен

байланысы өте көп. Қай жағынан алып қарасақта педагогика ол бізге өмір

сүруді адамдармен қарым-қатынас орнатуды тіпті адаммен қалай сөйлесуді,

сөйлеу мәдениетімізге жауап беретін ғылымдардың бірі мен үшін.

Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін,

өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын бірден - бір ғылыми пән. Сонымен,

педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы, кең ауқымды

ғылымдар жүйесінің қатарына кіреді. Педагогика ғылымының саласы құрсақ

тәрбиесінен бастау алады (С. Ғабассов) . Педагогиканың негізгі салалары:

педагогика тарихы, этнопедагогика, халықтық педагогика, отбасы

педагогикасы, әлеуметтік педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке

дейінгі тәрбие, тәрбие теориясы мен әдістемесі, мектеп педагогикасы, жоғары

мектеп педагогикасы, кәсіптік педагогика, қосымша білім беру, басқару

педагогикасы, түзелту - еңбек педагогикасы, әскери педагогика,

салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, арнайы педагогика т. б.

Арнайы педагогиканың өзі адамдардың денсаулықтарының кемістігіне

байланысты бірнеше салаға бөлінеді: сурдопедагогика - саңырау, мылқау,

керең адамдарға, тифлопедагогика - көру қабілеті нашар, соқыр адамдарға,

олигофренопедагогика - ақыл есі кем адамдарға, логопедия - тілінің кемісі бар

адамдарға тәрбие және білім берумен айналысады.

Педагогиканың категорияларына келетін болсақ. Педагогиканың негізгі

ұғымдары- тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі тәуелді табиғи байланысты.

Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.

Тәрбие - адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық

әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіру, аға ұрпақ пен жас

ұрпақтың өзара бір-бірімен әрекеттесу процесі.

Оқыту - оқушы мен мұғалімнің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуге

бағытталған мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.

Білім беру - ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық іскерлік пен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологияның жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымы: нысаны, пәні, қызметтері және басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика пәні: әдіснамалық негіздері, құрылымы және басқа ғылымдармен байланысы
Білім беру әлеуметтануы: пәні мен объектісі, тарихи қалыптасуы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен өзара байланысы
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні, құрылымы мен қызметі және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымының негіздері: нысаны, пәні, қызметтері, жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы
Әлеуметтану ғылымы: объектісі мен пәні, құрылымы және басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы
Әлеуметтанудың негіздері: әлеуметтік ұғым, пәні мен объектісі, категориялары, заңдары, қызметі және гуманитарлық ғылымдармен байланысы
Психология: табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде
Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz