Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Шетел тілі ПЦК-сы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Шет тілін оқытудың басқа ғылымдармен байланысы

0111000 - Негізгі орта білім беру
(мамандығы)
0111083 - Шетел тілі мұғалімі
(біліктілігі)

ШТ-Д-18 топ студенті: ... ... ... ... ... ... ... .. Жолдахметов Д.
(қолы)

Пән оқытушысы: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Шалабаева М.
(қолы)

Қызылорда, 2021-2022 жыл

МАЗМҰНЫ
І.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3

ТАРАУ I
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.1
Әдістеме туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.2
Шет тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .
7

ТАРАУ II
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКА, ЛИНГВИСТИКА,
ТАҒЫ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСЫ ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1
Шет тілін оқытудың педагогика және психология ғылымдарымен
байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
2.2

2.3
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Шет тілін оқытудың әлеуметтану ғылымымен байланысы ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12

14

ІІІ.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Біз ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып саналады. Ұрпағы білімді, халықтың болашағы бұліңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі таңда басты назарға ауысып отыр. Қазіргі кезде Еліміз алдыңғы қатарлы елдермен терезесі тең болып, келешегімізді жарқын әрі ашық етер жас ізбасарларымыз тәрбиеленуде.
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің даму концепсиясы, бұл 2019 жылға дейін жоспарланған, қазіргі білімнің ұлттық алғышартын анықтайтын құжат. Осыған сәйкес, бүгінде Қазақстан әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениеті жоғары ХХІ ғасыр адамын қалыптастыру міндеті мен оған білім беру ісін ірілендіру қажеттігі жоғары оқу орны мен қоғам алдында жаңа маңызды міселелер қойылып отыр.
Шетел тілін ана тілімен қатар оқыту, оқушының сөйлеу қабілеті мен жалпы дамуын жетелдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнын негізгі мақсаты болып табылады. Өйткені мұғаліммен, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым-қатынас барысында оқушының дүниетанымы кеңейеді.
Соңғы жылдары қоғамының прогрессивті дамуына байланысты шетел тіліне деген қызығушылық артып келеді. Бұл пәнді оқуға деген ұмтылыс көптеген себептерге байланысты. Олардың бірі - әлемді аралап, әртүрлі елдер мен мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынаста өз білімдерін байытуға деген ұмтылыс, және кем дегенде бір рет шет тілін білместен бұл өте қиынға соғады.
Ағылшын тілін меңгеруді келесі аспектіде қарасытруға болады: сөйлеу әрекетінің түрі ретінде оған оқыту мақсатына және оқыту құралы ретінде жақындауға болады. Мысалы, ауызша сөйлеу оқытудың мақсаты ретінде қарым-қатынас құралы болып табылады. Ауызша сөйлеуді қолдану шет тілін үйретудің оқушылардың мектептегі оқу пәніне деген қызығушылығын және онымен айналысуға деген ынтасын тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда тапысрмалар оқушының назарын тұжырымның семантикалық мазмұынана бағыттайды.
Шет тілдерін оқыту әдістемесі, дербес педагогикалық ғылым бола отырып, сонымен қатар басқа ғылымдармен тығыз байланысты дамиды. Олардың қатарына лингвистика, педагогика, психология, әлеуметтану, елтану жатады.
Шет тілін өзекті оқыту әдістемесінің мәселесі интеграцияланған тәсілмен қарастырылады. Шет тілін оқыту математиканы, тарихты оқыту мәселелері сияқты дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады және оны байытады. Мысалы: көрсету принципі тұңғыш рет ағылшын тілін оқыту әдістемесінде қолданылды. Қазір ол дидактиканың негізгі принциптерінің біріне айналды және басқа да пәндерді оқытуда қолданылады.
Шет тілін оқыту дегеніміз - тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Егер біз дағды мен біліктіліктің психологиялық мәнін түсінбесек, оын біз оларды қалыптастыра алмаймыз. Шет тілін оқытуды психологияның негізгі қағидаларын сөйлеу әрекетіне байланыстыра отыра пайдалана білу қажет.
Көрнекі психолог Н.И.Жинкин сөйлеу әрекетін зерттей келе сөздер мен оларды пайдалану мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатынын айтқан болатын. [1,39б]
Әдістеме ғылымы жүйке жүйесі психологиясы ғылымымен де тығыз байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі - сөйлеу және ойлау, жүйке жүйесінің ерекше қызметі. Бұл қызмет түрі тек адамға тән дамыған. Павловтың теориясы бойынша дабылдар адамның сезіну мүшелері арқылы келіп түседі екен. Адам әрекетінің бір түрі - сөйлеу әрекеті.
Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кезеңдеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдіс-тәсілдерді таңдай білу, т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет. [2]
Әдістеме ғылымы лингвистика ғылымымен де тығыз байланысы бар. Себебі, лингвистиканың негізгі проблемалары тіл мен ойлау, грамматика мен сөздік, т.б. әдістемеге де қатысы бар. Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын іріктеудегі зерттеулері негізге алынады. [3] Көптеген атақты линвистер лингвистика теориясын ғана зерттеп қана қоймай, оларды тілді оқытуда қалай пайдалану қажет екендігін зерттеген.
Курстық жұмыстың мақсаты: шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылым-салалармен байланысын анықтап, оны зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo шетел тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысын анықтау
oo басқа ғылымдармен байланыс маңыздылығын зерттеу.
Зерттеу нысаны: шетел тілін оқытудың психология, лингвистика, педагогика және әлеуметтану ғылымдарымен байланысын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмысы барысы кіріспеден, 2
бөлімнен, жалпы қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1.1. ӘДІСТЕМЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Әдіс грек тілінен енген сөз. Оның бастапқы ұғымы зерттеу деген мағынаны берген, яғни белгілі бір пәнді оқытудың әдісі дегенді білдіреді. Сонымен қатар әдіс дегеніміз - алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушының жүйеленген іс-әрекеті.
Әдістеме - мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің негізі. Шет тілдеріне оқыту әдістемесінде әдіс сөзі мынадай ұғымда қолданылады: біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және қағидаттарына негізделген тұтас бір бағыт.
Екіншіден, әдіс сөзі белгілі бір автордың ұсынған оқыту жүйесіндегі бағытын білдіреді.
Үшіншіден, әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының арасындағы белгілі бір тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қағидаттарымен айқындалатын іс-әрекет арқылы анықталады. [4,4б]
Қазір оқытуда алға қойылған мақсаттарды, мазмұн мен нақты жағдайларды ескере отырып, әдістеме пәні оқытудың ғылыми негізделген мақсаты мен мазмұны болып табылатын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде түсінуді жалпы көпшілік мойындайды. Шет тілін оқыту әдістемесі бірқатар ғылымдармен байланысты және олардың анықтаған фактілері мен жасаған заңдылықтарын пайдаланады.
Әдістеме ғылымы шет тілін оқытудың мақсатын мазмұнын, құралдарын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын зерттейді, оқитын тіл елдерінің мәдениетімен таныстырады. Сонымен бірге оқу - тәрбие және тілді меңгеру жолдарын оқу процесінде зерттейді. Әдістеме терминінің негізгі мазмұнын құрайтын үш ұғыммен әдістемеге анықтама беруде жиі кездесеміз. Олар тілді оқыту (learning), үйрену (acquisition), меңгеру (skill).
Әдістеме дегеніміз - қойылған мақсатқа жету жолы. Педагогика ғылымында әдістеменеің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу әдістемесі. [5,9б]
Әдістеме байланыстары сан алуан, оларды шартты түрде 3 топқа бөлуге болады: 1) әдістеме лингвистика мәліметтеріне сүйенеді. Лингвистиканың шет тілі сабағында оқылатын пән ретінде тілді өзінің зерттеу объектісі етіп қарастыратыны белгілі. Әдістеме негізгі линвистикалық ұғымдар мен заңдылықтарды пайдалануда. Себебі, олар оқыту ереекшелігін айқындап отыр.
2) әдістеме психологиямен тығыз байланыс бар. Психологияда объект ретінде адам психикасының табиғи, әлеуметтік және нақты тарихи жағдайда психикалық функциясының қызметі мен дамуы ерекшеліктерінің алынатыны белгілі. Бұл заңдылықтарды білу шет тілін оқытумен айналысатын маман адамға білімді, дағды мен шеберлікті меңгерту үдерісін тиімді де нәтижелі құруына көмегін тигізеді.
3) әдістеме ішінара, жалпы қатынаста лингводидактика мен тәрбие теориясының ортақ қағидаларына негізделеді. Себебі, лингводидактика мен тәрбие теориясы жалпы оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын, ұстанымдары мен ережелерін қалыптастырады.
Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдар секілді зерттеу мәселелері бар:
1) шет тілін өз елімізде, шет елдерде оқыту жолдары
2) әр түрлі мектептерде алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу және қолдану
3) тәжірибелер арқылы жаңа әдістемелік тақырыптар енгізу.
Соңғы жылдары тәжірибе жасау әдіскерлер арасында кең тараған. Шет тілін оқыту әдістемесінде зерттеу қажет ететін мәселелер баршылық. Жаңа оқыту материалдары мен технологиясы жаңа идеяларды, шешімдер мен әдіс-тәсілдерді қажет етеді. [6,5б]
Шетел тілін оқыту әдістемесі - шет тілін оқу орындарында оқыту үшін қолданылатын, ғылыми негізделген теория.
Әдістеменің негізгі мәселелеріне мыналар жатады:
1) шет тілін оқытудың мақсаттары
2) шет тілін оқытудың мазмұны
3) шет тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері
4) әдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы
5) оқыту құралдары
6) әдістеменің негізгі қағидалары.
Әдістеме практикалық пән ретінде оқытушының алдына қойған мақсатына жету үшін жұмыс тәсілдері туралы түсінік береді. Бұған оқыту технологиясы немесе жұмысты ғылыми ұйымдастыру ұғымдары сәйкес келеді. Әдістеме 3 түрге бөлінеді: жалпы, жеке және арнайы әдістеме.
Жалпы әдістеме шет тілін оқытудың нақты жағдайларынан тыс ерекшеліктері мен заңдылықтарын сипаттауға арналған. Жалпы әдістеме Н.Д. Гальскова Современный метод обучения иностранного языка Колкер практический метод обучения иностранного языка оқу құралдарын және А.А. Монтьевтің Общий метод обучения иностранного языка хрестоматиясын оқу ұсынылады.
Жеке әдістеме нақты жағдайларда шет тілі оқыту мәселелері және оқушының ана тілінің ерекшеліктерін есепке алу. (Мысалы мектеп оқулықтарының авторлары)
Арнайы әдістеме Бұл жұмыс түрі оқылатын тілдің кейбір жақтарын (жеке аспектілерін, тілдік қызметі түрлерін, техникалық құралдарды қолдану, бақылау т.б.) оқытуды сипаттайды.
Сөйлеу мен ақпаратты жеткізу үрдістерін зерттейтін басқа ғылымдарға қарағанда лингвистика, психология, педагогика әдістемелерімен барынша тығыз байланыста. Сондықтан да бұл ғылымдар шет тілін оқыту әдістемесіне базалық болып саналады.

1.2. ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Нақты оқу үрдісінің маңызды функциясы мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын орнықтыратын ерекше түрде құрастыратын қатынас немесе қатынастың ерекше түрі ретінде қарастыру керек. Оқу үрдісі субъктілерінің бірлесіп келісілген қызметінің үрдісі ретінде байқалады. Оқушылардың басқа тілде сөйлеу тәжірибесін меңгеруі мен жаңа мәдениет пен ұлттық құндылықтарды тануы осындай қарым-қатынас нәтижесінде пайда болады. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында оқытушының оқушыға нысаналы ықпалы туралы 60-70 жылдарда педагогика ғылымының орнына білім берудің жаңа тұлғалық-бағдарлық бағыты оның мазмұнын түбегейді өзгертіп жіберді. Онда:
мектеп оқушысының еркін ойлау қабілетін ынталандыруға
мектеп оқушысы бойында дүниетанымды қалыптастыруға
өз дамуын саналы жоспарлай білуін және өз бетінше оқуға үйренуін дамытуға тиіс
Шет тілін оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқу
бағдарламасында пән атаулары мен тақырыптары, сағат саны белгіленеді. Ол оқытудың негізгі құжаты болып табылады. Бұл құжат оқулықпен салыстыру барысындағы өзгерістер мен толықтырулардың көрінісі. [6,6б] Оқытудың негізгі 3 түрі бар, оларға: тәрбиелеу, ағарту мен дамыту жатады. Ал, оқыту мақсаты мынадай негізгі бөліктерге бөлінеді: тәрбиелік, дамыту, ағартушылық және тәжірибелік.
Мақсаттар

Дамытушылық
мақсат
Ағартушылық мақсат
Тәжірибелік мақсат
Тәрбиелік мақсат


Оқытудың тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың көпшілігі шет тілін оқуға үлкен қызығушылық танытады. Бастапқы кезде аз сөздерді айтса да, соған қуанады. Кейіннен амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Оқытушы осы сәтте олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Оқушылар оқуға үйреніп, кітап оқи бастайды. Кітап оқудың тәрбиелік мәні зор әрі оқу арқылы интелектуалды еңбекті дамытуға болады. Оларды оқи білуге, ақыл-ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету арқылы ауызша және жазбаша жаттығулармен жұмыс жасай білу қажет. Оқыту барысында сөздіктер мен анықтамалық оқулықтарды қолдану арқылы оқыту эстетикасы қалыптасады.
Оқытудың дамытушылық мақсаты. Дамытушылық мақсатын оқушылар сезімдері, қозғалыстары, ақыл-ой мен ерік-жігерлерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттың негізі болып саналаыд. Өйткені, оқушының тілдік деңгейін жоғарылату мен тілдік ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты мақсаты. Сондықтан да осы мақсаттарды алға қою арқылы кез келген тілді меңгертуге болатынын анықтай аламыз.
Оқытудың ағартушылық мақсаты. Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлейтін халық жайлы хабардар болуы тиіс және сол арқылы өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. Бұл - тілді оқытудың ағартушылық мақсатының белгісі. Мысалы, оқушылар ана тілін оқып үйренгенде тілдің негізгі құралдары - сөздер мен грамматикалық формалар туралы ұғынады. Ал, шет тілін оқып үйренгенед шет тілдің терминдерін салыстыру арқылы оқушы тілдің сөздерін және грамматикасын толық түсіне алады. Сондықтан, оқытушы алғашқы сабақтан бастап ана тілді шет тілімен салыстыра отыра оқытады.
Оқытудың тәжірибелік мақсаты. Бұл мақсатты түсіну үшін шет тілі пәнінің ерекшелігімен алдын ала танысу қажет. Бұл пәнді оқытуда оқытушылар шет тіліндегі атаулар мен құбылыстарды оқушыларға ауызша немесе жазбаша түрде таныстырады. Осы екі түрде меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Шет тілін тыңдап түсіну мен сөйлей білу ауызша түрге жатаыд. Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсерін тигізеді. [7,17б]
Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып саналады. Мазмұн шет тілін пән ретінде қалай және нені оқыту керектігін анықтайды. Шет тілді оқыту мазмұны бірнешеу, оларға мыналар жатады:
коммуникативті қызмет салалары мен тақырыптар, жағдайлар, сөйлеу қызметі мен әлеуметтік рольдер, және т.б.
тіл материалы, оны рәсімдеу ережелері мен қолдану дағдылары
интермәдени жағдайларда шет тілді тәжірибелік меңгеру деңгейін сипаттайтын арнайы шеберлік кешені
оқу кезінде тілді меңгеру мәдениетімен сол тілде сөйлейтіндермен қарым-қатынас мәдениетін қамтамасыз ететін ой еңбегінің ұтымды тәсілдері, орнын толықтыру шеберліктері.
Шет тілін оқыту мазмұны оқушыларды сөз қатынасының жаңа тәсілін,
сол тілде сөйлейтін халық мәдентетін, оқылатын тіл елінде сөйлеу дағдысының ұлттық-мәдени ерекшелігін білуге бағыттап отырғаны жөн. Мұндай жағдайда оқушыларға тілді қолданыстағы елді мекендеген халықтар мәдениеті арқылы пәнді оқытудың алғашқы қадамынан бастап үнемі жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Осыған байланысты социомәдени білім, эквиваленисіз лексика мен оқылатын тіл елінде қабылданған мінез-құлық этикетін, географиялық және табиғат жағдайын, саяси ерекшеліктерін, сол елдің тарихынан негізгі мәліметтерді, шетелдік құрдастарының өмірін, ұлттық дәстүрлерін, мерекелерін бәлу, оларды өз тәжірибесімен салыстыра білу өзекті мәселелердің бірі болмақ.
Оқытудың мазмұны негізгі 3 компоненттен құралады. Оларға мыналар енеді:
1) лингвистикалық
2) психологиялық
3) әдістемелік
Мұғалім осы 3 компонентке байланысты нені оқытуды білумен қатар, неге осы 3 компонентке сүйеніп оқыту керек екенін білуі қажет. [8,19б]
Лингвистикалық компонент. Лингвистика ғылымының көмегінсіз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Лингвистика ғылымы - тілді белгілі бір таңбалар жүйесі ретінде зерттейді. Адамдар осы таңбалар жүйесін өзара түсіну үшін қолданады. Ал, әдістеме бұл белгілерді оқыту жолдарын қарастырады. Лингвистика тілдің нормаларын, оның дыбыстық, морфологиялық-синтаксистік, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерін зерттейді.
Сонымен қатар, тілдің белгілі бір белгілер жүйесі мен қызметін қарастырады. Ал, сөйлеу дегеніміз - осы белгілер жүйесін қарым-қатынас барсыныда пайдалану. Шет тілін оқытуда сөйлеуден тілге қарай жүру жүйесін сақтау немесе тілді ұйымдастырған мақсатты сөйлеу процесі арқылы үйрету қажет. Сөйтіп, мазмұнның лингвистикалық компоненті пайда болады. Оған мынадай тілдік материалдар жатады: нақты іріктелген фонетикалық, грамматикалық, лексикалық минимумдер және тілдік материалдар, сөздік үлгілер.
Психологиялық компонент. Психология ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтай алмаймыз. Психология адамның іс-әркекеті мен оның қалыптасуын зерттейді. Шет тілінде сөйлеу де адамның іс-әрекетінің бір түріне жатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Ағылшын тілін оқыту
Шет тілдерін оқыту әдістемесінің психология ғылымымен байланысы
Шет тілін оқытудың әдістері
Ағылшын тілінің негізгі компоненттері
Шетел тілі сабақтарын тиімді өткізу мақсатында коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Шет тілін оқытудың маңыздылығы
Пәндер