Қаржы саласындағы құжаттамаларды аударудың лексика - грамматикалық ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Мамандық: 5B020700 - Аударма ісі
Кәсіби-қолданбалы жоба
Қаржы саласындағы құжаттамаларды аударудың лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Орындаған:
4-курс студенті
Толенова Алтынай
Ғылыми жетекшісі:
Senior teacher, MA in translation,
Боранбаев Д. Б.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I-бөлім
Қаржы-экономикалық құжаттамаларды аудару, оның ерекшеліктерін зерттеудің теориялық аспектілері
Экономикалық аударманың түсінігі, функциялары және рөлі
Қаржы-шаруашылық құжаттаманың негізгі түрлері мен сипаттамалары
Экономикалық аударма сапасының критерийлері
II-бөлім
Қаржы-шаруашылық құжаттамасының аудармасының ерекшеліктерін зерттеудің практикалық аспектілері
Қаржы саласындағы құжаттамаларды аударудың қиындықтары және оларды еңсеру жолы
Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі дамыған заманда жоғарғы сападағы қаржылық аударма үлкен сұранысқа ие. Бұл қаржы секторында өздерінің экономикалық қызметін жүзеге асыратын компаниялар үшін құжаттардың сапалы аудармасы туралы ғана емес. Әрине, банктер, қорлар және басқа да нарық ойыншылары қаржы секторындағы құжаттардың кәсіби аудармасын қажет етеді. Дегенмен, шетелдік серіктестері бар немесе екі немесе одан да көп елдердің нарығында жұмыс істейтін кез келген компания қаржылық құжаттарды аудару қажеттілігіне тап болады. Сондықтан қаржы секторында аударма үлкен сұранысқа ие және оның сапасына жоғары талаптар қойылады. Қаржы саласындағы құжаттамаларды сапалы аударудың дәл қазіргі маңызы жоғары болғандықтан, осы орайда экономикалық аударманың түсінігі мен рөлін, оның барша лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін, аударма сапасының критерилерін, аударма барысындағы болатын проблемалар мен оларды еңсерудің жолдарын зерттеу ендігі жұмыстың барысы болмақ.
Тақырып өзектілігі: аудармашы ретінде қаржы және экономика саласындағы құжаттамалардың дұрыс аударылып, терминологиялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына ерекше көңіл бөлінуі.
Қазіргі біздің ел шет елдермен қаржы, экономика саласындағы қарым-қатынасты қарқынды дамытуда. Соған байланысты шет елдік банктер мен мемлекетіміздің ішіндегі ақша айналымымен, яғни, банкілерімен жұмыс істей келе, олардың тек банкілік жүйесін ғана емес, сонымен қатар қаржы мен экономика терминологиясын да түсініп, одан дұрыс аудару қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі күн - ескі экономикалық ұстанымдардың ысырылып, жаңа экономиканың қалыптасу заманы. ″Нарық″ деген кең ұғымды сөз - осы экономикалық серпілісі толығымен сипаттай алады. Осы өзгерістердің салдарынан ″экономикалық және қаржылық″ сөздердің жаңа ағымы туындады. Экономика және қаржы саласының терминдері ауыз екі тілде кең қолданысқа түсіп, радио мен теледидарда жан - жақты қарастырылды. Сонымен, экономика және қаржы саласының терминдері, ″нарықпен″ жұмыс істейтін адамдардың құлақ құрышына айналды. Осындай жағдайлардан кейін экономика және қаржы саласы термиологиялық жүйесінің қарқынды түрде қалыптаспауы мұмкін емес еді.
Тіл мамандары мен аудармашылардың қызығушылығын тек қаржы, экономика және банк терминологиясы ғана тудырмайды, сонымен қатар сол саладағы терминдерді аудару мәселелері де олардың назарынан тыс қалмаған.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты -мемлекеттердің жаңа экономикалық, қаржы саласындағы тығыз қарым-қатынастары нәтижесінде пайда болған құжаттамаларды аударудың ерекшеліктерін қарастырып, қаржылық экономикалық лексиканы бір жүйеге келтіру.
Бұл жұмыстың міндеттері :
- Қаржы саласындағы құжаттамаларды аударудың лексико- грамматикалық ерекшеліктерін айқындау
- Экономикалық терминдердің ерекшеліктері жайында жалпы сипаттама алу және тілдік жүйедегі орнын айқындау;
- Экономика және қаржы саласының терминдеріне сай сипаттамалардың ерекшеліктерін көрсету;
- Құжаттар мен терминдердіаудару барысында кездесетін мәселелерді айқындау;
- Қаржы және экономика терминдерін аудару тәсілдерінің негізгі түрлерін сараптау;
- Сарапталған терминдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысындағы лексикалық -грамматикалық ерекшеліктерін анықтау;
Бұл жұмыстың нысаны - берілген экономикалық терминологияның лексикалық жүйесіне күрделі сараптама жасап, оның ерекшеліктерін көрсетуде.
Жұмыстың теориялық маңызы - бұл жұмыс болашақ аудармашыларға дұрыс аударма жасау тәсілдерімен, аударманың түрлерімен, қаржы және экономика саласындағы құжаттамаларды аударудың ерекшеліктерімен таныстырады.
Жұмыстың практикалық маңызы - бұл жұмыс қазақ тіліне басқа тілден енген қаржы-экономика терминологиясын аудару барысында көлемді тәсілдері қолданылып, дұрыс, мамандырылған аударма жасауға өз көмегін тигізбек.
Жұмыстың жаңашылдығы - 2і тарауда сарапталған шағын сөздік ағылшын тілді шет елдік компанияларда қаржы және экономика саласының мәтіндерімен жұмыс істейтін аудармашылармен және әр түрлі мамандармен қолданыла алатындығы. Бұл жұмыстың нәтижесі қаржы саласын сараптау барысында қарастырылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz