Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту мүмкіндіктері



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
3. МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ОРЫНДАЛУ ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ
1 Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық, психологиялық аспектілері
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту мүмкіндіктері
2 Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың әдістемелік мәселелері
2.1 Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудыңнегізгі бағыттары
2.2 Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері,
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қай-нар көзін ашып,оны тұлғалық тұғырға көтеру. Шығармашылық - тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Күнде өзгеріп отырған аласапыран өмірде аман қалу, биіктерге беттеу, нәтижелерге жету тек қана шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатын дығы ғылымда дәлелденген. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім - білік, дағдыларды меңгерте отырып, жаңа педагоги калықтехнологияларды шебер пайдалана білу арқылы оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту қажеттігі туындап отыр. Шығармашылық барлық адамда болуға тиісті сапа. Алайда, біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы сирек кездесетін жағдай. Неге? Американдық ғалым Н.Роджерстің әр адам бала кезінен бастап Сен мынаны дұрыс жасамадың!, Бұл қате!, Олай емес!деген сынау сөздерді көп естиді.Кейде тіпті жаза да қолданып жатады. Адамдардың өз бойында ғы, ол менің ісім емес деген сенімсіздік осыдан басталады екен. Осы пікір саналы адамның баршасына ой саларлықтай. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мыналарды жатқызуға болады. 1. Шығармашылық қабілетінің деңгейін анықтау.(топтау, бақылау, қалыптастыру) 2. Қызығушылық жәнешығармашылық пен таным белсенділігін арттыру. 3. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату. 4.Шығармашылық қабілетін тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама- қайшылықтарды есепке алып, зерттеу. 5. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту. 6. Шығармашылық қабілеттердітәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтап, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау. 7. Мұғалім өз ісінеізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу. Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады. Бастауыш класс оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеудегі маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д. Ушинский: Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен? - деген екен. Ендеше, оқыту ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.Сондай-ақ оқушы шығармашылығын дамытуғанегізделген әдіс - тәсілдерді тек сабақта ғана емес, кластан тыс жұмыстарда үнемі қолданып отырса, сонда ғана көздеген нәтижеге қол жетері сөзсіз. Оқушы шығармашылығын дамытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ойәрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру қажет. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыра тын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылық қабілетін дамытады.Шығармашылық тұлғаны дамытуды ең алдымен шығармашылық ойлаудан бастау керек. Ал шығармашылық ойлауды дамыту үшін не істеу керек? Ол үшін әр түрлі жаңа технологияларды сабақта үнемі пайдалана отырып, жаңа нәтижеге жету қажет. Шығармашылық ойлауды дамытуға жетелейтін тапсырмалар жаңа буын оқулықтарында орын алған. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін осы тапсырмаларды түрлендіріп және жаңа технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын үнемі іздестіріп отырамын. Мысалы, Ана тілі оқулығындаС. Сейфуллиннің Туған ел өлеңін өткен кезде ТРИЗ бағдарламасы бойынша бақылау сұрақтарын пайдалана отырып Туған жер тақырыбында шығарма жұмысын алдым. 1. Туған жер деген сөзді естігенде сен қандай сезімде боласың? 2. Көз алдыңа нелер елестейді? 3. Мұрныңа қандай иіс келгендей болады? 4. Туған жеріңе қандай жақсылықтар жасағың келеді? Бақылау сұрақтарын түрлендіре отырып түрлі тақырыпта ертегілер жазғыздым. Оқушылар бақылау сұрақтары арқылы өз ойларын еркін, бүкпесіз жеткізе білді. Оқу мен жазу арқылысын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы да оқушыны шығармашылдыққа жетелейді. Оның Синквейн, Венн диаграммасы, Еркін жазу, Ассоциация т.б. әдістерін пайдаланып отырамын. Ал Ақыл-ой Одиссеясы технологиясы да оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлес қосады. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасатындықтан, ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі маңызды рөл атқарады. Ақыл-ой Одиссеясы бағдарламасының теориялық негізі ретінде жоғарыда аталған әлемдік деңгейдегі ғалымдардың тұжырымдамаларымен бірге Д. Гилфорд, Е. Торренс, А. Осборн сияқты шығармашылық теориясын жасаған ғалымдар еңбегі алынады. Бағдарламаның құрылымы 2 бөлімнен тұрады. 1. Лезде шешілетін тапсырмалар. 2. Ұзақ мерзімді тапсырмалар. Лезде шешілетінтапсырмаларды тілдік, яғни сөзбен айтуға, тілмен жеткізуге арналған, манипуляциялық (заттарды құрастыру) және аралас (сөзбен әрі іспен, әрекетпен шешу) болып үшке бөлінеді.Лезде шешілетін тапсырмалар мен ұзақ мерзімді тапсырмалардытүрлендіре отырып,әсіресе тіл сабақтарында қолданған өте қолайлы.Осындай тапсырмаларды қазақ тілінен сөз таптарын өткенде былайша қолдандым. Сын есім тақырыбын өткен кезде ауызша тез арада қызықты ертегі құрастырдық.Әр оқушы оқиға желісін байланыстыра отырып бір сөйлемнен құрастыруы тиіс және ол сөйлемдердің ішіне сын есімді қатыстыруы керек. Мысалы, Ертеде бір қызыл түлкі болыпты. Бірде ол серуендеп келе жатса, аддынан аппақ көжек шыға келіпті. Түлкі одан: -Сенің тоның өткенде ғана сұр сияқты еді ғой,-деп сұрапты. Көжек оған өзінің сиқыршы көжек екенін айтыпты. Қызыл түлкі одан қорқып тиіспей кетіп қалыпты. Тапқыр көжек осылайша аман құтылыпты деген ертегі құрап шығарды.Бұлайша шапшаң ертегі құрастыру оқушылардың ертегі құрауға деген қызығушылықтарын арттырды. Қорыта айтқанда , жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта және кластан тыс жұмыстарда үнемі түрлендіріп, тиімді пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірден-бір жолы. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, елінің ертеңін ойлар жас жеткіншектерді тәрбиелей аламыз.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманындағы нарықтық катынастардың талабына сай бизнес пен коммерцияның, кооператив пен жеке косіпорынның, кәсіпкерлік пен меншіктің әр түрлі формаларын қарқынмен дамытудың қажеттігі болашақ кадрлардан жаңалыққа реакциясы жылдам, бақылаушылық ебдейлігі мен стандартты емес ойлау бейімділігі жетілген, тапқырлық пен ізденімпаздықты, шеберлік және іскерлік қасиеттерді талап етеді. Мұндай экономикалық және әлеуметтік маңызы зор істі мектепттен бастап, жастарға конструкторлық және өнертапқыштық шығармашылықтың негізін үйретуіміз керек. Бұған физика сабақтарының мол мүмкіндігін пайдалануымыз тиіс. Физиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру олардың физикалық ойлауын дамытудың құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.
Жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамытудың әдістемесі ғылыми-техникалық шығармашылық процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізілуі керек. Жалпы алғанда, шығармашылық процестің құрылымы өзіне тән кезеңдер мен сатылардан, фазалар мен периодтардан тұратындығы П.К.Энгельмейердің, П.М.Якобсонның, Я.АПономаревтің, т.б. зерттеулерінен белгілі. Атақты физик-ғалымдардың (А.Эйнштейн, М.Борн, М.Планк, П.Л.Капица, А.Иоффе, И.Курчатов, С.Королев, т.б.) ғылыми өмір тәжірибесін қорытып, ой-пікірлерін талдап қарасақ, ғылымитехникалық шығармашылықтың элементтері мынадай цикл түрінде құрылатындығы белгілі: фактілерді жинақтау -- гипотеза 50 ұсыну (абстракты модель құру) -- идеяны шешу принципін анықтау -- теориялық салдарларды қорыту -- оларды эксперимент жүзінде тексеріп көру. Оқушылардың физикалық ұғымдарды түсініп, талдап ұғуы олардың логикалық және диалектикалық ойлауын дамытуға зор ықпал етеді. Академик С.И. Вавилов айтқандай, физикалық ойлауға дағдылану керек, оған көп жаттығу мен үзақ үйренудің нәтижесінде қол жеткізуге болады, бұл физиканы оқытудың ең басты міндеітерінің бірі болуы тиіс.
Физика - табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты -заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін біліп-тану, табиғат кұбылыстарының заңдылықтарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық процесс оқушылардың физикалық ойлауын дамытуды қажет етеді. Бұл үшін оқыту процесінде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және жүйелілік (систематизация), абстракция және жинақтап қорытындылау сияқты логикалық ойлау операцияларын пайдаланамыз. Демек, физиканы осындай логикалық талапқа сай оқытып, физика ғылымы негіздерінің логикалық жүйесін ашу арқылы оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине, алдымен мұғалімнің физикалық білімдер жүйесі мен оның құрылымының ерекшелік сипаттарын білуің қажет етеді.
Оқушылардың физикалық ойлауын дамытуда ең алдымен оларды диалектикалық ойлауға, яғни физикалық құбылыстар сырының қалай ашылғандығына (мысалы, архимед күші, электромагнитгік толқын, радио байланыс, т.т.) үйретіп, әлі шешілмеген мәселелердің зерттеліп толық білімге айналатындығын (атомның және ядроның құрылысы, ғарыш кемелерін ұшыру, телевизиялық хабар беру, т.т.) түсіндіріп, физикалық заңдылықтардың өзара байланысын (газ заңдары, уранның тізбекті реакциясы, т.т.) ашып көрсетуіміз қажет.
Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларда логикалық ойлаудың негізінен мынадай түрлері қалыптастырылып, дамытылуы тиісті: 1.физикалық ойлау; 2.ғылыми-техникалық ойлау; 3.диалектикалық ойлау; 4.индуктивтік ойлау; 5.дедуктивтік ойлау; 6.абстракты ойлау. Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес, мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс. 1. Физикалық ойлау деп оқушылардың: а)физикалық құбылыстарды бақылау, ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу, б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды анықтау, в) физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық және сапалық байланыстарды тағайындау, г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу д) физикалық білімдерді практикада қолдана білу ебдейліктерін дамытуды түсінеміз. Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әрекетінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсілдерді қолдана білуі, ә) физикалық формулалардың дұрыстығына сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, в) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін тексере білуі, г)физикалық зандылықтардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі, т.б.
Оқушылардың ғылыми-техникалық ойлауы физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель сұлбаларды жасай білуге үйрету арқылы дамытылады. Бұған шала өткізгіштер мен электромагниттік толқын теорияларын мысал ретінде алуға болады, себебі оның негізінде электрониканың және радио телевизиялық техниканың қарыштап дамығаны белгілі. 2. Табиғаттың объективті заңы - энергияның сақталу және айналу заңы-мектепте оқытылғанда, табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы, материя қозғалысы формаларының өзгеруі, энергияның сақталуы туралы ол заңның негізгі идеясы бүкіл физика курсын "қызыл жіптей көктеп" өтеді. Бұл оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға қолайлы мүмкіндік туғызады. Физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-салдарларын анықтай білуге үйрету - оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы әдістемелік тәсіл. Мысалы, капиллярлықтың себебі - сұйық- 52 тардың беттік керілу құбылысы, жарық жылдамдығының бір ортадан екінші ортаға өткендегі өзгеруі - жарықтың сынуының себебі дене жылдамдығының өзгеруі-күш әсерінің салдары, ал ауа салмағының салдары - атмосфералық қысым болып саналады; физикалық парадокстар мен софизмдерді шешу де - бұл мақсат үшін әсерлі тәсілдің бірі. 2
.Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалқыдан жалпыға көру, жинақтау) тәсілі негізінде дамытылады. Мысалы, балалардың жұқа резеңке шарларын, футбол мен машина баллонының камераларын насоспен үрлеп толтыруы, сабын суы көпіршіктеріп шығаруы, Паскаль шарымен (сумен және түтінмен толтырылған) тәжірибе жасауы арқылы жеке фактіларды қорытып, Паскаль заңын түсіндіріп, оның тұжырымдамасын береміз. 3.Анализ (жалпыдан жекеге көшу арқылы талдау) тәсіліне сүйеніп оқушылардың дедуктивтік ойлауын дамытуға болады. Мәселен, Паскаль, Бернулли, Ленц заңдары энергияның сақталу және айналу заңының дербес түрі ретінде қорытылып шығарылады; Ньютон заңдары, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңының жеке бір дербес түрі ретінде қарастырылады; Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, Шарль заңдар - газның кинетикалық теориясының дербес түрі. Ойлаудың аналитикалық және синтетикалық тәсілдері физикалық есептерді шығаруда да көп қолданылады. Индуктивтік ойлауды дамытуда бақылаудан және зерттеуден алынған фактілерді қорытындылаудың (элементар бөлшектердің қасиеттері, электролиз туралы Фарадей зандары, т.т.) маңызы зор.
Дедуктивтік ойлауға дағдыландыруда физикалық құбылыстарды классификациялау мен жүйелеу, салыстыру мен аналогия (ұқсату) тәсілдерін пайдалану да тиімді. Мысалы, физика сабақтарында термометрлердің, насостардың, механикалық қозғалыстардың түрлері, тегі, класы бойынша классификациясы беріледі. Мұны тақтада мынадай әр түрлі формада сызып көрсеткен жөн:
Теориялық деңгейдегі физикалық білімдер жүйесі теориялар мен негізгі идеялардан, принциптер мен гипотезалардан (жора-малдардан) түзіледі. Физикалық теория математикалық тендеу түрінде өрнектелген, қарастырылып отырған физикалық құбылыстардың мәні мен қасиеттері сипаттайтын теориялық заңдардан тұрады. Мысалы, М.Фарадей мен Дж.Максвелдің электромагниттік өріс теориясы тікелей тәжірибе нәтижелерінен алынған жоқ, оның идеал образы теориялық тұрғыда жасалын-ған.

Физикалық теорияның құрылымы үш бөліктен (негізі, ядросы, қорытындысы) тұрады. Оның негізіне идеализациялан-ған объект, физикалық шамалар кіреді. Мәселен, электрондық теория үшін абстракты электрон газы, кванттық электродина-мика үшін гармониялық осциллятор жүйесі алынған. А.Эйнштейн айтқандай, тәжірибелердің нәтижелері (фактылар-дың) негізінде теория құруға және оның күрделі теңдеулерін жасауға болмайды, бұл әрине, скелет-сүйектерінен тірі орга-низмді құрастырып жасауға болмайтыны сияқты іс. Физикалық теорияның ядросы математикалық теңдеулермен өрнектелген зандардың жүйесінен, постулаттардан, принциптерден құрылады. Мысалы, классикалық механиканың ядросы - Ньютон, электро-динамика ядросы - Максвелл, релятивистік емес және релятивис-тік кванттық механика ядролары - Шредингер және Дирак, жалпы салыстырмалық теория үшін - Эйнштейн теңдеулері. Энергияның сақталу және айналу заңдары, салыстырмалық және симметрия принциптері, статистикалық және кванттық концепциялар фунда-ментальды теориялардың құрамды бөліктеріне мысал бола алады.
Фундаментальды концепциялар мен теориялардың негізінде физикалық нысандар (объектілер) мен құбылыстардың жиын-тығын қамту, олардың моделін жасау және қолданылу шекара-ларын анықтау - теориялық физикалық ойлаудың ерекшелік белгілері.
Есеп шығару физиканы оқыту үрдісінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдеріне және сыныптан тыс жұмыстарында орындалынады. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қол-данылады. Физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар:
1) оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады;
2) физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына және өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді.
3) мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді, еңбек-жігерлерін қайрайды;
4) физикалық ұғымдарды, оқушылардың практикалық іскер-ліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалып-тастырады;
5) оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді;
6) сабақта проблемалық жағдаяттар қойып, оны шешуге жәрдемдеседі;
7) физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындаға өзара байла-ныстарды анықтауға жәрдемдеседі;
8) оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытады, тереңдетеді;
9) пәнаралық байланысты күшейтуге ықпал жасайды;
10) оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырады.
Физикалық есептер мазмұнына (тараулар, абстрактылы және нақты), зерттеу мақсатына және зерттеу тереңдігіне, шығарылу тәсіліне, күрделілігіне қарай жіктелінеді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану-математика факультеті
Физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы

Қорғауға жіберілді ____________201__ж.
___________________________Калаков Б.А.
(кафедра меңг.)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері
5В011000-Физика

Орындаған: Қошқар Ш.С.

Ғылыми жетекшісі: А.Г. Косжанова,
ФМжЖТП кафедрасыныңаға аға оқытушысы

Қостанай, 2017
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану - математика факультеті

Физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы

Қошқар Шаяхмет Сейілжанұлы

Физика сабағында дарынды балаларды оқытудың ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011000-Физика

Қостанай 2017
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.
Дарынды балалармен психология-педагогикалық жұмыс істеу аспектілері

1.1
Қазіргі шет елдер ғылымдарындағы дарындылық түсінігі

1.2
Дарындылықтың негізгі түрлері

1.3
Дарындылықтың негізгі түрлері және оларды анықтау әдістері

1.4
Дарынды балаларға арналған бағдарлама құрастыру принциптері

2
Физика мұғалімінің дарынды оқушылармен жұмыс жүйесінің элементтері

2.1
Дарынды оқушылармен жұмысты ескере отырып оқу материалының тақырыптық жоспарын құрастыру

2.2

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды. Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Еліміздің ғылыми- техникалық потенциалының артуы, табиғаттану және техникалық білім- өндіріс саласында жоғары шебер технократ мамандарға деген казіргі заманғы сұраныс орта мектепте білім берудің жаңа формаларын шешімді түрде енгізуді және насихаттауды қажет етеді.
Физика пәнінен қиындатылған, олимпиадалық деңгейдегі есептерді шығару- физикалық құбылыстарды, оны сипаттайтын заңдылықтарды дұрыс және терең түсінуге көмектеседі. Физикалық пәндік олимпиадалар жастар арасында білімді насихаттауда, физиканың оқытылу сапасын көтеруде аса маңызды орта болып табылады. Ал, мектепішілік, қалалық және аймақтық олимпиадаларға нәтижелі қатыса білу аса зор дайындықты, дәлірек айтсақ, сабақтан тыс дайындықты қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы:
Дипломдық жұмыстың мақсаты: оқушылардың дарындылығын ғылыми тұрғыда зерттеу, оқу материалының тақырыптық жоспарын және әдістемелік нұсқау құрастыру және машықтануда қолдану.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын табу.
Пән мұғалімдеріне оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оларды оқу мен тәрбие жұмыстарында қалай қолдануға болатындығы жайлы, ол әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы түсінік беру:
Құралы: мектептегі оқыту процесі.
Гипотеза: Егер Физика курсы бойынша дарынды балаларға арналған бағдарламасын мектептегі оқушыларды оқыту процесіне енгізсек, онда сол оқушылардың білімдерінің сапасын арттырады және жетістіктерге жетеді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, бірінші тарау дарындылықты шыңдаудың негізгі көзі-мектеп және әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларды ұйымдастыру және
1 Дарынды балалармен психология-педагогикалық жұмыс істеу аспектілері

Жалпы ақыл-ой дарындылығы ақыл-ой жетістігі талап етілетін жағдайдың бәрінде болады (жалпы сұрақ-әртүрлі жаттығуда индивидтің ақыл-ой қабілеті мүмкіндігінің бірдей болмауы). Мектептің жалпы білім беру шартындағы оқушылар арасындағы ақыл-ой қатынасы бойынша ерекшеліктер жоспарда бірінші орынға шығады. Мектепте орташа оқитын оқушыны бағалау негізінде бағдарлау өткен уақыттарда қалды. Қазір біздің қоғамның жаңа дамуында қүрбыларын интеллект белгілерін көрсете отырып, озық еткен балаларға көңіл аудару - мектептің көкейтесті міндетінің бірі болып табылады.
Жалпы ақыл-ой қабілеттілігіне біршама психологтардың зерттеу жұмыстары арналған. "Ақыл-ой мүмкіндігінің біртұтас сипаттамасын, жиі интеллект сөзімен белгілейді. Психологияда бұл термин аумағында дау-жанжал туылуда: интеллект құрылымының күрделілігі анықталуда, оның әр түрлі сапалы түрлері бөлінуде. Бірақ бұл терминнен бас тарту дұрыс емес секілді көрінеді. Ол таным және шығармашылық мүмкіндіктердің өзіндік деңгейін белгілеуге арналады, яғни көбіне ақыл-ой дарындылығы түсінігінің термині ретінде қолданылады.
Ақыл-ой дарындылығының арнайы түрлері, яғни философиялық-теоретиялық жаттығуларға, қоғамдық іс-әрекетке, қандай да бір ғылым аумағында, техникаға немесе ұйымдастырушылық -практикалық іс-әрекет түрлеріне дарындылық - мәселенің маңызды бөлігі болып табылады.
Ақыл-ой дарындылығы - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі. Психологиядағы бар материалдар, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ақыл-ойға байланысты дарынды балалардың 3 категориясына назар аударуға көмектеседі. Бірінші категорияда - өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Олар жиі мектепке дейінгі және төменгі сынып жасындағы балалардың арасында кездеседі. Екінші категорияда - арнайы, мысалы: математика немесе басқа ғылымның қандай да бір аумағында ақыл-ой қабілеттілігінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар жасөспірім жаста байқалуы мүмкін. Үшінші категорияда - оқуда табысты болып үлгермеген, бірақ психикасының оригиналдылығымен, танымдық белсенділігімен, сирек кездесетін ақыл-ой қорымен қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде потенциалды немесе жасырынды дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай ақыл-ой мүмкіндігі бар оқушылар жоғары сыныпқа дейінгі жаста жиі көрінеді. [1]
Ғылым жетістігінде мәнді нәтижелерге жету, әдетте кешқұрым өтеді, ол қандай да жаңалық үшін терең және ауқымды біліммен қамтамасыз етілу керектімен байланысты. Осы келтірілген дарындылық сыныпификациясымен қатар, әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездесуде. Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі:
:: интеллектуалды, оның түрі - академиялық
:: көркемдік, шығармашылық (креативтілік)
:: модерлік немесе әлеуметтік психомоторлы немесе спорттық.
Басқа ғалымдар шығармашылықты еңбектің өз бетінше түрі етіп бөлудің қажеті жоқ, - дейді. Шығармашылықты дарындылық - бұл тек жоғары деңгейлік емес, сонымен қатар оның өзгеруі мен дамуының ерекшелігі. Іс-әрекет әрдайым жеке орындалынады. Оның мақсаты мен мотивтері іс-әрекеттің жүруіне әсер етеді. Дарындылық жоғары деңгейдегі қабілеттілік кешенінің барын, сонымен қатар баланың мотивациясын, оның іспен айналысудағы қызығушылығын да болжайды. Адам өз жүмысын шын ниетпен орындаса, ол сол іс-әрекет процесінде туылатын жаңа ой-пікірлерді іске асырады. Іс-әрекеттің бала инициативасы бойынша дамуының өзі шығармашылық. Мүндай теориялық түсініктің практикалық маңызды мәні бар, өйткені дарынды балалармен жүмыс жасауда іс-әрекеттің ішкі мотивациясын қалыптастыру, жеке түлға бағыттылығы мен бағалық жүйесі үшін жағдай құру қажет. Бұл жеке тұлғаның рухани қалыптасуына негіз болады.
Шығармашылықта психикалық процестер (ойлау, ес, қиял, эмоциялар т.б.), психикалық күйлер (құмарлық, зерігу, яғни уайымдау мен қылықтың бірлігі) және индивидтің жеке түлғалық қасиеттері байқалады, дарындылықтың психологиялық құбылыс ретінде даму деңгейі үшін психологиялық критерий жасауға әсер етеді.
:: психологиялық процесс түрінде, ол кейде эпизодтық түрде пайда болады, өйткені белгілі индивидтің жеке түлғалық дамуына әсер етпейді.
:: психикалық күй түрінде, бұл уайым мен жеке тұлғалық өзін-өзі сыйлау үшін ситуациялар іздеу және қалыптастыру ретінде кездеседі. Бірақ ол белгілі индивид үшін өміріндегі жалғыз ғана мән-мағына болып табылмайды
:: жеке тұлғалық мінездеме түрінде. Бұл өмірдің жалғыз мағынасы болып табылатын және шығармашылық актінің кез-келген ситуацияда өмір сүру қажеттілігінде көрінетін және кез-келген іс-әрекет түрінің, әсіресе жеке тұлғаға қызығушылық туғызатын іс-әрекеттің орындалуында көрінетін, жеке тұлғалық мінездемелер ерекшелігі. Келтірілген психологиялық ерекшеліктермен сәйкес, балаларда дарындылықтың көрініс бесеуі 3 топқа бөлінеді. Оларды шартты түрде былай деп белгілеуге болады: дарындылықтың эпизодтық, ситуативті, тұрақты топтары. Бала дарындылығының көрсетілген типтері, оқу процесінің индивидуализациясы мен дифференциациясын жасауда, сонымен қатар үлгілі технологияларда берілген ерекшеліктер бойынша, психологиялық білім беру деңгейімен сәйкес, диагностика жүргізуге көмектеседі. [2]

1.1 Қазіргі шет елдер ғылымдарындағы дарындылық түсінігі

Бірқатар жас ғалымдар - Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор және тағы басқа психологияда шығармашылық дарындылықтың жаңа шекарасын белгілейтін бірқатар ауқымды ірі зертетулерді жүргізді. Бұл зерттеулер және жеке-дара айырмашылықтар психологиясы бойынша теориялық зерттулердің шоғырлауына себепші болды.
70-ші жылдардың басында жеке-дара айырмашылықтар психологиясы практикалық ғылым болып қалыптасады. Зерттеулер білім саласына ығысады. 70-ші жылдардың соңы - 80-ші жылдардың басында енді мүлдем жаңа, психологияның қолданбалы саласы - таланттылар психологиясы саласы пайда бола бастайды.
Дж. Гилфорд еңбектері мынаны көрсетті: мектептің соңында көптеген дарынды балалар ауыр депрессия күйін бастап кешеді, өз құрбылары мен ересектер өз дарындылығын жасырғысы келеді.
Дарынды балалар мектепте олар үшін даралап оқыту болмағандықтан "дискриминацияны" сезінеді (С. Марленд, 1972).
70-ші жылдардың соңында тек жеке емес, әрі мемлекеттік мектептер даралап оқытуды таңдауға көшті.
80-ші жылдардың басында дамыту жоғары дарынды балалар мүмкнідігін дамыту бойынша халықаралық ірі жоба жүзеге асты АҚШ-та дарынды балалардың жетекшілігі (лидерлігі) бойынша оқытудың арнайы курстары құрылды.
Біздің елімізде 20-шы-30-шы жылдары дарындылықты зерттеудің пәні ретінде когнитивті әдістемелер диагностикасы табылды.
В. Штерн дарындылыққа мынандай анықтама берді: "Ақыл-ой дарындылығы жаңа талаптарға өз ойлауын саналы бағыттау, жаңа міндеттер мен өмір жағдайларына бейімделудің жалпы ақыл-ой икемділігі болып табылады". Дарындылықтың мұндай сипаттамасы оның деңгейлерін саралап бөлуге мүмкіндік берді.
Ерте уақыттан бастап, ХІУ ғасырға дейін данышпандық тек өнерде көрініс береді деген тұжырым қалыптасты. Мемлекеттік іс-әрекеттенушілерге, әскери басшыларға, ғалымдарға данышпандық атағы берілмеді. Бірақ бұл көзқарасты қайта қарастыруға талпыныс болды. Аристотель көркем шығармашылықтың интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысын ескерген. "Созерцательная деятельность разума" терминін енгізе отырып, ол адам іс-әрекетінің түрлерін ерекшелеуге талпынды. "Сананың мазмұнды іс-әрекеті" (ғылыми және көркемдік), оның ойынша кез-келген басқа іс-әрекеттен жоғары рақымдылық іс-әрекеті (саяси және әскери) басқалардан әдемілігімен, кеңдігімен ерекшеленеді. Осыған қарамастан Аристотельде шығармашылық процесі белгілі бір деңгейде мистикалық көрінісін жоғалтады. Оның пікірі бойынша шығармашылық бақылауға жүктелген. Ол өнер шығармашылығы қажет болып табылатын ережелер, нормалар қатарына негіздеуге талпынды. Аристотель көркем шығармашылықты оқу қажет деген талап қойды.
Ертедегі грек философтары данышпандылықты құдай күшімен пайда болды дей келе, тәрбие мен білімнің маңызды екенін айтты. Бірақ олар талантты дамыту үшін қоршаған орта мен оқытудың маңыздылығын "құдайылық" қабілеттілігімен салыстырғанда қосалқы, екіншілік деңгейдегі іс деп санайды.
Жаңа дәуірде дарындылықтың табиғатын испаниялық дәрігер Хуан Уарте мәнді түрде түсіндірді. Ол Испаниялық империяның жаңа дәуірдегі перспективасын мемлекеттік қызметте максималды түрде ерекше дарынды балалармен байланыстырды. Оның зертетуінің негізгі міндеті кәсіптік таңдау мақсатымен қабілеттілігі даралық ерекшеліктерді зерттеу болып табылады. Бұл зерттеу дифференциалды психологияның пайда болуына үлкен әсер етті.
Х. Уарте іс-әрекеттің кез-келген түрінде анықталатын негізі қабілеттіліктер сапасы ретінде қиял, ес және интеллектті бөліп көрсетті. Оның ойынша, бұл қабілеттіліктің адамда көрініс беруі "ми темпераменті" бойынша анықталады. Ол белгілі бір ғылым, өнер салсында талап етілетін қабілеттіліктерге талдау жасаған. Осы мақсатпен қолбасшы дәрігер, заңгер, геологтар тағы басқа "психологиялық портретін" құрастырды. Х. Уарте талант табиғаттан, генофонға тәуелді дей отырып, оның дамуы үшін тәрбие мен еңбек қажет екенін айтты. аДамның табиғи қабілетіне сәйкес келетін мамандықты таңдауда шатаспас үшін, кіші жасында көмектесетін әдейі ақыл-ойы мен білімі жоғары адамдарды бөліп көрсету керек. Жеке тұлғаның қабілет және дарындылық мәселесін Орталық Азия мен Қазақстанның көптеген ғалымдары мен ағартушылары зерттеген.
Арабтың сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Ферғани, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни тағы да басқалар) философия, логика, химия, атсрономия, география, медицина, психология, сонымен қатар жасөспірімдерді тәрбиелеуді дамыту үшін үлкен үлес қосты.
Осылай, Әл-Фараби "Бақытқа жету туралы" трактатында этикалық сұрақтармен қатар, адам қабілеттілігіне, оқуды жақсарту мақсатындағы түрлі тәсілдерді қолдануға назар аудартады.
Ғылымды дифференциациялаумен байланысты (ХІХ ғ.) психология мен педагогикада адам психологиясы мен қабілеттілігі туралы зерттеу жұмыстары жүре бастады. Қабілет түсінігінің алғаш негізін қалаушылардың бірі - англиялық психолог Френсис Гальтон (ХІХ ғ.). Ол адамдардың даралық ерекшеліктер мәселесін зерттеді. Ф. Гальтон өзінің "Таланттың тұқым қуалаушылығы: оның пайда болуы мен заңдылығы" атты еңбегінде қабілеттің пайда болуының әдістемелік базасын негіздеді және келесі заңдылықтарды бөліп көрсетті.
Егер адам аса жоғары қабілеттерге ие болмаса, бір де бір адам қоғамда жоғары дәрежеге ие болмайды.
Тек жоғары қабілетке ие болатын адамдардың өмірбаяны талдай келе, қабілеттің кез-келген деңгейі тұқым қуалаушылыққа негізделген деген қорытындыға келеді.
Э. Мейман (ХІХІ-ХІХ ғ.ғ.) дарындылықтың теориялық негізін зерттеуді жалғастырды. Ол дарындылықтың туа біткен аспектілерін зертетй отырып, осының негізінде "нышан типтерін" бөлді. Осымен қатар, Мейман табиғи, жасанды моменттерді біріктіруге ұмтылды. Бұл феномен түрлерінен дарындылықты ес, қиял тағы басқа даралық ерекшелітерді зерттей отырып, олар бөлек адамдарда кездесетінін анықтады, әрі адамдардағы дарындылықтың деңгейін анықтауға көңіл бөлді. Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектісін: тәрбие мен дарындылықтың, табыстылықтың және жұмысқа қабілеттілігінің байланысын зерттеген.
Диффренциалды психологияның зерттелу көзі - адамның жекелігі болып табылады, бұл істің бастауында неміс психологы В. Штерн (ХХ ғасырдың бірінші жартысында) тұр. Ол ойлау қабілетін бағалаудың шараларын зерттеп, "ойлау қабілеттерін" зерттеу үшін пайдаланған.
В. Штерн бойынша ақыл-ой қабілетінің белгілері ойлаудың қандай да бір жаңашылдыққа бағытталуы (ақыл-ой қабілетін естен ерекшелейді) және сыртқы жағдайға тәуелділікті мінездемелейтін (өмір талаптары, міндеттері) және өзіндік шығармашылық мәні бар данышпандықты ақыл-ой дарындылығынан ерекшелейтін үйренусішілік болып табылады. Үйренусішілік қабілеттің жалпылық белгілері, ақыл-ой дарындылығын мінездемелік ерекшелігі бойынша, ақыл-ой қабілеті бар ғана облыстың мазмұнын қамтумен шектелетін талант ұғымын ерекшелейді.
Адам тек түрлі шарттардағы және түрлі облыстардағы жаңа талаптарға оңай үйренісе алатын болса ғана, ақыл-ой дарындылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл белгілердің бөлінуі зерттелушілерде "санадағы зерттеуді емес, ақыл-ой дарындылығын" зерттеуге мүмкіндік береді. Ақыл-ой дарындылығының диагностикасын жасау үшін тесттер сериялары жасалды (Бине-Симон әдістемесі).
В. Штерн психологиялық теорияда алғаш рет жеке тұлға біртұтастылығы принципіне негізделген, қабілеттілік пен дарындылықты барлық психикалық процестер мен жеке тұлғалық сапалармен тығыз байланыста қарастырады.
ХІХ ғасырда халықтық ағартуға байланысты, қазақтың орыс мәдениті негізделуіне, балаларды жүйелі дамыту және оқыту қажеттілігі туылғаннан қазақ педагог-ағартушылары мен қоғамдық қызметкерлері әрекет ете бастады. Осылай, Ы. Алтынсарин "табиғи ойлау тек өзін қоршаған ортаны қамтамасыз етуге қабілетті, ал оларды дамыту үшін және оның көрмегенін біліп, үйренуге тек білім беру ғана қабілетті" деген. Біз осыны саналы түрде түсінеміз және осыған қарамастан өз балаларымыздың орысша-қазақша мектептерге береміз.
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие мен оқытудың шешуші рөлі туралы Мәселені өз шығармаларында Ш. Уәлиханов қарастырды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті мен деңгейі адам мәдениетінде негізінен тәрбиеге жүктелген. Қазақтардың ақыл-ой қабілеті туралы, ең жоғары пікірде болды, "қырғыз-қазақтар табиғатынан ақылды және таң қаларлықтай әсерленгіш".
Абай Құнанбаев "адамдарды қоршаған ортадағы объективті шынайылықтың табиғи бөлігі дей отырып, балаға туғаннан білімге ұмтылу дарыны беріледі, бірақ өсе келе, ол біртіндеп бұл дарынды жоғалтады". Ақынның тұжырымы бойынша, сана мен ақыл-еңбек іс-әрекеті, еңбек процесінде қалыптасады. Осылай, қазақ ағартушылары қабілеттің туа біткенімен келісе отырып, жеке - тұлғаның қалыптасуында тәрбиенің күші, еңбек іс-әрекеті және қоршаған ортаның әсері бар деген.
Педагогикалық теория негіздерінің дамуына Қазақстанда ХХ ғасыр басында өмір сүрген қоғмадық қайраткерлер, педагогтар (Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және тағы басқалар) маңызды әсер етті. Олардың психологиялық-педагогикалық және әдеби еңбектерінде баланың қызығушылығы мен қабілетінің қалыптасуы, олардың оқудағы мәні туралы пікірлері дамиды.
Ж. Аймауытов өзінің "Психология және мамандықты таңдау" оқулығында эксперименталды зерттеу негізінде жастарға мамандықты дұрыс таңдауға кеңестер береді. Оның айтуынша, кәсіпкерлікте, темперамент, қабілет, мінез және ерік сияқты жеке сапаларды ескеру керек.
Ж. Аймауытов адамда нәрестелік шағынан бастап белгілі бір мамандыққа тұқымқуалаушылық қабілеті болады, - дейді. Ол жастарға қоғамнан табиғатына сәйкес орынды алуға кеңес береді.
М. Жұмабаев "Педагогика" кітабында, жалпы адамның рухани дамуы туралы айта отырып, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесін бөліп көрсетеді. Жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесін ол интеллектуалды қабілеттердің дамуымен тығыз байланыстырады. Ақыл-ой тәрбиесі, оның пікірінше, мыналарды жүзеге асыру керек: интеллектуалды мәдениет, таным мотивтері, ақыл-ой іс-әрекетінің дағдыларын дамыту керек.
Дарындылық теориясының негіздері Кеңес психологтарымен өңделген. Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, В. Крутеций, Н.С. Лейтес, В.М. Теплов және тағы басқа психологиялық тұжырымдары интегралды жеке тұлғалық білім ретінде дарындылыққа жүйелік көзқарас қалыптастырды және адам қабілетінің құрылымдылық компоненттерін анықтады. Дарындылық мәселесіне шетел ғалымдары К. Абрамс, Ф. Гальтон, М. Кранев, Э. Мейман, Дж. Рензулли, Э. Торндайк, К. Тэкээк, В. Штерн тағы басқа да өз зерттеулерін арнаған. Олар дарынды балаларды эксперименталды және қолданбалы зерттеу бөлігіне көп үлес қосқан және олар осыған байланысты тест әдістерін өңдеген.
Қабілеттілік және дарындылық мәселесін Кеңес психологиясыда 40-50 жылдары Б.М. Теплов ерекше зерттеген. Ол қандай да бір күрделі іс-әрекеттің орындалуы үшін, тек қана қабілеттілік емес, оның толық қатары қажет екенін дәлелдеген. Іс-әрекеттің табысты орындалу мүмкіндігіне тәуелді болатын қабілеттіліктің өзіндік сапалы байланысын, ғалым дарындылық деп атады. Б.М. Теплов "дарындылық" түсінігінде белгілі іс-әрекеттегі табиғи нышан болмысына ерекше көңіл аударады.
Сол жылдардағы оқулықтар мен оларға қосымшасының авторлары да осындай көзқараста болды. Л.А. Рудик "дарындылық" терминімен қабілеттіліктің дамуына алғышарт болып табылатын, туа біткен қабілеттілік деп, ал Н.Д. Левитов аналитикалық-физиологиялық нышан бейнелейтін қабілеттіліктің табиғи қоры да, ал Г.И. Иванов дарындылықты - адам дамыған кезде қабілеттілікте көрінетін туа біткен ерекшеліктер деп түсіндіреді.
В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеу жұмыстарында былай дейді: "Егер "қабілеттілік" сөзімен белгілі психикалық қасиеттерді атайтын болсақ, дарындылық деп - адамдағы қабілеттердің өзіндік байланысын, бірлігін атау керек". Ол сонымен қатар бұл феноменді зерттеу кезінде іс-әрекеттегі қоғамдық-тарихи өзгерістерді және олардың табыстылығын бағалауды ескеру керек.
Дарындылыққа А.Т. Асмолов жұмыстарында мәнді, аса терең түсінік берілген. Ол бұл феноменнің табиғатын түсіндіруге көңіл бөлген. А.Т. Асмолов ғылыми зерттеулерде үш түрлі көзқарас бар екенін көрсетеді, яғни генді, әлеуметтік, "тарихи-эволюциялық қатынасқа, герменевтикалық парадигма" біріншілік түсіндірушілер дарындылық мазмұнында генетикалық алғышарттар негізі дейді. Екіншілік түсінікті жақтаушылар адамнан психиканы тіптен бөліп шығып, өз зерттеулерінде дарындылықтың қалыптасуына бағытталған әлеуметтік манипуляция әдістерінің ізденісіне көңіл бөліп, қоршаған орта факторын басым етеді.
А.Т. Асмолов "тарихи-эволюциялық қатынастың герменевтикалық парадигмасы" ретінде белгіленген позициясы дарындылық феноменін қарастыра отырып, генетикалық нышанды болжайды, бірақ детерминациялайтын күш ретінде емес. Бұл позиция дарындылықтың мәдени мінезін басым етіп, Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясына бағытталған. "Дарынды және басқа балалар арасындағы терең айырмашылық (натуралды) табиғи процестерге емес, оларды түрліше қолдануға белгілі мәдени тәсілдерді қолданылуға бағытталған.
Жақындағы перспективада осы түсінік бойынша аса маңызды теориялық зерттеулер жүргізіледі деп күтуге болады. Бірақ қазірде тап осы теория балалар мен олардың педагогтары принциптеріне дискуссиялық қарым-қатынасты, біріккен ізденіс іс-әрекетіне негізделген. Дарындылықты дамытуға арналған бағдарламалардың табыстылығын түсіндіре алады.
Дарындылық және қабілеттілік түсініктерінің мінездемесімен байлнысты шығармашылық, талант, данышпандық сияқты феномендерге тоқталмауға болмайды. Шығармашылық - бұл жеке тұлғадағы қабілеттілік, мотив, білім дағыдының бар болуы. Олар арқылы жаңалықпен, оригиналдылықпен ерекшеленетін продукт құрылады.
Талант - қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол шығармашылық есеп шешуді талап ететін суретші, ойлап тапқыш ғалым, кез-келген маман төрағасы, еңбегі продуктісінің оригиналдылығымен мінезделеді. Талант кез-келген аумақта қабілеттіліктің бірнеше қатарымен орындалады.
Данышпандық - қоғамдық өмірде тарихи мағынасы бар шығармашылықта көрінетін дарындылықтың жоғары сатысы. Данышпан өз аумағында жаңалық туғызады.
Барлық жеке тұлғалық осы жасалымдар беліглі бір деңгейде бір-бірімен өзара байланыста болатын қабілеттердің негізінде жеке тұлға бағыттылығына жатады.
Соңғы жылдары әлеуметтік жағдайға байланысты өндіріс, мәдениет, өнер аумағындағы қабілетті және талантты адамдарға ғылыми әдебиеттерде және практикада дарындылық мәселесі бойынша қызығушылығы жоғарылады. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша жаңа оқулықтар шықты. Олар дарындылық табиғатының мәнін толықтырады.
Н.С. Лейтестің редакциясымен 1996 жылы шыққан "Дарынды балалар мен жасөспірімдер психологиясы" атты қызықты да маңызды оқулығынан осыған байланысты, кейбір түсініктемені келтірейік.
Дарындылық - бұл бірдей өмір шартында қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқуға аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылық ерекше көрініс берулері. Бұл - "тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір талап-мақсаттар", бұл - "мақсатты ұмтылушылық ақыл-ой күшіне ерте дайындық", бұл - "адам іс-әрекетінің кез-келген әлеуметтік - маңызды сферасында белгілі жетістіктерге жете алу қабілеті".
Келтірілген цитаталардан көретініміздей, дарындылық - бұл тек психологиялық құбылыс емес, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс. Өйткені адамның іс-әрекетінің әлеуметтік сферада жетістіктерге жетуі туралы сөз болып отыр.
Қазіргі кезде интеллектің бірнеше анықтамасы бар. "Интеллект кең - мағынада - барлық танымдық іс-әрекет, ал тар мағынада - адамның ақыл-ой қабілеттілігінің сферасын білдіретін жалпылау түсінігінің ерекшелігі". Интеллектуалды қабілеттіліктер адамға қоршаған ортадағы заңдылықтар байланысы мен қатынасын ашуға, өз ақыл-ой процестерін танып, оларға әсер етуге (рефлекстер мен өзіндік регуляция), пайда болатын өзгерістерді көруге, жаңа ситуацияларға үйренісу және ақиқатты белсенді өзгертуге көмектеседі.
М.А. Холодная пікірі бойынша, ақыл-ой қабілетілігінің негізінде адамның қоршаған ортаны талқылап, көретін ерекше түрде ұйымдастырылған даралық тәжірибесі бар.
Ресей психологиясында интеллектуалды қабілеттілік пен креативтіліктің даралығы мен интеграциясы труалы мәселе, бүгінгі күнге дейін арнайы қарастырылмады. Бірақ қазір бұл сұраққа арналған көп зерттеу жұмыстары бар (В.Н. Дружинин, А.М. Матюшкин, М.А. Холодная тағы басқалар).
В.Н. Дружинин бұл мәселе бойынша отандық және шетел авторларының түсініктеріне анализ жүргізе отырып, өз позициясын бөліп көрсетті. Оның пікірі бойынша, интеллектуалды қабілеттілік пен шығармашылық қызметтерін бөлудың қажеті жоқ, креативтілік үшін интеллект төменнен кем болмауы қажет, бірақ осымен қатар интеллект және креативтілік - тәуелсіз қабілеттіліктер деп айтады.
Осылай, интеллектуалды қабелттілік пен креативтіліктің арақатынасы жөнінде бірдей пікір жоқ. Бірақ, бұл мәселе дарынды балалармен жұмыс жасаудың теориясы мен практикасында қызығушылық туғызып отырғаны күмәнсіз.
Сонымен қатар, ғылыми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту бағыттары
Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту
ФИЗИКА САБАҚТАРЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер
Кәсіптік білім берудегі тұлғаның іс әрекеті және дамуы.
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Жоғары сынып оқушыларының оқу үрдісінде өздігінен білім ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын қабілетті интеллектуалды шығармашыл тұлға қалыптастыру
Жаңа білім беру жүйесі Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Жалпы білім беру жүйесі
Пәндер